Философия, саясаттану


  Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі



жүктеу 3.67 Kb.
Pdf просмотр
бет18/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
деше, адамдардың субъективтік мағыналарын бір-біріне жеткізуі 
үшін ол субъективтік мазмұнды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, 
басқа  да  сезімдік  мүшелеріне  әсер  ете  алатын  түрге  ауыстыру 
жануарларда  кездеспейтін  тек  адамдық  жол.  Жануарларда  бір 
ұрпақтың өміріндегі болған өзгерістер негізінде тек биологиялық, 
генетикалық жолмен ғана келесі ұрпақтың үлесіне айнала алады.
Маркс,  бірақ,  осы  процестерге  тоқталған  тұстарында  адам-
дардың  тарихында  идеалдықтың  реальдықтан  бұрын  қалыпта-
сатынын  көрсетпейді,  көбінесе  жалпы  сөздермен  шектеліп  оты-
рады. Оның үстіне қоғамдық болмыс адамдар санасын анықтайды 
дейтін бұларға тура қарсы тұжырымды баса айтып отырды.
Кеңес  билігінің  кезінде  большевиктер  осы  соңғы  қағиданы 
қатаң  ұстанып,  оған  қайшы  көзқарастарды  тұншықтырды,  оны 
ұстанушыларды  жойды.  Қазақ  ойшылдары  да,  әсіресе  Алаш 
қозғалысына қатысы барлар да, басшылары да, тіпті оған қатысы 
жоқтар  да  жойылды.  Больщевиктер  философиясы,  олардың 
көсемі  В.И.  Лениннің  ұстанымдары  еркін  ой  түгіл,  тіпті  марк-
сизмнен сәл тайқып кетті делінетіндерді де халық жауы, тап жауы 
деп  қудалағаны  белгілі.  Ой  бостандығына,  сөз  бостандығына 
тыйым салу жүйелерінің қандай болуына қарамастан олар адам 
табиғатына жат тәртіптер. М. Жұмабаевпен келіскен, сол жолда 
шығармашылықпен  айналысуды  көздеген  қазақ  қызметкерлері 
бәрі дерлік тоталитарлық жауыздықтың құрбандарына айналды.

160 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
4 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАСЫ 
 
4.1 Қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын рәміздік 
және құндылықтық пайымдау 
 
Қазақ  діни-мәдени  мұрасын  көркемдік-эстетикалық  және 
семиотикалық  тұрғыдан  пайымдау  тұрғысында  ең  алдымен 
діни-мәдени  мұралардың  рәміздік  мазмұнына  назар  аударған 
абзал.  Рәміздер  әлеуметтік-мәдени  құбылыс  ретінде  адамзат 
тарихында  маңызды  орын  алып,  оның  рухани  мәдениетінде 
терең  таңбаланған.  Оның  көркемдік-эстетикалық  қырларын 
бағамдау  арқылы  мәдениеттің,  рухани  мұрамыздың  мән-
мазмұнын тануға мүмкіндік туады. Эстетика – адамның дүниеге 
түйсіктік  немесе  шығармашылық  қатынасын  зерттейтін  ғылым 
десек,  осы  танымдық  үдерісте  адам  сезінеді,  түйсінеді,  рухани-
сезімдік толқынысты күйге енеді,  рухани шаттыққа,  катарсистік 
хәлге  бөленеді,  өзінің  ғаламмен  тұтастығын  пайымдайды,  көп 
жағыдайда сенім иесі болған адам өзінің түпкі бастаумен – жара-
тушымен бірлігін түйсінеді.
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның көркем-
бейнелі  таным-түйсігіне  негізделген,  ақиқаттың  сұлулығын, 
пәктігін,  ұлықтығын  жаратылыс  дүниесінің  көркемдік  сипатта-
рын  айқындау  түсу  арқылы,  өнер  туындыларына  тылсымдық, 
ақиқи  мән-мазмұн  сиғызу  арқылы,  тұрмыстық,  ғұрыптық,т.  б. 
заттарға рәміздік мән-мағына дарыту арқылы танытатын, әсемдік 
заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары 
туралы ғылым.
Ал,  Платонға  сәйкес,  сұлулық  дегеніміз  абсолютті,  мәңгілік 
және  өзгермейтін,  сезімнен  тыс  идея,  өнер  туғызатын  сезім 
иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады
Рәмізге  сиғызылған  рәміздік  мән  бұл  рухани  тәжірибеге 
сүйенетін  метафизикалық  шындық,  оны  көркем-эстетикалық 

 
 
 
                      
                                                  161
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
кеңістікте  вербалдық  сипаттауға  келмейтін  көркем  рәміздеу 
арқылы  ғана  тануға  болады.  Оның  тылсым  сыры  шебердің 
шығармашылығы  барысында  және  реципиенттің  шығарманы 
эстетикалық  қабылдау  актысында  көрініс  беріп,  осы  тәжірибе-
мен  таныс  адамға  нәсіп  болады.  Эстетикалық  қабылдау  бұл 
жерде  рәміздің  тұлғалық  өзектендірілуі  ретінде  көрініс  беріп, 
шығармашылық  сипатты  иеленеді.  Жалпы  алғанда  рәміздеу 
«шығармашылық  –  түйсіну  –  ілеспелі  шығармашылық»  түрін-
дегі диалектикалық-сұхбаттық үдеріс деп түсініледі. Оның орта-
лығында  көркем  рәміз  (символ),  өзегінде  көркем  рәмізде  ғана 
көкейкестілікке  ие  болатын  рәмізделуші  терең  мән-мазмұн 
сыйғызылған.  Рәміздеуді  тарихи  типтеген  жағыдайда  көркем 
рәміздің діни-мифологиялық рәмізден айырмашылығы көрінеді. 
У. Шпенглер «Еуропаның құлдырауы» шығармасында мәде-
ниеттің және оның кезеңдерінің басты мәнді сипаттарының бірі 
ретінде стильге баса назар аударды. Ол үшін стиль – сол дәуірдің ру-
хани ахуалымен анықталатын «форманы метефизикалық сезіну». 
Ол  жеке  тұлғаға,  өнер  түрлеріне  тәуелді  емес  метафизикалық 
құбылыс  ретінде  сол  дәуірдің  шеберін  де  өнер  туындыларын 
да  бағыттарын  да  дүниеге  әкеледі.  Ол  үшін  стиль  –  әр  дәуірге 
тән  руханилықпен  анықталатын  форманың  метафизикалық 
түйсінілуі.  Мәдениеттің  сол  кезеңінің  метафизикалық  стихия-
сы  ретінде  «ұлы  стиль»  өнердегі  тұлғаны,  бағытты,  кезеңді  өзі 
қалыптастырады.  Ол  тұлғаға,  өнердің  материялы  мен  түріне, 
тіптен  өнердің  бағытына  да  тәуелді  емес.  Шпенглер  стильді 
көркем-эстетикалық мағынасынан да кеңірек түсінеді [153, 289 б.].
Рәміз  бен  мәдениет  арасында  астасып  жатқан  байланыстар 
бар  екендігін  өз  концепциясын  1928–1929  жылдар  аралығында 
жарық көрген «Рәміздік формалар философиясы» атты еңбегiнде 
жан-жақты негiздеген Э.Кассирер шығармаларынан көруге бола-
ды. Ол «адамзат тек физикалық қана емес, сонымен қатар рәміздік 
универсумда өмір сүреді. Тіл, миф, өнер, дін – осы универсумның 
бөліктері.  Адамды  animal  rational  деп  айтудың  орнына,  оны 
animal simbolicum» [154, 52 б.] деп анықтау қажет деген болатын. 
Символ – рәміз (symbolon) ұғымы алғаш ежелгі грек тілінде пай-
да  болып,  одан  латын  тіліне  еніп,  ХVІ  ғасырдың  басында  неміс 
тілінің  сөздік  қорында  қолданылды.  Гректің  «symballein»  сөзі 
қазақша қосылу, бірігу, жинақтау мағынасын береді. Ал, символ 
терминінің қазақша баламасы «рәміз» ұғымы бүгінде «танымдық 

162 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
белгі, таңба, аллегория» сияқты түрлі мағыналарды қамти тұра, 
олардан мәнісінің ауқымды болуымен ерекшеленеді. 
Бүгінгі  таңда  бұл  ұғым  терең  мағыналық  күшке  ие  болып, 
анықталған мағыналық образ, терең таңбаланған шынайы сезім-
дік ұғымды білдіруге қолданатын маңызды белгі болып танылған. 
Рәміз  адам  санасының  даму  тарихына  сәйкес  қалыптасқан  көне 
категорияның  бірі.  Символданған  бейне  көбінесе  нақты  мағы-
насынан  айырылып,  астарланған,  терең  мәнді  сиғызатыны,  тыл-
сым құпиялы әлемге меңзейтін жаңа мәнді, көркем-эстетикалық 
мазмұнды иеленуімен маңызды. Адамзаттың қиялы ұшқыр, ойы 
алғыр  ертедегі  кезеңдеріндегі  мифтік-әпсаналық  түсініктерде, 
наным-сенімдерде  рәміздің  пайда  болуы  мен  қалыптасу  бары-
сын көруге болады. Мәдениеттің асыл тінін көркем эстетикалық 
таным-талғаммен айшықталған құндылықтар жүйесінің күрделі 
түзілімі  құрайды.  Ал  адамзат  мәдениетінің  кез  келген  элементі 
құндылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонда біздің мәдениет 
аясындағы құндылықтарды түсіндірудегі ортақ ұғымымыз «мән-
мағынаға толы рәміздер» болып табылады. Құндылық пен мән-
мағына  –  адам  санасының  әлеуметтік-мәдени  үлгідегі  негізгі 
мазмұнын  құрайды.  Әр  халықтың  әдет-ғұрпын,  салт-санасын, 
дүниетанымы  мен  рухани  тәжірибесін,  эстетикалық  құндылық-
тарын, тарихы мен мәдениетін һәм әлеуметтік, саяси, қоғамдық 
тіршілігінің  факторларын  ескеріп,  назарға  ала  отырып,  сол 
халыққа  тиесілі  рәміздердің  табиғатын  ашуға  болады.  Адамзат 
тіршілігі барысындағы мәдениеттің қызметі мен дамуына себепші 
болатын жоғары құндылықтар мен мән-мағыналар, идеялар мен 
мұраттар көркем айшықты рәміздер арқылы көрініс тауып, рәміз 
мәдениеттің терең рухани қабатын өз бойынан өткізіп, таңбалық-
тілдік  көріністің  барлық  жиынтығының  орталық  анықтауыш 
құрылымы  болып  қалыптасады.  Мәдениет  пен  рәмізге  қатысты 
А.Я.  Гуревич  «мәдениеттің  универсалды  категориялары  өзінің 
жаратылысында  барлық  құбылысты  қамтиды.  Бұл,  сонымен 
қатар адам санасын анықтайтын категориялар. Біз мұнда кеңістік, 
уақыт, өзгеріс пен себептілік, тағдыр, сана сезімнің жоғары сезімге 
қатынасы, жеке мен жалпыға қатысы секілді шындықтың ұғымы 
мен  формасын  қабылдауы  туралы  айтып  отырмыз»  –  деп  айта-
ды.  Мұнда  автор  категорияларды  мәдениеттің  маңызды  семан-
тикалық  «инвентарь»  бөлігін  құрушы  дейді.  Мәдениеттің  уни-
версалды  категорияларын  А.Я.  Гуревич  «ғарыштық  категория-

 
 
 
                      
                                                  163
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
лар»  деп  атайды.  Ол  мәдени  рәміздерге  қатысты  былай  ой 
тұжырымдайды:  «рәміз  субъективті  тұрғыда  емес,  объективті 
жалпы мағыналы болып келеді. Әлемді танудың бірден-бір жолы 
рәміздер мен оның терең мағынасында жатыр» . [155, 266 б.]. Демек, 
мәдениеттің сан алуан ақпараттар жиынтығын бойына сақтайтын 
рәміздік  жүйелерді  әлеуметтік-мәдени  құбылыстардағы  тарихи 
үрдістердің  мәнін  ашудың  «кілті»,  заттың  субстанциялық  негізі 
болатын танымдық категория ретінде анықтаймыз.
Рәміз  ұғымы  дамуының  жаңа  кезеңін  ортағасырлық  хрис-
тиан,  мұсылман  діндерімен  байланыстырамыз.  Ортағасырлық 
мәдениет барлық жағынан рәміздік нышанда болды. Олар рәмізді 
қарастыруда  антикалық  неоплатонизмнің  гносеологиялық  ка-
тегориясы  мен  тіршіліктің  субстанционалдық  негізі  ретіндегі 
екі  маңызды  идеясын  соңына  дейін  жалғастырды.  Онда  болмыс 
абсолюттің шексіз рәмізі болып табылады. Ғарыш, табиғат, жан-
ды, жансыз әлемдер, заттар болсын, тіпті адамның іс-әрекеті мен 
ойы нақты әлемдегі Абсолют қуатының рәміздік бейнесі.
«ХІII ғасырда бiр-бiрiне мүлде ұқсамайтын, тiптi ауыс-күйiс 
түрiнде  болса  да,  бiр-бiрiмен  алысып-берiсiп  те  ұқсас  болғысы 
келмейтiн  әр  түрлi  мәдениеттердiң  ғажап  астасып  кеткенi  бай-
қалады. Саяси жағынан ыдыраңқы Батыс Еуропа, өздерiн «хрис-
тиан  әлемi»деп  атайды  да  оны  бiрлескен  тұтас  дүниемiз  деп 
қабылдайды,  оған  берiлiп  кеткен  жiкшiл  гректер  мен  орыстар-
ды  қоспайды.  Ислам  әлемiнде  де  осынау  суреттi  көремiз:  саяси 
бытыраңқылық  мәдени  бiрлiкке  бөгет  жасайды,  олар  өздерiн 
«франктерге  де»  гректерге  де,  дiнсiз  түрiктерге  де  қарсы  қояды. 
Олар  венгерлер  мен  моңғолдарды  қосып,  Еуразияның  күллi 
көшпендiлерiн  «дiнсiз  түрiктер»деп  түсiнетiн.  ХII  ғ.  Қытай  бiр 
орталыққа қарайтын, бiрақ ол тангуттар патшалығы – Си сиянi 
және  қидандар  патшалығы  –  Ляоны  өздерiнiң  бiр  уәлаяты  деп 
қарайтын»  [156,  23  б.].  Түрiк  топырағында  мұсылман  әлемiне 
ортақ идеялар дәнiн себу өз өскiндерiн бердi. Мәселен, Қожа Ах-
мет  Иасауидiң  сопылық  мектебi  жалпы  мұсылмандық  шығыс-
тағы  сопылық  идеясын  терең  игере  тұра,  исламды  жергілікті 
рухани  мәдени  жағыдайға  сай  насихатады.  Ғұламаның  түрiк 
қиялына қанат бiтiрер, жүрегiне жол табар өз тiлiнде сөйлеуiмен 
қатар, сопылық таным ұстанымдарын олардың образдар әлемiне, 
солардың  бейнелi  ой  ерекшелiктерiне  сай  енгiзгенiн,  эстетика-
лық талғам мен танымды басты орынға қойғанын аңғарамыз.

164 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Барлық  Шығыс  сопылығындағыдай  ғұлама  үшiн  Ақиқатқа 
бойлаудың және оны жеткізудiң жалғыз әдiсi бұл – рәмiздер (сим-
волдар) мен белгiлер тiлi едi. Осы нышандар тiлiнiң бiр символы 
бұл – Арыстанбаб берген құрма. Құрманың сыртқы қабығы, дәмдi 
жемiсiн иелену – адамның дiн иманды табу арқылы бұл дүниелiк 
бақытқа,  сый-құрмет,  бақ-дәулетке  жетуiн  ишаралады.  Ал,  iшкi 
дәнiн иелену – иманның негiзгi мәнi – ақиқатқа жету, құпия сыр-
лы ғылымын игеру. Сопылар дене сезiм мүшелерiн шектеп, ой-
санасын ақиқатқа бағыттау арқылы, әуестiктен тиылады, iшкi ру-
хани  мәнiн  iздейдi.  Сондықтан  да  сопылар  әдебиетiнде  меңзеу, 
бернелеу, бейнелеу, ұлғайту т. б. көркем-эстетикалық әдiстер кең 
қолданылады. Яғни, сопы үлкен өнер – сөз өнерiн меңгередi. Бұл 
құрманың  сыртқы  сыры  ғана.  Бұл  Арыстанбабтың,  сондай-ақ, 
пiрдiң  –  Қызыр  пайғамбардың  оның  әр  сырын  бүркеп  жапқан-
дығы  тылсым  сырлы  пердесi  ғана.  Осы  сыртқы  қабығынан  өте 
алған  адам  ғана  Ақиқаттың  iшкi  мәнiне  жете  алады  (құрманың 
дәнiне ие болады). Сопылық мектептiң шәкiрттерi үшiн олардың 
өздерiне тән араб тiлiнде атау терминдерi өзiндiк мән-маңызымен, 
иерархиясымен (мысалы, Шариғат – Тариқат –Мағрифат – Ақиқат) 
белгiлi болды. Бұл негiзiнен сол ортаның, Ұйымның мүшелерiне 
түсiнiктi сөз болды. Күнделiктi өмiрде жиi қолданылмады.
Бiрақ  сопылар  халық  дiлiне  мейлiнше  жақын  күнделiктi 
қолданыстағы ауызекi сөйлеу тiлiнiң сөздерiнiң өзiн тылсым сыр 
бере қолданып, символдық дәрежеге көтерiп, ерекше мән бередi. 
Мысалы: «Сөзiң – шырақ, халың – пiлте, майы – жасың» . [157, 69 б.]. 
Бұл  жолдар  шығармашылықпен  айналысқан  адамның  күйiнен 
хабар бергендей. Айтқан сөзi шамшырақ болып, оқушы жүрегiне 
жағылу  үшiн  әрбiр  жазушы  жан  шабақтар  қиналысты  басынан 
өткiзерi хақ. Бұл – шығармашылыққа май болар жан қиналысын, 
ықыласты  ғибадатты  көз  жасымен  бейнелесе.  Халық  тiлiнде 
халық  дiлiнен  шыққан  сөз  деп  айтудың  қиындығын  сезіне  оты-
рып дәнекер қызметін атқаратын – жауапкершiлiкті түйсіну хәлін 
пілтеге балайды. Яғни, оқырман көңiлiне шырақ болып жағылу 
үшiн, көз жасыңды – ықыласты ғибадатыңды – жауапкершiлiгiңдi 
ұмытпай халық тiлiнде халық дiлiнен шыққан сөз деп айта алсаң, 
сенiң  халың  –  пiлте,  яғни  шәкiрт  пен  халық  рухын  және  ғалам 
рухын жалғастырушы ғана қызмет атақарасың. Ал айтылған сөз 
оқырман  жүрегiнде  шамшырақ  болып  жағылып,  эстетикалық 
ләззәт сыйлауы, ақиқат, iзгiлiк жолына бастауы басты мақсат.

 
 
 
                      
                                                  165
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
Рәміз белгілі бір заттың сыртқы сипаты мен көзге көрінетін 
қасиеттеріне нұсқай отыра, басқа тылсым, терең мазмұнды, ақиқат 
құбылыстың астарлы мазмұнына меңзейді. Мұндай контексте ол 
сакральдылық  мәнге  ие.  Рәміздердің  тылсымдық  түпнегізінде 
діни танымның ақиқатты тікелей бас көзімен көрмей, көкейкөз-
бен  ғана  бағамдауға  болатындығы  жайлы  түсінік  орын  алған. 
Қоршаған орта, жаратылыс дүниесі хақты тануға арналған кітап 
деген  қағида  исламдық  негізгі  танымдық  ұстаным.  Рене  Генон-
ның  «Шындықтың  деңгейлері  сан  алуан  түрлі,  олар  кез  келген 
табиғи  құбылыстардан  бастап,  бірін-бірі  жалғастыра  абсолютке 
дейін жетеді. Рәміздің шынайы болмысы да осы түрлі деңгейлерді 
біріктіретін  сәйкестік  болып  саналады.  Содан  барып  барлық 
табиғаттың  өзі  қарапайым  рәміз  болып  шығады.  Табиғаттың 
ақиқат  мәнін  сол  табиғатқа  өзімізді  метафизикалық  ақиқатты 
түйсінуге  итермелейтін  көрсеткіш  деп  қарағанда  ғана  оның  сы-
рына қанық бола аламыз» [158, 8 б.] деген тұжырымдамасы осы 
қағидамен үндесіп жатыр.
Ислам дiни тәфсирлерiнде Алла тағала алдымен лаух қалам-
ды жаратып, бүкiл жаратылыс тағдырын жазды. Яғни, мақсатсыз 
ештеңе жоқ – идея бiрiншi. Демек, адамның тағдырға мойынсұнуы 
өзiне  берiлген  ерiк  бостандығынан  бас  тарту  емес,  болашақтан 
үмiт  күтуi.  Әр  қиындықты  сынақ  деп  сабырмен  қарау,  түпкi 
ақиқат межеден жақсылық күтуі.
Тiлдiң әу бастағы табиғи жаратылысы – жазу. Дыбыстар мен 
дауыстар  оның  атауы  үнi.  Қасиеттi  төрт  кiтаптың  түсуi  туралы 
аңыз негiзсiз емес. Ақиқат сөзi кiтапта түзiлген. Жазу табиғаттың 
нышандары,  белгiлерi.  Бүгiнгi  күнге  дейін  сақталған  дәстүрдің 
бірі дұғалық немесе тұмар жаздырып алып, оның киесiнен жанға 
шапағат,  қорғаныш,  денге  шипа,  дауа  тiлегенде  де  жазудың 
тылсымдық сыры байқалады.
Халықтың мәдениет деңгейiн оның жазуды «ойлап табумен» 
өлшеймiз  дейтiн  ұғым  да  бар.  Бiрақ,  шындығында,  дүниенiң, 
жаратылыстың нышаны, белгiлерi болып табылатын жазу о бас-
тан  бар  деп  санасақ,  адамдардың  жазу  өнерiнен  ажырап,  қайта 
табысып отыруы, оған үн бiтiрiп сөйлеуi, оны болашақ ұрпаққа 
мұралауы халықтың мәдениеттiлiгiнiң әр кезеңдегі құлдырау не-
месе гүлдену деңгейiнен хабар берсе керек. Кейбiр сөздердiң ту-
ыстас емес тiлдер арасында да үндес болуы немесе мәдениет ал-
масуы кезiнде өзара ауысып, зардапсыз оңай сiңiп кетуi де бекер 

166 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
емес. Қазақ ру тайпаларының атауларын алып қарасақ, бiрталайы 
таңба  атауынан  шығады  екен.  Мәселен:  Балталы,  Бағаналы, 
Тарақты т. б. Қыпшақ-iкi-пычақ.
Таңбаны қасиеттеудiң тағы бiр мысалы халық арасында «Ны-
саналы адам» деген сөз «қасиеттi киелi» деген сөзбен мағыналас 
қолданылуы. Сондай нысананың тағы бiр тар мағынасы көздеген 
ноқат  таңба.  Ал  осы  сөздермен  түбiрлес  нышан  сөзiн  қатар 
зерделесек,  оның  белгiлiк  мәнi  басым.  Нышан  беру,  аян  беру 
қолданысында – белгi беру, нышан белгi деген мағынаны бередi. 
Ал нысананың таңба, меже деген мағыналық бояуы басым. Таңба 
мен дүние ғалам арасында жанды рухани байланыс бар. Оның ны-
шанын  сезiне  бiлу,  түйсiну,  пайымдау  адам  көкейкөзiнiң  iсi.  Ал 
оны  ой  елегiне  салу,  байыптау,  түсiнiкке,  сөзге  айналдыру  адам 
ақылының  iсi.  Тiптен  табиғатта  өскелең  нұрлы  ақыл  қасиетiнен 
ада  жан-жануарлар  да  табиғат  нышанын  инстиктивті  деңгейде 
түйсiнiп,  тән  ауруына  ем  болатын  шөптi  тауып  жейдi  екен.  Ал, 
емдiк қасиетi бар шөптердің де жануарлардың ағзаларына ұқсас 
жапырақ формасы, гүл дестесi, бояу түсi тағы басқа нышандары 
болады деседi. Бұл ақпараттың нышан күйінде көрініс табуының 
табиғи қалыптағы бір мысалы.
Ендi бүгiнгi жазу мен танымның арасындағы, қыпшақ жазба-
лары мен сол кездегi танымның арасындағы ру тайпалық таңба-
лар мен танымның, сақ жауынгерiнiң күмiс тостағанындағы таңба 
мен  сол  заманғы  танымның  Шумер  падишасының  қабiрiнен 
табылған екi алтын тостағанның жазуларының бұл кездегi таным-
мен арақатынасы қалай екен деген сұрақ туады. 
Әр  кезеңде  таңбаның  нышанын  көкейкөзбен  түйсiну,  тану 
басым  ба,  әлде  таңбаны  әрiп  қылып,  сөз  қылып  ой  көзiмен 
түсiну  басым  ба?  Әрине  бiз  қазiр  түйсiнуден  түсiнуге  жетiкпiз. 
Ал  ендi  өткеннен  қалған  таңбалар  тiлiнiң  ғаламмен  байланы-
сын  және  бүгiндегi  ой-жемiсi  ғылымның  ғаламмен  байланысын 
әр  заман  пенделерi  өз  мұқтажын  өтер  деңгейде  түйсiнгенi  не-
месе  түсiнгенi  аян.  Олардың  қайсысы  ақиқатқа  жақын  екенiн 
салмақтауға,  салыстыруға  бола  ма?  Бұл  сұрақтың  жауабы  салт 
атты көшпендiлерге аян болар, әлде сол көшпендiлердiң шаңырақ 
иесi  осыған  дейiнгiнi  айтпағанда  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жарты-
сында ғана араб, латын, кирилица харiп таңбаларын ауыстыруға 
мәжбүр болған қазақ мәдениетінде көрініс тапқан болар.
Кодекс-куманикус  қолжазбасы  жазылған  уақытта  салт  атты 
көшпендiлердiң  тарихындағы  қыпшақ  мемлекеттiк  бiрлестiгiнiң 

 
 
 
                      
                                                  167
4   Қазіргі Қазақстандағы діни және мәдени 
құндылықтардың эстетикасы
дәуiрлеу  кезеңi  басталған  едi.  ХII–ХIII  ғасырларда  қыпшақ  тiлi 
осы мемлекеттiң негiзгi тiлi болып, iргелес елдер үшiн де ортақ 
халықаралық  тiл  дәрежесiнде  қолданылды.  Сол  кездегi  еуро-
палықтар  үшiн  латын  тiлiнiң  рөлi  қандай  болса,  Азия  халық-
тары  үшiн  куман  тiлiнiң  рөлi  осындай  едi.  Сондықтан,  шығыс 
елдерiне  сапарға  шыққан  еуропалықтар  қыпшақ  тiлiн  бiлудiң 
маңыздылығын жақсы түсiнген. Осыған байланысты В.В. Бартольд 
былай  деп  жазды:  «Кодекс  Куманикус»  имеет  первостепенное 
значение не только для турецкой филологии, но и для истории 
культуры как памятник практического востоковедения средневе-
ковых европейских торговцев и миссионеров» [159, 393 б.].
Шыңғысханнан жеңiлiске ұшырап қол астына қараған түркi 
тiлдес  тайпалар  қыпшақ  деген  жалпы  атаумен  Алтын  Орданың 
негiзгi халқын құрады және Шыңғысхан жорықтарында батысқа 
аттанған қалың қолдың көпшiлiгi осылар болды.
Дүние  жүзiндегi  ең  үлкен  Еуразия  материгiнде  орналасқан 
далалық  өлкенi  мекендеген  көшпелi  салт  аттылар  мәдениетiнiң 
негiзгi  тiлi  сол  кезде  Мысыр  мен  Шамнан  Сiбiрге  дейiн,  Қытай 
қорғанынан  Дунайға  дейiн  ел  аралық  тiл  деңгейiнде  еркiн 
қолданылған тiл – ескi қыпшақ тiлi едi. Яғни, сол кездегi күнделiктi 
қолданылып  жүрген  қыпшақ  тiлiнiң  зерттелуі  –  бүгiнгi  қазақ 
тiлiнiң  кешегi  өткен  өмiрi  мен  даму  жолдарын  байыптап  тексе-
ру үшiн ғылыми-тарихи маңызы өте зор. Орта ғасырдан бiзге ми-
рас болып қалған мұралардың iшiндегi белдi де, беделдiсi бүгiнгi 
қыпшақ  тiлдерiнiң  тарихи  бастауы,  өрiс  алар  өзегi  бола  тұрып, 
өткенмен  рухани  жанды  байланысын  үзбеген  аса  құнды  қазына 
«Дешт-и-қыпшақ»  түрiктерiнiң  тiлiнде  жазылған  ескерткiш  – 
«Кодекс  Куманикус»  (Кумандардың  жазбасы).  «Кодекс  Кумани-
кус»  латын  тiлiнен  аударғанда  «Кумандардың  кiтабы»деген  сөз. 
Жазған автордың аты-жөнi белгiсiз. Қолжазба готикалық көне жа-
зумен ХIII ғасырдың аяғында жазылып бiткен (жалпы көлемi 82 
парақ, 164 бет) [160, 1–306 б.].
«Кодекс»  жайлы  кiрiспе  ойымызды  түйiндесек,  «Кодекс 
Куманикус»  бүгiнгi  қыпшақ  тiлдерiнiң  тұлғаланып  даралануы 
қарсаңындағы олардың қалыптасу мекенi, бастау алар өзегi жайлы 
құнды мағлұмат бередi. Бүгiнде аудармашысыз түсiнiсетiн отызға 
тарта түркi тiлдес ұлттардың, әсiресе қыпшақ тілдер тобына жата-
тын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, әдеби-мәдениеттiк, 
саяси-әлеуметтiк, тiлдiк, рухани, дүниетанымдық, философиялық, 

168 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
көркемдік-эстетикалық  және  этикалық  құндылықтарын,  тари-
хын зерттеу үшiн пайдасы мол жәдiгерлiк. Бұл еңбек түркiлердiң 
бел  баласы,  көшпендiлер  мәдениетiнiң  шаңырақ  иесi  –  қазақ 
халқының төл мұрасы.
Таңба  жазуға  ауысқан  сайын  түйсiну  түсiнуге,  пайымдау 
байыптауға, ойға ауысады. Сөз бен жазу еншiлес. Жазу сөздiң қас 
қақпас сақшысы, темiр торы. Таңбаның мәнi тарылып, әрiпке ай-
налса, әрiптен сөз құралса, ал сөз белгiлi бiр заттың, қимылдың, 
заттың  түр-түсi  мен  қасиетiнiң,  мезгiл,  мекенiнiң  т.  б.  айнымас 
атауы.  Ал  сол  сөздiң  сөйлем  iшiнде  байлаулы,  матаулы  өзiндiк 
қызметi  бар.  Сол  сөйлем  хатқа  түссе  сөз  синонимдiк  тобынан 
ажырап,  бейнелiк  басқа  атауларды  бейнелейтiн  қасиетiнен  ай-
ырылып,  бiр  аяқталған  мағынасымен,  сөйлемдегi  қызметiн  ғана 
атқарады.  Куман  сөздігіне  сай  Қыпшақ  тiлiнде  «бiтi»–  жазу  де-
ген,  «бiтiк» – жазба, «бiтiкчі» – жазушы,  бiтiкчiлi – өнерлi деген 
мағына бередi. «Бiту» түбiр етiстiгi бүгiнде соңғы, аяқталған күй 
мағынасында қолданылады. «Бұлақтың көзi бiтiп қалды» дегенде, 
тежелiп тығылып қалды, бiтелу-тоқталу мағынасын, «бiтiк өскен 
егiн» десек, тығыз тұтаса өскен мағынасын бередi. Ал бiтiм десек, 
келiсiм-шарт, тоқтам деп түсiнемiз. Сонда «бiт» етiстiк түбiрiнiң 
тығыздалу, тежелу, тоқталу, өзгермейтiн бiр келiсiмге келу деген 
мағыналық реңкi болғаны, сақталғанын көреміз. Яғни, бұл заттың 
соңғы,  аяқталған  жинақы  күйiнiң  атауы.  Ал  қыпшақ  тiлiндегi 
«бiту»  сөзiнiң  бүгiнгi  баламасы  –  «жазу»  сөзiнiң  «жинақтауға» 
керi  мағынасы  бар  екенi  белгiлi.  Жазу-жазылу,  жайылу  (тiптен 
сиреу) таралу, жазық, жайлау сөздерi кеңдiктiң сипатын бередi. 
Осы  жерде  жоғарыдағы  «жазмыштан  озмыш  жоқ»  деген  сөздiң 
тағы  бiр  мәнi  бар,  Тәңiрi  ғаламның,  уақыттың,  кеңiстiктiң  сенiң 
шамаңа лайық жүгiн ақиқатқа дейiнгi жолда өзiңе жүктеген, яғни 
сен Ғаламдық уақытпен салыстырғанда қас-қағым фәни өмiрiңде, 
адамзат өмiрiнiң бүкiл бұрылыс-бұралаңын қайталап, әрбiр жеке 
адам  өз  тәжiрибесiнде  ғана  ақиқат  табады,  демек,  шынында  да 
бұл жазмыш – жазылып жатқан ұзақ жол.
Шындығында  да,  «Кодекстiң»  ауызекi  сөйлеу  тiлiнiң  ескерт-
кiшi  екендiгi  оның  мән-маңызын  арттыра  түседi.  Демек  қазақ 
тiлiнiң  тарихын,  даму  үстiндегi  халық  дүниетанымының,  ой-
санасының, көркем-образдық тамымының тiлде, сөзде қалдырған 
сiлемдерiн аңғару үшiн «Кодекс Куманикустiң» өзiндiк орны бар. 
Қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң, оның iшiнде қазақ тiлiнiң қорлануы, 
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет