Г. Е. Самашова, С. М. Ударцева



жүктеу 168.45 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.04.2017
өлшемі168.45 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 



 

Г.Е. САМАШОВА, С.М. УДАРЦЕВА 

 

 

 



 

 

 



 

«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша  

практикалық сабақтарды орындауға арналған 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қарағанды 2011 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 



«Кәсіптік оқыту және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы 

 

Г.Е. Самашова, С.М. Ударцева 

 

 

 



 

 

 



 

 

«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша  



практикалық сабақтарды орындауға арналған 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды 2011 

 

2



ӘОЖ 371.13 (07) = каз. 

 

Самашова Г.Е., Ударцева С.М. «Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша 

практикалық  сабақтарды  орындауға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар. – 

Қарағанды, ҚарМУ баспасы, 2011. – 18 б. 

 

 

 



 

 

Әдістемелік  нұсқау  «Педагогикалық  шеберлік»  пәні  бойынша 050120 



«Кәсіптік  оқыту»  мамандығының  студенттеріне  практикалық  сабақтарды 

орындауға арналған. 

Бұл  әдістемелік  нұсқау  жоғарғы  оқу  орнының,  кәсіптік-техникалық 

колледждердің  оқу  процесінде  студенттерді  даярлауда  кеңінен  қолданылуы 

мүмкін. 

Әдістемелік 

нұсқауды 

педагогикалық 

шеберлік 

сұрақтарымен 

айналысқысы  немесе  қарастырғысы  келген  бакалаврлар,  магистранттар, 

аспиранттар, жоғары білімі бар мамандар пайдалана алады. 

 

 

 



Пікір  жазған:  ҚарМУ-дың  Редакциялық-баспа  кеңесінің  мүшесі,  техника 

ғылымдарының кандидаты И.Д. Арыстан 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Университеттің Редакциялық-баспа кеңесі бекіткен 



 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2011

 

3


Мазмұны 

 

Кіріспе 



5

1-тақырып.  Педагогикалық  шеберлік  және  оның  тәрбиедегі 

мәні 

5

2-тақырып. Оқытушы тұлғасы және авторитет. Педагогикалық 



жұмыстағы қиындықтар 

6

3-тақырып. Педагогикалық әрекеттің мәні және құрылымы  



7

4-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас 

8

5-тақырып. Педагогикалық басқару стильдері 



9

6-тақырып. Оқушыларды педагогтың тануы 

10

7-тақырып.  Педагогикалық  техника  оқушының  тәртібін 



ұйымдастыру формасы ретінде 

11

8-тақырып.  Мұғалімнің  сөзі  педагогикалық  шеберлік  шарты 



ретінде 

12

9-тақырып. Педагогикалық процестегі иландыру және сендіру 



13

10-тақырып.  Қақтығыстар  (конфликтер)  және  оларды  шешу 

жолдары 

14

11-тақырып. 



Оқытушының 

жұмысындағы 

психотерапия 

элементтері 

15

12-тақырып.  Педагогикалық  шеберлік  және  педагогикалық 



шығармашылық 

16

13-тақырып.  Мұғалім  шеберлігінің  проблемасын  шешудегі 



мектептік және театрлық педагогика өзара байланысы 

17

 



4

Кіріспе 

 

Әдістемелік  нұсқау  «Педагогикалық  шеберлік»  пәні  бойынша 050120 



«Кәсіптік оқыту» мамандығының  ҚР

 

МЖМБС негізінде оқу жоспарына, оқу-



әдістемелік кешеніне сай жасалған. 

«Педагогикалық  шеберлік»  курсы  пәні  кәсіби  біліммен  қарулану  болып 

табылады.  Педагогикалық  шеберлік  өз  ісінің  кәсіпқойы,  шебері  болып 

қалыптасуда негізгі орын алады. 

«Педагогикалық  шеберлік»  пәні  педагогикалық  шеберліктің  өзіне  тән 

ерекшеліктері  мен  қасиеттерін  болашақ мамандарға саналы білім   мен  саналы 

тәрбие  арқылы  бере  отырып,  жас  педагогтардың  шеберлігін  жетілдіруді 

қарастырады. 

Пәннің  мақсаты  студенттер  бойына  бастапқы  кәсіби-педагогикалық  іс-

әрекет  дағдысын,  педагогикалық  процестің  білікті  имандылық  және  тұлғалы-

бағытталған біліктерін қалыптастыру. 

 

 



5

 

1-тақырып.  Педагогикалық  шеберлік    және  оның  тәрбиедегі  мәні 

(1сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 «Менің идеал педагогым» тақырыбына мазмұндама жазу.  

 

«Педагогикалық  шеберлік»  курсы  -  педагогтық  кәсіптік  мамандықты  



жетілдіруге  арналған.  Жас  ұрпақтарға  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беру 

жолында еңбек етуші педагогтардың шеберлігін арттыра отырып және жаңадан 

қалыптасушы  жас    педагогтардың  шеберлігін  жетілдіру  үшін  бүл  арнайы 

курстың  тигізер  пайдасы  мол.  Педагогикалық  шеберлік  негіздерін  меңгеру 

психология,  педагогика,  жеке  пәндерді  оқыту  әдістемесін  терең  оқьш  

үйренудің  негізінде,  оны  педагогтық  іс-тәжірибеде  жете    меңгеріп,  қолдана 

білудің нәтижесінде жетіле түседі. 

Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы 

қалай,  қалайша  оқыту  үшін  оның  психологиясын  білу,  екінші  жағы,  оқытып-

тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін,  жолдарын  терең  білу  және  оны  қолдана  білу. 

Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1 Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 

Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 



Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 



Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 



 

СӨЖ тапсырмасы (2 - тақырып) [1, 2, 7] 

1  Оқушыға  арналған  педагогикалық  шеберліктің  мәні  жөнінде  жазба 

түрінде  мысалдар  келтіріңіз  (мектептік  және  ЖОО  оқыту  туралы  өз 

мысалдарыңыз). 



 

2-тақырып.  Оқытушы  тұлғасы  және  авторитет.  Педагогикалық 

жұмыстағы қиындықтар (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Оқытушының авторитеті 

2 Оқытушының жұмысындағы тұлғалық рефлексия. 

3  Оқытушы  жұмысындағы  сыртқы  және  ішкі  «қорқыныш»  және 

қиындықтар жіктемесі.  

4  Педагогикалық  білікті  жасау  кезіндегі  өзін-өзі  талдау  және  өзін-өзі 

диагностикалау. 

 

Педагогтың  оқу-тәрбие  процесі  үстінде,  аудиторияда,  сынып  оқушылары 



алдында  өз  дене  бітімін,  қозғалыс-қимылын  дұрыс  бағыттап  ұстап  білуі 

 

6



педагогикалық  шеберлік  тәсілдерін  жүзеге  асыруға  байланысты.  Дене  бітімін 

бір  қалыпты  сымбатты,  тұрақты  ұстаған  мұғалімнің  өз  ісіне  сенімді,  ойы 

тиянақты,  айтатын  сөзін  абыржымай  тиянақты  мазмұнды  бере  алатындығын 

сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін білдіреді. 

Сондықтан  да  мұғалім  сабақ  үстінде  дене  бітімін  тік  дұрыс,  сымбатты 

ұстау керек. Әрі-бері орынсыз қозғалып жүре бергеннен сақтану керек және бір 

жерде  ұзақ  тұрып  қалуға  да  болмайды.  Сабақ  үстінде  қақырыну,  түкіріну, 

сіңбіру - өте мәдениетсіздікті байқатады, олар мұғалім үшін өте жат. Отырғанда 

да  екі  аяқ  арасының  аса  алшақ  болуы  дұрыс  емес.  Мұғалімнің  қимылы 

психологиялық  мәнерде  болу  керек.  Қолайлы  көңілді  кездерде  қолыңды 

кеудеңе  келтіріп  қошемет  көрсету,  сыныпќа  кіруде,  шығуда  қолданылуы 

көңілге жайлы тиеді. Дене қимыл-келбетін ұстай білуге жаттығу үшін спортпен 

шұғылданған  жөн.  Сол  сияқты  өзін-өзі  қабырғада  тұрып  жаттықтыру  және 

өзіне-өзі оқушы көзімен қарау керек. Мысалы, сөйлер алдында бір қадам ілгері 

басу оқушылардың зейінін өзіне тартатын болса, бір қадам кейін шегіну аз ғана 

тыныстауды демалыс қалпын ұйғарады. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1 Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 



Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 

Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 

Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 



вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

 

СӨЖ тапсырмасы (5 - тақырып) [3, 7, 8, 9, 10, 11]



 

1 «Ұстаз  жұмысындағы  қиындықтар.  Олардың  пайда  болу  себептері» 

тақырыбында құрылымдық-логикалық схема құрастыру. 

 

 

3-тақырып. Педагогикалық әрекеттің мәні және құрылымы (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 «Менің  сүйікті  ұстазымның  білігі»  тақырыбында  студенттердің 

мектептік өміріндегі мысалдарының презентациясы. 

3 Педагогикалық практикум (педагогикалық міндеттерді шешу). 

 

Педагогикалық  іс-әрекет  дегеніміз – мұғалімнің  оқу-тәрбие  істерін 

нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық 

іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. 

Педагогикалық  іс-әрекеттер  мынадай  құрылымдардан  тұрады:  іс-әрекет 

мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. 



Іс-әрекет мақсаты - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. 

Іс-әрекет  объектісі - адамдардың  қалыптасуының  объективтік  негізін - 

қоғамның  материалдық-техникалық  базасы,  қоғамдық  қатынастар,  тұрмыс 

 

7


салалары,  табиғи  орта  және  адамның  туа  біткен  қасиет-нышандары  сияқты 

адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.  



Іс-әрекет  объектісі - адамдардың  қалыптасуының  объективтік  негізін - 

қоғамның  материалдық-техникалық  базасы,  қоғамдық  қатынастар,  тұрмыс 

салалары,  табиғи  орта  және  адамның  туа  біткен  қасиет-нышандары  сияқты 

адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. 



 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1.

 



Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2.

 

Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 



Просвещение, 1989. – 303 с. 

3.

 



Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 



 

СӨЖ тапсырмасы (5 - тақырып) [2, 4, 8 11, 19] 

1

 



«Педагогикалық іс-әрекет» ұғымын анықтаңыз. 

2

 



Педагогикалық іс-әрекетінің тарихи мағынасы неде? 

3

 



Педагогикалық іс-әркеттің ерекшелігін (спецификасын) түсіндіріңіз. 

 

4-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 «Тіл  табысуды  анықтау»  тақырыбында  студенттер  арасында  тестілеу 

өткізу. 


3 Тақырып бойынша практикалық жаттығулар. 

 

Оқу-тәрбие  жұмысын  күнбе-күн  жедел  жүзеге  асыруға  қарым-қатынас 

жасап  отыратын  екі  тұлға  бар.  Олар:  мұғалім  және  оқушы.  Осы  екі  тұлғаның 

өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы 

бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады. 

Сыныптың  алғашқы  жұмыс  істеуге  кірісе  бастағанда  қарым-қатынасты 



ұйымдастыра  білудің  маңызы  зор,  өйткені  сабақта  оқушылардың  танымдық 

әрекетін  меңгеру  ең  алдымен  қарым-қатынасты  меңгеру  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Мәселен, оқыту тәсілдерін жүзеге асыру процесінде нақты психологиялық 

қарым-қатынастық сыр жатыр. 

Қарым-қатынаста  табысқа  жетуге  мынадай  әдістерді  қолданып  жүзеге 

асыруға болады: 

 



сыныптағы бастапқы ұйымдастыру кезеңінен жедел нақты іспен жекелей 

қарым-қатынасқа тікелей ауысу; 

 

сыныптағы  әлеуметтік-психологиялық  бірлікті  жедел  қолға  алу, 



жекеленген  оқушылардың  келеңсіз  құбылыстарға  тыйым  салып,  балалардың 

бірлескен әрекетін енгізу, сыныппен тұтастай байланыс орнату; 

 

8


 

 ұжымды  жұмылдыруға  ықпал  ететін  мәселелерді  қою  және  жөн-жоба 



беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту; 

 



ұқыптылық,  жинақтылық,  белсенділік,  жарқын  жүзділік  сияқты  сыртқы 

сипаттарды қамтамасыз ету. 

Өзара  әрекеттестікті  қамтамасыз  ететін  сөз,  оның  жазбаша  түрі,  мимика, 

микромимиканы қатынасқа енгізу. 



 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1

 



Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 

Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 



Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 



Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

 

СӨЖ тапсырмасы (3 - тақырып) [1, 2, 7] 

1 Педагогикалық қарым-қатынасты қалай түсінесіз? 

2 Әр қилы кәсіби деңгейдегі оқытушыларда педагогикалық қарым-қатынас 

ерекшеліктері қандай? 

3 «Мен  және  концепция»  тақырыбында  позитивті  даму  мақсатында 

педагогикалық қарым-қатынастың ролі қандай? 

4 Тиімді және тиімді емес педагогикалық мадақтаудың құрылымы қандай? 

 

5-тақырып. Педагогикалық басқару стильдері (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 Педагогикалық практикум (педагогикалық міндеттерді шешу). 

3 Микрооқыту 



 

Қарым-қатынас  стилі  дегеніміз - педагог  пен  оқушылардың  әлеуметтік-

психологиялық ерекшеліктері. 

Педагогикалық  қарым-қатынас  түйіндеп  айтқанда  мұғалімнің  өзіндік  қол 

таңбасы. 

Педагогикалық  қарым-қатынастың  мынадай  стилдері  болатындығын  атап 

айтуға болады: 

а) бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестенуге байланысты; 

ә) қарым-қатынас, шекаралық (дистанциялық) ыңғайластыққа; 

б) қорқытып-үркітуге негізделген қарым-қатынас; 

в) әзіл-қалжыңы араласқан қарым-қатынас. 



 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1  Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2  Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 

Просвещение, 1989. – 303 с. 

 

9



3  Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

 

СӨЖ тапсырмасы (8 - тақырып) [ 2, 4, 5, 7] 

1  Әр  қилы  мысалдар  келтіре  отырып  педагогикалық  басқару  стильдерін 

сипаттаңыз. 

2  Педагогикалық  басқару  стильдері  қандай  және  олардың  ерекшеліктері 

қандай? 

3  Педагогикалық  іс-әрекет  және  қарым-қатынастың  әр  қилы  басқару 

стильдеріне әсері. 

4 Алдыңғы сұрақты эксперименттік зерттеу негізінде дәлелдеңіз. 



 

6-тақырып. Оқушыларды педагогтың тануы (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімдерін тексеру. 

2 Оқушымен жекеше әңгімелесу  өткізу үшін сұрақтар құрастыру. 

3 Микрооқыту 



 

Сыныптың  алғашқы  жұмыс  істеуге  кірісе  бастағанда  қарым-қатынасты 



ұйымдастыра  білудің  маңызы  зор,  өйткені  сабақта  оқушылардың  танымдық 

әрекетін  меңгеру  ең  алдымен  қарым-қатынасты  меңгеру  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Мәселен оқыту тәсілдерін жүзеге асыру процесінде нақты психологиялық 

қарым-қатынастық сыр жатыр. 

Қарым-қатынаста  табысқа  жетуге  мынадай  әдістерді  қолданып  жүзеге 

асыруға болады: 

- сыныптағы бастапқы ұйымдастыру кезеңінен жедел нақты іспен жекелей 

қарым-қатынасқа тікелей ауысу; 

-  сыныптағы  әлеуметтік-психологиялық  бірлікті  жедел  қолға  алу, 

жекеленген  оқушылардың  келеңсіз  құбылыстарға  тыйым  салып,  балалардың 

бірлескен әрекетін енгізу, сыныппен тұтастай байланыс орнату; 

-  ұжымды  жұмылдыруға  ықпал  ететін  мәселелерді  қою  және  жөн-жоба 

беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту; 

-  ұқыптылық,  жинақтылық,  белсенділік,  жарқын  жүзділік  сияқты  сыртқы 

сипаттарды қамтамасыз ету; 

- өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін сөз, оның жазбаша түрі, мимика, 

микромимиканы қатынасқа енгізу. 

Осылардың  негізінде  оқушылармен  өзара  түсінісуді,  мұғаліммен 

жалпылама пікір алысуды қалыптастыру керек болады. 



 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1  Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2  Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 

Просвещение, 1989. – 303 с. 

 

10



3  Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

 

СӨЖ тапсырмасы (12 - тақырып) [1, 2, 7] 

1 Педагогикалық іс-әрекеттегі «өнімділік» (продуктивность) ұғымы. 

2  Қарым-қатынас  құрылымындағы  және  оқытушы  іс-әрекетінің 

когнитивті, аффективті және іс-әрекетті (поведенческий) компоненттері. 

3 Ұстаз тұлғасының кәсіптік бағытының диагностикалық бағасы. 

 

7-тақырып. 

Педагогикалық 

техника 

оқушының 

тәртібін 

ұйымдастыру формасы ретінде (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 Педагогикалық техника дағдысын өңдеу бойынша жаттығулар. 

3 Микрооқыту 

 

Педагогикалық  техникалық  қарым-қатынас  жасау  формасы - мүғалімнің 



іштей  ұйымдастырылған  сөз  әрекеттерімен  сырттай  ұйымдастырылған  ым-

ишара, дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады. 

Негізінен  педагогикалық  техника  екі  топ  компоненттерінің  сөйлесуімен 

жүзеге асырылады. 

Бірінші топ компоненттеріне жататындар: өз дене құрылыс бітімін, қимыл-

қозғалысын  басқара  білу,  келбет-пішінін,  қас-қабағы,  көңіл-күй  сезімімен 

мақұлдауын,  не  құптамауын  білдіру,  сөйлеу  шеберлігімен,  дауыс  ырғағымен 

дикциясымен  қатынасты  үйлестіре  білу,  әлеуметтік  байқағыштық,  өз  қиялын 

басқара білу. 

Екінші  топ  компоненттеріне  жататындар:  оқыту  мен  тәрбие  жұмысын 

ұйымдастыра  білушілік,  конструктивтік  техникасының  болуы.  Жеке  адамға, 

ұжымға  ықпал  ете  білу  коммуникативтік  білгірлік,  шығармашылық  жұмыс 

ұйымдастыра білу. 

Сондықтан педагогикалық техника дегеніміз - сөз және сөйлеудің басқада 

құралдары  арқылы:  адамның  келбет-пішіні,  дене  қимылы,  басқада  да 

ұйымдастыру  формалары  арқылы  іс-әрекет  қатынасын  жүзеге  асыру  жолдары 

болып табылады. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1  Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2  Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 

Просвещение, 1989. – 303 с. 

3  Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

 

СӨЖ тапсырмасы (11 - тақырып) [1, 2, 7, 8, 12] 

1  Оқушы  тұлғасының  педагогикалық  іс-әрекет  пен  таным  қалай  

 

11



байланысқан? 

2 Стереотиптелу құбылыс дегеніміз не және ол педагогикалық іс-әрекетте 

қалай көрінеді? 

3  Эмпатияның  педагогикалық  қарым-қатынастағы  және  оқушы 

тұлғасының педагогикалыұ танымдағы ролі қандай? 

4 Жаттықтыру (тренировка) жаттығуларын орындау. 



 

8-тақырып.  Мұғалімнің  сөзі  педагогикалық  шеберлік  шарты  ретінде 

(1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2  Дұрыс  және  нақты  сөйлеу,  дикция,  демалу  дағдылары  бойынша 

жаттығулар. 

3 Микрооқыту 

 

Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек. 

Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады: 

а) мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады; 

ә)  балалардың  санасына,  мотивіне,  сезіміне  әсер  етіп,  оны 

қалыптастырады; 

б) 

оқу 


материалының 

оқушылардың 

санасында 

қабылданып, 

нығайтылуына әсер етеді; 

в)  оқушылардың  білім  және  тәжірибе  жұмыстарын  дұрыс  ұштастырып 

үйлестіреді. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1

 



 Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 

Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 



Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 



Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

4

 

Практическая  психология  для  преподавателей/  Под  ред.  Тутушкиной 



М.К. -М.: Информационно-издательский центр «Филинъ», 1997. – 325 с. 

5

 



Основы  педагогического  мастерства.  Упражнения.  Тесты.  Советы 

начинающему  педагогу.  Сост.  Смолькина  Т.П. - Караганда:  Болашак-Баспа, 

2002. 

 

СӨЖ тапсырмасы (17 - тақырып) [1, 2, 7, 9, 16] 

1 Оқытушы сөзінің техникасын сипаттаңыз. 

2 Сөйлеудің негізгі сипаттамасын атаңыз. 

3 Оқытушы сөйлеуінің атқаратын қызметін (функциясын) атаңыз. 



 

 

 

 

12



9-тақырып.  Педагогикалық  процестегі  иландыру  және  сендіру (1 

сағат). 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 Иландыру және сендіру дағдылары бойынша әсер ету жаттығулары. 

3 Микрооқыту 



 

Тәжірибеде  педагогтар  оқушылардың  сана-сезіміне,  іс-әрекетіне  оқуына, 

тәртібіне  әсер  етудің  алуан  түрлі  әдіс-тәсілдерін  меңгеріп  қолданып  отыр. 

Соның  ішінде  коммуникативтік  әсер  етуде  сендіру-иландыру  әдістерінің  де 

мәні зор. 

Адамның  сенімі  үш  компоненттен  құралады:  білім,  тәртіп,  сезім  және 

мынадай  формулалар  арқылы  іске  асырылады:  түсінік  беру,  түсіндірілген, 

қабылдау,  қабылданған,  түсінемін - қабылдадым,  істелетін  істі  басшылыққа 

аламын. 

Сендіру-иландыру  формалары  мен  оған  қойылатын  педагогикалық 

талаптар.  Сенім-иландыру - жүйелі  қалыптасқан    процесс    болғандықтан  

оқыту процесінің түрлі формалары арқылы жүзеге асырылады. 

Сендіру-иландыру  формалары:  мұғалімнің  сөзі,  әңгімесі,  мұғалім  үлгісі, 

диспут,  дискуссия,  түрлі  хабарлар,  жанұя,  оның  үлгісі,  оқушылар  жиын 

конференциялары, сынып сағаты, газет-журналдарды пайдалану, сыныптан тыс 

оқу  т.б.  Оқушылардың  сенімін  арттырып  белгілі  бір  оқиғаға  деген  иланымын 

туғызу  үшін  мінез-құлқын  қалыптастыруда  мұғалімнің,  тәрбиешінің  жеке 

басының  үлгісі  мен  моральдық  бейнесінің  ұтымды,  мәнді  сөзінің,  әңгімесінің 

үлкен мәні бар. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1 Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 



Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 

Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 

Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 



вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

4

 



Практическая  психология  для  преподавателей/  Под  ред.  Тутушкиной 

М.К. -М.: Информационно-издательский центр «Филинъ», 1997. – 325 с. 

5

 

Основы  педагогического  мастерства.  Упражнения.  Тесты.  Советы 



начинающему  педагогу./  Сост.  Смолькина  Т.П. - Караганда:  Болашак-Баспа, 

2002. 


6

 

Пидкасистый  П.И.  Педагогика:  Учебное  пособие  для  студентов 



педагогических  вузов  и  педагогических  колледжей. – М.:  Российское  пед. 

агентство, 1996. 

7

 

Резниченко  М.Г.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Учебное 



пособие  для  студентов  факультета  начального  образования.  –  Самара: 

Издательство СГПУ, 2003 



 

 

13



СӨЖ тапсырмасы (17 - тақырып) [1, 2, 7, 9, 16] 

1 Негізгі психокоррекциялық жұмысты сипаттаңыз 

2  Иландыру  және  сендіру – оқытушының  педагогикалық  іс-әрекетіндегі 

сипаттамасы және мәні. 

3 Педагогикалық өзара әрекет ету тәсілдерін атаңыз. 

4 Жаттықтыру (тренировка) жаттығуларын орындау. 



 

10-тақырып. Қақтығыстар (конфликтер) және оларды шешу жолдары 

(2 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2  Қақтығыс  жағдайында  өзін  ұстау  стратегиясы  және  қақтығыс 

жағдайында сөз жүргізу ережелері. 

3 Педагогикалық практикум (педагогикалық міндеттерді шешу). 

4 Микрооқыту. 



 

Педагогикалық  процеске  қатысушы  қарым-қатынасын  қамтамасыз  етеді, 

ол  оған  қатысушы  тұлға  дамуына  қызмет  етеді.  Қарама-қарсы  басқарушы 

позитивті  роль  атқарады.  Олар  оқушылардың  білім,  білік  және  дағдымен 

қарулануын тудырады. 

Қақтығыстық  жағдай – ол  педагогикалық  процестің  объективті-

субъективті  шынайылығын  қамтамасыз  етеді.  В.И.  Андреев  қақтығысты 

жағдайды  былай  анықтайды  «скрытого  или  открытого  противоборства  двух 

или  нескольких  сторон-участников,  каждый  из  которых  имеет  свои  цели, 

мотивы,  средства  и  способы  разрешения  проблемы,  имеющей  личную 

значимость для каждого из его участников». 

Қақтығыстар жабық және ашық болуы мүмкін, бірақ оның негізінде үнемі 

екі  немесе  одан  да  көп  тұлғалардың  арасындағы  келісімнің  болмауы – тұлға 

немесе топ. Қақтығыстармен күресудің қажеті жоқ, олармен дұрыс және шебер 

түрде басқару қажет. Ол дұрыс емес, бірақ ол ынтымақтастыққа деген жалғыз 

жол.  

 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1

 



Андреев В.И. Конфликтология: искусство спора, ведения переговоров, 

разрешения конфликтов. - Казань, 1993. 

2

 

Бородкин Ф.М., Коряк И.М. Внимание: конфликт! - Новосибирск, 1989. 



3

 

Морозова О.П. Педагогический практикум. Учебные задания, задачи и 



вопросы. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 320 с. 

 

СӨЖ тапсырмасы (13 - тақырып) [3, 7, 8, 9, 10, 11] 

1 Әр қилы қақтығыстарды сипаттаңыз. 

2 Қақтығыстарды шешу жолдары. 

3 Қақтығыстықсыз дегеніміз не? 

4 Оқу өмірінен өздеріңіз байқаған және олар қалай шешілгендігі туралы әр 

қилы қақатығыстарды мысал ретінде келтіріңіз,  

 

14


 

11-тақырып.  Оқытушының  жұмысындағы  психотерапия  элементтері 

(1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 Педагогикалық практикум (педагогикалық міндеттерді шешу). 

3 Микрооқыту. 



 

Мұғалім маманы статистикалық мәліметтер бойынша стресске көп душар 

болатын  категориялар  мамандарына  жатады.  Мұғалімнің  кәсіби  қасиеттерінің 

бірі – ол жауапкершілік, альтризм және т.б. 

Мұғалімнің,  әсіресе  жас  мұғалімдердің  күнделікті  өзіне-өзі  бақылау  жасап 

отыруы, оның кемшіліктерден тез арылып, педагогикалық шеберлігінің жетілуіне 

мүмкіндік береді. 

Ол  үшін  мұғалім  өзіне-өзі  талаптар  қойып,  мынадай  принциптерді  жүзеге 

асыруы керек: 

 



сабақты  қандай  әдіспен,  қандай  мәнде  өткізу  керек  еді,  ол  нақты  қалай 

жүзеге асырылады? 

 

оқушылардың  алдыға    қойған  сабақ  нәтижесіне  сай  оқушылардың  



ілгерлеушілігі болды  ма, болмаса  жетістік, кемшілігі қандай дәрежеде? 

 



оқушылардың сабақ үстінде сабаққа деген ынтасы қандай дәрежеде? 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1

 



Пидкасистый  П.И.  Педагогика:  Учебное  пособие  для  студентов 

педагогических  вузов  и  педагогических  колледжей. – М.:  Российское  пед. 

агентство, 1996. 

2

 



Резниченко  М.Г.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Учебное 

пособие  для  студентов  факультета  начального  образования.  –  Самара: 

Издательство СГПУ, 2003. 

3

 



Алексеев  А.А.,  Громова  Л.А.  Поймите  меня  правильно. - СПб.: 

Экономическая школа, 1993. 

4

 

Якушева  С.Д.  Основы  педагогического  мастерства:  учебник  для  студ. 



сред. проф. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. 

5

 



Вульфов Б.З., Харькин В.II. Педагогика рефлексии. - М., Магистр, 1995. 

 

СӨЖ тапсырмасы (11 - тақырып) [3, 7, 8, 9, 10, 11] 

1 Стресс дегеніміз не? Сіздің түсінігіңіз. Сіздің оған деген көзқарасыңыз? 

2  Сіз  өзін-өзі  реттеудің  (саморегуляция)  қандай  тәсілдерін  білесіз,  осы 

тәсілдердің Сіздің өміріңізде қолдану мысалдарын келтіріңіз. 

3  Табалдырық  (порог)  деңгейі  дегеніміз  не  және  оны  қандай  факторлар 

анықтайды? 

 

12-тақырып. 

Педагогикалық 

шеберлік 

және 

педагогикалық 

шығармашылық (1 сағат) 

Практикалық сабақтың жоспары 

 

15



1 Теориялық білімді тексеру. 

2  Педагогикалық  іс-әрекеттегі  актерлік  және  режиссерлік  шеберлік 

элементтерін пайдалану бойынша жаттығулар. 

3 Педагогикалық практикум (педагогикалық міндеттерді шешу). 

4 Микрооқыту. 

 

Мұғалімдік  шеберлікке  баулу,  тәрбиелеу  жоғарғы  педагогикалық  оқу 

орындарында  ең  алдымен  жекелеген  мамандыққа  байланысты  пәндер: 

педагогиканы, психологияны, әдістемені оқуға байланысты жүзеге асырылады.  

Сондықтан  да  бұл  пәндердің  негізінде  студенттерге  жоғарғы  кәсіптік 

мамандықты  игеруді  мақсат  ете  қоюмен  бірге  студенттердің  бұл  пәнді  оқып 

үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мұғалімдік шеберлікке баулу - жалпы 

принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытсаң, солғұрлым нәтиже береді: 

-

 

тұтастық  қатынас  жасау  принципін  басшылыққа  алу.  Демек,  теориялық 



мәселелерді  практикамен  ұштастырып  таныту.  Оған  материалды  дискуссия 

ретінде  талқылау,  жаттықтыру,  ойлау  операциясын  белсендіру,  схема, 

конспекті, тезис құру т.б.; 

-

 



белсенді  қатынас  жасау  принципі  (коммуникация)  түрлі  ойындар 

ұйымдастыру,  демонстрация,  жарыс,  фрагменттеу.  Сабақ  ұйымдастыру 

барысына студенттердің өздерін тарту; 

- студенттер  педагогикалық  іс-әрекетті  меңгеруді  кезең-кезеңімен  үйреніп 

жаттыға  білуі  қажет.  Мысалы,  І-курс  студенттері  өздерінің  сыртқы  келбетін  

игеру,  киім  қию,  сөйлеу  мәдениетін  игеру,  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін 

уйрену т.б.; 

-

 



жеке  пәндерді  оқытудағы  үйрену  барысында  оны  шығармашылыќ 

меңгеру; 

-

 

аспектілік  қатынас - мамандыққа  бағыттау,  педагогикалық  шеберлік 



негізіне бағыттау; 

- білім және дағды байланысы принципі.  Практикалык, тапсырыс. Базалық 

мектептермен жиі байланыс; 

-  педагогикалық  оқу  орындарын  педагогизациялау  принципі  оқу  тәрбие  

процесін    педагогикалық    шеберлікті  меңгеруге  қарай  бағыттап  отыру. 

Студенттерді түрлі үйірмелерге, клубтарға, студияларға тартып отыру керек. 



 

Ұсынылатын әдебиеттер 

1

 



Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика,  СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 

Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 



Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 



Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  Пособие  для 

вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

4

 

Практическая  психология  для  преподавателей/  Под  ред.  Тутушкиной 



М.К. -М.: Информационно-издательский центр «Филинъ», 1997. – 325 с. 

 

16



5

 

Основы  педагогического  мастерства.  Упражнения.  Тесты.  Советы 



начинающему  педагогу.  Сост.  Смолькина  Т.П. - Караганда:  Болашак-Баспа, 

2002. 


6

 

Никонова  А.Я.  Психологические  особенности  индивидуального  стиля 



педагогической деятельности учителя. - М., 1986. 

7

 



Педагогика:  Учебное  пособие  для  студентов  педагогических  вузов  и 

педагогических  колледжей.  Под  ред.  П.И.  Пидкасистого. 2-е  изд. - М.: 

Российское пед. агентство, 1996. 

 

СӨЖ тапсырмасы (14 - тақырып) [3, 7, 8, 9, 10, 11] 

1  Педагогтардың  актерлік  шеберлік  тәсілдерін  пайдалану  мысалдарын 

келтіріңіз. 

2 Оқыту процесінде пайда болатын сіздердің «ұту» («обыгрывать») тәсілін 

пайдаланатын оқытушыға деген қатынасыңыз,  

3  Актер  мен  оқытушы  іс-әрекетін  салыстырыңыз,  солардың  қайсысы 

педагогтың кәсіби әрекетінде нақты көрінеді? 

 

13-тақырып.  Мұғалім  шеберлігінің  проблемасын  шешудегі  мектептік 



және театрлық педагогика өзара байланысы (2 сағат). 

Практикалық сабақтың жоспары 

1 Теориялық білімді тексеру. 

2 Педагогикалық практикум (педагогикалық міндеттерді шешу). 

3 Микрооқыту. 



 

Әрбір  сабақты  нәтижелі  ұйымдастыра  өткізу  үшін,  мұғалімді 

шығармашылық  табысқа  бағыттайтын  мына  төмендегідей  әдістемелік 

нұсқауларды орындау ұсынылады. 

1  Өткізілетін  негізгі  тақырыпқа  байланысты  оқу  бағдарламаларын,  сол 

тақырып бойынша үйренуге арналған нұсқауларды толық оқып танысу керек. 

2  Осы  тақырыпқа  байланысты  айтылатын  негізгі  ой  түйінімен  баланы 

толық хабардар ету. 

3   Сабақ  барысында  негізгі  өтілетін  материалға    жалпы  ұжымның  және 

жеке  оқушы  назарын  соған  аудару,  нені  пысықтап,  нені  сұрау  керектігін 

жоспарлау. 

4  Осы  сабақты,  тақырыпты  өтуге  байланысты  үйлесімді  қолданылатын 

әдістерді іріктеу. 

5  Сабақта  тандап  алынған  әдістерді,  тәсілдерді  оқушылардың 

мүмкіндіктерімен өлшеу. 

6  Көрнекті  құралдар,  оқу  құралдары  техникалық  құралдарды  іріктеу, 

қолдану. 

7  Сабаққа  толық  дайындық  жөнінде  өзіне-өзі  есеп  беру.  Мұғалімнің 

шеберлігі оқушылардың ақыл – ойын баскару үстінде байқалады. Оқушылардың 

ақыл-ой  әрекетін  басқарудың  негізгі  жолы - мұғалімнің  оқу  материалын 

қызықты-тартымды етіп ұйымдастырып, оқыта білуіне байланысты. 

 

 

17



Ұсынылатын әдебиеттер 

1 Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика. - СПб:  Издательство  «Питер», 

2000. – 304 с. 

2

 



Зязюн  И.А.  и  др.  Основы  педагогического  мастерства. – М.: 

Просвещение, 1989. – 303 с. 

3

 

Морева  Н.А.  Основы  педагогического  мастерства:  учеб.  пособие  для 



вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 

4

 



Практическая  психология  для  преподавателей./  Под  ред.  Тутушкиной 

М.К. -М.: Информационно-издательский центр «Филинъ», 1997. – 325 с. 

5

 

Основы  педагогического  мастерства.  Упражнения.  Тесты.  Советы 



начинающему  педагогу./  Сост.  Смолькина  Т.П. - Караганда:  Болашак-Баспа, 

2002. 


 

СӨЖ тапсырмасы (13 - тақырып) [3, 7, 8, 9, 10, 11] 

1  Оқу  әрекетінің  сәттілігі  күш  және  құрылым  мотивациясымен  қалай 

байланысты? 

2  Сәтті  мотивациясының  және  сәтсіздіктен  қорқу  мотивациясының 

ерекшеліктері неде? 

3 Мотивацияның қандай әдістері мен әдістемесін білесіз? 

4  Кәсіби  мотивацияның  кәсіптік  оқыту  және  еңбек  әрекетіндегі 

сәттілігінің ролі қандай? 

5  Кәсіби  қызығушылық  және  кәсіпке  деген  қарым-қатынастың  қандай  

әдістерін сіз білесіз? 



 

 

18



 

КО және БӘД кафедрасының  

 

    ӘТБ ОӘБ отырысында  



отырысында қаралды     

 

              бекітілді 



№13 хаттама «29» сәуір 2010 ж. 

              хаттама №10 «4» маусым 2010ж.  

________ С.М. Ударцева 

                       ________М.С. Нұрмағанбетова 

 

 

 



 

 

 



 

 

«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша  



практикалық сабақтарды орындауға арналған 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Құрастырғандар: Г.Е. Самашова, 

 

 

 



С.М. Ударцева 

 

 



 

 

 



 

 

 



Редакторы Жақыпханова Г.Қ. 

 

 



 

 

31.03.2004 ж. берілген №50 мемлекеттік баспа лицензиясы 



Басуға қол қойылды 17.02.2011.  Пішімі 60х 90/

16.


 

Есептік баспа табағы        . Таралымы ... дана. Тапсырыс  

ҚарМТУ баспасы, 100027. Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56.

 

 



 

19

Каталог: fulltext -> RMEB
fulltext -> Қүрал болумен бірге, сол кездегі иіаруаиіы
fulltext -> {С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын
fulltext -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
fulltext -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
RMEB -> Жалпы педагогика
RMEB -> БАҒдарламасы ( syllabus) Наноқұрылымдық материалдарды алу пәні бойынша
RMEB -> БАҒдарламасы ( syllabus) Геодезиялық құралтану пәні бойынша
RMEB -> Ж. М. Қуанышбаев, Н. У. Асылбекова
RMEB -> БАҒдарламасы ( syllabus) Металдардың механикалық қасиеттері пәні бойынша

жүктеу 168.45 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет