«Философия» пәнінен глоссарий Философия



жүктеу 39.12 Kb.
бет3/24
Дата15.02.2022
өлшемі39.12 Kb.
#17274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
«Философия» п нінен глоссарий Философия
1-практикалық жұмыс, 837377, Тексерген Иманова Э. М алматы 2020 Акселерация ж не ретардация,, 7. карта
Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни - философиялық жүйе. Б.- абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Б.- да о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін - өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма - дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.

Буддизм - ежелгі Үндістанда б.з.б. 6-5 ғғ. пайда болған діни - философиялық ілім. Негізін салушы Сиддхарта Гаутама Шакья Муни, кшатрийлер варнасына жататын ханзада, өмір ләззаттары мен нәсіпқұмарлықтан бас тартып, Буддаға (тура мағ. көзі ашылған, түсінген) айналған. Ол - өзінің көзқарастарын «Бенарес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Адамдар танымға, білімге бастайтын дұрыс жолға түсулері қажет. Бұл жол- тармақтары көп, сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады. Б. бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу - азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу - азап, көздеген мақсатыңа жете алмау - азап. Осы азаптардан құтылудың басты жолы - сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу, жеке өзін азат ету. Карма және жанның қайтадан басқаға ауысуы принциптері бойынша, адам азаптардан о дүниеде де құтыла алмайды. Адамдар төрт қағиданы мүлтіксіз орындауы тиіс: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Бұл жағдайда адамдар бақытты нирвана қалпына түсе алады. Нирванада адам карма зандарынан босатылып, өзімен - өзі тұрақты келісімділікке келе алады. Б.Үндістан жерінде қалыптасқанымен, кейін Оңтүстік Азияның көптеген елдерінде басты діни жүйеге айналды.

жүктеу 39.12 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет