Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет10/23
Дата09.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Осы тұста, қазақ дүниетанымындағы «тәтті-ащы» позициясының 
батыстық  ойтолғамдағы  диалектикалық-полярлы  контрарлы 
жақтардан  гөрі,  эмоционалды-этикалық  парадигмада  болып 
табылатындығын  жоғарыдағы  мысалдардан-ақ  анығырақ  көруге 
болады.
– «Көнелік» концептісі де ұлттық эстетикалық дүниетанымның 
маңызды бір буыны деп айта аламыз және оның қастерлілікпен 
келіп  түйсетін  экзистенциалды,  діни,  тұрмыстық  т.  б.  үлгідегі 
көріністерін  былайша  бағамдай  аламыз.  Ұрпақтарына  ата-баба-
сынан мұраға қалған тұрмыс бұйымдары, қару жарақ т. б. құр-
меттелуі  мен  сакральдануы  –  экзистенциалды  арнада  анығырақ 
байқалады. Немесе қураған теректі қастерлеудің – діни сенімдік 
кыры  сайып  келгенде,  эстетикалық  мазмұнмен  өлшемденеді. 
Егер ол жайқалған жас терек болса, белгілі бір призмада, мұндай 
қастерлілікті  атқара  да  алмауы  ықтимал.  Ендеше,  ол  терек 
қуарып-қурағандығымен  құнды,  сонысымен  мәнді  болып  табы-
лады.  Көнеліктің  тұрмыстық-антропологиялық  саладағы  эсте-
тикасы  –  қазақ  дәстүріндегі  қарияны,  ақсақалды  құрметтеумен 
келіп  жалғасын  табады.  «Көпті  көрген  көненің  көзі»  қарияның, 
шындығында,  эстетикалық қыры этикалықтан еш кем түспейді. 
Себебі,  ол  өмірлік  тәжірибені  бойына  жинақтаған,  тарихи  бол-
мысты  бойына  сіңірген  нақты  әлеуметтік  шындық.  Көнеліктің 
диалектикалық жағы – жаңа. Бұл: «Елу жылда ел жаңа», «Сақалын 
сатқан қариядан, еңбегін сатқан бала артық», «Ақыл жастан» деген 
сияқты бастапқыға қайтарымды мәтелдер арқылы шешімін таба-
ды. Бірақ осы «қария – жас» субпозицияларын «тезис-антитезис» 
мағынасында қарастыруға келмейді. Осы алгоритмге салсақ, қария 
да,  жас  та  «синтезис»  ретінде  оңай  түйінделе  алады.  Себебі,  екі 
парадигма да өздігінен аяқталған және көнелік пен жаңалықтың 
жеке дара, өзді-өзі құндылық екендігін паш етіп тұрғандай бола-
ды. Мысалы, ойымызды нақтылау үшін, тағы бір мысал, жоғарыда 
айтқандай, қураған терек пен жас терек формальды қайшылықты 
түр көрсетеді, шындығында, өз алдына салыстыруға келмейтін екі 
түрлі деңгейлі құбылыстар болып шығады.
Осы орайда, Қ. Әбішев айтқандай: «Өткен еш уақытта қайта 
оралмайды  деу  өткен  нәрсе  ешқашан  болмаған,  жалпы  өткен 
нәрсенің өзі жоқ дегенмен бірдей. Өйткені, онда бүгінгіміз қайдан 
шықты?»[100,  248  бб.].  Өткенге  құрметтің  осындай  архетиптік 
дәстүрінің  эстетикаланған  қыры,  оны  бүгінге  тасымалдаудың, 

 
 
 
                      
                                                  85
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
жоғалтпаудың, сақтаудың идеялық құралы, өткенмен байланыс-
ты үзбеудің кепілі, осы көнелік концептісімен көмкеріледі.
– «Тұрақтылық» концептісі осы көнелікпен келіп сабақтасатын 
ұлттық  эстетикалық  философем.  Ол  тұрмыс-тіршілікте:  әдет-
ғұрып  пен  салт-дәстүрдің  канондалуынан,  бір  сөзділіктен,  ант 
беруден, махаббатқа адалдықтан т. б. анық байқалады. Мәселен, 
«ата-салтын  бұзды»  деп  айдар  таға  баса  көрсетілетін,  нәтижесі 
ауыр жазалаумен келіп шешімін табатын салттың өзі осы тұрақ-
тылықтың  құндылығын  паш  етеді.  Тұрақтылық  кейіннен,  әлем 
халықтарында құқық, кейіннен саяси конституция т. б. әлеуметтік 
институттар  түрінде  жалғасын  тапты.  Сәйкесінше,  «Қасым 
ханың қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты жарғылар 
да  осы  тұрақтылық  арқылы  аскақтыққа  өтіп,  көнелігін  арттыра 
түседі. Тұрақтылық концептісінің құрылымындағы маңызды бір 
модус  –  «сақтау»  құбылысы.  Себебі,  «тұрақтылық»  –  «сақтау» 
арқылы  өзін-өзі  қайтадан  таниды,  өзін-өзі  толықтыра  түседі, 
айшықтай алады. Мұны халқымыз «сары майдай сақтау», «көздің 
қарашығындай сақтау» деген сияқты фразалармен орнықтырып 
кояды. Егер, тұрақтылықтың ауытқуы мен сақталмауы «төмендік» 
(низменное)  пен  антипатияға,  сұрықсыздық  (безобразное)  пен 
үйлесімділіктің бұзылуына алып келетін болса, онда, тұрақтылық 
– үйлесімділік, эмпатия, сәйкестік арқылы өзінің эстетикалық ны-
шанын айғақтайды. Мысалы, «Зар заман» ақындары деп аталған 
Шортанбай, Дулат, Әубәкір сияқты жыраулардың толғауларының 
түп мәні де, эстетикалық сезімділігі де – осы тұрақтылықты сақтау 
мен тұрақтылықтың бұзылуы арасындағы экзистенциалды сауал-
дар, яғни, көшпелі өмір мен ұлттық болмыс тұрақтылығы туралы 
толғаныс. Тұрақтылықтың қарама-қарсы жағы өзгергіштік. Бұл да 
өзінің жағымды мағынасында жоққа шығарылмайтын құндылық 
болып табылады. Мысалы, «елу жылда ел жаңа», «ескі айды есірке, 
жаңа  айды  жарылқа»  деген  сияқты  мәтелдер  өзгергіштіктің  де 
мағыналы  қырларын  ашып  беретін  канондар  болып  формасы 
жөнінен қайта «тұрақталады».
–  «Тылсымдық»  концептісі  де  категория  деңгейінде  көріне 
алатын  эстетикалық  толғаныстың  нәтижесінен  туған  шексіздік 
бағдары деп ұсына аламыз. Ол да космологиялық-онтологиялық 
деңгейден  бастап,  тұрмыстық  дәрежеде  жиі  көрініс  беретін 
құбылыс. Мысалы, «Тылсым дүние» ғарыштың баламасы болса, 
жаңа түскен келіннің бетінің жабық болып келу салты жұмбақтық 

86 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
арқылы  тылсымдығын  арттыратын  градациялық  құрал  іспетті. 
Демек, тылсымдық концепт ретінде – жұмбақтық, құпиялылық, 
асқақтық,  танылмайтындық  сияқты  ұғымдарды  бойына  жинақ-
тайды.  Мысалы,  «түн  тылсымы»  таусылмайтындықты,  шек-
сіздікті,  жасырынғандықты,  үрей  мен  үмітті,  тыныштықты  т.  б. 
қоса қамтығандығы арқылы эстетикалық сана-сезімді баурайды. 
Құпиялықты діни сана мен жалпы таным аясында зерделеушілер: 
«Бұл құпиялық мән ертедегі адам санасы үшін ғана емес, қазіргі 
білімді адамның да санасының негізінде жатқан ділдік негіздердің 
сақталуын,  жалғасын,  жаңа  жағдайларға  бейімделуін  туындата-
ды», – деп оған арнайы маңыз бере көрсетуі де [102, 170 б.] біздің 
пікірлерімізді айғақтай түседі.
Жалпы алғанда, «тылсым дүние» түсінігі әлем мен табиғаттың 
танылған  қырынан  гөрі  танылмаған  қырының  көбірек  екендігін 
түйсінген сананың нәтижесі іспетті. Осы «тылсым» деп белгіленген 
дүниенің  импликациясы  оны  танумен  келіп  сабақтасады,  олай 
болса,  адамзат  тіршілігі  мен  бүгінгі  өркениеттің  түп  себебі 
осы  тылсымдықтың  өзгені  өзіне  тартуынан  туындаған  неме-
се  тылсымның  қозғаушы  ықпалы  арқылы  өрбіген  дей  аламыз. 
Тылсымның  өзіне  тарту  мен  ынтықтыруы  оның  асқақтығы  мен 
ішіне бүккен әсемдігін арттыра түседі. Тылсымдық кең ауқымды 
категория  болғандықтан,  қоғамдық  өмірдің  сан-салалы  аясына 
еркін  орныққан.  Мәселен,  діни  сенім  арнасында:  өлім,  о  дүние, 
рухтар әлемі т. б. бәрі де тылсым.
Осындай ұлттық эстетикалық категорияларды тұтастандыра-
тын  және  жинақтайтын  негізгі  концепт  қазақ  дүниетанымы  бой-
ынша  –  қастерлілік  деп  топшылай  аламыз.  Қастерлілік  –  ішкі 
сезімдік түйсіну бойынша: үрей мен құрмет тұту, қасиеттілік пен 
бағалаушылық, қалыптасып қалған құндылық т. б. арқылы айшық-
талатын үстем сипаттама. Жоғарыда атап өткен, эстетикалық кон-
цептер  де  осы  қастерлілік  аясында  толыға  түседі.  Сондықтан  ол 
кей жағдайда, діни сенім бойынша да өзінің деңгейін көтермелей 
түседі.  Бұл  концепті  жалпы  эстетикалық  категориялар  аясында 
бағдарласақ,  асқақтықпен  теңесе  түседі,  бірақ  қастерлілік  асқақ-
тығын  табиғи  кейіпте  немесе  жанама,  кездейсоқ  стихияда  емес, 
өзін-өзі  қастерлі  деп  «танығаннан»  да  емес,  алдымен  өзге  үшін 
қастерлі болуымен келіп аша түседі. Асқақтықтың алдында адам 
өзінің дәрменсіздігін сезінетін болса, қастерлілікпен тіптен мүлде 
өзінің  салыстырылмайтындығын  түйсінеді,  асқақтық  суықтау,  әрі 

 
 
 
                      
                                                  87
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
қатал  болса,  қастерлілік  өзінің  ішкі  даналығы  мен  тәжірибесін 
ішіне  бүккен  және  қажет  жағдайда  аша  алады.  Асқақтық  оқшау 
және ықпалдасуға, байланысуға келіңкіремесе, қастерлілік бағалау-
шылық қатынас бойынша іштесуге дейін бара алады. Асқақтық қас-
терлілікке қарағанда салыстырмалы, қастерлілік барынша абсолютті.
Қастерлілік әсемдіктен жоғары, ол сұлу-ұсқынсыз, күлкілілік-
қайғылылық  сияқты  дихотомиялардан  тәуелсіз  және  симме-
трия,  прапорция,  паритет  сиякты  формалық  көрсеткіштерге  де 
қатыссыз. Ол көне де, жаңа да бола беруі ықтимал. «Эстетикалық ка-
тегориялар жүйесінің орталығында барлығы келіп шоғырланатын 
әмбебап категория тұрады», – деген тұжырымды негізге алсақ [104, 
65 б.], классикалық батыстық эстетиканың орталығында – әсемдік 
орналасқан десек, ұлттық эстетикада – қастерлілік тұрады деп топ-
шылауымызга  болады.  Себебі,  қастерлілік,  екінші  бір  қырынан 
алғанда,  эстетикалық  категориялар  жүйесін  тұтастандыра  келе, 
этикамен байланыстыратын аралық буын деп айта аламыз.
Қорыта айтқанда, ұлттық эстетикалық талғам арқылы толыс-
қан тұрмыс-тіршіліктің, өмір сүру дағдысының, жалпылама тұтас 
болмысының түп идеясы ұғымдық деңгейдегі жалпыларға келіп 
жинақталады. Мұндай концептік немесе категориялық деңгейде 
бағалауға болатын көркемдік таным құралдарын төлтума дүние-
таным аясында саралау мен бағалау халқымыздың байырғы және 
қазірге  дейін  жалғасқан-сабақтасқан  дүниетанымын  паш  етудің 
үлгілерінің бірі деп айта аламыз.
2.3  Этноэстетика  және  ұлттың  әлемді  көркемдік  игеру 
экспликациясы
Қазақ  халқының  этноэстетикасының  жалпы  бағдарын  түй-
сінудің бір қыры – көптеген халықтардың дүниетанымына ортақ 
үдеріс  дүниені  көркемдік  тұрғыдан  игерудің  байырғы  ұлттық 
бейнелеріне  үңілу  болып  табылады.  Себебі,  А.А.  Бекбоев  пен 
У.А. Закиров атап өткендей: «Әлемдік эстетиканы игерудің негізгі 
ойлары көрсеткендей, қазіргі кездегі теориялық мәселелерді дай-
ындау  өткен  халықтардың  мәдениетін  меңгерусіз  мүмкін  емес» 
[105,  35  б.].  Әлемді  образдық-аллегориялық,  рәміздік-көрнекілік 
тұрғыдан  байыптаудың  негізгі  түпмәні  логикалық  ақиқат  пен 
ғылыми  тұрғыдан  түйсінудің  бірден-бір  баламалық  нұсқалары 

88 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
болып ыңғайласуында екендігін атап өткен жөн. Осы көркемдік 
тұрғыдан игерудің ақиқатқа қатысты бір қыры – оның «ақиқат – 
метаақиқат – субақиқат» аясында өрбитіндігі. Нақтырақ айтқанда, 
образдық бейнелердің бір тобы әлем туралы шындықты астарлы, 
тылсым, көркемдік тұрғыдан бейнелейді. Бірақ осы эстетикалық 
образдардың  бұндай  түрлері  логикалық  ақиқаттан  мүлде  алыс, 
тіптен  сәйкес  келмейді  деген  түсінік  туғызбауы  тиіс,  эстети-
ка  жалпы  алғанда,  ғылыми  ақиқатты  ашуды  негізгі  мақсат  етіп 
қоймайды, абсолютті ақиқатты ашуды көздей бермейді. 
Екінші бір тобы – бейнелеу «ақиқатқа тура сай келе ме, кел-
мей ме» деген түйткілдерден тыс, оған мүлде алаңдамайтын, бірақ 
эстетикалық  таным  аясында  биік  деңгейден  көріне  алатын  бей-
нелерге  келіп  тоғысады.  Мұнда  эстетикалық  пен  логикалықтың 
бірлігі-келісімділігі  басшылыққа  алынады.  Көркемдік  таным 
бір сәтке, өзінің эстетикалық қуатын ашу үшін ақиқаттан тысқа-
рыланып, одан да асқақтап, метаақиқат деңгейімен келіп үндеседі. 
Үшінші  бір  тобы  –  ақиқаттың  субъективті  формаларына 
бағдарланады, яғни, келісімділік, тиімділік, әсемдік деген сияқты 
құндылықтармен  келіп  шартталады.  Сол  құндылықтардың  өзі 
эстетикалық  категориялар  мен  таным  аясына  бағындырылып, 
образдардың  қалыптасуы  мен  құрылуы  сан  алуан  комбинация-
ларға қарай жетелейді. Бұл мәселен, көп жағдайда, әдебиет тео-
риясы  мен  өнертану  ілімдерінде  таратылып-талданып  көрсетіл-
ген көркемдеуші тәсілдер арқылы жалғасын тауып отырады. 
Ал ақиқаттың көркемдік образдар арқылы берілу жолдарын 
және оның шындыққа сәйкес келу-келмеуінің тәсілдерін былай-
ша  топтастыруға  болады:  проекциялау,  жобалау,  құрылымдау, 
әсемдендіру  т.  б.  Мәселен,  проекциялау,  яғни,  ұқсастырылып 
көшірілу,  объектіні  тікелей  емес,  оған  сәйкестендіріп  барып 
нақыштауды  басшылыққа  алады:  а)  кей  жағдайда,  тұрмыстық-
практикалық  қырына  байланысты  қолдануға  қолайлы  жағдай 
үшін өзгерістерге түсірілуі ықтимал; ә) кей кезде тікелей көшіріліп, 
шағын  немесе  үлкен  модельді  құрастырып  шығаруы  мүмкін. 
Мәселен, киіз үй мен әлем қатынасы; б) көшіру сыртқы форманы 
емес, ішкі мазмұнды білдіріп, қызметіне байланысты бейнеленуі 
мүмкін. Мысалы, көк бөрі – көкпар ойынының қатынасының ішкі 
мағынасы – жыртқыштардың, дала бөрілерінің бір тобының лақ, 
қозы  сынды  жемтікке  таласқан  ойынының  адамға  көшірілген 
формасы [106, 238 б.]. 

 
 
 
                      
                                                  89
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Мұндай түркі-қазақ халқындағы көркемдік-образдық бейне-
леудің  континуум  аясындағы  деңгейлерін  иерархиялық  негізде 
шартты түрде былайша ажыратып алуымызға болады. 
1. Космологиялық модельдер: Әлемдік ағаш, «Жер асты – Беті 
–  Ғарыш»  болып  құрылған  әлемнің  үш  сатылы  құрылымы,  Көк 
өгіз, Алып кит т. б. Жерді көтеріп тұрған құрылымдық бейнесі т. б. 
2. Табиғат модельдері көп жағдайда тұтастандырылған күйін-
де  емес,  жеке  элементтерін  образдық  түрде  бейнелеу  арқылы 
құрылған: Тау – сақ пирамидалары, Көк бөрі – көкпар ойыны, Үй 
жануарлары мен хайуанаттардың мүйізін, аққуды т. б. – қошқар 
мүйіз оюы арқылы өрнектеу т. б. 
3. Антропологиялық модельдер көп жағдайда адамды тұтас 
күйінде  бейнелеуге  құрылған:  балбалтастар,  кресттер,  құмыра, 
торсық, ожау сияқты тұрмыстық бұйымдар т. б. 
Бірінші кезекте, әлемнің космологиялық модельдеріне назар 
аударсақ,  бастапқы  түпархетиптік  терек  рәмізі  –  көне  түркілік, 
тіпті  одан  да  арғытектік  дүниетанымның  айшықты  бір  көрінісі 
ретінде  бүгінгі  күнге  дейін  келіп  жеткендігімен  ерекше  назар 
аударуға тұрарлық эстетикалық нышан болып табылады. Терек-
ті  жалпы  формасы  жөнінен  дифференциациялану  бойынша, 
әлемнің бір негізден тараған жалпы құрылымы деп, кей сәттерде, 
оның  әрбір  жапырағын  адамның  жанына  теңестірудің  үлгісі 
ретінде,  кей  сәттерде  шамандық  дүниетанымның  эзотериясы 
ретінде экспликациялайды. 
Бірақ  бұл  тұста,  мәселе  терекке  табыну  культі  немесе  оның 
әсемдігі турасында емес, әлемді эстетикалық түйсінудің-игерудің 
түпмағынасының философиясында болып отыр. Қазақ халқында 
бертінгі  кезеңге  дейін  қураған  жалғыз  ағашқа  (жас  ағаш  неме-
се  ормандағы  қатар  тұрған  көп  ағаштың  біріне  емес)  шүберек 
байлау  дәстүрі  сақталып  келген  болатын-ды.  Бұл  механикалық 
құбылыстың астарында, мистикалық және сезімдік мағына жат-
қандығын  ешкім  жоққа  шығара  қоймайды,  бірақ  мәселе,  оның 
ішкі ұмыт болған мағынасын ашуда болып отыр. Қураған ағаш, 
адам өмірімен салыстырмалы түрде бірнеше жыл жасағандықтан 
біріншіден,  даланың  барлық  оқиғасының  куәгері  іспетті,  сайып 
келгенде, халықтың қуанышы мен қайғысы, өткені мен бүгінінің 
бірден-бір табиғи-тарихи жадысы.
  Сондықтан,  бұл  куәгер  –  көнелік  арқылы  қастерлілікке, 
жалғыздық  бойынша  –  асқақтыққа  өтеді.  Екіншіден,  табиғатты 

90 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
түйсінудің белесіне неғұрлым тереңірек көтеріле алған халқымыз 
оның терапиялық қасиетін де соғұрлым тиімді пайдалана білген 
сыңайлы.  Мәселен,  Г.  Гачев  құмдағы  теректің  практикалық 
қырларына  маңыз  бере  келе,  оның  әфсаналық  сюжеттердегі 
қызметіне  тоқтала  отырып,  түркі-исламдық  мазмұнын  ашады 
[107, 70 б.]. 
Әлемнің келесі бір моделі, «Жер асты – Беті – Ғарыш» болып 
құрылған  үштік  құрылым.  Астрономиялық  тұрғыдын  ғылыми 
ақиқатқа сай келмейтін осы үштік көне дәуірлерден бастап, түркі, 
бертін келе қазақ халқында да сақталып қалған асқақ эстетикалық 
көрініс.  Мұның  да  эстетикалық  таным  аясындағы  мазмұнын 
ашып  көрсетудің  мынадай  бағдарларын  ұсынуымызға  болады. 
Біріншіден,  бұл  үштікті  «тезис-антитезис-синтезис»  эволюция-
сына ұқсатып ұғыну ұлттық дүниетанымға сай болмағанмен, біз 
үшін түсіндірудің барынша қолайлы ыңғайы болып көрініс таба-
ды. Бірақ мұндағы тезис (Жер асты) – барша тіршіліктің шығу тегі, 
Жер Ана, Қойнау ретінде, бастапқы субстрат, Беті – антитезис, де-
мек, қайшылықты және өткінші өмір, күрескерлік тіршілік дегенге 
келіп саяды, ал синтезис – тұтас рухтың, адам жанының ғарышқа 
көтерілуі,  онымен  тоғысуы  болғандықтан,  бірігу  құбылысына 
сәйкестенген  түпақырғы  бірлік  болып  табылады  және  өмірдің 
нәтижесінің  бірден-бір  куәгері  тәрізденіп  тұрады.  Бұл  «Ғарыш 
синтезисі» шындап келгенде, ең соңғы бірігу мен тамамдалудың 
және  Ұлы  Бірліктің  метаморфозасы.  Бұл  тек  адам  жаны  ғана 
емес, тұтас әлемнің соңғы болмыссыздығындағы ғарышқа ыдырау 
дегенді де қамтитын тәрізді. 
Табиғатты  тұтасынан  көркемдік  таным  аясына  сыйғызған 
халықтық  эстетиканың  түпмәнді  құбылыстарының  бірі  – 
Тау.  Тау  архетипінің  бізге  мәлім  көркемдік  образдары  жы-
раулар  поэзиясындағы  көріністерден  бастап,  бүгінгі  күнге 
дейін  сабақтасқан  өлең  жолдарынан  немесе  бүгінгі  бейнелеу 
өнеріміздегі «тауқұмарлық» композициялардан анық байқалады. 
Адамзаттың  түппанасы  үңгір  архетипінен  бастап,  ғұндардың 
Алтайы,  сақтардың  Алатауы,  қыпшақтардың  Оралы  болған  – 
тау,  біріншіден,  экзистенциалды-тұрмысмәнділік,  екіншіден, 
космологиялық,  үшіншіден,  мистификациялық  арналармен 
келіп тоғыса алады. 
Мысалы,  осы  таулар  –  арғытек  бабаларымыздың  тіршілік 
мекені ғана емес, жаудан қорғанудың тиімді табиғи қорғандарына 

 
 
 
                      
                                                  91
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
да  айналған.  Мысалы,  осы  таулар  –  арғытек  бабаларымыздың 
тіршілік  мекені  ғана  емес,  жаудан  қорғанудың  тиімді  табиғи 
қорғандарына  да  айналған.  Сақ  қорғандары  Үлкен  таудың  Кіші 
моделі  іспетті  болғандықтан,  осы  қызметі  тұрғысынан  да  ұқсас 
келеді.  Ол  бастапқыда  архитектуаралық  нұсқасы  мен  пішіні 
жағынан  пирамидаға,  тауға  ұқсастырылғандықтан  ұшы  үшкір 
болған,  кейіннен,  ғасырлар  қойнауы  мен  дала  табиғатының 
әсерінен, үшкір ұшы дөңестеніп кеткендігі өздігінен-ақ түсінікті 
жайт.  Осы  тау  мен  әскери  рухтың  байланысы  –  «Ер  Тарғын» 
жырындағы:  «Бұлғыр  да,  бұлғыр,  бұлғыр  тау,  Бұлдырап  тұрған 
құрғыр  тау»  деген  эстетикалық  мәнді  жолдардың  түпмағынасы 
арқылы нақтылана түседі. Бүгінгі жерлеу дәстүрімізде де осы сақ 
қорғандарының көмескі нұсқалары елес береді, бірақ бұндағы тау 
тым кішірек болып ыңғайластырылған. 
Таудың  космологиялық  сипаты  тәңіршілдікпен,  шамандық-
пен  байланысты  өзіндік  бір  асқақ-үрейлі  сипатқа  ие.  «Көкпен 
таласқан»  деген  ұғым  Тау  мен  Тәңірдің  ішкі  үндестігін  паш  ете 
алады. Сондықтан, «Хантәңірі» шыңы белгілі бір деңгейде таудың 
космомифомистикалық болмысын бүгінгі күнге тасымалдайтын 
бізге мәлім атау. Бірақ Тәңір тауда мекендейді деген Грек мифо-
логиясы  тәрізді  ұғым  түркі-қазақ  дүниетанымында  кездеспейді, 
себебі,  Тәңірі  тау  емес,  және  ол  Жердің  бөлшегі  Тауға  табан 
тіремейді, себебі ол – тұтас ғарыш, яғни, «Көк» болып табылады. 
Қазақ өрнектерінің ішіндегі орталық бейне деп те айтуымызға 
болатын нақыштардың бірі – «қошқар мүйіз» деп аталатын ою. 
Бұл  –  бүгінгі  күні  де  халқымызда  Қазақ  ұлтының  руханияттық 
«бренді»  ретінде  әйгіленіп  жүр.  Бұл  образда  да  қаһардың  маз-
мұны  сұлулықтың  формасымен  келіп  түйіседі.  Жалпы  алғанда, 
тым  көне  әлемдік  мистериядағы  мүйіз  фетиші  қазақ  халқында 
да  –  жігер  мен  қуаттылықтың,  күш  пен  намыстың,  қару  мен 
айланың т. б. ұғымдардың тұтастандырылған жиынтығы ретінде 
концептуалданады.  «Қазақ  тілінде  мүйіз  деген  сөз  –  күш-қуат, 
ерлік,  батылдық  деген  ұғымдардың  баламасы.  Мүйізге  ұқсас 
түрлі  бейнелер  мен  заттар  ертеде  дәстүрлі  салт-жоралғыларда 
кең  пайдаланылған,  әскери  байрақтардың  таяқтарының  ұшар 
бастарындағы  киелі  белгілер  ретінде  ұстанған»,  –  деп  оның 
концепттік мағынасын байыптаған пікірлер де [108, 96 б.] осының 
айғағы. Сондықтан қошқар мүйіз, бір қырынан, осы айбарлылық 
пен қаһарды рәміздейтін образ болса, екінші бір қырынан, әсемдік 

92 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
пен  сұлулықты  қамтып  жатады.  Барлық  мүйіздерді  шақша, 
пышақтың  сабы  сияқты  тұрмыстық  бұйымдарда  қолданады. 
Ал  қошқардың,  арқардың  мүйіздері  өзінің  басқалардікіне 
ұқсамайтын оратылған ерекше көрінісі арқылы диалектикадағы 
шиыршықталған (спираль) дамуды елестетеді, олай болса, оның 
формалық бейнесіндегі ою да қозғалыс пен өркендеуді, шарықтау 
мен  өрлеуді  ниеттеуден  туған  болуы  ықтимал  деп  болжамдай 
аламыз.  Халқымыз  шиыршықты  дамудың  диалектикалық  заң 
екендігін  ұғынбаған  да  шығар,  бірақ,  басты  мәселе  –  осындай 
кейіптегі  эстетикалық  дүниетанымның  өзіндік  парадигмасын 
өздігінше  байыптағандығында  болып  отыр.  Мысалы,  күнделікті 
тұрмыста қолданылатын ақ пен қара кезектесіп келетін ала арқан 
қарама-қарсылықтың  бірлігі  мен  күресі  заңының  мазмұнын 
сипаттауға  келіп  саяды.  Бұл  да  дүниені  көркемдік  тұрғыдан 
игерудің  ұлттық  бейнесі  болумен  қатар,  екінші  бір  қырынан 
практикалық,  үшінші  бір  қырынан  философиялық  мағыналы 
құбылыс болып келеді. 
Келесі  кезекте,  адамды  кейіптеудің  бейнелеріне  шолу  жа-
сай  отырып,  оның  жалпы  адам  болмысынан  гөрі  этникалық 
келбетті  адам  ерекшелігіне  назар  аударылғандығына  тоқталып 
өтуді  мақсат  тұтамыз.  Торсықтың  өзі  жорықтарда,  алыс  сапар-
ларда, шаруашылықта әсіресе, аттылы адам қолданатын ұлттық 
бұйым.  Оның  ер  мүсіндік  формасы  –  түркі-қазақ  ұрпағы  мен 
адам  ресурсының  ішкі  мінез  бейнесіндегі  ержүректілікпен, 
рухшылдықпен  келіп  үндесе  алады.  Демек,  ол  жай  ғана  ер 
адам  бейнесі  емес,  түркінің  өршіл  рухты  ұлдарының  келбеті. 
Сондықтан,  қолданылу  аясы  да  осыған  келіп  саяды.  Себебі,  ат-
тылы жорықтағы,  алыс сапардағы  адам үнемі  өлім мен  өмірдің 
арасындағы  «шекаралық  жағдайлы»  кейіпте  болады.  Осы 
шекаралық  жағдайда  қолданылатын  торсық,  адамның  ішкі 
психологиялық  болмысымен  келіп  түйіседі.  Ендеше,  торсық 
арқылы  түркі  ұлы  өзінің  рухын  таниды,  қайталайды,  өзін-өзі 
бірегейлендіреді, қайтадан ашады. 
Мысалы,  торсықтың  тіпті  үйдегі  болсын,  жай  ғана  көрінісі 
соғыс  жағдайындағы  немесе  бейбіт  кездердегі  аса  төзімділікті, 
тәуекелшілдікті  қажет  ететін  –  Жорықпен  психологиялық  ас-
социация  берген,  ол  шыңдалу  мен  өзін-өзі  ер  намыстылыққа 
баулудың немесе есіне түсіріп отырудың түрткісі болған деп айта 
аламыз.  Керісінше  редукцияласақ,  торсық  жай  ғана  адам  емес, 

 
 
 
                      
                                                  93

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал