Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет6/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Әдебиет

 

1.

 

Аристотель. Афинская полития. Пер. С.И.Радцига. В кн.: Аристотель. 

Политика. Афинская полития. «Мысль», —М: 1997, с. 271—343. 

2.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов. Пер. М.Л.Гаспарова. «Мысль», —М: 1986, c. 68-75. 

3.

 

Плутарх. 

Сравнительные 

жизнеописания. 

/Солон. 

Пер. 

С.И.Соболевского. 1-т. «Наука», —Москва: 1994. С.92–114. 

4.

 

Солон. Фрагменты. В кн.: Античная лирика. «Худ.лит.», —М: 1968. 

5.

 

Ленцман  Я.А.  Достоверность  античной  традиции  о  Солоне.  В  кн.: 

Древний  мир:  сборник  статей  в  честь  академика  В.В.Струве, 

«Вост.лит.», —Москва: 1962. 

6.

 

Суриков И. Е. Законодательные реформы Драконта и Солона: религия, 

право и формирование афинской гражданской общины. В сб.: Одиссей. 

Человек в истории. 2006. «Наука», —М: 2006, с. 201–220. 

7.

 

Эндрюс  А.  Рост  Афинского  государства.  В  кн.:  Кембриджская 

история  древнего  мира.  Т.  III,  ч.  3:  Расширение  греческого  мира. 

«Ладомир», —Москва: 2007. 

8.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Солон.  «Аударма»,—Астана: 

2007. 100-112 беттер. 

49 

 

БИАНТ ПРИЕНСКИЙ 



 

(б.д.д.VI – ғасыр) 

 

        —  атақты  ойшыл,  қоғам  қайраткері, 



көне 

Эллададағы 

атақты 

жеті 


данышпанның 

бірі. 


Тапқыр 

ой, 


шешендігімен,  мәрттігімен  өз  заманында 

аты шыққан. 

       Бианттың  туған  жері  Приенаға  Кир 

патша  шабуыл  жасайды,  қала  қоршауда 

қалады.  Үрейленген  жұрт  ең  қажет 

қымбат  мүліктерін  алып,  қаша  бастайды. 

Тек  Биант  қана  ештеңе  алмайды.  Жұрт 

таң  қалып,  түк  алмағаның  қалай  деп 

сұрағанда, Биант: «Өзіме қажеттің бәрі өз 

бойымда» деп жауап берген екен. 

         Соғыс  кезінде  спартандар  тұтқынға 

түсірген  мессениялық  қыздарды  Биант  құнын  төлеп  сатып  алыпты.  Өз 

баласындай  асырап-бағып  кейін  көп  тарту-таралғымен  оларды  отанына 

қайтарыпты. Біраз жыл өтіп, Афинада балықшылар су түбінен «Кемеңгерге» 

деген  жазуы  бар  алтын  тостаған  тауып,  қазылар  алқасына  әкелгенде,  халық 

жиналысында  әлгі  қыздар  өздері  бастан  кешкен  тағдырды  айтып,  Биантты 

кемеңгер деп бағалайды. Қазылар тостағанды Биантқа жібереді. Бірақ Биант 

жазуды  көріп,  кемеңгер  мен  емес,  Аполон  деп,  тостағанды  қабылдамай 

қойыпты. 

      Алиатт  патша  Приена  қаласын  қоршаған  кезде,  Биант  екі  қашырды 

жемдеп, патшаның шатырына қарай айдап жібереді. Қашырды көрген патша 

«малдары мынадай семіз, қоршауда жатса да күйзелмейтін не деген бай ел!» 

деп қайран болады. Тілдеспекке елші жібереді. Биант құмды жота ғып үйіп, 

үстіне бидай себеді де елшіге көрсетеді. Астығы көп екен деп ойлаған патша 

приеналықтармен бітімге келеді. Кейін патша Биантты өзіне шақырғанда ол: 

«Алиятт пиязға тойсын!» (көзінен ащы жасы ақсын) деп жауап қайтарыпты. 

       Замандастарының  айтуынша,  сот  алдындағы  сайыста  оны  жеңу  мүмкін 

болмаған.  Бірақ  ол  өзінің  шешендік  құдыретін  тек  игі  мақсатқа,  әділет 

жолына жұмсаған. Гиппонакт оны: 

      «Қазылыққа жүгінер тартыс туса бұл күнде, 

       Приеналық Биантты сөзден тосу мүмкін бе!» деп мадақтаған. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Кемеде жүзіп бара жатқандар тірінің де, өлінің де есебінде жоқ. 

 



Бақытсыздыққа төзе алмаған адам – бақытсыз. 

 



Ең жақсы ақылшы кім? – Уақыт. 

 



Ең тәтті не? – Үміт. 

 



Рақат іс не? – Тапқан табыс. 

 



Не қиын? – Басқа іс түскенде сабырмен төзу қиын. 

50 

 



 

Нәрсізді байлығына бола мақтама. 

 

Жаман адам қайда да көп. 



 

Күшім жетіп алдым деме, 



Құдай сәтін салды де. 

 



Іс бастауға асықпа, қолға алдың ба, тістей қат. 

 



Асықпай сөйле, аптыққан – ақымақтың белгісі. 

 



Күшке салма, сеніммен жүрегін жаулап ал. 

 



Құдай туралы айтқанда, оны бар деп қана айт. 

 



Жастықтан кәрілікке азық қып ақылды ғана ал, өйткені одан қайырлы 

байлық жоқ. 

 

Өмірді  кесіп-пішкенде  алдағы  ғұмырың  әрі  аз,  әрі  көп  қалғандай 



есепте. 

 



Достарыңнан  гөрі  қастарыңның  арасындағы  дауға  билік  айт,  өйткені 

ондай істен кейін досыңның бірі қасқа, қасыңның бірі досқа айналады. 

 

Бітпес іске білек сыбанушы көп. 



 

Ақыл-парасатқа табын. 



 

Бір  күні  ылғи  алаяқ  зұлымдардың  арасында  кемемен  жүзіп  келе 



жатады.  Кенет  дауыл  ұйытқып,  жанындағылар  улап-шулап  құдайға 

жалбарына  бастайды.  Сонда  Биант:  «Жап  ауыздарыңды!  -  деп  айғай 

салыпты. – Әйтпесе құдай сендердің мұнда екендеріңді біліп қояды!». 

 



Алаяқтың бірі ізгілік деген не? - деп сұрайды. Биант үндемейді.  Анау 

неге  үндемейсің  дейді.  Сонда  Биант:  «Себебі  сен  өзіңе  қатысы  жоқ 

нәрсені сұрап тұрсың!» деп жауап беріпті. 

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов /пер. М.Л.Гаспарова, ред.тома и авт. вступ. ст. А.Ф.Лосев, 

АН СССР, Ин-т философии. — 2-е изд., испр. «Мысль»,—Москва: 1986. 

2.

 

Таранов  П.С.  106  -философов  (в  двух  томах).  «Таврия»,  — 

Симферополь: 1995.  

3.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Биант.  «Аударма»,—Астана: 

2007. 24-26 беттер 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


51 

 

ПЕРИАНДР КОРИНФСКИЙ 



 

(б.д.д. 629 – 586 ж.ж.) 



 

         —  жеті  кемеңгердің  бірі  атанған 

Периандр 

қырық 


жылдай 

Коринфті 

билеген екінші тиран. 

         Кипсел  және  Кратеидің  баласы.  Ол 

тұңғыш рет жеке күзет тәртібін енгізіп, өз 

жанына  200-қорғаушы  ұстаған.  Төңкеріс 

жасау  арқылы  Коринфті  басып  алып, 

шексіз билікке қол жеткізеді. 

      Тежеусіз  билеп-төстеудің  құпиясын  ол 

өзінің 


досы 

Милеттің 

билеушісі 

Фрасибулдан біледі. Кеңес сұрап жіберген 

уәзірін Фрасибул қаланың шетіндегі егінге 

алып  барады  да  ләм  деп  жақ  ашпастан  ең 

биік  боп  өсіп  тұрған  масақтарды  таяқпен 

оңды-солды  ұрып  құлата  бастайды.  Уәзір  түк  түсінбей  таңырқап,  көргенін 

Периандрға айтып келеді. 

       Периандр  досының  бұл  жұмбағы  –  тыныш  билік  құрғың  келсе,  еліңнің 

бас көтерер ақылдысын құрт деген ишара екенін ұғады және солай етеді де. 

Аз  уақыттың  ішінде  Коринфтегі  ең  көрнекті  адамдарды  өлтіргенін  өлтіріп, 

қуғанын қуып тоз-тозын шығарады. 

       Оның кейбір қылықтары ақылға сыймайтын болған. Эфордың айтуынша, 

бірде Периандр Олимпийдегі жарыста күймесі озса, алтын мүсін құюға серт 

етеді.  Күймесі  озып  келіп  уәдесін  орындауға  алтыны  жетпей  қалса  керек. 

Сонда  Периандр  қаладағы  тойға  келген  әйелдерді  көріп,  үстеріндегі  асыл 

киімдерін, алқа-жүзіктерін түгел сыпырып алдырыпты. 

        Периандр  Гераклдің  әулетінен  шыққан.  Эпидавардың  билеушісі 

Проклдің  қызына  үйленіп,  екі  ұл  сүйген.  Үлкенінің  есі  шала,  кішісі  зейінді 

болады.  Үшінші  балаға  жүкті  боп  жүрген  әйелін  ашу  үстінде  орындықпен 

ұрып  өлтіреді.  Кейін  күңдерінің  өсегіне  алданғанына  опынып,  оларды  да 

тірідей отқа жағып жібереді. 

        Анасының  өліміне  қатты  қайғырған  ұлын  үйінен  қуып  шығады,  кімде-

кім  онымен  сөйлессе,  Апполон  храмына  айып  төлейді  деп  қалаға  жарлық 

таратады. Біраз уақыттан кейін жүдеп-жадаған ұлын көшеден көріп райынан 

қайтады  да,  үйге  кел  деп  шақырады.  Сонда  баласы:  «менімен  сөйлескенің 

үшін Апполонға айып төле» депті. 

        Периандр  сексен  жасында  дүниеден  торығып,  жалғыздықта  өлген. 

Кейбіреулердің айтуынша, ол қабірін ешкімге білдірмеу үшін мынадай қулық 

ойлап  тауыпты.  Екі  жігітке  түн  ішінде  бір  жолды  нұсқап,  кім  бірінші 

жолықса,  соны  өлтіріп,  көміп  тастаңдар  деп  бұйрық  береді.  Іле-шала  төрт 

кісіні  шақырып,  ана  екеуін  өлтіріп,  көміп  тастаңдар  деп  ізінен  жібереді. 

Олардың  артынан  көзін  жоюға  бұйырып  тағы  бір  топ  адамды  жұмсайды. 



52 

 

Содан  кейін  өзі  әуелгі  екі  жігіттің  алдынан  қарсы  шығады  да,  солардың 



қолынан  қаза  табады.  Коринфтіктер  бос  табытты  көміп,  қабырдың  басына 

былай деп жазған:  

       «Асау  толқын  аймалаған  жағалауда  Периандырдай  асылды,  даналықпен 

даңқы шыққан Коринфтің топырағы жасырды». 

      Периандрдың  тұсында  Коринф  шаһары  гүлдеп  көркейеді,  әдемі 

ғимараттар  бой  түзейді.  Әр  тараптан  әйгілі  ақындар  кеп,  билеушінің 

сарайында  айлап  жатып  мейман  болған,  солардың  ішінде  Дионисидтің 

құрметіне арнап алғаш рет елұран шығарған Арион да ат басын тіреген. 



Философиялық шығармалары: 

     Периандр  ақындармен  дос  болып  қана  қоймай  өзі  де  поэзияға  бой  ұрған. 

Ертедегі  ойшылдардың  өмірінен  дерегі  мол  тамаша  кітап  жазып  қалдырған 

атақты  Диоген  Лаэрцийдің  дерегі  бойынша,  Периандр  өлеңмен  екі  мыңға 

жуық ғақлия жазған. Оның жұмырлап сөзбен түйген асыл ойлары да даналық 

мәйегі ретінде бағаланбақ. 



Философиялық афоризмдері: 

 



Ойлап істе – өкінбейсің. 

 



Отан үшін жан қиюға әзір бол. 

 



Қылығы үшін ғана емес, ниеті үшін де жазала. 

 



Бәріне себеп не? – Уақыт. 

 



Бостандық деген не? – Ар-ұждан тазалығы. 

 



Ең ұлы не? – Сергек ақыл. 

 



Сәтін күтіп іс қыл. 

 



Қасіретіңдң көрсетпе, дұшпаның қуанбасын. 

 



Тыныш билегің келсе, найзаға емес, көптің сүйіспеншілігіне сүйен. 

 



Ашуыңды ауыздықта. 

 



Бәрінің атасы – ынта. 

 



Жаттыққан жалаң қолмен от көсейді. 

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов  /пер.  М.Л.Гаспарова,  ред.  тома  и  авт.  вступ.  ст. 

А.Ф.Лосев, АН СССР, Ин-т философии. — 2-е изд., испр. «Мысль»,  

— Москва: 1986. 

2.

 

Таранов  П.С.  106-философов  (в  двух  томах).  «Таврия»,  — 

Симферополь: 1995. 

3.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері  /Периандр.  «Аударма»,— 

Астана: 2007. 53-55 беттер 

 

 

 



 

 

53 

 

ХИЛОН СПАРТАНСКИЙ 



 

(шамамен б.д.д. VI – ғасырдың бірінші 

жартысында, б.д.д. 556/5ж.ж.) 

 

          —  көне  грек  ойшылы  әрі  мемлекет 

қайраткері,  әйгілі  жеті  данышпанның  бірі 

атанып, өз заманында адамзат ақыл-ойының 

заңғарына көтерілген асқақ тұлға. 

           Лакедомондық 

атақты 

Дамагета 



әулетінде  дүниеге  келіп,  ерте  бастан 

мемлекет  ісіне  араласады.  Ұзақ  жыл 

Спартадағы 

жоғарғы 


биліктің 

бел 


ортасында 

жүріп, 


басқару 

жүйесінде 

әділдік, 

адамгершілік 

қағидаларының 

қалыптасуына  зор  ықпал  етеді.  Евфидем 

патшаның  тұсында  Хилон  Спартадағы  жоғарғы  билік  алқасының  мүшесі, 

яғни эфор болады. Туған ағасы оған сен эфор болдың, мен неге болмаймын 

деп ренжігенде Хилон: «Мен қиянатқа төзе білемін» деп жауап беріпті. 

          Замандастары  Хилонның  биік  парасатына,  кісілігіне  қылау  түсірмеген 

бекзаттығына үнемі тәнті болған. Мансаптың бас айналдырар биігінде жүрсе 

де,  мемлекеттік  тәртіп  пен  ізгілік  тізгінін  тең  ұстаған.  Қартайған  кезінде 

Хилонның  өзі  де:  «Осы  өмірімде  заңға  қайшы  келген  жерім  жоқ»  деп 

шүкіршілік  еткен  екен.  Тек  өзінің  бір  ғана  әрекетіне  шүбә  келтіріпті.  Бір 

жолы  қылмысты  болған  бір  досын  өзі  заң  бойынша  жазаға  тартыпты  да 

артынша екінші бір жолдасына жалынып, оны ақтаттырып жіберіпті. Сөйтіп 

ол заңның да ала жібін аттамаған, достыққа да адалдығын сақтап қалған. 

Философиялық шығармалары: 

          Хилонның  сан  қырлы  дарын  иесі  болғаны  тарихи  деректерден  мәлім. 

Диоген  Лаэрцийдің  мәліметіне  жүгінсек,  оның  өз  заманында  әйгілі  ақын 

болғанын  көреміз.  Түрлі  тақырыпта  көптеген  өлең  жазған.  Екі  жүз  жолдан 

астам элегиялық жыры сақталып кейінгі ұрпаққа жеткен.  

        Ал  атақты  Геродот  оның  аруақ  қонған  көріпкелділік  қасиетін  мысалға 

келтіреді.  Көне  грек  жеріндегі  діни  наным  бойынша  Гиппократ  Олимпия 

тауына апарып құрбан шалғанда, оның қазаны өз-өзінен қайнап кетіпті. Соны 

көрген  Хилон  Гиппократқа  «үйленбе,  үйленген  болсаң,  әйеліңді  таста, 

балаларыңнан бас тарт» деп кеңес беріпті. Бұл жерде данышпан Хилон тарих 

Писистрат  сияқты  жауызға  толғатып  жатқанын  күні  бұрын  болжап  білген 

болса керек. Айтқанындай, Гиппократтың кіндігінен жаралған Писистраттың 

кейін  патша  болып,  Афинаға  шексіз  үстемдік  жүргізгені,  грек 

демократиясының  атасы  атанған  кемеңгер  Солонның  өзін  қуғынға 

ұшыратып, ізгілік мұраттарын аяусыз таптағаны тарихтан мәлім. 

          Сондай-ақ  тағы  бір  мысал  ретінде  оның  Кифер  аралы  туралы  айтқан 

сәуегейлігін  атауға  болады.  Лакедондықтардың  иелігіндегі  Кифер  аралын 

көргенде Хилон: «Бұл аралдың болғанынан болмағаны жақсы еді, су астына 



54 

 

батып  неге  кетпейді!»  деп  басын  шайқап  күңіреніп  қоя  беріпті.  Айтқаны 



айдай  келіп,  күндердің  күнінде  Кифер  аралы  Грекияның  сорына  айналады. 

Қуғында  жүрген  Спарта  патшасы  Демарат  парсылар  гректерге  қарсы  соғыс 

ашқан  кезде  Ксеркспен  ымыраласып,  оған  әскерді  Кифер  аралына  түсіруге 

кеңес береді. Парсы патшасы бұл ақылды тыңдағанда, Грекия жау табанында 

тапталары сөзсіз еді. Кейін Афинаның билеушісі Никий Пелопоннес соғысы 

кезінде Кифер аралын тартып алып, ұзақ уақыт онда өз бақылауын орнатып 

лакедомандықтарға қатты қысымшылық жасайды. 

        Гермиптің  айтуынша,  Хилон  әбден  жасы  жетіп,  қартайған  шағында 

қайтыс  болған.  Писа  қаласында  жұдырықтасу  сайысынан  олимпия 

жеңімпазы  атанған  ұлын  құттықтап  тұрып,  қартайған  әлсіз  жүрек  зор 

қуанышқа шыдай алмай, көз жұмыпты. Олимпия салтанатына жиналған қара-

құрым  халық  данышпанды  құрметпен  ең  соңғы  сапарға  шығарып  салады. 

Осы оқиғаға атақты Диоген Лаэрций мынадай өлең жолдарын арнаған: 

        Баһадүрлік бұл сайыста Хилон ұлы жеңіпті, 

        Соны көріп бақытты әке қуаныштан өліпті. 

       Қайғы жұтып өкінудің бар ма бұған керегі? 

       Тағдыр мұндай өлім берсе, арманым жоқ дер едім! 

Хилонның қабіріндегі құлыптасқа былай деп қашалып жазылыпты: 

       Көк найзалы Спарта ұл өсірді қайырлы, 

      Даналардың данасы боп даңқы әлемге жайылды. 



Философиялық афоризмдері: 

 



Хилоннан не нәрсе қиын деп сұрағанда: «Құпияны ішіңе сақтау қиын; 

бос  уақытты  орнымен  жұмсау  қиын;  қиянатқа  төзу  қиын»  деп  жауап 

беріпті. 

 



Өзіңді-өзің таны, сонда Құдайды да, Дүниені де танып-білу оңай. 

 



Тіліңмен ақылдың алдын орама. 

 



Ашуыңды ауыздықтай біл. 

 



Басқаның қасіретіне күлме. 

 



Досыңның бар қасына,  

Іс түскенде басына. 

 

Некеңді қи, даңғаза той жасама



Одан сенің берік болмас босағаң. 

 



Аруаққа ғайбат айтпа. 

 



Әлің келмеске әлектенбе. 

 



Уақытты бағалай біл. 

 



Жол үстінде асықпа. 

 



Кәрінің ал батасын, 

Сен де кәрі боласың. 

 

Көп сөйлеп қадіріңді қашырма, 



Әсіресе дастарқанның басында. 

 



Айбат шегіп, бос даурықпа, жалынам, 

Келеді ондай қатынның да қолынан. 

 

Жақыныңды жамандама, өзің болып тым адал, 



Ол да сенің қоқысыңды тіміскілеп шығарар. 

55 

 



 

Заңға мойын ұсын. 

 

Өзіңді-өзің сақта. 



 

Қолын сермеп сөйлейді екен кей кісі, 



Бұл – әдепсіз есерліктің белгісі. 

 



Әуелі өз үйіңе дұрыс билік құрып үйрен. 

 



Өзі күшті адам өзгеге қайырымды болады. 

Жұрт сенен қорықпасын, қадір тұтып сыйласын. 

 

Арам пайдадан адал шығын артық: 



Ондай шығыннан бір-ақ рет өкінерсің; 

Ал арам пайдадан қадіріңді біржолата кетірерсің. 

 

Әдебиет: 

 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов.  /Пер.  М.Л.Гаспарова;  Ред.тома  и  авт.  вступ.  ст. 

А.Ф.Лосев; АН СССР, Ин-т философии. — 2-е изд., испр. «Мысль», 

— Москва: 1986. С.75-77. 

2.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Хилон.  «Аударма»  —,Астана: 

2007. 118-119 беттер 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

56 

 

АНАХАРСИС СКИФСКИЙ 



 

 ( б.д.д. VI-ғасыр, шамамен 605 – 545 ж.ж.) 

 

     — ақын, көне скифтер арасынан шыққан 



грек  ойшылы,  ақыл-парасатымен  дүниеге 

даңқы шыққан данышпан.  

       Орталық  Азия  мен  қазіргі  Қазақ  Елін 

мекендеген  скифтердің  шығыстан  батысқа 

қоныс  аударуы  нәтижесінде  Қара  теңіздің 

солтүстік  өңіріндегі  скифтер  мемлекеті 

пайда  болды.  Ал  Қара  теңіз  жағалауы 

скифтері өз замандастары гректермен тығыз 

қарым-қатынас  жасаған.  Бұл  аймақтағы 

тарихи  байланыстар  жөнінде  бірсыпыра 

анық  мәлімет  беретін  «Тарихта»  Геродот 

Скиф  даласынан  шыққан  ғұлама  Анахарсис  туралы  маңызды  дерек 

қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 

594  жылы  келеді.  Оның  шыққан  тегі  туралы  алғашқы  деректі  Геродот 

былайша  береді:  «Ариапифаның  сенімді  кісісі,  тыңшысы  Тимнен  естуім 

бойынша,  Анахарсис  әке жағынан  Скиф  патшасы  Идантирстің  ағасы  болып 

келеді.  Спаргапифтен  Лик,  Ликтен  Гнур,  одан  Анахарсис  туған». 

Анахарсистің басты мақсаты – Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия 

ғылымын игеру еді. 

       Анахарсис  өз  Отанында  тамаша  тәрбие  алып,  ана  тілін  жетік 

меңгергендігімен  қатар  грек  тілін  де  жақсы  білген.  Ол  өзінің  скиф  және 

эллин  халықтарының  өмір-тіршілігі,  салт-санасы,  әдет-ғұрпы,  кәсібі  туралы 

800-ден  астам  еңбектері  бар.  Анахарсис  Солон  арқылы  афиналықтардың 

салт-дәстүрімен,  заңымен,  мемлекет  құрылысымен  тереңірек  танысады. 

Скиф  данасы  көне  грек  ойшылдарын,  грек  мәдениеті  мен  өнерін  біліп  қана 

қоймай,  оларға  сын  көзбен  қараған.  Оның  көзқарастарынан  далалықтардың 

дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс 

бітімі  қазақтың  белгілі  шешен-билерінің  сөздерімен  қабысып  жатыр.  Эллин 

жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді. 

       Плутархтың 

«Жеті  данышпанның  сауығы»  деген  әңгімесінен 

Анахарсистің  эллиндер  елінде  өзінің  ақылымен,  адамгершілігімен,  терең 

білімімен  үлкен  құрметке  ие  болғаны  байқалады.  Геродоттың  баяндауына 

қарағанда,  Анахарсис  Эллада  елінде  оқып,  білім  алып,  мемлекет  ісіне 

үйреніп,  еліне  қайтады.  Анахарсис  туған  Отанында  оны  көре 

алмаушылардың  қолынан  қаза  табады.  Геродот  Анахарсистің  қайғылы 

өлімінің  себебін  скифтердің  әдет-ғұрпымен  байланыстырады.  Афины 

билеушісі,  Атақты  реформатор  Солонның  төмендегі  жалынды  сөздері  ұлы 

скиф  данышпаны  Анахарсиске  арналады:  «Афиналықтар,  мен  сендер  үшін 

әділетті  заң  жасадым,  оны  өздерің  үшін  де,  мемлекет  үшін  де  өте  пайдалы 

деп есептеймін. Ал мына жателдік азамат ... скиф бола тұра ақылға бай, дана. 


57 

 

Ол  менің  көзімді  ашты,  ойымды  байытты,  көптеген  пікірлерімді  басқаша 



байыптауға  көмектесті,  толып  жатқан  кеңес  беріп,  білім  мен  пайдалы  іске 

үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп 

санап,  оның мүсінін  мыстан  құйып, ең  бір құрметті  жерге  қалаулыларының 

мүсіндерімен қатар қойыңдар!». 

     Анахарсис  –  озық  ақылымен  өз  ортасына  өгей  болған  қасіретті  тұлға. 

Оның  қабірінің  басындағы  құлыптасқа  «тіліңді,  нәпсіңді,  құлқыңды  тый!» 

деп жазылған. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Бұл  Элладада  сайысқа  нағыз  майталмандар  қатысып,  ал  оларға  май 

басып шайқалғандар төрелік ететіні ғажап екен!. 

 

Маскүнем  болмау  үшін  не  істеу  керек  деп  сұрағанда:  «Маскүнемнің 



жиіркенішті бейнесі көз алдында тұрсын!» деп жауап беріпті. 

 



Элладалықтардың  қатыгездікке  қарсы  заң  шығарып,  ал  сайыскерлерді 

бірін-бірі қан қылғаны үшін марапаттайтыны қызық!. 

 

Элладалықтардың  тойдың  басында  шарапты  кішкентай  тостағанмен 



ішіп, лықа тойып алған соң үлкен ыдыспен сіміретініне қайранмын!. 

 



Кеме  тақтайының  қалыңдығы  төрт  елі  екенін  біліп  ол:  «кемедегілер 

ажалдан төрт елі жерде жүр» депті. 

 

Тірі көп пе, өлі көп пе деп сұрағанда: «Кемеде жүргендерді қайсысына 



жатқызамыз?» деп сауал қойыпты. 

 



Қандай кеме  қауіпсіз  деп  сұрағанда:  «Жағада  тұрған кеме»  деп жауап 

беріпті. 

 

«Көргенімнің  ішіндегі  ең  ғажабы  –  элладалықтардың  түтінді  тауға 



қалдырып, отынды қалаға алып кететіні!» депті (көмір туралы). 

 



Элладалықтар  сыбызғы  тарту  үшін  әуелі  шарап  ішіп  мас  боп  алады 

екен. Біреу скифтерде сыбызғы бар ма деп сұрағанда: «сыбызғы түгілі 

жүзім де жоқ!» депті. 

 



Афиндік біреу оны скиф деп кемсіткенде: «мен Отаным үшін ұяламын, 

ал сен үшін Отаның ұялады!» депті. 

 

Базар – бірін-бірі алдап, тонау үшін әдейі жасалынған жер. 



 



жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет