Физика және математика кафедрасы



жүктеу 0.74 Mb.

бет6/7
Дата12.09.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Апта 7 

Тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» 

технологиясының философиясы және әдіс- тәсілдерінің ерекшеліктері. 

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін 

технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім 

беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің 

интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами 

келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. 

 

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. 



Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім 

алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, 

мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың 

шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық 

көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы 

білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы 

деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа 

технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын 

білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған 

орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. 

 

Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім 



беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің»Дидактикалық бірліктерді ірілендіру 

технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», 

В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», 

В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре 

басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың 

компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. 

көптеген технологиялар енгізілді. 

 

Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды 



ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара 

әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына 

жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен 

бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология 

дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Жаңа 

технологиялардың негізгі қағидалары: 

- балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 

- оқу мен тәрбиенің бірлігі; 

- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; 

- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; 

- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; 

- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. 

 

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру 



мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. 

Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 

дамыту» . 

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім 

берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. 

Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез 

келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы 

шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл 

технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады. 

 

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім 



деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс 

шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. 

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек 

қателеспейміз. 

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден 

тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін 

алуға үйретеді. 

 

1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді 



ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не 

біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына 

тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта 

талқылау»стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі 

сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»т. б. әдістер 

жинақталған. 

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-жігерін 

арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. 

 

Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, 



оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысал үшін 3-сыныпта Ана тілі пәні бойынша қазақтың 

ұлы ақыны А. Құнанбаевтың Крыловтан аударған аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын 

өткелі отырғанымды хабарлаймын. 

 

Қызығушылықты ояту сатысы бойынша:- шегіртке мен құмырсқа туралы не білетіндерін 



сұрадым. Мұнда оқушылар екеуінің де жәндік екенін, далалық жерде тіршілік ететінін айтып, 

ойларын дәптерге жазып алды, жұпта талқылады, осылайша ойлары ашылып, жаңа білім жайлы 

ақпарат жинайды. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны 

тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, 

тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай 

жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары 

бар. Соның бірі ІNSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Шегіртке мен құмырсқа» 

мысалымен танысу барысында, 

Y- білемін; 

- - білмеймін; 

+ - мен үшін жаңалық; 

? –мені таң қалдырды; 

белгілерін қоя отырып, мысал өлеңді оқу тапсырылады. ІNSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына 

басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, 

оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында 

оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 

Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-

бір кепілі. 

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет 

арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни байланыс 

құруға дағдыландырады. 

 

Тақырып бойынша «Ой толғаныс»бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде 



оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс 

қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт 

жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті 

мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, 

салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде 

өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен 

әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, 

даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн 

көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы 

сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың 

бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын 


көрсете алады. 

 

Мен өз сабағымда «Ой толғаныс» сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»стратегиясын 



пайдаландым. Яғни, шегіртке мен құмырсқа істеріне байланысты. 

Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым. Мәтінді оқу 

барысында олар: 

Бөліктің оң жағына:  

Мәтінде қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазды. 

Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар шегірткенің пайдасыз іспен айналысып, ала жаздай ән 

айтып, би билеумен жүріп, жаз артынан қыс келетінін ойламағандығы туралы жазды. 

Бөліктің сол жағына: 

Сол мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділер туралы жазады. 

Олар бұл тапсырмалар бойынша «шегіртке уақытын босқа өткізбей, ол да құмырсқа сияқты 

қысқа дайындалу керек еді»дейді. «Қыстың қамын жаз ойла»деген мақалды еске түсіреді. 

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау 

ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған соң , қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға 

қойып, жауаптарын алдым. 

Мысалы: 

1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? 

2. Автор оқырманды қалай қызықтырды? 

3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? 

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше 

меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің 

тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп 

айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру 

мүмкіндігі туады. 

 

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт: 



1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 

2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 

3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 

4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. 

5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының 

дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 

6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 

 

Ал, оқушыларға байланысты: 



- сенімділікпен жұмыс жасау; 

- бар ынтасымен оқуға берілу; 

- пікірлерді таңдау, құрметтеу; 

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. 

 

Тек сонда ғана олар: 



- мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 

- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? 

- маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау. 

Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту 

мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді. 

Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-

басты тұлға деп алып: 

 

- оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын; 



- Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін, 

- жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы; 

- мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын; 

- кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым; 



 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі 

мынадай болды: 

- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады; 

- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады; 

- бұрынғы білімдеріне білім қосады; 

- микроклимат өзгереді; 

- оқушылардың жауапкершілігі артты; 

- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым; 

- мен күтпеген өзгерістер болды; 

- проблемалық ситуациялар туғыздым; 

- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады; 

- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге 

дамимыз. 

 

Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, 



үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып 

мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-

бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын 

балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. 

Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық 

жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. 



Апта 8 

Тақырыбы: Проблемалық оқыту әдісі және оқушылардың белсенділігін арттыру. 

Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, 

оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде 

оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.  

      Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, 

сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы 

жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.  

      Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып 

табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың 

деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік 

ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл 

роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға 

негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын 

әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да 

ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. 

Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым 

қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай 

туғызбайды.  

       Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру 

кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім 

проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды 

бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала 

жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.  

Апта 9 

Тақырыбы: Интерактивті әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану. 


Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман 

талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін 

дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді 

ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға 

қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, 

әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. 

Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа 

технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында 

оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының 

қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал 

ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу 

және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1] 

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен 

білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру 

саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, 

ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін 

бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз  білім беруді жаңғыртуды  

одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай 

аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір 

қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. [2] 

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 

Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» 

электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру 

үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру 

ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап 

көрсетілді. [3] 

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды 

ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды 

пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына 

ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге 

тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім 

беру саласында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы 

білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері 

пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.Ақпараттық технологиялар туралы көптеген 

тың пікірлер бар. В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» 

ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде 

компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық 

технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық 

технология» – мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік 

редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. 

Р.Әбдірәсілова болса,  «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі 

деп қарастырады. 

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру 

қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейкестi мәселелердiң 

бiрiне айналып отыр. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық  – 

коммуникативтік  технологияларды пайдаланудың өзіндік тиімділігі бар. Атап айтқанда: 

Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен  мәтінді тыңдайды, 

бейнесюжеттерді көре алады; 


Аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді; 

Қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады; 

Мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады; 

Қажетті ақпаратты жедел түрде алады; 

Аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын көшіріп жазып алады; 

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы 

оқушыға үйретуге тиісті ақпараттар мен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. 

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман 

талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін 

дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді 

ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға 

қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, 

әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. 

Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа 

технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында 

оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының 

қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал 

ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу 

және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1] 

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен 

білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру 

саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, 

ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. 



Апта 10 

Тақырыбы: Математиканы оқытудың блоктық- модульдік технологиясы. 

  Оқу үрдісі екі жақты болып келеді. Ол үшін тек мұғалімнің жоғары сапалы жұмысы ғана емес, 

оқушылардың белсенді қатысуы, олардың оқуға деген қызығушылығы болуы тиіс. Ол үшін оқу 

үрдісін оқушылардың өз бетімен жұмыстанып жаңа білім алуы және оны тәжірибеде сәтті 

қолдануға болатындай ұйымдастыру қажет. Біздің пікірімізше бұл әдіске математиканы 

модульдік оқыту технологиясы сәйкес келеді , мұнда теориялық материал алдын ала, ірі 

блоктармен, оқу үрдісін алгоритмдеу және танып білу циклін сәйкестендіру арқылы жүргізеді. 

Математиканы оқытудың модульдік технологиясын пайдалану келесі мүмкіндіктерді береді: 

материал бөлек бірліктер түрінде емес, өзі жататын бір құрылымдық бірліктен бөлінген түрінде 

алынады, сол тарауға жататын математикалық жұмыстар, түсініктер,  қасиеттер бірге зерттеледі. 

Материалдарды блоктарға жинақтау оларды шағын конспектілерге айналдырады. Сонымен қатар 

дайындық және негізгі тақырыптарды өткізу уақыты қысқарады. Біздің жағдайымызда олар 

логикалық бірегей кешендер түрінде зерттеледі. 

  Сонымен қатар модульдік оқыту- оқушыларды өз бетімен үйренуге бейімділік қалыптастырады, 

тұтастай оқу үрдісі алдын ала мақсат қоюға негізделеді, ал оқу үрдісін деңгейлеп ұйымдастыру 

оқушыға таңдап оқу мүмкіндігін береді. 

Математиканы оқыту технологиясы мен блоктар құру арқылы жоспарлаймын. Әр блоктың 

жүйелілік және тұтастық, уақытқа тұрақтылық жіне жадыда тез сақталу қасиетине ие. 

 ПМ – ИМ – КМ – ЖМ – БТМ – БМ  

ПМ-  проблемалы модуль                                                                                                                                                                                       

ИМ- информациялық модуль                                                                                                                                               

КМ- кеңейтілген модуль                                                                                                                                               

ЖМ- жүйелендірілген модуль                                                                                                                                               



БТМ- білімді тузету модулі                                                                                                                                               

БМ- бақылау модулі 

  Әр модульді тереңдетіп қарастырайық. 

  Проблемалы модуль. Теориялық материалды түсіндіру проблемалы тапсырмадан бастап, жаңа 

түсініктің пайда болуына әкелген тарихи қалыптасқан мәселені көрсетемін. Меңгерудің алдынды 

проблемалы модулді енгізу:  материалды зерттеу қажеттілігін көрсетуге; оның маңыздылығын 

дәлелдеуге; осы материалды, берілген тақырыпты және тұтас математиканы игеруде 

қолданылуын көрсетуге мүмкіндік береді. 

  Информациялық модуль. Әр блоктың информациялық модулінің негізі- дәріс, нәтижесі- нақты 

конспект болып табылады. Оларды құрастыруда келесі прициптер жетекшілікке алынады: 

-математикалық символиканы мүмкіндігінше мол пайдаланып ғылыми түсіндіру; 

-теориялық материалдың логикалық құрылымын бұзбай қысқаша түсінік беру; 

-түрлі суреттер, жобалар, сызбалар, диаграммалар қолдану арқылы жоспарланған- көрнекілік; 

-бір конспектіде тұтас тақырып бойынша мәліметтің болуы немесе егер, тақырып тым-үлкен 

болса оның бір бөлігі қысқартылуы тиіс. 

-бір конспектіден екіншісіне өтудің логикалық байланысы және кезектілігі. 

 Ақпараттарды блоктарға бөліп беру жүйесі материалды толығымен, бөлшектерге бөлмей 

зерттеуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау және оларды негізгі типтерге бөлу 

алгоритмдерін жасауға көңіл бөлу қажет. Информациялық модульмен зерттеу кезінде 

қолданылатын тапсырмаларды бөлшектеп шешу алгоритмдерін пайдалану оқушыларға блокты 

зерттеудің келесі кезеңінде стандартты тапсырмаларды өз бетімен шешуге мүмкіндік береді. Осы 

аталған сәттерді жаңа сабақ игеруде қолданған тиімді. 

  Кеңейтілген модуль. Ақпаратты модульде материалды түсіндіру кезінде тек негізгі, басты 

сұрақтар қарастырылатын болса, кеңейтілген модульде теориялық материалды тереңдетіп, 

кеңейтілген түрде игеру, стандарттық емес тапсырмаларды шешу қарастырылған. Берілген уақыт 

ішінде көбірек мәлімет беріледі. Бұл модульде сабақты зерттелген материалды бекіту үшін 

жүргізу қажет, ол үшін оқушыларға тақырыптың басты тараулары бойынша кешенді 

тапсырмалар беріледі. Кеңейтілген модульде сабақты стандартты емес түрде жүргізуге қолайлы 

жағдай жасалынады. 

  Жүйелеу модулі. Білімді жүйелеу оқушыларды берілген маткриалды мәліметтер жмнағы ретінде  

сақтаудан құтқарады. Жалпыландыру үрдісіне оқушылардың өздері белсене қатысады;  

топтастырылған материал тез және жеңіл сақталынады және оны пайдалану ыңғайлы. Ол 

семинар сабақтарында немесе жалпыландыру және жүйелеу сабақтарында жүргізіледі; және 

келесідей реттілікпен орындалады : бөлек фактілерді қабылдау, түсіну және жалпыландырудан, 

оқушыларда тақырып бойынша түсінік, идеялар қалыптастыруға дейін. Бұл сабақты жарыс, 

КВН, конференция, саяхат т.б. түрінде жүргізуге болады. 

  Бұл модульдің негізгі мақсаты- оқушылардың  білім алуындағы үзілістерді жою. Тараудың бір 

тақырыбын игеру кезінде ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша оқушылардың білім беру 

деңгейін, білім үрдісінің тиімділігін тексеріп, сабақты түсінуі мен игеруіндегі кемшіліктері оңай 

байқалады. Оқушылардың тақырыптан қалып қоюы мен үлгерімінің нашар болуының алдын алу 

үшін кеңес беру, қосымша сабақ жүргізу, қателерін тузету т.б. жүргізіледі. 

  Бақылау модулі. Бақылау модулімен жұмыс жасау үшін оқушылардың білімі мен біліктілігін 

келесі параметрлер бойынша тексереміз: 

1)  ағымдағы бақылау; 

2)  үй тапсырмаларын орындауын бақылау; 

3)  тақырып бойынша және қорытынды бақылау; 

  Ағымдағы бақылауды оқушылардың күнделікті тапсырмаларын теориялық және практикалық 

бақылау, мұны өз бетімен орындалатын жұмыстарды тексеру, конспектілерін тексеру арқылы 



жүргіземіз. Үй тапсырмаларын релелік жұмыстар орындау кезінде жүргіземіз- оқушылар үй 

тапсырмасын орындау үшін алдын ала жеке тапсырмалар алады.  Білімін қорытынды тексеруді 

тест, тақырыптық жұмыстар және сынақтар арқылы  жүргіземіз. Сынақ жұмысы- бұл оқушы мен 

мұғалімнің берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы. Егер оқушы игерілген тақырып 

бойынша барлық теорияға жауап берсе, ол сынақтың теориялық бөлімінен босатылады. 

  Мысалы алгебра және анализ бастамалары пәнінен 10-11 сыныптарға арналған курсын 5 блокқа 

бөлуге болады: 

  №1 блок: «Сандар мен дәрежелік түрлендірулер»; 

  №2 блок: «Функциялар мен олардың қасиеттері»; 

  №3 блок: «Теңдеулер мен теңсіздіктер»; 

  №4 блок: «Туынды»; 

  №5 блок: «Интеграл». 

  Математика сабағында жүктеменің артуы оқушыларда игерілетін материалға қызығушылығын 

сақтап қалу мәселесін тудырады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығы оны оқыту 

әдістемесіне, оқыту жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады. Математиканы блоктық- 

модульдік технологиямен оқыту арқылы үнемделген уақытты стандартты емес сабақтар 

жүргізуге жұмсауға болады. 

  Мұндай әрбір ойын- сабақ оқушыларға тез қонысды болады. Ойын барысында балалар өз 

бетімен ойлап, көзқарасын дамытып, білімге құштарлығы оянады. Тіпті ең сылбыр балалардың 

өзі ойындағы жодастарына көмектесу үшін бар күштерін салады. Төменгі сыныптарға ойын 

сабақтарын өткізу үшін жоғарғы сынып оқушыларын шақыру ыңғайлы. Олар сабақтың әр 

сатысында оқушыларды бағалап отыруға көмектеседі, оларды тарихи материалдармен 

таныстырады. Осындай сабақтардан соң біртіндеп шамалы оқушылар белсенді жұмыс жасай 

бастайды: өздері баяндама даярлайды, шығарма жазады т.б. 

  Проблемалы тәсілді ажыратып, оқушының оқу үрдісіне шығармашылық қатынасын дамытып 

модульдік  білім беру технологиясын пайдалану, теория мен практиканы кешенді пайдалану 

оқушыларда терең білім қалыптастырып, әр оқушының  жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай 

жасайды. Бұл технология бойынша оқушыда пайда болатын бос уақыт оған шығармашылық 

ізденістер жүргізуде пайдалынылады. 

  «Логарифмдік теңдеулер» тақырыбы бойынша математикалық жарыс. 

  Сабақтың эпиграфы: «Есептеу практикасы тұрғысынан, логарифмдерді ойлап табудың 

маңыздылығын индустардың ұлы жаңалығы- нөмірлеудің ондық жүйесін ойлап табумен тең деп 

айтуға болады»(Я.В.Успенский). 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал