Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет3/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

 

 

 

 

 

ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 



               

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



21 

 

           Ежелгі  Қытай  философиясы  б.д.д.  VI-V  ғасырларда  пайда  болды. 



Ежелгі  Қытай  қола  дәуірінен  темір  дәуіріне  өтуіне  байланысты  ауыл 

шаруашылығы  мен  қала  тұрғындары  еңбектерінің  бөлінуіне,  ақшалай-

тауарлық  қатынастардың  қалыптасуына,  ой  және  дене  еңбектерінің 

бөлінуіне,  әртүрлі  сатыдағы  әлеуметтік  топтардың  пайда  болуына  әкеліп 

соқтырды. 

             Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. 

Мемлекет  басшысы  әрі  монах,  әрі  абыз  және  жалғыз  ғана  жер  иесі  болды. 

Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін 

әлеуметтік  сатыда  рубасылары,  отбасы  тұрды.  Ал  құлдар  болса,  олар  мал 

сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. 

             Заң  болған  жоқ,  сондықтан  әлеуметтік  сатыда  жоғары  тұрғандардың 

өктемдігінен  ешкім  тыс  қала  алмады.  Бірақ  мемлекет  басшысының  (ван) 

алдында әртүрлі  әлеуметтік  сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы 

қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. 

             Мысалы, 

тірілердің  өлгендерге,  олардың  рухына,  табиғат 

құбылыстарына,  жерге  және  аспанға  деген  қарым-қатынас  негізінде 

қалыптасқан  діни  көзқарас,  әдет-ғұрып,  дәстүрлермен  тығыз  байланыстағы 

ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатылардағының 

арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б. 

            Қытайлардың  сол  кездегі  дүниетанымдық  көзқарастары  «Бес  кітап» 

(У  цзин)  аталатын  кітаптарда  шоғырланған.  Бұл  кітаптар  өздерін  білімді 

санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. 

            Ежелгі  Қытайда  ғылымның  да  кейбір  салалары  пайда  бола  бастады. 

Мысалы,  математика,  астрономия,  медицина.  Осы  ғылымдар  саласындағы 

жетістіктер  негізінде  Ай  мен  Күннің  тұтылу  мезгілін  анықтады, 

астрономиялық  құбылыстар  мен  жердегі  құбылыстардың  байланысын 

айқындауға,  күнтізбе,  уақыт  есептеу,  т.б.  тәсілін  ойлап  табуға  мүмкіндік 

туды.  Бірақ  ғылым  әлі  де  болса  әлжуаз  қалыпта  еді.  Бұл  жағдай 

философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ. 

            Біздің  дәуірімізге  дейінгі  үшінші  ғасырдың  аяғында  пайда  болған 

Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа  –

мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), 

даосизм,  тұрпайы  философтар  (натурфилософия)  және  атаулар  мектебі 

(Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы.  «Раритет»,  —

Алматы:  2006.  12-13  беттер).  Кейін,  уақыт  өте  келе  осы  аталған 

философиялық  бағыттар  өзгерістерге  ұшырап,  алғашқы  кездегі  көптеген 

идеяларынан алшақтап кетті. 

 

 

 



 

22 

 

 



КУН-ФУ-ЦЗЫ (КОНФУЦИЙ) 

 

(б.д.д. 551ж. 28 қыркүйек,  



Цуйфу – 479ж. сонда) 

 

            — 



ежелгі 

қытай 


ойшылы. 

Кедейленген 

ақсүйек 

әскербасы 

отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан 

ерте  айырылған  ол  тек  он  бес  жасында 

ғана білімге құштарлық танытады, ал елу 

жасында өз мектебін қалыптастырады.  



Философиялық шығармалары: 

        «Әңгімелер мен пікірлер» (Лунь юй) 

деген  еңбегі,  ол  6  -  кітаптан  тұрады:  И-

цзин-  «Өзгерістер  кітабы»,  Юэ-Цзин  - 

«Ән-күй,  музыка  кітабы,  Шу-цзин  - 

«Шежірелер кітабы», Ши-цзин - «Мадақтау кітабы», Ли-цзи немесе Чжоу ли 

- «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» және Чунь-Цю - «Көктем және күз»). 

Философиялық көзқарастары: 

              Кун-фу-цзының  ілімінше,  ең  жоғары  жаратушы  күш  –  Аспан,  ол 

жерде  әділеттілік  болуын  қадағалап  отырады.  Ал  қоғамдағы  теңсіздік, 

әртүрлі  сатыдағы  топтардың болуы  ол  әділеттілік.  Олай  болса,  Аспан  (Көк) 

осы  теңсіздікті  қорғайды.  Кун-фу-цзы  өзінің  ілімін  аспан  денелерінің 

заңдылықтарын  немесе  бабалар  рухын  зерттеуге  арнамайды.  «Өмірдің  не 

екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз»- деуінің өзі 

осыған айғақ. 

           Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі  – адамдар арасындағы 

қарым-қатынас,  тәрбие  мәселелері.  Осыған  орай,  ол  мынадай  ұғымдарға 

көбірек  көңіл  бөледі:  «тең  орта»,  «адамгершілік»  және  «өзара 

сүйіспеншілік».  Осы  үш ұғым  бірігіп, «дао»  (дұрыс  жол)  құрайды.  Әр  адам 

осы даоның жолымен өмір сүруі қажет. 

             «Тең  орта»  адамдардың  сабырсыздық  пен  сақтықтың  арасындағы  іс-

әрекеті.  Өмірде  мұндай  «ортаны»  ұстап,  іс-әрекет  жасау  оңай  емес,  себебі 

адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді. 

              Ал  адамгершіліктің  негізі  –  «жэнь»,  «ата-анасын  құрметтеу  және 

үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кім де кім шын 

жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол ешуақытта жамандық жасамайды. Ал 

«өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас – конфуцийшылдық әдептілік 

туралы  ілімнің  негізгі  өзекті  ұғымы.  Бұл  әдептілік  қағидасы,  бір  сөзбен 

айтқанда,  «өзің  қаламайтын  нәрсені  басқа  біреуге  жасама»  дегенге  сайып 

келеді.  Аталған  әдептілік  қағидаларын  «текті  адамдар»  (цзюнь-цзы)  ғана 

басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды. 

               Конфуцийшылдар  өздерінің  шығармаларының  көбінде  осы  «текті 

адамдарға»  қарапайым  адамдарды  қарсы  қояды.  «Текті  адам»  -  заң  мен 



23 

 

парызды  басшылыққа  алса,  қарапайым  адам  қалай  тиімді  орналасып,  пайда 



тапсам  деп  ойлайды.  «текті  адамға»  үлкен  маңызды  шаруалар  тапсыруға 

болса,  қарапайым  адамға  ондай  тапсырма  бере  алмайсың,  оларға  тек  қана 

ұсақ-түйектерді  тапсыруға  болады.  «Текті  адам»  басқалармен  келісімді 

жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал 

қарапайым  адам  жұртпен  келісімді  өмір  сүрмесе  де,  солардың  айтқанын 

істеп, артында жүруге дайын тұрады, т.б. 

              «Текті  адам»  тек  қана  этикалық  ұғым  емес,  ол  саяси  ұғым  да.  Ол 

халықты  басқарады.  Ал  басқарудың  негізгі  қайнар  көзі  –  басшының  өз 

басының  әдептілік  қасиеттерін  өзінен  төмен  тұрғандарға  мысал  ретінде 

көрсету.  Егер  басшылар  «дао»  жолымен  жүрсе,  онда  халық  оларға  қарсы 

келмейді. 

              Кун-фу-цзы  барлық  нәрсе  өзгерісте  болады,  уақыт  тоқтамай  өтіп 

жатады  десе  де,  қоғамдық  өмірге  келгенде,  ондағы  қалыптасқан  жағдайлар 

қаз  қалпында  дамуы  керек  деп  есептейді.  Сондықтан  билеуші  –  билеуші, 

шенеунік – шенеунік, әке – әке, ал бала – бала болып, аттарына байланысты 

емес,  шын  мәнінде  қалулары  керек.  Ал  оларда  күтпеген  жерде  кездейсоқ 

өзгерістер  бола  қалса,  ол  тез  арада  өз  қалпына  келуі  керек.  Билеуші  –  әке, 

халқы  – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, 

«білу  –  дегеніміз,  табиғатты  емес,  адамдарды  танып-білу»  деп  есептейді. 

Кейбір  адамдарға  «туа  біткен  білім»  тән  болғандықтан,  олар  басқалардан 

жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, 

білу  таңдамалы  түрде  болуы  керек.  Оқығанда  тек  өмірде  керекті,  ең  дұрыс 

деген  қағидаларды  білу  керек,  қалғандарынан  аулақ  болу  қажет.  Білу 

дегеніміз  –  тек  қана  өзіміз  білмейтінді  үйреніп,  білу  емес,  сонымен  қатар 

зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі. 

             Конфуцийшылдық  б.д.д.  I  -  ғасырда  мемлекеттік  ілімге,  ал  IX  -

ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Басқаруды  есім  сөздерді  түзетуден  бастау  керек...  Сөз  дұрыс 

жазылмаса, оның негізі жоғалады. Негізі болмаса, онда істеген ісіміз де 

жүзеге аспайды. 

 



Қарамағында  мыңдаған  әскери  арба-жарақтары  бар  мемлекетті 

басқаруда  ықыласты  мейлінше  осы  іс-әрекетке  шоғырлат  та, 

(халықтың) сенімін ақта; шығысты үнемдей біл және адамдарды аяғын; 

халықты тиісті кезде пайдалан. 

 

Жас  бүлдіршіндер  үйде  ата-аналарын  құрметтеуі  тиіс,  түзде  –



үлкендерді  сыйлауы,  іс-әрекетте    –  сақ  болуы,  сөзінде  –  әділ, 

адамдарды  шексіз  сүюі,  сөйтіп  осылайша  орындағандардың  ынта-

ықыласы басылмаса, оны вэнь - мәдениетті оқуға жұмсауы қажет-ақ. 

 



Егер  бекзат  кісі  өзін  салмақты  ұстамаса,  беделін  пайдалана  алмаса, 

онда  оның  білімдарлығы  терең  емес.  Сенімділікке  және  адалдыққа 

ұмтыл;  өзіңмен  тең  емеспен  достаспа;  қателіктерді  жөндеуден 

тартынба. 



24 

 



 

Адамдар  сені  біле  бермейді  деп,  қайғырма.  Өзің  адамдарды 

білмейтініңе ренжі. 

 



Кімде-кім  ескіні  қайталай,  одан  жаңаны  таба  алса,  ол  жетекші  болуға 

лайық. 


 

Ата-бабаларың еместердің рухына құрбандық шалу – жарамсақтық. Өз 



борышыңды өтердегі әрекетсіздік – қорқақтық. 

 



Адамды сүймейтін – адам! Мұнда қандай рәсім-салт ұстанбақ? Адамды 

сүймейтін адамда, қандай ән мен сән болмақ?. 

 

Садақтың  жебесін  атқанда  теріні  тесіп  өткізу  –  басты  шарт  емес. 



Адамдардың  күші  бірдей  емес  қой.  Бұрынғы  аталар  Жолының 

ұқтырары осы. 

 

Адамсүйгіштікке берілген, зұлымдық жасауға ермеген. 



 

Жеке  басының  қамынан  туындаған  қимыл-әрекет  күшті  наразылық 



тудырады. 

 



Бекзат  қайраткер  тек  әділеттікті  ойлайды,  ұсақ  пенде  пайданы  ғана 

ойлайды. 

 

Дәмсіз тамақты жеу, су ішу, шынтақтап бүктеле ұйықтау – мұның бәрі 



де  қанағаттанарлық  күй.  Маған  тер  төкпеген  байлық  пен  атақ  өтпелі 

бұлт сияқты. 

 

Халықты  күштеп  жұмыс  істетуге  болады,  бірақ  не  үшін  істеліп 



жатқанын күштеп түсіндіруге болмас. 

 



Егер сен оның орнында болмасаң, онда оның басқару ісіне араласпа. 

 



Оқыған кезде білімді ала алмай қалам ба деп қорық, ал оқуды бітірген 

соң білгенімді ұмытып қалам ба деп қорық. 

 

Табиғи  қасиеттер  адамдарды  жақындатады,  ал  қабылдаған  әдеттер  –



алыстатады. 

                                                              Әдебиет: 



 

1.

 

Древнекитайская философия. Эпоха Хань. —Москва: 1990. 

2.

 

Кобзев  А.И.  Учение  о  символах  и  числах  в  китайской  классической 

философии. —Москва: 1994. 

3.

 

Ежелгі  Шығыс  философиясы/  Кун  Фу-цзы.  «Әлемдік  философиялық 

мұра», 20-томдық. «Жазушы», —Алматы: 2005. 293-бет. 

4.

 

Рубин В.А. Личность и власть в древнем Китае. —Москва: 1999. 

5.

 

Конфуцианство в Китае: проблемы теории и практики. –М: 1982. 

6.

 

Переломов Л.С. Конфуций: «Лунь юй». —Москва: 1998. 

 

 

 

 

 

 

 

25 

 

МО-ЦЗЫ (МО ДИ) 



 

(б.д.д. 470 – 391ж.ж.) 

 

               — ежелгі ұлы қытай ойшылы.  



               Мо-цзы  Конфуций  дүниеден 

өткеннен  кейін  тура  екі  жылдан  соң 

дүниеге  келді.  Чжаньго  әулеті  билік 

еткен  тұста  өмір  кешкен  ол  елдегі 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрлі 

әлеуметтік  тәртіптің  ыдырай  бастағанын 

көріп, Мо-цзы өзаратүсінік пен махаббат 

идеяларынан 

бастау 

алатын 


жаңа 

қоғамдық-саяси  тәртіп  орнату  керегін 

түсінеді. 

          Моизм  мектебі  б.д.д.  IV-IIIғ.ғ. 

аралығында  дүниеге  келді  және  оның  гүлдену  кезеңі  б.д.д.  IV  -  ғасырға 

келеді. Мектептің ең танымал өкілдері – Цинь Хуали, Мэн Шэн, Сюй Фань 

және  Тянь  Цзи.  Мошылдар  қатаң  бағыныштылық  тәртіпті  сақтайтын  ұйым 

құрған,  оның  мақсаты  Мо-цзы  идеяларының  тазалығын  сақтап,  Аспан  асты 

елінде  тарату  болған.  Бұл  мақсатқа  жетудің  ең  басты  құралы  ретінде  олар 

жеке үлгі көрсетуді және билеушілерді үгіттеуді таңдаған. 



Шығармалары: 

Моизмнің негізгі шығармасы – «Мо-цзы» трактаты. 

        Моизм  ежелгі  қытай  философиясында  конфуцийшілдікке  алғашқы 

теориялық  жауап  ретінде  белгілі.  Хуайнань-цзының  айтуынша,  алғашқы 

кезде  Мо-цзы  конфуцийшілдікті  жақтаған,  бірақ  кейін  оны  қатты  сынға 

алған.  Ежелгі  Қытайдың  басқа  философиялық  ағымдарымен  салыстырғанда 

моизмнің 

екі 


ерекшелігі 

бар: 


теологияға 

жақындығы 

мен 

ұйымдастырушылық  рәсімделуі,  бұлар  логикалық-әдіснамалық  тақырыпқа 



деген қызығушылықпен қосылғанда оны схоластикалық реңкке бояйтын.  

        Даошылдық және конфуцийшілдік философиямен танысу барысында біз 

оның  өткенді  аңсауын  байқадық.  Даошылдар  үшін  бұл  «даналығы  асқан 

ойшылдар» өмір  сүрген  тарихи кезең,  ал  конфуцийшілдер  үшін  -  Яо,  Шунь 

және  Юй  сияқты  есімдері  аңызға  айналған  патшалардың  заманы  болатын. 

Мо-цзы мен оның ізбасарлары сол кезеңді Алтын ғасыр деп білген. Мо-цзы 

аталған  патшалар  мемлекеттік  билік  пен  қоғамдық  әділеттіліктің  тізгінін 

бірдей ұстаған деп есептеген. 



Философиялық көзқарастары: 

       Мо-цзы  мемлекеттік  билікті  қалыптастырудың  патриархтық  жүйесімен 

келіспейді,  онда  мемлекеттік  лауазымдар  билеуші  әулетке  жақындарға, 

туыстарға үлестірілетін. Мо-цзы «дарынды құрметтеу» тезисін ұсынған, онда 

адамдар  мемлекеттік  қызметке  әлеуметтік  жағдайына  емес,  қабілеттеріне 

қарай алынатын. Сонда ғана әділеттік қағидасы салтанат құрады. Мо-цзының 



26 

 

айтуынша,  шенеуніктердің  текті  болуы  міндет  емес,  ал  қарапайым 



адамдардың міндетті түрде тексіз болуы шарт емес. 

          «Аспан»  категориясы  конфуцийшілдіктегі  сияқты  моизмде  де 

құдыретті  саналады  және  оған  антропоморфты  қасиеттер  телінеді.  Ол,  Мо-

цзының  пікірінше,  бәрін  көріп,  бәрін  естиді,  оның  сезімдері  мен  қалаулары 

болады,  ол  ізгілік  пен  әділдіктің  ең  жоғарғы  үлгісі  болады,  ал  «Аспанның 

бұйрығы» жақсылық пен жамандықты айырудың өлшемі болады. Аспан мен 

адамдардың арасын жалғаушы нәрсе «рухты көру» болады. 

          Мо-цзы ілімі Конфуцийдің ілімі сияқты, әлеуметтік философиядан гөрі 

этикаға  жақын  еді  және  оның  негізгі  қағидасы  –  «жалпыға  бірдей  махаббат 

пен өзара тиімділік» қағидасы болатын. Бұл қағида бойынша, әрбір адам іс-

әрекеттерін  «Аспан  асты  елінің  пайдасымен»  сәйкестендіріп,  халықтың  әл-

ауқатына зиян келтіретін нәрселерден бас тартуы тиіс.  

         Мо-цзы идеяларының ішіндегі махаббат идеясы ерекше танымал, ежелгі 

заманнан  бергі  бүгінге  шейін,  Мо-цзының  есімі  аталса,  дәл  осы  идея  еске 

оралады.  «Мо-цзы  жалпыға  бірдей  махаббатты  дәріптегенде,  отбасынан  бас 

тартады» деген пікірді айтқан екен Мэн-цзы (б.д.д.372-289ж.ж.). 

            Біздің  барлық  біліміміз  екі  нәрседен:  сезімнен  (у-лу)  және  ойлаудан 

(син)  туындайды  дейді.  Танымда  көп  жағдай  ат  қоюға  байланысты  екенін 

айтады.  Мәселен,  жалпы,  рулық  атау,  жеке  атау  бар  -  дейді  олар.  Жеке 

атаунақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзылықтар 

янь (пікір айту) категориясын, былайша айтқанда, логикалық әдісті қолдады.  

        Мо-цзының саяси, адамгершілік және діни идеялары өзінің еңбектерінде 

көрініс  тапты.  Ол  қоғамда  орын  алып  отырған  тәртіпсіздіктер  адамдардың 

бір-біріне деген күндестіктерінен және олардың эгоизмдерінен болады деген 

қорытындыға келеді. 

Философиялық афоризмдері: 

 



Ертеде  адамдар  пайда болғанда басқару  мен  жазалау  болмаған-ды  ...  , 

содан  Аспан  астындағы  тәртіпсіздік  жануарлар  арасындағы  ығы-

жығыдай  еді.  Адамдар  былықтың  себебі  билікті  басқарушының 

жоқтығынан  екенін  түсінді.  Содан  Аспан  астындағы  дана  мен 

лайықтыны  таңдады,  сөйтіп  оны  Аспан  астындағы  іс-әрекеттерді 

басқаратын және тұтас бірдей әділеттілік орнататын көк аспанның ұлы 

етті ... ». 

 



Елдегі  тәртіпті  реттеу  үшін  жөнсіздіктің  себебін  білу  керек.  Егер 

тәртіпсіздіктің себебін біліп, оны болдырмай қойсаң, онда ел гүлденеді 

және  тыныштыққа  бөленеді;  егер  жөнсіздіктің  түбірін  таппасаң,  онда 

елге тәртіп ендіру мүмкін емес ... ». 

 

Аспан астындағы адамдарды жек көретін зұлымдар жалпылама немесе 



жеке  сүйіспеншіліктің  қайсысына  іш  тартады?  Жауап  берейін:  әрине, 

жеке  сүйіспеншілікті.  Сонымен,  жеке  сүйіспеншілікті  қолдаушылар 

Аспан  астында  әрдайым  таусылмас  зұлымдық  тудырады.  Сондықтан 

жалқының жеке сүйіспеншілігіне ұрынбаған жөн ... ». 

 

Өткенге  қарап  болашақты  танимыз,  айқындыққа  сүйеніп  жасырыңды 



танимыз. 

27 

 



 

Соғыстың қоқан-лоқы жолымен мемлекеттер арасындағы саяси айтыс-

тартыстарды шешпек, сөйтіп құдырет пен атаққа бөленбек үміт  – о да 

Аспан  астындағылардың  түрлі  ауру-сырқаттарын  емдеуге  бір  дәрі-

дәрмекті,  тіпті  ол  төрт-бес  адамға  ғана  пайдалы  болса  да,  күштеп 

ішкізушілікке ұқсайды. 

 

Егіншілер неге енді егіс өңіріне ерте барады да, кеш қайтады, егістікте 



керіліп созылмай, ондағы дәнді астықтан, бұрыштан көп өнім алу үшін 

жатпай-тұрмай  тер  төгеді,  бақташылықта  өз  өнерін  көрсетеді?  Не 

болып  қалды?  Жауап  берейін:  Егер  ол  аянбай  еңбек  етпесе,  онда 

міндетті  түрде  кедей  болады.  Егер  де  беріліп  еңбек  етсе,  тоқ  болады, 

тер  төгіп  жұмыс  істемесе  –  аштыққа  ұшырайды.  Сондықтан  ол 

жалқаулықтың жолын кеседі ... ». 

 

«Қазіргі  адам  –  дейді  Мо-цзы,  хайуандарға  ұқсамайды.  Кім  еңбекке 



күш  салса,  ол  өмір  сүреді,  кім  еңбектегі  әрекетке  сүйенбесе,  ол  өмір 

сүрмейді ... ». 

 

Соқыр  «ақ  мәрмәр»,  «қара  көмір»  сөздерін  айтады  және  біледі,  бірақ 



оларды түр-түсіне қарап таңдай алмайды, сондықтан ол ақ мәрмәр мен 

қара  көмірді  атын  білмегендіктен  емес,  сол  заттарды  көрсете  және 

ажырата алмағандықтан білмейді. 

 



Луск  әміршісі  Мо-цзы  ұстаздан  сұрады:  «Менде  екі  ұл  бар;  біреуі 

оқуды  ұнатады,  екіншісі  байлықты  төгуден  тартынбайды.  Екеуінің 

қайсысын  мұрагер  етіп  қалдырған  жөн?».  Ұстаз  Мо-цзы  айтты:  «Тіке 

жауап қайтарудың реті келмес. Мүмкін, оқуға талпыныс пен байлықты 

тарату  сый-құрмет  пен  даңқ  алу  үшін  істелініп  жатқан  шығар. 

Мысалыға,  балықшының  балық  ұстаудағы  ұстамды  тұрысы  мен 

шоғырланған кейпі балыққа пайда әкеле қоймас, сондай-ақ тышқанды 

ұстамақ  уланған  тұзақ  жем  оған  деген  ықыласты  білдірмес.  Сіз  екі 

балаңыздың  ниеті  мен  қимыл-әрекетінің  нәтижесін  талдап  білерсіз 

деген үміттемін».   



Әдебиет: 

 

1.

 

Шығыс  философиясы./«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,—Алматы: 

2009. 193-196 беттер 

2.

 

Титаренко  М.Л.  «Древнекитайский  философ  Мо  Ди,  его  школа  и 

учение». «Наука», —Москва: 1985. 

3.

 

Спирин  В.  С.  Четыре  вида  «тождества»  в  «Мо-цзы»  и  типы 

гексаграмм  «И  цзина»  //Письменные  памятники  и  проблемы  истории 

культуры народов Востока. XXIV.Ч.1. —Москва: 1991. 

 

 



 

 

 



 

 

28 

 

МЭН ЦЗЫ (МЭН КЭ) 



 

(шамамен б.д.д.372ж. Цзоу иелігінде 

(қазіргі Шаньдун пров. Цюйфу қ.) 

 – 289ж.) 

 

      — 


атақты 

қытай 


ойшылы, 

Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын 

қуушы.  

         Конфуцийдің  қазасынан  кейін  оның 

ілімі  сегіз  тармаққа  бөлініп  кетті. 

Олардың 


ішіндегі 

ең 


негізгілері 

идеалистік  бағыттағы  Мэн-цзы  мектебі 

мен  материалистік  бағыттағы  Сюнь-цзы 

мектебі.  Мэн-цзы  Конфуций  ілімдерін 

жинақтап,  бір  жүйеге  түсірумен  ғана 

емес, сондай-ақ жаңа ойлармен толықтырьш отырған.  



Шығармалары: 

Жоғарыда аталған идеялар «Мэн-цзы» атты еңбегінде көрініс тапқан.  



Философиялық көзқарастары: 

           Оның  пікірінше,  таным  процесінің  негізі  сезімдік  қабылдауда  емес, 

оның  ақыл-ойында,  парасатында.  Мэн-цзы  мораль  және  этика  адамның  туа 

біткен  табиғатынан  шығады.  Этикалық-моральдық  ұстанымдар  адамның 

табиғатынан әрі жоғарғы күш иесі «Көк-Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол 

бір жағынан адамның  тұқым  қуалаушылық  жолымен  келетін  қасиеттерді де 

жоққа шығармайды.  

Әлеуметтік-саяси көзқарастары: 

          Мэн-цзы  өзінің  әлеуметтік-саяси  көзқарастарында  жеке  бір  адамзатты 

алға жетелейтін тың ойлар да айтып кетті, ол көбіне билік басында отырған 

адамға  да  байланысты  екенін  баса  айтады.  Ал  оған  (мемлекет  билеушісіне) 

бағыт-бағдар  беріп  отыратын  қалың  көпшілік,  сондықтан  билік 

басындағылар  халықтың  мұң-мұқтажымен  санасулары  керек  немесе  кез-

келген  мемлекеттік  мүдде  жалғыз  адамның  емес  бүкіл  қалың  көпшіліктің 

мақсат-тілегі  болуы  керек.  Өйтпеген  жағдайда,  халық  мемлекет  билеушісін 

биліктен  аластатуға  құқы  бар.  Мэн-цзы  шашырап  жатқан  елді  бір  жерге 

біріктіруге шақырды.  



Философиялық афоризмдері: 

 



Адамның  оқуға  деген  қабілеті  оның  өз  табиғатынан  ізгі  екендігімен 

түсіндіріледі. 

 

Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. 



 



жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет