Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет12/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ген «еділшілдік», «тұраншылдық», «түркішілдік», «оғызшылдық», 
«қыпшақшылдық», «шыңғысшылдық», «едігешілдік», ноғайшыл-
дық» идеологияларынан, «Атамекен» (Жиделі-Байсын, Ергенеқон, 
Өтікен,  Еділ  мен  Жайық),  «Жерұйық»,  «Қазақ»,  «Алты  Алаш», 
«Үш  Жүз»,  «Түркістан»  идеяларынан,  «Алтын  заман  –  қилы  за-
ман – зар заман – жаңа заман» философиясынан, қазақ халқының 
эпостық жырлары мен фольклорынан оңай аңғаруға болады. Бұл 
жер жыртқан егіншілерді көр қазушылармен салыстырып, малы-
нан,  әсіресе  атынан  айрылып,  әлеуметтік  аутсайдерге  айналған 
отырықшыларды  «жатақ»  деп  кемсіткен  көшпенділердің  этно-
центризмінен де байқалады.
Отырықшылықты  жақтаудың  тағы  бір  себебі  еуропаор-
талықтық  әдебиеттердегі  көшпенділерге  деген  жағымсыз  көзқа-
распен байланысты болуы мүмкін. Осы күнге дейін бұл әдебиет-
терде көшпенділер қала мәдениеті мен егіншілікті жалмап жеп 
қоятын шегірткелермен салыстырылып, олар «варварлар», «тағы-
лар», «жабайылар» ретінде қарастырылып келді. Мұның түбірінде 
де сол баяғы әрбір халыққа тән этноцентризм мен эгоцентризм 
жатқаны  түсінікті.  Көптеген  ғылыми  тұжырымдамаларда  мәде-
ниет («маданият» – арабша қалалық, «култура» – латынша жер өң-
деу  сөздерінің  этимологиясынан  шыға  отырып)  табиғатқа,  яғни 
культура  натураға  қарама-қарсы  қойылады,  өркениеттілік  қала 
мемлекеттермен (грекше полис, латынша цивитас) байланысты-
рылады.  Табиғатпен  үндес  өмір  сүретін  көшпенділік  өмірқамы 
мәдениеттен тыс қалған жабайылыққа теңеледі. 
Ал  антропогендік  фактордың  әсерімен  бүкіл  Жербесіктің 
ластануы  қазіргі  кезде  табиғатпен  экологиялық  үйлесімділікті 
алға  тартып  отыр.  Сондай-ақ  бүгінгі  күні  көшпенділік  пен 
отырықшылықтың  екі  тараптарында  әртүрлі,  оның  ішінде  бір 
біріне  тура  қарама-қарсы  құндылықтық  сипаттамалар  беретін 
бинарлық  опппозицияға  негізделген  баламалы  көзқарастардың 
дәурені өтіп барады. Мәдениеттің қазіргі заманғы теорияларын-
да  адамзат  мәдениеті  «үлкен»,  «кіші»  деп  бөлінбейді,  олардың 
әрқайсысы өзінше маңызды. Қазіргі кезде еуроорталықтық типтегі 
дүниетанымдық теориялар жалпы әлемдік әмбебаптық болудан 
қалды, тығырық пайда болды. Батыста да, Шығыста да өркениеттер 
әрқилы жолдармен жүретін эволюцияның плюрализмі туралы, 
даму типтерінің көпнұсқалылығы, көпөрістілігі туралы идеялар 
пайда болды. Өркениеттік парадигма бірнеше мың жылдық та-

 
 
 
                      
                                                  103
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
рихы  бар  көшпенділік  құбылысын  еуроорталықтық  көзқарасқа 
тән нәсілдік әдіснамадан ада күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. 
Еуроорталықтық  бұрыңғы  әдебиетте  көшпенділерді  мәдениет-
тен  жұрдай  варварларға  теңесе,  ал  кейінгі  авторлар  олардың 
адамзаттық  тарихтағы  алатын  орнын  ерекше  бағалайды.  Мыса-
лы, көшпенділер – кеңістіктегі «мәдени катализаторлар» (А. Ве-
бер),  «тарихтың  дырау  қамшысы»  (В.О.  Ключевский),  «Тарихи 
қажеттіліктің арбакештері» (А. Сейдімбек), тарихтың өн бойында 
қозғалатын ферменттер, тарихи қозғалыс пен дамудың органда-
ры және құралдары» (Г.Д. Гачев). Мобильді өмір сүру тәртібінің 
нәтижесінде көшпенділер кұрлықтың алып кеңістіктерін – Еура-
зияның  далалы  аймақтары  мен  Орта  Азияның,  Арабияның, 
Солтүстік  Африканың  шөлді  аймақтарынан  бастап,  азиялық 
және  америкалық  тундраның  қиыр  солтүстіктеріне  дейінгі 
жерлерді игерді. Көшпелі тайпалардың өте кең амплитудасымен, 
соған сәйкес, олардың мәдениетінің таралуы Еуропа, Азия, Афи-
ка және Америка халықтарының қалыптасуына ықпалын тигізді. 
Үндіеуропалық,  алтайлық,  афроазиялық  тіл  семьяларының 
қалыптасуы көшпенділердің құрғақ (аридтік) зоналар кеңістігін-
де қоныс аударуларымен тікелей байланысты.
Осы уақытқа дейін еуразиялық көшпелі өмір салттың пайда 
болған Отаны туралы ғылымда бір пәтуаға келген тұжырым жоқ. 
Бұл ретте ғалымдардың бір тобы көшпенділердің отанын Алтай 
маңы деп есептеп, мұндай өмір-салт негізінен батысқа қарай жа-
йылды, шығысында іргелес жатқан монғолдар мен шүршіттерді 
(Маньчжурия)  ғана  шарпыды  дейді.  Тарихшы  ғалымдардың 
келесі  бір  тобы  көшпелі  өмір  салтты  батыстан  шығысқа  қарай 
жайылды  деген  пікірді  орнықтырғысы  келеді.  Бұлардың  ойын-
ша, дамудың бір саты жоғары үлгісі (терімшілікпен, аңшылықпен 
және  егіншілікпен  салыстырғанда)  болып  табылатын  көшпенді-
лік  байырғы  үнді-еуропалықтардың  «мәдени  тегеурінінің» 
(культургрегерлік көзқарас) нәтижесі көрінеді, оған дәлел ретінде 
«түрік»  этнонимінің  шығу  төркіні  иран  тілінен  («тур»)  ауысқан 
деген болжамды ұсынады. Әлемдегі ең ірі Еуразия құрлығындағы 
Хинган мен Карпат тауларының аралығын алып жатқан Ұлы дала 
кеңістігі (ұзындығы жеті мың бес жүз шақырым, ені бір жүз елу-
алты жүз шақырым) табиғи географиялық бітім қасиеті жағынан аз 
күш жұмсап, мол өнім алуға қол жеткізетін көшпелі өмір салттың 
кіндік мекені даусыз. Мұны сонымен қатар, табиғатпен тіл табы-

104 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
са орныққан тамаша салт-дәстүрлерімен де дәлелдейді. Мысалы, 
қазіргі  қазақтардың  отырықшылдыққа  өтуімен  экономикалық 
өмірі  өзгергенімен,  А.Қасабектің  айтуынша,  «халықтың  психо-
логиясы  бұрынғы  әдетінше  байтақ  кең  далаға  өз  меншігіндей 
қарайды  және  бұл  түсінік  қазақ  рухының  мәні  мен  өзегі  бо-
лып табылады» [118, 24 б.]. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұрпақтар 
арасындағы  сақталып  келген  эстетикалық  тарихи-мирастық 
сабақтастық  (диахронды  вертикалды)  осы  өмір  сүру  үрдісінің 
(көшпенділіктің) автохондығы мен гомогендігін растайды.
Әрине, бұл жерде біз бүгінгі заманның талабына жауап бере 
алмай, тарих сахнасынан тыс қалған көшпенділік мәдениетті бүкіл 
адамзат  үшін  ең  жоғарғы  үлгі  деп  көтермелеуден,  дәріптеуден 
аулақпыз.  Сонымен  бірге,  өмірде  томаға-тұйық,  оқшау,  «таза» 
көшпенділіктің кездеспейтіні де белгілі. Көшпелі шаруашылық-
мәдени тип қазақтарда XX ғасырға дейін жетекші шаруашылық 
тәсілі  болып  келгенімен,  белгілі  мәдениеттанушы  ғалым 
Т.Х.  Ғабитовтың  пікірінше,  «дәстүрлі  мәдениеттің  архетипінде 
келесі – оазистік-дихандылық тип көшпелілікпен қатар синхрон-
ды  түрде  дамыды»  [110,  146  б.].  Дәстүрлі  мәдениеттегі  мұндай 
синкретизм тарихшы ғалым К. Ақышевтің мақаласында қазақтар-
дың  орналасу  территориясының  контактілігімен  де  байланыс-
тырылады  [117,  146  б.].  Белгілі  көшпелітанушы  Н.  Масановтың 
типологиясы  бойынша  номадтық  шаруашылық-мәдени  типтің 
екі бітімі – бірінші, сумен қамтамасыз етудің жасанды емес типі 
(табиғаттан  дайын  су  коздерін  пайдалану);  екінші,  жасанды  су 
көздерін пайдалану (құдықтар, бөгеттер, су қоймалары және т. б.) 
болса  [119,  80  б.],  ал  Ө.  Жәнібеков  «қазақтарда  көшіп-қонудың 
тарихта  белгілі  «көлденең»,  «тіке»,  «тұрақты»  бағыттарының 
барлығының  болғанын  дәлелдеп  жазады.  Еуразиялық  дала-
лы  аймақ  құрылықтың  түкпірінде  орналасқан  құрғақ  климат-
ты  болғандықтан  табиғи  тұрғыда  мал  асырауға  бейімделген 
алқап  болып  табылады.  Ұшы-қиыры  жоқ  дала  көшпенділердің 
эстетикалық  санасы  мен  танымына  өзінше  әсер  етті.  Ол 
көшпенділердің  өмірі  мен  рухына,  шексіздіктің  алдында  өз 
өзімен ойға шомуына тамаша мүмкіндік беріп, шабыт қосатын. 
Ал  құрғақшылық  пен  жұт  жылдары  табиғат  көшпенділерден 
физикалық  және  моральдық  төзімділікті,  рухтың  беріктігін  та-
лап етті. Бұл туралы А. Тойнбидің ескертпесі де бар: «Скифтердің 
мінезі мен психикасына еуразиялық дала тиімді ықпал етті» [120, 

 
 
 
                      
                                                  105
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
252 б.]. Бұл сайын даланың иесі – көшпенді аспан мен жердің ор-
тасында, яғни ат үстінде өмір сүрді. Мәскеулік ғалым Г.Д. Гачев 
пікіріне  сәйкес,  «егер  егіншілерде  қозғалыс  күнкөріс  пен  тамақ 
асырау  үшін  қажет  болса,  ал  көшпенділерде  керісінше,  тамақ 
–  қозғалыс  үшін  қажет».  Сондықтан  да  отырықшы  өз  еңбегінің 
бар жақсысын базарға шығарып, өзі қалғанын жесе, ал көшпенді 
артық бас малымен ғана айырбас жасайды. 
Көшпелі үшін мал шаруашылығы белгілі бір деңгейде тиімді 
әрі игілікті іс болатын. Мал құнарлы тағам мен нәрлі сусын берді, 
киіммен  қамтамасыз  етті,  құрастырылмалы  киіз  үйдің  астын 
паналауға мүмкіндік берді. Мал асырау табиғатты мейлінше терең 
тәжірибелі  білуді  талап  етті.  Қоршаған  ортаны,  миграцияның 
өрісін және әрине, жануарлардың биологиясын жан-жақты білуді 
қажет  етті.  Мал  ұстау  үдерісінің  әртүрлі  қырлары  туралы  көш-
пенділік  білімнің  теңдессіз  талдауын  қазақтардың  тәжірибесін 
қорыту негізінде Ә. Бөкейханов көрсетіп беріп еді [121]. Ол малдың 
сұрыпталуы  мен  іріктелуіне,  физиологиясы  мен  патологиясына 
қатысты  олардың  білімдерінің,  ет-сүт  өнімдерін  дайындау  мен 
сақтау,  жүн  мен  теріні  өңдеу  тәсілдерінің  негізділігін  дәлелдеп 
береді. Номадизмнің пайда болуындағы экологиялық тәжірибенің 
рөлін Н. Масанов дұрыс жазып береді. Ол бұл тәжірибенің көлемі 
жағынан  да,  сапасы  жағынан  да  белгілі  бір  деңгейге  жетті  деп 
есептейді.  «Жаңа  экологиялық  аймақты  –  Еуразияның  қыратты 
аудандары  мен  өзен  аңғарларынан  тыс  жатқан  далалық  және 
шөлейтті  кеңістіктерін  игеру  табиғат  ырғақтарының  барлық 
кілтипандары  мен  ерекшеліктері,  маусымдық  жайылымдардың 
орналасу  географиясы,  көштің  төте  және  әр  алуан  жолдары, 
суаттардың  орналасқан  жерлері,  су  көздерінің  гидрохимиялық 
құрамы,  жайылымдық  қабаттың  өнімділік  ырғақтары,  онымен 
малдың  қоректенуі  мен  қорытуы  деңгейі,  малдың  физикалық 
жағдайының  сапасы  мен  оны  семірту  үдерісі,  атмосфералық 
жауын-шашынның  түсуі  мен  өзендердің  тасу  кезеңдері,  қардың 
түсу  уақыты  мен  қалыңдығы  және  еруі...  тағы  көптеген  басқа 
нәрселер туралы білімді талап етті» [119, 33–34 бб.].
Мұндай көшпенділік өмірқамы, сөз жоқ, жергілікті тұрғын-
дардың  дүниетанымына,  менталитетіне,  ұлттық  мінез-құлқына, 
эстетикалық  санасы  мен  эстетикалық  әрекетіне  үлкен  ықпалын 
тигізді. «Мал-жан аман ба?» деген хал-жағдай сұрасудан бастала-
тын көшпенді халықтың құндылықтық бағдарында утилитарлық 

106 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
(тұтынушылық)  түсінік  пен  «эстетикалық»  түсініктер  өзінің 
синкретті  бірлігімен  көрінеді.  Айнала  қоршаған  орта  мен 
құбылыстарды түсіндіруде метафора мен теңеу, эпитет және ги-
пербола  сияқты  көркемдік  мәнердің  барлық  құралдары  «негіз 
және арсенал» ретінде қолданылады» [122, 140 б.]. Қазақ фолькло-
рында төрт түлік малдың барлығының қасиеттеріне байланысты 
теңеулер  беріледі,  ал  сиырға  байланысты  эпитеттер  жоғарыда 
айтылғандай, жоқтың қасы, өйткені ол көшпелі өмірге бейімделе 
алмайтын түліктің түрі. Ал «жылқы – бұл қозғалыс, көшпендінің 
космосы...  мақал  мәтелдер  ішінен  ат  туралы  айтылғандары 
негізгі  орынды  алған  болар  еді»  [123,  67  б.].  Қазақ  тіліндегі  бір 
жылқы  түрлерінің  атауының  өзі  50-ге  жуық.  Жылқы  мініс  пен 
жүк  тасымалы  үшін  қолданылатын  көлік  қана  емес.  Қазақтың 
кемеңгер  философтарының  бірі  Ағын  Қасымжановтың  айту-
ынша,  «ат  –  сол  заманның  «танкі»  және  ердің  серігі.  Көшпелі 
өркениеттің  қалыптасуына  ықпал  еткенімен,  оның  күйреуінен 
кейін бір жарым ғасыр бойы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейін 
кавалерияның маңызды орын алғаны тегін емес. Жылқы даланың 
теңдессіз  сусыны  –  қымызды  берді,  көшпендіні  қысқы  азықпен 
– соғыммен қамтамасыз етті» [124, 125 б.]. Алыс қашықтықтарға 
көшу  жылқысыз  мүмкін  емес  және  бұл  мал  санының  сапалы 
құрылымын өзгертуді, онда жылқының өзіндік үлесі болуын та-
лап етті. Оның үстіне жылқылар өзіне азықты мұздың астынан да 
ойып  ала  алатын,  тұяғымен  теуіп,  шөп  пен  тамыр  жей  алатын, 
мұны «тебіндеу» деп атайды. 
Шетелдік зерттеушілер жылқыны қолға үйретудің бастапқы 
ошағы  Түркістан  деп  есептейді.  Қазақ  халқы  да  өздерін  жылқы 
мінездіміз деп санайды және бұл түлікті қаншалықты қадірлеге-
нін  мақал-мәтелдерден  де,  ән-күйлерден  де,  эпостық  жыр-
лардан  да  аңғаруға  болады.  «Тайбурылдың»,  «Байшұбардың», 
«Теңбілкөктің» және т. б. эстетикалық образдары халықтың жаны-
на қашанда жақын болды. Тіршіліктің, күнкөрістің жалғыз көзі мал 
болғандықтан оны өсіруге үлкен көңіл бөлінген, көшпенділіктің 
күні  өте  бастаған  тұстағы  қазақтардың  көңіл-күйін  Абай  былай 
сипаттайды:  «Қазақтар:  Е,  құдай  жас  баладай  қайғысыз  қыла 
көр»  деп  тілек  тілегенін  өзім  көрдім,  ондағы  қайғысы  не  десең 
мақалдарынан танырсың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», 
«Өзінде жоқ болса әкең де жат», «Ер азығы мен бөрі азығы жол-
да»,  «Мал  тапқан  ердің  жазығы  жоқ»  және  т.  б.  (5-сөз:  44-сөз). 

 
 
 
                      
                                                  107
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
[125, 17 б.]. Осы орайда «жас баладай қайғысыз қыла көр» немесе 
Шоқан айтқандай, қазақтарға тән «мұңсыз-қамсыз қоғам» туралы 
сөз қозғаудың реті келіп тұр. Қазақтардың жалпы еңбекке қатысы 
немесе  олардың«еріншектігі»  туралы  он  тоғызыншы  ғасырдың 
екінші  жартысында  шығып  тұрған  мерзімдік  басылымның  бірі 
– «Дала уәлаятының газетінде» айтылады. «Қазақтардың қамсыз 
еріншектігі  турасынан  айтылған  бірнеше  сөз»  деген  мақалада 
былай  деп  жазылған:  «Күдігі  жоқ  екен,  қазақ  халқының  ақылы 
бұзылмаған  тең  халық  екендігі.  Бұлардың  көңіліне  Орта  Азия 
халқының ақылсыз шатақ әдеттері кіріп сіңбегені себепті. Бұл се-
бептен бұлар ақылдың һәм шаруаның жөнін тоқып алып, ілгері 
бастырып,  ұлғайтуға  олардың  зеректік  шаһуты  бар.  Бұлардың 
әрбір мінездері жақтаулы болса да, тағы да бұл халықтың бағзы 
бір  нашарлығы  бар.  Бұл  нашарлығының  ең  белгілісі  қазақтың 
шаруасын ілгері бастырмайтұғын қамсыз еріншектігі. Жаз шық-
қанда  дүниедегі  мақұлықпен  бірге  қазақтар  да  тіріліп,  көзін 
ашады һәм бұлардың өздері де айтады, көңілін ойлауға жіберіп 
тиғандайын деп... Қарнын кымызға һәм қойдың етіне тойғызып 
алып, тағы да жұмыс қылғанның орнына ауылдан-ауылға жүріп, 
қыр арасындағы хабарларды бір-біріне тасып, жеткізіп жүреді... 
Дала  уәлаятында  бекітілген  рет  бойынша  қазақтар  патшалық 
рамат  алым  шығына  октябь  һәм  ноябрь  айларында  жинап  са-
лады...  Біздің  қазақтар  тықыл-таяң  кесікті  уақытқа  шейін  ой-
ламайды  да,  қашан  уақыты  тықыл-таяң  болған  соң  бәрілері 
шаһарларға  һәм  қалаларға  малдарын  асығыс  айдап  барып  ба-
зарларды көріндірмей толтырып жібереді... Бұл малды алатұғын 
кісі таппаған соң бек арзанға сатып жібереді. Бұл арада не қайла 
қылсын. Лажы құрығаннан құтылмақ үшін ақшаны қарызға өсім 
алады» [126, 215 б.].
Кейбір  танымал  философ-ойшылдар  (мысалы,  Ф.  Ницше) 
«ежелгі  гректердің  өмірге  ризашылығын»,  «гректердің  жұмбақ 
жанын»  сипаттағанда  олардың  осыған  ұқсас  қасиеттерін  бөліп 
көрсетеді. Сондай-ақ марксизмнің аталары да «Ежелгі Грекияның 
сұлулық  идеалына  тұғыр  болған  себеп  –  жалпы  мен  жалқы 
мақсаттардың бір-бірімен біте қайнасып жатқандығы, жеке тұлға 
мен қоғам өмірінің қойындасқан үйлесімділігі» [127, 265 б.] десе, 
Шиллер  тәрізді  немістің  эстет-ақын  ойшылы  «өмірдің  рахаты 
еңбектен ажыраған, күн-көріс әрекеті мақсаттан бөлінгенділіктен» 
[128, 448 б.] деп түсіндіреді. Полистік мемлекет бітімі мен көшпелі 

108 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
өмір  болмысы  арасындағы  осындай  сәйкестікті  А.  Сейдімбек 
өзінің  еңбегінде  салыстыра  отырып  жазады  [115].  Белгілі  неміс 
философы  Ф.  Ницше  еңбексүйгіштікті  адамның  бойындағы 
сапалық  инстинкттерді  өлтіріп,  бейшара  күйге  түсіретін  қадір-
қасиеттің  бірі  ретінде  айыптайды.  Ол  өзінің  «Трагедияның  му-
зыка  рухынан  пайда  болуы»  атты  еңбегінде  гректердің  санасын, 
христиан  дінімен,  мораль  және  дидактикамен  уланбаған  жас 
балаға  тән  мінезін  сипаттайды.  Енді  мұны  «бір  күнім  өтті»  деп 
жылайтын қазақтардың «жас баладай қайғысыздығымен» (Абай) 
салыстырыңыз.  Ежелгі  грек  және  рим  құл  иеленушілері  (қара 
жұмысты  құлдар  атқарды)  мен  көшпенділердің  құндылықтар 
жүйесі  аралығында  кейбір  ұқсастықтарды  аңғаруға  болады. 
Полистік  патриотизм  мен  рулық  патриотизм,  тіпті  гректің 
«дионисшілдігі»  мен  қазақтың  сал  серілік  дәстүрлері  арасында 
параллель жүргізуге болады. Жалпы көшпенді қазақтарға еңбекті 
насихаттау  мен  мораль  отырықшы  өркениеттердің  ықпалымен 
кейінірек енгенін аңғару қиын емес. Тіпті отырықшы өркениетке 
тән  қатаң  жазбаша  шығармашылықтың  да  педантизм  мен  дог-
маттыққа  әкелетіні  белгілі.  Бекерден-бекер  Сократ  ауызша  диа-
логты  насихаттамаған  болар.  Қазақтың  дәстүрлі  мәдениетіндегі 
негізгі архетип – көшпенді шаруашылық мәдени типі бүгінгі күні 
Тарихтың Архивінен орын алғанымен, оның мәдени жетістіктері 
әлемдік өркениеттегі өзінің маңызын жоғалтпайды.
3.2  Дәстүрлі  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  эстетикалық 
және экзистенциалдық қырлары
Қазақ  халқының  қалыптасуы  барысындағы  эстетикалық 
ой-пікірлердің  дамуы  бірнеше  кезеңдерден  өткен.  Халықтың 
эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-салт 
жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық 
эпоста  көркем  түрде  баяндалған.  Халықтың  дәстүрлі  тұрмысы 
мен  бүкіл  тыныс-тіршілігіне  ежелден  бастап-ақ  сұлулық,  эсте-
тикалық  көркемдік  тән  болды.  Эстетикалық  бастама  дәстүрлі 
тұрмыста,  күнделікті  іс-әрекетте  көрініс  тауып,  ондағы  сұлулық 
пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды. Даланың әсем көркі 
аңызды, жырды, тарихты өзі туғызды, әр өзен, таудың аталу тари-
хы аңызға айналып, жырға қосылды. Көшпелі қазақтың сан қилы 

 
 
 
                      
                                                  109
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
құбылыстарын көзімен көріп, көңілімен түсінуі ән мен жырдың 
тууына  түрткі  болды.  Көш  бойы  жол  қысқарту  мақсатымен 
әңгімеші,  жыршылар  түрлі  әңгіме,  жырлар  айтып,  ол  ауыздан 
ауызға тарады. Бұл халықтың әдет-ғұрпына сіңісіп, дәстүрге ай-
налып кетті. 
Қазақ  халқы  өзінің  сан  ғасырлық  тіршілігінде  балалар  мен 
жастарға эстетикалық тәрбие беру арқылы эстетикалық мәдение-
тін  қалыптастырудың  өзіндік  тәжірибесін,  салт-дәстүрлері  мен 
әдет-ғұрыптарын жинақтады. Оларда халықтың озық тәжірибесі, 
орнықты қағидалары мен принциптері, мінез-құлық нормалары 
көрініс  алған,  әлеуметтік-экономикалық,  тарихи-географиялық 
жағдайларының,  тұрмыс-салтының  өзіндік  ерекшелігіне  сәйкес 
балалар мен жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға 
деген талаптары қалыптасты. 
Қазақтар балалар мен жастардың рухани-адамгершілік тәрбие-
сіне, моральдық-этикалық, мінез-құлық әдебіне, жүріс-тұрыс, киім
кию мәдениетіне, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетіне, эстетикалық 
талғам,  көзқарасына,  түр-келбеті  мен  ішкі  жан  дүниесінің  үйле-
сімділігіне аса назар аударған, осындай адами қасиеттерді бала жас-
тан бойына сіңісті ете білген деп қорытынды жасауымызға болады.
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, 
би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді 
тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей затта-
рын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін білуге болады. Осы-
лайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының 
бұрыннан  пайда  болған  салт-дәстүрлері басқа  көршілес  жатқан 
ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз, қазақ 
бір  туған»  деген  мақал  қазақ  халқы  мен  қырғыз  халықтарының 
бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар, түркі тілдес 
халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді. 
Қай  халықтың  болмасын  салт-дәстүрлері  сол  халықтың 
мінез-құлқын,  қасиеттерін  таныта  алады.  Мысалы:  қазақтарға 
тән  бауырмалдық,  ақжарқындық,  қонақжайлық.  Әрине,  бұл 
қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр 
халықта  әр  қырынан  көрініс  береді.  Сонымен  ұлттардың  салт-
дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі 
толықтырады.  Кейбір  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары  сол 
халықтың  тұрмысына,  тәрбиесі  мен  мінезіне,  сеніміне,  ырымы-
на қарай қалыптасып келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, 

110 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жи-
ындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-
дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.
Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  тіршілік  кәсібіне,  наным-
сеніміне,  өмірге  деген  көзқарастарына  байланысты  ұрпақтан-
ұрпаққа  берілгенде  ауысып,  өзгеріп,  жаңарып  отырады.  Қазіргі 
уақыттың  өмір  ағымына  байланысты  кейбіреулері  түрленіп 
қана  қоймай,  жаңадан  еніп  те  жатыр.  Салт-дәстүрлердің  ұрпақ 
тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-
салт  және  әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлер  болып  үш  түрге 
бөлінеді.
Эстетикалық  мәдениетті  қалыптастыруда  қазақ  халқының 
салт-дәстүрлерінің  (бала  тәрбиелеу,  үйлену  тойы,  отбасылық 
той-жиыңдар,  маусымдық  мерекелер,  діни  мерекелер,  ырым-
жоралғылар)  рөлі  ерекше  болды.  Қазақ  халқында  ертеден  келе 
жатқан  «Ата  көрген  оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пiшер»  немесе 
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген өсиет-нақыл сөздерi ел 
арасына кең тараған. Бұдан баланың өскен ортасының тәрбиелiк 
мәніне ерекше назар аударылғанын байқаймыз. Осыған орай, ер 
баланы  тәрбиелеуде  әкенiң,  қыз  баланы  тәрбиелеуде  шешенiң 
рөлi жоғары болған. Әрбір ата-ана балаларына үлгi-өнеге ретiнде 
өздерiнiң бар бiлгендерiн үйретiп отырған. Олардың нендей iске 
қабiлеттiлiгiн, қандай өнерге бейiмдiлiгiн аңғарып, мүмкіндігінше 
олардың  бойындағы  табиғи  дарындылығын  ашуға  талпынған. 
Мұндай өміршең дәстүр бүгінде өз жалғасын табуда.
Бала тәрбиесiне бүкiл ауылдың үлкен-жасы бiрдей араласқан. 
Олар  жастардың  мiнез-құлықтарында  кездесетін  кемшiлiктерге 
байланысты  ақыл-кеңес  беруден  жолықпаған.  Үлкендi  сыйлау  – 
қазақ халқының жазылмаған заңына айналған. Бұл дәстүр бойын-
ша  жастар  рухани-эстетикалық,  моральдық-этикалық  мәдениет 
элементтерін: үлкеннiң алдын кесiп өтпеу, сыпайы болу, үлкен-
мен сөз жарыстырмау, үлкендерге бiрiншi болып орын беру, олар-
дың отырған бөлмесiне рұқсатсыз кiрмеу, сөздерiн жөн-жосықсыз 
бөлмеу,  сөз  қайтармау,  дөрекi  сөйлемеу,  тiптi  үлкендердiң  ал-
дында  қатты  күлмеу  және  т.  б.  меңгерген.  Үлкендерге  деген 
мұндай  мәдени  көзқарасты  адамгершiлiк-эстетикалық  тұрғыда 
жалпыадамзаттық өлшем деп қабылдаса да болады. 
Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрінен де эстетикалық 
мәдениеттің көптеген көріністерін байқауға болады. Атап айтсақ, 

 
 
 
                      
                                                  111

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал