Ғұмыры білім атты ғалам қазынасының соңына түсумен



жүктеу 36.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.05.2017
өлшемі36.35 Kb.
#10289

Толағай білімді Томаға 

Қарағанды ғалымдары 

Томан Жұмаділұлының ес 

білгеннен бергі саналы 

ғұмыры білім атты ғалам 

қазынасының соңына түсумен 

өтіпті. Әлі де ғадетінен танба-

ған. Үсті ыбырсыған қағаздан 

ада, тап-тұйнақтай жинақы 

жұмыс үстелінде көп уақытын 

өткізеді. Ойға «жер бесіктен 

көр бесікке дейін ізден деген» 

хадис-өсиет оралады. 

Профессор Томан 

Жұмаділұлының азан айтылып, 

еншілеген есімі — Томаға. Бұл— 

құсбегі, саятшы әкесі 

Жұмаділдің жұбайы Томағаңа , 

жүкті жүрген кезінде түсінде 

томаға көріп, жақсылыққа балап, 

ырымдап қойған ныспысы. 

Томағаң Бұқар Жырау, Мәшһүр 

Жүсіп, Қаныш Сәтбаев, Әлкей 

Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торай-

ғыров, Жүсіпбек Аймауытов, 

Қошке Кемеңгеров сынды 

марқасқалар мен жайсаңдардың 

ізі қалған Баян өңірінде өскен. 

Кошекеңмен тіптен жақын аталас 

туыс. 


«Ер туған жеріне тартады» 

деген тәмсіл қалып айтылмаған. 

Мінезінен де ісінен де тіпті 

өрлігінің өзінен Баянның ғажай-

ып табиғатына тән кербездіктің 

иісі аңқып тұратындай. Өзінің 

бұл күнгі ғылым жолында орасан 

асулардан асуын, ұлт мұратшысы 

болып толысуын, тікелей берілген 

тәрбиеден екенін мақтана 

айтады. 

Ұлы атасы софылық жолын 

ұстанған, иманы берік, ары таза 

жан болыпты. Бұдан ғасыр бұрын 

заманның теперішіне илікпестен 

Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне 

үш мәрте жаяу-жалпылап барып, 

тәу етіпті. Халық та жақсысы мен 

құрметтісіне ат қойғыш-ақ қой. 

Баян өңірі ол кісінің Жақып 

есіміне «пірәдарды» қосып 

құрметтепті. Аты және қажылар 

кітабына басылған. 

Әкесі жоғарыда айтқанымыз-

дай керемет құсбегі, саятшы жан 

болыпты. Қыс баласы Шеттің 

Бұғылы-Тағылы тауларына 

барып, жата-жастана аңшылық-

тың қызығына батады екен. 

Есейіп қалған Томанды үнемі 

қасынан тастамай өзімен бірге 

ала кететін болыпты. Бұл болса 

табиғат ғажайыптары құпиясына 

үңілуден бір танбайтын. Ақылман 

әке зерек баласының ынтасын 

танып, табиғаттың ғажайып 

тылсымдарын ақырындап 

санасына сіңіре берген. Сондық-

тан болар оқушы кезінде жараты-

лыстану ғылымы салаларын, 

әсіресе химия, математика, 

физика пәндерін қызыға оқиды. 

Мектепті күміс медальға 

бітірісімен, Қарағанды пединсти-

тутының физика-математика 

факультетіне түсіп, үздік 

тәмәмдайды. 

Талантты жасқа институтта 

оқытушы болып қал деген 

ұсыныс жасалады. Алайда, 

Томағаң қалада байланып 

қалмай бірден ауылға бет 

бұрады. 

Он шақты жыл Баянауыл 

ауданының бірнеше 

мектептерінде жұмыс істейді. . 

Қажырлы еңбектің нәтижесінде 

қатардағы мұғалімдік қызметтен 

бастап, мектеп директорлығына 

дейін көтеріледі. Қайда барса да 

өзінің толағай білімді екендігін 

мойындататын, өткір мінезді 

жасты бәрі аға тұтатын. 

Бұның сыртында бұл кісі 

әрқашан барлық ғылымды білуге 

құлшыныс жасайтын. 

Эйнштейннің «...адамды біржақты 

білімге баулу, оны сыңаржақ 

кәсіпкерге айналдырады» деген 

идеясын қатты ұстанады. 

Бірде тіпті мектепте шет 

тілінен сабақ беретін мұғалім 

болмай қалады. Ол кезде атал-

мыш пәннен сабақ беретін 

кадрлар қат болатын. Оған 

сасатын Томағаң жоқ. Мен білдей 

бір мектептің директоры екенмін, 

деп қарап отырмастан, білекті 

сыбана неміс тілінен де біраз 

уақыт сабақ берген күндері бар. 

Кейде өлең де жазады. 

Баспасөзге мектеп жасынан 

атсалысып, ғылыми — танымдық 

материалдарын үздіксіз жария-

лап келеді. 

Алмас қылыш қап түбінде 

жатушы ма еді? Ұзамай Павлодар 

пединститутында оқытушы 

болады. Онан кейін - Әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің аспиранты. 

Жемісті ізденістің нәтижесінде 

«Математиканың философиялық 

проблемалары» деген тақырыпта 

кандидаттық диссертациясын 

сәтті қорғайды. 

1975 жылдан бергі саналы 

ғұмыры Қарағанды мемлекеттік 

университетінде ұстаздықпен өтіп 

келеді. 


Осы уақыттағы өмірінде 

Томағаң көп жақсылармен етене 

жолдас болыпты. Нағыз өркендеу 

дәуірі осы тұс. Әсіресе, әйдік 

ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов 

сынды біртуардан көп ғибрат, үлгі 

алғанын қалай ұмытар. Қатарлас-

тары да — «сен тұр мен атайын-

дар» болды. Естен кетпес ғибрат-

ты кезеңдері де көп. Бірде 

Қарағандыға ақын Тайыр Жароков 

келеді. Ол шақта бұл кісі ҚарПИ-

дің студенті. Сонда жас Томанға 

ақын: 


«Томағасыз бүркіттей, 

Топшысын түйген Томанға. 

Ұқсаған тау қыранға, 

Адаспайтын тұманда, 

Сыйладым осы кітапты, 

Әрқашанда жүр алда!»,-

деп Б.Кенжебаевтың «Сұлтан-

махмұт Торайғыров» атты 

кітабына бата-тілекпен жыр 

жазып, қолтаңбасын 

қалдырыпты. 

Ел Тәуелсіздік алысымен 

Томан Жұмаділұлы бұрын тыйым 

салынған қазақтың ұлы ойшыл-

дарының еңбектерін зерттеуді 

мықтап қолға алады. Асан Қайғы, 

Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Иассауи 

(«Диуани Хикметтерінің» біразын 

жатқа біледі), Абай, Шәкәрім, 

Мәшһүрдің мұраларына терең 

бойлайды. Олардың асыл 

қазыналарын насихаттайды. 

Және Томағаңның бастау, 

жетекшілігімен философия 

факультетінің екі студенті, «Қожа 

Ахмет Иассауидің даналық 

ойлары» және «Қорқыт атаның 

ғұмыр философиясы» деген 

тақырыпта диплом жұмыстарын 

қорғады. Бұл әлі де жалғасын 

табатыны кәміл. 

Қазір «Қазақ философиясы 

хақында» деген еңбек жазуда. 

Студенттерге одан арнаулы курс 

оқиды. Аталмыш ғалымның 

алдын көргендердің арасында 

бүгінде облыс, ел көлеміне 

танымал азаматтар, қоғам 

қайраткерлері де бар. 

Балаларының бәрі Ресейдегі 

іргелі оқу орындарында оқыды. 

Ол кезде шетелде бала оқыту 

деген бір қиямет болатын. 

Жаратқанның жазғанына 

қайран не? Үлкен ұлы Бауыржан 

Бауман атындағы Мәскеудің 

(МВТУ) жоғары техникалық 

училищесін өте жақсы бітіріп, 

КСРО Қорғаныс министрлігінде 

жұмыс істеп жүргенде кенеттен 

қайтыс болады... Бірақ Бауыржа-

нының көзі — Тимур есімді 

немересі бүгінде әкесі білім 

алған университет магистрату-

расының соңғы курсында оқиды. 

Одан күтер үміт зор. 

45 жыл отасқан бәйбішесі 

Галя Молдамағзұмқызы ал-

дыңғы жылы дүниеден озды. 

Қабырға қайысқанмен тағдыр-

дың жазғанына не шара? Келмек 

бар да кетпек бар. Ендігі тілегі, 

бала-шағалары мен 

немерелерінің амандық-сау-

лығы. 

«Тегінде, адам баласы адам 



баласынан ақыл, ғылым, ар, 

мінез деген нәрселермен озбақ» 

(Абай). Кешегі күнге шолу жасап 

көрсе артта қалған күндерін зая 

жібермепті. Үш монография, 

140-тай ғылыми, әдістемелік 

мақалалары жарық көріпті. 

Профессор атанды. Біршама 

жыл физика, математика, сызу, 

астрономиядан дәріс берді. Ал 

кейінгі 35 жыл бойы студенттерге 

философия ғылымының қыр-

сырын оқытумен келеді. 

Уақыттың өтуі заңдылық. 

Томағаң осы күні екінің бірі жете 

бермейтін жетпістің жалына қол 

созыпты. Ертең сізді сексеннің 

сеңгірінде көрейік! Томағаңның 

тың, қайраттылығына қарап 

халыққа әлі де берері мол ғалым 

екеніне иланамыз. 

Е.ҚАЛЫМБАЙ. 

СУРЕТТЕ: Е.А.Бөкетов 

атындағы ҚарМУ-дың профессо-

ры Т.ЖҰМАДІЛҰЛЫ. 



Орталық Қазақстан.- 2006.- 31 қаңтар.- 6 б. 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Gylym
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Gylym -> Нологиялық институты ұжымы ғылыми-практикалық конференция өткізіп, марқұмның ғылыми-ағар
Gylym -> Рашит каренов. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор «Ғылыммен дүниеге шықса даңқы, Ө з І ө л с е д е ө л м е й д І о н ы ң а т ы»
Gylym -> Қайран да біздің ебекең халқамыздың аяулы ұлы, ардақты азаматы
Gylym -> Осыдан үш ай шамасы бұрын Ұлттык, Ғылым академиясы, республикамыздағы Кен шикізатын кешенді пайдаланудың ұлттық
Gylym -> Асыл ағамыз Евней Арыстан ұлы Бөкетовтің соңғы жылдары
Gylym -> Әлімхан Ермековтің

жүктеу 36.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет