Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет21/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
рәміз тек танымдық қызметте ғана емес, сонымен бірге адамның 
әлеуметтік-мәдени қызметінде де маңызды мәнге ие болады деп 
тұжырымдаймыз.
Рәміз дүниетанымдық сипаты бар, ықшам, тоқсан ауыз сөздің 
тобықтай  түйінін  беретін,  мағыналық  әлеуеті  өте  күшті,  рухани 
және материалдық қасиетті бойына сақтаған, болмыс және сана 
арасында ауқымды мазмұнға ие болатын ұғым.
Рәміз  адам  санасының  даму  тарихына  сәйкес  қалыптасқан 
көне,  ежелгі  категориялардың  бірі.  Алғашқы  қиялдау,  болжау, 
ертедегі  әпсаналық-мифтік  түсініктер,  наным-сенімдер  рәміздің 
пайда  болуына  ықпал  еткен  құбылыстар.  Ол  өз  тамырын  жазу-
сызу қалыптаспаған ықылым заманнан алады.
Мәдениеттің  таңбалық  көрінісінің  қатарында  анықтауыш 
сипаттағы басты орынға ие болып, рәміз өзінің мәнінде барлық 
мәдени феномендер мен элементтерді, сонымен қатар жекелік пен 
жалпылық,  шектілік  пен  шексіздік,  нақтылық  пен  абстрактілік, 
сезімдік  пен  парасаттылық,  материалдық  пен  идеалдық  болып, 
дамудың категорияларын қамти отырып, барынша кемеліне жет-
кен адам болмысының әмбебаптық формасын бейнелейді.
Рәміз  ерекшелігі  бастапқы  мәдени  коннотациясын  сақтай 
отырып,  өз  аясында  мәдениет  құндылықтарын  сабақтастығын 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. 
4.2 
Қазақтың 
діни-мәдени 
мұрасын 
көркемдік-
эстетикалық және символдық тұрғыдан талдау 
 
Рухани, мәдени мұраларды тарихи салыстырмалы тұрғыдан 
зерттеу  арқылы,  қазақ  қоғамының  тарихи-өркениеттік  дамуын-
дағы  рухани  дәстүрдің  сабақтастығын  және  қоғамдағы  тұтас-
тырушылық орнын анық бағамдауға болады. 
Қасиетті  Құранда  Тәңір  адамның  тіршілік  әлеміндегі  орны 
мен  маңызын  оған  алғаш  есімдерді,  яғни,  феномендерді  үйрету 
арқылы көрсеткен. Адам осы үйретілген есімдер арқылы өз әлемін 
қалыптастырған, мәнге толтырған.
Сопылықта  толық  адам,  яғни,  пайғамбар  үлгісіне  сай  болу 
рухани  дамудың  қағидасы  болғандықтан,  осы  үлгіге  жақын-
даудың  негізгі  жолын  пайғамбар  өсиет  қылған  дегдарлық 
этикаға негіздеген, сондай-ақ осы этикалық тәлімді әр түрлі ру-

190 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
хани  және  психотехникалық  тәжірибелер  арқылы  сіңірудің  жо-
лын  қалыптастырған.  Осы  рухани  тәжірибелердің  кеңістігінде 
тәффәкурмен,  ой-пікірге  берілу,  еске  алу  (зікір)  сияқты 
интеллектуалдық тәжірибелер арқылы Аллаға оралу, құдайлық 
махаббат арқылы «дидарталапқа» жету идеялары туындаған. Бұл 
рухани кемелденудің негізгі мақсаты сүйіктімен қауышу (уислат) 
болса, бұл қауышудың өзі адамның ұлы болмыспен қосылуы, фана 
(жоқ болу) тәжірибесі ретінде көрсетілген. Сопылықта хәлдер мен 
мақамдар деп аталатын рухани тәжірибе процестердің барлығы 
біртұтас интеллектуалдық арнаға бағытталғандығын көруге бола-
ды. Сопылықтағы рухани жолаушылықтың алғышарты шариғат 
сатысы  баршаға  ортақ  және  баршаға  ашық  «кең  жол»,  ілім 
жүйесі.  Ал,  тариқат  жолға  түскен  жолаушының,  «дидар  талап» 
еткендердің  және  оларға  бағыт  беретін  жол  көрсетуші  пірдің 
бақылауы арқылы кемелдікке жетуге болатын ерекше жол. Ақиқат 
–  түпмақсат  болғандықтан  сопының  ар-ождан  тазалығымен, 
рухани-интелектуалдық  кемелденуімен  Ақиқатқа  ұласып,  осы 
хәлге  сәйкес  өмір  сүруге  ұмтылады.  Мағрифат,  яғни,  құдайлық 
таным сопылық философияда арылу, жолға шығу, жақындау, ке-
мелдену және Хаққа қауышу сияқты рухани тәжірибелері арқылы 
берілген  трансцендентальды,  Жоғарыдан  (көктен)  рухқа  енген 
сәуле-нұр, сый ретінде берілген ілкі ілім ретінде түсіндіріледі. Сол 
себепті сопылық әдебиетте, мәдени мұраларда рухани нұрлану, 
нұрлы  ақыл,  ладуни  ілімді  рухани  сый  ретінде  иелену  идеясы 
негізгі тақырып. 
Сопылықтағы құндылықтар жүйесі нұрлы ақылды иеленген 
толық,  әмбебап  адам  (инсан)  идеялына  құрылатындықтан,  сол 
ілімге  жетудегі  таным  органы,  сол  ілімге  лайықты  мекен  бола-
тын жүректің тазалығын басты орынға қояды. Сананы жалаң діни 
догмалар шырмауында, қасаң қағидалар құрсауында қалдырмау 
үшін  жүрек  танымын,  жүрек  таразысын  іске  қосуды,  ол  үшін 
сол жүректі оятып, тірілтіп, тазартып, о бастағы тағайындылығы 
мен  қызметін  қалпына  келтіруге  шақырады.  Рәміздік  тұрғыда 
жүректі – ар-ожданға баласақ, осы жүрек – демек, ар-ождан басты 
моральдық құндылық ретінде сопылықтағы негізгі тақырып болып 
табылады. Осы жүрек және жүректе сақталатын құндылықтар ны-
шанын белгілейтін рәміздер, құндылықтарға мекен болуы үшін, 
таным құралы қызметін атқаруы үшін қажетті шарт – жүректің 
тазалығын қамтамасыз ету, таза және тірі жүректі нұрландыратын 

 
 
 
                      
                                                  191
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
өлшеусіз сый – нұрлы ілім жайлы айшықты баяндайтын рәміздік 
тіл  бар.  Қазақ  топырағындағы  сопылық  дәстүрдің  осы  рәміздік 
тілінің  әдеби  және  мәдени  мұралардағы  айқын  айшықтарын 
көріп,  оның  астарына  үңіліп,  өзіндік  ерекшеліктері  мен  мән-
мазмұнын танып, ғибратына назар саламыз.
Жиһангер қолбасшы Әмір Темір өзінің рухани ұстазына зор 
құрметінің белгісі ретінде салғызған сәулет өнерінің ғажайып ту-
ындысы  –  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесі  Жамағатхана,  Қабірхана, 
Мешіт,  Кітапхана,  Үлкен  ақсарай,  Кіші  ақсарай,  Асхана, 
Құдықхана  және  бірнеше  құжыра  бөлмелерден  тұратын,  діни-
ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін 
атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен 
ерекшеленеді.  Сәулет  ғимараты  сан-салалы  қызмет  атқаруымен 
қатар, қоғамның да саналуан деңгейіндегі мүшелерінің басын бір 
жерге  қосып,  қоғамдағы  келісім  мен  тұрақтылықты,  ынтымақ 
пен өзара қамқорлықты қамтамасыз еткен орталық болған. Әмір 
Темір  Ясауи  кесенесі  халыққа  толыққанды  қызмет  жасаудағы 
қажеттілігі үшін, қамқорлық ретінде арнайы Уакфтық қор жайлы 
қолхат та қалдырған. Ал, бүгінде мұражайдағы құнды жәдігерлер 
–  Тайқазан,  Лауха,  Шырағдандар,  қақпа  есіктер  және  тағы 
басқалардың  Әзірет  Сұлтан  кесенесіне  арнайы  жасалып,  Әмір 
Темір  тарапынан  сыйға  тартылуы  оның  Ясауи  іліміне  деген  зор 
құрметінің айғағы.
Бұл жәдігерлердің терең символдық мәні, ғибраттық тағлым-
дық  мағынасы  Әмір  Темір  Көрегеннің  де  осы  ілімді  әбден  мең-
гергендігін  білдіреді.  Оның  тек  жиһангер  қолбасшы  ғана  емес, 
адамгершіліктің  туын  жоғары  ұстаған  кемел  тұлға  екендігін 
көрсетеді. 
Бүкіл  құрылыстың  мағыналық  кіндігі  –  Жамағатхананың 
төрінде  орналасқан  әулиелердің  Сұлтанының  асыл  сүйегін  ару-
лап  қойған  Қабірхана  бөлмесі  болып  табылады.  Қабірхананың 
дәл  ортасында  құлпытас  орнатылған.  Әулие  қабірханасының 
маңыздылығы  ғимараттың  төріне  орналасқандығынан  ғана 
емес,  күмбездің  өзіне  жалғасып  жатқан  солтүстік  порталдың 
таңғажайып  әшекейінен  де  аңғарылады.  Кіре  беріс  –  портал, 
ортадағы негізгі бөлме – Жамағатхана, төрдегі – Қабірхана жал-
пы кешеннің мәні мен мазмұнын анықтайтын негізгі мағыналық 
өзегін құрап, бір-біріне жалғасып ортасында тұр, басқа бөлмелер 
осыларға жалғастырыла салынған.

192 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Ғимарат  кесене  аталғанымен,  ол  қоғамның  діни  рухани-
ағартушылық сұраныстарын жан-жақты қамтуға арналған кешен-
ді  құрылыс  –  Тәккиенің  қызметін  атқарған.  Жамағатхананың  оң 
жағында  мешіт  бөлмесі  мен  кітапхана  орналасқан.  Зиярат  етіп 
келген  халықтың  құлшылық,  ғибадатын  атқаруға  арналған  – 
Мешіт ерекше нақышпен көркемделген, тамаша архитектуралық 
құрылыс.  Үлкен  ақсарайбөлмесі  ХV  ғасырдың  аяғынан  ХІХ 
ғасырдың бірінші ширегіне дейін Түркістанда қазақ хандарының 
ордасы орналасқан кезде хан сарайы (ордасы) ретінде қолданылып, 
мұнда ел басқару және дипломатиялық істер, әскери келіссөздер 
өткізіліп отырған.
Осынау зор діни-ғұрыптық, рухани-ағартушылық кешен бү-
кіл құрылымдық бірегейлігімен қатар, терең эстетикалық таным-
талғамға  сай,  аса  көркем  безендірілген.  Ондағы  ою-өрнектерде 
таңбаланған  терең  мағыналы  Құран  аяаттары,  Пайғамбар 
хадистері  және  халық  даналықтарынан  дәстүрлі  Исламдағы 
басты  қағида,  негізгі  ұстанымды  көреміз.  Кесененің  сыртын-
да  оңтүстік-батыс  мұнарасынан  бастап  үш  жағын  толығымен 
қамтып, солтүстік-шығыс мұнараға тіреліп аяқталатын жоғарғы 
фризде (басқұрда) Құран-Кәрімнің Әнғам сүресінің 59–63 аятта-
ры сулс жазу үлгісімен таңбаланған. Бұл аяттарда шексіз Құдірет 
пен Ғылым иесі Алла Тағаланың назарынан қараңғы мен көместің, 
түпсіз тереңнің де ешқандай сыры тыс қалмайтындығы айтыла-
ды. Сондай-ақ, Оның  құзырындағы  адам баласының  жаратылы-
сы  мен  тіршілігі,  ұйықтауы  мен  оянуы,  тірілігі  мен  жан  тапсы-
руы,  есеп  беруі,  Түп  иесіне  қайта  оралуы,  медет  тілеуі  сияқты 
жағдайларының  барлығы  тек  Алланың  қалауымен  жүзеге  аса-
тыны  айтылады.  Батыс  қабырғаның  фризден  төменгі  негізгі 
бөлігінде «куфи бинаи макили» жазу үлгісімен бояулы қаптама 
кірпіштерді пайдаланып, шартарапты ишаралайтын шармықтың 
ішіне үздіксіз айналым белгісіне ұқсас өзара ұласып жатқан «Алла 
Раббым  және  Мұхаммед  пайғамбарым»  сөздері  жазылған.  Бұл 
жазулардың сәнді көркем өрнектерінің өзі өзара ұштаса ұласып, 
шексіз,  үздіксіз  қозғалысты  ишаралауы  арқылы  Алла  есімі  мен 
оның пайғамбарын үнемі естен шығармай жад етуге шақырады. 
Кесененің солтүстік фасадының негізгі бөлігінде «Пенде жоспар-
лайды  –  Алланың  қалауы  болады»  деген  жазу  таңбаланған.  Бұл 
жазудың  мағынасы  халқымыздың  тұрмыс-салтынан  терең  орын 
алған, әрбір істі бастағанда берекетін Құдайдан тілеп, ақсақалдың, 

 
 
 
                      
                                                  193
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
халықтың батасын алып кірісуі және нәтижесін Алладан күтуіне 
саяды. Яғни, адамның ниет қылған ісінің оның екі дүниесі үшін 
де игілікті нәтижеде аяқталуы үшін Құдайдан сұрап, ниет-тілеуді 
түзетіп  алып  бастауға  шақырады.  Гүлдестелерде,  қабырғаның 
әр  тұсында,  әралуан  өрнектермен  Алланың  көркем  есімдері, 
пайғамбар  (с.ғ.с.)  аты  таңбаланған.  «Бүкіл  жаратылыстың  иесі 
Алла»,  «Бағыт  көрсету  Аллаға  тән»,  «Күш-құдірет  Алланікі», 
«Мәңгі-бақилық  сипат  Аллаға  тән»,  «Ұлылыққа  жету  Алламен 
болады»  [168,  85  б.]  деген  Алла-Тағаланың  ұлық  сипаттарын 
әспеттеп,  мадақтайтын,  пенденің  әлсіздігін  әйгілейтін  сөздер 
жазылған. Алла-Тағаланың Ұлықтығын айтумен бірген Ясауидің 
хәл іліміндегі Алланың Рахымынан үміттену, Қаһарынан қорқу-
дан  тұратын  Құдайға  деген  махаббаттың  көрінісін  кесенедегі 
жазулардан  да  анық  аңғарамыз.  Солтүстік  порталдың  ішкі 
жақтауындағы «Кім өзін өзі таныса, сол – Раббысын да таниды» 
деген Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі Қожа Ахмет Ясауидің хәл ілімінің 
негізгі мәні болып табылады. Ал кесененің шығыс қабырғасында 
Алланы  пәктейтін  –  «Сұбһан-Алла»,  мақтайтын  –  «Алһамду-
лилла», ұлықтайтын – «Аллаһу Акбар» тәспихтары өзара ұштаса 
ұласып жатқан геометриялық өрнектерде таңбаланған. Бұл сөздер 
де Алланы үздіксіз еске алып, зікір етудің негізгі үлгілері ретінде 
көрсетілген.  Осы  шығыс  қабырға  фризінің  соңында  кесенені 
өрнектеген  шебердің  есімі  Құл  қажы  Хасан  Күрди  Ширазидің 
есімі, жұмыстың аяқталған жылы (х. 809 / м. 1406–07) жазылған. 
Құдайға сурет таңуға тиыммен байланысты идеяны зерттеу-
шілер араб мұсылмандары ертедегі автохтонды араб тайпалары-
нан мұралаған деп санайды. Бұл бірқұдайлық діни ұстанымның 
пұтқа табынушылық пен дінсіздікке қарсылығымен бекіп, нығая 
түсті.  Ортағасырлық  мұсылман  өнерінің  образдық  жүйесі  ис-
лам діни-имандылық ұстындарына негізделіп, жалпы мұсылман 
мәдениетіне  ортақ  қағидалар  түзілді.  Оның  негізгісі  Құдайдың 
бірлігін  білдіретін  –  Таухид  қағидасы.  Ол  ислам  өркениетінің 
барлық формаларын көктей өтіп, бүкіл рухани құндылықтарының 
өзегін құрайды. [169, 358 б.] Кез келген көркем бейнелік компа-
зиция  ол  абстрактылық  компазиция  болсын  ғұрыптық  немесе 
тұрмыстық  заттардың  өрнек-бедерлері  болсын  ортағасырлық 
мұсылман  суретшісі  үшін  негізгі  мақсат  емес,  діни  идеяны,  ру-
хани  мұратты  ассоциативті  бейнелі  түрде  жеткізуді  көздейтін 
құрал. Мұндай идеяларды жеткізу үшін метафоралар мен иша-

194 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ралар, астарлы меңзеу кеңінен қолданылады. «Мен, құпия қазына 
едім, Мен өзімді танытқым келді, сондықтан ғаламды жараттым» 
деген  құдси  хадиске  сай  өнер  туындыларының  мақсаты  тәңіріні 
ұлықтауға  және  жаратылыстың  құдайлық  бастауын  тура  неме-
се  жанама  түрде  сипаттауға  бағытталды.  Бұл  хадис  мұсылман 
мистиктерінің,  сопылардың  арасында  кеңінен  таралғанына 
М.Т. Степанянц баса көңіл аударады.
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Көреген Әмір 
Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі қазандық 
бөлмесінде  тұрған  қасиетті  Тайқазан.  Бұл  қазан  1399  жылы  25 
маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал), Түркістан қаласының ба-
тысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, 
сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, 
күміс,  қола,  қорғасын,  темір)  қоспасынан  құйылған.  Қазанның 
салмағы  2  тонна,  сыйымдылығы  3  мың  литр,  биіктігі  –  1,60  м, 
диаметрі – 2,42 м. Тұғырының биіктігі – 0,54 м, диаметрі – 0,607 м. 
Тайқазанның  сыртқы  бөлігінің  өрнектелуі  бес  бөліктен  тұрады. 
Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен 
Құран  Кәрім  аятынан  үзінді  жазылып,  ол  пайғамбар  хадисімен 
жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған 
жылы берілген. Екінші қатар ірі он кубба және он өрнекті тұтқа 
арқылы жиырма картушқа бөлінген. Оның қатар орналасқан екі 
бөлігіне  сулус  қолтаңбасымен  шебердің  өз  аты-жөні  жазылған 
болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы тілінде 
берекет тілеу сөзі берілген. Үшінші қатарда Құдайдың Құдыреті 
жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22 рет қайталанып жазылған. 
Төртінші қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне 
ұқсас үлкен жапырақ түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші 
кубба  орналасқан.  Аяқ  тұғырымен  шектесетін  бесінші  бөлігінде 
қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедерленген [168, 126 б.]. 
Жалпы  формасы  жүрек  пішініне  ұқсас  және  қазақтың  дәстүрлі 
қошқар мүйіз оюларының нәзік үйлесімді иірімдерінен тұратын 
қазандағы  өрнектер  Ахмет  Ясауидің  хәл,  яғни  жүрек  ілімінің 
мағынасына меңзейтіндей. Осы жүрек пішіні мен қошқар мүйіз 
оюларының  саналуан  композициясын  кесенедегі  лауха,  қазан-
ның тұтқасы, шырағдандар, есік алқасы, т. б. көптеген заттардан 
көріп,  оларға  тән  ортақ  ұлттық  нақыштағы  біртұтас  идеялық 
бірлікті аңғарамыз. Жүректің рәміздік мән-мағынасын ашу, Ясауи 
ілімінің, жалпы сопылық ілімнің, исламның рухани мазмұнының 

 
 
 
                      
                                                  195
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
кілтін  табу  екенін  осыдан  көреміз.  Аталмыш  қазан  кесененің 
архитектуралық сипатымен және қабірханадағы қабіртастың өл-
шемдерімен  өзара  үйлесімде  ортақ  геометриялық  шешімге  сай 
жасалған.
Алып  қазан  құю  ісі  арнайы  жобасы  жасалып  жүзеге  асы-
рылған. Қазанды дайындауда сол заманға тән өзіндік ерекшелігі 
бар  озық  технологиялар  қолданылғаны  сөзсіз.  Қазанның  бөлік-
тері  қалыптарда  жеке-жеке  құйылып,  соңынан  құрастырылған. 
Сондай-ақ  ол  ұсталардың  зор  шеберлігі  мен  үлкен  қажыр-
қайратын, көп жұмыс күшін және олардың бір мақсатқа жұмылған 
рухани  тұтастығын  қажет  қылған  жұмыс.  Тайқазанның  бүкіл 
құрылымы, формасы, нақышты өрнектелуі, эпиграфикалық жазу-
лармен жабдықталуы аса шеберлікті қажет етеді. Сонымен қатар, 
осыншалықты терең мән-мазмұнның туындыда композициялық 
үйлесім,  көркемдік  шешім  табуы  –  шебердің  сопылықтың  ру-
хани  ілімін  иеленген  кемел  тұлға  болғандығынан  хабар  береді. 
Оны  жасау  шеберлердің  рухани  ұстаз  –  пірдің  жетекшілігімен 
ортақ мақсатта топтасып, рухани бауырластықтың ішкі тәртібіне 
қалтқысыз  бағынуы  нәтижесінде  іске  асуы  мүмкін.  Кәсіптік 
негіздегі  тариқат  бірлестігінің  мүшелері  өзінің  кәсібін,  мәселен 
ұсталықты  пір-ұстаздың  жетекшілігімен  шебер  меңгерген.  [16, 
70  б.].  Ал,  олардың  ұстаздары  осы  аймақта  рухани  ықпалы  зор 
Ясауи тариқатының шейхтары болған. Ұста Әбділ Әзиздің өзі де 
Ясауидің хәл ілімінен нәр алып, жергілікті мұсылмандық дәстүр 
аясында  ұсталық  құрғанын  Тайқазанның  символдық  мәнінен, 
көркемдік  ерекшеліктерінен,  құрылымынан  аңғаруға  болады. 
Кәсіптік негізде топтасқан тариқат мүшелерінің әртүрлі шеберха-
налар айналасында топтасқаны, осы тариқат мүшелерінің кәсіби 
білімі  мен  біліктілігін  рухани  тәрбиемен  ұштастыра  қабылдай-
тын  дәстүрі  белгілі.  Ортағасырлық  шеберханалардың  рисала 
жарғыларында  ұста  мен  шәкірттің  орны,  олардың  өзара  және 
қоғаммен,  тұтынушымен  қарым-қатынасы  жан-жақты  сипат-
талған.  Ұста  шәкіртін  шеберлікке  баулумен  қатар,  діни  білім 
беріп, кәсіпті киелі деп танытып, адалдыққа, қайырымдылыққа, 
адамгершілікке тәрбиелеген. Шеберханалардың ережелерінде ру-
хани ілімнің негізі ретінде ислам шариғаты, тариқат қағидалары, 
діни  сопылық  практиканы  үйреніп,  орындау  бекітілген  [170, 
223–224  б.].  Кәсіби  шеберлік  пен  рухани  практиканың  ұштасуы 
адамның жан-жақты дамуына игі ықпалы тиген. Сонымен қатар 

196 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
рухани  кемелдену  мен  шеберліктің  шыңына  жету  жолындағы 
ізденістердің  бір-біріне  өзара  ұқсастығы  символдық  тұрғыда 
оларды  өзара  астастыра  түсінуге  негіз  болады.  Рухани  дәрежеге 
жету  жолындағы  әдіс-тәсілдерді  қолданғанда  да,  талапкердің 
хәлін, мақамдарын түсіндіруде де руханилықта айтып жеткізілуі 
қиын нәрселерді кәсіби атаулар арқылы бейнелеумен ұғындыруға 
болған. Рәміздің осы жерде де маңызды орны көрінеді. Мәселен, 
әрбір  шеберхананың  өзіндік  кәсіби  құпиялары  болған.  Себебі 
шеберліктің құпиясын кездойсоқ білген, бірақ ол шеберхананың 
рухани тәрбиесін қабылдамаған, рухани жетілмеген адам, білімін 
теріс  ниетпен,  зиянды  іске  пайдалануы  мүмкін.  Сол  кәсіби  ілім 
сияқты таза руханияттың да ашылған сырларын иеленген ілім иесі 
оны паш ете беруден сақтанған. Әрбір ілімнің жауапкершілігін, 
салмағын,  рухани  жағыдайы  лайық  емес  адамға  ауырлығын 
түсінген. Қ.А. Ясауи бабамыздың «әр сыр көрдім перделеп, бүркеп 
жаптым» деуінің бір мәнісі осында. Ал осы сырды бүркейтін пер-
де  қызметін,  символдық  тіл  атқарған.  Рухани  хәлді  түсіндірудің 
қиындығын символдық тіл арқылы шешкен, сонымен қатар, сыр-
лы  ілімді  бүркемелеп  тек  лайықты  адам  қолы  жететін  қымбат 
қазынаға айналдыру қызметін де рәміздер атқарған. Ол перденің 
де  қат-қабат  дәрежелері  бар.  Рәміздің  сырына  бойлаудың  да 
мағыналық, мәндік, т.б деңгейлері бар. Бір ауыз рәміздік сөзден 
сопының  рухани  хәл-жағыдайын  жай  ұғымдық  деңгейде  түсіну 
бар.  Бұл  рәміздің  мағынасын  түсіну  дәрежесі.  Одан  да  жоғары 
дәрежеге тек сол хал-жағыдайға сол бір ауыз сөздің әсерімен ене 
алатын, мәніне бойлайтын, соған сай рухани тазалық деңгейі бар 
сопылық  жолды  қалаған  жолаушы  ғана  лайықты.  Бұл  рәміздің 
мәніне  жету.  Сондықтан  рәміздің  мағынасын  түсіндік  дегеніміз-
бен, әрқашан мәнінен тыс қалатынымыз хақ.
Кесенедегі Тайқазан «сақтық» типтегі қазанға жатады. Алып 
қазан  жасау  көне  сақ,  ғұн,  үйсін  дәуірлерінен  жалғасып  кел-
ген  дәстүр  екенін  деректер  мен  айғақтар  растайды.  Елдік  са-
насы  биік,  отбасылық  құндылықтарды  жоғары  ұстанған  осы-
нау  социумдар  үшін  қазан  –  мемлекетшілдіктің,  береке  мен 
бірліктің,  молшылықтың,  елдіктің  нышаны  болған  [171,  208  б.]. 
Мұндай  алып  қазандар,  заманында  билеушілердің,  лауазым-
ды  әскер  басылардың  қабіріне  қойылған.  Қазан  қою  дәстүрінің 
ХІІ–ХІІІ  ғасырларда  көшпенді  қыпшақ  тайпаларының  ру,  тайпа 
басшыларының жерлеу орындарында ең қажетті белгілерінің бірі 

 
 
 
                      
                                                  197
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр [172, 192 б.]. Бұл 
қабір иесінің ауқатты, жоғарғы топтан болғанынан хабар береді 
дейді ғалымдар. Ал, Геродоттан жеткен аңызда «сақтардың Ари-
ант есімді патшасы жауынгерлерінің әрқайсына жебелерінің бір-
бір ұшынан алып келулерін бұйырады. Сосын оларды балқытып
алып қазан құйдырады». Мұны жасауға сансыз жауынгер ат са-
лысып, алып келген жебесінің ұшы қазанның бөлінбес бөлшегіне 
айналғандай,  өзі  де  тайпаның  ажырамас  мүшесіне  айналып, 
қауымының бірлігінің, беріктігінің кепілі болып отыр. А.К. Аки-
шев «әрбір садақ ұшынан құрылған қазанның салмағын халықтың 
санының  символына,  ал  формасы  мен  орналасқан  жерін  әлем 
орталығы символына балайды» [160, 105 б.].
Қазан  сыртындағы  араптың  гүл  өрнекті  сулс  және  куфи 
үлгілерімен жазылған үш белдеудегі жазудың бірінші қатарының 
соңында оның шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне ар-
налып жасалғаны туралы айтылған.
Қазақстан  мен  Орта  Азиядай  кең  аумақта  діннің  сопылық 
дәстүр  арқылы  таралып,  жергілікті  дәстүрлі  исламның  қалып-
тасқаны  белгілі.  Ата-бабаларымыз  сан  ғасыр  бойы  тұтынып, 
мақал-мәтел, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде ұрпағының қанына, 
жанына  сіңіріп  кеткен  сол  ілім  қазірдің  өзінде  қазақты  төрткүл 
дүниеге  қонақжай,  тыныштық  сүйгіш,  кеңпейіл  халық  етіп  та-
нытып отыр. Исламның жергілікті мәдениетпен сіңісіп, олардың 
салт-дәстүрлерін  рухани  мәнмен  байыта  түсуі  көшпенділердің 
әдет-ғұрыптарының  трансформациялануына  әкелді.  Бұл  рет-
те  қазандар  да  өзінің  сақ  дәуірінен  келе  жатқан  символикалық 
мәнін сақтай отырып, мұсылмандықпен астасқан діни ғұрыптық 
рәсімдерде,  мемлекеттік,  қоғамдық  шараларда  нақты  мақсатқа 
пайдаланылатын болды.
Тарихи деректерде Әмір Темірдің шеберлерді жаулап алған 
жерлерден  алып  келгені  айтылады.  Үлкен  териториялар  мен 
көптеген елдер мен ұлттардың Әмір Темір қоластында топтасып, 
еңбектенуі бірқатар мектептердің металл өңдеудегі шеберліктері 
мен  тәжірибелерінің  алмасуына  ықпал  еткен  [174,  525  б.].  Ең 
ғажабы  шеберлердің  ортақ  іске  жұмылуына  Ясауидің  сопылық 
ілімінің елеулі ықпалы айқын. Себебі, олардың жасаған туынды-
лары жергілікті құндылықтарға рәміздік белгілерге, архетиптерге 
негізделген. Рухани ілімнің құдіреті сонда ол сан ғасырлық руха-
ни  құндылықтарды  жаңғыртып  мәнге  толтырып,  адамдарды  да 

198 
        

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал