Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет20/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
жалаңаш, күйкі жанға айналады, бос қалған дүниеде жалаң ақыл-
ойымен  шарасыздықтың  күйін  кешеді»  [161,  270  б.].  Рәміздер 
адамзаттың  рухани  жасампаздығы  мен  шығармашылығының 
барлық  сатысын  қамтиды.  Рәміздің  көмегімен  адамдар  арасын-
дағы ақпараттық қарым-қатынас алмасу жүзеге асады. Рәміздер 
адамзаттың сан ғасырлық мәдени-тарихи мұраларын және руха-
ни  құндылықтарын  бейнелеп,  дәстүр  сабақтастығын  сақтайды. 
Ол рухани құндылықтар мен мәдени жәдігерлердің терең сырлы 
мән-мағыналарын  шоғырландырып,  маңыздылығын  жоймастан 
бейнелі  көрінісінің  формасы  ретінде,  көркемдік-эстетикалық 
мазмұнмен  байып,  рухани  мүмкіндіктерін  жаңғыртып,  үнемі 
жүзеге  асырады.  Рәміз  мәдениеттегі  таңбалық  көрініс  ретінде 
анықтауыш  сипатын  иеленіп,  барлық  мәдени  құбылыстар  мен 
туындыларды бернелейді. Фәнилік арқылы бақилықты, шектеулі 
арқылы  шексізді,  нақтылық  арқылы  абстрактілікті,  материал-
дықпен  идеалдықты  бернелеп  ұсыну  нәтижесінде  көзбен  көріп 
қолмен  ұстамайтын  әлемді  санада  бейнелеп,  осы  аралықтарға 
көпір  болып,  адам  болмысының  микрокосмдық  әмбебаптық 
қалпын, танымдық мүмкіндігін анықтайды. Рәмізді мәдениеттің 
семиотикасы  тұрғысында  сараптаған  Ю.М.  Лотман:  «Мәдениет 
тарихының  барлық  материалдары  әлеуметтік  кодтар  жүйесі 
мен  ауқымды  ақпараттар  тұрғысынан  талдануы  мүмкін,  яғни 
бұл рәміз ақпараттарды белгілерде бейнелеп, ұжымға жеткізуге 
мүмкіндік береді» дейді [163, 31 б.]. Олай болса, Ю.М. Лотманның 
пікірінше  «рәміз  әлеуметтік  кодтың  маңызды  факторы»,  «рәміз 
мәдениеттің  жадысы»  бола  отырып,  әлеуметтік-мәдени  мұра-
ларды жинақтаушы, сақтаушы және жеткізуші болып табылады.
Рәмізге  адамзаттың  көпғасырлық  тәжірибесі  шоғырланған-
дықтан  көбінесе  діни  салт-жораларда,  әдет-ғұрыптарда  орын 
алып,  санада  жаңғырып  отыратын  архетиптік  формалар  бүгінгі 
таңға дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Архаикалық қоғамда 
ұжымдық  тәжірибенің  мәліметін  сақтап  қалуда  қатынастың 
жалғыз  тәсілі  салт-жоралар  мен  сөз,  миф  болды.  Мифті  рәміз 
ретінде  қарастырған  отандық  зерттеуші-ғалым  С.  Қондыбайдың 
пікірінше  «біз  мынау  жалған  дүниені  тек  рәміздер  арқылы 
ғана  кескіндей  аламыз,  өйткені  шексіз  ғаламның  кескінін  де, 
мөлшерін  де,  оның  қандай  материалдан  және  қандай  жолмен 
пайда  болғанын  да,  Жаратушы  иенің  оны  қалай  жасағанын  да 
шын мәнінде көре, біле, тани алмаймыз. Сондықтан осылардың 

180 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
барлығын да пенделерге түсіндірудің ең қарапайым да универсал 
жолы рәміз арқылы кескіндеу болмақ. Мифология дегеніміз де – 
рәміздер» [164, 34 б.] – деп түйіндейді.
Қазақ  философиясы  тарихының  зерттеу  нысаны  ретінде 
анықтағанда  жүгінеріміз  рухани  мәнге  ие  мифологиялық,  діни, 
рәміздік мазмұндағы әдеби және мәдени жәдігерлер. Бұл мұра-
ларды көркем-эстетикалық және танымдық қырлары тұрғысынан 
қарастыра  келіп,  сырлы  мазмұнның  астарынан  философиялық 
мағыналар  мен  түсініктерді  тұжырымдаймыз.  Осы  мақсатта 
қолданатын негізгі әдістеріміздің бірі герменевтикалық әдіс және 
дәстүрлі ұғымдар мен түсініктерді семиотикалық тұрғыда талдау. 
Қазақ  дүниетанымының  сопылық  іліммен  ұштас  негізгі 
ұстанымы  бойынша  Құдай  –  Халық  деген  сипатына  сай  мәңгі 
жаратушы.  Оның  ұлықтығы  мен  қалауынан  (ирадасынан)  көзге 
көрінер  дүние  сан  алуан  көптігімен,  құлпырған  бояуымен, 
түрленген көркемдігімен жаралып, жасанып, жаңғырып жатыр. 
Жаратушылық актісі өзінің мақсатты себебіне ие. Жаратылыстың 
мақсатты телеологиялық себебі болғандықтан адам осы жараты-
лыс дүниесінің сырларына бойлау арқылы Хақты – Құдайды та-
нып және сүйе алады. Рухани мұраларда осы адам және Құдай 
қарым-қатынасын  пайымдауда  көзге  көрінбейтін  рухани  дүние 
және періштелер әлемі кеңінен баяндалады, сонымен қатар, көзге 
көрінер материалдық әлем мен ғарыш та ескерусіз қалмайды.
Өзінің  онтологиялық  барлығы  тұрғысына  «жалған  дүние» 
ретінде шәк-күмәнға мүмкіндік беретіндігімен қатар, бұл дүниенің 
эмприкалық  ой  мен  қабылдау  үшін  барлығы  шүбәсіз  шындық. 
Ғалам  мен  дүниеге  байланысты  адамның  абсолютті  хақиқатты 
тануына бөгет болуы немесе жәрдем беруі жайлы қарама-қайшы 
екі түрлі ұғым белгілі.
Біріншіден,  бас  көзімен  көретін  бұл  дүние  көптіктің  негізі 
ретінде  жалғандығымен  белгілі.  Бұл  дүние  –  таухид  талаптан 
адасуға  себеп  болып,  өзінің  қызыл-жасыл  бояуымен,  баянсыз-
дығымен адам көңілінде көптеген мақсат тілек тудырушы. Хақ ди-
дарын қалаған талаптанушы мен екі ортадағы перде.
Ал,  екінші  жағынан,  дүние-ғалам  Құдайдың  ғажап  ке-
мел  сұлулығы  сәулеленетін  айна,  құдайлық  ақиқат  әлемдегі 
идеялардың  жүзеге  асқан  формасы.  Бұл  дүниедегі  заттар  мен 
құбылыстарды тану, сұлулығына ғажаптанып эстетикалық ләззәт 
алу арқылы адам олардың астарынан ақиқатты бағамдайды. Бұл 

 
 
 
                      
                                                  181
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
дүниелік  заттар  талапкерге  ақиқат  әлемдегі  идеялардың  фор-
малары ретінде адамның түпкі отанын еске салады. Сондықтан, 
қазақ  дүниетанымында  бұл  дүниелік  заттар  адамды  ақыреттен 
бөтен қылатын бөгет ретінде де, оған жақындататын саты ретінде 
де пайымдалады. 
Өз бастауын көне космологиялық түсініктерден алатын жара-
тылыстың төрт негізі ретінде белгілі топырақ, су, от, жел стихи-
ялары  Ясауи  шығармаларында  да  өзіндік  символдық  (рәміздік) 
жүгін  арқалап  тұр  және  діни-мұсылмандық  этикалық  ғибратқа 
ие  ұғым  түсініктерді  белгілейді.  Ғаламның  жаралуы  адамнан 
бұрын  болғанымен,  мақсатты  себеп  тұрғысынан  адам  бүкіл 
жаратылыстың  ішінде  бірінші  орында.  Ясауи  шығармаларында 
ғалам  жаралуы  жайлы  жүйелі  баяндауларға  бармайды,  жара-
тылыс  дүниесіне  образды  астарлы  сипат  беру  арқылы,  көркем-
эстетикалық  әсерге  бөлейді,  адамның  моральдық-этикалық 
жетілуіне  көбірек  көңіл  бөледі.  «Топырақ  сипат  алу»,  «Зәмзам 
болып жер астына ену» т. б. сияқты сөз тіркестерінің қолданылу 
ретіне қарай, космологиялық ұғым түсініктердің байырғы мағы-
налық  негізін  сақтай  отырып,  негізінен  моральдық-этикалық 
ғибрат беруге бағытталғанын аңғарамыз.
Топырақ,  ауа,  су,  от  алғашқы  күйінде  формаға  ие  емес,  ол 
жанмен қосылғанда ғана формаға ие болады және бастапқы күйге 
мүлдем ұқсамайтын нәрсеге тіршілік иесіне айналады. Мәселен: 
қазақ халқы төрт түлік малдың жаратылыс тегін төрт стихиямен 
байланыстырады. Түйе – сордан (минералдан) топырақтан, жылқы 
– желден, ауадан, сиыр – судан, қой – оттан жаратылған деп біледі. 
Бұл жануарлардың көзге көрінер сыртқы формаларын сипаттауға 
олардың  бұл  тектік  бастаулары  оншалықты  маңызды  ақпар 
бермейді. Бірақ, олардың көзге көмес ішкі сипаттарын, маңызды 
қасиеттерін ашу үшін олардың тегін осылай анықтаудың маңызы 
зор.  Жылқы  түлігі  жүйріктігімен  мінген  адамды  желпінтер, 
көңіліне  желік  берер  қасиетке  ие.  Оның  сүтінен  дайындалған 
сусын  қымыздың  да  адамның  көңілін  көтеретін,  жеңілдететін 
қасиеті бар. Ал, «қойдың сүті қорғасын» дегенде, сол сияқты қой 
етінен  дайындалған  тағамның  құнарлылығы  оның  күш-қуаттың 
рәмізі  отпен  сипаттас  қасиетін  ашады.  Түйе  түлігінің  көнбістігі 
мен төзімділігі оның топырақ сипатын білдіреді.
Көне  замандардан  бері  мифологиялық  ой-дүниедегі  космо-
логияның  негізі  заңдылықтарының  бірі  диалектикалық  даму 
заңдылығы болып табылады.

182 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Мәңгі  айналымдағы  даму  біріне-бірі  қарама-қарсы  белсенді 
және бәсең күштердің (актив және пассив) болуымен байланысты-
рылады. Материалдың дүниенің заттануын төрт стихиямен бай-
ланыстырса ( осы төрт стихияның өзі қарама-қайшы қасиеттердің 
қосылуынан  пайда  болады.  Мәселен:  құрғақ  пен  жылудың 
қосылуы  –  от  береді;  суық  пен  ылғал  –  суды  береді;  Жылу  мен 
ылғал – ауаны береді; құрғақ пен суық – топырақты береді.
Ал,  осы  төрт  бөлшектің  бірігуінен  бір  нәрсе  пайда  болса, 
ыдырауынан  жойылады.  Жоғарыда  космологиялық  ілімге  негіз 
болған  түсініктерден  аңғаратынымыз,  әралуан  бөлшектердің 
өзара  әрекеттестігімен  ұштас  қасиеттері  белгілі  бір  дәрежеде 
рәміздік мағынаға ие. Әрбір жануардың немесе нәрселердің жа-
ратылыс бастауы ретінде белгіленген әрбір стихияның өзіне тән 
қасиеттері  бар.  Ал  жануарлар  мен  нәрселердің  де  кейбір  көмес 
қасиеттерін осы стихиялардың қасиеттеріне сай тұспалдап, иша-
рамен біледі, нұсқайды.
Қазақ  халқының  тұрмысында  мал  шаруашылығы  маңызды 
орын  алған.  Сол  малдың  әралуан  қасиеттерін  осы  меңзеулер 
арқылы  ашуға  болатынын  аңғарамыз.  Мәселен  сиыр  түлігі  су 
текті болғандықтан («сиыр судан» дегендей), ол суыққа төзімсіз. 
Отығып жейтін жұғымды шөбі сулы жердің, өзен бойының, көл 
жағасының құрағы. Шөлге төзімсіз. Сиыр суды көрсе аузын малы-
май өтпейді дейтін тәмсілде бар.
Ал  түйе  топырақ  текті  болғандықтан  («түйе  сордан  деген-
дей»),  ол  сортаң  шөлейт  жердің  жайылымына  бейімделген, 
құрғақшылыққа төзімді.
Ал  жылқы  жел  текті  болғандықтан,  ол  желмен  жарысқан 
жүйрік, оның жайылымы да жел жайлаған қырат. Ол қыстың бо-
ран шашынына төзімді. Қой от текті, ол құнарлы шүйгін жайы-
лымды қажет етеді.
Сондай-ақ,  осы  төрт  түсініктің  шаруашылыққа  байланыс-
ты  қасиеттерімен  қатар  халықтың  наным-сенімі  мен  ритуалдық 
салт-жоралғылардағы олардың алатын орны мен оларға телінетін 
қасиеттерден де осы тектіліктің маңызын аңғарамыз.
«Жерді  көк  өгіз  көтеріп  тұр»  деген  ежелгі  мифологиядағы 
космологиялық  наным  жердің  астында  судың  барлығына,  құр-
лықтың  өзі  су  бетінде  тұр  деген  білімге  меңзейтін  символдық 
ишара.
Ал  қойдың  адамның  ауруын  аластау,  жын  көшіру  т.  б. 
ритуалдың  ырым,  жоралғыларда  жиі  қолданылуы  шайтанның 

 
 
 
                      
                                                  183
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
оттан жаралғандығы мен қойдың да от текті болуымен байланы-
сты. Суық тиген адамның бойындағы жел-құздан айыру үшін де 
қойдың терісіне салатын халық емі белгілі.
Түйе  малының  аса  киелі  саналып,  пайғамбарлардың 
әулиелердің  көлігі  болуы  түйенің  топырақ  текті  жануар  болу-
ымен  байланысты  деуге  болады.  Қазақ  тарихындағы  халық  аса 
құрметтеген, әулие тұтқан Абылай хан, Райымбек батыр сияқты 
адамдарының  киелі  түйесі  болуы  осының  бір  айғағы.  Осы  мы-
салдардан  аңғарғанымыздай,  космологиялық  ұғымдардағы  нәр-
сенің  тегін  белгілеу  оны  тура  мағынасында  түсінуге  емес,  оның 
символдық (рәміздік) меңзеу деп қана түсініп, оның астарындағы 
сырлы  мағынасына  үңілуді  қажет  етеді.  Тікелей  мағынасымен 
балаң  ойдың  немесе  білімсіздіктің  мысалындай  қабылданған 
осындай символдық ишара білімдердің астарында ақиқат ілімнің 
жатары күмәнсіз.
Адам универсалды жаратылыс болғандықган ол микрокосм 
оның бойынан осы төрт стихиямен байланысты бүкіл қасиеттерді 
табуға  болады.  Жер  –  Хақ  тағаланың  рахман  рахым  нұрынан 
жаратылған  ырзыққа  кенелтуші.  Су  –  Хақ  тағаланың  тірі  деген 
сипатынан  жаратылған,  тіршілік  беруші.  От  –  оның  қаһарынан 
жаратылған.  Сондықтан  ол  жоюшы,  жазалаушы.  Жел  –  оның 
ұлықтығынан  жаратылған.  Жер  мен  Су  жұмақта  от  пен  жел 
тозақта. Адамның бойында топырақ пен суға тән қасиеттер басым 
болса, оны жұмаққа бастайды. От пен желге тән қасиеттер басым 
түссе оны тозаққа тартады.
Адамның  бұл  дүниеге  келуі  мақсатының  өзіне  моральдық-
этикалық тұрғыда қарайтын Ясауидің адамды рухани тәрбиелеу 
мен  жанын  емдеуді  басты  мақсат  қылып  белгілейді.  Ясауидің 
дәруіштік  дүниетанымындағы  космологиялық  ұғымдардың  өзі 
адамның  сан  алуан  қасиеттерін  ашу  және  сипаттау  мақсатында 
қолданылады.  Адам  орталық  тұлға  ретінде  оның  рухани  даму 
жетілу жолдарындағы әртүрлі сипатты иеленуі «топырақ сипат 
алуы», «тозаң болып жолаушының (тариқат жолшысының) бетіне 
қонсам  деуі»,  «зәмзәм  болып  Жер  астына  енуі»,  яғни  әралуан 
қасиеттері ашылуымен оның универсалдылығы, микрокосм кіші 
ғалам екендігі айғақталады.
529. Сұмдығымнан тау менен тас сөкті мені, 
Өткір тілмен зекіп айтты «ісің қані?»

184 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Ғашық болсаң әуел барып Хақты таны!» 
Дәнекер боп жер астына кірдім мен [157, 65 б.] – 
деген  жолдардан  аңғаратынымыз,  әрбір  зат  органикалық  зат-
тар  немесе  минералдар  болсын,  Құдай  нұрының  шұғыласымен 
сәулеленіп, оның ғажайыбын паш етеді. Мистик үшін ғаламдағы 
жанды-жансыз заттардың барлығы Алла ұлықтығына һәмду сана 
айтады. Әрқайсысы өз тілінде оны мақтайды. Бес сезім мүшесіне 
сүйенген жәй адам мұны байқай алмайды. Оны тыңдау үшін ру-
хани  құлақ,  эстетикалық  түйсіктің  сергектігі  керек.  Сондықтан 
жер астында сопының таумен тастың сынын қабыл алуының өзі 
оның рухани дәрежесін көрсетеді. 
Тау менен тас бұл дүниеде тек формаға ие болса, идеялдық 
ақиқат әлемде оның рухани идеялық мағынасы бар. Ол дүниеде 
бұл  дүниелік  әрбір  жанды-жансыз  зат  куәлік  береді,  адамның 
жақсы-жаман  бүкіл  істеріне  куә  болады  деген  ұғым  жалпы 
исламдағы эсхатологиялык ілімге жат емес. 
541. Құлды көрсем қызмет қылып, құлы болсам,
Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам
Ғашықтардың күйіп-өшкен күлі болсам
Ламдаш (дос) болып жер астына кірдім мен
557. Басым – топырақ, өзім – топырақ, тәнім – топырақ, 
575. Ел-жұрт, туыс ешқайсысы болмас жолдас. 
Мәрт болғайсың: ғұмырың желдей өтер, ғаріпбас 
Құл Қожа Ахмет тағат қыл 
Білмейсің ғұмырың неше жыл 
Асыл тегің – су менен күл, 
Тағы айналып боларсың күл, [157, 67 б.] – 
деген  жолдардан  көргеніміздей,  сопы  топырақтан  кішіктіктің, 
әдептіліктің,  тақуалықтың,  Құдайға  құл  болудың  нышанын  та-
уып, сол сипатты қалайды. Басы топырақ болуы құлшылықтың 
жоғарғы  дәрежесін  ишаралайды,  өзінің  топырақ  болуы,  өзін 
жоғалтып  Құдайдың  рахым  нұрына  ұласа  еріп,  жоқ  болу-
ын  нұсқаса,  тәні  топырақ  болу,  әрбір  адам  үшін  жер  қойнына 
кіру  өлімнің  хақтығын  ескертетіндей.  Басы  топырақ  болуы 
құлшылықтың  жоғарғы  дәрежесін  ишаралайды,  өзінің  топырақ 
болуы, өзін жоғалтып құдайдың рахым нұрына ұласа еріп жоқ бо-

 
 
 
                      
                                                  185
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
луын нұсқаса, тәні топырақ болу. Әрбір адам үшін жер қойнына 
кіру өлімнің хақтығын ескертетіндей.
Топырақ жалпы атауы болса, ол өз мағынасына күл, минерал 
сияқты жекелеген символдарды да сыйғызады. Бірақ «тау», «тас», 
«күл» «тариқат жолының шаңы», т. б. деп олардың әрқайсысын 
жеке  атағанда,  өзіндік  символдық  бояуы  қоюлануына  сай  жаңа 
меңзеу жаңа экспрессивтік мағынасы ашылады.
Ғашықтық отының адамды бастапқы асыл тегі – Су мен күлге 
ажыратардай қасиеті бар. Бұл дүниелік от затты бу – суға және күл 
– топыраққа айналдырады. Сол сияқты, ғашықтық оты адамның 
су  –дәнекерлік,  топырақ  кішіктік  дегдарлық  сипаттарын  ашып, 
айқындайды.  Өрттің  бетін  қарсы  от  салу  арқылы  қайтарғаны 
сияқты нәпсінің отын тек Хаққа ғашықтықтың оты ғана қайтара ала-
ды. Ғұмырдың тоқтаусыз қозғалыс ырғағына ие екендігін желмен 
ишаралаудан  да  осы  космологиялық  ұғым  түсініктерді  көреміз. 
Осы  хикмет  жолдарының  түпкі  сырын,  астарлы  мағынасын, 
ишаралы  меңзеулерін  пайымдасақ,  адамға  эстеикалық  әсермен 
ұштас этикалық, дидактикалық (ғибраттық) білім беріп, адамның 
рухани-интеллектуалдық  жетілуіне,  моральдық  тазаруына 
нұсқайтынын  аңғарамыз.  Яғни  космологиялық  ұғым  түсініктің 
өзін Ясауи моральдық-этикалық мақсаттақолданады.
1031. Асылым – топырақ, нәсілім – топырақ, баршадан хар 
«Құл Қожа Ахмет құл болған, жол үстінде күл болған – де-
ген жолдарда да Ясауи адамды кішіпейілділікке, мейірбандыққа 
шақырады.  Ясауимен  рухани  сабақтастығы  өз  жалғасын  тапқан 
қазақ  әдебиетінің  кейінгі  кезеңдегі  өкілдерінің  бірі  Шал  ақын 
Құлкеұлы адамзат баласының жаратылысында осы төрт нәрсенің 
бар екенін жырға қоса отырып, былай дейді: 
Адамзат төрт нәрседен болған екен
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен. 
Адамға су нәсілі көп қосылса, 
Жомартлық, шешен болмақ содан екен. 
Адамзат төрт нәрседен болған екен, 
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға топырақ нәсілі көп қосылса, 
Мінезінің ауырлығы сонан екен. 

186 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Адамзат төрт нәрседен болған екен, 
Адамды төрт нәрседен қылған екен. 
Адамға жел нәсілі көп қосылса
Дегбірсіздік, сабырсыздық сонан екен. 
Адамзат төрт нәрседен болған екен, 
Адамды төрт нәрседен қылған екен. 
Адамға от нәсілі көп қосылса, 
Ашуланшақ болуы сонан екен [165, 104 б.].
Қорыта  айтқанда  қазақ  дүниетанымындағы  космологиялық 
ұғымдардың мәніне үңілгенде біз олардың ұлттық санада өзіндік 
ерекшелікке  ие  айшықтарымен  терең  таңбаланғанын,  сонымен 
қатар,  рухани  мұраларда  кеңінен  қолданыс  табуымен  сырлы 
символдық мәнге ие мазмұнмен байытылғанына көз жеткіземіз.
Салт жораларда қоғам өмірінің барлық негізгі сәттері бейне-
ленеді.  Осыған  қатысты  біз  рәміздерді  мәдени  құбылыстардың 
кілті,  рухани  және  материалдық  мәдениеттің  қалыптасуына 
қатысатын, мәдени ескерткіштерді рухани қуатын өз бойына сақ-
тайтын қойма қазынаға балауға болады. 
Қандай  да  бір  ұлттың  рухани  байлығының  көрінісі  мате-
риалдық  және  рухани  мәдениеттің  туындылары  екені  даусыз. 
Сонда рәміз тілі мәдени-әлеуметтік әрекеттердің объективті және 
субъективті факторлары мен қоса ұлттық сана-сезімді анықтайтын 
үрдіс болып саналады. 
Клод  Леви-Стросстың  тұжырымдауынша,  символизм  мен 
мәдениет бірмағыналы ұғымдар. «Трансценденттік», яғни рәміз-
дік қатынаста құрылатындықтан әлеуметтік-мәдени әлем, ең ал-
дымен,  рәміздер  әлемі.  Әрбір  мәдениет-рәміздік  жүйелердің 
жиынтығы  болып  табылады.  Мәдени-әлеуметтік  рәміздер  жал-
пы  семиотикалық  тұрғыда  адам  мен  әлем  арасындағы  қарым-
қатынас  жүйесі  ретінде  түсіндіріледі.  Архетиптік  сипаттағы 
мәдени рәміздер өз бойларына қашанда құпиялықты жасырған. 
Оның  астарында  кодтық-мағыналық  негізге  сүйенген  мәдени-
этикалық  дәстүр  сақталған.  Рәміздер  адамзаттың  рухани 
жасампаздығы  мен  шығармашылығының  барлық  сатысына  тән 
ақпараттық  алмасу  жүзеге  асатын  қарым-қатынас  құралы.  Ол 
адамзаттың  сан  ғасырлық  мәдени-тарихи  және  рухани  мұрала-
рын,  құндылықтарын  бейнелеп,  өз  бойына  мәдени-эстетикалық 
дәстүрін  сақтайды.  Мәдениеттің  даму  үрдісінде  рәміздер  өнер 

 
 
 
                      
                                                  187
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
шығармашылығының  негізгі  өзегін  құрап,  таңбалық-рәміздік 
жүйе  болып  қалыптасады.  Сонымен  рәміздер  әрбір  мәдени-
этетикалық дәстүрімен тығыз байланысты, өйткені әрбір өркениет 
өзінің рәміздер жүйесінен тұрады.
Рәміздің  мәдениет  жүйесіндегі  қызметі  ғылыми  әдебиетте 
үшке  бөлінеді:  дүниетанымдық,  жинақтаушы-адаптациялық 
және ақпараттық қатынас қызметтері.
Біріншіден,  рәміздің  дүниетанымдық  қызметі,  мәдениеттің 
қай  саласында  болмасын  образды  түрде  ақиқат  болмысты  бей-
нелеудің  ерекше  формасы  ретінде  көрініс  табады.  Демек,  оның 
болмысты бейнелеудегі маңыздылығы заттардың мәні мен құбы-
лыстарын және үдерістерінің ішкі заңдылықтарының терең маз-
мұнын шынайы түйсіну. Мұндай түйсінуде белгілі бір мақсатқа 
бағытталған идеялар мен құндылықтар, адамдық өлшем арқылы, 
бір  жағынан,  адамзат  мәдениетінің  әмбебаптық  мәселелерін 
айшықтаса, екінші жағынан, адамзат, рухани-мәдени өмір дамуы-
ның әлеуметтік-тарихи кезеңдерін анықтайды. Адамзаттың мәңгі-
лік  сауалдары,  оның  жалпыға  ортақ  құндылықтары  мен  қазіргі 
әлеуметтік болмыстың маңызды қырлары өзінің күрделі қарама-
қайшылығымен  рәмізде  мұрат  ұғымымен  түсіндіріледі.  Соның 
нәтижесінде  рәміз  барлық  «жалпылық  пен  жекеліктің»  түйіні, 
әлеуметтік-рухани  талдаудың  негізі  болып,  шексіз  мағыналық 
мүмкіндіктер ретінде жүзеге асады.
Рәміздің  екінші  қызметі  –  бейімдеушілік  (адаптациялық). 
Рәміз  мұнда  адамның  әлеуметтік  мінез-құлқын  белсенді  түрде 
реттеп,  оны  мәдениетке  бейімдеп,  ұрпақ  арасындағы  қарым-
қатынасты орнатудың тиімді тәсілі болмақ. Ол дүниетаным мен 
құндылықтарды,  дәлірек  анықтасақ,  дәстүрлерді  жаңғыртуға 
бағытталған  ойлаудың  императиві  ретінде  бейнеленеді.  Мәде-
ниеттегі рәміздің бейімдеушілік қызметі, әсіресе салт-дәстүрлер 
мен әдет-ғұрыптар мысалында жиі кездеседі.
Рәміздің үшінші мәдени қызметіне тоқталатын болсақ, ақпа-
раттық қатынас өзінің мәнді идеялық-құнды бағдары мен әлемге 
қатынасы тұрғысынан алғанда, мәдениет жадысының ерекше кон-
денсаторы іспеттес. Бұл адамның ұжымдық жадысының әмбебап 
және  ықпалды  тетігі  ғана  емес,  мәдениет  бірлігін  синтездеуші 
принцип. Мәдениет жүйесіндегі рәміздің мәні мен оның орнын 
сипаттай отырып, Ю.М. Лотман «рәміз мәдениет континумының 
неғұрлым  тұрақты  элементтерінің  бірі.  Мәдениет  жадысының 

188 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
маңызды механизмі болып, рәміз мәтіндерді, сюжеттік схемалар-
ды және тағы басқа да семиотикалық құрылымдарды мәдениеттің 
бір  кезеңінен  басқа  кезеңіне  тасымалдайды.  Мәдениеттің  диа-
хрониясы  мен  рәміздердің  тұрақты  жиынтығы  маңызды  түрде 
біртұтас  механизмінің  қызметін  өздеріне  алады.  Өздері  туралы 
мәдениет  жадысын  жүзеге  асыра  отырып,  олар  оңашаланған 
хронологиялық  қабаттарға  бөлінуге  мүмкіндік  бермейді.  Өмір 
салты мәдениет өмірі мен рәміздерде көрініс тауып, мәдениеттің 
ұлттық  және  ареалдық  шегін  анықтайды»  –  дейді  [166,  241  б.]. 
Рәміз – мәдениет жадысының тұтас механизмі, адамзаттың жаңа 
тарихи  тәжірибесін  өз  бойына  шоғырландыратын  әлеуметтік 
мұраның  сақтаушысы.  Э.  Кассирер  концепциясында  мәдениет 
бәрінен  жоғары  тұрған  өзекті  ұғым.  «Мәдениет  өзінің  үздіксіз 
дамуында үнемі діни, тілдік, көркем рәміздерді туындатып оты-
рады.  Дегенмен  ғылым  мен  философия  бұл  рәміздік  тілдер 
мен  олардың  элементтерін  ұғынықты  қылып  жеткізуі  қажет. 
Олар  синтетикалық  тұрғыда  құрылған  жүйені  аналитикалық 
тұрғыда  өңдеуі  тиіс...  Мәдениет  туралы  ғылым  бізге  рәміздерді 
айшықтауға,  олардың  астарында  жасырынып  жатқан  мағынаны 
табуға үйретеді» [168, 94 б.]. Мәдениет қабылдаудың ең қарапайым 
актісінен  бастау  алып,  табиғи  әлемді  мазмұнмен  толықтырады. 
Кассирер  мұндағы  табиғи  шындық  ұғымының  орнына  мәдени 
шындық  пікірін  қойды  десек,  онда  біздің  жаңсақ  түсінгеніміз, 
табиғи  шындық  онда  әлемнің  қарапайым  және  табиғи  ғылыми 
ұғымдармен  мән-мағынасы  сақталған  мәдени  шындық  ретінде 
түсіндіріледі.  Оның  мәдениет  жөніндегі  концепциясының 
негізінде адамның жаппай жүйелі және үнемі рәміздер арқылы 
берілетін қабілеті басты орын алады, яғни мәдениет ұғымы семи-
отика ретінде қабылданады.
Мәтін  сөз-анализдің  негізгі  нысаны,  яғни  ол  сөздер  мен  ны-
сананы, құбылыстар мен үдерістерді, түсінік пен құндылықтарды 
белгілейді.  Мәдениетті  қабылдау  жадылар  арқылы  жүзеге  аса-
ды. Рәміз – онтологиялық статусқа ие болған мәдениет іргетасы. 
Сондықтан  мәдениет  философиясының  міндеті  –  мәдени-
философиялық  ой  рефлексиясы  ретінде  өзінің  рәміздік  болмы-
сын  ұғыну.  Мәдени-философиялық  рефлексия  болмысының 
мұндай түсінігі рәмізге болмыстық және танымдық мән-мағына, 
семантика  береді.  Рәміз  –  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін 
беретін, терең мазмұн мен мағынаға толы категория. Қорыта келе, 

 
 
 
                      
                                                  189

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал