Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет6/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
Объективті  шынайылықтың  алуандылығы  шексіз,  ал  сон-
дықтан  оны  тану  түрлері  де  шексіз.  Бізді  қоршаған  ортаны 
қабылдауда  адам  санасының  шектеулігі,  сонымен  қатар  сезім 
органдарының шектеулігі мен қабілеттері шартты болып келеді. 
Шығармашылық  тұлғаның  объективті  шынайылықты  танудағы 
кемеңгерлігі оның көрінетін әлемнен тыс шыға алатын потенци-
алды  мүмкіндігі.  Бұл  жерде  шығармашылық  тұлғаның  жалпы 
осы  қадамды  жасауын  түсіну  мәселесі  маңызды  рөл  атқарады, 
себебі,  эстетикалық  құндылықтардың  табиғатына  қайта  өндіру 
(репродуциялау),  эстетикалық  тұрғыдан  игерілген,  бұрынырақ 
ашылған заттардың қайталануынан асқан қайшылық жоқ, себебі 
әрбір шынайы көркем туынды ерекше, жаңа және өзіндік рухани 
құбылыс болып табылады.
Өнерде  эстетикалық  сана  барынша  шоғырланған  күйінде 
көрінеді,  алайда,  оның  қалыптасуында  туындының  көркемдігі 
әрқашанда  оны  жаратушылардың  басты  мақсаты  болмай-
ды.  Дегенмен,  соның  арқасында  өнердің  туындысы  бағаланды, 
себебі,  жоғарғы  деңгейдегі  көркем  туындылар  объективті  түрде 
мәдениеттің оған ұсынған қызметтерін атқара алады. Бұл туынды-
лар  қазіргі  заман  өнерсүйермен  қауым  тұрғысынан  аса  жоғары 
бағаланады (интуитивті өлшемдер негізінде) және тек солар ғана 
ақыр  аяғында  шынайы  көркем-эстетикалық  құбылыстар  бола 
отырып, адамзат мәдениетінің қорына енеді. 
Философия  мен  өнер  –  мәдениеттің  тұлғалық  жекеленген 
түрлері болып табылады. Философия дұрыс үйлесімді өмір сүру 
өнерін  үйретеді.  Бұл  мағынадағы  «өнер»  түсінігі  кең  мағынада 
логика  және  формальды  әрежелері  бар  ғылымға  альтернатива 
ретінде  қолданылып,  тек  адам  ғана  өзінің  өмірін  бақытты  және 
сәтті ете алады дегенді меңзейді. 
А. Шопенгауэр философия бұл ғылым емес, ол өнер екенін 
ешқашан естен шығармау керектігін басып айтқан. Сонымен қатар 
философияда оны не ғылымға бағыттау (Платон, Гегель, Гуссерль – 
классикалық философия), не өнерге бағыттау (Кьеркегор, Хайдег-
гер, Ясперс – классикалық емес философия) үдерістері бар. Егер 
ғылымды  ақыл  мен  «түсінік»  қалыптастырса,  өнерді  –  сезімдер 
мен  «сұлулық»,  «үйлесімділік»  түсініктері  қалыптастырады.  Ге-
гель пікірінше, санада сезім болмаса, онда өмірде жоқ, ал еріксіз 
ол әлсіз болады. «Мен, барлық идеяларды қамтитын ақылдың ең 
жоғарғы әрекетін эстетикалық әрекет деп білемін және ақиқат пен 

48 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
игілік тек әсемдікте ғана туысқандық қатынастармен байланыса-
ды» деп Гегель жазған болатын [73]. Бірде бір салада эстетикалық 
сезім болмай тұрып, рухани даму мүмкін емес.
«Өнер»  түсінігінің  тар  мағынасы  –  бұл  кемелділікке,  үйле-
сімділікке, сұлулық пен эстетикалық құндылықтарға жеткізілген 
белгілі бір технология. Кей кездері философия мен өнер бірігуі 
де мүмкін, мәселен, Толстой, Достоевский және Сартрдің көркем 
шығармаларын  алайық,  оларда  экзистенциализм  философия-
сы  концептуалды-теоретиялық  формада  емес,  көркем-бейнелік 
шығарма түрінде беріледі. 
Ойдың іске асу техникасы немесе суретші шеберлігінің көркем-
бейнелеу деңгейі өнер туындысының жоғарғы деңгейін анықтай-
ды.  Осы  жерде  ежелгі  антикалық  кезеңде  өнерді  (грек  т.  techne 
– шеберлік, өнер) шеберлік деп түсінгендігін айта кету орынды. 
Ежелгі гректер пән формасының жасампаздығында, шеберлігінде 
сұлулықтың ең маңызды бір шарттарын көрді. Шынымен де, ойды 
іске асыру шеберлігі, оны формаға «құю» суретшінің жоғарғы тех-
никасына негізделеді. Жазуды сауаттылықсыз елестетуге болмай-
тындай, өнерді де көркем техникасыз елестетуге болмайды. Ма-
териалды  техникалық  өңдеу  өнерін  игермеген  суретші  шынайы 
жаратушы  бола  алмайды.  Техниканы  дамыту  –  бұл  шебердің 
әрқашанғы  қамының  пәні  болып  табылады.  Пианист  роялімен, 
балерина – айна алдында, вокалист өз даусын шынықтыруға бай-
ланысты және т.б күніне бірнеше айналысады, осылай бола отыра, 
өнердегі техникалық және ақындық элементтердің үйлесімділігін 
беретін  ерекше  сезімді  жоғалтып  алмау  аса  маңызды.  Техника, 
техницизм болған жағдайда ғана суретші қолөнершіге айналады. 
Ол  шынайы  өнерді  шебердің  техникалық  мүмкіндіктерімен  ал-
мастырумен байланысты. Орыс халқының ақыны А. Блок өзі өлең 
шумақтарын  өте  керемет  жазып  жатырмын  деген  тұжырымға 
келгенде, ол уақытша ақындық тәжірибесін қоя тұрған. Ол кәсіп 
ақындықты ығыстырып шығарып жіберуі мүмкін деп қорықты.
Өнерге  ғылымның  қолы  жете  бермейтін  –  адам,  оның  ішкі 
әлемі, сезімдер, күйзелістер, эмоциялар жақын. Көбінесе мәдениет 
түзу үрдісінің нәтижесінде туынды авторы – суретшінің іс-әрекеті 
шығармашылықтың  аналогы  болып келеді.  Суретші  өнер  туын-
дысында күйзелістің мәнін, әсемдік идеясын, руханилықтың идея-
сын көрсете алады. Сол себептен, өнер туындысын игеру адамның 
рухани  әлемінің  қалыптасуының,  этикалық  және  эстетикалық 

 
 
 
                      
                                                  49
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
құралы болып табылады.
Мәдениет тарихында өнер саласы өте кең және алуан түрлі. 
Сондықтан  бір  темекі  сауытындағы  ою-өрнек,  жеңіл  би  әуені, 
XVIII  ғасырдағы  суретшілердің  көркем  суреттеріндегі  жеңілтек 
бейнелер мен православты иконаларды бір қатарға қоюға болады 
ма деген сұрақтың туындауы орынды. 
Ия,  олардың  барлығы  бір  қатарға  қойыла  алады,  ол  үшін 
бір  шарттың  орындалуы  қажет,  олардың  барлығы  өнердің  шы-
найы  туындылары  болу,  яғни  олар  көкем  туындылар  немесе 
эстетикалық құбылыстар болу қажет. 
Осы  және  өзге  жағдайлардағы  эстетикалық  мазмұнның 
деңгейі,  байланыстың  жүзеге  асу  деңгейі  мен  адамның  жоғарғы 
деңгейдегі  рухани  салаларға  көтерілуі  өнер  туындыларынан 
айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін, алайда, бұл негізгі мағынаны 
өзгертпейді.  Өнердің  барлық  түрлеріндегі  нағыз  туындылар-
да  негізгі  нәрсе  (олардың  қандай  мақсатпен  жаратылғанына 
және  өздерінің  мәдениеттеріне  қосылар  кезінде  қандай  қызмет 
атқарғандарына қарамастан) олардың көркем құндылығы яғни – 
эстетикалық  құндылығы,  соның  көмегімен  олар  өзге  де  әдеттегі 
утилитарлы-қолданбалы немесе культтік қызметтерді атқарады.
Мәселен,  православтық  мәдениет  адамының  көркем  қабыл-
дауы үшін ежелгі орыс иконаларындағы эстетикалық мазмұнның 
деңгейі  қасыққа  ойылып  жазылған  ою-өрнектер  мен  Леонар-
до  көркем  суреті,  Микеланджелоның  көркем  мүсіндеріне  және 
т.  б.  қарағанда  әлдеқайда  жоғары.  Көркемдік  дарындылыққа 
ие  қытайлық  үшін  немесе  мұсылмандық  мәдениет  өкілі  үшін 
каллиграфиядағы  эстетикалық  мазмұнның  деңгейі  (бірі  үшін 
–  иероглифтер,  ал  екіншісі  үшін  –  араб  жазбасы)  сол  ежелгі 
иконаға  қарағанда  әлдеқайда  жоғары  болады.  Бұл  объективті 
түрде мәдениеттегі эстетикалық мазмұнның ерекшелігі мен оның 
қызмет етуін көрсетеді.
Антикалық кезең үшін сұлулық бұл тек осы әлемді танушы 
адамның  ғана  емес,  сонымен  қатар  осы  әлемнің  өзінің  белгісі 
болды.  Сонымен  қатар  сұлулық  пен  үйлесімділік  саналының 
да  синонимі  болып  келді,  себебі,  сұлулық  заңдары  бойынша 
жаратылған әлемнің ақылдан тыс жаратылуы мүмкін емес екені 
анық және керісінше, егерде ол саналы жолмен жаратылса, онда 
оның  үйлесімділік  жолмен  жаратылғаны  анық.  Классикалық 
антикалық кезеңде Ақиқат, Сұлулық және Игілік туралы сурақтар 

50 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
әртүрлі  сұрақтар  болған  емес:  олар  барлығы  біртұтастықты 
құрды. 
Бірінші  орынға  адам  шыққан  Қайта  өрлеу  дәуірінде  эсте-
тикалық  мазмұнға  қатысты  арнайы  рефлексия  басталды.  Сұлу-
лық «сезімдік танымның шегі» болып табылды, ал, Сұлулықтың 
орны  әлемнің  дәл  өзі  емес  (антикалық  кезеңдердегі  мәні  емес), 
ал өнер адамның шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде 
қарастырылды. Өнерге табиғатты адамның эстетикалық сезімдері 
арқылы,  адамгершілік  тұрғысынан  қарастыруға  рұқсат  етіліп 
қана қоймай, солай қарастыру міндет болды. 
Тек  өнерде  ғана  эстетикалық  қасиет  бар  деп  мойындау 
эстетикалық  сананы  оның  синтетикалық  қызметтерінен  айы-
рып,  эстетиканы  өзге  іс-әрекет  түрлерінен,  әлеуметтік  өмірден 
бөліп,  өнерді  тек  өзіндік  мақсатқа  айналдырды.  Осы  тұрғыдан, 
Ақиқат  әлемге,  ал  Сұлулық  –  қоғамнан  тыс  алынған  адамзат 
шығармашылығына немесе табиғат сұлулығына қатысты болды. 
Алғаш тарихта Ақиқат пен Сұлулық арасындағы логикалық 
алшақтық  пайда  болды,  бұл  алшақтық  табиғат  пен  адамның 
шығармашылық  рухын  да  ажыратады.  Өнер  таным  мен  мо-
ральдан тыс жоғарғы деңгейдегі шынайылық деп танылды. Осы 
тұрғыдан,  адам  да  табиғатты  да,  қоғамды  да  қажет  етпейтін 
өнердің абсолютті толыққанды жаратушысы деп қарастырылды. 
Дәл  осыған  ұқсас  құрылымдар  «таза  өнердің»  эстетикалық 
теориясының барлық түрлерінің негіздерінде жатыр, яғни, өнер 
өнер үшін. 
Ағартушылық дәуір толығымен ақылға негізделді, болмыстың 
негізгі сұрақтарының шешімі тек ғылыми ақылға ғана жүктелді; 
осы тұрғыдан өнер әлемді тану құралы емес деп есептелінді, ол 
тек  адамның  өзін  өзі  қалыптастыру  формасы  ретінде  қарасты-
рылды.  XIX  ғ.  Соңынан  бастап  еуропалық  философтар  «рацио-
нализм дағдарысы» (С. Кьеркегор, Ф. Ницше, О. Шпенглер), мә-
дениетті ақыл, ерік және сезімнің үштігі (яғни, Ақиқат, Сұлулық 
және  игілік)  қағидатына  яғни  қайта  қайтару  жөнінде  айта  ба-
стады,  сонымен  қатар  іс-әрекет  барысында  және  адамның  өзін 
өзі және әлемді тануда адам ақыл мен ерікпен шектелмеуі тиіс, 
әлемді және өзін эстетикалық қабылдаусыз ол ең басты нәрсені – 
өзінің әлеммен үйлесімді байланысын, өзінің ішкі тұтастығын, ал 
олай болса, адамгершілік-психологиялық тұрақтығын жоғалтады 
деп тұжырымдады. 

 
 
 
                      
                                                  51
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
Эстетикалық  қатынас  жалпы  әлемге  де,  іс-әрекеттің  барлық 
түрлеріне  және  адамның  ішкі  дүниесіне  де  таралуы  қажет.  Тек 
эстетикалық мазмұн ғана мәдениет тұтастығын қамтамасыз етеді. 
Осы  идеяны  алғаш  айтқанардың  бірі  Ф.В.  Шеллинг  болды:  «...
егер философия барлық ғылымдар сияқты бір кездегі ғылымның 
ерте  сатысында  поязиядан  шыққан  болса  және  дәл  осы  жол-
мен  кемелділікке  ұмтылған  болса,  онда  қазіргі  таңда  да  бұл 
ғылымдар  философиямен  қатар  өздерінің  көптеген  жекеленген 
бағыттарының аяқталуына байланысты өздерінің алғаш шыққан 
поэзияның тұңғиық мұхитына қайта оралады» [74].
Табиғатпен үнемі қарым-қатынасқа түсу, еңбекте және адам-
дармен  қатынастарда  әсемдікті  көре  және  қалыптастыра  білу, 
өнерді терең түсіне және сезіне білу– бұлардың барлығы адамның 
өміршеңдігін  күшейте  түседі,  оны  көптеген  қажетсіз  жағымсыз 
эмоциялар мен күйзелістерден арылтады. 
Жоғарғы  деңгейде  дамыған  эстетикалық  қажеттіліктер 
сезімдердің жалпы мәдениетін дамытып, тұрпайы, жабайы және 
дөрекі  күйзелстерден  тазартады.  Эстетикалық  эмоциялар  адам-
затты  кемелдендіре  отырып,  әрбір  жеке  адамды  да  кемелденді-
реді. Эстетикалық сана мейлі ол ғылыми ойлау болсын, сезімдік 
пайымдау  болсын,  өндірістік  іс-әрекет  болсын  немесе  тіпті 
болмыстық  сала  болсын  әрбір  адамның  белсенді  іс-әрекетінде 
болады.  Осы  айтылғандарға  байланысты  әрбір  адамның  руха-
ни  әлемі  терең  индивидуалды  және  қайталанбас  болып  келеді. 
Адамның эстетикалық қажеттіліктерін еркін және кеңінен дамыту 
адамда тек оған ғана тән эмоционалды өмірді туындатып қоймай, 
сонымен  қатар  оның  өмірін  қызықты  және  көркем  етеді,  оған 
объективті түрде пайда болған өзінің ерекшелігі мен әлеуметтік 
маңыздылығын сезіндіреді.
Өнер  –  бұл  эстетикалық  сананың  ілеспе  элементтен  негізгі 
мақсатқа айналатын іс-әрекеттің кәсіби саласы. Іс-әрекетте міндетті 
түрде кезігетін эстетикалық элемент қаншалықты мықты болғаны-
мен, мәселен, ғалымның іс-әрекеті дегенмен, ол оның зерттеулері-
нің  негізгі  мазмұнын  анықтамайды.  Ал  өнерде  эстетикалық  сана 
маңызды  болып  табылады.  Дамытылған  эстетикалық  сезім  адам 
тұлғасын  индивидуалды  тұрғыдан  қайталанбас  етеді,  оның  ішкі 
дүниесін  саралап,  сонымен  қатар  оның  рухани  қасиеттерімен 
үйлестіреді. Дамыған эстетикалық сезімі бар адам – бұл шығарма-
шылық екпіннің, өмірге шығармашылық қатынасы бар адам. 

52 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Өнер  эмоциялары  бұл  ақылды  эмоциялар.  Эстетикалық 
сезім  –  бұл  әлемнің  әсемпаздығына  тамсанудың  жарқын  сезімі. 
Эстетикалық  мазмұн  бұл  адамның  мәнін  «пәнге  айналдыру» 
және табиғатты «адам ету» сияқты екі жақты үрдістің ізі бар жә-
не өзіндік өмірлік құндылығы бар пәннің ішкі өмірінің сезімдік 
көрінісі. 
Өнер  адамның  өзіндік  көрінісінің  құралы  болып  табылады, 
олай  болса,  өнердің  пәні  адамның  әлеммен  қатынасы,  сонымен 
қатар психологиялық, әлеуметтік, адамгершілік және болмыстық 
өлшемдердегі  адамның  өзі  болып  табылады.  Гуманитарлық 
ғылымдардың  пәні  де  адам  болып  табылады,  алайда,  олар  оны 
белгілі бір, саналы түрде шектеулі сала тұрғысынан қарастырады. 
Өнер адамды тек оны тұтастық ретінде ғана қарастырып қоймай, 
сонымен қатар ғылымның әлі де зерттеу алмаған терең қырларын 
да  қамтып  отырады,  себебі,  адам  әлемдегі  ең  ғажап  құбылыс, 
табиғаттың  шешілмес  құпияларының  бірі.  Өнер  бізбен  өзінің 
ерекше тілінде сұхбатқа түседі, сондықтан ол түсінікті болу үшін, 
алдымен ол тілде сөйлеп үйрену керек.
Өнер  алғашқы  қауымдық  қоғамда  пайда  болып,  өзінің 
негізгі  белгілерін  антикалық  дәуірде  қалыптастырды,  дегенмен, 
сол  кездің  өзінде  ол  әлі  де  іс-әрекеттің  ерекше  бір  түрі  ретінде 
қабылданған  жоқ.  Платонға  дейін  (оның  өзін  де  қоса)  өнер  деп 
үй  тұрғызу  қабілеті,  кеме  тұрғызу,  емдеу,  мемлекетті  басқару 
қабілеттері, поэзия, философия және риторика деп қабылданды. 
Эстетикалық іс-әрекеттің жалпы бөлінуі, яғни, біздің түсінігіміз-
дегі  өнердің  бөлініп  шығуы  нақты  кәсіптерде  басталды  (бұл 
жерде  ол  мәселен,  орнектердің  пайда  болуына  алып  келді), 
бұл  кәсіптерде  эстетикалық  мазмұн  алғашқыда  утилитарлық, 
этикалық және танымдық іс-әрекеттерден ажырамаған болатын, 
ал кейіннен ол рухани іс-әрекет саласына ауысады.
Егер  біз  үшін  Гомер  поэмалары  негізінен  өнер  туындыла-
ры  болса,  оның  замандастары  үшін  ол  туынды  соншалықты 
энциклопедиялық  мазмұнға  толы  болғандықтан  ол  фило-
софиялық жалпылау да, этикалық талон да, діни жүйені түсіндіру 
де,  өнер  шығармашылығы  ретінде  де  қабылданды.  Антикалық 
мәдениеттің  синкреттік  сипаты,  яғни,  ондағы  біздің  қазіргі 
таңдағы түсінігіміздегі өнердің әлі бөлініп шықпауын әдебиеттің 
өнер  ретінде  басым  көпшілігінде  поэтикалық  шығармалар 
ретінде  келу  факті  түсіндіреді,  ал,  проза  өзінің  эстетикалық 

 
 
 
                      
                                                  53
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
жолмен  берілгендігіне  қарамастан,  әдетте,  өзінің  мақсатына  сай 
философиялық немесе тарихи болып есептелінді.
Өнердің  философия,  ғылым,  дін  және  этикадан  айырма-
шылығы,  ол  эстетикалық  іс-әрекеттің  мақсаты  таным  немесе 
әлемді  өзгерту  емес,  этикалық  нормалар  мен  діни  көзқарастар 
жүйесін  түсіндіру  емес,  ол  көркем  іс-әрекеттен  басталады.  Бұл 
іс-әрекет ерекше, нәзік әсем ойдан шығарылған әлемнің (пәндік 
әлеммен қатар) құрылуын қамтамасыз етеді, бұл әлемде барлық 
эстетикалық  заттар  адамның  қолынан  шыққан  жаратылыс.  Бұл 
ойдан  шығарылған  әлемнің  ерекшелігі,  біріншіден,  әлем  шы-
найы өмірге қатысы жоқ таза ойдың жаратылысы емес. Автордың 
ерекше зор қияли болуы мүмкін, алайда қандай да бір бағыт пен 
жанрға  қатысты  көркем  туындыдағы  бейнеленген  шығарманың 
өзіндік  шынайылығы  болады.  С.  Цвейгтің  айтуынша,  нағыз 
көркем  туынды  өзінің  мақсатына  тек  өзінің  жаратылысы  бары-
сында оның қалай жасалғандығын ұмытып, тек таза өмір ретінде 
қабылданған  жағдайда  ғана  жетеді.  Екіншіден,  әлемнің  көркем 
суреті деп танылатын шынайылық бұл өмірдің өзі емес, тек оның 
шындыққа ұқсас бейнесі ғана. Суретші интуитивті деңгейде өзінің 
шығармасына  өзінің  ойынан  басқа  бейсаналы  саладан  келетін 
құбылысты  да  енгізеді.  Нәтижесінде,  шынайы  өнер  туындысы 
авторға көптеген ойлар тән болғандай шексіз көп түсіндірмелерді 
қамтиды [75]. 
Адам үшін осы дүниені қайталайтын екінші әлемнің қажеті 
қанша? Өнердің өзге іс-әрекеттерден айырмашылығы ол адамның 
толық бір тұтастық ретінде ішкі мәнінің көрінісі болып табылады, 
ал  жеке  ғылымдар  мен  іс-әрекеттің  кез  келген  түрінде  бұл  мәні 
жоғалады, себебі, адам тұтастай өзін емес, тек өзінің белгілі бір 
қырын  жүзеге  асырады.  Табиғат  өзінің  өмірін  өзі  жаратқандай, 
өнерде адам өз өмірін еркін және тәуелсіз жаратады. Егерде, адам 
өзінің  тәжірибелік  іс-әрекетінде  және  ғылымда  өз-өзіне  субъект 
объектіге  қарсы  қойылғандай  жағдайда  болып,  өзінің  еркіндігі 
шектеулі  болса,  өнерде  адам  өзінің  субъективті  мазмұнын 
жалпыға маңызды және тұтас объективті болмысқа айналдырады.
Өнер туындыларын эстетикалық қабылдау оның жаратылы-
сы сияқты адамнан оның толыққанды берілуін талап етеді, себебі, 
ол  өзі  жоғарғы  танымдық  құндылықтарды,  этикалық  қысымды, 
эмоционалды  қабылдауды  қамтиды.  Өнер  тек  сезімдерге  ғана 
емес,  сонымен  қатар  интеллектке,  адамның  интуицияларына, 

54 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
оның рухының ең сезімтал салаларына бағытталған. Көркем туын-
дылар тек эстетикалық ләззат алудың объектісі ғана емес, соны-
мен қатар білімнің қайнар көзі де болып табылады: солар арқылы 
адам  адамдардың  тұлғааралық  қатынастарының  адамзат  сипат-
тары, оның өмірінің маңызды тұстары танылып, есте сақталады. 
Өнер  туындыларын  қабылдау  және  жарату  барысындағы 
адамның  барлық  рухани  күштерінің  бірлігі  жоғарыда  айтылған 
эстетикалық  сананың  синкреттік  күші  арқылы  қамтамасыз 
етіледі.  Егер,  ғылыми,  публицистикалық,  танымал  басылым-
дарды оқи отыра адам іштей әлем туралы текстегі өзіне қажетті 
жақты  қабылдаудан  басқа  тұстарды  ұмытып,  «фрагментарлы» 
ойлауға  бағытталса,  көркем  өнер  туындысын  оқуға  бағытталған 
ол өзіндегі ақыл, интуиция, сезімдер, этикалық түсініктер және 
өзіндегі  ең  жасырын  тұсы  «Мен»  сияқты  рухани  күштерін  іске 
қосады. Сол себептен, өнердің басты функциясы әлемді тұтастай, 
толыққанды  қабылдау  және  жаратуды  қамтамасыз  ететін  оның 
синтетикалық  миссиясы  болып  табылады,  ол  тек  танымдық, 
этикалық, эстетикалық және адамзат рухының өзге де қырларын 
біріктіру шарттарында ғана мүмкін болмақ.
Өнердің  синтетикалық  күшінің  философтар  үшін  таңқа-
ларлық  жағы  ол  рухани  іс-әрекеттердің  алуан  түрінің  ішінде 
адамға  әлеуметтік  ықпалы  жағынан  тең  келетін  бір  де  бір  күш 
жоқ.  Бұл  мәселе  ежелгі  кездерден  бері  белгілі  күшімен  жиі 
үрейлендірген.  Мәселен,  тәртіпке  ұмтылған  кез  келген  мемле-
кет  әуенге  тыйым  салу  (өнердің  басқа  да  түрлері)  керек  деген 
пікірлер  де  айтылған,  себебі,  ол  мінезді  жұмсартып,  кез  келген 
қатаң  арақашықтықты  мүмкін  етеді.  Өзінің  пайда  болуының 
алғашқы  ғасырларында  ортодоксальды  христиандық  теар  мен 
көркем  суретті  этикалық  христиандық  догматтар  талап  ететін 
қатаң аскетизмнің маңыздылығын теріске шығарады деп тыйым 
салған. Тіпті, Жаңа Заман дәуірінде қоғамдық өмірдің дамуының 
нәтижесінде  өнерге  тыйым  салу  жөнінде  сөз  болмаған  кезеңде 
мемлекет әдебиеттен ресми көзқарасты жақтауды талап ете оты-
рып, қатаң цензуралық тыйым салуды тоқтатқан жоқ. 
XIX және әсіресе, XX ғасырда өнер және идеологияның ара-
қатынасы мәселесі бірінші орынға шығады. Кез келген қоғамның са-
яси моральды және өзге де қағидаттарын бойына жинаған билікке 
ие  идеологиялық  жүйелер  өнердің  еркіндігін  шектеуге,  оны  сая-
силандыруға ұмтылады. Әрине, сонымен қатар көркем шығарма-

 
 
 
                      
                                                  55
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
лардың  мағыналық  жағы  саяси  идеялардың  логикалық  жолмен 
құрастырылған жүйесіне сәйкестіріледі (ресми жарияланған дог-
маттар), ол жалпы көркем ойланудың ерекшелігінің ұмтылуына, 
эстетикалық сезімнің утилитаризациясына алып келеді. 
Идеологиялық диктаттың нәтижесінде бұқаралық мәдениет 
дамиды,  ол  мәдениетте  эстетикалық  көркеткіштердің  төмен-
деуі  соншалықты  орташаландырылған  мәдениет  (яғни  жалған 
мәдениет)  пен  идеологияның  арасында  еш  айырмашылық  бол-
май қалады.
Өнердің  қоғамдық  өмірдегі  рөлінің  маңызы  зор.  Кез  кел-
ген  қоғамның  қайта  құрылуы  әрқашан  да  өнердің  белсенді 
қатысуымен жүріп отырды. Г. Гегельдің пікірінше өнер дегеніміз 
–  бұл  «адамгершілік  рухтың»  эстетикалық  жолмен  өзгеруі. 
Өнерді демократияландыру бұл моральдан еркіндік алуды деген 
мағынанын  емес,  бюрократиялық  тосқауылдардан  еркіндік  алу 
дегенді білдіреді. Тек шынайы либералды демократия жағдайын-
да ғана өнер тек эстетикалық қана емес, жоғарғы этикалық мәде-
ниетке де қол жеткізеді. Осылай антикалық кезеңдерде де, Қайта 
Өрлеу дәуірінде де болды. Алайда, өнер тек қоғам денсаулығын
ғана  қамтамасыз  етпей,  сонымен  қатар  мәдениеттің  ғасырлық 
сабақтастығын,  оның  дамып  келе  жатқан  әмбебаптылығын 
қамтамасыз  етеді.  Жалпыадамзаттық  бар  белгілер  деңгейіне 
көтеріліп, жалпыға маңызды идеяларды қалыптастыра отырып, 
ол тарихи дамудың мәнін көрсетеді, ал бұл мәдениет тұрғысынан 
жалпыадамзатқа  ортақ  белгілер  болып  табылады.  Өнер  адам-
заттың  барлық  жетістіктерін  өзіндік  жолмен  өзгерте  отырып, 
өзінің  бойына  жинайды.  Дәстүрлі,  ғасырлар  бойы  дамыған  мә-
дени  белгілерді  қолданусыз  мәдениеттердің  сабақтастығының 
қатарына қосылу мүмкін емес, белгілі бір өткені бар, сол себеп-
тен де белгілі нақты қазіргі шағы және ең бастысы болашағы бар 
тарихты біртұтас үрдіс ретінде сезіну мүмкін емес.
Өнерді  өз  ойын  толық  білдірудің  жолы  ретінде  қарастыра 
отырып, адам онда әрқашанда өзінің барлық өзге жетістіктерінің 
мәңгілік  болуын  қамтамасыз  етудің  құралын  да  көрді.  Тарихи 
маңызы  бар  және  олардың  істері  халық  шығармашылығында 
жырланады,  кез  келген  қоғамдық  маңызы  бар  оқиға  көркем 
өнер  мен  сәулет  өнерінде,  әуенде  немесе  поэзияда  көрініс  тап-
ты.  Өнерсіз  халықтың  тарихи  жады  болмады,  ал  тарихи  жады 
болмаған халық өзінің ұлттық тұтастығын жоғалтады.

56 
        

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал