Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет7/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54

Әдебиет

 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов/  Пер.  М.Л.Гаспарова;  Ред.тома  и  авт.  вступ.  ст. 

А.Ф.Лосев; АН СССР, Ин-т философии. — 2-е изд., испр. «Мысль», 

  — Москва: 1986. стр. 75-77. 

2.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Анахарсис.  «Аударма»,  —

Астана: 2007. 16-18 беттер 

 


58 

 

АНАКСИМАНДР МИЛЕТСКИЙ 

 

(б.д.д.610 – 547/540ж.ж.) 



 

         —  көнегрек  философы,  Милеттегі 

натурфилософия 

мектебінің 

өкілі, 

Фалестің шәкірті. Проза түрінде жазылған 



алғашқы  грек  ғылыми  шығармаларының 

авторы. 


Философиялық шығармалары: 

«Табиғат  туралы»,  б.д.д.547ж.,  «Жер 

картасы», «Глобус» және т.б.  

             «Заң» 

терминін 

алғаш 


рет 

қолданған  ойшыл,  табиғат  және  қоршаған 

ортаға  деген  қоғамдық  тәжірибие  ұғымын 

ұсынды. Алғашқы бастама, дүниенің негізі 

–  топырақ  («апейрон»)  мәңгі  өлшеусіз,  шексіз  субстанция,  барлығы  одан 

пайда болады, оған айналады. 



Философиялық көзқарастары: 

              Оның  пікірінше  дүние  негізі  су,  немесе  басқа  бір  зат  емес,  белгісіз, 

байыпталмайтын бастама – апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. 

Мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері 

көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі қазіргі материяны 

философиялық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді.  

             Анаксимандр  Фалестің  шәкірті  ретінде  ілімін  одан  әрі  қарай 

жалғастырды.  Симпликийдің  айтуынша,  Анаксимандрдың  апейроны 

генетикалық  бастама  ретінде  де,  түпнегіз  ретінде  де  таусылмайтын  шексіз 

және төрт дүлей күштің (Жер, Су, Ауа және От) бір-бірімен араласып, ауысу 

процесінің  негізі.  Бірақ  апейрон  кеңістікте  шексіз  емес,  сол  төрт  дүлей 

күштің  негізі  ретінде  шексіз,  көмескі  және  мәңгі.  Ол  ешуақытта 

қартаймайды,  өлмейді  және  жойылмайды.  Ол  мәңгі  белсенділіктежәне 

қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы 

құбылыстар  –  ылғал  мен  құрғақтық,  салқындық  пен  жылылық  шығарады. 

Олар екі-екіден қосылып, Жер (құрғақтық пен салқындық), Су (ылғалдық пен 

салқындық),  Ауа  (ылғалдық  пен  жылылық),  От  (құрғақтық  пен  жылылық) 

түзейді.  Осы  төртеуі  арақатынасқа  түсіп,  олардың  ортасында  ең  ауыр  Жер 

орналасады  да,  қалғандары  оны  Сумен,  Ауамен,  Жарықпен  (От)  қоршайды. 

Аспан  Отының  әсерімен  судың  біраз  бөлігі  буланады  да,  мұхиттардан  Жер 

көріне  бастайды,  сөйтіп,  құрлықтар  пайда  болады.  Демек,  апейрон 

Космостың  генетикалық  бастамасы  ретінде  ондағы  денелерді  дүниеге 

әкеледі.  Аспан  әлемі  соғыс  арбасы  дөңгелегінің  шеңбері  сияқты  үш 

сақинадан  (шығыршық)  тұрады.  Бұл  сақиналар  көзге  көрінбейді.  Төменгі 

сақинаның  көптеген  тесіктері  бар,  сол  тесіктер  арқылы  Аспандағы  Оттар 

көрініп  тұрады.  Ортадағы  сақинада  бір  ғана  тесік  бар,  ол  –  Ай.  Жоғары 

сақинада да бір тесік бар, ол – Күн. Тесіктер толық немесе аздап бітелулері 


59 

 

мүмкін,  онда  Күн  мен  Ай  тұтылады.  Сақиналар  Жерді  айналып  жүреді, 



олармен  қоса  тесіктер  де  қозғалыста  болады.  Анаксимандр  осылай 

жұлдыздардың, Күннің, Айдың қозғалыстарын түсіндіреді. 

                Анаксимандр  ілімінше,  тіршілік  теңіз  бен  құрлықтың  шекарасы 

Айда, аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде 

өмір  сүреді,  кейін  олардың  кейбіреулері  өздерінің  қабыршықтарын  тастап, 

құрлыққа  шығып,  тіршілік  етті,  сөйтіп,  жануарлар  пайда  болды.  Ал  адам 

теңіз  жануарларының  бір  түрінің  ішінде  өсіп,  өрбіп,  ер  жеткеннен  кейін 

құрлыққа шығып өмір сүреді. 

              Анаксимандр  ілімінің  аңғалдығына  қарамастан,  онда  табиғаттың 

даму  заңдылықтарын  табиғаттың  өз  логикасымен  түсіндіру  табиғаттану 

диалектикасының алғашқы қадамдары болды. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Бөлшек өзгереді. Бүтін өзгеріссіз қалады. 

 



Несі бар, балалар үшін әнді жақсы айтып үйренуге тура келеді. 

 

                                                                Әдебиет: 



 

1.

 

Лебедев  А.В.  Геометрический  стиль  и  космология  Анаксимандра  // 

Культура  и  искусство  античного  мира.  Материалы  научной 

конференции, 1979. — Москва: 1980. — С. 104—113. 

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», — Алматы: 2006. 20-21 беттер. 

3.

 

Асмус В. Ф. Античная философия. ВШ,— Москва: 1998, с. 11. 

4.

 

Житомирский  С.В.  Античная  астрономия  и  орфизм.  «Янус-К»,  — 

Москва: 2001. 

5.

 

Идлис Г.М. Революции в астрономии, физике и космологии. «Наука»,— 

Москва: 1985. 

6.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Анаксимандр.  «Аударма»,  —

Астана: 2007. 15-16  беттер 

7.

 

Лосев  А.  Ф.  История  античной  эстетики,  Ранняя  классика, 

«Ладомир», —Москва: 1994. — с. 312—317. 

8.

 

Чайковский  Ю.В.  Доплатонова  астрономия  и  Коперник//  Историко-

астрономические  исследования,  вып.  XXX.  «Наука»,  —  Москва:  2005. 

— с. 159—200. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

60 

 

АНАКСИМЕН 



 

(б.д.д. 585/560 –  525/502 ж.ж.) 

         

          — 

көнегрек 

философы, 

Милеттегі натурфилософия мектебінің 

өкілі,  сақ-скиф  арасынан  шыққан, 

Гнур  патшаның  баласы,  Савлия  және 

Кадуит  патшаларының  ағасы  болып 

келеді. 

Анахарсистің 

шәкірті. 

Анаксимандр 

ілімін 

ары 


қарай 

жалғастырушы.  Алғашқы  бастама  – 

ауа деп білген.  

Философиялық көзқарастары: 

            Ауа – шексіз (апейрон). Сөйтіп, 

оның  апейроны  түпнегізден  Ауаның 

қасиетіне 

айналды. 

Ауа 


үнемі 

қозғалыста  болады  да,  бірде  қоюланып,  бірде  сұйылып,  алуан  түрлі  заттар 

мен  құбылыстарды  түзеді.  Ауа  сұйылғанда  алдымен  Отқа,  содан  кейін 

эфирге  айналса,  қоюланғанда  –  желге,  бұлтқа,  Суға,  Жерге  және  тасқа 

айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға 

байланысты. 

         Оның  ілімінше,  Жер  және  басқа  аспан  денелері  Ауада  қалқып  жүреді. 

Жер  қозғалмайды,  ал  басқа  денелер  Ауаның  әсерінен  ылғи  да  қозғалыста 

болады.  Күн  де  –  Жер,  бірақ  өзінің  жылдам  қозғалуының  себебінен  ыстық 

шоққа айналған. 

          Ауа  тек  қана  денелердің  бастамасы  емес,  сонымен  бірге  жанның  да 

бастамасы.  Ал  жан  болса,  ол  –  бізді  біріктіретін  бастама.  Анаксимен 

құдайларды  да  Ауадан  пайда  болды  деген  пікір  айтады.  Басқаша  айтқанда, 

құдайлар  Ауаны  жаратқан  жоқ,  керісінше,  Ауа  құдайларды  жаратты.  Олай 

болса, құдайлар материалдық түпнегіздің модификациясы ғана.  

         Қорыта  айтқанда,  Милет  мектебінің  өкілдері  Фалес,  Анаксимандр, 

Анаксимен  барлық  заттардың,  денелердің  генетикалық  бастамасын, 

түпнегізін  құдайлардың  құдіретінен  іздемейді,  олардың  өзіндік  ішкі 

мазмұнынан  іздейді.  Генетикалық  бастаманың,  түпнегіздің  табиғаты,  бір 

жағынан,  зат  тәріздес  болса,  екінші  жағынан,  ақыл-ойдан  да  қашық  емес, 

сондықтан ол құдайлармен пара-пар құбылыс.  

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Асмус В. Ф. Античная философия. «ВШ»,— Москва: 1998. 11—12.     

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 22-бет. 

3.

 

Фрагменты  ранних  греческих  философов,  т.  1.  «Наука»,—Москва: 

1989. 129—135. 

61 

 

ГЕРАКЛИТ ЭФЕССКИЙ 



 

(б.д.д.544 – 483 ж.ж.) 

 

           —  көнегрек  сократқа  дейінгі 



кезеңдегі  философ,  Милет  мектебінде 

қалыптасқан  философиялық  дәстүрді 

ілгері  дамытушы,  Эфес  қаласынан 

шыққан  саяси  қайраткер,  ғұлама 

ойшыл. 

           Оны  ілімдегі  терең  ойлары  үшін 



«Тұңғиық»  (немесе  «Күңгірт»)  деп 

атаған.  Алғаш  рет  диалектиканың 

тарихи  немесе  алғашқы  бастамалық 

формасының  негізін  қалаушы.  Диоген 

Лаэрцийдың  айтуынша,  Гераклит  өзі 

әйгілі  патшалар  тұқымынан  болса  да 

(Эфес  қаласының  іргетасын  қалаған 

әйгілі  Андрокльдің  тікелей  ұрпағы),  отандастарына  заң  жазып  беруден  бас 

тартқан.  Мемлекеттік  істерден  барған  сайын  қол  үзе  берген  ол,  өзіне  тиіс 

тақты  інісіне  ұсынып,  бос  уақытында  балалармен  асық  ойнауды  ұнатқан. 

Ақыры, бүкіл адамзат атаулыдан безініп, биік тауларға шығып, тауда өсетін 

өсімдіктерді  қорек  етіп,  жалғыз  өмір  кешкен.  Міне,  осындай  қиын  өмірді 

таңдап,  Гераклит  алпыс  жасында  шемен  (жалпақ  тілмен  айтқанда,  сары  су) 

ауруынан қайтыс болады. 



Философиялық шығармалары: 

         «Табиғат туралы» деп келетін шығармасы бар (бұл еңбектің тек 130-дай 

фрагменттері  сақталып,  бізге  жетті).  Шығарма  «Барлығы  туралы», 

«Мемлекет туралы», «Құдайлар туралы» деп келетін үш бөлімнен тұрады.  

           Аңыз бойынша, Гераклит оны Эфес қаласының қорғаушысы Артемида 

ана-құдайының  храмына  сыйлаған.  Бұл  шығарма  кейін  көшіріп  алудың 

арқасында бүкіл Элладаға кеңінен тарайды. Афинада оны Еврипид Сократқа 

оқытқан  деген  дерек  бар.  Гераклиттің  көрегендігі  жұртты  таң  қалдырған. 

Оны алмастай өткір сөздері жұмбаққа және терең ойларға толы. 

Философиялық көзқарастары: 

              Гераклит  заттардың  түпнегіздік-генетикалық  бастамасын  От  деп 

есептеген. От мәңгі және Құдай тектес. Әлемді Құдай да, адам да жаратқан 

жоқ,  ол  өз  заңдылығымен  бірде  лапылдап  жанып,  бірде  сөніп  тұратын,  әр 

уақытта  болған,  бар  және  болатын  тірі  От.  Оттан  Ғарыштың  пайда  болуын 

Гераклит  Оттың  жетіспеушілігінен  болатын  төмен  қарай  жол  десе,  Оттың 

молдығынан Ғарыштың кері Отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтіп келуін 

жоғары  қарай  жоқ  деп  атаған.  Сөйтіп,  төмен-жоғары  қарай  мәңгі 

қозғалыстың  нәтижесінде  жалқыдан  барлық  заттар,  керісінше,  заттардан 

жалқы  жаратылады.  Әлемнің  өзгеру  тәртібі  мен  өлшемі,  оның  обьективті 

заңы – логосқа байланысты. Логостың өзі От сияқты. Бірақ сезім үшін – От 


62 

 

сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін, ол – Логос, обьективті заңдылық. Логос 



тек қана Ғарышқа ғана тән заңдылық емес, ол адам жанына да тән. Адамның 

жанына  тән  Логос  ылғалдың  булануынан  пайда  болады,  ал  керісінше,  жан 

өлгенде, ол суға айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге құрғақ 

та  болуы  мүмкін.  Сонымен,  жан  қарама-қарсы  екі  құбылысты    –  ылғалды 

және  құрғақ  жаннан  тұрады.  Ылғалдық  жаман  жандарға  тән.  Мысалы, 

ылғалды жан маскүнемдерге, ауруларға, күнделікті ләззат іздеген адамдарда 

кездеседі.  Ал  құрғақ  жан  данышпан,  ақылды  адамдарда  кездеседі.  Жанның 

құрғақтығы  –  оның  логосы.  Мұндай  логос  Ғарышты  билейтін  обьективтік 

логос  сияқты  шексіз,  терең  келеді.  Сондықтан  жанның  шегіне  жетемін  деп 

талпынсақ, жан логостың тереңдігі соншама – оған жете алмайсың. 

            Қарама-қарсы  құбылыстар  тек  жан  логикасына  ғана  тән  емес,  ол 

жалпы  ғарыштық  құбылыс.  Мысалы,  теңіз  суы  балықтар  үшін  таза  болса, 

адамдар  үшін  –  арам,  сондықтан  балықтар  ол  сумен  қоректеніп  өмір  сүрсе, 

адам  оны  ішсе,  ауруға  шалдығады.  Сол  сияқты,  ең  әдемі  деген  маймыл 

адаммен  салыстырғанда  ұсқынсыз  болып  келеді.  Гераклиттің  салқын 

жылынады,  ыстық  салқындайды  немесе  денсаулықтың  қадірін  ауырғанда 

білерсің  деген  пікірлері,  жоғарыда  көрсетілгендей,  заттардың  қарама-

қарсылықта және үздіксіз өзгерісте болып тұратындығын көрсетеді. Осыдан 

келіп,  ол  барлық  денелер  өзен  сияқты  ағып  жатады,  ал  бір  өзенге  екі  рет 

түсуге болмайды деген қорытынды жасайды. 

          Гераклиттің  пікірінше,  қарама-қайшылықтар  тепе-тең  жағдайда 

болады,  бірақ  ол  тепе-теңдік  қарама-қарсылықтардың  күресі  арқылы 

бұзылады  да,  дүниеге  жаңа  заттардың  пайда  болуына  мүмкіндік  туады. 

Қарама-қарсылықтардың  күресі  –  әлемде  өзгерістердің  болуының  негізгі 

заңдылығы.  Күрес  –  жалпыға  бірдей,  барлығы  күрестің  және  қажеттіліктің 

арқасында пайда болады. 

          Осындай  қарама-қарсылықтардың  күресін  Гераклит  үндестік  ретінде 

қарастырады. Бірақ мұндай үндестік көрінбейді, айқын емес, онысымен де ол 

өте  күшті  және  әлемдегі  барлық  денелерге  тән.  Осындай  үндестікте 

жамандық,  ұсқынсыздық  сияқты  келеңсіз  құбылыстар  тұрақсыз  келеді  де, 

жақсылық, көркемдік сияқты абсолютті құбылыстармен араласып, жойылып 

кетеді.  Бірақ  бұларды  көру  мүмкін  емес,  оларды  көру  тек  құдайларға  тән. 

Сондықтан  да  адамдардың  мынау  әділеттілік,  мынау  әділетсіздік,  мынау 

жаман, мынау жақсы дейтіндерінің бәрі құдай үшін әділетті, жақсы, көркем. 

           Осыдан  келіп,  Гераклит  адамдар  логоспен  күнде  кездесіп  жатса  да, 

оны танып біле алмайды деген қорытындыға келеді. Оның себептері әртүрлі. 

Бір  жағынан,  табиғаттың  өзі  сырын  көп  аша  бермейді,  екіншіден, 

адамдардың  көпшілігі  әбден  тойынған,  сондықтан  олар  табиғат  сырын 

түсінуге  талпынбайды.  Оған  қоса,  осы  көпшіліктің  талап-мүддесін 

қорғаштаған  халық  ақындары  да,  ұстаздар  да  (Гомер,  Гесиод,  т.б.)  табиғат 

сырын  түсінуге  мүмкіндік  бермейді,  себебі  олардың  жырлары,  ілімдері 

логосты  түсінуге  бағытталмаған.  Үшіншіден,  көп  білгендік  те  логосты 

түсінетіндей  ақылға  ақыл  қоспайды.  Данышпандықтың  белгісі  –  дүниенің 


63 

 

бірлігін мойындап, логосты танып-білуге кедергі құбылыстардан өзін алшақ 



ұстап, сол дүниенің даму заңдылықтарына бағынуы. 

           Гераклит  адамдар  табиғатынан  бір-бірімен  тең  десе  де,  шын  мәнінде 

олардың  тең  еместігін  мойындайды.  Олардың  теңсіздігі  –  талғам-

мүдделерінің  әртүрлілігінің  салдары.  Көп  адамдар  логос  заңымен  өмір 

сүрмейді,  өз  түсінігімен  өмір  сүреді.  Ондай  адамдар  өз  ынтызарлығының 

билігінде  болады.  Бірақ  олар  бір  нәрсені  түсінбейді.  Мысалы,  олардың 

барлық  тілектері  орындалса  да,  жағдайлары  соншалықты  жақсармас  еді. 

Жалпы,  адам  мемлекеттік  құрылымның  да,  табиғаттың  да  негізін  қалайтын 

логос  заңына  мойынұсыну  арқасында  өз  заңын  тыныштыққа  бөлеп, 

айқындайды, сөйтіп, бақытқа кенеледі.  

            Гераклиттің ілімі ежелгі грек, әсіресе стоиктер философиясына үлкен 

әсер етті, солардың арқасында бүкіл Батысқа тарады. Гегель, Лассаль, Ницше 

сияқты ғұламалардың еңбектерінде Гераклиттің  көптеген идеялары одан әрі 

дамытылып,  жалғастырылды.  Гераклиттің  іліміне  марксистер  де  көп  көңіл 

бөлді. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Саулықтың  қадірін  ауырғанда  білетініміз  сияқты,  жақсылықты 

жамандық арқылы да, дем алуды шаршау арқылы білеміз. 

 

Халық  заңды  өзінің  тірегі,  өзін  күзететін  қабырға  –  дуал  ретінде 



қорғауға тиіс. 

 



Өзара  әңгімені  әркім  одан  көп  пайда  көріп,  көп  білім  алатындай  етіп 

жүргізу керек. 

 

Шындық суайттар мен жалған куәгерлерді мұрттай ұшырады. 



 

Өзара  әңгімені  әркім  одан  көп  пайда  көріп,  көп  білім  алатындай  етіп 



жүргізу керек. 

 



Даналық, әдемілік, тағы басқа тұрғыдан алғанда ең данышпан адамның 

өзі құдаймен салыстырғанда маймылдай-ақ боп көрінеді. 

 

Өркөкіректіктің алауын өрттен бұрын өшір. 



 

Дананың ойы – баланың ойыны. 



 

Оттың өлгені – ауаның туғаны, ауаның өлгені – судың туғаны. Жердің 



өлгенінен су, судың өлгенінен – ауа, ауаның өлгенінен от пайда болады 

және керісінше. 

 

Мен ешкімнен дәріс алған емеспін, өзімді өзім зерттедім, өзімнен өзім 



үйрендім. 

 



Ашуды  ауыздықтау  қиын:  ырқына  көнгенің  –  ажалыңнан  бұрын 

өлгенің. 

 

Көруге, естуге, дәмін татуға болатын нәрсені мәнді деп есептеймін. 



 

Даналықтың жалғыз-ақ мәні – барлық жерде бәрі мойындайтын дәйекті 



ойды танып-білу. 

 



Даналық, әдемілік, тағы басқа тұрғыдан алғанда ең данышпан адамның 

өзі құдаймен салыстырғанда маймылдай-ақ боп көрінеді. 

 

Қалай қақсап, бұл жұртқа қайтып ұрсам – 



Анық сөзді ұқпайды айтып тұрсаң!. 

 



Өзіміз тірі кезде, жанымыз – өлі, өзіміз өлгенде жанымыз тіріледі. 

64 

 



 

Көп нәрсенің сырына жетіктер ғана философиямен айналыссын. 

 

Дана Биант бір қалыптан аспаған, 



Сөзі асыл болсадағы басқадан. 

 



Күллі нәрсенің, бар болмыстың әкесі – соғыс. 

 



Эллиндіктердің  бәрінен  ақылды  боп  саналатын  Гомер  сияқты,  жұрт 

көріп  тұрғанын  тани  алмай  шатасады.  Гомерді  бит  сығып  отырған 

балалар:  ұстағанымызды  жерге  тастап  жатырмыз,  ұстамағанымыз  өз 

үстімізде қалды деп алдаған ғой!. 

 

Даналықтың жалғыз-ақ мәні – барлық жерде бәрі мойындайтын дәйекті 



ойды танып-білу. 

 



Соқырдан  көру  деген  немене  деп  сұрасаң,  соқырлық  деп  жауап  берер 

еді. 


 

Тыңдап  отырып  ұқпайтындар  саңырау  тақылеттес,  оларды  қасыңда 



отырса да жоқ деп есептеуге болады. 

 



Ой-сана – адамзаттың ұлы жетістігі, даналықтың мәні – ақиқатты айту 

һәм табиғаттың үніне құлақ түріп, соған сәйкес әрекет ету. 

 

Өзгергені – өлгені ...... . 



 

Өзін-өзі танып-білу, ойлау, адам атаулының бәріне тән қасиет. 



 

Маңызды мәселеде шалағай тұжырым жасама. 



 

Нәпсіні тыю – ашуды жеңуден де қиын. 



 

Әдебиет: 

 

1.

 

Антикалық философия.  2-томдық. –Алматы: 2005. 566-бет. 

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 22-24 беттер. 

3.

 

Батыс  философиясының  антологиясы//  Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан»,—Алматы: 2002. 7-б 

4.

 

Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб.: 2010. 

5.

 

Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Гераклит. «Аударма»,  

—Астана: 2007. 31-32 беттер 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



65 

 

ПИФАГОР САМОССКИЙ 

 

(б.д.д. 570 – 490 ж.ж.) 



 

              —  «Философия»  сөзін  алғаш 

рет 

ғылымда 


қолданған 

Антика 


дәуірінің  атақты  философы  және 

математигі, 

пифагорлік 

діни-


философиялық мектепті құрушы. 

                 Пифагор  Самос  аралында 

туып-өскенімен, 

кейінірек 

келе, 

әртүрлі 


жағдайларға 

байланысты, 

Египетте, Вавилонда (абыздардан дәріс 

алған),  Үндістанда  болып,  ең  соңында 

«Ұлы  Элладаның»  Критон  қаласында 

өмір 


кешкен. 

Пифагордың 

әкесі 

Мнесарх  зергер  болған.  Пифагордың 



анасының  аты  белгісіз.  Көптеген 

жазбалар бойынша туған бала өте әдемі болған және өсе келе өзінің ерекше 

қабілетімен көзге түскен. 

           Жас 

Пифагордың  ұстаздарынан  Гермодамант  пен  Ферекид 

Сиросскийді  атауға  болады  (алайда  Пифагордың  алғашқы  ұстаздары 

Гермодамант  пен  Ферекид  екені  нақты  емес).  Жас  Пифагор  күні  бойы 

Гермодаманттың жанында жүріп, Гомердің жақсы әуендерді тыңдап өскен. 

           Гомердің  әуендерін  Пифагор  жадында  мәңгі  сақтады.  Пифагорды 

ойшыл  деп  мойындағаннан  кейін  жас  талант  әр  күнін  оқушылардың 

арасында  Гомердің  әуенімен  бастаған.  Ферекид  Италия  мектебінің  негізін 

қалаған  философ  болған.  Осылай,  Гермодамант  Пифагорды  музыкаға, 

Ферекид  ғылымға  үйреткен.  Ферекид  Пифагорға  табиғат  сенің  алғашқы  да 

басты  ұстазың  деген.  Жас  Пифагорға  өз  қиялын  іске  асыру  үшін  Самостар 

болды,  сондықтан  ол  Милетке  сапар  шегіп,  онда  басқа  ғалым  –  Фалесті 

кездестірді. Фалес оған білім алу үшін Египетке бар деп кеңес берді. Пифагор 

оның кеңесін жөн көрді. 

           Пифагор  б.з.д.  548  жылы  үй  –  жай  және  тамақ  табылатын  Навкратис 

жеріне келді. Фараонның түсіндірме хатына қарамастан білгірлер Пифагорға 

өз құпияларын ашуға асықпай, оған қиын сынақтар қойды. Пифагор білімге 

деген  құштарлығының арқасында  сынақтардан  оңай өтті. Ол  кездегі  Египет 

геометриясы  жаратылыстану  бағытындағы  ғылым  болғандықтан  египеттік 

білгірлер оған көп нәрсені үйрете алмады. Білгірлер берген білімді меңгерген 

Пифагор  өз  Отанына  Элладаға  қашып  кетті.  Біраз  жол  жүрген  Пифагорды 

үйіне  қарай  бет  алып  бара  жатқан  Вавилон  билеушісі  Камбиз  тұтқынға 

алады. 


66 

 

           Пифагордың  Вавилондағы  өмірі  аса  қиын  болған  жоқ.  Вавилон 



математикасы  Египеттікіне  қарағанда  аса  дамыған  болатын  және 

Пифагордың  үйренетіні  де  көп  еді.  Бірақ  б.з.д.  530  жылдары  Кир  Орта 

Азиядағы  тайпаларға  қарсы  жорыққа  шығады.  Қаладағы  бұл  жағдайды 

пайдаланып Пифагор Отанына қашып кетеді. Бұл кезде Самос аралығындағы 

билік Поликрат патшаның қолында еді. әрине Пифагор жартылай құл ретінде 

өмір  сүруді  ұнатпады,сондықтан  ол  Самостың  жанындағы  үңгірге  кетіп 

қалады.  Бірнеше  айдан  соң  Пифагор  Кротонға  көшіп  келеді.  Кротонда 

Пифагор өздерін пифагорлықтар деп атаған адамдардан діни одақ құрады. Ол 

әрі діни бірлестік,саяси клуб және ғылыми одақ болған. Пифагордың кейбір 

әдеттері үлгі алуға лайықты. 

... жиырма жыл өтті. Одақтың атағы бар әлемге тарады. Бір күні Пифагорға 

бай,  бірақ  жексұрын  Килон  одаққа  бірігу  үшін  келеді.  Пифагор  Килонның 

бетін  қайтарады.  Килон  Пифагордың  үйінің  өртенгенін  пайдаланып,  оған 

қарсы  шығады.  өрт  кезінде  пифагорлықтар  өз  өмірлерін  қиып,  ұстаздарын 

құтқарып алады. Қатты қайғырған Пифагор өз-өзіне қол жұмсайды. 

          Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «Пифагоршылар мектебі» 

деп  аталған  одақ  құрылып,  онда  қоғамдық  өмірді  діни-әдептілік  тұрғыдан 

реформалау  қажеттігі  туралы  ілім  кең  өріс  алды.  Пифагоршылар  қоғамда 

анархияның  етек  алуына  қарсы  болып,  құдайдың  айтуымен  жасалған 

мемлекеттік  заңдарды  сақтау  керектігін  уағыздады.  Пифагоршылар  өздері 

бірауыз  болмағаны,  осыған  орай  «ата  жолын»  қуушылар  мен  мемлекеттік 

билікке барлық халық қатысуы керек деген ағымдардың арасында тартыстар 

болғаны белгілі.  

            Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: «Олар 

математикамен шын мәнінде шұғылданған алғашқы ойшылдар. Пифагор тек 

қана  математикамен  айналысып  қоймай,  оның  негізгі  қағидаларын  – 

сандарды  жалпы  әлемдік  қағидаға  айналдырған  және  сол  сандардың 

арақатынастарын, олардың арасындағы прапорцияны әлемдік үйлесімділіктің 

бейнесі  деген  көзқарасты  өзінің  философиялық  ілімінің  өзегі  етіп 

қабылдаған.  Оның  пікірінше,  сандар  –  барлық  заттардың,  Ғарыштың  негізі. 

Пифагордың  Ғарыштың  бастамасы,  негізі  деп  отырған  сандары  жай 

күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар – Ғарыштың реттілігін, 

үйлесімділігін көрсететін сандар. Бұл үйлесімділікті біз аспан денелерінің бір 

сазды  дыбысты  белгілі  бір  интервалда  шығаруынан  білеміз.  Бірақ  ол 

дыбыстар  үздіксіз  шығып  тұрғандықтан  және  олар  бізге  тұрақты  әсер 

еткендіктен,  біз  оны  қабылдай  алмаймыз.  Әр  планета  Жерді  айнала  жүріп, 

өздеріне тән дыбыс шығарады. Мысалы, Айдың дыбысы биік, ал Сатурнның 

дыбысы  өте  төмен,  осы  екі  дыбыс  қосылғанда  үйлесімді  мелодия  пайда 

болады. Сандар тек денелерге тән бастама емес, олар әдептілікке де, рухани 

құбылыстарға  да,  жанға  да  тән.  Жан  дегеніміз  –  сандардың  үйлесімділігі. 

Жан  мәңгі  өмір  сүреді.  Ол  адам  өлгеннен  кейін  жануарларға,  өсімдіктерге 

ауысуы мүмкін. Бұл жерде біз Пифагорға Ежелгі Үндістандағы Веда ілімінің 

әсерін  байқаймыз.  «Ежелгі  Үндістандағы  философиялық  көзқарастардағы 


67 

 

сияқты  өмірдің  негізгі  мақсаты,  -  дейді  Пифагор,  -  жанды  тазарту.  Оған 



құмарлықты  жеңу,  жастардың  үлкендерді  бұлжытпай  тыңдауы,  достық  пен 

жолдастықты дәріптеу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай отырып жетуге 

болады». 

Философиялық көзқарастары: 

          Пифагоршылар Гераклит сияқты Ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей 

отырып, олардың он жұбын атап көрсетті. Олар: шектілік және шексіздік, тақ 

және жұп, жалқы және жалпы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен 

қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен 

көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы – шектілік пен шексіздік. 

Шекті  нәрселерді  танып-білуге  болса,  шексіздікті  танып-білу  мүмкін  емес. 

Шекті  денелер  геометрия  арқылы  бізге  мәлім  болса,  шексіздік-танымның 

мүмкіндік шеңберінен тыс, сондықтан оны тек ойша шамалауға болады. 

           Қорыта айтқанда, Пифагор – философтардың ішінде бірінші болып өз 

ілімінде  сан  категориясын  жан-жақты  қарастырған  және  өз  ілімін  халық 

арасында  үгіттеп  таратқан  (пифагоршылар  одағы)  ғұлама.  Оның  ілімдері 

кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой 

елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. 

 

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес 



келмейді. 

 



Даналық бастауы: ойлануға үйрену, мылжыңдаудан жирену. 

 



Ең ақиқат не? – адамдардың ақымақ екендігі. 

 



Ең  әуелі  әр  нәрсені  өз  атымен  атап  үйрен:  бұл  ғылым  атаулының 

әліппесі һәм ең негізгісі. 

 

Пенде! Өзге хайуанның өзіңе нендей нәрсені істемеуін қаласаң, сен де 



оған сондай нәрсені істеме. 

 



Ақылға бағынбаған, құдайға табынбайды. 

 



Білімді даналыққа санама. 

 



Сенімді дос тапсаң, өзіңе-өзің серік бол. 

 



Аз сөйле, жазуың одан да аз болсын. 

 



Тыныш өлгің келсе, бір қалыпты өмір сүр. 

 



Шығармаларында  ғана  дана  боп  көрінетіндердің  бірі  болудан  Құдай 

сақтан. 


 

Ештеңеге таңырқама, таңырқаудан құдайлар жаратылған. 



 

Атың  өшпей  ел  аузында  жүрсін  десең,  артыңа  өнегелі  ұрпақ,  жақсы 



кітап қалдыр. 

 



Данышпан!  Қарапайым  жұрт  арасында  өмір  сүруге  міндетті 

болғандықтан, араласып кетпей су бетінде қалқып жүретін май сияқты 

бол. 



 



Тәніңді жаныңның табыты қылма. 

 



Өз үйінде әке бола алмаған қалаға әкім бола алмайды. 

 



Жұртты тануға үйрен: Құдайды танып-білуден гөрі, адамды танып-білу 

оңайырақ әрі мәндірек. 



68 

 



 

Өз  атыңызды  өз  қолыңмен  өңде:  құлдарыңа  сеніп  тапсырма.  Өйткені, 

жер азат адамның алақанына ғана бас иеді. 

 



Әйелімен тіл табыспағанға дос болам деп жабыспа. 

 



Мүлік-дәулет, отауы болмағанның Отаны да болмайды. 

 



Жан-жануарды  өлтіруден  қаш  –  олардың  қанын  төгу  адамдарды  өз 

тұқымдастарының қанын шімірікпей төгетін жауыздыққа әкеп соқты. 

 

Табынар жалғыз тәңірің өзіңнің ар-ұжданың-ақ болсын. 



 

Құдайдан да көне деп сұраса: Қорқыныш пен Үміт деп жауап бер. 



 

Әуелі  дана  болуға  тырыс,  ал  бос  уақытың  болғанда  ғалым  бола 



жатарсың. 

 



Шарапқа бөртіп алып, дүниеге бала әкелетін қасиетті іске кіріспе. 

 



Абыздардың  айтуынша,  құдайлар  көп  өтпей  адамды  жаратқанына 

өкініпті.  Ал  біз:  адам  құдайды  жаратқанына  өкінді  деп  нық  сеніммен 

айта аламыз. 

 



Көз  жасы  кейін  қабырыңа  төгілсін  десең,  тірлігіңде  балаларыңды 

жылатпа. 

 

Күші бірдей екі адамның ішіндегі күштірегі – әділі. 



 

Өмір  театр  тақылеттес:  онда  ең  жақсы  орынды  көбіне-көп  ақымақтар 



алып алады. 

 



Қасиетсізге құрмет қылу – ессіздіктің белгісі. 

 



Жәндікті  өлтірген  балаңды  қатаң  жазала,  әйтпесе  сөйте-сөйте  кісі 

өлтіреді. 

 

Сөйлемес бұрын ойыңды тіліңнің астында ұстап пісіріп ал. 



 

Жұрт не десе о десін, өзің дұрыс санаған нәрсені ғана істе. 



 

Мақтауға тасымай, даттауға жасымай – бір қалыпты салқын қанды бол. 



 

Үндеме, әйтпесе үндемегеннен гөрі дұрысырақ нәрсені айт. 



 

Сенімді дос ізде өзіңе, оны тапсаң, құдайсыз-ақ күніңді көресің. 



 

Ақиқатқа ұмтыл, сонда ғана Құдайға жақындай түсесің. 



 

Ақиқатты  боямасыз  жалаңаш  көрген  абзал,  ал  өтірік  әлем-жәлем 



қымтанып көз алдай берсін. 

 



Бәрінен бұрын өз басыңның қадірін түсірме. 

 



Ашу үстінде тіл мен қолыңа ерік берме. 

 



жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет