Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет2/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

 

ЕЖЕЛГІ ҮНДІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

12 

 

               Жалпы  адамзат  тарихында  қола  дәуірінен  өту  өндіргіш  күштердің 



ширақ  дамуына  ғана  әкеп  соққан  жоқ,  сонымен  қатар  рулық,  алғашқы 

қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің 

дене  еңбегінен  бөлінуіне,  адамның  белсенді  іс-әрекеті  арқасында  өзінің 

табиғат  құдыреттері  алдындағы  әлсіздігі,  бағыныштылығы  сияқты 

құбылыстарды  жоюда  алғашқы  қадам  жасауына,  сол  табиғат  құбылыстары 

туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің 

өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, 

дәстүр,  дүниетанымдық  көзқарас  күйзеліске  ұшырап,  олардың  орнына 

қоғамда  қалыптасқан  жаңа  жағдайларды  түсіндіретін  тың  көзқарас  кең  өріс 

ала  бастады.  Бұл  көзқарас  қияли  заңдылықтарға  сүйенген  мифологиялық 

дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің 

арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ мұндай көзқарас әлі де 

болса  философия  емес  еді.  Себебі  ежелгі  шығыста  өндірістік  тәсілдің  баяу 

қалыптасуы,  философиялық  ой-пікірдің  сол  кездегі  жетістіктерімен  нашар 

байланыста 

болуы 


Шығыс 

философиясының 

діни-мифологиялық 

көзқарастан,  күнделікті  әдептілік  санадан  толық  арылуына  мүмкіндік 

бермеді. 

          Дегенмен  де,  табиғат  құбылыстары  мен  олардың  арасындағы 

өзгерістерді  сиқырлы,  танылмайтын  беймәлім  күштердің  құдыретінен  деп 

ұғып,  адамға  ұқсас  құдай  бейнесін  жасау  –  абстрактілі  ойлау  процесінің 

жетілгендігін  көрсетіп,  дүниетанымдық  көзқараста  философияның  жеке 

бағыт болып қалыптасуына қажетті алғышарты болды. 

          Біздің  жыл  санауымыздан  үш  мың  жыл  бұрын  Ежелгі  Үнді  жерінде 

қауымдық  қоғам  ыдырап,  оның  орнына  құлдық  қоғам  қалыптаса  бастады. 

Осыған орай, ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (кастаға) бөлінді: брахмандар 

(абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты  шаруалар) және 

шудралар  (құлдар).  Әр  варна  тұйықталған  әлеуметтік  топ  болды  да, 

әрқайсысы  қоғамда  өзіне  тиесілі  орын  алды  және  өздеріне  ғана  тән  әртүрлі 

мамандықтары  болды.  Мысалы,  брахмандардың  үлесіне  ой  еңбегі, 

кшатрийлерге  әскери  қызмет,  вайшьилерге  –  ауылшаруашылық,  қолөнер 

кәсібі,  саудагерлік  тисе,  шудраларға  қара  жұмыс  қана  тиді.  Ежелгі  үнді 

қоғамының  осы  даму  кезеңіне  сай  мифологиялық,  философиялық 

көзқарастары  да  қалыптасты.  Олар  негізінен  үнді  мәдениетінің  ескерткіші 

Ведаларда (веда - б.д.д.1500ж.) жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: 

1-Самхит  –  құдайларға  арналған  гимндер  жинағы,  2-Брахман  –  самхитті 

түсіндіретін  әртүрлі  мифологиялық  әңгімелер,  ритуалдар,  т.б.  3-Араньякта 

(Орман  кітабы)  –  брахманға  тән  ритуалдың  орнына  құдайларды  іштей 

сыйлап-құрметтеу,  олар  туралы  ойланып-толғану  сияқты  көзқарас.  4-

Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта» дәстүрлі варналарды бір-біріне 

қарсы  қоюдан  гөрі,  олардың  арасындағы  айырмашылықты  ең  жоғары  білім 

арқылы  жоққа  шығаруға  болады  деген  идея  уағыздалады.  Упанишадтың 

басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік – Брахман 

жатыр.  Ал  одан  барлық  заттар  дамып  өскен.  Олай  болса,  Брахман  –  бар 

әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі 



13 

 

түрлі  болады.  Біріншісі  қозғалмайды,  нақты  өмір  сүреді,  бірақ  жойылып 



кетуі  мүмкін,  ал  екіншісі  жойылмайды,  өлмейді,  қозғалыста  болады  және 

ақиқат.  Бірінші  брахман  көп  түрлі  болса,  екіншісі  жалқы.  Кейбір 

жағдайларды  брахманмен  қатар,  синоним  ретінде,  атман  ұғымы  да 

қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші 

жағынан  рух  сияқты.  Рухты  атман  –  тіршіліктің  негізі,  ал  екеуі  қосылып, 

барлық  денелердің    ішкі  бастамасы,  негізі  және  соңы  болады.  Атман  тек 

бастама  ғана  емес,  ол  –  саналы  тіршілік  иесі,  әлемді  жаратушы.  Брахман 

және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі – пуруша және «мен». Пуруша 

(еркек) ол – әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша 

түрінде  болып,  «мен  әлемді  жаратамын»  деп:  аспан  суын,  сәуленің 

бөлшектерін,  өлімді,  суды  жаратты.  Осыдан  біз  атманның  саналы  екенін 

түсінеміз.  Упанишадта  «менді»  брахманмен,  атманмен  тең  деп  түсінгенде 

ғана,  адам  өзін  Құдаймен,  бүкіл  әлеммен  теңмін деп  түсінеді.  Ал  «мен» бір 

бөлек,  брахман,  атман  бір  бөлек  деп  түсінетін  болсақ,  ол  білімділікке 

жатпайды.  Ал  егер  атманды  танып-білсек,  барлығын  да  білгеніміз.  Жалпы 

білімділік, Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық 

шалу  туралы  білім  өте  құндырақ.  Өмірдің  ең  басты  мақсаты  –  тірі  кезінде 

атман-брахманмен қосылып – бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, 

үмітінен,  қызғаншақтықтан  тыныштық  тауып,  алдап-арбаусыз  ой  кешіп, 

атманды  түсініп-білген  адам  нағыз  брахман  болып,  Құдайға,  әлемдік 

құрылымға  айналады.  Упанишадта  жанның  көшіп-қону  идеясы  –  ең  басты 

идеялардың  бірі.  Қайта-қайта  айналып  келетін  жанның  сансар  тырнағынан 

құтылу  үшін  аскеттік  өмір  сүріп,  ең  жоғары  білім  алуы  басты  шарт  болып 

саналады. 

              Ведалар 

негізінде  қалыптасқан  философиялық  ілімдер  сол 

ведалардың  беделін  мойындау-мойындамауына  байланысты  әртүрлі 

бағыттарға  бөлінді:  джайнизм,  буддизм,  даршандар,  чарвактар-локаяттар, 

санкхья,  т.б.  (Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы. 

«Раритет»,—Алматы:  2006,  7-9  беттер).  Бұл  аталмыш  философиялық 

бағыттар кейін ғылымның одан әрі дамуына септігін тигізген философиялық 

мектептер ретінде өздерінің лайықты орындарын тапты. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

14 

 

ДЖИНА МАХАВИРА 

 

(б.д.д.599ж. Кундапур, Вайшали қаласының 



 маңы – б.д.д.527ж. Павапур) 

 

      — 



джайнизм 

және 


джайндік 

философияның негізін қалаушы. 

        Будда 

Гаутаманың 

замандасы, 

личчхавтар 

тайпасының 

көсемі 


Сиддхартханың  баласы.  Ақсүйектер  (раджа-

князьдер)  отбасынан  шыққан,  кшатрийлер 

кастасына  жатады.  Каноникалық  жазбаларға 

сүйенетін  болсақ,  Махавира  жастайынан 

жақсы  білім  алған  әрі  батыл,  ержүрек 

ешкімге ұқсамайтын еді.

 

Ата-анасы дүниеден 



өткен  соң,  бәрін  тастап  30-жасында  аскеттік 

өмірге  бой  ұрып,  ұзақ  сапарға  аттанады.  Сол  кездері  әртүрлі  рухани 

практикада  джайндық  канондар  айтқанындай  көп  нәрсенің  көзін  ашқан. 

Осыдан  кейін  ол  өзінің  ілімін  қалыптастырды,  кейін  ілім  ішкі 

қайшылықтарға қарамастан Үндістанда және басқа да елдерде әбден сіңісіп, 

бұл  күндері  аталмыш  ілімді  пір  тұтатындардың  саны  –  бірнеше  миллионға 

жетіп  отыр.  Махавира  (оны  ізбасарлары  «нирванаға  сапар  шекті»  деп 

санайды)  күн  көтерілуіне  бір  жарым  сағат  қалғанда,  Пава  қаласының 

маңында (қазіргі Патна деп аталатын жерден қашық емес) қайтыс болды.  

Философиялық шығармалары мен көзқарастары

             Джайнизмнің  негізгі  философиялық  көзқарастары  «Сиддханта»  деп 

аталатын кітаптар жинағында келтірілген (б.д.д.III-ғ). Джайнизм («Джина» -

жеңімпаз) - этикалық ілім. Джайнизм сансараға (жанның бір денеден екінші 

бір  денеге  көшіп  жүруі),  кармаға  (әділ  жаза  заңдылығы)  және  мокшаға 

(жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Джайнизмнің басты мақсаты – қасірет деп 

түсінген өмірден азат болу. Джайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға 

құрбандық  шалып  өзіңе  қаратуға  болмайды.  Жанның  бұрынғы  өмірде 

жасаған  келеңсіз  істерінің  салдарын  осы  өмірде  жеңуге  болады.  Ол  үшін 

сансардан құтылу қажет. 

            Джайналықтар  әлемді  тіршілігі  бар  және  тіршілігі  жоқ  деп  екіге 

бөледі.  Тіршілігі  жоқ  (аджива)  әлем  атомдардан  (ану)  тұратын  материядан 

(пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен 

қатар, кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. 

            Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі 

әртүрлі


 

болады.  Егер  ауа,  су,  жер,  от,  өсімдіктер  тек  қана  сезіне  алса, 

құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы 

алғанда,  тіршілік  мәңгі,  бірақ  ол  материалдық  денелер  түрін  қабылдаған 

көптеген  жандарға  бөлініп  кетеді  де,  бір  денеден  екінші  денеге  ауысып 

отырады. 



15 

 

            Джайнизм  мокша  тіршілік  пен  тіршілігі  жоқтардың  арасын 



толығымен  алшақтатса,  карма  оларды  біріктіреді,  сөйтіп,  мәңгі  әлемдік 

процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің 

табиғатын,  бізді  дүниеге  әкелген  жанұямызды  айқындаса,  екіншісі  өмірдің 

ұзақтығын,  үшіншісі  тіршілік  пен  тіршілігі  жоқтарды  біріктірудің  негізі 

болып  есептелетін  құштарлыққа,  ләззаттануға  қатынасты  айқындайды.  Ол 

сансарадан азат болу үшін «үш қазынаны» сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, 

шынайы  білім,  дұрыс  сенім.  Дұрыс  сенім-тиртханкалар  деп  аталатын  24-

әулиенің  іс-әрекетіне  сену  болса,  дұрыс  қылық-тазалықты,  шындықты, 

сабырлықты,  өзіне  қаталдықты,  салмақтылықты,  т.б.  сақтау.  Ал  шынайы 

білім-жанның  шынайы  мүшелері  мен  ақыл-ойға  сүйенбей  алған  білімі. 

Мұндай  танып-білу  процесінде  жан  қарастырып  отырған  заттармен  тікелей 

байланысады.  Ал  түйсіктер,  ақыл-ой  болса,  мұндай  байланысқа  кедергі 

жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші 

сатысында-жан алшақтағы және ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында-

өз  бойындағы  адамдарға  деген  қызғанышты,  жеккөрушілікті  жеңген  жан 

адамдардың  қазіргі  және  өткен  кездегі  ойларын  тікелей  білуге  мүмкіндік 

алады, ал үшінші сатысында азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік 

білім дариды. 

               Джайналардың  пікірінше,  әлем  бірінің  үстіне  бірі  орналасқан  көп 

қабаттан  тұрады.  Төменгі  екі  қабатында  әзәзіл  (перілер),  ортаншы  қабатта 

жер,  келесі  қабатта  құдайлар,  ал  ең  жоғарғы  қабатта  құдайларға  ұқсас 

джиндар орналасқан. Шындап келгенде, джайналардың пікірінше, құдай жоқ, 

оның  бар  екендігі  туралы  келтіріп  жүрген  дәлелдердің  бәрі  негізсіз,  қате, 

сондықтан  да  құдайға  емес,  24  тиртханкаларға  (әулиелер)  және  джиндарға 

сену керек. 

             Джайнизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға 

бөлініп  кетті.  Джайнизмге  Үндістанда  қазірдің  өзінде  де  көптеген  адамдар 

сенеді. 


Философиялық афоризмдері: 

 



«Мен  сізге  және  сіздің  іліміңізге  түпкілікті  сену  үшін,  маған  бір 

ғажайып  көрсетіңізші».  Ұстаз  қапалана  күлімсіреп,  бір  ғажайыпты 

көрсетеді. Сонда әлгі адам жалынғандағыдай қызулықпен оның аяғына 

жығылады:  «Мен  енді  сізбен  бірге  боламын».  Бірақ  Ұстаз  оған  есікті 

көрсетеді: «Ал енді сен маған керек емессің» (Үнді даналығы). 

 



Үлкен ағаштар басқаларға көлеңке болып, өздері күн астында шыжып 

қалып қояды (Үнді даналығы). 

 

                                                          Әдебиет: 



 

1.

 

Алтай Ж.,Философия тарихы. «Раритет», –А: 2006. 9-10 беттер. 

2.

 

Ежелгі Шығыс философиясы. «Жазушы», –Алматы: 2005. 

3.

 

Бессмертный лотос: Слово об Индии /Сост. А.Сенкевич, — М: 1987 

4.

 

Чаттерджи С.Датта Д. Индийская философия. –Москва: 1966. 

 

16 

 

ГАУТАМА СИДДХАРТХА БУДДА 



 

(б.д.д. 563ж.(немесе б.д.д.623ж.), Лумбини, 

Непал – б.д.д. 483ж.(немесе б.д.д.543ж.), 

Кушинагар, Үндістан) 

 

     —  рухани  оқытушы,  аты  аңызға  айналған 



буддизмнің негізін қалаушы, 

      Үнді    субконтинентінің  солтүстік-шығыс 

бөлігінде  өмір  сүрді,    «Төрт  ақиқат»  ілімін 

құрастырушы.  Ол  Шакья  патшалығының 

мұрагер  ханзадасы  болған.  Балалық  шағында 

өз  жақындарының  қамқорлығында  болып, 

адам  баласы  қалауы  мүмкін  рахатқа  бөленіп, 

өскен.  Бірақ  князьдік  сарайдың  сыртында 

Сиддхартха 

адамның 


қайғы-қасіретін, 

жоқшылықты,  ауруларды,  кәрілік  пен  өлімді  көреді.  Оларды  көргенде 

бозбаланың  жаны  түршігетін  және  ол  өмірдің  мәні  туралы  көп  ойланатын. 

Жиырма жасқа келгенде ол ешкімге айтпай, үйінен шығып, диуана монахқа 

айналады.  Енді  оны  Шакьямуни,

 

«Шакья  руынан  шыққан  диуана»  деп 



атайтын  боған.  Ол  ең  тәуір  деген  философтардан  дәріс  алып,  орманда  өмір 

сүрсе  де,  ақиқатқа  жете  алмайды.  Бірнеше  жыл  өткен  соң,  ол  ағаштың 

түбінде тынығып отырғанда, кенеттен нұрлы ақиқатқа көзі жетеді. Өмір мен 

өлімнің ақиқаты оған бірден, тұтастай күйде беріледі. Сол кезден бастап ол 

Буддаға,  яғни  оянған  адамға,  Ағарған  –  адамға  айналады.  Ол  қырық  жыл 

бойы өз ілімін Үндістанда дәріптеген және оған жүздеген, мыңдаған адамдар 

ерген.  Оның  философиясы  ведалар  мен  упанишадалардың  философиясын 

ығыстырып шығарды. Гаутаманың нұрлануының негізінде оның «төрт игі 



ақиқатты»  тануы  жатыр,  біріншіден  –  дүниеде  қайғы-қасірет  бар, 

екіншіден  –  оның  өз  себептері  бар,  үшіншіден  –  азаптан  арылудың 

мүмкідіктері бар және төртіншіден, сол азаптардан құтылудың жолдары бар. 

Кейін,  Гаутама  қайтыс  болып,  екі  жүз  жыл  өткен  соң  буддизм  бірнеше 

бағыттарға  ыдырайды.  Оған  буддалық  ілімнің  басты  ережелеріндегі 

қайшылықтар себеп болды. 



Философиялық көзқарастары: 

               Буддизм  ілімі  бойынша,  өмір  –  қасірет.  Адам  қандай  әлеуметтік 

сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайға 

шалған  құрбандық  та  көмектесе  алмайды.  Қасіреттен  құтылудың  бірден-бір 

жолы  –  сансардан  (жанның  бір  денеден  бір  денеге  ауысып  отыруы)  толық 

азат  болу.  Ол  үшін  адам  төрт  түрлі  ақиқатты  білуі  қажет:  1-өмір  қасірет, 

Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, қажетіңе 

жете алмау, т.б. – осылардың бәрі – қасірет. 2-қасіреттің пайда болуы туралы 

ақиқат. 3-Қасіреттің пайда болу себебі өмірден ләззат алуға деген құштарлық 

екенін  түсініп,  аталған  құштарлықтардан  құтылу  арқылы  оны  жеңуге 

болатындығына 

сену. 


4-Құштарлықтан 

құтылу 


жолдарын 

білу. 


17 

 

Құштарлықтан  құтылу  оңай  емес,  ол  үшін  сегіз  әдептілік  қағиданы 



бұлжытпай  орындау  арқылы  жанды  таза  ұстауға  тырысу  қажет.  Олар:  1-

Дұрыс  жол-төрт  ақиқатты  дұрыс  түсіну.  2-дұрыс  шешім  –  төрт  ақиқатқа  өз 

өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер. 3-Дұрыс сөз – өтірік айтпау, біреуді 

босқа  жамандамау,  балағат  сөз  айтпау.  4-Дұрыс  іс-әрекет  –  ешқандай 

тіршілік  иесіне  жамандық  жасамау,  ұрлық-қарлықтан  қашық  болу.  5-Дұрыс 

тұрмыс қалпы – адал еңбек етуді әдетке айналдыру. 6-Дұрыс күш жұмсау –

құмарлықпен,  жаман  оймен  күресу.  7-дұрыс  ой  бағыты  –  бұл  дүниенің 

жалған,  алдамшы,  уақытша  екенін  түсіну.  8-Дұрыс  жинақтала  білу  –  өз 

денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу. 

                Дұрыс  жинақтала  білудің  өзі  төрт  сатыдан  тұрады:  1  -  ойды  төрт 

ақиқатты  түсініп,  пайымдауға  бағыштау.  2  -  Осы  төрт  ақиқатқа  сену.  Ол 

біздің жанымыздың тыныштықта және қуанышта болуына мүмкіндік береді. 

3 - Қуаныш-қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу. 4 - Толық сабырлық және 

талғаусыздық  жағдайға  жету.  Соңғы  сатыны  Будда  «Нирвана»  деп  атайды. 

Нирвана – қайта тірілуден құтқару. Нирвана – мокшаның өзгерген түрі. Тек, 

нирвананың мокшадан айырмашылығы – мокша жанды қасіреттен о дүниеде 

азат етсе, нирвана бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды 

архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына 

жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай болса, нирвана  – ең жоғары 

ләззат. Кейін келе нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске 

ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда 

болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау 

мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті 

қызықтан алшақ адам танып-біле алады. 

              Б.д.д. III - ғасырда буддизм Үндістанның ресми идеологиясы болды. 

Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна  – «кіші 

шеңбер» деп аталатын ағым алғашқы буддизмге жақынырақ болса, махаяна – 

«үлкен  шеңбер»    деп  аталатын  ағым  –  архаттан  гөрі  «бодхисатваны»  пір 

тұтады.  «бодхисатва»  –  архатқа  жетпеген,  бірақ  толық  білімге  жетуге 

талпынып  жүрген  адам.  Ол  білгір  адамнан  гөрі  дін  уағыздаушы  адамға 

көбірек ұқсайды.  

             Буддизмге 

сенушілер  Үндістанның  өзінен  гөрі  одан  тыс 

мемлекеттерде  көп  кездеседі  (Қытай,  Жапония,  Бирма,  Цейлон,  т.б.).  Ал 

Үндістанның  өзінде  буддизмнің  орнын  брахманизм  басады  да,  буддизмдегі 

Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады. 



Философиялық афоризмдері: 

 



Құмарлықтан  артық  от,  ашудан  артық  бейнет,  алдаудан  өткен  мұң, 

құштарлықтан артық телегей-теңіз жоқ. 

 

Денсаулық – ұлы жеңіс, қанағат – ұлы байлық, сенім – ең жақсы туыс. 



 

Өзіне лайық немесе өзінен асып түсерлік серік  таппаған жолаушының 



сапарға жалғыз шыққаны жөн. 

 



Қара қарға секілді арсыз, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық адамға өмір 

сүру  жеңіл.  Ал,  қарапайым,  пәк,  біртоға,  салқынқанды,  алды-артын 

болжағыш таза адамға өмір сүру қиынға түседі. 


18 

 

Әдебиет: 



 

1.

 

Лысенко  В.  Г.  Будда  как  личность  или  личность  в  буддизме  //  Бог  — 

человек — общество в традиционных культурах Востока. «Наука», — 

Москва: 1993. 

2.

 

Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы. 

«Раритет», -Алматы: 2006. 10-12 беттер. 

3.

 

Ольденбург С.Ф., Владимирцов Б.Я., Щербатской Ф.И., Розенберг О.О. 

Жизнь  Будды,  индийского  Учителя  Жизни.  Пять  лекций  по  буддизму. 

«Агни»,— Самара: 1998. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



19 

 

           Әлемдегі 



ең 

ежелгі 


философиялардың 

бірі 


ретінде 

Үнді 


философиясының  мыңдаған  жылдық  тарихы  бар.  Үнді  философиясының 

дүниеге  келуі  б.д.д.  X  -  ғасырлар  жатқызылып  жүр,  бірақ  кейбір  ғалымдар 

оның тарихын одан да ерте кезеңнен бастайды. 

           Үндістанның  жайлы  ауа-райы  мен  тамаша  табиғаты  адамнан  көп 

еңбекті  талап  етпейді  және  жылына  үш-төрт  рет  мол  өнім  алуға  мүмкіндік 

береді.  Жұмыстан  қолы  босаған  адам  руханиятқа  көңіл  бөліп,  өзінің  ішкі 

дүниесіне үңілуге, аңдауға мүмкіндік алады. Осыған байланысты үндістердің 

психикалық даму деңгейлері жоғары болатыны да заңды. Алайда касталарға 

бөлінудің  қатаң  жүйесі  (жоғары  және  төменгі  әлеуметтік  топтарға  жіктелу) 

миллиондаған  халықтың  арасында  темірдей  тәртіп  орнатып,  еркін  өмір 

сүруге мүмкіндік бермеді. 

          Касталық  жіктелістен  көрініс  табатын  Үндістан  халқының  өзіндік 

тарихы  мен  ерекше  әлеуметтік  құрылысы  оның  философиялық  және  саяси-

қоғамдық көзқарасының ерекше дамуына өз әсерін тигізген. 

         Шығыс,  негізінен,  медитациямен  айналысып,  адамның  психикалық 

қуаты  мен  қабілетін  дамытуға  көңіл  бөлген,  ал  Батыс  адамнан  тыс  жатқан 

табиғатты  игеріп,  материалдық  және  физикалық  күштерді  дамытумен 

айналысқан. 

        Шығыстық  адам  өз  ішіне  бойлайтын,  өзінің  тереңі  мен  өзінің  шынайы 

Меніне жетуге ұмтылса, батыстық адам – табиғатты жеңуге, оны ғылым мен 

техниканың арқасында билеуге ұмтылып, сол арқылы өзінің меншікті, адами 

«Менінің» салтанатын бекемдеуге тырысады. 

         Үнді  философиясының  әртүрлі  мектептерін  бағалауда  алуан  түрлі 

көзқарас  болса  да,  біз  соларға  тән  үнді  мәдениетіне  ортақ  сипаттарды  ғана 

аңғарамыз. Қысқасы, ондай ортақ сипатқа адамгершілік пен діни көзқарасты 

жатқызуға болады.  

        Философиялық  даналықтың  мақсаты  –  әншейін  зиялы  қызығушылықты 

қандыру  ғана  емес,  негізінен,  көрегендік,  болжау,  терең  сәуегейлік  тән  ең 

тәуір  деген  өмірге  қол  жеткізу  (Шығыс  философиясы./«Мәдени  мұра»,  ОҚ. 

«Жазушы»,—Алматы: 2009. 10-бет). Жалпы, Үнді философиясындағы басты 

ерекшелік –адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет