Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет4/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Әдебиет: 

1.

 

Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

2.

 

Майоров  В.М.  Мэн-цзы  /Под  ред.  акад.В.С.Мясникова.—Москва:  2005. 

С.275. 

29 

 

СЮНЬ-ЦЗЫ 



(СЮНЬ КУАН, СЮНЬ ЦИН) 

 

(шамамен б.д.д. 313 ж.,  Чжао патшалығы 



 

б.д.д. 238ж. кейінгі, Чу патшалығы) 



 

           —  конфуцийлік  дәстүріндегі  ұлы 

қытай ойшылы.  

            Ци 

Линьцзы 

патшалығының 

астанасы  атақты  Цзися  философиялық 

академиясында  және  Цинь  легистік 

патшалығында  бірнеше  рет  болған  (б.д.д. 

IIIғ.  басында).  Б.д.д.  255-238ж.ж.  Чу 

патшалығындағы 

Ланьлин 


уездінің 

басқарушысы 

болып 

тағайындалады. 



Отставкаға 

кеткеннен 

кейін 

педагогикалық  қызметпен  айналысады. 



Сюнь-цзы өзінің өмірінің соңғы жылдарында «жетілген ақыл иесі болуының 

орнына, керісінше есі ауысқан адам» болуға мәжбүр болады. Ертедегі Қытай 

философиясындағы  тұрпайы  материализм  өкілі  Сюнь-Цзы  Конфуций 

ілімінің материалистік бағытын қолдады. 



Шығармалары: 

«Сюнь-цзы» атты трактат жазған. 



Философиялық көзқарастары: 

            Ол  Көк-Аспанды  нақты  заттар  ретінде:  жұлдыздар,  күн  мен  ай,  жыл 

мезгілдері жарық пен қараңғы, жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі 

түрлі  құбылыстар  белгілі  заңдылықпен  жүреді  деді.  Таным    сезімнен 

басталады,  ал  сезімді  тудыратын  табиғи  заңдылықтар.  Сана  (син)  сезімді 

билейді.  Адам  табиғатында  не  жақсы,  не  жаман  қасиеттер  жоқ.  Олар  кейін 

пайда болады.  

         Сюнь-цзы  адам  мәнінің  ерекшелігі  туралы  пайымдағанда,  оның 

әлеуметтік  мәнін  айқын  түйсінген.  Ол  былай  деп  жазады:  «Адамның  күші 

өгіздің күшінен кем, жүгіру қабілеті жылқыдан төмен, бірақ ол жылқыға да, 

өгізге  де  жұмыс  істетеді.  Неліктен  бұлай?  Оның  жауабы:  адамдарда  бірге 

өмір  сүру  қабілеті  бар,  ал  өгіз  бен  жылқыда  ондай  қабілет  жоқ».  Бұл 

қорытынды,  біздіңше,  классикалық  қытай  философиясында  адам  мәнін 

ұғынудағы  маңызды  саты  болған.  Батыстық  философияда  бұл  идеяны  дәл 

осындай  айқын  түрде  Аристотель  айтқан  еді.  Сюнь-цзының  пікірінше, 

әлемде тұратын адамдардың бірге тұрмауы мүмкін де емес екен. 

         Сюнь-цзы  адамдардың  бірге  тұруының,  яғни  қоғамның  негіздерін 

түсінуге  талпынған.  Ол  ешқандай  мифологиялық  бастауды  іздемейді  және 

ғылыми деуге тұрарлық түсіндіруді табуға талпынуы оның даусыз еңбегі еді. 

Бірақ  Батыстағы  қоғамдық  келісімнің  теоретиктері  (Т.Гоббс,  Ж.-Ж.Руссо 

және т.б.) қоғамды тарихи тұрғыда емес, сол кезеңнің буржуазиялық қоғамы 

ретінде  қабылдайтыны  сияқты,  Сюнь-цзы  да  қоғам  ретінде  өз  заманындағы 



30 

 

қытай  қоғамына  сыни  көзбен  қарамайды.  Бұдан  оның:  «Адамдар  ненің 



арқасында  бірге  тұра  алады?  Жауап  беремін:  міндеттерді  өзара  бөлісудің 

арқасында.  Ондай  бөлініс  қалай  мүмкін  болады?  Жауабым:  парыз  сезімінің 

арқасында. Сондықтан парыз сеніміне сай бөлініс жүргізілгенде, ол келісімге 

алып  келеді;  адамдардың  арқасында  келісім  болса,  ол  бірлікке  жетелейді; 

бірлік  күштің  молаюына,  ал  күштің  көптігі  құдыреттілікке  жеткізеді; 

құдыреттілік заттарды жеңуге мүмкіндік береді.  

         Сюнь-цзы өзі өмір сүрген қоғамдағы еңбек бөлінісі мен оның негізіндегі 

әлеуметтік қызметтің бөлінісіне арқа сүйеген. Теңсіз бөліністің қажеттілігіне 

негізделіп, ол өз трактатында экономикалық мәселелерді де қарастырған. 

         Демек,  Сюнь-цзы  ілімін  талдай  келіп,  мынадай  қорытынды  жасауға 

болады. Бұл ілімде этикалық бастау Конфуций немесе Мэн-цзы ілімдерімен 

салыстырғанда  аса  маңызды  болмайды,  өйткені  бұл  бастауды  саяси  және 

экономикалық  бастаулар  ығыстырған.  Осының  салдарынан  адамгершіліктің 

маңызы жол-жора мен парыздан төмен болады. Бірақ Сюнь-цзының бекзат ер 

(цзюнь  цзы)  мен  қарапайым  адамның  (сяо  жэнь)  өзара  орын  алмастыру 

мүмкіндігін  жоққа  шығармауына  байланысты  оның  ілімін  Конфуций  мен 

Мэн-цзының  ілімдерінен  (Хань  дәуірінің  конфуцийшілдерін  айтпағанда) 

әлдеқайда  адамгершілік  сипатта  болады  және  оған  адамның  әуелгі  зұлым 

табиғаты туралы қағидасы кедергі болмайды. 

           Сюнь-цзы  Конфуций  іліміне  материалистік  нышан  енгізген.  Әлемнің 

негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне ян). Әлем 

өзінің  табиғи  заңдылықтары  арқылы  өмір  сүреді,  көк  тәңірі  –  әлемнің 

құрамдас  бөлігі  ғана,  оны  зерттеп,  сырын  ұқса  адамдардың  мақсат-

мүдделеріне пайдалануға болады. Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, 

бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым 

Абайдың  ауруды  жаратқан  Құдай,  бірақ  нақты  адамды  ауру  қылған  Құдай 

емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе 

кедей  қылған  Құдай  емес,  адамның  бақытты  яки  бақытсыз  болмағы  өзінен 

дейтін ойымен үндесіп жатыр. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Аспанастын  біріктіру,  заттарды  жақсарту  керек,  соның  нәтижесінде 

халық өмір сүреді және өзінің өмір сүруіне қажетті заттарды ала алады, 

ал Аспанастындағы – пайда таба алады, адамдар барлық жағынан сөзсіз 

бағынады,  алты  ілім  келмеске  кетеді,  ал  он  екі  философ  өз 

көзқарастарын  өзгертеді  –  қолында  билігі  бар  кемеңгерлер  осындай 

болады. 


 

Теңдікке жету үшін теңсіздік қажет. 



 

Әрбір адам әлденені дұрыс деп есептейді – бұл данаға да, ақымаққа да 



бірдей  тән.  Алайда  олардың  дұрыс  деп  есептейтіндері  бір-бірінен 

бөлек; дана мен ақымақтың арасындағы айырмашылық та осында. 

 

Билеушінің міндеті – қайырымды болу, қарапайым адамдардың міндеті 



–  қара  жұмыспен  айналысу.  Қара  жұмыс  –  игілікке  қызмет  ететін 

жұмыс.  Қарапайым  адамдардың  еңбегі  ол  қайырымды  билеушіге 

бағытталғанда ғана жинақталады. 


31 

 



 

Адасу деп не аталуы мүмкін? Тілектермен ғана шектелу адасу болады, 

жеккөрушілікпен ғана шектелу  – адасу, заттардың тек басталуын ғана 

көру – адасу, олардың ақырын ғана көру – адасу, тек ұзақтағыны ғана 

көру – адасу, жақындағыны ғана көру – адасу, кең ауқымнан ғана көру 

–  адасу,  кемшілікті  ғана  көру  –  адасу,  көнеге  қарай  бойлай  беру  – 

адасу,  бүгінмен  ғана  өмір  сүру  –  адасу  болады.  Барлық  заттар  бір-

бірінен  ерекшеленеді,  сондықтан  оларға  жақсылап  қарасақ  сөзсіз 

адасушылық туындайды. Бұл адамдардың ойлауындағы жалпы дерт. 

 



Ілім үйренуде кідіруге болмайды. 

 



Жүрек  –  тәннің  билеушісі  және  даналықтың  иесі.  Ол  тәнге  бұйрық 

береді,  оны  қабылдамайды:  ол  өзі  тыйым  салады,  қозғалуға,  ұстауға, 

алуға,  әрекет  жасауға  және  тоқтауға  мәжбүрлейді.  Сондықтан  ауызды 

ашпауға  немесе  үндемеуге  мәжбүрлеуге  болады;  тәнді  иілуге  және 

тіктелуге мәжбүрлеуге болады; жүректі қорқытып, өз ниетін өзгертуге 

мәжбүрлеуге  болмайды.  Жүрек  өзі  дұрыс  деп  есептеген  нәрсені  ғана 

қабылдайды және өзі бұрыс деген нәрсені теріске шығарады.  

 



 Тексеруге болмайтын сөздерге; бұрын болмаған іс-әрекеттерге; бұрын 

еш  жерде  естілмеген  ойларға  –  осының  барлығына  кемеңгер  адам 

сақтықпен қарайды. 

 



Адам өз табиғатынан керемет қасиеттер мен даналыққа ие болса да, ол 

сонда  да  дана  ұстаз  туып,  барлық  істе  оның  соңынан  еруі  керек,  ол 

жақсы адамдардан дос тауып, олармен достасуы керек. 

 



Адамның сыпайы, көнгіш болуы оның табиғатына қайшы келеді. 

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Шығыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,—Алматы: 

2009. 215-216 беттер 

2.

 

Ежелгі  Шығыс  философиясы/  Сюнь-цзы.  «Әлемдік  философиялық 

мұра», 20-томдық. «Жазушы», —Алматы: 2005. 486-бет. 

3.

 

Феоктистов  В.  Философские  трактаты  Сюнь-Цзы.  Исследования, 

перевод, размышления китаеведа. «Наталис», —Москва: 2005. С-432.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

32 

 

ДУН ЧЖУНШУ 



 

(б.д.д.190ж. немесе 179ж  

– б.д.д.120 немесе 104ж.) 

 

           —  философ,  мемлекет  қызметкері, 



конфуцийшілікке  мемлекеттік  идеология 

сипатын 


берген 

«Хань 


дәуірінің 

Конфуцийі»,  «жаңа  мәтіндер  мектебінің» 

көшбасшыларының бірі.  

           Чиновник  қызметіне  алу  үшін 

конфуциандық 

канондар 

бойынша 

емтихан  алуды  бірінші  болып  енгізген. 

Император  мектебінде  сабақ  берген, 

Сыма Цяньнің ұстазы.  



Философиялық шығармалары: 

           Дун Чжуншудың идеялық мұрасы 82-философиялық және әлеуметтік-

саяси эсселер, оларды құрастырушылар «Чунь цю фань лу» (Көктемдер мен 

күздердің мол шықтары) деп атаған.  



Философиялық көзқарастары: 

           Конфуцийшілдіктің  шекарасында  жоғары  дәрежедегі  натурфилософия 

жасады,  онда  даосизм  мен  иньян  цзя  идеяларын  қолданды.  Дун  Чжуншу 

бойынша, әлемде барлығы «алғашқыбастаудан» (алғашқы себеп – юань, ұлы 

шектік  –  тай  цзы)  тәрізді  пайда болады,  ол  «пневмадан»  (ци) пайда  болады 

және  даоға  бағынады.  Даоның  әрекеті қарама-қарсы  күштер инь  мен янның 

кезектесіп ауысуымен және «бір-бірін тудырып отыратын» «бес элементтің» 

(у  син)  айналымы  арқылы  іске  асады.  Бірінші  рет  инь  ян  және  у  син  екілік 

және  бестік  классификациялық  құрылымы  бүкіл  универсумды  қамтитын 

біркелкі жүйеге біріктірілді. 

 

Әдебиет: 

 

1.

 

Шығыс философиясы./«Мәдени мұра», ОҚ.«Жазушы»,—Алматы: 2009. 

2.

 

Быков Ф. С. Учение о первоэлементах в мировоззрении Дун Чжуншу // 

Китай, Япония. История и филология. —М., 1961. 

3.

 

Гране М. Китайская мысль. —М., 2004. С. 385—390. 

4.

 

Китайская философия. Энциклопедический словарь. —М., 1994  

5.

 

Дун  Чжуншу.  О  небе  и  человеке.  О  познании./Антология  мировой 

философии, т. 1, ч. 1. —М., 1969  

6.

 

История китайской философии. —М., 1989  

7.

 

Дун  Чжуншу.  Чунь  цю  фань  лу.  /Древнекитайская  философия.  Эпоха 

Хань. —М., 1990  


33 

 

ЛАО-ЦЗЫ 



(ЛИ ЭР, ЛАО ДАНЬ, ЛАО ЛАЙ-ЦЗЫ) 

 

(б.д.д.VI -Vғ.ғ. Қытайдың оңтүстігіндегі 

Чу патшалығы) 

 

        — ұлы қытай философы, «Қарт нәресте» 

немесе «Дана қарт» деген атқа ие болған.  

Шығармалары: 

«Дао дэ цзин» философиялық трактаты. 

             Қазіргі 

ғылым 


Лао-цзының 

тарихилығына  күмән  келтіреді,  сонда  да 

ғылыми әдебиеттерде оны даосизмнің негізін 

қалаушы деп есептейді. Сыма Цянның (б.д.д. 

II-ғ.)  («Ши  цзи»  кітабында)  айтуына  қарағанда,  Лао-цзы  Чу  патшалығында 

өмір  сүрген.  Чжоу  патшалығының  кітапханасының  сақтаушы  қызметкері 

болып қызмет еткен, сол жерде Конфуциймен кездескен. Өз ілімінің Қытайда 

іске  асатынына  сенбей  күмәнданған  Лао-цзы  Батысқа  саяхатқа  аттанған. 

Шекарада оның басшысы Инь Сидің сұрауы бойынша «Дао дэ цзин» кітабын 

жазып қалдырған, онда өзінің ілімін баяндаған. Кейін Лао-цзы жеке тұлғасы 

мифке  айналдырылған.  Хань  династиясы  кезінде  ол  «Аспан  мен  Жерден» 

бұрын пайда болған дао ретінде қабылданады, даостардың жоғарғы Құдайы – 

Лао-цзюнь («Қарт патша») ретінде сыйыну обьектісіне айналды.  

Философиялық көзқарастары: 

            Даосизм  философиясында  Дао  барлық  бар  нәрсенің  субстанциялық 

заңдылығы,  ғарыш,  адам,  қоғамның  мезгілсіз  болмыс  заңы,  тудырушы 

бастау, формаға ие болған заттардың генетикалық алғышарты, жол, циклдік 

уақыт принципі, әлемнің онтологиялық мәнімен бірігуге талпынған адамның 

өмірлік  жолы.  Даоға  игі  күш  –  дэ  тән.  Даосизмнің  жетекші 

тұжырымдамаларына  цзы  жань  (табиғилық)  және  у  вэй  (әрекетсіздік, 

мақсатты  әрекеттің  жоқтығы)  жатады.  Даосизм  ілімге  сай  өзімшілдік 

ұстанымдар  мен  даодан  бас  тарту  адамдардың  адасуына  ұшыратады,  олар 

әлемді  өзіндік  мәні  болады  деп  түсіндірілетін  жеке  заттарға  бөлшектей 

бастайды.  Даоның  ешқандай  шекарасы  жоқ  –  дао  әлемде  барлығы 

теңестірілген, 

біртұтастыққа 

біріктірілген. 

Барлық 


қайшылықтар 

үйлесімділікке келтірілген, обьект пен субьект бір-біріне қарсы қойылмаған. 

Осыдан  даосизм  философиядағы  релятивизм  шығады  (Чжуан  цзы).  Дао  –

космоспен біріккен, ақиқатты аныған данышпан үшін өмір мен өлім туралы 

қарама-қарсы  түсінік  жоқ.  Даосизмде  адам  біркелкі  психосоматикалық 

тұтастық,  руханилық  (жан)  мен  материалдыққа  (тән)  бөлінбеген.  Рухани 

бастау – «рух» (шэнь) квазиматериалды субстанция «пневманың» (ци) нәзік 

күйі  ретінде  түсіндіріледі.  «Рух»  денемен  бірге  өледі  және  әлемдік 

«пневмаға» жайылып кетеді, ал дао - универсумы  болса – мәңгі, сондықтан 

оған  ұқсас  адамда  мәңгі  болуы  тиіс.  Мәңгілік  даомен  қосылған  кезде  іске 

асады.  


34 

 

          Даосизм  тарихының  түптамыры  Шу  патшалығындағы  шамандық 



сенімдермен  және  магтар,  сиқыршылар  ілімдерімен  байланысты  болуы 

мүмкін.  Б.д.д.  III-IVғ.ғ.  философиялық  рефлексияның  нәтижесінде  алдыңғы 

ғасырда  стихиялық  түрде  қалыптасқан  түсінік  негізінде  ілім  пайда  болады. 

Оны ұстанғандар кейін б.д.д. I-IIғ.ғ. пайда болған «дао және дэ» (даодэ цзя) 

мектебіне  жатқызылады.  Бұл  ілімнің  ескерткіштеріне  аты  жартылай  аңызға 

айналған  данышпан  Лао-цзы  жазды  деген  «дао  дэ  цзин»  және  IV-IIIғ.ғ. 

философы  Чжуан  Чжоудың  көзқарастары  баяндалған  «Чжуан–цзы» 

трактаттары жатады. Одан басқа Даосизмнің негізін қалаушыларға Ле Юйкоу 

(Лю  Аньды)  Хуайнань-цзы  (б.д.д.IIғ.)  жатқызуға  болады.    Діни-

философиялық  жүйе  ретінде  Даосизм  б.д.  Лао-цзы  мен  Чжуан-цзы 

ілімдерінің, натурфилософтар (иньян цзя), «рух» концепциясының, шамандар 

мен  магтардың  сенімдерінің,  «өлмейтін  қасиетті  адамдар»  (сянь,  шэнь  сян) 

туралы  түсініктің  синтезі  нәтижесінде пайда болады.  Даостар  ілімін  ежелде 

мифтік «Сары императорға» (Хуан ди) құпия ашылған кезде пайда болды деп 

есептейді. IIғ. Лао-цзы құдай аталып, «даоның денесі» ретінде қабылданады. 

Сол кезде институцияланған даошылдық бағыт – Тяньши (дао), яғни  «аспан 

ұстаздарының  жолы»  пайда  болады.  Бірінші  патриархы  –  Чжан  Даолин. 

«Аспан ұстазы» титулы Чжан руында мұраға осы күнге дейін беріліп келеді. 

VII-VIIIғ.ғ.  буддизмнің  әсерімен  даошылдық  монахтық  институт  және 

монастырьлар  пайда  болды,  ал  діни  практикада  психотехникалық  әдістер 

(медитация)  басымдылыққа  ие  болды,  негізгі  зейін  ішкі  өзіндік  жетілдіру 

жолдарына  бағытталады.            Даосизмнің  әдебиетке,  өнерге  және  т.б.  қытай 

мәдениетінің  аспектілеріне  елеулі  ықпалы  болған.  Даосизм  дәстүрлі 

медицинаға  әсері  теория  жүзінде  де  (адам  денесінің  Әлемнің  құрылымына 

сәйкестігі,  организмнің  тіршілік  етуі  мен  құрылымы  туралы  ілімдер), 

практика жүзінде де (инемен емдеу, фармакология) елеулі. 

        VIIғ.  Даосизм  Кореяға  –  Когуре  мемлекетіне  енді.  Жапонияда 

синтоизмге  де  өз  ықпалын  тигізді.  Қазіргі  күні  ҚХР-да  даосизмді 

ұстанушылар  Ассоциациясы  бар.  Даосизм  Тайвань  мен  Гонгконгта  өте 

танымал. 



Философиялық афоризмдері: 

 



Аспан  мен  жер  -  мәңгілік.  Аспан  мен  жер  өздері  үшін  өмір 

сүрмегендіктен  мәңгілік.  Міне,  неліктен  олардың  мәңгілік  бола 

алатындығы осыдан. 

 



Ең  жақсысы  –  бір  нәрсені  толтыруға  талпынғаннан  гөрі,  ешнәрсе 

жасамау. Егер ылғи бір өткір нәрсені қолдана берсе, ол өзінің өткірлігін 

ұзақ  уақыт  сақтай  алмайды.  Егер  зал  алтын  мен  яшмаға  толтырылған 

болса, оны сақтап қалуға ешкімнің шамасы келмейді. Егер байлар мен 

атақтылар  дандайсынушылық  танытса,  олар  өздеріне  бақытсыздық 

шақырады. Ісі аяқталған кезде адам аулақ кетуі керек. Көктегі даоның 

заңы осындай. 

 



Бес бояу көруді нашарлатады. Бес дыбыс естуді нашарлатады. Бес дәм 

сезушілік  дәмді  нашарлатады.  Жылдам  жүріс  пен  аңшылық  жүректі 

қобалжытады.  Бағалы  заттар  адамды  қылмыс  жасауға  итермелейді. 


35 

 

Сондықтан кемеңгер данышпан өмірді толымды етуге тырысады, бірақ 



оны әдемі заттарға ие болу үшін жасамайды. Ол соңғыдан бас тартады 

және алғашқымен шектеледі. 

 

Адам жердің заңдылықтарын ұстанады. Жер аспанның заңдылықтарын 



ұстанады. Аспан даоның заңдылықтарын ұстанады, ал дао өз-өзін ғана 

ұстанады. 

 

Білетіндер айтпайды, ал айтушылар білмейді. 



 

Ауырлық  жеңілдіктің  негізі  болады.  Тыныштық  қозғалыстың  негізі 



болады. Сондықтан кемеңгер данышпан күні бойы адымдап, ауыр жүгі 

бар  арбадан  алыстамайды.  Ол  тамаша  өмір  сүрсе  де,  ол  өмірге  терең 

бойламайды.  Неліктен  он  мың  арбаның  иесі  әлемге  менсінбей 

қарайды?  Елемеушілік  оның  негізін  қиратады,  ал  асығыстық  биліктен 

айырады. 

 



Адамдарды  білетін  адам  –  зерделі.  Өзін  білетін  адам  –  білімді. 

Басқаларды  жеңген  мықты.  Өзін  жеңген  құдыретті.  Молшылықты 

білген  бай.  Кім  қажырлықпен  әрекеттенсе,  сол  жігерлі.  Кім  өз 

табиғатын  жоғалтпаса,  ұзақ  өмір  сүреді.  Кімде-кім  өлсе  де 

ұмытылмаса, сол – мәңгі. 

 



Қарама-қарсыға  ауысу  –  бұл  даоның  әрекеті,  әлсіздік  даоның  қасиеті. 

Әлемде  барлық  заттар  болмыстан  туады,  ал  болмыс  бейболмыстан 

туады. 



 



Не жақын – даңқ па, әлде өмір ме? Не қымбат – өмір ме, әлде байлық 

па? Нені бастан кешіру ауыр – ие болуды ма, әлде жоғалтуды ма? Кім 

көп қор жинаса, сол жоғалтады. Кім қалтасын көп толтырса, сол үлкен 

шығынға  батады.  Кім  қанағаттылықты  білсе,  сол  табысқа  жетеді.  Кім 

шектеуді білсе, сол қауіпке бой ұрмайды. Сол ұзақ өмір сүре алады. 

 



Егер мен білімді болсам, онда үлкен жолмен жүрер едім. Мен қорқатын 

жалғыз  нәрсе  –  бұл  тар  соқпақтар.  Үлкен  жол  өте  түзу,  бірақ  халық 

соқпақтарды ұнатады, соны қалайды. 

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Шығыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. —Алматы: 2009. 461-470б 

2.

 

Лукьянов А. Е. Лао-цзы и Конфуций: Философия Дао.—М: 2001. 384 с. 

3.

 

Маслов  А.А.  Загадки,  тайны  и  коды  «Дао  дэ  цзина».  Ростов-на-Дону: 

2005.  

4.

 

Ежелгі  Шығыс  философиясы/  Лао-цзы.  «Әлемдік  философиялық 

мұра», 20-томдық. «Жазушы», —Алматы: 2005. 219-бет. 

5.

 

Кобзев А. И. Лао-цзы и Будда. Инст.востоковед. РАН. — Москва: 2009. 

С.221-225 

6.

 

Дао-Дэ цзин: Книга о Пути жизни/ Сост.В.Малявина. «Феория», 

 —Москва: 2010.  

7.

 

Лукьянов А. Е. Лаоцзы (философия раннего даосизма).—Москва: 1991. 

8.

 

Маслов А.А. Мистерия Дао. Мир «Дао дэ цзина». —Москва: 1996. 

 

36 

 

ШАН ЯН (ГУНСУНЬ ЯН) 



 

(б.д.д. 390ж. Вэй патшалығы – б.д.д. 338ж.) 

 

        —  әйгілі  қытай  ойшылы,  даосизм  және  



конфуцийшілдік  іліміне  қайшы  келетін 

философиялық-саяси 

легизм 

(фа-цзя, 



заңгерлер  мектебінің)  –  ілімінің  негізін 

қалаушылардың бірі.  

         Шан 

аймағының 

билеушісі. 

Вэй 


патшалығына 

қарасты 


елді-мекендегі 

ақсүйектер  отбасынан  шыққан.  Гунсунь  Ян 

б.д.д.  361 жылы  отанынан  кетіп,  Цинь  Сяо –

гуну  патшалығында  (б.д.д.361-338ж.ж.  ел 

билеген),    патша  жанындағы  кеңесші 

қызметіне 

тұрады. 

Б.д.д. 


356 

жылдан 


бастап 

патша 


билігін 

абсолютизациялауға  бағытталған  маңызды  деген  бірнеше  саяси  және 

экономикалық  реформаларды  жүзеге  асырады.  Ең  алғаш  рет  Қытай 

тарихында жерге деген жекеменшікті орнатады. Осы еңбектері үшін ол Шан 

аймағына ие болып, оның билеушісі болады. Б.д.д.338 жылы Сяо-гун қайтыс 

болғаннан  кейін  және  оның  орнына  Хуйвэнь-ванның  келуіне  байланысты 

(б.д.д.338-325ж.ж.  елбилеуші),  Шан  Янға  сатқындық  жасаған  деген  айып 

тағылды.  Ол  Вэй  патшалығына  қашуға  мәжбүр  болады,  кейін  өзіне  тиесілі 

Шан  аймағында  бас  сауғалайды,  сонда  болған  шайқаста  қолға  түсіп, 

жазаланады. 

            Легизм  (латынш.  «легис»  –  заңшылдық,  қытайша  «Фа-цзя  –  заң 

мектебі,  заңшылдар)  –  ежелгі  қытай  философиясындағы  негізгі  алты 

мектептің  бірі.  Заң  мектебінің  негізін  қалаушы  ретінде  дәстүрлі  түрде  ірі 

саяси қайраткерлер Гуань Чжун (б.д.д.VIII-VIIғ.ғ. аяғы), Цзы Чань (б.д.д.Vғ) 

және  Ли  Куй  (б.д.д.Vғ),  У  Ци  (б.д.д.IVғ)  айтылады.  Легизмнің  басты 

теоретиктері  –  Шан  Ян  (б.д.д.IVғ),  Шэнь  Дао,  Шэнь  Бухай  (б.д.д.IVғ)  және 

Хань Фэй (б.д.д.IIIғ).  

Әлеуметтік-саяси көзқарастары: 

             Біріншілердің  көзқарастары  «Шан  цзюнь  шу»  («Шан  аумағын 

басқарушының  кітабы»)  кітабында,  ал  екіншілерінікі  –  «Хань  Фэй-цзы» 

жазба  ескерткішінде  баяндалған.  Легизм  теориясына  көп  дәрежеде  үлес 

қосқан  Шан  Ян  (Гунсунь  Ян,  б.д.д.390-338ж.ж.).  Легизмнің  негізгі 

доктринасы  –  юридикалық  заңның  (фа)  мемлекет  пен  қоғам  өміріндегі 

шартсыз басшылығы туралы ілім. Заңды тек билеуші ғана шығарады. Легизм 

теоретиктері  деспоттық  мемлекеттің  концепциясын  жасады,  ол  билеушінің 

шексіз билігінің арқасында іске асатын болды. Шан Ян «егер барлық жерде 

заңды  басшылыққа  алатын  болса,  ел  тәртіптен  ләззат  алады»,  -  деп  жазды. 

Оның  заңының  концепциясы  біріншіден,  билеушіге  жан-тәнімен  берілуге 

тәрбиелеудің негізі ретінде жазалау мен марапаттау жүйесін және екіншіден, 

тектердің  рангын  беру  және  қызметке  тағайындау  жүйесін  қамтиды.  Шан 


37 

 

Янның  әлеуметтік  теориясының  маңызды  элементі  «халықты  әлсіретудің» 



маңыздылығы,  оны  билеушінің  ырқын  бұлжытпай  орындайтын  құралға 

айналдыру  болып  табылады.  «Халық  ақымақ  болса  –  оны  басқару  оңай». 

Яғни,  халық  пен  билеуші  антагонистік  ара  қатынаста  ғана  бола  алады. 

Халыққа оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек, ол ауылшаруашылығымен 

айналысып,  тек  соғыс  туралы  ғана  ойлануы  керек.  Ал  мемлекет  тек 

ауылшаруашылығы  мен  соғыс  арқылы  ғана  байиды,  күшейеді.  Шан  Янның 

бұл  тезистерінің  негізінде  мораль,  дәстүр,  мәдениет  адам  табиғатымен    - 

оның пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес.  

               Шан  Янның  ілімі  Хань  Фэйдің  «басқару  өнері»  ілімімен  ұштасып, 

императорлық  Қытайдың  доктринасына  айналды.  Легизм  үш  кезеңнен 

тұрады  –  соның  ең  негізгісі,  қысқа  уақытқа  қарамастан,  б.д.д.221-207ж.ж. 

болды.  Легизм  Цинь  империясының  негізгі  идеологиясына  айналды. 

Легизмді  басшылыққа  ала  отырып,  Цинь  Шихуан  Қытайды  біріктірді. 

Легизмнің  басты  идеологиялық  қарсыласы  –  конфуцийшілдік  болды.  Цинь 

Шихуанның  бұйрығымен  конфуцийшылдарды  қуғындау  кезінде  460-

конфуцийшыл  жерге  тірідей  көміліп,  қалғаны  Ұлы  Қытай  қорғанын  салуға 

жіберілді. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Жүзінде күлкісі жоқ адам дүкен ашып әлек болмасын (Қытай мақалы). 

 



Асықпаған ұзаққа шабар (Қытай мақалы). 

 



Кек алмас бұрын, сіз екі мола қазуыңыз керек (Қытай даналығы). 

 



Чинг-Чанг  корольдің  ваннасында  мынадай  сөздер  ойылып  жазылған: 

«Күн  сайын  өзіңді  жаңартып  отыр  және  мұны  үнемі  жаса»  (Қытай 

даналығы). 

 



Сен үш жолмен ақылдырақ бола аласың: 

Тәжірибие жолымен – бұл ең қиын жол; 

Еліктеу жолымен – бұл ең жеңіл жол; 

Ойлану жолымен – бұл ең ізгі жол; (Қытай мақалы). 

 

Қарсыласыңды  жеңу  үшін,  одан  күшті  болуға  ұмтылма,  оны  өзіңнен 



әлсіз етсең жетеді (Қытай қолбасшыларының қағидасы). 

 



жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет