Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет8/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54

Әдебиет

 

1.

 

Жмудь Л.Я. Пифагор и его школа. «Наука»,— Москва: 1990.  

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 24-26 беттер. 

3.

 

Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Пифагор. «Аударма», 

 —Астана: 2007. 12-13 67-69 беттер 

4.

 

Жмудь  Л.Я.  Наука,  философия  и  религия  в  раннем  пифагореизме.  — 

СПб: 1994. — 376 с.  

69 

 

КСЕНОФАН 

(шамамен б.д.д.576 – 487ж.ж.) 

 

             —  грек  арасынан  шыққан  атақты 



философ,  Элеат  мектебінің  негізін  қалаушы 

және оның көрнекті өкілі.  

         Оның пікірінше, барлық заттардың негізі 

– Жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке 

кетеді.  Тіршіліктің  шығуына  Жермен  қоса 

Судың  да  маңызы  зор.  Жанның  өзі  де  Жер 

мен Судан жаралған. Ал Судан бұлттар пайда 

болады  да,  бұлттардан  аспан  денелері 

жаралады.  

             Егер 

Милет  мектебінің  өкілдері 

космостың  генетикалық  бастамасын  әрі 

түпнегізін  физикалық  қасиеттері  бар  Ауа,  Су,  От  апейрон  десе,  Ксенофан 

олардан  әрірек  кетіп,  Жер  Космостың  түпнегізі  ретінде  біртұтастық  деп 

тұжырымдайды.  Ол  түпнегіздің  шекті  не  шексіз  екендігін,  материалды 

немесе  идеалды  екендігін  айқындамайды.  Біртұтастық  ретінде  ол  Құдаймен 

пара-пар. Құдай – барлық нәрселер, бірақ бұл барлық нәрселер көптүрлілікті 

көрсетпейді, ең жоғары біртұтастықты көрсетеді. Оның түпнегізі  – ақыл-ой. 

Құдай  адамдарды  жаратпайды,  керісінше,  адамдар  өз  бейнесіне  қарап, 

Құдайды  жаратады.  Егер  жылқылар  адамдар  сияқты  сурет  сала  білсе  және 

өнердің түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды өздері сияқты 

жылқы  ретінде  суреттер  еді.  Ксенофанның  құдайы  –  таза  ақыл-ой,  ол 

материалды емес. Оның барлық күші – данышпандылығында. Ол гректердің 

бұрынғы құдайларындай бір орыннан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп 

жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды. Ол әлемді 

тек ақыл-оймен ғана басқарады, ешқандай да дене күшін жұмсамайды. 



Философиялық көзқарастары: 

                 «Бірақ,  –  дейді  Ксенофан,  -  Құдайдың,  жалпыға  ортақ  табиғаттың 

нақты  шындық  екенін  ешуақытта  ешкім  көрген  де  емес,  білген  де  емес.  Ал 

егер осы  ақиқатты танып-білу  жолында  кімде-кім дұрыс бағыт  алған болса, 

ол  бәрібір  ондай  ақиқатты  білмес  еді.  Себебі  Құдайдың  –  жалпыға  ортақ 

табиғаттың өмір сүруі дегеніміз – олардың бар сияқты болып көрінуі ғана».  

                 Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі 

де  кейде  бізді  алдайды.  Ал  ақиқат  ақыл-ойдың  қорытындысы  емес, 

кездейсоқтықтың  жемісі.  Осыдан  келіп,  Ксенофан  дүниені  танып-білу 

мүмкіндігін  емес,  танып-білу  мүмкіндігі  туралы  білімнің  болуын  жоққа 

шығарды. 

                                                  Әдебиет: 

 

1.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 26-27 беттер. 

 


70 

 

ПАРМЕНИД 



 

(шамамен б.д.д.540 немесе  

б.д.д.520 – шамамен б. д.д.450 ж.ж.) 

 

         —  көнегрек  философы  және  саяси 



қайраткері.  

          Аңыз  бойынша,  оның  философиямен 

айналысуына  Аминий  деген  пифагоршыл 

себепші  болады.  Парменидтің  саясатқа  да 

араласып,  өз  қаласының  қоғамдық  тірлігін 

реттеу үшін заң шығарғаны да мәлім. Болмыс 

және  таным  мәселелерімен  айналысты, 

сондықтан оны «онтологияның атасы» деп те 

атайды. Ақиқат пен субьективтік пікірді бөліп 

көрсетті. Элей мектебінің негізін қалаушы.  



Философиялық шығармалары: 

«Ахиллес»  болатын,  бірақ  ол  бізге  дейін  жетпеген.  Өзінің  философиялық 

көзқарастарын «Табиғат туралы» поэмасында білдірді.  

       Парменидты  фюсис  философиясының  шеңберінде  табанды  өзгеріс 

жасаған, оны жаңашыл философ деп атауға болады. 

                 Парменидтің  қарастырған  мәселелері  болмыс  пен  бейболмыстың 

арақатынастары,  болмыстың  ақыл-ойға  қатынасы.  Бұл  екі  мәселенің  екеуін 

де  тек  ақыл-ой  арқылы  шешуге  болады.  Ақиқатқа  тез  жету  үшін  ақыл-ой 

көптеген  тор  мен  тосқауылдарға  тап  болуы  мүмкін.  Бірінші  күтіп  тұрған 

тосқауыл – бейболмыстың бар екенін мойындау, ал мойындағаннан кейін, ол 

қажетті  түрде  бар  болып  шығады.  Екіншісі  –  бір  мезгілде  болмыс  пен 

бейболмысты  бір-бірімен  тепе-тең  және  тең  емес  деп  жорамалдау.  Бұл  екі 

тосқауылдың екеуі де бізді ақиқатқа жеткізбейді. Себебі бір баста  бірін бірі 

жоққа  шығаратын  екі  тезис  болуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  не  болмыс  пен 

бейфболмысты тепе-тең деп немесе олар тең емес деп жорамалдау керек. Ал 

бейболмыстың  өзін  бар  деп  санау  да  қайшылыққа  әкеп  соқтырады,  себебі 

бейболмыс  дегеніміздің  өзі  –  болмыс.  Бұл  жерде  Парменид  кейінірек 

Аристотель ашқан ойлау қабілетінің ең басты заңы - қарама-қайшылық заңын 

ашуға жақын қалды. 

Философиялық көзқарастары: 

                 Парменидтің  пікірінше,  болмыс  пен  бейболмыс  тең  емес,  басқаша 

айтқанда,  болмыс  нақты  өмір  сүреді  де,  бейболмыс  деген  жоқ  нәрсе.  Осы 

пікірін Парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт, Парменидке 

дейін  философтар  өз  тезистерін  дәлелдеуден  гөрі  метафорамен  немесе 

ұқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, 

ал  Парменид  бірінші  болып  өз  тезисінің  дұрыстығын  дәлелдеуге  көбірек 

көңіл бөлді. 

                 Парменидтің  ойынша,  бейболмыстың  болуы  мүмкін  емес,  себебі 

оны  танып-білуге  және  оны  сөзбен  жеткізуге  болмайды.  Басқаша  айтқанда, 



71 

 

нақты  өмір  сүрмейтін  нәрсені  (бейболмысты)  түсінуге  де,  ойлауға  да 



болмайды. Енді бұл дәлелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид 

болмыс пен ойлаудың арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс 

пен  ойлау  процесс  ретінде  де,  олардың  жемісі  ретінде  де  тепе-тең.  Бұл 

тезисті, заттар мен ойлаудың өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін 

мойындай  отырып,  ой  затталынған  (яғни  материалданған  ойдың  бір  затты 

ойлауға  бағытталуы)  кезде  ғана  ой  болады  деп  түсінуге,  ал  зат  тек 

ойланылған  кезде  ғана  зат  болады  деп  түсінуге  болатын  сияқты.  Осыдан 

келіп, Парменидше: егер бейболмыс нақты бар деген ой бар болатын болса, 

онда  осы  ойда  ойланылатын  бейболмыстың  бар  болғандығы,  бірақ  ол 

бейболмыс  күйінде  емес,  болмыс  күйінде  өмір  сүргендіктен,  осыған  дейін 

бейболмыс  туралы  ойлаған  ойымыздың  бәрі  болмыс  туралы  ой  болып 

шығады. 


              Бейболмыс 

болғандықтан, 

болмыс 

жалқы, 


біртұтас 

және 


қозғалмайды.  Болмыстың  өткен  кезеңі  де,  болашағы  да  жоқ,  ол  өзгермейді. 

Сөйтіп,  Парменид  болмысты  қалыптасудан,  жалқыны  көптүрліліктен  бөліп 

алып,  нағыз  ақиқат  дегеніміз  осы  дейді.  Әлемнің  физикалық  қасиеттеріне 

тоқтала  келіп,  ол  От  (жарық)  пен  Жердің  (тұңғиық,  қараңғы)  арақатынасын 

қарастырады.  Афродита  космостың  орталығында  тұрады  да,  әлемді  сол 

жерден басқарады. Мысалы, ол жандардың қозғалысын реттеп, бірде оларды 

көрінетін  әлемнен  көрінбейтін  әлемге  жіберсе,  енді  керісінше  жібереді.  Бұл 

жерде  көрінетін  және  көрінбейтін  әлемді  болмыс  және  бейболмыспен 

салыстыруға болмайды, себебі бұл екеуі де әлемнің бөлшектері ғана. Эросты 

алсақ,  ол  қарама-қарсылықтарды  біріктіріп,  бір-бірімен  байланыстырады 

(мысалы, жарық пен қараңғы түнекті, жер мен отты, еркек пен әйелді, т.б.). 

                                 



Әдебиет: 

 

1.

 

Антикалық философия.  2-томдық. —Алматы: 2005. 566–бет. 

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 27-28 беттер. 

3.

 

Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб: 2007. 

4.

 

Доброхотов А.Л. Категория бытия у досократиков. — Москва: 1980. 

5.

 

Робинсон  Т.  Парменид  на  пути  истинного  знания  бытия  //Универсум 

платоновской  мысли.  Рационализм  или  философская  религия? 

Эпистемология Платона. — СПб: 1997. — С. 49—62. 

 

 



 

 

72 

 

ЗЕНОН ЭЛЕЙСКИЙ 

 

(шамамен б.д.д. 490 – б.д.д.430 ж.ж.) 



 

          — 

 

көнегрек 



философы, 

Парменидтің  шәкірті.  Элейде  туып-

өскен.  Философия  ғылымында  өзінің 

апорияларымен танымал.  



Философиялық шығармалары: 

«Философтарға 

қарсы», 

«Табиғат 

туралы»,  т.б.  Бұл  еңбектері  толық 

сақталмаған, бізге тек фрагмент түрінде 

ғана жеткен. 

              Зенон 

Парменидтің  болмыс 

туралы  пікірін  дәлелдеуге  тырысады. 

Егер  Парменид  өз  дәлелін  болмыстан 

аяқтаса,  Зенон  керісінше,  өз  дәлелін 

көзге  көрінетін,  ақиқатқа  жатпайтын 

әлемнен 


бастап, 

болмыс 


әлемін 

қарастырумен 

аяқтайды. 

Оның 


пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа 

жатпайды, нағыз біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс. 



Философиялық көзқарастары: 

              Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы 

тәсілі «эпихейрема» арқылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мәні – «тікелей 

дәлелдеу  тәсілінің  орнына,  кері  бұрмалап  дәлелдеудің  негізінде 

қарсыластарының  пікірін  абсурдтық  жағдайға  әкелу  арқылы,  оған  өзінің 

бұрынғы  айтқан  пікіріне  шексіз  көп  заттар  өмір  сүретін  болса,  онда  олар 

шындығында  қанша  болса,  тура  сонша  болулары  керек  (аз  да  емес,  көп  те 

емес). Ал енді олар қанша болса, сонша заттар болса, онда шексіз көп заттар 

өмір сүрсе, онда болмыс та сан жағынан шексіз». 

             Екінші эпихейремда былай делінеді: «Егер болмыс шексіз көп болса, 

онда ол үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек. Үлкен болғанда, соншалықты 

шексіз  үлкен,  ал кіші болғанда,  соншалықты  мөлшерсіз  кіші болуы  мүмкін. 

Ал егер шексіз көп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшерлері жоқ 

болғандығы.  Себебі  ол  заттар  шексіз  кіші.  Ал  егер  олар  бөлінбейтін  болса, 

онда олар таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен болады. 

            Дүниеде  бар  нәрсенің  мөлшері  болады,  ал  мөлшерлі  нәрсенің  денесі 

болады.  Егер  бөлшектері  жоқ  нәрселер  өте  мәнсіз  құбылыс  болса,  онда  сол 

бөлшектенбейтін  және  өте  мәнсіз  құбылыс  –  Парменид  айтқан  біртұтас, 

жалқы болмыс», - деп дәлелдейді Зенон. 

             Болмыстың 

қозғалмайтындығын 

Зенон 


өзінің 

«Дихотомия» 

(ортасынан  қақ  бөлу),  «Ахиллес  және  тасбақа»,  «Жебе»,  «Стадион»  деген 

апорияларына (шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп дәлелдемек болады. 



73 

 

             «Дихотомия»  деген  апориясының  мазмұны  мынадай:  қозғалыс 



бастала  алмайды,  себебі  қозғалыстағы  зат  жолының  аяғына  жеткенге  дейін 

сол  жолдың  жартысын  өтуі  керек,  бірақ  сөйтіп  шексіз  кете  береді.  Басқаша 

айтқанда,  бір  нүктеден  екінші  нүктеге  жету  үшін  саны  шексіз  нүктелерден 

өтуі  керек,  ол  мүмкін  емес.  Бұл  апорияның  мағынасы  мынада:  шексіз 

кішкентай кескінділер нольге ұмтылады, бірақ өшпейді, оған жете алмайды. 

              Екінші апорияда желаяқ Ахиллес жайбасар тасбақаға жете алмайды, 

себебі Ахиллес тасбақа қозғалыс бастаған нүктесіне жеткенде, тасбақа өзінің 

жылдамдығы  Ахиллестің  жылдамдығынан  қаншама  аз  болса  да,  өз 

жылдамдығына  сәйкес  жол  жүріп,  алғашқы  нүктеден  алыстайды,  сөйтіп, 

шексіз кете береді. Мағынасы мынадай: шексіз азая беретін интервал нольге 

ұмтылады, бірақ оған жете алмайды. 

            Үшінші  апория  бойынша,  ұшып  келе  жатқан  жебе  тыныштықта 

болады, себебі қозғалыстағы дене әр уақытта да өзіне пара-пар орын алады, 

басқаша айтқанда, сол орында әр моментте тыныштықта болады, сондықтан 

ол  тіпті  қозғалмайды.  Себебі  қозғалыс  тыныштықтың  қосындыларынан 

тұруы мүмкін емес. Төртінші апория да осыған ұқсас. 

            Бұл  апориядан  шығатын  қорытынды:  Зенон  элеаттардың  ойлау  мен 

болмыстың  тепе-теңдігі  туралы  тезистеріне  сүйене  отырып,  түйсіне  алатын 

әлемдегі  заттардың қозғалысын емес,  тек  қана  ойлау  әлеміндегі  қозғалысты 

жоққа  шығарады.  Басқаша  айтқанда,  Зенон  қозғалыстың  бар  екеніне  күмән 

келтірмейді,  бірақ  сол  қозғалысты  ақыл-ой  арқылы  бейнелеу  қайшылықты 

сипатта болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мәліметтердің 

ақиқаттығына күмәнданады. Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, 

қозғалыс  пен  тыныштық  сияқты  мәселелері  ғасырлар  бойы  талай 

ғұламаларды  ойландырып,  олардың  философиялық  ізденістеріне  ой  түрткі 

болды. 


Философиялық афоризмдері: 

 



Екі құлақ пен бір тіл көп тыңдап, аз сөйлеу үшін берілген. 

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Аристотель. Физика. Книга 6. В сборнике: Философы Греции. Основы 

основ: логика, физика, этика. «ЭКСМО-Пресс»; —Харьков: 1999.-1056. 

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 28-30 беттер. 

3.

 

Платон. Парменид. В сборнике: Платон, Сочинения в трёх томах,  

—Москва: 1968 

4.

 

Фрагменты  ранних  греческих  философов.  Часть  I.  От  эпических 

теокосмогоний до возникновения атомистики. //Изд.подг. А.В.Лебедев. 

«Наука», —Москва: 1989. — 576 с. 

5.

 

Комарова  В.Я.  Учение  Зенона  Элейского:  попытка  реконструкции 

системы аргументов. –ЛГУ, —Л: 1988. 264 с. 

6.

 

Антикалық философия.  2-томдық. —Алматы: 2005. 566–бет. 

 

74 

 

             Антик  философиясы  тарихындағы  ерекше  орынды  софистер  



(Протогор,  Горгий  және  т.б.)  алады.  Әдетте,  оларды  теориялық  тұрғыда 

тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені 

ойлаушылар деп  және  тағы да басқа  күнәлармен  айыптайды.  Шындығында, 

софистика б.д.д. V- ғасырдың екінші жартысында Грекия өміріне обьективті 

әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  дамудың  алғышарттарымен  келген 

феномен  болып  табылады.  Софистер  өз  заманының  талабын  дұрыс  ұғып, 

оған форма мен дауыс берді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен 

қанағаттанбаған  жастардың  арасында  үлкен  табыс  пен  қолдауға  ие  болды. 

Оларды  Сократпен  қоса  «грек  ағартушылары»  деп  те  атайды.  Софистер 

дәстүрдің  орнына  рух  еркіндігін  жариялап,  бұрынғы  әлеуметтік  кестені 

бұзып,  оның  орнына  тәрбие  мәселесін  алдыңғы  қатарға  қойды.  Бұл 

мәдениетті  бұрынғыдай  тек  таңдаулылардың  арасында  ғана  емес,  қоғамның 

барлық  қабатына  кеңінен  енгізуге  жағдай  жасады.  Полистің  тар  шеңберін 

кеңейтіп,  панэллинистік  бастаудың  негізін  қалады.  «Адам  –  бар  нәрсенің 

өлшемі»  деген  Протогор  аксиомасындағы  релятивизм  мен  прагматизм 

Горгий  нигилизіміне  ұласқанымен  қатар,  сөз  өзінің  шынайылығынан  гөрі 

нандыру  мен  сендірудің  құралы  дегенге  саятын  теориялық  жаңалыққа  да 

әкеледі.  Сондықтан  б.д.д.V-ғасырдағы  Грекияда  риторика  немесе  сендіру 

өнері  «мемлекет  қайраткерлерінің  қолындағы  нағыз  штурвалға»  (В.Йегер) 

айналды. 

           Софистер 

философиялық  рефлексияны  физис  және  космос 

мәселелерінен  адам  тақырыбына,  оның  қоғам  мүшесі  ретіндегі  өміріне 

бұрғаны  дүниетанымдағы  төңкеріс  болып  табылады.  Софистиканың 

қарастыратын  басым  тақырыптары  этика,  саясат,  риторика,  өнер,  тіл,  дін, 

тәрбие  немесе  басқаша  айтқанда  барлық  мәдениетке  қатысты  мәселелер 

болды.  Сондықтан  да  софистер  антик  философиясындағы  гуманистік 

кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


75 

 

ПРОТАГОР

 

 

(б.д.д.шамамен V– ғасырдың 

80-ші жылдары) 

 

     —  гректердің  арасынан  шыққан  ұлы 



ойшыл, 

ғылымда 


софизмнің 

қалыптасуына 

атсалысқан 

философтардың бірі ретінде танымал. 



Философиялық шығармалары: 

 «Ғылымдар 

туралы», 

«Мемлекет 

туралы»,  «Құдайлар  туралы»,  т.б. 

Протагор  шығармалары  бізге  толық 

жетпеген.  

Философиялық көзқарастары: 

         Протагор  білімнің  салыстырмалы 

екендігі  туралы  ілімін  материяның 

абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы 

сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдемек 

болады.  Егер  табиғаттың  өзі  абсолютті 

өзгерісте  болатын  болса,  онда  оны  танып-білуге  бағытталған  субьектінің 

білімі де өзгермейді, тұрақсыз. Олай болса, өзгермелі, қарама-қарсы екі пікір 

айтуға  болады  және  сол  пікірлердің  екеуі  де  дұрыс  болуы  ғажап  емес. 

Мұндай жағдайда адам әбден шатасуы мүмкін, сондықтан ол осы екі қарама-

қарсы  пікірдің  біреуін  қабылдап,  екіншісін  теріс  пікір  ретінде  жоққа 

шығаруы керек. Осыдан келіп, Протагор «Адам – барлық заттардың өлшемі» 

деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағида бойынша, 

маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып, ал саған қалай 

көрінсе, сен үшін солай болып қалады. 

           Білімнің  салыстырмалы  екендігін  Протагор  өздігінен  ештеңе  өмір 

сүрмейді  және  пайда  болмайды,  олар  басқаларға  қатынасы  арқылы 

айқындалады  деген  пікір  төңірегінде  дәлелдемек  болады.  Сондықтан:  «Жел 

салқын  ба?  Немесе  жел  дегеннің  өзі  бар  ма  деген  сұрақтардың  өзі  дұрыс 

емес.  Себебі  біреулер  үшін  жел  болуы  мүмкін,  ал  басқа  біреулер  үшін  ол 

болмауы  мүмкін,  біреулерді  ол  теңселтіп-құлатуы  мүмкін,  ал  енді  біреулер 

оны  елемеулері  мүмкін.  Олай  болса,  түйсіну  субьективті  құбылыс,  бұдан 

шығатын қорытынды: әркімнің өз түйсінуіне байланысты айтқан пікірлері  –

өздерінше  ақиқат,  тек  соны  дәлелдей  білу  керек.  Демек,  ешкімде  де  теріс 

пікір  жоқ,  бірақ  сол  көп  пікірлердің  ішінде  біреуі  ақиқат  болуы  немесе 

дұрысырақ  болуы  ғажап  емес.  Данышпандардың  пікірлері  басқа 

адамдардікінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ. 

          Пікір  таңдауда  адамдар  пайдалылық  мөлшеріне  сүйенуі  керек.  Ол 

жамандық  пен  жақсылықтың  салыстырмалы  болатындығын,  ал  обьективті 

нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің 

жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек». 


76 

 

          «Рақымшылдық  (адамгершілік,  ізгілік)  дегеніміз  не,  оған  адамдарды 



үйретуге  бола  ма?»  деген  сұраққа  Протагор  былай  деп  жауап  береді: 

«Ізгілікке,  рақымшылыққа  талпыну  қабілеті  барлық  адамдарда  бар,  бірақ 

ізгіліктің,  рақымшылықтың  өзі  туа  біткеннен  болмайды,  сондықтан  оған 

адамдарды  оқыту,  үйрету  керек.  Егер  адамдар  өздері  соған  талпынса,  онда 

ізгілікті,  рақымды  адам  болып  шығады.  Осыған  байланысты  мемлекет 

қоғамда ізгілік, рақымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда 

ғана қылмыскерлерді жазалауға болады, себебі жазалаудың өзі жамандықты 

болдырмау үшін қолданылатын шара ғой», - дейді Протагор. 

         Сократ  та,  Платон  да,  Аристотель  де  софистік  ілімді,  оның  ішінде 

Протагордің  ілімін  сынға  алып,  софизм  деген  шын  данышпандық  емес, 

алдамшы данышпандық, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген 

адамдар деп көрсетеді.  



                                                  Әдебиет: 

 

1.

 

Асмус В.Ф. Античная философия. ВШ,— Москва: 1998. — С. 10—13. 

2.

 

Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб: 2010. 

3.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 30-31 беттер. 

4.

 

Антикалық философия.  2-томдық. —Алматы: 2005. 566 –бет. 

5.

 

Бейсенов Қ. Философия тарихы. — Алматы: 1992. 

6.

 

Ғабитов Т. Философия. «Раритет», — Алматы: 2004. 

7.

 

Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009 

8.

 

Лосев А.Ф.  Философия. Мифология. Культура. —Москва: 1991. 

9.

 

Мир философии Ч.1. —Москва: 1991. 

10.

 

Спиркин А.Г. Философия. — Москва: 2004. 

11.

 

Фрагменты  ранних  греческих  философов,  т.1.  «Наука»,—Москва: 

1989. — С. 129—135. 

 

 

 

 



 



жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет