Философия тұЛҒалар бейнесінде оқУ-Әдістемелік қҰралы 2 Қостанай, 2013 2



жүктеу 5.55 Mb.
Pdf просмотр
бет14/54
Дата07.06.2017
өлшемі5.55 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54

ФОМА АКВИНСКИЙ 

 (ФОМА немесе ТОМАС АКВИНИ, 

АКВИНАТ) 

 

(1225, Роккасекка қамалы, Аквино маңы – 

7 маусым 1274, Фоссануо, Рим маңы) 

 

          —  итальяндық  философ  әрі  теолог, 



ортодоксальді  схоластика  өкілі  (оны  бір 

жүйеге  келтіруші),  томизмнің  негізін 

қалаушы,  монах,  доминикандық  орденінің 

мүшесі;  1879    жылдан  беделді  католиктік 

діни философ,  

               Ол  өз  еңбектерінде  христиандық 

сенім  ілімін    (көбіне,    Августин 

Блаженный  идеяларын)  Аристотельдің 

философиясымен  байланыстырды  (оның  ілімін  христиандық-католиктік 

рухта өңдеді).  



Философиялық шығармалары: 

          — 

«Теологияның 

жиынтығы», 

«Философияның 

жиынтығы» 

(«Пұтшылдыққа  қарсы»)  және  т.б.  Сондай-ақ,  ол  Інжілге,  Аристотель 

шығармаларына түсіндірмелер жазды. 

               Ол  Аристотельдің  іліміне  сүйене  отырып,  белсенді  форма  (реттілік 

принципі)  мен  тұрақсыз  және  қалыптаспаған  материяның  (болмыстың  әлсіз 

түрі)  арасындағы  байланысты  түсіндіру  арқылы  Иисус  Христостың 

бойындағы  құдайлық  (идеялық)  және  адамдық  (материалдық)  қасиеттерін 

теориялық  жолмен  негіздеуге  тырысады.  Құдайдың  арқасында  қосылған 

алғашқы бастамалар – форма мен материя жеке заттар әлемін тудырады.  

              Адамның  өзі  де  жан  (түр  қалыптастыратын  принцип)  мен  дененің 

қосындысынан  пайда  болған.  Жан  «таза  форма»  ретінде  күйреуі,  жоғалуы 

мүмкін  емес.  Бірақ  ол  жерде  тіршілік  пайда  болғанға  дейін  жеке  өмір 

сүрмеген, оны құдай жаратқан. 

             Рух  пен  материяның  табиғаты  туралы  пікірталас  жалқылар  мен 

жалпылардың (универсалийлер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома 

Аквинский 

Аристотельдің 

жалпы 

ұғымдар 


жалқылардың 

түр 


қалыптастыратын  принципі  ретінде  жеке  өмір  сүреді  деген  іліміне  сүйене 

отырып,  универсалилер  ақыл-ойдың  жемісі  болғанымен,  санадан  тыс, 

құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей 

келіп,  Ибн  Сина  сияқты  универсалилердің  үш  түрлі  өмір  сүретіндігін 

көрсетеді.  Олар:  біріншіден,  зат  пайда  болғанға  дейін  –  Құдайдың  ойында. 

Екіншіден,  заттардың  өзінде  –  олардың  мәні  ретінде  және  үшіншіден, 

заттардан  кейін  адамдардың  ақыл-ойында  –  сол  заттардың  ұғымы, 

абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде. 

           Заттардың  мәні  олардың  түпнегізі  –  Құдайдың  бойындағы  жалпы 

идеялар  болғандықтан,  адамдардың  мақсаты  –  соларды  діни  сенім  арқылы 



124 

 

білуге  ұмтылу.  Ал  философия  болса,  ол  да  діни  догмалардың  дұрыстығын, 



ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек. 

Философиялық көзқарастары: 

          Аквинскийдің  пікірінше,  дін  –  Құдайдың  табиғатын  түсіндіретін  ілім, 

сондықтан  шіркеу  оны  уағыздаушы  ретінде  азаматтық  қоғамнан  жоғары 

тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ 

рухани  өмірге  дайындық  болғандықтан,  патшалық  билік  рухани  (діни) 

билікке  бағынуы  керек.  Рухани  билікті  жүргізетін:  Аспанда  –  Христос, 

Жерде  –  Рим  папасы.  Аквинскийдің  ілімі  XIX-ғасырдың  аяғында 

қалыптасқан  қазіргі  кездегі  философияда  өзіндік  орны  бар  неотомизмнің 

теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.   

Философиялық афоризмдері: 

 



Өзіндік мәнділікке ие адами парасатты жан тәнмен бірге өлмейді. 

 



Себеп:  тіршіліктегінің  бәрінің  себебі  бар,  демек  себептің  себепшісі  –

Құдай. 


 

Бәрі материя мен формадан (идеядан) тұрады. 



 

Таным процесіне сенім мен парасат бірдей қатысады. 



 

Философия тек ақылмен танылатынды ғана түсіндіре алады. 



 

Әдебиет: 

 

1.

 

Боргош Ю. Фома Аквинский. — Москва: 1975. 

2.

 

Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 55-бет. 

3.

 

Бородай Т.Ю. Вопрос о вечности мира и попытка его решения Фомой 

Аквинским  //  Интеллектуальные  традиции  античности  и  средних 

веков (Исследования и переводы). Кругъ, —Москва:  2010. С.107-121. 

4.

 

Гайденко В.П., Смирнов Г.А. Западноевропейская наука в средние века. 

«Наука»,— Москва: 1989. 

5.

 

Майоров  Г.Г.  Формирование  средневековой  философии.  Латинская 

патристика. «Мысль», —Москва: 1979. С. 181—340 

6.

 

История  философии:  Энциклопедия.  Интерпрессервис;  Книжный 

Дом.— Мн.: 2002. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

125 

 

ИОАНН ДУНС СКОТ 



 

(1265ж. Дунс, Шотландия – 1308ж. Кельн) 

 

            —  шотланд  схоласты,  өз  дәуірінің 



атақты ойшылдарының бірі. 

Философиялық көзқарастары: 

             Аквинскийдің  іліміне  қарсы  сын 

айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы 

оның  ерік-жігеріне  тәуелді,  сондықтан  да 

құдайдың  жігері  не  істеймін  десе  де 

абсолютті  ерікті,  ал  оның  қалағанын 

істегеннің  өзі  –  игілік.  Құдай  жігерінің 

арқасында 

әлемдегі 

жеке 


заттарды 

жаратқан.  Ол  тек  жаратушы  ғана  емес, 

сонымен  бірге  сол  заттардың  рухани 

түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның 

денесі кеңістік  пен уақытта  шектеулі.  Рухтың  негізгі  мақсаты  –  танып-білу. 

Адамдар  сезімдік  түйсіктер  арқылы  заттардың  қасиет  сипаттарын  таныса, 

ақыл-ой  арқылы  осы  алынған  деректер  негізінде  жалпылықтың 

(универсалий)  мәнін  түсінуге  ұмтылады.  Жалпы  ұғымдар  таза  ақыл-ойдың 

туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегіз. Олар әр уақытта болған және мәңгі 

бола  береді.  Тек  адамдар  таным  процесі  кезінде  оларды  заттардан  бөліп 

алады  да,  жалпы  ұғымын  қалыптастырады.  Ақыл  –  ойда  да,  сезімдік 

түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар 

сезім  мүшесіне  әсер  етпейді.  Олай  болса,  таным  процесінде  белсенділік 

көрсететін  сезім  мүшелері  де,  сана  да  емес,  тек  жігер  ғана.  Себебі  жігердің 

өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері Құдайдың жігерінен нәр алады. 

                 Скоттың  пікірінше,  философия  қарастыратын  негізгі  мәселе 

болмыс  болғандықтан,  ол  рухани  түпнегізді  танып-біле  алмайды,  ал  діннің 

пәні  рухани  түпнегіз  болғанымен  де,  бірақ  оны  нақты  түрде  дәлелдей 

алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек. 

                Дунс  Скоттың  ілімі  скотизм  деп  аталған  өзінің  ізбасарлар 

мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті. 

 

                                                  Әдебиет: 



 

1.

 

Столяров  А.А.  Номинализм  Оккама  /История  философии.  Запад-

Россия-Восток. Книга первая. — М: 1995. — с.373-374. 

2.

 

Рассел Б. История западной философии. В 2-т.,Т2. —Москва: 1993.  

3.

 

Рассел Б. Мудрость запада. — Москва: 1998. 

4.

 

Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006.56-бет. 

5.

 

Философиялық сөздік. —Алматы: 1996.

                      

 

 


126 

 

РОДЖЕР БЭКОН 



 

(1214ж. Илчестер, Долчестер графтігі, 

 Англия – 1292ж.) 

 

             —  ортағасырлық  философияның 



көптеген  идеяларымен  келіспей,  өзіндік 

пікір 


айтып, 

таным 


процесінде 

тәжірибиенің 

беделін 

көтерген 

ойшылдардың бірі.  

Философиялық шығармалары: 

«Үлкен  шығарма»,  «Кіші  шығарма», 

«Үшінші 

шығарма», 

«Философияның 

компендиялары» және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

Ол 


философияны, 

табиғаттану 

ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының 

іргетасы – тәжірибие, эксперимент және математика деп есептеді. 

           Ол  өз  кезеңіндегі  ғұламаларды  схоластикалық  беделдің  алдында  бас 

июден  гөрі  тәжірибиеге  жүгінуге,  бос  пікірталастықтан  –  экспериментке, 

керегі  жоқ  кітаптардан  –  табиғатты  зерттеуге  шақырады.  Осы  салада  өзі  де 

үлкен жетістіктерге жетті. 

           Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы – тәжірибие, логикалық пікір 

және  ғылыми  бедел.  Бірақ  осы  аталғандардың  ішіндегі  адамдарды  ақиқатқа 

жеткізетін  ғылыми  құралдардың  ең  бастысы  –  тәжірибие.  Себебі  тәжірибие 

тәжірибие  болғандықтан  құндылыққа  ие.  Ал  қалғандары  осы  тәжірибие 

арқылы дәлелденуі керек. Ал кей жағдайда тәжірибие де ақиқаттыққа жеткізе 

алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. 

          Осыдан  келіп,  ол  философияның  міндеті  дінді  қорғау  деген  тұжырым 

жасайды.  

 

Әдебиет: 

 

1.

 

Гайденко В.П., Смирнов Г.А. Западноевропейская наука в средние века. 

«Наука», — Москва: 1989. 

2.

 

Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 56-57 бет. 

3.

 

Библия. Книги Священного Писания Ветхого и Нового Завета. 

 —Москва: 1991. 

4.

 

Майоров  Г.Г.  Формирование  средневековой  философии.  Латинская 

патристика. «Мысль», —Москва: 1979. С. 181—340 

5.

 

История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный Дом. 

— Мн.: 2002. 


127 

 

УИЛЬЯМ ОККАМ 



 

(шамамен 1285ж, Оккам, Суррей графтығы, 

Оңтүстік Англия – 1349ж, Мюнхен) 

 

        — 



ағылшынның 

ортағасырлық 

философы,  номиналистік  бағыттың  көрнекті 

өкілі,  


         Оккамдық 

францискандық 

монах, 

номинализмді 



жақтаушылардың 

бірі, 


томизмді  (Фома  Аквинскийді)  номиналистік 

тұрғыда  сынға  алды,  яғни  адам  ерігін 

парасаттан жоғары қойды. 

Философиялық көзқарастары: 

             Оның  пікірінше,  әлем  жеке  заттар 

мен  мәндерден  тұрады.  Мәнділіктердің 

негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді 

және  қажеттіліктің  арқасында  оның  мәнінен  тікелей  туындайды. 

Трансценденталилер  категориялардан  да,  біртектес  заттарды  қамтитын 

жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар 

заттардың  таңбасы,  белгілері  ғана,  олай  болса,  олар  жеке-дара  өмір  сүре 

алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс  өмір сүретін 

тек  жалқылар  болғандықтан,  таным  процесі  заттарды,  құбылыстарды 

түйсіктер  арқылы  бейнелеуден  басталады,  сыртқы  және  ішкі  тәжірибие 

арқылы  түйсініп-білуден  тұрады.  Ішкі  тәжірибиеде  адам  жалқыларды 

бейнелеудің  нәтижесінде  оларды  түйсініп,  интуитивті  нақты  білім  алса, 

сыртқы  тәжірибиеде  трансценденталилер  туралы  абстракциялы  немесе 

жалпылар туралы білім жинайды.  

            Олай  болса,  Оккамның  пікірінше,  философиялық  ақиқат  пен  діни 

ақиқат  екі  құбылыс.  Ғылым  мен  философия  үшін  ең  маңызды  нәрсе  – 

интуиция  мен  білім  арқылы  ақиқаттығы  дәлелденетін  фактілер.  Ал 

дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-

ой  күшімен  құдайды,  оның  бар  екендігін  бұлжытпай  дәлелдейтін  фактілер 

болмағандықтан, оған сену ғана керек. 

           Оккамның  ілімі  Коперниктің  аспан  механикасы  туралы  ілімінің 

қалыптасуына  және  ғылымдарда  геометриялық  тәсілдің  үстемдік  етуіне 

ықпал жасады. 



Әдебиет: 

 

1.

 

Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 57-бет. 

2.

 

Столяров  А.А.  Номинализм  Оккама  /История  философии.  Запад-

Россия-Восток. 1-книга. Философия древности и средневековья. Греко-

латинский кабинет, —Москва: 1995. — с.373-374. 

128 

 

          Сонымен,  орта  ғасыр  дәуірі  Рим  империясының  құлауынан  (467ж.) 



басталып, XV-ғасырға (1492ж.) дейінгі кезеңді қамтиды. Батысевропалық 

ортағасырлық  ойлау  үрдісі  теоцентрлік  тұрғыда  болды,  яғни  барлық  әлем, 

дүниені  Құдай  жаратты,  ол  бүткіл  жаратылыстың  иесі.  Білімділіктің, 

зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу – мемлекет 

ішіндегі  мемлекет,  яғни  көптеген  мемлекеттік  функцияларды  атқарды. 

Философия теологияға қызмет етті. 

        Онтологиялық  мәселе  –  жаратылу  идеясы,  креационизм  болса,  ал 

гносиологияда христиандық аян идеясы орын тапты.  

        Ортағасырлық 

теологиялық 

философияның 

көрнекті 

өкілдері: 

Тертуллиан  Карфагенский  (160-220),  Аврелий  Августин  (354-430),  Боэций 

(480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм 

Кентерберийский (1033-1109), Николай Отрекурский (XIVғ.) және т.б.. 

         Батысевропалық  ортағасырлық  философиясының  негізгі  идеялары 

мен сипаты: 

 



Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм; 

 



Теоцентризм  (бүкіл  дүние,  адамзатты  –

Құдай  жаратты,  құдай  философиялық 

ойлаудың негізгі тақырыбына айналды); 

 



Креационизм  –  Құдай  дүниені  жоқтан 

бар етті және мәңгі жаратуда

 

Провиденциализм  –  Құдай  адам  мен 



адамзатты 

құтқаруын, 

жарылқауын 

алдын ала біледі; 

 

Ғарышты,  табиғатты,  қоршаған  дүние 



құбылыстарын  зерттеуге  көп  көңіл 

бөлінбеді; 

 

Философияда  екі  дәстүрдің  синтезі  –



антикалық  философия  мен  христиандық 

аян ілімінің қабысуы, 

 

Мән  мен  тіршілік,  ерік  пен  парасат, 



сенім мен білім арақатынасы; 

 (Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  «Парыз»,—Астана:  2009. 

39-40 беттер).  

         Батысевропалық 

ортағасырлық  философияда  қарастырылған 

мәселелер:   

         құдыреттілік  мәселесі,  өмір  сүру  мәселесі,  универсалилер  жөніндегі 

бәстесулер,  логика,  ақиқат  мәселесі,  екіұдайы  ақиқат  жөніндегі  ілім, 

тұтастық  және  көптік  мәселесі  (экземпляризм),  таным  мәселесі  (Бэконның 

әдісі  бойынша),  ойлау  мәселесі  және  т.б.  (Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  

Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Ортағасырлық философия, «Раритет»,  

—Алматы: 2006.54-бет). Міне, осылайша бұл кезең өзінің ерекшеліктерімен, 

жаңа  идеяларымен,  өздерінің  философиялық  көзқарастарымен  ғылымның 

одан әрі дамуына тың леп алып келді. 

 


129 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ МҰСЫЛМАН 

ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


130 

 

            Мұнда  Қайта  Жаңғыру  (Ренесанс)  Батыс  елдерінен  V-VI  ғасыр  ерте, 



яғни  IX-XII  ғасырларда басталды.  Әсіресе, бұл  Орта  Азия  мен  Иран  жеріне 

қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді  атақты Жібек жолы басып өтетін, 

Құрлықаралық  Жібек  жолы  Шығыс  пен  Батыс  елдері  арасында  сауда 

қатынасын  күшейтіп,  экономикасын  дамытуға  әсерін  тигізді.  Ол  кезде 

кемінде бес жүз, әйтпесе мың, мың жарым түйеден тұратын керуендер ерсілі-

қарсылы    үздіксіз  жүріп  жататын.  Олармен  бірге  түйе  айдаушы  болып 

елшілер, жыршылар, діншілдер, оқымыстылар, зергер-ұсталар сапар шегетін. 

Керуендер  екі-үш  күн  үздіксіз  жүрістен  соң,  көгалды,  саялы,  сулы  жерге 

тоқтап,  дем  алатын  болған.  Ол  орындар  Керуен-сарай  аталып,  айналасында 

үйлер,  дүкендер  салынып,  қалаларға  айналған.  Керуен-сарайларда  жер-

жерден  келген  адамдар  (арабтар,  қытайлар,  парсылар,  түркілер, 

венецияндықтар  және  т.б.)  әңгіме-дүкен  құрып,  неше  түрлі  жаңалықтар, 

ертектер, діни ғылыми қағидалар айтқан.  

            Ол  кезде  Орта  Азия  мен  таяу  шығыста  астрономия,  математика, 

медицина ғылымдары тез дамыды. Өйткені, бұл ғылымдар оған дейін Қытай, 

Үнді елдерінде дамыған болатын. Бұл жағдай Орта Азия, Таяу Шығыс елдері 

ғылымдарына  тікелей  әсерін  тигізді.  Әрине,  орта  ғасырда  бұл  жерлерде  де 

діни идеология үстемдік құрды.  

                  Таяу  Шығыстағы  араб  елдерінде  философия  мынадай  үш 

бағытта болды:  

 



«таза ағайындар» ілімі;  

 



перипатетизм немесе материалистік бағыт.  

 



суфизм (софылық, IX-XII ғ.ғ);  

(Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай»,—Алматы: 2008). Жалпы, 

Шығыс  философиясының  өзіндік  бір  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  осы 

кезеңдегі  философиялық  тұлғалардың  жазған  еңбектерінің  қалыптарына, 

өміршеңдігіне, 

даналығына 

тап 

боламыз. 



Сондықтан, 

Шығыс 


философиясының  ажырамас  бір  тармағы  болған  –  араб  және  түркітілдес 

ортағасырлық мұсылман философиясына тоқталдық. 

 

 


131 

 

ӘБУ-НАСЫР МҰХАММЕД ИБН 



МҰХАММЕД ИБН ҰЗЛАҒ ИБН 

ТАРХАН ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКИ 

 

(870ж. Отырар қаласы (Қазақ Елі) 

 

950ж. Дамаск, Сирия) 



 

        —  қазақ  жерінен  шыққан  әйгілі 

«Екінші-Ұстаз»,  әмбебап,  математик, 

философ,  музыка  зерттеушісі,  тарихшы, 

энциклопедист-ғалым. 

           Аристотель 

шығармалары 

сол 


кездің  өзінде-ақ  араб  тіліне  аударылып 

үлгерген-ді. 

Араб 

Шығысында 



Аристотельдің  кейбір  құнды  ойлары 

бұрмаланып 

көрсетілді. 

Бірақ 


көп 

еңбектері  тәржімаланбағандықтан  ұлы 

грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді 

жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде 

түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ 

пікірлерден  тазартып,  өз  қалпында  дұрыс  түсіндіре  біліп,  өзінің  бірінші 

ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін 

таныта  білді.  Сондықтан  да,  шығыс  философтары  оны  «Әл  Му'алим  Әс-

Сани» —  «Екінші ұстаз» деп атаған. 

          Әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге 

мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. 

Әл-Фараби  870  жылы  Сыр  бойындағы  Арыс  өзені  Сырға  барып  құятын 

өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді.  

       Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл 

«Отырар апаты» деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір 

қайтыс  болды.  Отырар  жайында  біздің  қолымызда  Ибн  Хаукальдың,  Абул 

Фиданың,  қытай  деректемелерінің  мәліметтері  бар.  Отырар  жөнінде 

Птоломейде  де  айтылған.  Отырардағы  кітапхана,  ел  ауыздағы  аңызға 

қарағанда,  кітабының  саны  жағынан  атақты  Александрия  кітапханасынан 

кейінгі екінші орында болған. 

       Қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Исхақ Әл-

Отрари,  Исмаил  Әл-Шаухари,  Жемал  Әл-Түркістани,  Әл-Сығнақи,  Әл-

Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір 

мәдени  негізде  дүниеге  келуі  әбден  табиғи  нәрсе.  Осынау  саңлақтардың 

ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің 

орны ерекше. 

         Білімге,  ізденуге  деген  құштарлықтың  жетелеуімен  ол,  жас  шағында, 

дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде 

саяхат  жасап,  сол  замандағы  мәдени  әлемнің  көптеген  орталықтары: 

Хорасанда,  Бағдадта,  Дамаскіде  (Шам),  Алеппода,  Каирда  (Мысыр)  болған. 



132 

 

Өз  өмірінің  көп  жылдарын  ол,  Араб  Халифатының  саяси  және  мәдени 



орталығы  болған,  Бағдадта  өткізді.  Мұнда  ол  өз  білімін  әбден  тиянақты 

меңгеріп,  толықтырады,  көрнекті  ғалымдармен  байланыс  жасайды,  сөйтіп 

өзінің  білімдарлығы,  ақылының  алғырлығы  және  асқан  байсалдылығы 

арқасында  көп  ұзамай  олардың  арасында  үлкен  абырой-беделге  ие  болды. 

Бірақ  өресі  тайыз,  кертартпа  хадисшілер  оны  жек  көріп,  күндей  бастаған, 

әсіресе,  олар  Әл-Фарабидің  бүкіл  ойының  негізгі  мәніне  қарсы  шыққан, 

өйткені,  оның  дүниеге  көзқарасы  шынайы  болмысты  танып  білуге,  адам 

бақытын  о  дүниеден  іздеп  табуға  мезгейтін  еді.  Ақыр  соңында  Әл-Фараби 

лажсыздан  Бағдадтан  кетеді.  Өзінің  «Фусул  ал-мадани»  («Мемлекет 

қайраткерінің  нақыл  сөздері»)  деген  соңғы  шығармасында  ол:  «Адам 

ғылымға  түрліше  тосқауыл  жасайтын  мемлекеттен  кетіп,  ғылыми  өркен 

жайған елде тұруға тиіс», – дейді. Әл-Фараби Александриялық (Мысырлық) 

ғалымдар,  яғни  бір  кезде  Александриядан  ығыстырылған  несторианшыл 

христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын 

Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі 

саяси  қайраткері  Сейд  Ад-Дуаль  Хамданиге  аса  кадірлі  болды.  Әл-Фараби 

950 жылы 80 жасында қайтыс болды. 

  Философиялық шығармалары: 

        «Ғылымдардың  шығуы»,  «Ғылымдар  энциклопедиясы  немесе  тізбегі», 

«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың 

үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не білу қажеттігі 

жайлы»,  «Ақылдың  мәні  туралы»,  «Әлеуметтік-этикалық  трактаттар», 

«Философиялық  трактаттар»,  «Құдыретті  Платон  мен  Аристотель 

көзқарастарындағы  ұқсастық»,  «Жан  туралы»,  «Птоломейдің  Алмагесіне 

түсініктеме»  және  т.  б.  100-ден  астам  философиялық  еңбектер  жазған. 

Фараби  ғылымның  философиялық-логикалық  іргетасын  дұрыстап  қайта 

қалап  шықты.  Ол  музыка  жайлы  күрделі  зерттеулер  жүргізді.  Фарабидің 

метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар 

жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.          

     Әл-Фараби  философия  саласы  бойынша  грек  ойшылы  Аристотельдің 

«Категориялар»,  «Метафизика»,  «Герменевтика»,  «Риторика»,  «Поэтика», 

бірінші  және  екінші  «Аналитика»,  «Топикасы»  мен  4  сопылық  еңбектеріне 

түсініктемелер  жазды.  Ол  еңбектері  күні  бүгінге  дейін  де  мән-маңызын 

жоғалтқан  жоқ.  Сөйтіп,  Фараби  Шығыс  пен  Батыстың  ғылымы  мен  ежелгі 

мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды. 

Философиялық көзқарастары: 

        Философияда идеалист болғанымен құдайға сенсе де, әл-Фараби ғылыми 

жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты 

бөлшектен  тұрады,  деді.  Олар  жәй  бөлшектер,  минералдар,  өсімдіктер, 

жануарлар, адамдар, аспан денелері. Ол дүниені тануға болады, ал танымды 

тудыратын сезім мүшелері, деді. 




жүктеу 5.55 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет