Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет5/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Әдебиет

 

1.

 

Шығыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.«Жазушы»,—Алматы: 

2009. 470-471-бет. 

2.

 

«Книга  Правителя  области  Шан»,  пер.Л.С.Переломова,  НИЦ 

«Ладомир», —Москва: 1993 

3.

 

Удальцов  С.  Ф.  «История  политических  и  правовых  учений  (Древний 

Восток)» Издательский дом СПбГУ, СПб: 2007 

4.

 

Переломов  Л.  С.  Конфуцианство  и  легизм  в  политической  истории 

Китая. —Москва: 1981. С-334 . 

5.

 

Древнекитайская философия.1-2 тт., —Москва: 1972-1973. 

6.

 

История китайской философии. —Москва: 1989. 

7.

 

Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», — Алматы: 2008. 

38 

 

8.



 

Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайской мысли.—Москва: 1989. 

9.

 

Древнекитайская философия. Эпоха Хань. —Москва: 1990. 

10.

 

Кобзев  А.И.  Учение  о  символах  и  числах  в  китайской  классической 

философии. —Москва: 1994. 

11.

 

Рубин В.А. Личность и власть в древнем Китае. —Москва: 1999. 

12.

 

Кобзев А. И. Учение Ван Янмина и классическая китайская философия. 

—Москва: 1983. 

 

 

 



 

 

 



 

 

          



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

39 

 

                Жалпы,  Қытай  философиясы  дәстүрлі  қытай  тарихнамасы  тарихи 



кезеңдерді  билік  еткен  әулеттермен  (династиялармен)  байланыстырылады. 

Сол  тарихнамаға  сай,  бірінші  Ся  әулеті  болған  (б.д.д.IIIғ.  -  б.д.д.XVIғ. 

ортасына  дейін).  Оны  Шан-Инь  әулеті  (б.д.д.1766-1122ж.ж.),  содан  кейін 

Шан-Инь  әулетін  Чжоу  династиясы  (б.д.д.1122-247ж.ж.)  алмастырды.  Бұл 

дәуір үш кезеңге: Батыс Чжоу кезеңі (б.д.д.1122ж.-VIIғ., Шығыс Чжоу кезеңі, 

өз  кезегінде  ол  екі  кезеңге  –  Лего  немесе  Чуньцю  (б.д.д.770-476ж.ж.)  және 

үшінші  Чжаньго  кезеңі  (б.д.д.475-221ж.ж.)  деп  бөлінеді.  Чжоу  дәуірін  аз 

уақыт  Цинь  дәуірі  алмастырды  (б.д.д.221-206ж.ж.),  оның  орнына  б.д.220ж. 

дейін  өмір  сүрген  Хань  дәуірі  келеді.  Осы  дәуірде  ежелгі  Қытай  тарихы 

аяқталып, қытайлық Ортағасыр басталады. 

         Өзіндік  мәдениеті  бар  архаикалық,  рулық  қоғам  жеке  мүдделері  бар 

таптарға, сословиеге бөлініп, мемлекет институты бар қоғамға қарай өткенде 

әуелгі философия (протофилософия) пайда болды. 

       Әулеттен әулетке қарай мемлекеттік билік нығайып, алғашқы қауымдық 

рулық  қатынастар  мен  тәртіптер  жойыла  бастайды.  Сонымен  бірге,  Қытай 

дәстүрлі  қоғамға,  яғни  дәстүр  реттеуші  күш  болатын  қоғамға  жатады.  Оны 

қытайлықтардың  бақыт  пен  жарасымды  үйлесім  тән  өткенге  құрметпен 

қарауынан байқауға болады. Әрбір жаңа әулет өзінің алдында болған әулетті 

сол үйлесімді бұзды деп айыптайтын. 

        Дәстүрлі  қытайлық  сананың  өткенді  құрметтеуінің  әуелгі  Қытай 

философиясына да, тіпті, философиясының жалпы сипатына да әсері болды. 

       Әуелгі  философия  үшін  өткен  нәрсе,  ең  алдымен,  қоғамдық 

дүниетанымның  маңызды  бөлігін  құрайтын,  жалпы  дүниетаным  мен  әлем 

бейнесіне  реңк  беретін  архаикалық  көзқарас  пен  мифология  еді.  Алғашқы 

қауымдық  Қытайды  зерттеген  ғалымдар  Қытай  мифінің  сипатына,  оның 

мәдениеттегі орнына ғана қатысты емес, жалпы оның бар болуына қатысты 

айтысады. 

      Қытайда  мифологияның  философияға  Ежелгі  Грекиядағы  сияқты  елеулі 

ықпалы болған жоқ, бірақ ондай ықпалдың болуын толық жоққа шығару да 

дұрыс  емес.  Өйткені,  философия  мен  мифологияның  және  таза  түрде  өмір 

сүретін  архаикалық  мәдениеттің  арасында  әуелгі  философия  бар.  (Шығыс 

философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,—Алматы:  2009.  126-127 

беттер). Сондықтан ол кейінгі дәуірлерде өзінің заңды жалғасын тапты. 

 

 



40 

 

 



 

 

 



 

 

2 – БӨЛІМ 

 

АНТИКАЛЫҚ ГРЕК-РИМ 

ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

41 

 

            Біздің  дәуірімізге  дейінгі  VII-VI  ғасырларда  Эллада  полистерінде 

(қала-мемлекеттерінде)  қолөнер,  сауда,  ақшалай-заттық  қатынастар  жоғары 

қарқында  дамып,  осы  себептердің  негізінде  өзіндік  талап-мүдделері 

ерекшеленген  әлеуметтік  топтар  пайда  болды.  Евпатридтердің  билігінің 

орнына  мемлекеттің  тирандық,  кейінірек  келе  құлдық  демократия  түрлері 

дүниеге  келді.  Азаматтардың  қоғам  сатысында  алатын  орны  шығу  тегіне 

байланысты  болмай,  олардың  мүліктік  жағдайларымен  байланысты  болды. 

Осы  себептер  ой  еңбегі  мен  дене  еңбегінің  бөлінуіне,  осы  негізінде  таза 

зиялылар  қауымының  пайда  болуына,  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  талап-

мүдделеріне  сай  саяси-әлеуметтік,  философиялық  көзқарастардың қоғамдық 

сана ретінде қалыптасуына әкеп соқтырды. 

           Сонымен  қатар  антика  философиясының  қалыптасуына  Крит-микен, 

Гомерлік  Грекия  кезеңіндегі  әдеби-діни-мифологиялық  көзқарастар  және 

күнделікті  өмір  тұрғысынан  тұжырымдалған  данышпандық  ой-пікірлер 

(Жеті-Данышпан  кезеңі)  негізінде  дамыған  грек  мәдениетінің  сол  кездегі 

Көне  Шығыс  мәдениетінің  озық  үлгілерін  өз  бойына  сіңіру  (мысалы,  сол 

кездегі  афро-азия  елдерінде  жақсы  дамыған  математика  негізінде  грек 

ғұламалары  дедуктивтік  тәсілді  дамытты)  арқасында  қалыптасқан  әлемнің 

субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті. 

Демек,  антикалық  дүниетанымдық  көзқарас  өз  кезеңіндегі  ғылыми 

жетістіктерге  сүйене,  өзінің  логикалық,  категориялық  аппараттарын 

жетілдіре  отырып,  философияның  көзқарастық  және  рационалдық  жүйелік 

жақтарын  тығыз  байланыстыра  қарастырып,  кейінірек  келе  оның 

классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды. 

            Б.д.д.VII-Vғ.ғ. 

антикалық  рухани  даму  мифологиялық,  діни 

көзқарастан  ғылыми,  философиялық  көзқарасқа  қарай  бағытталды.  Бұл 

кезеңді  антикалық  философия  тарихында  Сократқа  дейінгі,  ал  б.д.д.V-IIIғ.ғ. 

ойшылдарының  мәнділіктің  генетикалық  бастамасын,  түпнегізін  жалпы 

дүниетанымдық  көзқарастың  негізі  етіп  алып,  оны  өзінің  категориялық 

аппараты  тұрғысынан  түсіндіріп,  философиялық  ойлауды  биік  деңгейге 

көтеруіне  байланысты  кезеңді  Сократтан  кейінгі  немесе  классикалық  кезең 

деп  екіге  бөледі  (Ж.Алтай,  А.Қасабек,  Қ.Мұхамбетәли.  Философия  тарихы/ 

Антикалық  философия,  «Раритет»,—Алматы:  2006.  19-20  беттер).  Бұл 

антикалық  кезеңде  өмір  сүрген  тұлғалардың  философиялық  ойлаудың  биік 

деңгейіне жетуіне байланысты болды. 


42 

 

ФАЛЕС МИЛЕТСКИЙ 



 

(б.д.д. 640/624 – 548/545ж.ж.  

Милет, Кіші Азия)

 

 



 

      —  көнегрек  философы  әрі  математигі. 

Европа ғылымының тарихы бастау алатын 

ионистік  натурфилософияның  өкілі  және 

Милет  (ионистік)  мектебінің  негізін 

қалаушы.  

       Оның  есімі  геометриялық  теоремамен 

аталады.  Оның  бізге  қалдырған  мұрасы: 

дүниенің алғашқы бастамасы – су («архэ») 

деп білді.  



Философиялық шығармалары: 

           «Бастама  туралы»,  «Күн  туралы», 

«Күн  мен  түннің  теңесуі  туралы»,  «Теңіз 

астрологиясы»  деген  еңбектер  жазған,  бірақ  олар  біздің  заманымызға 

жетпеген.  

               Аристотель  өзінің  «Метафизика»  деген  еңбегінде  заттардың 

генетикалық  бастамасын  іздеген,  олардың  сол  бастамадан  қалай  пайда 

болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің 

өзгеруіне  қарамастан,  жалпы  табиғаттың  жойылмайтындығын  мәселе  етіп 

көтергендердің ішіндегі біріншісі Фалес болды деп көрсетеді. 



Философиялық көзқарастары: 

              Фалестің  ілімінше,  барлық  денелердің  генетикалық  бастамасы  –  су. 

Бұл  жерде  су  –  мұхит  (нун),  Абзулардың  (Абсулардың)  философиялық 

жиынтықталған  ұғымы.  Фалес,  бір  жағынан,  барлық  денелер  суда  қалқып 

жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол – «ақыл-ой», осы тұрғыдан 

ол  Құдай  тектес  дейді.  Ол  әлемдегі  барлық  заттардың  өмір  сүруінің  алғы 

шарты-мыс.  Күн  және  басқа  әлемдік  денелер  судың  буымен  қоректенеді. 

Әлем  құдайға  толы,  құдайлар  әлемдегі  болып  жатқан  құбылыстардың,  іс-

әрекеттің  негізгі  күші,  сонымен  қатар  сол  денелердің  өзіндік 

қозғалыстарының қайнар көзі ретінде – солардың жаны. Мысалы, магниттің 

жаны бар, себебі ол өзіне темірді тарта алады. 

            Фалес  таным  процесінде  танып-білу  бір  бастамадан  басталып,  соның 

төңірегінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады. 

           Фалестің  философиялық  көзқарасы  тұрпайы,  балаң  болғанымен, 

табиғат  құбылыстарын,  олардың  пайда  болу,  даму  заңдылықтарын  табиғи 

тұрғыдан  танып-білуге  ұмтылған  алғашқы  талпыныс  болды.  Оның  ілімі 

өзінен  кейінгі  талай  ғұламаларға  сара  жол  сияқты  бастама  болып, 

философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты. 



Философиялық афоризмдері: 

 



Бәрінен көне – Құдай, өйткені ол ешкімнен тумаған. 

 



Бәрінен сұлу – Әлем, өйткені оны Құдай жаратқан. 

43 

 



 

Бәрінен үлкен – Кеңістік, өйткені оған бәрі сыяды. 

 

Бәрінен жүйрік – ақыл, өйткені ол бәрінен озады. 



 

Бәріне күшті – Қажеттілік, өйткені ол бәріне билігін жүргізеді. 



 

Бәрінен данышпан – Уақыт, өйткені ол бәрінің сырын ашады. 



 

Бәріне ортақ –Үміт, өйткені ештеңесі жоқ адамның өзінде үміт бар. 



 

Не қиын? – Өзіңді-өзің тану қиын. 



 

Не оңай? – Өзгеге ақыл айту оңай. 



 

Кім  бақытты?  –  тәні  сау,  жаны  сезімтал  болып,  бойындағы  барды 



дамыта білсе, сол бақытты. 

 



Ата-анаңа не көрсетсең, балаңнан соны күт. 

 



Нілдің  жайылуы  аңғардан  қарсы  соққан  желдің  ағысты  бөгеуінен 

болады. 


 

Дұшпаныңның  күні  бұдан  да  төмен  екенін  көрсең,  қасіретіңді  жеңуің 



оңай. 

 



Біреуді  істеді  деп  кінәлаған  қылықтан  өзің  бой  тартсаң,  ең  баянды 

тірлік сол. 

 

Жақсылыққа үйрет, өзің де үйрен. 



 

Құдайдан істеген күнәң түгілі, ойлаған ойыңды да жасыра алмайсың. 



 

Үш  нәрсе  үшін  тағдырыма  ризамын:  біріншіден,  аң  алмай  адам  боп 



туғаным  үшін;  екіншіден,  әйел  болмай  еркек  болғаным  үшін; 

үшіншіден, жабайы болмай эллиндік болғаным үшін. 

 

Надандықтан өткен сорақылық жоқ. 



 

Ел билеу үшін әуелі өзіңді билеп ал. 



 

Ең дұрыс нәрсе не? – Табиғатпен үндестік, мөлшермен іс қылу, өйткені 



кейде артық рахаттың өзі де мезі қылады. 

 



Ең зиянды не? – Кемістік, өйткені ол жүрген жердің бәрі бүлінеді. 

 



Тәннің ләззаты – саулығында, 

Жанның ләззаты – білімінде. 

 

Әдебиет: 

 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов;  пер.  Гаспаров  М.Л.;  ред.  тома  Лосев  А.Ф.  «Мысль»,— 

Москва: 1986. — С. 61—68. 

2.

 

Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 20-бет. 

3.

 

Асмус В.Ф. Античная философия. ВШ, — Москва: 1998. С. 10—13. 

4.

 

Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Фалес.  «Аударма»,  —Астана: 

2007. 117-118 беттер 

5.

 

Лебедев А.В. Демиург у Фалеса? (К реконструкции космогонии Фалеса 

Милетского) //Текст:семантика и структура.—М: 1983. С.51—66. 

6.

 

Панченко  Д.В.  Фалес:  рождение  философии  и  науки.//  В  кн.: 

Некоторые проблемы истории античной науки. — Л., 1989. — С.16 


44 

 

КЛЕОБУЛ ЛИНДСКИЙ 



 

(б.д.д. VI-ғасырдың бірінші жартысында) 



 

 — 


грек 

ойшылы, 


әйгілі 

жеті 


данышпанның бірі. 

         Диоген  Лаэрций  жүгінген  Дуридің 

мәліметі  бойынша,  ол  Родос  аралындағы 

Линда шаһарында дүниеге келіп, кейіннен 

сол  қаланың  билеушісі  болған.  Әділ 

билігі,  кең  мінез,  кемел  парасатымен 

даңқы  шығады.  Клеобул  билік  құрған 

кезде  елге  құт-береке  қонып,  Линда 

барынша көркейеді.  

         Зорлық-зомбылық 

ауыздықталып, 

бұқара  жұртшылық  шынайы  демократия 

мен  бостандықтың  шырын  дәмін  татады,  яғни  Клеобул  өзінің  осынау 

қайраткерлік тәжірибиесі арқылы дана басқарған ел озатының дүлей басқарса 

тозатынын дәлелдеп кеткен. 

       Ол  томырық,  дүмшелер  сияқты  достан  жау  іздемеген,  қайта  дұшпанды 

дос қылуға тырысып, бауырына тартқан. Сондықтан да өз елдерінде қағажу-

қиянат  көрген  озық  ойлы  даналар,  өнерпаздар  айналып-үйіріліп  соны  пана 

тұтатын  болған.  Көбінесе  ондайларды  Клеобулдың  өзі  арнайы  шақыртып 

алады  екен.  Мәселен,  зұлым  патша  Писистраттың  заманында  басы 

сергелдеңге  түсіп,  шетте  қуғында  жүрген  кемеңгер  Солонға  былай  деп  хат 

жолдағаны  мәлім:  «Сенің  досың  көп,  барлық  жерде  үйің  де  бар  екенін 

білемін.  Бірақ  тілімді  алсаң,  саған  Линдадан  артық  жер  жоқ,  өйткені  мұнда 

шын  мәнінде  халық  билік  құрады.  Бұл  арал  теңіздің ортасында  орналасқан, 

сондықтан Писистраттың құрығы саған жете қоймайды. Ал достарың болса, 

шартараптан келіп тұрады». 

         Клеобул  сырт  тұлғасы  аса  сымбатты  әрі  өте  қайратты  адам  болыпты. 

Соған қарап замандастары оны Гераклдің тікелей ұрпағы деп аңыз таратқан. 

Жақсы  даңқымен  бірге  жасасып  келе  жатқан  көп  игі  істерінің  бірі  –  оның 

сәулет  өнеріне  деген  айрықша  ықыласы.  Мысалы,  оның  Данай  іргетасын 

қалаған Афина храмын қалпына келтіруі әлі күнге дейін тарих жадында. 

Философиялық шығармалары: 

        Клеобул  көне  Грек  пен  Мысыр  философиясын  терең  меңгерген. 

Айналасына  даналарды  жинап  қана  қоймай,  олармен  өнер  жарыстырған; 

талайдан ой оздырып, артына сөз қалдырған кемеңгер. Ақындыққа бой ұрып, 

өлең  де  жазған.  Диогеннің  айтуынша,  ұзын-ырғасы  үш  мың  жолдық  өлең, 

жұмбақтары  сақталыпты.  Тіпті  Мидас  патшаның  қабырындағы  Гомерге 

таңылып жүрген өлеңді де Клеобул жазды деген дерек бар. 

       Клеобул  жетпісті  алқымдаған  шағында,  ел-жұрты  әулие  тұтып 

әлпештеген қадірлі қалпында пәниден өтеді. Оның қабырындағы құлыптаста 

мынадай өлең жолы айшықталған: 



45 

 

         Дана өлді, жұрты сөзін 



         Дұғалықтай жаттайды. 

        Линда – Отаны сүртіп көзін, 

         Күңіреніп жоқтайды.  

Философиялық афоризмдері: 

 



Дана адам – жалғандықтың жауы. 

 



Аз сөйлеп, көп тыңда. 

 



Өзің жек көргенді өзгеге тілеме.  

 



Мөлшер бәрінен маңызды. 

 



Тағдырдың сынынан абыроймен өте біл. 

 



Мазаққа ұшырағандарға күлме – өзіңе жау табасың. 

 



Бақ қонса - тасыма, қасірет көрсең – жасыма. 

 



Не нәрседе сабыр сақтап бел ортаны ұстасаң – 

Өмірің тыныш, қор болмайсың ешқашан. 

 

Мас құлды жазалама, өзің масқара боласың. 



 

Досыңа да, дұшпаныңа да жаға біл: 



Досыңның достығы артады, 

Қасың пиғылынан қайтады. 

 

Үйден  шығып  бара  жатқаннан:  неге  кетіп  барасың  деп  сұра;  қайтып 



келгенде: не бітірдің деп сұра. 

 



Қыз баланы жасы – бойжеткен, ақылы – әйел боп ержеткен кезде ұзат. 

 



Өзіңе тең жар таңда – өкініші болмайды. 

Тегі жоғарының туыстары билеп-төстеп қорлайды. 

 

Білімге асық бол, надандықтан қашық бол. 



 

Елдің көзінше әйеліңмен аймаласпа, не онымен керіспе. 



Біріншісі – есерлік, 

Екіншісі – мінез емес кешерлік. 

 

Жақсылықтың досы бол, жамандықтың қасы бол. 



 

Жалғандықтан қаш. 



 

Жаулық іздеп жанталаспа. 



 

Мейлі үлкен, мейлі болсын кішкене, 



Еш нәрсені зорлықпенен істеме. 

 



Әділетпен билік құрса Әмірің, 

Рақат деп соны айтсаңшы, Тәңірім! 

 

Әдебиет: 

 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов,  Пер.  М.Л.Гаспарова;  Ред.  тома  и  авт.  вступ.  ст. 

А.Ф.Лосев; «Мысль», —Москва: 1986. с. 81-83. 

2.

 

Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Клеобул. «Аударма», —Астана: 

2007. 51-53 беттер. 

 


46 

 

ПИТТАК МИТИЛЕНСКИЙ 



 

(б.д.д. 651 – 569 ж.ж.) 

 

— әйгілі жеті данышпанның бірі.  



        Он 

жылдай  Свиданы  билеген. 

Афиндықтар 

мен 


митилендықтар 

Ахилентида аралына таласып бір-бірімен 

соғысқанда,  Питтак  митилендықтарды, 

ал  олимпия  жеңімпазы  –  бессайысшы 

Фринон  афиндықтарды  басқарады.  Ол 

қарсыласын 

жекпе-жекке 

шақырып, 

қалқанына  жасырған  торды  оңтайлы 

сәтте  басына  орап  жібереді  де,  оны 

буындырып 

өлтіреді. 

Сөйтіп 

басшысынан  айырылған  афиндықтар 



жеңіліп, даулы жерді қайтарып алады. 

       Кейін 

биліктен 

кеткенде, 

митилендықтар  қадірлеп  оған  еншіге  жер  бөліп  береді.  Сонда  Питтак: 

«Жарты – бүтіннен үлкен» деп, ол жердің кішкентай бір бөлігін ғана алыпты. 

Сосикраттың  айтуынша,  ол  онсыз  да  ақшам  керегінен  екі  есе  көп  деп  Крез 

патша  берген  пұлды  алмай  қойыпты.  Бұлай  дейтін  себебі,  Питтак  артында 

баласы  жоқ,  қайтыс  болған  ағасының  мұрагері  екен.  Оның  Тиррей  деген 

баласын  Ким қаласында  шаш  алдырып  отырғанда  бір  ұста  балтамен  шауып 

өлтіріпті.  Қаланың  азаматтары  қылмыскерді  тұтқындап,  Питтактың  алдына 

жібереді.  Сонда  Питтак  оқиғаның  қалай  болғанын  анықтап  біледі  де: 

«Өкінгеннен кешірген жақсы!» деп, оны қоя береді. 

           Билік  жүргізген  кезінде  «Аралда  шарап  көп  деп  есі  кеткенше  ішпес 

үшін маскүнемге екі айып салынсын» деген заң шығарған. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Кісіні сынағың келсе – билік бер. 

 



Ойға алған ісіңді жария қылма, орындалмаса – күлкіге қаласың. 

 



Не бұлыңғыр? – Болашақ. 

 



Не сенімді? – Жер. 

 



Не сенімсіз? – Теңіз. 

 



Ақылды пәлені болмай тұрып болжай біледі, батыр келген пәлені жеңе 

біледі. 


 

Біреудің сәтсіздігіне күлме, сондай болудан қорық. 



 

Ең жақсы не? – істеген ісіңді жақсылап істе. 



 

Әдебиет: 

 

1.

 

Диоген  Лаэртский.  О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов, Пер. М.Л.Гаспарова; «Мысль»,— Москва: 1986. С.77-79. 

2.

 

Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Питтак. «Аударма»,—А: 2007.  

47 

 

СОЛОН АФИНСКИЙ 

 

(б.д.д. 638 – 559 ж.ж.) 



 

              —  афиндік  саясаткер,  ұлы  ойшыл, 

ақын  әрі  заңгер.  Кезінде  әйгілі  жеті 

данышпанның бірі атанған.  

              Платон  оны  «жеті  кемеңгердің  ең 

данышпаны,  бекзат  ақын»  деп  бағалаған. 

594  жылы  афиндықтар  Солонды  архонт 

(билеуші,  төбе  би)  ғып  сайлап,  жаңа 

мемлекеттік  тәртіп  орнатуға  төтенше 

өкілеттік  береді.  Жұрттың  бәрі  бұл 

шешімді 

ризашылықпен 

қабылдайды: 

байлар оны ауқатты деп бағаласа, кедейлер 

адал адам деп оған үміт артады.  

     Солон  қанша  жерден  игі  жұмсақ 

болғанымен  билік  құрған  кезінде  онша  осалдық  танытпаған.  Ықпалды  деп 

алпауыт-шонжарлардың  ығына  жығылмайды,  заң  түзгенде  осылар  мені 

қолдап  еді  ғой  деп  сайлаушыларға  да  іш  бұрмайды.  Дұрыс  тұрған  нәрсені, 

түзеудің  жөні  осы  екен  деп,  орынсыз  өзгертуден  бой  тартады.  Тек  сендіру 

арқылы  іске  асыруға  болатын  шараларға  жүгінеді.  Тіпті  күштеген  күннің 

өзінде де қарсылық туғызбайтындай болғанын қалайды. Осыған байланысты 

ол «күштеумен заңды ұштастыра білдім» дейді. 

    Солон  сексен  жасында  Кипрде  қайтыс  болған.  Өсиеті  бойынша  сүйегін 

өртеп, күлін туған жері – Саламинаға әкеп шашып жіберген. 

Шығармалары: 

        Солонның  басты  еңбегі  –  шығарған  заңдары,  оған  қоса  көптеген  үлгі, 

насихат  тұрғысындағы  ғақлия,  бес  мың  жолдай  элегиялық  өлеңдер  жазған. 

Солардың біразы қанатты сөзге айналып, қазір ұрпақтар аузында қалды. 



Философиялық афоризмдері: 

 



Халқыма мен билікті қажетіне қарай бердім: 

Ұжданына тимедім, артық ұхұқ та бермедім. 

Байлығымен, айбынымен елден асқан ерлерді де ойладым – 

Басқаларға қорлатып, басындырып қоймадым. 

Ортасында тұрып алып қалқаныммен жасқадым, 

Жол бермедім әділетсіз жеңуіне басқаның. 

 

Бай болғым келеді, бірақ адал байлықты қалаймын. 



Арамнан жиған дүние түбіне жетті талайдың. 

 



Байлар көп жамылған кісі атын, 

Ал жақсылар – мүсәпір. 

Қалай айырбастаймыз кісілікті бір қапшық ақшаға: 

Өйткені кісілік әрқашан өзімізде қалады, 

Ал ақша – бүгін сенде, ертең кетер басқаға. 

 



Ұлы істе бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. 

48 

 



 

Сөз дегеніміз істің көрінісі. 

 

Кім бәрінен күшті, сол ғана патша. 



 

Өзгеден жауап талап ете отырып, өзің де есеп бер. 



 

Көпті қорқытқан көптен қорқуға тиіс. 



 

Заң қарақұрттың торы сияқты: 



Әлсіздер шырматылып, түк шықпасын ұғады. 

Ал күштілер бұзып-жарып шығады. 

 

Қылмысты қалай жоюға болады деп сұрағанда: 



«Зәбір  шеккенге  де,  шекпегенге  де  бірдей  ауыр  тиетіндей  болсын!» 

депті. 


 

Өзгеге бұйырмас бұрын өзің бағынып үйрен. 



 

Қартайдым, бірақ ылғи да көп нәрсені үйренудемін. 



 

Солонның баласы өліп жылап отырғанда біреу: 



«Бұған енді шара жоқ қой!» дейді. Сонда Солон: «Шара жоқ болған соң 

жылап отырмын!» депті. 

 

Мен күштеп мәжбүрлеуді заңмен ұштастырдым. 



 

«Әкесін  өлтіргенді  жазалау  туралы  неге  заң  шығармадыңыз?»  деп 



сұрағанда:  «Ондай  заңның  қажеті  болмай-ақ  қойсын!»  деп  жауап 

беріпті. 

 

Құдайды құрметте, ата-анаңды ардақта. 



 

Әрқашанда ақылың жетекші болсын. 



 

Халық билеген елде тұру мен үшін бәрінен қымбат. 



 



жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет