Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.
Pdf просмотр
бет16/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал, т. б. ақын-жыраулардың эстети-
калық ізденістері көшпенділердің дүниені қабылдауын білдіреді.
«Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады» – Асанқайғы сөздiң 
нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса 
да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта 
келiп,  Асанқайғы  жақсылардан  үлгi  алып,  жамандардан  бойды 
аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi 
сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа 
алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. 
Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, 
сүйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жа-
тады,  туған-туыстармен  тiл  тигiзiп,  қырқыспайтын,  бет  жырты-
сып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi. 
Әдептiлiктiң  әр  қыры  мен  сыры  –  бақыт  көрiнiсiне  лайық. 
Дегенмен  бақыт  –  адамға  деген  ерекше  сыйласу  мен  махаббат 
сезiмнiң үйлесiмi мен иiрiмi. Бақытты жандар ғана өзара түсiнiсе 
де, жақындаса да, бiрiге де алады. 
Бақытқа кедергi – ағайын мен ел арасындары бiтiмсiздiк, он-
дағы  мүдде  алшақтығы,  қасиет  кенжелiгi,  сөйлесу  қағидасының 
бұзылуы.  Сөйлесуде  өзара  түсiнiк  жетiспесе,  онда  үйлесiмдiлiк-
тiң,  ынтымақтың  болуы  мүмкiн  еместiгiн,  зияндық  –  күйзелiс 
көрiнiсi, адамгершiлiктегi ғарiптiк белгiсi. 
Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп
Жақсыларға айтпаған
Асыл, шығын, сөз ғаріп;
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп...
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарiп [132, 27 б.]
Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң 
түрi  де,  зардабы  да  көбеймек.  Ғарiптiк  –  заман  ағысы  адамзат 
тiршiлiгiне  ыңғайсыз  жағдайда  дерт  болып  асқындамақ.  Бiрақ 
Асан  қайғы  заманды  құрастырушы  мен  билеушiлердiң  мiнез-
құлқын, iс-әрекетiн сынап мiнедi. Адамын тану арқылы ақын за-
манды тануға, заманның ағымын пайымдауға талпынды. Мұраты 

 
 
 
                      
                                                  141
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
биiк адам мен ұрпақ қана заманды өз талаптарына сай дұрыстауға 
ықылас-ынта бiлдiредi.
«Бақыт – өз басың үшін көксейтін игілік, – дейді Әл-Фараби, 
– өйткені [бақыттың] ар жағында адамның қолы жете алмайтын 
бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет 
– тамаша әрекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайырымдылық. 
Қайырымдылық  дегеніміз  оның  өзі  белгілеген,  бірақ  бақытқа 
жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа жетуге бөгет жасай-
тын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті 
туғызатын әдет-ғұрып – кемшілік, кесапат, пасықтық» [145, 308 б.]. 
Бақыт  дегеніміз  –  өзі  болмысының  шарттары  мен  адамның  кең 
ауқымды  ішкі  қанағаттанушылығына  сәйкес  келетін,  өмірінің 
толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына 
жету  күйін  көрсететін  моральдық  сана  ұғымы.  Бақыт  мұраттың 
сезімдік-эмоциялык  формасы  болып  табылады.  Бақыт  ұғымы 
белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті 
күйін  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  адам  өмірінің 
қалай  болуы  керек  екендігі,  ол  үшін  ненің  игілікті  бола  алаты-
ны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт 
ұғымы  нормативті-бағалық  сипат  алады.  Бақыттың  мазмұны  әр 
адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне бай-
ланысты.  Көптеген  адамдар  бақытты  махаббатпен  байланысты-
рады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп 
еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен 
лиро-эпостарының  кейіпкерлерін  еске  түсірейікші.  Қыз  Құртқа 
үшін  Қобыланды,  Гүлбаршын  сұлу  үшін  Алпамыс,  Қыз  Жібек 
үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар 
үшін өмірлерін қиюға да дайын еді.
Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғал-
дыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық 
елдерде  де  аз  болмаған.  Шын  ғашық  адамдар  үшін  құйылып 
жатқан  байлығың  да,  асып  тұрған  мансабың  да  қажетсіз  болып 
қалуы  әбден  мүмкін.  Қарсы  жыныс  өкіліне  деген  алабұртқан 
құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу құбылыстары о бастан 
тек  адамдарға  ғана  тән,  табиғи,  сонысымен  де  заңды  құбылыс. 
Сондықтан  да  махаббатпен  өмір  сүру  бақыттылықтың  басты 
белгілерінің бірі болып келді және бұдан былай да бола береді. 
«Кейде  есер  көңіл  құрғырың,  махаббат  іздеп  талпынар»  немесе 
«Махаббат – өмір көркі» дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүрудің 
осы факторына сүйеніп айтса керек.

142 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
  Шын  махаббат  екі  жақтың  психологиялық  және  тән  үйле-
суінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келген-
де,  өмірге  ұрпақ  келтіруге  бастап  апаратын  жұптасқан  тұрмыс 
құруынан көрініс береді. Махаббат – адам өмірінің аса нәзік, оның 
бақытына тура қатысы бар маңызды қыры.
Сұлулық  –  материалдық  және  рухани  дүниенің  адамды 
ләззатқа бөлейтін сипаты, өсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық 
ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей 
қамтиды. Ал әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және 
пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жата-
ды. Сұлулықтың, ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, 
ырғақтылық  сынды,  табиғи  өлшемдерін  эстетикалык  түйсінуде 
адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-
парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның 
ішкі  мазмұнымен  сәйкес  келмеуі  мүмкін.  «Жылтырағанның 
бәрі  әдемі  емес»  демекші,  керісінше,  сыртқы  сұрықсыздық  пен 
сиықсыздық тасасынан жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден 
мүмкін.
Асанқайғы  толғауларында  қазақ  даласының  сұлулығы,  жер 
байлығы,  аң-құстар  тыныс-тiршiлiгi,  олардың  географиялық 
мекен-жай  күйi  тiлге  тиек  болады.  «Аққу  құстың  төресi,  ен 
жайлап  көлде  жүредi»  деген  шумақтан,  сұлулық  сүйкiмдiлiктi 
ұштайтынын  пайымдаймыз.  Көркемдiктiң  жан  семiртетiнiн, 
сүйкiмдiлiктiң тән тазалығына еритiнiн «Бұл заманда не ғарiп» де-
ген өлеңiнен аңғарамыз. Жыраудың «Иiс майын жамандап, жұпар 
қайдан табасың? Көлдiң суын жамандап, Едiл қайдан табасың?» 
дегенi атамекендi ардақтай бiлуге шақырғанындай. 
Қазтуған  жыраудың  шығармашылығындағы  эстетикалық 
үрдістерді – оның туған жермен қоштасу жырынан көреміз. 
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қонымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,

 
 
 
                      
                                                  143
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт! [132, 32 б.]
Бұл жолдарда адамды баурап алар ерекше бір күш, адамды 
елітіп, ерітетін нәзік бір эстетикалық сезім жатыр! Туған жерге, 
оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген табиғатқа деген 
махаббаты көрініс тапқан. Еділ жөнінде айтылған:
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақсы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас [132, 32 б.] 
деген жолдар нағыз суреткердің қолынан шыққан. Сүйкімсіз шөп 
шырмауықтың қалыңдығы, адамға тыныш ұйқы ұйықтатпайтын 
бақа-шаянының  көптігі  де  жырауға  соншалық  ыстық.  Туған 
жердің қасиеттілігінің бір белгісі іспеттес. Осы тамаша толғау:
Сөйткен менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт! –
деп  Еділ  бойында  қалған  түрік  тектес  руларға  бақыт,  береке, 
тыныштық тілеумен аяқталады. 
Қазақ халқы үшiн ол орталық – Жер, туған жер, Отан. Жы-
раулар дүниетанымы осы жермен, табиғатпен бөлiнбес бiрлiкте 
көрiнедi. 
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бiр тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ. Оның 
өзiн  қоршаған,  адам  қолы  бүлдiрмеген  табиғат  туралы  түсiнiгi, 
өмiрге көзқарасы көрiнедi. Табиғат аясындағы ақын қиялы өзiнiң 
ұшқырлығымен, кеңдiгiмен таң қалдырады. 

144 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Қазақ дүниетанымында ел мен жер егiз деген ұғым бар, – дейдi 
Нұрланова Қ.Ш. – бұл принциптi түсiнiк қазақтың табиғат – Ана 
деген рухани ойын жеткiзсе, сонымен қатар табиғатқа деген ерек-
ше қарым-қатынас, оны ерекше сезiну бар [136, 3 б.]. Ел мен Жер 
егiз деп бiлген халық табиғаттың адаммен байланыс жақындығын 
аса  бiр  даналықпен,  көрегендiкпен  тұжырымдаған.  Табиғат  пен 
адамның  егiз  сынды  байланысын  көркем  түрде  жеткiзе  бiлген. 
Қазтуған  жырау  ең  алдымен  адам  баласы  жерге  борышты,  осы 
жерде Ол дүниеге келдi, өзiнiң адамдық кейпiне ие болды дейдi. 
Жер  –  Ана,  жер  –  сенiң  асыраушың,  оны  тек  пайдаланып  қана 
қоймай, гүлдендiрiп, өсiру керек. Жер адам өмiрiмен байланыста 
қаралады.
Жорықтың алдыңғы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында, 
елдiң  бел  ортасында  жүрген  Шалкиiз  жырау  елдiк  пен  ерлiк, 
жақсылық  пен  жамандық,  шеберлiк  пен  шикiлiк  мәселелерiне 
баса  көңiл  аударған,  кiсiлiк  қасиеттерге  әр  сақтан  қайта-қайта 
оралған.
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер,
Жаманның жамандығы сол болар,
Сөйлесе дәйiм бетін қара етер,
Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер [132, 44 б.].
Жаманның жауы – тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында. 
Ерiккеннен  қызыл  тiлiн  тыймайды,  жалғандықты  жамылған  су-
сыма  сөзi  аузына  сыймайды.  Қисынсыз  қылығымен  көрiнгендi 
қинайды.  Iске  ебi  жоқ,  бос  сөзi  көп  есiктен  күле  кiрiп,  күңiрене 
шығады.  Жамандар  қоңқалап,  бiр  жақсыны  көре  алмайды.  Жа-
ман  ұшқан  жапалақтай  аяқ  астынан  табылады,  жағасы  оның 
тайғақ, әркiмге ұрынады. Жақсы мен жаманды адамдық пен күрес 
өлшемiмен  iспеттеген  Шалкиiз  жырау  тағлымы  мол  өсиеттер 
қалдырды: 
Атаның ұлы жақсыға,
Малыңды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі...

 
 
 
                      
                                                  145
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердiң күнi болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа [132, 44 б.].
Ақтамберді  жырау  шығармалары  –  эстетикалық  ойлардың 
қайнар  көзі  деп  айтуға  толық  негіз  бар.  Өйткені,  оның  поэзия-
сы  әсемдікті,  әдемілікті,  трагедиялық  жағдайларды  суреттеу-
ге  арналған.  Өз  шығармалары  арқылы  өзі  өмір  сүріп  отырған 
заманының  эстетикалық  идеалын  көрсетуі  және  оған  ұмтылуы 
Ақтамберді поэзиясының эстетикалық құндылығын толықтырады. 
Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар,
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар [132, 66 б.].
Өзінің толғауларында эстетикалық талғамның жоғары деңгейін 
көрсете отырып, Бұқар жырау эстетикалық тәрбие туралы құнды 
ойлар  айтады.  Бұқар  жыраудың  шығармаларын  талдау  арқылы 
олардағы эстетиканың негізгі өзегі – үйлесімге ұмтылу, жақсылық 
пен жамандықтың арақатынасы, тұрмыс эстетикасы болып табы-
латыны көрінеді. Сонымен қатар жырау толғауларында трагедия-
лық  сарын  басым  жатыр.  Өз  шығармалары  арқылы  жырау  жан 
сұлулығы мен тән сұлулығының гармониясына үндейді, әсемдікке 
ұмтылуға шақырады. Бейнелерді, кейіпкерлерді көркем сипаттау 
арқылы  сөз  өнерінің  жоғары  үлгісін  көрсеткен  Бұқар  жыраудың 
шығармаларының эстетикалық-тәрбиелік маңызы осында.
Бұқар  жыраудың  бас  тақырыбы:  дүние  көркi  –  адам,  адам 
көркi  –  оның  жасар  игiлiгi,  белдi  қасиеттерi;  дүние  –  бай  мен 
жарлы-жақыбайға  ортақ,  алма-кезек,  мұнда  мәңгi  байлық  та, 
жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан 
белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. 
Адамзаттың баласы
Атадан алтау тумас па,
Атадан алтау туғанмен
Оның iшiнде бiреуі арыстан болмас па!
Арыстанның барында
Жорғасы болса мiнiсiп,
Торқасы болса киiсiп,

146 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Толғамалы қамшы алып,
 Толғайда толғай дәурен сүрмес пе [132, 116 б.] – 
деген толғауы осы ойдың айғағындай. 
Сөз  болып  отырған  кезеңдегі  жырдан  дауыл  тудырған 
саңлақ жыраудың тағы бірі – Үмбетей жырау. Үмбетейдің жыр-
толғауларында  эстетикалық  ойлар  өзі  өмір  сүріп  отырған 
заманның  тұрмыстық  келбетінен  туындап,  сол  кездің  құнды-
лықтарын сипаттау арқылы көрінеді. Мәселен, тұрмыс-тіршілігі 
көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болған қазақ 
қоғамында төрт түліктің орны ерекше болғандығы мәлім. Соған 
байланысты  біз  шығармашылығын  талдап  отырған  жыраудың 
толғауларында төрт түлікке, олардың сынына байланысты жолдар 
көптеп кездеседі. Бұл бағыттардың ұрпақ үшін, оның эстетикалық 
тәрбиесі үшін маңызы өлшеусіз.
XVIII  ғасырда  өмір  сүріп,  өзінің  артына  үлкен  поэтикалық 
мұра  қалдырған  ақын  Тәтіқараның  шығармаларының  қазақ 
педагогикалық ойлар тарихындағы алатын орны ерекше. Өзінің 
өлеңдерінде  ақын  салыстырулар  арқылы  түрлі  эстетикалық  ка-
тегорияларды көрсетіп, олардың мәніне үңілген. Жалпы алғанда 
Тәтіқара  ақынның  шығармаларында  тек  қана  эстетикалық 
тәрбиеге  ғана  емес,  сонымен  қатар,  патриоттық-отансүйгіштік, 
адамгершілік тәрбиеге қатысты ойлар бір-бірімен астасып, тұтас 
тәлім-тәрбиелік идеялар жүйесіне айналған.
Ұрпақтың  эстетикалық  тәрбиесі  үшін  маңызы  зор  өлеңдер 
Шал ақында көптеп кездеседі. 
Дос болма майда тілді күлгенменен, 
Бимағна сырты жылтырап жүргенменен,
Әркім де өз дегенін істеп жатыр
Итке айып сала ма үргенменен [132, 141 б.] – 
деп өсиет айтқан Шал ақын сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың 
арақатынасын  ашып  берді.  Өлеңдерінде  Шал  ақынның  ішкі 
дүниесі, оның эстетикалық қабылдау жүйесі анық көрініс береді. 
Ақынның  түсінігінде  өмірдегі  үйлесім  –  артына  ұрпақ  қалдыру 
болып  табылады.  Шал  ақынның  шығармашылығын  талдау  ба-
рысында  ондағы  эстетикалық  ойлардың  қарым-қатынас,  мінез-
құлық,  жақсылық  пен  жамандық,  әсемдік  пен  ұсқынсыздық, 
асқақтық пен төмендік эстетикасына қатысты құрылғанын көре-

 
 
 
                      
                                                  147
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
міз.  Бұл  ақынның  алдындағылардан  ерекшелігі  –  ол  тек  сипат-
тап қана қоймай, сонымен бірге үлгі алуға, жаманнан жиренуге, 
жақсыдан үйренуге шақырады, яғни тікелей эстетикалық тәрбие 
беруге бағытталған. 
Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл,
Құр жасы елулерге келсе-дағы
Білімсіз сондай жанды бала деп біл.
Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса,
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса,
Молла есімін алған жан толып жатыр
Не керек ғылым бойға жұға алмаса [132, 137 б.].
Ақын-жыраулардың пікірінше адамгершілігі өте күшті, жо-
март,  ақкөңіл,  парасатты,  қарапайым,  адал  адам  ғана  бақытты 
бола  алады,  ал  пасық,  өркөкірек,  сараң  адамның  бақытты  бо-
луы  мүмкін  емес.  Ақын-жыраулар  табиғат  пен  қоғамдағы 
жақсы-жаман құбылыстарға тоқталып, терең философиялық ой 
туғызады. Мысалы, Шал ақынның: 
Жамандар өзін-өзі зорға балар,
Бір өзінен басқаны төмен санар
Жақсылар ағын судай, асқар таудай,
Жаймалап қайда жақсы орын алар [132, 12 б.] –
деген  жырында  жақсылықта  мақтап,  дәріптейді,  жамандықты 
сөгіп, елге жиіркенішті етіп көрсетеді. Адамның аласы да, құласы 
да бар, жаманы да, жақсысы да бар, адалы да, арамы да бар. Жақсы 
өзін кең ұстайды. «Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай бо-
лады.  Жақсы  адам  кетсе  дүние  кеміп  қалғандай  болады.  Қандай 
ауыр сөз! Сонымен бірге қандай әділ сөз!» – дейді Т. Рысқалиев [146, 
197 б.]. Бірақ мұндай сөзді айтпау мүмкін емес, халқымыз осындай 
сөзбен  жақсылықты  сезіндіріп,  жамандықтан  безіндіріп  отырған. 
«Жақсылықтың  ешбір  айнымайтын  өлшемі  –  адамдардың  әлем-
мен  қатынасында  да,  өзара  қатынастарында  да,  олардың  ешқа-
шан  өшпес  құндылықтар  екенін  мойындап,  олардың  жалпы 
дүние  болуының  негіздерін  сақтау,  қастерлеу  және  оны  бұзатын, 

148 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
былғайтын,  оны  тәрк  ететіннің  бәрін  де  жамандық  деп  қарау»,  – 
дейді Қ. Әбішев [147, 259 б.]. 
Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік 
жайлы,  тіршілік  жайлы  жыр  шерткен.  Олар  өмір  диалектика-
сына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын, 
үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзи-
ясында  адамгершілік  этика,  мораль  мәселелері  кең  орын  алған. 
Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. 
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен 
ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. 
Қазақ  мемлекетiнiң  негiзi  елдiң  рулық  ара  қатынасынан 
құралса, оның қайнар бұлағы туысқандық, мейiрiмдiлiк сезiмнiң 
артуы арқылы құралатынын жыраулар жақсы түсiндi. Ол кездегi 
алға  қойған  саяси-әлеуметтiк  талап  қазақ  деген  ұлттық  сана-
ны  рулық,  жүздiк  ұғымның  шеңберiнен  асырып,  түбi  бiр  тұтас 
мемлекеттiк  дәрежеге  көтеру  едi.  Жыраулардың  арманы  қазақ 
жұртын  қабырғалы  мемлекет  қатарына  қосу  болды.  Халықтың 
басын  бiрiктiремiз  деп  талай  қиындықты  бастан  кешiрдi,  алдас-
пан жырлары ханды да, қараны да аямады. Олардың әрбiр жы-
рын жеке бiр тарих деуге болады, себебi сол кездегi халықтың әр 
қадамын бейнелеп, құнды мәлiметтер берiп отырады. 
3.3 Қазақ мәдениетінің трансформациясы және Мағжан 
Жұмабаевтың эстетикалық көзқарасы
Қазақтар ежелден мекен еткен Ұлы даланың төскейі Жаңа за-
манда, яғни XIX–XX ғасырларда бірқатар мәдени трансформация-
ны бастан өткізді. Жалпы, мұның алдындағы Қазақ хандығының 
тұсында жыраулар дала еркіндігі мен рулық демократияның туын 
жоғары  ұстаушы  апологеттері  болды.  Бұл  батыр-жыраулардың 
шығармашылығын скандинавиялықтардың скальдтар поэзиясы-
мен салыстыруға болады. XVIII ғасырдан бастап дала поэзиясына 
жаңа элементтер ене бастайды, жігіттің идеалы өзгере бастайды. 
Бұрынғы көзсіз ерлік пен батырлықтың, гедонизмнің (бұл дүниенің 
қызығынан ләззат алу) орнына еңбек, білім, ақыл, қайырымдылық 
насихаттала  бастайды.  Қоғамда  бұрынғы  рудың,  елдің  мерейіне 
негізделген  патриотизмнің  орнына  аполитизм,  индивидуализм 
тенденциялары байқалып, күнделікті күйкі тірлік жырлана баста-

 
 
 
                      
                                                  149
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
ды (Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей). Мысалы, «Жақыннан талқы 
көрдім, жақыннан көрдім қорлықты...» (Ақтамберді). Жыраулар 
поэзиясында  толғау  жанры  үлкен  орын  ала  бастады.  Мысалы, 
«Біріншіден, не жаман», «Бірінші тілек тілеңіз» т. с. с. Бұл жанр 
әсіресе  Бұхар  жырау  Қалқаманұлының  шығармашылығындағы 
моралистика мен дидактикадан байқалады.
Осылайша,  қазақ  мәдениетінің  дәстүрлі  кезеңі  «алтын  за-
маннан»  «қилы  заманды»  бастан  кешірді.  «Ақырзаман»  (қара 
қытайдың қаптауымен сипатталатын) туралы түсінік жер жан-
наты  «Жерұйық»  туралы  утопиялық  арман-аңсарды  туғызды. 
Осы себептерден қазақтың сөздері, өлеңдері мен әндеріне билік, 
ерлік, еркіндікпен қатар арман, зар, шер, қайғы, ойларына уайым 
араласады [148, 201 б.]. Көшпенділік пен отырықшылықтың, қала 
мен дала, Батыс пен Шығыс, еркіндік пен бодандықтың, дәстүр 
мен  метрополиядан  енген  жаңашылдықтардың  шегіне  жете 
шиеленісуі «Зар-заман» ағымы ақындарыны» шығармалары ар-
қылы пайымдалады. Олар XIX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ  өміріне  тән  барлық  құбылыстарды  аяусыз  сынға  алады. 
Әлеуметтік  үйлесімділік  уақыты  ретінде  өткен  дәуірді  идеал-
дандыра отырып, бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, 
түңіледі. 
Зар-заман  ақындарының  уақыт  тығырығын  дұрыс  түсінгені 
және оны әділ бағалағаны өзінің тарихи маңызы мен өзектілігін 
жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғағаны-
мен, тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағыт көрсете 
алған  жоқ.  Бір  айта  кетерлігі,  көшпенділік  өркениетке  тықыр 
таянған осы бір кезенде қазақ даласында «сал-серілік» құбылысы 
гүлденіп, ғажайып онер туындалары дүниеге келді. Бұл ғасырды 
өнер зерттеушілері қазақтың дәстүрлі өнерінің классикалық кезеңі 
деп те атайды. Әсіресе, ән (ғасырдың бұлбұлдары – Үкілі Ыбырай, 
Біржан-сал, Ақан сері, Мұхит, Әсет, Балуан Шолақ, Естай, Жаяу 
Мұса, Майра, Мәди т. б.) және күй (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, 
Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Дина т. б.) ерекше дамыды. 
ХIХ ғасырда «Зар-Заман» ағымына қарсы Шоқан Уәлиханов, 
Абай,  Ыбырай  Алтынсариннің  өмірі  мен  шығармашылық 
қызметімен  байланыстырылатын  «Қазақ  Ағартушылығы»  құбы-
лысы да орын алды. Өз халқының төл мәдениетін заман ағымына 
бейімдеп,  жоғары  көтеріп,  жалпы  адамзаттық  мәдениетке  тең 
етіп қосу уақыттың талабы еді. Жалпы алғанда, ағартушылық XIX 
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет