“Физика-математика ғылымдары” сериясы №4 (44)



жүктеу 5.4 Kb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата30.04.2017
өлшемі5.4 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Численные  расчеты.  Выше  изложенными  двумя    методами  численно  решена 
тестовая  задача  (1)-(6)  для  уравнений  Навье-Стокса  вязкой  несжимаемой  жидкости  в 
переменных функция тока, вихрь скорости в приближении Бусинеска. 
 В  качестве  численных  результатов  представлены  распределения  температуры  и 
функции тока. Результаты получены при различных размерах полости, температурных 
режимов  на  границе,    и  значений  определяющих  течение  безразмерных  параметров  – 

145 
 
числах  Грасгофа 
Gr
 и  Прантля 
Pr .  Результаты  численных  расчетов  представлены  с 
помощью современного графического редактора Tecplot.  
 
 
Рисунок 1 - Изолинии функций тока. 
Размер полости 1.0*1.0 на внутренних 
границах  
5
.
0


,
100
,
39
.
5
Pr


Gr

Рисунок 2 - Изотермы. Размер полости 
1.0*1.0  на внутренних границах 
1



100
,
39
.
5
Pr


Gr
.  
 
 
Рисунок 3 - Изолинии функций тока. 
Размер полости 1.0*1.0 на внутренних 
границах 
5
.
0



100
,
39
.
5
Pr


Gr

Рисунок 4 - Изотермы. Размер полости 
1.0*1.0 температура правых частей 
границ 
5
.
0


, левых частей 
5
.
0




100
,
39
.
5
Pr


Gr

 
 
Рисунок 5 - Изолинии функций тока. 
Размер полости 1.0*1.0  на внутренних 
границах 
5
.
0



100
,
39
.
5
Pr


Gr

Рисунок 6 - Изотермы. Размер полости 
1.0*1.0 на внутренних границах 
1



100
,
39
.
5
Pr


Gr


146 
 
 
 
Рисунок 7 - Изолинии функций тока. 
Размер полости 1.0*1.0 на внутренних 
границах 
5
.
0



100
,
39
.
5
Pr


Gr

Рисунок 8 - Изотермы. Размер полости 
1.0*1.0 
температура правых частей границ 
5
.
0



левых частей 
5
.
0




100
,
39
.
5
Pr


Gr

 
В  расчетах  использовалась  равномерная  сетка  размерами  101x101,  501x501.  
Проведения  вычислительного  эксперимента  на  мелкой  сетке  на  персональном 
компьютере  Pentium  4  практически  невозможно,  из-за    требуемой  большой  объем 
оперативной  памяти,  поэтому  численный  эксперимент  был  проведен  на 
суперкомпьютере  URSA  на  базе  128  четырехядерных  процессоров  Intel®  Xeon® 
серии  E5335 2.00GHz при КазНУ им. аль-Фараби.  
Первый метод основан на построении разностной задачи в переменных функция 
тока и вихрь скорости с использованием условия однозначности давления. Это условие 
позволяет  определить  коэффициент,  который  используется  в  формуле  (18).  Решения 
для  функции  тока  и  вихря  скорости  находится  как  сумма  двух  простых  задач. 
Разработанный алгоритм равномерно сходится при определенном количестве итерации, 
и  с  помощью  разработанного  численного  алгоритма    получаются  более  точные 
результаты. Численные результаты данного метода представлены на рисунках 1-4. 
Второй подхода к решению поставленной задачи методом фиктивных областей с 
продолжением по младшим коэффициентам. Решение задачи находится с точностью 


Данный  метод  является  простым  в  реализации    и  не  требует  удовлетворения  условия 
однозначности  давления.  На  рисунках  5-8  представлены  результаты  поставленной 
задачи методом фиктивных областей с продолжением по младшим коэффициентам.  
 
 
1. 
Фром  Дж.  Неустановившееся  течение  несжимаемой  вязкой  жидкости. 
Вычислительные методы в гидродинамике.М.: Изд-во МГУ, 1967. С. 343-381. 
2. Суд Элрод. Численное решение уравнений Навье-Стокса в двусвязных областях для 
течения несжимаемой жидкости // Ракетная техника и космонавтика. 1974. Т. 12. №5. 
С. 76-82. 
3. Сироченко В. П. Численное моделирование конвективных течении вязкой жидкости в 
многосвязных областях // Труды Международной конференции RDAMM-2001, 2001. 
Т. 6. Ч. 2, Спец.выпуск. С. 554-562. 
4. Adlam J.H. Computation of two-dimensional time-dependent natural convection in a cavity 
where there are internal bodies. // Computers and Fluids. 1986. Vol. 14. N2. P. 141-157. 
5.  Ладыженская  О.А.  Математические  вопросы  динамики  вязкой  несжимаемой 
жидкости. // Издательство. Наука.2-е издание. 1970. 

147 
 
6. Смагулов Ш.С., Темирбеков Н.М., Камаубаев К. Моделирование методом фиктивных 
областей  условия  для  давления  в  задачах  течения  вязкой  жидкости  //  Сиб. 
журн.вычисл. мат. 2000. Т. 3, №1. С. 57-62 
 
 
 
ӘОЖ 378.147: 651 
Г.Т. Тоққҧлова, Г.Б. Жунусова, Г.Ж. Ниязова, Ҥ.Р. Рахмет, К.М. Беркімбаев 
 
ЖАҢА ТҦРПАТТЫ МҦҒАЛІМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҦЗЫРЛЫҒЫН  
ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТТАРЫ 
 
(Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті) 
 
«Жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық  құзырлығын  қалыптастыру  бағыттары» 
атты  мақалада  жаңа  тұрпатты  мұғалім  ұғымы  талданып,  ӛзіндік  даму,  болашақ 
маманның  ұдайы  кәсіби  жетілуі  қажеттілігі  теориялық  тұрғыда  негізделген.  Жаңа 
тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық  технология  құралдарын  кәсіби  іс-әрекеттеріне 
пайдалану  даярлығын  қалыптастырудың  психологиялық  аспектілері  келтірілген. 
Болашақ  мұғалімде  қалыптастырылуы  тиіс  кәсіби  іскерліктер  мазмұны  айқындалып, 
олардың  ақпараттық  құзырлықты  қалыптастырудағы  рӛлі  анықталған.  Білім  беруді 
ақпараттандыру  жағдайында  ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан  жаңа  тұрпатты 
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің құрамына енетін компоненттер баяндалған. Теориялық 
талдаулар 
негізінде 
жаңа 
тұрпатты 
мұғалімнің 
ақпараттық 
құзырлығын 
қалыптастырудың негізгі бағыттары ұсынылған. 
В  статье  рассматривается  саморазвитие  и  потребность  непрерывного 
профессионального 
совершенствования 
будущего 
специалиста. 
Даны 
психологические аспекты формирования подготовки использования  информационных 
технических средств для профессиональной деятельности учителем новой формации. 
Определены  содержание  профессиональных  умений  будущего  учителя  и  их  роль  в 
формировании  информационной  компетентности.  Рассмотрены  компоненты, 
входящие  в  состав  в  профессиональной  деятельности  учителя  новой  формации  в 
условиях  информатизации  образования.  Предложены  основные  направления 
формирования  информационной  компетентности учителя  новой  формации  на  основе 
теоретического анализа. 
In the article «The directions of development of informational competence of teachers of 
the new formation» is considered self-development and the need for continuous training of 
the future specialists. The psychological aspects of the formation of the preparation using of 
informational  technology  resources  for  professional  activity  of  a  teacher  of  the  new 
formation are given. The content of professional skills of future teachers and their role in the 
formation  of  informational  competence  are  defined.  The  components  included  in  the 
professional activity of a teacher of a new formation in the conditions of informatization of 
education are considered. The basic directions of development of informational competence 
of teachers of the new formation on the basis of the theoretical analysis. 
 
Түйін  сөздер:  жаңа  тұрпатты  мұғалім,  ӛзін-ӛзі  дамыту,  ақпараттық  технологиялар, 
іскерліктер, құзыр, ақпараттық құзырлық. 
Ключевые слова:  учитель новой формации, саморазвитие, информационные технологии, 
умения, компетентность, информационная компетенция. 
Keywords:  the  teachers  of  the  new  formation,  self-development,  informational  technology, 
competence, informational competence. 
 

148 
 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамыту  саласындағы  ӛзгерістер 
жалпы  білім  берудің  жаңа  сапасына  қол  жеткізуде  білім  берудің  мақсатын  және 
жоспарланған  нәтижелерін  қайта  қарауды  талап  етеді.  Жедел  дамып  отырған 
технологиялар заманында білім берудің басты ұстанымы «ӛмір бойы білім алу, ӛзін-ӛзі 
жетілдіруі»  болып  отыр.  Жалпы  білім  беру  сипаты  мемлекеттің  әлеуметтік-
экономикалық  даму  деңгейімін,  саяси  құрылымымен,  тарихи-мәдени,  ұлттық 
ерекшелігімен  анықталады.  Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  жоғары  оқу 
орындарында  болашақ  мамандарды  даярлаудағы  жаңа  басымдықтар  белгіленуде. 
Сондықтан,  жоғары  оқу  орындарының  қызметіне  бағдарланған  заңды  құжаттарда 
келесі міндеттер айқын кӛрсетілген: 
-  кең  кӛлемді  іргелі  білімге  ие,  бастамашыл,  еңбек  нарығы  мен  технологияның 
ӛзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті жаңа формациядағы мамандар даярлау; 
-
 
білім  беру  үдерісін  демократияландыру  арқылы  бүкіл  жоғары  білім  беру 
жүйесінде сапалы білім беру қызметін ұсыну мотивін күшейту; 
-
 
жекелеген жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациядан ӛтуге даярлау, 
элиталық жоғары оқу орындарын дамытудың нақты шарттарын құру; 
-
 
жоғары  оқу  орындарын  басқарудың  жаңа  ұстанымдары  мен  практикасын 
қалыптастыру,  стратегиялық  жоспарлау  жүйесін  ендіру  және  ЖОО  автономдылығын 
(дербестігін) кӛтеру; 
-
 
студенттердің  сапалы  білім  алу  құқығын  жетілдіру,  жоғары  оқу  орындары 
басшылығының  сапалы  білім  беру  қызметіне  жауапкершілігін  анықтайтын 
механизмдерді жасау және ендіру
Жас  мамандардың  еңбекпен  қамтылу  мәселесін  шешудің  қазіргі  заманғы 
тәсілдерінің бірі бітірушінің кәсіби ғана емес мекеменің нағыз бастамашыл мамандарға 
деген  қажеттілігін  қанағаттандыратын  жеке  тұлғалық  мінездемесін  ескере  отырып, 
тұлғалық-бағдарланған  еңбекпен  қамту  ұстанымын  іске  асыру  болып  табылады. 
Маманның бәсекеге қабілеттілігі ерекше рӛл атқарады.  
Бәсекеге қабілетті  маман – бұл анықталған тұлғалық сапалары бар және кәсіби 
міндеттерді  шешу  әдістерінің  түрлі  жолдарын  меңгеру  арқылы  түрлі  ӛзгермелі 
жағдайларда  қойылған мақсатқа жету қабілеті бар маман. 
Бітіруші  түлектердің  білімділік  деңгейіне  түрлі  әлеуметтік  жекебастылық 
мәселелерді шешуге қабілетті, азаматтық тұғыры бар, кәсіби мәдениеті жоғары, жоғары 
кәсіби  мәдениет  деңгейінде  ұжымда  жұмыс  істей  білетін;  бүкіл  белсенді  ӛмір 
қызметінде  ӛз  бетімен  шығармашылық  пен  жаңа  білімдерді  игеру  дағдылары  мен 
қажеттілігі,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  және  дамытуға  қабілетті  жаңа  тұрпатты  маман  даярлау 
талабы қойылады. 
Қоғам ӛзгерісіне байланысты «жаңа типті мұғалім», «жаңа буын мұғалімге» деген  
қажеттіліктер  пайда  болып,  ол  мұғалім  профессиограммасына  ӛзгерістер  енгізіп 
отырды.  Білім  мазмұнын  жаңарту  мемлекеттік  білім  стандарттары  арқылы  жүзеге  аса 
бастады. 
Жаңа  тұрпатты  мұғалім  ұғымы  соңғы  жылдары  жарияланған  ресейлік, 
қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», 
«мұғалім идеалы», «шебер мұғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мұғалім» термині 
ешбір  диссертациялық  зерттеуде  кездеспейді.  «Жаңа  тұрпатты  мұғалім»  ұғымының  
семантикасы  мен  атқаратын  қызметі  жаңаша.  Ең  алдымен  теориялық  тұрғыда 
негізделген  бұл  ұғым  білім  беру  стандарттарымен  бір  деңгейде  дамып  отыру 
керектігіне  назар  аударуымыз  керек.  Терминнің  семантикасы  ақпараттық 
технологиялармен тығыз байланыста қарастырылуы қажет.  

149 
 
Жаңа  тұрпатты  мұғалім  пәндік  салаға  қатысты    білім  мазмұнын  үздіксіз  игеріп 
отыратын,  ұйымдастыру,  жобалау  қабілетімен  бірге  жеке  тұлғалық  және  кәсіби 
маңызды қасиеттері бар, ақпараттық технологияларды меңгерген құзыретті тұлға. 
«Ӛзін-ӛзі  дамыту»  ұғымын  бүгінгі  таңда  философия  мен  социологияда, 
педагогика  мен  психологияда  маңызды  орны  бар  шығармашылық  ойлау  процесінің 
негізгі ұғымына айналып отыр. Әр тарихи кезең «ӛзін-ӛзі дамыту» ұғымын түсіну мен 
мағынасын ашуда ӛзіндік үлесін қосып отырады.  
Л.Н.  Куликова  пікірінше,  адамның  қызығушылығы  ӛзіндік  дамуында 
философиялық  тұрғыда,  оның  қалыптасу  процесінің  негізі  болып  табылады.  Бір 
жағынан  бұл  –  туа  біткен  қабілетке  негізделген  (биологиялық  қалыптасуы)  процесс. 
Екінші  жағынан,  ол  –  қоршаған  орта  әсері,  алған  тәрбиесі,  даму  деңгейі,  жеке  тұлға 
әсері,  жеке  тұлғалық  факторлар  мен  адамның  ерік-жігеріне,  алға  қойған  масаты  мен 
ӛмірдегі  құндылықтарымен  тікелей  байланысты.  Адам  ӛмір  бойы  ӛзіндік  даму 
жағдайында  болады.  Ересек  адам  үшін  бұл  процесс  түрлі  бағытта  жүруі  мүмкін  – 
саналы,  жүйелі,  мақсатты  түрде  ӛзін  жаңартумен  қатар,  саналы  түрде  регрессивті 
ӛзгерістерге  кетуі  мүмкін.  Ӛзіндік  даму  адамның  басқа  мәдениетке  бой  алдыру 
факторы ретінде де қарастырылады [1]. 
Ӛз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық   жағдайларда жол таба білу  – қазіргі 
заман    мұғаліміне    тән  кәсіби  бейне.  Ойлау  процесінің    әрдайым  педагогикалық 
міндеттерді  шешуге  бағытталуы,  білімдер  комплексінің    маңызды  болуы,  мүғалімнің 
кәсіби мінез-құлқы мен әрәкетіне ӛзіндік сипат береді. Бүгінгі мұғалім - балаларға білім  
беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана-
сезімін  жоғары  дәрежедегі  рухани  байлықтарымен  байытушы,  балаларда    қоғамдық 
пайдалы  еңбекке  деген  қажеттілікті  оятушы,  олардың  ӛз  бетінше  жаңалық  ашуға, 
жаңалық  жасауға  үйретуші  әлеуметтік  белсенділігі  бар  жеке  адамды  тәрбиелеуші. 
Сондықтан  мұғалім  оқушылардан  осы  қасиеттерді  кӛру  үшін,  ең  алдымен,  осындай 
жақсы  жақтарды  ӛз  бойында  тәрбиелеуі  тиіс.  Мұғалім  ешбір  қажымайтын,  ӛз  ісін 
сүйетін,  ӛзінің  шығармашылық  деңгейін  әрдайым  молайтып  отыратын  мамандық 
иесі [2]. 
Кез  келген  бәсекеге  қабілетті  маман  ақпараттандыру  және  ақпараттық-
коммуникативтік  технология  құралдарын  қолдануға  психологиялық  тұрғыдан  дайын 
болуы  қажет:  ақпараттандыру  бағдарламасы  негізінде  кәсіби-еңбек  үдерісін 
ұйымдастыру;  кәсіби  еңбек  іс-әрекеттеріне  ақпараттық-коммуникативтік  технология 
құралдары  мен  интерактивтік  тақтаның  мүмкіндіктерін  қолдану;  электрондық-
дидактикалық  нұсқауларды  жұмыс  ерекшеліктеріне  сай  қолдану;  ақпараттық-
коммуникативтік 
технологиялар 
арқылы 
жұмысты 
жетілдіру, 
заманауи 
технологияларды  кәсіби  іс-әрекетіне  енгізу  және  оның  тиімділігін  анықтау;  кәсіби  іс-
әрекет 
үдерісін 
ақпараттық-коммуникалық 
тұрғыдан 
қамтамасыз 
етуді 
автоматтандыруда  ӛзінің  білімі  мен  біліктілігін  жетілдіру;  кәсіби-еңбек  іс-әрекеті 
үдерісінде қолданатын АКТ құралдары мен интерактивтік жабдықтарға экономикалық-
эргономикалық  тұрғыдан  бағалау  жүргізу;  ақпараттық  білім  ортасында  ӛзіндік  білім 
алу мен кәсіби іс-әрекеттерін жобалау және ақпараттарды ӛңдеу.  
Жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық  технология  құралдарын  кәсіби  іс-
әрекеттеріне  пайдалану  даярлығын  психологиялық  тұрғыдан  мына  түрде  бӛліп 
кӛрсетуге болады:  
-
 
жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  мамандарының  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияны меңгеруге деген қызығушылығын зерттеу; 
-
 
кәсіби 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруда 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды (білім беруде) пайдалануға деген ынтасын қалыптастыру; 

150 
 
-
 
болашақ 
жаңа 
тұрпатты 
мұғалімнің 
мамандарының 
ақпараттық-
коммуникативтік  технологиялар  құралдарын  меңгеруге,  оларды  кәсіби-еңбек  іс-
әрекетінде пайдалануға даярлығын қалыптастыру; 
-
 
болашақ  жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық  технология  құралдарын  кәсіби-
еңбек іс-әрекетіне пайдалануға әсерін зерттеу дағдысын қалыптастыру; 
-
 
ақпараттық  құралдарымен  жұмыс  жасауда  жеке  тұлғаның  қажеттілік 
параметрлерін айқындау; 
-
 
ақпараттық  технологияларды  қолдану    арқылы  болашақ  жаңа  тұрпатты 
мұғалімнің  білім  сапасын  арттыруға  деген  ықпалын  зерттеу  дағдысын  қалыптастыру 
және т.б.  
Кӛрсетілген  құраушылар  болашақ  жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық-
коммуникативтік  технологияны  кәсіби  іс-әрекетінде  қолданудың  психологиялық 
аспектілері әртүрлі екендігі сипаттайды.  
Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық 
шеберлігі  жоғары  болуы  үшін  педагогикалық-психологиялық  аpнайы  зерттеулер 
негізінде  айқындалған  педагог  мамандығына  тән  іскерлік  пен  дағдыларды  меңгеруі 
тиіс.  Ӛйткені  педагогтік  іс-әрекет  ӛте  динамикалық  жүйе,  оның  ӛзіндік  арнайы 
құрылымы  бар.  Олар  бірнеше  бӛліктерден  тұрады:  танымдылық,  құра  білушілік, 
коммуникативтік (қарым-қатынас), ұйымдастырушылық, хабарлама және зерттеушілік 
іс-әрекеттер мен дағдылар.  
Танымдылық  іскерлік,  ең  алдымен,  жеке  бастың  интеллектуалдық  мүмкіндігі, 
мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдылық іскерлікті қалыптастыру үшін  
адамның  қабылдау,  зейін,  ойлау,  елес,  ес,  т.б.    психикалық    қасиеттерінің    бірлікте 
дамуы  қажет.  Мысалы,  адамның  байқағыштығы,  ӛзін-ӛзі    бақылауы,  шиеленіскен 
жағдайда  дұрыс  жол  таба  білуі,  ойлау  процесінің  дамуы  үшін  талдау  жасауы, 
салыстыру,  сәйкестігін  ажырату,  нақтылай  білу,  жинақтау,  қорытынды  жасау  сияқты 
джағдылардың  болуы  қажет.  Бұл  қасиет,  сапалар  үнемі    жаттығу,  адамның  ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеуі, оқу, білім алу, еңбек процесі барысында тұтас  қалыптасатын іскерлік.  
Құра білу (конструктивтік) іскерлігі - оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, 
композициялық материалдарды  іріктеп  алумен сипатталады. Оқушылардың жас дара 
ерекшеліктеріне  сай,  оқу-тәрбие  процесінің  материалдық  базасына  сәйкес  жұмысты 
ретті ұйымдастыра білу. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет,  қабілет 
қажет.  Алдағы  жұмысты  жоспарлау,  жобалау,  алдымен  ойлау,  салыстыру,  болжам 
жасау,  технологиялық,  логикалық  ойлау  қабілеттерімен  тікелей  байланысты. 
Сондықтан құра білу   іскерлігі танымдылық  іскерлікпен ұштасып жататын  қасиет. 
Қарым-қатынас  іскерлігі  –  бұл  мұғалімнің    педагогикалық  процестің  басында 
адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сӛз 
сӛйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын  игере білуден басталады. Коммуникативтік 
іскерлікті тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және 
ӛзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек. Екіншіден, ӛзінің ой-пікірін, кӛңіл-күйін, 
кӛзқарасын,  мақсатын  сӛйлескен,  пікірлескен  адамға,  коллективке  түсіндіре  білуге 
және  оларды  да  түсіне  білуге  үйренуі  қажет.  Үшіншіден,  адамдармен  қарым-қатынас  
барысында  қажет  болған  жағдайда,  бетбұрыс  жасау  сияқты  мүмкіндіктерді  басқара 
білу,  оң шешім таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға 
бейімділігі  және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын  
жеке бастың қасиеті қалыптасады.  
Хабарлау іскерлігі – жеке  педагогикалық іскерлік болып бӛлінеді. Кӛбіне қатынас 
құралы  ретінде  қарастырылады.  Себебі    қарым-қатынас  хабарлама  материалысыз 
жүзеге  асырылуы  мүмкін  емес.  Информациялық    іскерлік  оқу-тәрбие  процесінің 
оптималдығын  арттыруда  шешуші  орын  алады.  Оқу-білім  материалын  терең  жан-

151 
 
жақты  білу,  оқу  әдістерін  меңгеру,  барлық  хабарлама  құралдарын  пайдалану 
дағдысының  болуын  талап  етеді.  Бұл  іскерлік  мүғалімнен  дауысты  үйлестіре  білуді, 
кӛңіл-күй  сезімімен  сӛйлеуді,  сӛздің  құдыретті  күшін  және  дұрыс  үнін  бет  қимылды 
меңгере  білуді  талап  етеді.  Сӛйлеу,  әнгімелесу,  кӛрсете  отырып  түсіндіру,  пікірлесу, 
тыңдау,  сұрақ-жауап  айту  тәсілдерін  қолдану  арқылы  тыңдаушының  зейінін  аудару  – 
мұғалімнің педагогикалық  іс-әрекетіне қажет іскерлік. 
Ұйымдастырушылық  іскерлік  –  бұл  мұғалім  еңбегінің  бӛлінбейтін  үнемі  жүріп 
отыратын    маңызды  саласы.  Педагогикалық  процесті  басқарудың  негізгі  шарты.  Бұл 
бағыт педагогикалық іскерлікті бір-бірімен байланыстыратын іскерлік. 
Ұйымдастырушылық  іскерліктің  ӛзіндік  белгілері  бар.  Олар:  жұмысты  анықтау, 
мақсатын  белгілеу,  жұмысты  талап  ету,  тапсырма  беру,  тапсырылған  жұмысты 
бақылау,  орындалуын  ұйымдастыру,  орындалған  жұмысты  қорытындылау,  бағалау, 
есеп беру, нақтылы объектіге зейін қоя білу, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға 
психологиялық  ахуал  туғыза  білу,  іске  қызығушылықпен  кірісу,  басқаларға  жағымды 
ықпал жасау іс-әрекеттерінен құралады.  
Зерттеушілік  іскерлік  -  әрбір  педагогикалық  құбылысқа  ғылыми  тұрғыдан 
қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, 
сонымен  қатар  мұғалім  озат  тәжірибені  де    ӛзінің  тәжірибесінде  жинақтауды,  оларға 
шығармашылық  негізінде  талдау  жасауды  және  мектеп  ӛміріне  ендіруді  қамтиды. 
Жоғарыдағы  аталған  мамандыққа  қажетті  педагогтық  іскерліктер  білім  шеңберін 
жинақтап,  мұғалімнің  жеке  басының  қасиет-сапаларын  ашып  беруге  мүмкіндік 
жасайды.  Мұғалімнің  жеке  басын    сипаттайтын  қасиеттер:  кәсіби  бағыттылығы, 
ғылыми  кӛзқарасы,  идеялық  сенімі,  саяси-қоғамдық  азаматтық  белсенділігі, 
адамгершілік гуманистік қатынасы. 
Жоғарыда  баяндалған  іскерліктерді  кәсіби  деңгейде  қалыптастыру  болашақ 
маманның  кәсіби  құзырлығының  негізгі  құраушы  элементтерінің  бірі  ақпараттық 
құзырлықты қалыптастыруға негіз болады. 
Қоғамның  дамуы,  кешенділігі,  қоғам  қызметінің  кең  ӛлшемділігі  білім  беру 
мақсатын  ӛзгерту  мәселесін  ӛткір  қояды.  Соңғы  онжылдықта  білім  беру  нәтижелерін 
бағалау  «құзыр»,  «құзырлық»,  «ақпараттық  құзырлық»  түсініктеріне  шұғыл 
бағдарлауды қажет етіп, білім беру үдерісін құзырлық тәсіл негізінде ұйымдастыруды 
ұсынады. 
Құзырлық  - тиімді  іс-әрекет  жасауда  қамтамасыз  етілетін  адамның  саналы  түрде 
меңгерген  білім,  іскерлік,  тәжірибелік  қатынас  әрекеттері.  Танымдық  оқу  әрекетінде 
оқушылардың  «жасай  аламын»  деген  амалдары  ӛз-ӛзін  саналы  түрде  сезінуімен, 
рефлексиялық әрекет жасайтынымен байланыстырылып жүргізілсе анық жарияланады. 
Құзырлықты  жеке  тұлғаның  ӛзара  байланыста  болатын  қасиеттері  (білім,  іскерлік, 
дағды,  қатынас)  жиынтығын  игеру  деп  ойласақ,  білім  алудың  нәтижесінде 
қалыптасқан,  кез  келген  ӛмірлік  жағдайда  пайдаланатын  әрекеттері  деп  қорытуға 
болады. 
Құзырлыққа 
бағдарланған 
оқыту 
маңызды 
тәжірибелік-бағдарланған 
проблемаларды  шешу  тәжірибесін  меңгеру  үрдісі  болып  табылады.  Құзырлық 
мүмкіндіктер  педагогикасы  идеясына  сүйену  арқылы,  құзырлық  ынта-ықыласы 
негізінде  тұлғаны  дамытудың  болашақ  мақсаттарына  сәйкес  келу  және  бағдарлану 
жатады. Сонда, құзырлық қасиет – бұл білім беру нәтижесіне баса кӛңіл бӛлетін әрекет, 
оның  үстіне  нәтиже  ретінде  меңгерілген  ақпарат  жиынтығы  емес,  адамның  әртүрлі 
проблемалық  жағдаяттарда  ӛз  бетімен  іс-әрекет  етуге  қабілеттілігі  анықталады. 
Басқаша айтқанда, құзырлықтарды меңгерген түлектің қабілеттерін, яғни оның қандай 
іс-әрекет  тәсілдерін  игергенін,  не  істей  алатынын,  неге  дайын  екенін  анықтау  – 
құзырлық қасиет жиынтығы болып табылады. Құзырлық қасиет білімдік парадигмадан 

152 
 
біртіндеп  мектеп  бітірушінің  қазіргі  кӛпфакторлы  әлеуметтік-саяси,  нарықтық-
экономикалық,  коммуникациялық  және  ақпараттық  қаныққан  кеңістік  жағдайында 
тіршілік  ету  әлеуетін,  қабілетін  кӛрсететін  құзырлық  кешенін  игертуге  жағдай  жасау 
дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді [3].  
Олай болса, құзырлық қасиет – бұл жаппай барлық оқу мекемелерінің және еңбек 
нарығының қажеттіліктерін сәйкестікке келтіруге талаптанып жасалған қадам іспеттес. 
Демек,  қазіргі  білім  жүйесінде  құзырлық  қасиеттер  –  бұл,  ең  алдымен,  білім  беру 
мазмұнына  қойылған  стратегиялық  және  оперативтік  сұраныс.  Басты  мәселе  -  білім 
беру  жүйесінің  сапасының  тиімсіздігінде  болып  отыр.  Бұл  тиімсіздік  білім  беру 
жүйесінің  ӛзінен  тыс  жерде  маңызды  нәтижелердің  кӛзге  кӛрінбейтіндігінен 
байқалады.  Басқаша  айтқанда,  оқу  мекемеде  (кез  келеген  білім  саласында) 
оқылғандары дәл сол кезеңде ғана қажет, ал басқа еш жерде қажет емес. 
Білім 
беруді 
ақпараттандыру 
жағдайында 
ақпараттық-коммуникативтік 
құзырлығы  қалыптасқан  жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетінің  құрамына 
енетін  компоненттерді  меңгеру  –  кез  келген  білім  беру  саласы  маманының  міндеті, 
олар: ақпараттық, зерттеушілік, интеллектуалдық, креативтік, диагностикалық, болжау, 
коммуникативтік, аксиологиялық, басқару бойынша, жобалау бойынша, инновациялық 
іскерліктер. 
Біздің  қарастырып  отырған  ақпараттық  коммуникациялық  құралдар  негізінде 
жүзеге асырылатыны іскерліктердің құраушы элементері: 
ақпараттық іскерліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, талдау, 
түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу, кодтау, ӛзгерту және тарату т.с.с.; 
-  коммуникативтік  іскерліктер:  байланыс  орнату,  ақпараттарды  алмастыру, 
вербалды, вербалды емес қарым-қатынас, ӛзара әрекеттестік жасау және т.с.с.. 
Ғылымда ақпараттың сапасын бағалау және оны қабылдау біліктерін дамыту, оны 
қолдануға  таңдай  білу,  нақты  мәселелерді  шешуде  әртүрлі  ақпараттар  кӛздерін  таба 
білу,  бұл  қасиеттердің  жеке  тұлғаның  бойынан  табылуы  ақпараттық  құзырлықтың 
қалыптасуы болып саналады. 
Ақпараттық  құзырлық    ақпараттық  қоғам  жағдайында  кездесетін  түрлі  кәсіби 
және жеке тұлғалық жағдаяттар кезінде туындайтын типтік мәселелер мен мәселелерді 
кәсіби  іскерліктер  шеңберінде  шеше  білу  біліктілігімен  сипатталады.  Бұған  мына 
компоненттер  кіреді:  компьютерлік  сауаттылық,  жеке  немесе  ұжымдық  қызметтердің 
қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  кезінде  пайда  болатын 
тәжірибесі,  біліктілікті  үнемі  жетілдіру  үшін  қажетті  ақпараттық  технологияларды 
қолдану  саласында  ӛз  бетінше  оқып  үйренуге  дайындық,  ӛзін  кәсіпқойлық  еңбекте 
кӛрсете білу білігі т.б. 
Ақпараттық  құзырлықта  ақпараттық  технологияларды  меңгерту  басты  орында 
тұрады. Ақпараттық құзырлықты қалыптастыру танымдық әрекеттерге де байланысты 
болады.  
Жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық  құзырлығын  қалыптастыру  тиімділігін 
келесі бағыттарда арттыруға болады деп тұжырымдаймыз:  
-маманның  ақпараттық  құзырлығы  кәсіби-педагогикалық  құзырлық  аясына  еніп, 
оларды қалыптастыру тұтас жүйе ретінде ұғынылса; 
-  жаңа  тұрпатты  мұғалім  дайындауға  арналған  білім  берудің  жеке  тұлғаға 
бағытталған әдістемелік жүйесі іске асырылса
-  ақпараттық  құзырлыты  қалыптастыруға    бағытталған  белсенді  оқыту 
технологиялары қолданылса. 
Қорыта  айтқанда,  жоғарыда  келтірілген  теориялық  талдау  негізінде  жаңа 
тұрпатты  мұғалімнің  ақпараттық  құзырлығының  қалыптасуының  келесі  бағыттары 
анықталды:  

153 
 
1.  Болашақ  мұғалімдердің  ақпараттық  технологияларға  деген  оң  кӛзқарасын 
қалыптастырып,  қызығушылығын    туындату,  ақпараттық  технологияларды  меңгеруге 
ұмтылуын қолдау;  
2.  Ақпараттық  технологияларды  жүзеге  асырудың  теориялық  кезеңінде 
информатика  курсын  меңгерумен  бірге  кәсіби  мақсаттарға  арналған  ақпараттық 
технологиялар сияқты таңдау пәндерін ұсыну; 
3. Практикалық тапсырмаларда ақпараттық технологиялар кӛмегімен орындалуға 
тиісті  шығармашылық    жұмыс  түрлеріне  басымдық  беру.  Мұндай  шығармашылық 
жұмыс нәтижелері студенттердің дербес жұмысымен қатар болашақ кәсіби қызметінде 
де пайдаланылады. 
 
 
1.Куликова Л.Н. Воспитать себя, 1991. – 143 с. 
2. Беркимбаев К.М., Мухамеджанов Б.К., Керимбаева Б.Т. To the problem of using internet 
technologies  in  forming  informational-communicative  competence  of  future  specialists. 
Бюллетень  лаборатории  математического,  образования  и  информатизации 
Рецензируемый сборник научных трудов Том 2. Москва 2012 
3.  Нышанова  С.Т.,  Керімбаева  Б.Т.  To  the  problem  of  using  the  information  and  computer 
technology  for  specialist’s  competitive  training  in  high  school.  2nd  Cyprus  International 
Conference on Educational Research,  Түркия, 2012. 
 
 
 
ӘОЖ 378.18:378.4 
Каталог: docs -> vestnik -> fizika matematika
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
fizika matematika -> Задача определения правой части в нелинейном псевдопараболическом уравнении
fizika matematika -> Абай атындағы
fizika matematika -> Абай атындағы
fizika matematika -> Абай атындағы
fizika matematika -> Г. У. Уалиев Редакционная коллегия
fizika matematika -> “Физика-математика ғылымдары” сериясы №2 (30)
fizika matematika -> “Физика-математика ғылымдары” сериясы №3 (31)

жүктеу 5.4 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет