«Философия» пәнінен глоссарий Философия



жүктеу 39.12 Kb.
бет5/24
Дата15.02.2022
өлшемі39.12 Kb.
#17274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
«Философия» п нінен глоссарий Философия
1-практикалық жұмыс, 837377, Тексерген Иманова Э. М алматы 2020 Акселерация ж не ретардация,, 7. карта
Синкретизм (біріктіру) - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т.б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады.
Конфуцийшілдік - діни философиялық ілім. Б.з.б. 6ғ Қытайда пайда болған, Конфуцийшілдік негізін қалаушы - Конфуций (Кун - цзы). Бұл ілімін негізіне сүйенсек, адамдар "бекзат" және "төмен" болып екіге бөлінеді. Конфуцийшілдік ілімі бойынша, ел басы болып, қызметші қызметші болып, әке әке болып, бала бала болып өмір сүруі керек. Кіші үлкенін айтқанын екі етпей тындауы керек, төмен сатыда тұрған өзінен жоғары тұрғанға бағынуы керек.
Ян мен Инь - дәстүрлі қытай мифологиясының џәм философиясының басты космологиялық түсініктері. Ян - аспани дүниеге сілтесе, Инь - жердегі әлем. Бұларды қосарланған болмысы және жұп жазбауы бұкіл әлемдік процестердің, адам өмірінің, таза танымның және есті әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Ян мен Инь дүниені тәртіптеуші күш ретінде көрінеді. Сонымен қатар Инь менен Янге төмендегідей сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы және жарық, суық және жылы, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы, туушы және тудырушы. Бірте бірте бұл сипаттар субстанциялық қағида тудырушы ци ұғымына ауысады. Ян мен Инь - жеңіл аспани және ауыр жер және оның нақты өзгеруін тану арқылы әлемдік болмыстың оқиғалық нұсқасындағы жалпымен қатар жалқыда қабылдау мүмкіндігі туралы ұғым аса маңызды еді. Осы қағидаға Қытайдың ең беделді көне кітабы Ицзин құрылған. Барлық әлемдік даму Ян мен Инь қарым қатынасына туындайтын оқиғалар алмасуынан тұрады. Символикалық түрде Ян тұтас горизонтальды, ал Инь үзік сызық ретінде бейнеленді. Олардың жұптары 64 гексаграмға біріктіріледі. Ян мен Инь байланысты жарық және көлеңке сызықтар арқылы қытайлықтар өзінің қазіргісімен болашағын тануға талпынған. Себебі Ян мен Инь космоспен адамзаттын барлық нүктесіне кірігулі болғандықтан адам денесіндегі белгілі байланысы белгілі әрекетке жетелеп, өмірлік күш - циньге әсерін тигізу арқылы денсаулық пен психологияға ықпал еткен. Дүниетанымның қос нұсқалығы, әлемдік тірлікті қарама қайшы күштердің қарым қатынасы ретінде қабылдауы қытай философиясының ерекшелігін құрап оның саяси әлеуметтік, этикалық және ритуалдық болмысына әсер етеді. Бірақ көріпкелдік мәселесіндегі Ицзинның өте үлкен беделділігі Ян мен Инь ерекше аналитикалық мүмкіндігіне нұсқайды.

жүктеу 39.12 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет