Филология сериясы bulletin of the L. N. Gumilyov Eurasian National University. Philology series



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет14/38
Дата23.06.2022
өлшемі1.88 Mb.
#20683
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
сан фраз
символдар Анесовой У.
Тақырыптың зерттелуі. Қазақтың жалпы лексикасындағы әртүрлі тақырыптық 
топтар мен қабаттар академик Ә.Т. Қайдардың ізбасарлары мен шәкірттері: Е. Жанпейісов, 
М.М. Копыленко, Н. Уәли, Ж.А. Манкеева, А.Ж. Мұқатаева, Қ. Ғабитханұлы, Н. Оңғарбае-
ва және т.б. еңбектерінде этнолингвистикалық жағынан жан-жақты зерттелген.
Сол тақырыптардың ішіндегі киелі сандарға қатысты қолданылатын тұрақты тіркес- 
тердің этнолингвистикалық сипаттамаларына қысқаша тоқталмақпыз. Қазақ тіл білімінде 
этнолингвистика жөнінде академик Ә.Т. Қайдар: «Этнолингвистика» – этностың инсандық 
болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ға-
сырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен 
нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, та-
нымдық мәнін ашып болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл 
білімінің күрделі де құнарлы саласы [2, 15], -деген нақты, әрі тұжырымды анықтама береді. 
Ағылшын халқы туралы этнографиялық деректер IV ғасырда грек географы және 
астрономы Путеас еңбектерінде жазылған, римдік тарихшы Корнел Тациттың атақты «Ал-
мания» атты монографиясында, сонымен қатар Ю. Цезардың еңбектерінде кездеседі. Эт-
нолингвистикалық зерттеулер қазіргі ағылшын тіл білімінде екі бағытта жүргізілуде. Оның 
біріншісі – В. Гумбольдт және Л. Вайсгербер пікірін басшылыққа алған, тілдің ішкі форма-
сын зерттейтін ғылым ретінде, яғни тілдегі әлем көрінісі, тілдің рухы халықтың рухының 
сәулесі деп есептеп, ұлттың ерекшелігін көрсететін ғылым ретінде таныса, екіншісі - аме-
рикандық ғалымдар пікіріне сүйенген, табиғи тілдерді зерттеуді алдына мақсат етіп қойып, 
тілдің жағдайын, ерекшеліктерін қарастырып, халықтардың басқаша ойлауы тілдегі өзге-
шеліктерге әкеледі деген тұжырымды негізге алады. 
Американдық ғалым Wilfred Funk «Cөздің этимологиясы және олардың аңыздық 
ертегісі» деген еңбегінде: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен 
өмірімен танысып білуге болады» [3], -дейді. 
Л.Р. Палмер болса, «Тіл тарихы мен мәдениет тарихы тығыз байланысты, олар 
бір-біріне дәлел-сипат болып, бірін-бірі түсіндіреді» [4], -деген тұжырым жасайды.


23

жүктеу 1.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет