Филология кафедрасы



жүктеу 7.99 Kb.

бет8/11
Дата09.01.2017
өлшемі7.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Талаптары: 

 
әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек. 

 
өзінің ғана емес  басқаның да еңбңгңне жауапкершілікпен қарау. 

 
өзі оқи отырып, өзгені оқыту. 

 
Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту
Технологияның жүргізілу кезеңдері: 
1.Тапсырмаларды даярлау кезеңі: 

 
Берілген тапсырмамен  танысу; 

 
Шағын бөлімдерге бөлу; 

 
Әр бөлімге ат қою; 

 
Жоспар құру; 

 
Жоспарға сүйене отырып,  мәтін мазмұнын меңгерту

 
Тексеру сұрақтарын даяралау. 
2.Тапсырманы түсіндіру кезеңі

 
Тақырыптың мақсаты не? 

 
Жоспармен таныстыру; 

 
Мазмұнын түсіндіру; 

 
Бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу. 
3. Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, 
түсінгені бойынша баяндау кезеңі. 
Тәрбиелік мәні: 
1.
 
Өзін-өзі басқару; 
2.
 
Өзіне- өзі қызмет ету; 
3.
 
Жауапкершілікті сезіну; 
4.
 
Басқаның еңбегін бақылай білу; 
5.
 
Ұқыптылық; 
6.
 
Белсенділік; 
7.
 
Адалдылық; 
8.
 
Байқампаздық; 
9.
 
Зейінділік; 
10.
 
Ынтымақтастық; 
11.
 
Ұжымдылық; 
12.
 
«Бәрі – бірі үшін, бірі- бәрі үшін» принципінің орындалуы. 
Пәнаралық  байланысқа  негізделген  шығармашылық  жұмыстарды  жүргізуде 
ұжымдық оқытудың төмендегідей жұптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді. 
І. Тұрақты жұп 
ІІ. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп. 
ІІІ. Варициялық жұп (ерекше жұп). 
      Ұжымдық  оқыту    технологиясы  арқылы  оқушыларды  ғылыми  ізденіске, 
зерттеу  жұмыстарына  баулуға  болады.  Ал  енді  ҰОТ  бір  сатысы  жұптық  жұмыс 
әдістемесіне қысқаша түсінік берейік. 
І  кезең.  Дайындық  кезеңі.Оқушылар  сынып  санына  қарай  топқа  бөлінеді. 
Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек- нұсқау жазылған үлестірме қағаз 
таратады.  Шешілетін  проблемаға  назарларын  аударады.  Топ  спикері  түсінік 
береді.  

ІІ  кезең.  Жұптағы,  топтағы  жұмыстардың  жүруі.  Оқушылар  тапсырманы 
жеке- жеке орындайды. Кезектесе отырып бір- бірінің жұмысын тыңдайды, ортаға 
салады,  бір-  біріне  сұрақ  қояды,  қорытындылайды.  Бағалайды,  коррекциялық 
жұмыстар  жүргізеді,  бір-бірін  оқытады,  бір-  бірінен  үйренеді,  бір-  біріне 
түсіндіреді. 
ІІІ  кезең.  Жұмыстарын,  қорытындыларын,  жасаған  жобаларын  спикер 
хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап танысады. Жауаптарының дұрыс- бұрысын 
сараптайды, саралайды. 
ІV  кезең.  Мұғалім  ұжымдық  жұмыстың  орындалу  сапасымен  таныстырады. 
Ұжым  таңдайды,  талқылайды,  пікірлеседі(  дауласады,  пікір  таласы,  келісу- 
келіспеушілік). 
V  кезең.  Бақылау  жұмысы.  Жұмыс  оқушылардың  алған  білімін,  ұғымын  тексеру 
мақсатында жүреді.  Бақылаудың  түрі көп, тиімді  дегенін мұғалім таңдап алады. 
Соңында    мұғалім  бақылау  жұмысының  қорытындысын  хабарлайды. 
Коррекциялық  жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді  түзету үшін жаңа мақсаттар 
белгілейді.  Топтың  спикерін  де  мұғалім  дайындайды,  олар  да  ауысып  отырады. 
Спикерлер  ең  алдымен  мұғалімнің  де,  достарының  да  көмекшісі  қызметін 
атқарады.  Олардың  өз  қызметін  толық  түсінуі  әрі  ұжымды  жемісті  еңбекке 
жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек нұсқау берудің тиімділігі бар. 
Көмек- нұсқау. 
 
 
 
 
 
 
Жұп мүшелері  
 
 
 
 
 
 
Бекіту сұрақтары: 
1.
 
Ұжымдық оқыту дегеніміз не? 
2.
 
Ұжымдық оқытуда қандай әдіс-тәсілдер қолданылады? 
 
Өзін-өзі бекіту сұрақтары: 
1. Ұжымдық оқыту технологиясының ерекшелігі қандай? 
2. Технологияның жүргізілу кезеңдерін атап көрсет. 
3.Тәрбиелік мәніне тоқтал. 
 
№ 10 дәріс тақырыбы Шығармашылық жұмыстар технологиясы
 
Мақсаты: Шығармашылық жұмыстар технологиясы туралы түсінік. 
Негізгі сұрақтар: 
1.Шығармашылық жұмыстар технологиясы 
2.Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру. 
    Тапсырманың мақсатқа жету, жетпеуі, сәттілігі өзіңнің 
де ұйымдастырушылық қабілетіңе байланысты. Топтың әр 
мүшесімен достық қарым- қатынаста бол. Ескертулеріңді 
байыппен, орнықты етіп жаса. Әділетті  бол, іс- әрекетің 
қысқа, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсын. Өзімшіл 
болма «менікі ғана дұрыс» деген қорытынды жасама. 
Көмекші, ақылшы бола біл. Достарыңның жауабын көңіл 
қойып тыңда, керекті жерінде ғана пікір қос

 
 
 
 
 
 
 
 

 
Қысқашы  мазмұны.  1.Шығармашылық  сөзінің  түп  –  төркініне  орыс  ғалымы 
М.Поташник былай анықтама береді: 
 
-жаңа өнім жасау, немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру; 
 
- іс - әрекеттегі қайталанбайтын , өзгеде жоқ, нәтижелі өнім 
 
Шығармашылық сөзіне берілген ғалым пікірі өте дәл , нақты тұжырым. Бірақ 
та  оның  ауқымы  бұл  түсініктен  де  кең,  терең.  Шығармашылық  қабілет,  дарын, 
өнерпаздық деген  ұғыммен  үндес. Сол себептен де ол  тұлғалағы  дарын, қабілет, 
өнердің көзін ашу, сол қасиеттерді дамыту мәселесіндегі ерекше іс - әрекет болып 
табылады.  Сондай  –  ақ  ,  А.Кочетов:  «Творческая  деятелность  –это  процесс 
создания  новой  информации  или  продукции  с  высокими  показателями  их 
качества  и  качества  с  наиментшей  затратой  времени  и  сил  »  -  деп  , 
шығармашылық іс - әрекетке түсінік береді. 
 
Ғалымдардың  пікіріне  жүгіне  отырып,  шығармашылық  іс  -  әрекеттің 
белгілерін төмендегідей саралайға болады: 
 
-уақыт үнемдей отырып, артық күш түсірмей, жоғары нәтижеге қол жеткізу 
 
- ойлап табу 
 
- дайындау, жаңа өнім жасау. 
 
Ал,  педагог  ғалым  Г.Ксензова  :  «Творчество  –  это  атрибутивное  свойство 
любой  личности  неоъемлимый  компонент  ее  структуры.  Если  человека  лишают 
творческого начала, он перерастает чувствовать себя личностью» - дейді. 
 
Ғалым  жеке  тұлғаның  басты  белгілері  ретінде  оның  шығармашылық 
қабілетіне  тоқталады.  Шығармашылық  қабілеті  жоқ  жеке  бастың  тұлғаға  жете 
алмайтынын  сөз  етеді.  Ғалымдар  ізденісі  теориялық  тұжырымдармен  шектеледі, 
ал  оны    істе,  тәжірибеде  қалай  жүзеге  асыруға  болады,  олар  оның  нақты 
жолдарынатоқталмайды.  Баланың  шығармашылық  қасиетін  қалай  дамытуға  , 
қалыптастыруға болады, ол сөз етілмейді.  
 
Шығармашылық  қасиеттердің  жеке  тұлғадағы  бір  көрінісі  –  оның  тілі. 
Шешен  де  көркем,  бейнелі  сөйлей  білу,  ойды  шебер  тілмен  жеткізу  тұлғаның 
шығармашылық  қасиеттерінің  бірі.  Дәстүрлі  оқытуда  да  шығармашылық 
жұмыстарға  көңіл  бөлінеді.  Дәстүрлі  оқытуда  да  шығармашылық  жұмыстарды 
жеке  тұлғаға  бағыттау,  оқушыларға  еркіндік  беру,  оқушы  мен  мұғалім  еңбегін 
өнімді іс - әрекетке негіздеу, оқушыға субъект ретінде қарау негізге алынбаған. 
 
Қазіргі білім беру үрдісінде тапсырмалар түрі баршылық. Оларды жинақтай , 
саралай келе, төмендегі бағытта топтауға болады: 
Тапсырмалар түрі. 
-
 
Типтік тапсырмалар. 
Түсініктеме: 
Бұрын игерген білімді, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы жаңа мақсатқа 
жетудің жолдарын табады. 
-Аналитикалық , яғни сараптау 
Түсініктеме: 
Алгоритмдерді саралай, талдай отырып, оны жаңа мақсатқа пайдалана білу. 
-Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар 
Түсініктеме: 

Жаңа шешімді іздеу, табу, нәтижеге жету. Оқушылар бұл жұмыста өзіне белгісіз 
жаңалық  ашады,  оның  жолдарын  жүйелейді(  сызбаға,  модельге  айналдыруы 
мүмкін) 
-
 
Өзін - өзі оқытуға негізделген тапсырмалар 
Түсініктеме: 
 
Әсіресе, жаңа білімді бекіту бақылау кезеңінде тиімді. Оқушылар қол жеткен 
шешімдерін  берілген  үлгі,  көмек  -  нұсқау  арқылы  талдайды.  Мұнда  да  мұғалім 
бірінші  кезекте  тұрмайды,  керісінше  оқушылар  іс  -  әрекеттері  арқылы  өзін  -  өзі 
оқытады. 
 
Осы  тапсырмалардың  қай  түрінде  болмасын,  технология  талаптары 
басшылыққа  алынады.  Оқушы  -субъектінің  дербес  іс  -  әрекеті,  білімді  өз 
ізденістерімен  алуы  ескерілген.  Ал  пәнаралық  байланыстағы  шығармашылық 
тапсырмалар жүйесін жасауда мына мәселелерді ескерген жөн: 
-
 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын ескеріп, туғызуға түрткі жасау 
-
 
Мониторинг жүйесіне жүгіну 
-
 
Диагностика мен прогнозға сүйену 
-
 
Белгілі бір уақытта мақсатқа жету 
-
 
Даралап, саралап, деңгейлеп оқытуды басшылыққа алау 
-
 
Оқушы мүмкіндігін ескеру 
-
 
Оқушы білімін шығармашылық деңгейге дейін көтеруді болжау 
-
 
Дамыта  оқытуға  негізделген  тапсырмалар  арқылы  жеке  тұлғаны  жан  –  жақты 
дамыту 
-
 
Жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  аналитикалық, 
альтернативтік ойлауын жетілдіруді мақсат ету 
-
 
Оқушыларға өз беттерімен жоба, модель жасауға, оны орындауға көмек бері 
Бұл  саралаудан  оқытуды  технологияландыру  кезеңіндегі  шығармашылық 
жұмыстардың  дәстүрлі  оқытудағы  шығармашылық  жұмыстардан  ерекшеліні, 
айырмашылығы келіп шығады. 
Оны мына кестеден көруге болады. 
Дәстүрлі оқытуда 
 (мұғалім іс - әрекеті)  
 
Оқушы іс - әрекеті 
- жалпыға бағытталған тапсырмалар 
-  тапсырманы  ұсынушы,  орындалуын  талап 
етуші 
 
-Тексеруші, 
бақылаушы, 
бағалаушы, 
қорытындылаушы. 
 
Тапсырмаларды қабылдаушы 
Мұғалім басшылығына сүйенген обьект 
 
Тыңдаушы, келісуші, қайталаушы 
 
Технологиялық оқытуда 
Оқушы іс - әрекеті 
 
Мұғалім іс - әрекеті 
Оқушы – оқыту субъектісі 
-
 
Мақсатқа  дербес  өз  іс  -әрекетімен  жетуші 
белсенді субъект. 
-
 
Өзін -өзі және бір –бірін оқытушы 
-
 
 Өнерпаз, жасапмаз еңбектің иесі. 
Жеке 
тұлғаға 
қарай 
бағытталған 
тапсырмаларұсынушы,  нақты  мақсат 
қоюшы 
Бағыт – бағдар беруші, кеңесші 
Оқушының жетістігін құптаушы 

-
 
 Өз 
ізденісімен 
табысқа 
жетуші 
шығармашылық тұлға 
Ынталандырушы, мақсат қоюшы. 
Мақсаттарға жетелеуші 
Шығармашылык  жұмыстардын  кай  түрінде  болмасын  мақсатқа  жету  үшін, 
мұғалім  өз  тараішнан  көмек  беріп,  жетелеп  отырады.  Сонымен  шыгармашылык 
жүмыстардын тиімділігін төмендегідей саралауға болады: 
-Шығармашылык  бағыттағы  тапсырмалар  оқушы  білімін  алгоритмдік,  одан 
эвристикалык, оданы шыгармашылык деңгейге дейін көтеруге жол ашады. 
-Пәнаралық  байланыс  аркылы  берілетін  білім  тереңдетіледі,  дагды,  іскерлік 
жетіледі. 
-Окушылардың көркем тілдері дамиды. 
-Білімді  оқушылар  өз  іс-әрекеттерімен  алу  жүзеге  асады.  Білім  деңгейлері 
анализ, синтезге дейін көтеріледі, енімді білім беру үрдісі жүреді. 
-Жүмысты оқушылардын тандап алуына ерік беріледі. 
-Оқушыларды 
ізденімпаздықка,  ситуацияны  өз  беттерімен  шешуге 
дағдыландырады. 
-Жеке түлғалык қасиеттерін дамытады. 
-Дарынын, қабілетін, ғылыми зерттеу ізденістерін калыптастырады. 
-Ерік-қайраты, жігері, еске ұстау, ойлау дағдылары, эмоциясы дамиды. 
-Берілетін білімнін ен негізгі түйінді дәнін тандап ала білуге жаттығады. 
-Салыстыру, корытынды жасау, өз беттерімен бір нәтижеге жету, фактілер мен 
ұғымдарды жүйелі түрде саралап білуге үйренеді. 
-Модель, жоба жасау, болжамдар үсыну, оны коргау, дәлелдеуте дағдыланады. 
-Алдында тұрган киындыкты жеңуге үйренеді. 
-Сайыстарға мен айтыстарға катысып, тіл шеберліктерін дамытады. 
-Шыгармашылык  жүмыстар  окушылардын  керкем,  әдеби  тілінің  дамуьша  да 
түрткі болады, білімдерін жетілдіреді. 
-Оқ}тпынын білімі терендеп, пәнаралык байланыска түседі. 
-Еркіндікке, өз ойын корғай білуте дағдыланады. 
-Оқушылардың  дүниетаньшын  кеңейтіп,  білімдерін  жан-жакты  толыктыруға 
түрткі болады. 
Өзін-өзі бекіту сұрақтары: 
1.
 
Шығармашылық сөзінің шығу төркіні? 
2.
 
Шығармашылық жұмыстағы тапсырмалар сипаты? 
 
№ 11 дәріс тақырыбы Жаһандық білім беру қазақ әдебиетін компьютерлік 
сыныпта оқыту әдістері. Оның тиімділігі. 
Мақсаты: Жаһандық білім беру қазақ әдебиетін компьютерлік сыныпта оқыту 
әдістері жайында түсінік. 
Негізгі сұрақтар: 
1.Жаһандық білім беру кеңістігі 
2.Қазақ тілін компьютерлік сыныпта оқыту әдістері. 
 
Қысқашы мазмұны:  
1.Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  заңында  еліміздің  білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру  ісін  ақпараттандыру, 
оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу  болып  табылады.  2001  жылы  «Білім  беру 
жүйесін ақпарттандыру тұжырымдамасы» қабылданды. Демек, мемлекеттік білім 

саясатына әр педагогтан бастап, білім ұйымдары мен білімді басқару салалары өз 
үлестерін    қосып,  білім  беру  жүйесінде  оқыту  технологиясын  үнемі  жетілдіріп 
отыру  кезек  күттірмейтін  мәселелердің  бірі  болғандықтан,  ақпараттық 
технологиялардың рөлі мен алатын орны ерекше. 
  Бүгінде компьютерлерді білім беруде кеңінен қолдану барысында «оқытудың 
ақпараттық технологиялары» термині жиі қолданыла бастады. 
Компьютердің  оқу  үрдсіне  техникалық  құралдың  жаңаша  түрі  ретінде 
қолданыла бастауы, бүгінде оқу үрдісін заман талабына сай жандандырудың зор 
мүмкіндіктері пайда болды. Оқытудың белсенді түрлері, өздеріне қажетті ақпарат 
көздерін  таңдауға,  слайдтардың  көмегімен  өз  ойларын  толықтыруға, 
оқушылардың  шығармышылық  жұмыстарын  ұйымдастыруға  кеңінен  жол 
ашылды. 
Электронды  оқу  басылымдарының  мазмұнының  берілуіне  қарай,  электронды 
кітапханада  әр  түрі,  оқушылардың  әр  түрлі  иллюстративті  материал,  мәтіндер 
жинағы жүйленеді.  
Шетелдік және отандық педагогикалық, әдістемелік тәжірибелер көрсеткендей 
оқытуда  компьютерді  қолдану  дидактиканың  негізгі  қағидаларын  кешенді  түрде 
іске асыру үшін өте қолайлы екені белгілі. 
Экрандағы  әр  түрлі  жанды  тапсырмалар,  сөздердің  қимыл-қозғалысы,  түрлі 
түсті графикалық бейнелер, бейнеқатар, бейне фильм, диктордың дауысы, мұның 
барлығы  оқушының  белсенділігі  мен  жоғарғы  мотивациялық  қызығушылығын 
арттырып,  еркін  жұмыс  істеуіне  сөйтіп  оқу  үрдісінің  тиімді  ұйымдастырылуына 
ықпал етеді.  
Компьютерлік 
оқыту 
өзінің 
икемділігімен, 
варианттылығымен 
де 
маңыздылығын 
көрсетеді. 
Мұның 
бір 
шеті 
компьютерлік 
оқу 
бағдарламаларының, 
электронды 
оқулықтар 
мен 
мультимедиялық 
бағдарламалардың  сапасына  тікелейбайланыстылығында.  Компьютерлік  оқыту 
жағдайында  оқу  үрдісін  басқару  мен  технологияландырудағы  оқытушының 
жаңаша  ролі  мен  қызметі  анықталады.  Оқытушының  көмегі,  кеңесі, 
ұйымдасырушылық іскерлік қабілетінің қашанда маңыздылығы айқындала түседі. 
Жаңа  материалды  түсіндіру  барысында  ақпараттық  баяндау,  проблемалық 
баяндау,  дедуктивті  баяндау,  эвристикалық  ізденіс,  көрнекілік  әдістері  арқылы 
жүзеге  асады.  Мәтін  мазмұнына  сай  іріктелген  видеоқатардың  көмегі  арқылы 
оқушының мәтінді терең меңгеруге әсерін тигізіп қызығушылығын арттырады.  
Зерттеуші  В.М.  Монахов  компьютерлік  оқытуда  оқу  фильмдерін, 
видеокөріністерді, 
анимацияларды 
қолданудағы 
көрнекілік 
принципін 
«интерактивті көрнекілік» деп атайды. 
Демек,  ақпараттық  технологияларды  оқу  үрдісінде  пайдалану  оқытушының 
дайындығы  мен  білім  сапасына,  ізденісіне  айрықша  талаптар  қояды. 
Шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыттайды. 
Компьютерді оқу үрдісінде пайдалануда: 

 
Оқушының сабаққа деген ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. 

 
Тапсырмалардың  мазмұндылығы,  қызықтылығына,  жүйелігі  мен 
сабақтастығына назар аударылады. 

 
Компьютер  бағдарламасындағы  тапсырмаларды  орындау  барысында 
олардың жауапкершілігі артып, өздеріне деген сенім, еркіндік туындайды. 


 
Өз  беттерімен  білім  алу  зерттеушілік  ізденіс  біліктері  мен  дағдылары 
қалыптасады. 

 
Тестілік,  диагностикалық  бақылау  әдістері  оқушының  білім  деңгейін 
бағалауға  көмектеседі.  Компьютерлік  оқу  бағдарламалары  арнайы  блоктар 
кешеніне сүйнеді. Олар төмендегідей қызметтерді қамтиды: 

 
Инструктаж-  оқушыларды  ақпараттық  деректер  қорымен 
таныстыру, оқу материалын жүйлеп таныту; 

 
Әр  түрлі  жаттығулар  мен  тапсырмалар  арқылы  оқу  материалын 
бекіту; 

 
Түзету-  кеңес  беру,  ақпараттық  қорды  толықтыру,  оқу 
материалын түрлендіріп ұғыну, бекіту; 

 
Алғашқы ағымдық, қорытынды бақылаулар, тестілеу. 
Бүгінде  оқу-тәрбие  үрдісін  жан-жақты  жетілдіруде  компьютерді  жекелеген 
пәндерге  оқыту  құралы  ретінде    пайдалану  қолға  алынуда.  Білімді 
ақпараттандырудың  негізгі-  электронды  оқу-құралдарын  ұтымды  пайдалануды 
асыру қажеттігі туындауда. 
Ақпараттық  комунникациялық  технологиялар  оқу  үрдісіне  басшылық 
жасаудың  тиімділігін,  икемділігін  арттыруға  көмектесе  отырып,  оқушылардың 
оқу  қызметін  бақылауға  игі  ықпалын  тигізеді.  Мұнда  оқушы  белгілі  бір  білім 
көлемін  меңгеріп  қана  қоймай,  олар  өзіндік  ізденіске,  түісініп  проблеманы  көре 
білуі,  зерттеушілік  әрекетке  ұласып  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілеті  біртіндеп 
қалыптасады.  Енді  оны  табудың  жолдарын  іздестіреді.  Оларда,  тапсырмаларды 
орындау барысында мәселені нақты анықтай отырып, өзінше шешім таба білуге, 
ой қортындысын жасауға ұмтылыс, қызығушылық пайда болады. 
Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің республикалық білімді ақпараттандыру 
орталығының  жетекшілігімен  әр  пәндер  бойынша  ғалым-әдіскер,  мектеп 
мұғалімдерін  тарта  отырып  дайындалған  электронды  оқулықтар  республиканың 
көптеген мектептерінде тиімді пайдаланып, нәтижелерін көрсетуде. 
Электронды 
оқулықтар 
жасаудың 
педагогикалық 
технологиясының 
құрылымы  оқыту  үрдісінің  заңдылықтарына  негізделіп,  бір-бірімен  байланыста 
төрт компонеттен тұрады. Олар: 

 
Мотивациялық мақсатты, мазмұндық; 

 
Операциялық және бағдарлы – нәтижелік мақсаттар болып табылады. 
Бүгінде  республикамызда  компьютерлік  технологияның  даму  деңгейі  сапалы 
түрде  жолға  қойылуы,  бәсекеге  түсуге  қабілетті  білімді  қамтамасыз  ететін  нақта 
алғы шарттар болып табылады.  
Баланың  жеке  басының  ерекшелігін  жан-жақты  танып  білу,  білімді  соған 
қарай  бағыттау,  олардың  жеке  тұлға  ретінде  өзін-өзі  дамытуға,  игі  ықпалын 
тигізеді.  Қазіргі  кезеңде  оқыту  үрдісінде  іс-әрекеттің  әдістемелік  жаңа  бағыттар, 
білім  берудегі  нақты  мақсаттың  нәтижелі  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ететін 
идеялар  көбейіп,  жетіліа  келеді.  Дүниежүзілік  тәжірибелерде  өзін  ақтаған  жаң 
педагогикалық  инновациялардың  түрлерін  тиімді  пайдалану,  оқытудың  басты 
ұстанымдарына  айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. 
Өзін-өзі бекіту сұрақтары
1.
 
Жаһандық білім берудің мәні неде? 
2.
 
Компьютерлік сыныпта білім берудің әдіс-тәсілдері қандай? 
 

№ 12 дәріс тақырыбы Жобалап оқыту технологиясы 
Мақсаты: Жобалап оқыту технологиясы жайында түсінік. 
Негізгі сұрақтар: 
1.Жобалап оқыту технологиясы туралы мәлімет. 
2.Модельдің тиімділігі. 
 
Қысқаша мазмұны.  
Бұл технологияның тиімділігі, біріншіден,  пркатикалық маңызында жатыр. 
Екіншіден, 
ол 
оқушыларды 
шығармашылық 
жұмыстарға 
баулиды, 
шығармашылық қабілеттерін дамытады, әр оқушының дербес ізденісін дамытады. 
Сол ізденіс негізінде олар бір өнімге қол жеткізеді. 
Жобалап оқыту түрлері де әр түрлі болып келеді: 
-
 
зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға баулитын; 
-
 
шығармашылық бағыттағы (макет, киносценарий, т.с.); 
-
 
ақпараттық, яғни, оны жинау, жинақтау, сол бойынша презентация жасау т.с.; 
-
 
модельдеу, (конструкция жасау) инсценировка; белгілі бір оқиғаны, кейіпкер іс - 
әрекетін бейнеге, бір сұлбаға түсіру. 
Жобалап  оқыту  технологиясында  пәнаралық,  пәнішілік  байланыс  маңызды 
орын  алады.  Жоба  жасау  үшін  оқушыға  бірнеше  пәннен  алған  білімдерінің 
көмекке келуі, дүниетанымы, іскерлігі аса қажет. 
Жобалап  оқыту  проблемалық  оқыту  әдіс  –  тәсілдерін  басшылыққа  алады. 
Оның  басты  себебі,  жоба  жасауда  оқушылар  алдына  бір  проблеманың  шешімін 
табу мақсаты тұрады. Мысалы, «Қазақ тілі XXI ғасырда», «Болашақ ұлт мектебі», 
т.с.с. Сондай – ақ білімді жеке тұлғаға бағыттай оқыту технологиясының да амал 
–  тәсілдерді  жобалап  оқытуда  тиімді  болып  келеді.  Өйткені  жоба  жасағанда 
оқушыларға  еркіндік,  таңдау  беріледі,  өз  еріктерімен  топқа  немесе  жұпқа 
бөлінеді, жобаларын қорғауға, пікірлерін дәлелдеуге толық құқықты. 
Қазір 
тәжірибеде 
толық 
пайдаланып 
жүрген 
жобалап 
оқыту 
технологиясында сабақ құрылымы төмендегідей болып келеді: 
  
Жоба жұмысының 
кезеңдері 
Мазмұны 
Оқушы іс - 
әрекеті 
Мұғалім іс - 
әрекеті 
Қорытынды, 
жүйелеу, анализ 
-
 
дайындық кезеңі; 
-
 
жоспарлау кезеңі; 
-
 
зерттеу кезеңі; 
-
 
есеп беру кезеңі; 
-
 
қорытынды, бағалау кезеңі. 
 
 
 
 
Білім  беруде  интерактивті  оқыту  технологиясының  әдістері  де  өте  тиімді 
болып  келеді.  Ол,  әсіресе,  тіл  дамыту  үрдісінде  белсенді  іс  -  әрекет  атқарады. 
Оған:  диспут,  дискуссия,  дебат,  конференция,  рөлдік  ойындар  жатады.  Көбінде 
ауызекі  сөйлеу  түрі  арқылы  жүзеге  асатын  жұмыстарға  пайдалы  болып 
келеді.Соның  ішінде  дискуссия  (пікір  таласы)  дәстүрлі  оқыту  үрдісінде  де 
тиімділігімен тәжірибеде қолданылады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал