Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет22/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ортақ мақсатқа жұмылдырды. Әралуан мәдениеттің өкілдері бо-
ла тұра шеберлер өз кәсіби шеберліктерін рухани іліммен байы-
та қолдану арқылы жалпыадамзатқа ортақ рухани мәні бар туын-
дылар жасай білуі руханияттың әмбебаптығының нақты мысалы. 
Үрдістердің  мәнін  ашудың  «кілті»,  заттың  субстанциялық 
негізі болатын танымдық категория. Рәмізді мәдениеттің семиоти-
касы тұрғысында сараптаған Ю.М. Лотман: «Мәдениет тарихының 
барлық  материалдары  әлеуметтік  кодтар  жүйесі  мен  ауқымды 
ақпараттар тұрғысынан талдануы мүмкін, яғни бұл ақпараттарды 
белгілерде  бейнелеп,  ұжымға  жеткізуге  мүмкіндік  береді»  [175, 
31  б.]  –  дейді.  Олай  болса,  Ю.М.  Лотманның  пікірінше  «рәміз 
әлеуметтік кодтың маңызды факторы», «рәміз мәдениеттің жады-
сы»  бола  отырып,  әлеуметтік-мәдени  мұраларды  жинақтаушы, 
сақтаушы  және  жеткізуші  болып  табылады.  Ясауи  кесенесіне 
арнайы  жасалып,  сан  ғасырлық  рухани  сабақтастықтың  кепілі, 
құнды жәдігер Тайқазан – терең дәстүрден тамыр алып, исламдық 
мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз. Бұл күнде Тайқазан – ру-
хани  астана  –  киелі  Түркістан  қаласында,  әулиелердің  Сұлтаны 
Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі өзінің құтты орнында, қазақ 
халқының, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың, қала берді күллі 
түркі жұртының берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны 
қызметін атқарып тұр. 
«Әзірет  Сұлтан»  Мемлекеттік  Әзірет  Сұлтан  мұражайы 
қорындағы  ортағасырлық  тарихи  құнды  мұрағаттың  бірі  Әмір 
Темір  дәуірінен  сақталған  қола  лаухалы  ту.  Лауханың  құйылуы 
мен оюларынан, өрнектеліп жазылған араб, парсы жазуларынан 
кесенедегі ортағасырлық қола бұйымдардың құйылу технология-
сына тән ортақ тақырыптық, идеялық, біртұтастықты, ұқсастықты 
көреміз. Мәселен, лауханың мойындығының құрылымдық піші-
нінде  шырағдандармен  ұқсастық  айқын  көрінсе,  сүйірленген 
жапыраққа ұқсас негізгі бөлігінің пішіні және қошқармүйіз ою-
лармен аяқталуы есік алқасы мен Тайқазанның тұтқасына ұқсайды. 
Лауханың өзі екі бөліктен – ортасында оюлы-өрнекті жазулары бар 
негізгі жапырақ формасындағы жалпақ бөлігінен және сығылған 
шарға ұқсас екі белдеуі бар конус тәріздес мойындығынан құрал-
ған. Лауханың негізгі бөлігінің ұшы қошқармүйіз оюлардың өзара 
симметриялы,  екі  сатылы  біріккен  композициясынан  құралған. 
Лауха ұшындағы үлкен оюдың ұштасқан ұзын ұштарының орта-
сында екі жағынан бірдей оқылатындай етіп «Алла» сөзі ойылып 

 
 
 
                      
                                                  199
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
жазылған. «Алла» сөзін жиектеген екі қошқар мүйіз оюдың ұзын 
ұштықтарының А бетіне Калима шәхадат (куәлік сөзі) жазылған: 
«Бір  Алладан  басқа  Құдай  жоқ  екендігіне  куәлік  беремін  және 
Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә, 
Алла!» Б бетінде оюдың ұзын ұштарының бірінде Аллаға мадақ, 
бірінде  кәлима-и  таухид  жазылған:  «Бір  Алладан  басқа  Құдай 
жоқ,  Мұхаммед  оның  жіберген  елшісі.  Барлық  хәлде  Аллаға 
мадақ!» [168, 135 б.]
Лауханың  ұшындағы  қошқар  мүйіз  оюдың  екі  жаққа  шиы-
рылған  ұштарының  екі  бетінде  төрт  халифаның  аттары  жазыл-
ған. А бетінде: «Әбубәкір Сыддық, Омар Фаруқ», Б бетінде: «Осман 
Аффан, Әли әл-Мұртаза» Адамның жүрегінен орын алуға тиісті 
Алла  есімін  қорғап-қоршаған  иман  қауызы  –  кәлима  шахадат 
ортаңғы бөлігінің А бетіне Алла есімін жиектей қаусыра жазылған. 
Осы иманның қауызы – жүрек ділді тазартатын негізгі құралдың 
формасы – кәлима таиба және негізгі амал әрекет – қандай хәлде 
болсын Алланы мадақтау бұйрығы екінші жағынан да оқылатын 
ортаңғы  бөліктегі  «Алла»  сөзін  екі  жағынан  қаусыра  Б  бетінде 
жазылған. Иманды қорғап, күзету үшін адамның Алла есімін жад 
етуі, яғни кәлима таухидті үнемі зікір етіп, қандай хәлде болса да 
Аллаға мадақ айтудан танбауы керек деген қағида Ислам дініндегі 
басты  ұстаным.  Осы  қағида  Ясауидің  хәл  іліміне  саятын  терең 
мән-мағынамен  астарланып,  лауханың  Б  бетіне  сыйғызылған. 
Ислам дәстүріне сай адамның  жүрегі жер көкке, ғаршы  күрсіге 
сыймайтын, тек иманды құлының жүрегінен орын алатын Аллаға 
ғана мекен болуға лайықты. Демек, «Мені, жаратқан аспаным да 
жерім де сыйғыза алмайды, тек момын пендемнің жүрегіне ғана 
сыйамын» деген Алла Тағалаға сенім және сол орынды ластықтан 
тазарту әрекеті – Ясауидің хәл ілімінің, хикмет дәстүрінің негізгі 
методы. Хәл ілімімен тазарып, нұрланған жүректі ишаралайтын-
дай ашық жерге, шапақты нұрын шашқан бейнеде «Алла» сөзінің 
жазылуы, иман қауызының ішінде орын алуға тиісті негізгі мәнді 
көрсетеді. Қошқармүйіз оюдың өзі «адам» деген ұғымды ишара-
лайтынын  ескерсек,  адам  табиғатының  нұрлы  рухани  жағымен 
қатар,  көлеңкелі  тәндік  қырының  бар  екендігіне  меңзейтіндей 
оюлар  мен  оюлы  жазулар  бір-біріне  қарама-қарсы  орналасқан. 
Демек,  адамды  кемелдікке  жеткізетін  рухани  дамудың  өзі  оның 
бойындағы  осы  рухтық  және  нәпсілік  екі  сипаттың  күресінен 
туындай  тұрып,  екі  дүниелік  бақыттың  кілтін  иеленуді  мақсат 

200 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
тұтып,  адамгершілікті  ту  ететін  толық  адамның  қалыптасуына 
бастайды.  Лауханың  симметриялы  құрылымы,  оның  орталық 
бөлігі  білік  бойымен  айналу  мүмкіндігі  –  бүкіл  дүниенің 
қозғалысы  мен  ғаршы-күрсінің  үйлесімді  айналымының  өзі 
Құдайдың құдіретімен, Оның сүйген құлы, халифасы – құтыбтың 
құрметіне  жүзеге  асып  тұрғанына  меңзейді.  Мұның  өзі  халық 
даналығындағы  «бүкіл  дүние  бір  әулиенің  дұғасымен  аман 
тұр»  деген  наныммен  астасып  жатыр.  Және  бұл  тудың  «Құтыб 
ул  ақтаб»  –  құтыбтардың  ұлығы,  яғни  әлемдердің  темірқазығы 
–  Әзірет  Сұлтанның  құрметіне,  оның  ханакасына  сыйға 
тартылуының  терең  мәні  бар.  Имандылық  ізгі  мақсатқа  жетуді 
көздеген адамның Исламды алғашқы болып қабылдап, ғибратты 
өмірімен  кейінгіге  үлгі  болған  төрт  шариярдың  өнегесін  өзіне 
таяныш қылып, үлгі тұтуы дәстүрлі Исламдағы негізгі ұстаным. 
Осының мысалын Ясауи хикметтерінен де көреміз: «Көрген заман 
иланған – Әбубәкір Сыдық дүр, Ұстын болып тірелген – Әбубәкір 
Сыдық  дүр.  Мұңдасқанда  жылаған,  құлшылыққа  бел  байлаған, 
Іші-бауыры езілген – Әбубәкір Сыдық дүр... Екіншісі жар болған – 
әділетті Ғұмар дүр, Мұсылмандыққа жар болған – әділетті Ғұмар 
дүр.  Білалға  азан  айттырған,  шариғатты  білдірген,  Діннің  сөзін 
ұқтырған – әділетті Ғұмар дүр... Үшіншісі жар болған – Оспан сы-
пайы дүр, Әркезде де жар болған – Оспан сыпайы дүр. Хақ Расулдың 
күйеуі, дініміздің тірегі, Пенделердің азаты – Оспан сыпайы дүр... 
Төртіншісі жар болған Құдай шері Ғали дүр, Миғражда да жар 
болған Құдай шері Ғали дүр Айтқан сөзі рахман-ды, көрсең жүзі 
нұр еді, Кәпір құтын қашырған Құдай шері Ғали дүр...» [157, 153 
б.] деген хикмет жолдарында Ұлық сахабалардың сипаттарын ба-
яндайды. Исламның бастауында иман келтіріп, дінге қуат болған, 
діннің  таралуына  қажыр-қайратын  аямаған  сахабалардың  есімі 
күш-қайратқа  меңзейтіндей  шиырылған  оюда  таңбалануының 
да өзіндік мағынасы бар. Халық арасындағы Пайғамбардың төрт 
шариярына деген зор құрмет жыр-қиссаларда, аңыз-әңгімелерде 
олардың ғибратты өмірі молынан орын алуынан көрінеді. Негізгі 
бөліктің ортасынан симметриялы түрде екіге бөліп, екі бетінен де 
оқуға болатындай ойылып, өсімдік тектес өрнекпен әшекейленіп 
сулс  қолтаңбасымен  былай  деп  жазылған:  «Мұхаммед,  Әли 
Алланың берген нығметі!». Дүниеге шапағатшы, әрі ілімнің кені, 
қаласы болып келген Пайғамбар мен сол ілімнің қақпасы – Әзірет 
Әліні Құдайдың берген нығметі деп түсіндіреді. Сонымен қатар 

 
 
 
                      
                                                  201
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
бұл  жазуды  ілімнің  өскелең  рухын,  шапағат  етер  нұрын  паш 
етіп,  екі  дүниеде  де  бақытқа  бастар  қасиетіне  ишаралайтындай 
өсімдік  тектес  өрнекпен  айшықтап,  екі  жақтан  оқылатындай 
ойып  жазылған  ашық  көрінісімен  айқындап,  симметриялық 
үйлесімімен бейнелейді. Негізгі бөліктің ұштала біріккен жалпақ 
жиектерінің А бетінде:
«Йә,  Алла!  Мұхаммед  Мұстапаға,  Әли  әл-Мұртазаға,  және 
Хасан  әл-Мүжтабаға,  Кербалада  шейіт  болған  Хусайынға,  Әли 
Зайн ал-Абидинге, Мұхаммед әл-Бақырға, Жағыпар әс-Садыққа, 
Мұса  әл-Казымға,  Әли  әр-Ризаға,  Мұхаммед  әт-Тақиға,  Әли  ән-
[Нақиға],  әл-Жауад  Хасан  әл-Аскариге,  Мұхаммед  әл-Махдиге 
игілік бер! Және нәбилердің соңғысы, әрі пайғамбарлардың бас-
шысы,  барлық  әлемді  жаратқан  Алланың  елшісі,  Мұхаммедке 
игілік  болсын!».  Пайғамбар  әулеттерінің  есімдері  Мұхаммед 
(с.ғ.с.)  Пайғамбар  мен  Әзірет  Әлі  есімдері  айшықталған  негізгі 
өрнекті көмкере жиектей жазылған. Оларды құрметтеу, үлгі өнеге 
тұту, ғибратты өмірі мен істерін насихаттап жыр, хикметке қосып 
халыққа жеткізу, оларға салауат жолдап, дұға тілеу дәстүрімізде 
үзілмей  жалғастық  тапқан,  бүгінге  жеткен  игілікті  салтымыз. 
Осы дәстүрге сай Ислам жолында жақсылыққа жетіп, Алланың 
нұры  жауған,  Пайғамбар  әулеті  еске  алынып,  оларға  салауат 
айтылғанын  байқаймыз.  Дәстүрлі  Ислам  дініде  –  дүниеге  Ис-
лам ақиқатын паш ететін, Пайғамбардың жолын жалғастырушы 
ұрпағы келетініне деген сенім бар. Осы сенімге сай қиямет күні 
жақындағанда  дүниеге  келуі  күтілетін,  Пайғамбар  әулеті  – 
Мұхаммед  әл-Махди  есімі  Лаухада  аталып,  оған  игілік  тіленеді. 
Лауханың  негізгі  бөлігінің  Б  бетіндегі  оң  жақтағы  жазу  парсы 
тілінде:  «Бұл  әлемдегі  шайхтардың  басшысы,  Хазрат  Хақтың 
[Алла  Тағаланың]  досы,  Алауи  [Әзірет  Әліден  тараған  ұрпақ], 
Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы!» Ту ұшының ағаш сапқа 
бекітілген мойындығында кесенедегі шырағдандардың жазулары-
на ұқсас араб жазуы бар.
Біз  ту  лаухасының  пошымы  мен  ою  өрнек  жазуларынан 
оның киелілік мәнін түйсінсек, ишаралық мазмұнынан ғибратты 
мағынасын  түсінеміз.  Демек,  Ясауи  кесенесіне  сыйға  тартылған 
Ту – Пайғамбар хадисіндегі үмметін Ұлы жихадқа, яғни нәпсімен 
күресіп,  рухани  кемелдік  үшін  шайқасуға  шақырған  өсиетіне 
сай  осы  күрес  майданына  бел  буған,  Ақиқат  жолды  қалаған 
майдангерлердің  туы.  Бірде  Мұхаммед  Пайғамбар  (с.ғ.с.)  саха-

202 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
баларымен бірге аса ауыр соғыс – «Табук» жорығынан  көптеген 
жауынгерлері шәиіт болып, қалжырап қайтып, Медине қаласына 
жеткенде:  «Кіші  соғыстан  ұлы  соғысқа  қайтып  келдік»  деген. 
Сахабалардың:  «Кәпірлермен  соғысудан  да  үлкен  жихад  барма 
екен?» деген сауалына Пайғамбар с.ғ.с: «Йә, ол – нәпсімен күресу» 
деп жауап берген. Нәпсімен күресіп, руханиятын өсірген адамның 
иеленетін ілімі – халық даналығында айтылғандай «Білекті – бірді 
жықса,  білімді  –  мыңды  жығатын»  сан  мыңдаған  адамды  дұрыс 
жолға салатын ілім. Лауханың негізгі бөлігіндегі оюлы жазу ладу-
ни ілімге меңзеп, сол ілім иелерін атап, оларды «Алланың сыйы» 
деп біледі. Осы Алланың сыйы, шексіз қазынасы – ладуни ілімнің 
өзі адамның жүрек тереңінен иман нұрымен табылатын жауһар. 
Ол қазына Пайғамбарға махаббат, ұстазға құрметпен қолға түсіп, 
Алланың бірлігі мен барлығын негіздеуге бағытталады. Осы таухид 
танымын  жүрегіне  орнықтырған  адамның  кемелдікке  жететіні, 
қоғамға да, адамзаттың рухани қазынасына да мол үлес қосатыны 
сөзсіз.  Абай  атамыз  азамат  ердің  бойынан  табылуға  тиісті  асыл 
қасиет «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» деп білсе, лау-
ханың рәміздік мән-мағынасы дәл осыған саяды. «Ақыл құсы ада-
спай аспандаса, Әлемде нәрсе болмас оған таса. Жеті көк жерден 
оңай басқыш болып, Ғарышқа қол жетеді қармаласа. Жанның бәрі 
мендей жар табар еді, Терең ой, сау ақылмен шамаласа» [176, 65 б.] 
деген Шәкәрім қажының сөзі осыны ишаралайды Ұлы жиһангер 
Көреген Әмір Темір рухани ұстазына деген зор құрметпен, Әзірет 
Сұлтанның  ханакасына,  сол  жолды  жалғастырушы  шәкірттерге 
сыйғабұл  Туды  арнайы  жасатып,  тартуы  оның  бұл  теңдесіз 
жәдігердің  мән-мағынасын  өзі  де  терең  түсінгенін,  сол  жолды 
берік  ұстанғанын  және  ұлы  жихад  –  рухани  кемелдікті  мақсат 
еткен  күрестің  мәнін  шәкірттерге  аманаттай  тұрып,  хәл  іліміне 
амал  қылып,  сол  жолға  адал  болуға  шақырғанын  көреміз.  За-
манында қазандық маңайында осыған ұқсас шағындау он тудың 
байлаулы тұрғандығы [177, 15 б.] және осыған ұқсас ту ұштарын 
Қызылорда өңіріндегі қожалардың, Жауғаш батыр ұрпақтарының 
ата мұрасы ретінде сақтағаны белгілі. Осы ту ұштығының шағын 
үлгісі  Атырау  қаласының  өлкетану  мүражайында  да  сақталып 
тұр.  Демек,  «туына  жұртын  түнетіп»,  хәл  ілімін  тарату  арқылы 
қоғамды  айрандай  ұйытып,  береке  дарытқан,  халықтың  руха-
ни  тұтастығын  қамтамасыз  еткен,  жанына  пана  болған  кәміл 
пірлер халық арасында көп болған. Халқымыздың ділдік, тілдік, 

 
 
 
                      
                                                  203
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
елдік  бірлігінің  сақталуына,  рухани  мұрамыздың  бүгінге  мол 
қазына ретінде жетуіне де солардың тілек-дұғасы мен жанкешті 
еңбегі себеп болған. Адамның адамгершілік туын жоғары ұстап, 
рухани  кемелденуімен  жетер  нәтижесі  –  бұл дүниелік бақытты, 
бақ-дәулетті  иеленуі,  қоғамға  пайдалы  ізгі  қызмет  жасауымен 
шектелмей,  о  дүниенің  де  бақытына  жетіп,  Алланың  рахымы-
на бөленіп, ғарасат майданында жеңіске жетуі үшін де маңызды 
екені  Әбубәкір  Кердерінің  (р.ғ.)  мына  жыр  шумағында  айтыла-
ды:  «Көкірек-тас,  ұрсаң  шоқыр,  Алла  хайлап,  Мақшарда  міскін 
басың  алар  байрақ.  Тағат  қыл,  Ібіліске  көрсет  айбат!  Фәниде 
сұм  нәпсіге  бой  билетсең,  Иманды  шайтан  алар  талапайлап». 
Байрақты  тудың  ежелден  жорықтағы  жауынгерлерді  топтасты-
рып, ұйымдастыруда, соғыс қимылдарын басқаруда атқарған қыз-
метімен қатар, тудың жығылмай жоғары ұсталуымен байланысты 
жауынгерлердің  рухын  көтеретін,  жеңіске  шақыратын,  жеңім-
паздықты  айғақтайтын  мағынасы  болды.  «Қазақтарда  жорық 
жалаулары – ту аса мәнді киелі нысан және шеру мен шайқаста 
әскерлерді басқарудың тиімді құралы болған. Тулар билік белгісі, 
әскери даңқтың әскербасы мен әскер абройының нысаны болды» 
[178, 285 б.]. Сондай-ақ, Ту – мемлекеттік тәуелсіздіктің нышаны 
ретіндегі рәміздік мәнді де иеленді. Ал кесенедегі тудың рәміздік 
мағынасы  осымен  шектелмей,  сол  мемлекеттік  тәуелсіздік  пен 
ел  егемендігінің  баянды  болуының  кепілі  –  рухани  тәуелсіздік 
деп танытып және халқымызды, тіптен жалпы адамзатты рухани 
күреске, рух жеңісіне жетуге үндеуі – бүгінгі күн үшін аса өзекті 
мәселе. Лауханың рухани азаттыққа, тек шақырып қана қоймай, 
оның үлгісін, құралын дәстүр сабақтастығы аясында бейнелі иша-
рамен  дәл  бейнелеуі  Ясауидің  хәл  ілімі  мен  хикмет  дәстүрінің 
өміршеңдігінің нақты көрінісі.
Ю.М.  Лотманның  анықтамасы  бойынша,  «Рәміз  ешқашан 
белгілі бір мәдениет кезеңіне тән емес, ол әрқашан бұл өткелден 
өтіп,  өткеннен  болашаққа  сапар  шегеді,  басқаша  айтсақ,  рәміз 
мәдениеттің  тұрақты  элементі»  [179,  148  б.].  Олар  дүниетаным-
дық,  жинақтаушы-бейімдеушілік  және  ақпараттық  қатынас 
қызметтерін атқарады.
Ағылшын  этнографы  В.  Тэрнер  рәміздің  теориялық  мәсе-
лелеріне  байланысты  былай  тұжырым  жасайды:  «Мәдениет  өз 
аясында  рәміздік  негізді  бейнелейді  және  рәміздің  бір-бірімен 
астасуы  тек  қана  табиғи  орта  туралы  хабар  бермей,  сонымен 

204 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
бірге  этникалық,  эстетикалық  ұғым,  түсінік  тәрбие  жайында 
бай мәлімет берерліктей қойма, мол ақпараттар қазынасы» [180, 
40  б.].  Рәміздер  мен  таңбалардың  көмегімен  мәдениеттің  салт-
дәстүрлік  кеңістігі  қалыптасады.  Әдет-ғұрып  пен  миф  алғашқы 
функционалдық және дискурсивті формалардың рәміздік құры-
лымы  болып  табылады.  В.  Тэрнер  салт-дәстүрді  халықтардың 
жалпы рәміздік құндылықтары мен нормалары деп санайды. 
Э. Кассирер концепциясында мәдениет бәрінен жоғары тұр-
ған өзекті ұғым. «Мәдениет өзінің үздіксіз дамуында үнемі діни, 
тілдік, көркем рәміздерді туындатып отырады. Дегенмен ғылым 
мен  философия  бұл  рәміздік  тілдер  мен  олардың  элементтерін 
ұғынықты  қылып  жеткізуі  қажет.  Олар  синтетикалық  тұрғыда 
құрылған жүйені аналитикалық тұрғыда өңдеуі тиіс... Мәдениет 
туралы ғылым бізге рәміздерді айшықтауға, олардың астарында 
жасырынып жатқан мағынаны табуға үйретеді» [181, 94 б.] .
Адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде жиі қолданылатын 
есік – халықтың дүниетанымында да, дәстүрлі ислам діні арқылы 
санамызда  берік  орныққан  рухани  әлемімізде  де  киелі,  қасиетті 
саналады. Есіктің халық санасындағы киелілік мәні мен рәміздік 
мағынасы  босағаға,  табалдырыққа,  тағы  басқа  есік  бөліктеріне 
байланысты ырымдар мен тыйымдардан айқын көрінеді. Халық 
әдебиетінде  есікке  байланысты  бейнелі  ойлар,  астарлы  сөздер, 
мақал-мәтелдер  жиі  кездеседі.  Бұдан  дана  халқымыздың  әрбір 
тұтынған  мүлкі  мен  заттарын  мағыналандырып  киелілік, 
қасиеттілік  сипат  дарытқаны,  олардың  әрқайсысына  терең  мән 
бере  тұрып,  әрбір  қолданған  сәтінде  ғибрат  алуға  ұмтылғаны 
көрінеді.  Сондықтан  да  кесенедегі  есіктерге  зор  мән  беріліп, 
айрықша  шеберлікпен,  асқан  талғампаздықпен,  ғажап  көркем-
дікпен әшекейленуі заңды. Осы құнды жәдігерлер біздің дәстүрлі 
мәдениетіміздің  терең  мазмұнынан,  діліміздің  сырлы  әлемінен 
хабар  беріп,  әрқайсымыздың  жүрегімізден  терең  тамыр  алатын 
ел-жұртымызға,  туған  халқымызға,  төл  мәдениетімізге  сүйіс-
пеншілігімізді  қозғайтыны,  өткеніміз  бен  бүгініміз  арасында 
жанды  байланыс  түзетіні  хақ.  Әзірет  Сұлтан  кесенесіндегі  ХІV 
ғасырдан  сақталған,  Жамағатхана  бөлмесінің  есігі  –  «Қақпа» 
және  Қабырхана  есігі  –  «Қапсырманы»  толық  аты-жөні  белгісіз 
Сафар есімді шебер жасаған. Шеберлер есіктің берік және әсем 
жасалуымен  қатар,  рәміздік  мән-мағынасын  арттыру  үшін  оған 
символдық  мәнге  ие  ою-өрнектер,  терең  мағыналы  хадистер 

 
 
 
                      
                                                  205
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
мен  нақыл  сөздердің  бедерленуіне  көңіл  бөлген.  Жамағатхана 
бөлмесінің Қақпа-есігі (өлшемі – 3,7х2,1 м) екі жаққа ашылатын 
– ғимараттың оңтүстік порталының тереңінен орын алған негізгі 
есік. Ол екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен 
әрленген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен 
жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып, жойылған. 
Есіктің  сыртқы  бетіндегі  өрнегі  бедерлі  белдеумен  үш  бөлікке 
бөлінген. Сегіз ұшты жұлдызшалардың өзара ұласуынан құрал-
ған  бұл  бедерлі  өрнектермен  тек  белдеулер  ғана  емес  жалпы 
есік  жақтаулары  да  жиектей  көмкерілген.  Жоғарғы  бөліктегі 
төрт  бұрышты  екі  картуштың  бетінде  екі  қатар  араб  жазуының 
алғашқы жартысы оң жақтауда, екінші жартысы сол жақтауда бе-
дерленген. Бірінші қатардағы жазудың әріптерінің ұзындығы 0,10 
м, жуандығы 3 мм, гүлденген куфа (куфи тазйини) қолтаңбасымен 
бедерленген.  Екінші  қатардағы  жазу  сулус  қолтаңбасымен 
жазылған.  Әріптердің  ұштары  барынша  ұзартылып  картуштың 
ішін тұтас алып тұр. Қақпа-есіктің жікжапқыш жарты бағанының 
орта  белдеуінде  сулус  қолтаңбасымен  таңбаланған  сөздер  бар. 
Бұл  өрнектер  ағашқа  ойып  өрнек  салу  арқылы  таңбаланған. 
Есіктегі  өрнектер  үш  деңгейлі  тереңдікте  бір-бірімен  астаса 
ұласып,  ғажайып  симметриялық  үйлесімде,  қайталанбас  әсем 
ою-өрнектер композициясын түзеді. Бұл келісім мен үйлесімнің 
сырлы әлемі Ислам дінінің жасампаз рухын, ғаламның сұлулығын 
паш етерлік рәміздермен айшықталған. [168, 139 б.]
Рәміз – адамның тұлғалық және қоғамдық санасында маңызды 
ақпараттық,  мәдени  қызмет  атқаратын,  терең  дүниетанымдық 
сипатқа ие, бейнелей айтумен түйінді, ықшам, толық мағыналы ой 
бере алатын, рухани мәнге бай, болмыс пен сананы ұштастырып, 
ауқымды мазмұнға ие болатын ұғым. Мәдениеттің сан алуан ақ-
параттарды жиынтығын бойына сақтайтын рәміздік жүйелерін, 
универсалды категорияларын А.Я. Гуревич «ғарыштық категория-
лар»  деп  атайды.  «Рәміз  субъективті  тұрғыда  емес,  объективті 
жалпы мағыналы болып келеді. Әлемді танудың бірден-бір жолы 
рәміздер  мен  оның  терең  мағынасында  жатыр»  [182,  266  б.]  деп 
түйіндейді.
Зигмунд  Фрейдтің  сөзімен  айтсақ,  «архаикалық  қалдықтар 
болып  табылатын  рәміздерде  ұдайы  архаикалық  мән  бола-
ды.  Әрбір  мәдениет  архаиканың  қызметін  атқаратын  мәтіндер 
қабатын  қажет  етеді.  Онда  белгілі  бір  кезеңнің  әлеуметтік 

206 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
жағдайы, тарихи уақыты, дүниетанымы, қоғам мен мәдениетінің 
даму деңгейі сипатталып келуі мүмкін». Ерекше мазмұнды, кең 
көлемді мәтіндерді қысқа да нұсқа түрде сақтап жеткізу рәмізге 
ғана тән қасиет болғандықтан бұл оның ұлттық сипатын таныта-
ды.  Жаңа  рәміздер  түзілуі  үнемі  жүзеге  асып  отыратын  үдеріс, 
өйткені адамзат дамуының өзі рәміздік сананың тереңде жатқан 
құрылымдарымен,  ежелгі  образдармен,  архетиптермен  байла-
нысты  болып,  жаңғырып  отырады.  Рәміздердің  архетиптілігі 
көбінесе өзінің ішкі мағынасын, қасиеті мен ұлттық сипатын, яғни 
ұлттық мәдениеттің белгісін жоймастан, мәдениет ақпараттарын 
жинақтап,  нақтылап,  ертеңгі  күнге  жеткізуімен,  ұрпақтан-ұр-
паққа беріліп отыруымен айқындалады. Ол тұтас ұлттың дүние-
танымынан хабар беретін қазына, ғаламның тілдік бейнесі, күр-
делі  әрі  әмбебап  категория.  Сонымен  рәміздің  табиғи  тамыры 
тереңге  кеткен,  ықылым  заманғы  мифология  мен  сан  ғасырлық 
тарихқа ұласар ықшамдалған мәдени мәтін бола алады.
Белгілі  бір  затты  ишаралайтындай  символдық  мағынаның 
өрнекке  ұласуы  немесе  мән-мағынасы  терең  жазулар  мен  сөз 
тіркестерінің ою-өрнекке ұқсатылып немесе ою-өрнектермен ас-
тасып жатуы хәл ілімінің астарлы сырлы әлеміне бастайды. Жара-
тушы иенің шексіз ғылымына меңзеуімен қатар, Ақиқатты танып 
білу  үшін  Жаратылыс  әсемдігіне  ой  жіберіп,ой-пікір  толғауға 
шақырады.
Есікте  таңбаланған  араб  тіліндегі  мәтіннің  қазақ  тіліндегі 
мағынасы:  «Аллаға  мадақ!  Йә,  Алла  Тағала!  Аллаға  шүкір!  Йә, 
Алла  Тағала!»,  «Әулие  жақсылардың  қақпасы  –  бақыттың  кені, 
әулие жақсыларды сүю – бақыттың кілті». 
Есіктің көрнекі жерінен орын алған жазулардың Аллаға шүкір 
етуден және Оны мадақтаудан басталуы – құлшылық-ғибадаттың 
асыл  негізін  көрсетеді.  Әулиелердің,  яғни  Құдайдың  достығына 
жеткен  адамдардың  адам  баласына  екі  дүниенің  бақытына  ба-
стайтын  жетекші  болатынына  нұсқайды.  «Әулиенің  қақпасына» 
келген, яғни олардың насихат сөздері мен өсиеттеріне ден қойып, 
мән-мағынасына жеткен Адам ұрпақтары үшін оларды бақытқа 
кенелтетін  қазына  бар.  Ал,  ол  қазынаның  қақпасын  ашатын 
кілт  –  әулиенің  махаббаты,  яғни  рухани  ұстаздың  назарын  ие-
лену  екендігі  айтылған.  Парсы  тіліндегі  мәтіннің  қазақ  тіліндегі 
мағынасы:
«Астанаңдағы  (қасиетті  табалдырығыңдағы)  қызметші  дәу-
летті  болғай!»  Әулиенің  басындағы  қызмет  –  рухани  жолды 

 
 
 
                      
                                                  207

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал