Филологическая



жүктеу 55.13 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.01.2017
өлшемі55.13 Kb.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

21

3. Зерде. №6, 1992. - 27-28 б.

4. Азия. №3, шілде, 1992. - 5 б.

5. Жұлдыз. №8, 1992. - 186-197 б.

6. Ақиқат. №10, 1992. - 88-91 б.

7. Ақ Орда. №2, 1993. - 77-80 б.

8. Зерде. №7, 1993. - 18 б.

9. Ақиқат. №4, 1994. - 87-91 б.

10. Қазақ тарихы. №2, 1995. - 55-61 б.

11. Потанин Г.Н. О необходимости собирания произведений народного 

творчества у Киргизов. //Қараңыз: «Дала уалаяты газеті» кітабы/ Құраст. 

Ү. Сүбханбердина/. - А.: Ғылым, 1989, - 567 б.



Түйіндеме

Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклортанушы ғалым 

ретінде қалыптасуы мен өмір жолы сөз болады.

Resume

The paper analyzes the life and development of a folklorist Mashkhur 

Zhusip Kopeev.

ƏОЖ 894.342



БІРЖАН САЛДЫҢ ӨЗІНДІК КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Ж.Қ. Боранбаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

ХХ ғасырдың заңғар жазушысы Ғ. Мүсіреповтің «кейде ақынның 

балалығына таң қаларсың, кейде ақынның даналығына таң қаларсың; Ақын 

– қыран, қияға да қонады, ақын – адам, далаға да қонады. Ақын бойын да 

жасыра алмайды, ойын да жасыра алмайды» [1] деуі сөз шеберлері - ақын, 

сал-серілердің ішкі жан дүниесіне үңілдіреді. 

Көкшетаудың көгінде көкке шалқыған Ақан сері, Укілі Ыбырай, 

Балуан Шолақ сынды заңғарларымыздың қатарында қазақ поэзиясы мен 

өнерінің тарихында орны ерекше, даңқты халық композиторы, асқан әнші, 

дарқан ақын Біржан сал да бар.

Қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы атанған Біржан 

сал – әдемі сөздің зергері, әсем әннің шебері. Оның есімі мен тамаша 

шығармалары қалың бұқараның сүйіспеншілік құрметіне бөленіп, бүгінгі 

түрі ұлттық, мазмұны жаңа асыл қазынамызға айналуда. 



Вестник ПГУ №2, 2011

22 

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,

Таудан аққан құм қайрақ, сен бір бұлақ.

Қайыс болсын, жіп болсын өзіме бер,

Шідерімнің бағасы – қырық қысырақ.

Өзіме бер шідерім тауып алсаң,

Өте қымбат бағасы тілге нансаң.

Жерде шіріп қалса да өзіме бер,

Шыбын жаным қиылсын бітім алсам [2] – деген Біржан 

Ләйлімді кінәлай отырып, қыздың надан ағаларының өзін менсінбей, місе 

тұтпағандықтарына ыза екендігін аңғартады. Әннің желісі жоғалған шідер 

жөнінде өрбісе де, Біржан Ләйлім қызды «сен бір бұлақ» деген сөзімен құмда 

таптырмас бұлақ көзіне теңеп, ерекше метонимиялық қолданыс жасайды. 

Ләйлім қызға деген сыйластық сезімін білдіреді.

Өзі жалғыз, өзі асар күрең төбел,

Жексем – арба, мінсем – құс, жүрер жедел,

Сатпаймын да, бермеймін еш адамға,

Қолқа қылсаң басқаны ал, шідерді бер [2] - деген ақын өз ойын 

«Шідер» атты өлеңінде жалғастырып, тұлпарын «жексем – арба, мінсем - құс» 

метафорасымен әдемі көмкеріп, ерекше туған жануарға балайды. Сал-сері 

үшін маңызды нәрсе – жүйрік тұлпар, қыран бүркіт, сұлу әйел екендігін 

аңғартады. Ауылдарына қарай ат басын бұрып, қонақтап келген Біржанды 

танымағандай сыңай танытқан, кеуделерін керіп, өр көкіректенген Көлбай, 

Жанбайларды:

Ит-көліксіз қалам ба, шідерім жоқ,

Шідер үшін сендермен араз болдық [2] - деп ащы тілімен мұқатып, 

тығырыққа тірейді, үйіне қонақ қылып аттандыратындай халге жеткізеді. 

«Ақын жаны тез жараланады, оңай жазылады, емі көп. Ақын жүрегіне кек 

тұрмайды. Басына іс түскенде сүйенгені – халқы да, құралы – әні болды. 

Оның әндері өмірінің «жыл жазбалары» [3. 34]. Тегінде, сал-серінің өмірі 

ел аралап, жер кезумен түзде өткен. 

Көл жағалай бітеді көкше құрақ,

Ән салмағың қайда еді-ау, Ләйлім шырақ.

Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп,

Ән екен Біржан салған «Жайма шуақ» [2] - дегендегі Қозыбақ 

үйінде шырқалған «Жайма шуақ» әніндегі сөз саптау ерекшелігі, ерекше 

әсемдеу мақсатында «Көл жағалай бітеді көкше құрақ/ Көкше құрақ көл 

жағалай бітеді», «Ән екен Біржан салған «Жайма шуақ»/ «Жайма шуақ» 

Біржан салған ән екен» сынды сөз ауыстырулары, «сөздердің әдеттегі 

грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, өзгеше тіркестер құрайды» [4. 234] 

асқан шеберлікпен ұйыстырылған ақын тілінің сөз байлығын аңғартады.


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

23

Өттің жалған, кештім сайран.

Уә, шіркін, қыз бала-ай

Жастықтың әсерімен еттім сайран [2] - деп «сайран» сөзін 

қайталай жырлауы «оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені 

не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға 

мұқият сіңіре түседі» [5. 229] Біржанның ғана бойына тән өмір сүру салтын 

байқатады.

Бүркітті асуынан талай өттім,

Қалың ну орманында сайран еттім.

Айнала Жөкейкөлдің жағалауын,

Шіркін-ай, бір көруге арман еттім [2] - деген «Бүркітті» әнінде ақын 

табиғат-анаға деген ерекше сезімін білдіріп, өзі сайран құрып, ән шырқаған 

дала сахнасына бас иеді. Туған жерінің орман алабын «қалың ну орманым» 

сынды эпитетімен әсемдей келіп, Жөкейкөлдің жағалауын мен мұндалап 

алыстан көрінетін армандағы жұмақтай жерге балайды.  

Бар саналы ғұмырының рухани азығына айналған әсем әндерді 

нақышына келтіре салған Біржан салға бір әнді түрліше шырқау да тән 

болған. Олардың қатарында «Ақтентек», «Телқоңыр», «Бурылтай» сынды 

әндер бар. 

Ақынның «Ақтентегінің» екі нұсқасы да ерекше серпінмен, көтеріңкі 

дауыс ырғағымен айтылатын әндер. 

Қызы едің Ақтентектің Шұға, Мақпал,

Әр жерде сабырлы ерді тәңірім сақтар.

Көңілім бір-біріңмен болса ғасыл,

Ауылын сұлу қыздың жігіт жақтар [2] - деген жолдар арқылы 

Ақтентек байдың үйіне келіп түскен Біржан «ай десе аузы, күн десе көзі бар» 

Шұға мен Мақпалдай қыздардың жүректеріне жол салса, 

Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,

Ешкімнен кейін емес салтанатың.

Алыстан ат терлетіп келіп едім,

Жүрмісің есен-аман, перизатым [2] - деп Ажар қызға деген ерекше 

ілтипаты мен сезімін байқатады. Біржанның «ат терлетіп» іздеп келген Ажар 

қызды «перінің қызындай әдемі, көркем, нұрлы» [4. 674] аруға теңеуі де 

сондықтан болса керек. 

Біржан салдың ән қайырмасын «құйқылжытып, еркелетіп, дауысын неше 

саққа жүгіртіп, ойнақшытып алып кететіні» [3. 38] тіптен ерекше:

Гей-гигей-гек-гек, гей-гигей-гек-гек,

Лиллай-лиллай, лиллай-лиллай,

Лиллай-лиллай-лай-лау [2] - деп әннің алғашқы нұсқасын үй іші – 

Ақтентек байдың сұлу қыздарына арнау ретінде шырқаса, екінші нұсқасын сол 

құйқылжыған әннің әуеніне еріп, бойлары елжіреген ауыл жастарына арнайды:



Вестник ПГУ №2, 2011

24 

Кеш болса, күн батады таудан асып, 

Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып,

Ымырт шам қараңғысы болған кезде,

Қауышып табысады неше ғашық [2].

Шумақтағы не бір керемет сөздер мен сөз тіркестер ымырт түсе сала бір-

бірін аңсай қауышқан ғашықтарды көз алдыңа еріксіз елестетері хақ. Ақын 

тіліндегі «шапаққа қызыл алтын нұрын шашып» деген сөз өрнегі «қызыл 

шапақ», «алтын нұры» сынды эпитеттермен көмкерілгендігін аңғарсақ.

Боз үйден таң алдында шығар күйеу,

Артынан жары қарар бетін басып.

Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,

Қарағым, бір сүйгізші, аузыңды ашып, ей-ау [2] шумағынан 

жаңадан отау құрып, жас жұбайлар атанған қос ғашықтың бір-біріне деген 

ынтық сезімін көреміз. Ерекшелігі сол, шумақтағы «Боз үйден таң алдында 

шығар күйеу, Артынан жары қарар бетін басып» деген жолдардан қазақи 

мінез бен ұяңдықтың лебі есіп тұрғандай әсер қалдырады. Біржан әндерінің 

тарихы мен табиғатына біраз тоқталған А.Жұбанов: ««Тентек» - көңілді, 

мажор кейіпті ән» [3] деп тұжырымдайды. Ойымызды қай саққа жүгіртсек 

те, аталған әннің екі нұсқасы да сұлулық пен сүйіспеншілікті дәріптей отыра, 

ғашық жандардың арасындағы сезім ұшқындарын көркем суреттей білген 

ән екені даусыз. 

Біржанның «бүгінгі күні нотаға түскен» «Телқоңыр» әнінің де екі 

нұсқасы белгілі. Әннің алғашқы нұсқасы;

Телқоңыр қайтып кетті елге таман,

Ит-құстан барар ма екен есен-аман.

Ит-құстан есен-аман бара қалсаң,

Сәлемді үш қайтара айттым саған [2] шумағында өзінің жүйрігі – 

Телқоңырдың ит-құстан амандығын тілесе, 

Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,

Салсайшы өзімдей ғып Телқоңырға [2]

деп жүйрігін әніне де қосады. 

Әннің келесі нұсқасында да айтылған ой желісі үзілмейді:

Жүйрік ат, қыран бүркіт, Қазан атым,

Құлақ сал Телқоңырға, азаматым,

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Тез жеткіз Телқоңырдың аманатын [2].

Бір өзгешелігі – әннің екінші нұсқасы «жүйрік ат» эпитетімен, «қыран 

бүркіт» плеоназмдық қолданысымен әрлене түскен. Әнші бірде «Ит-құстан 

есен-аман бара қалсаң, Сәлемді үш қайтар айттым саған» деп шырқаса, 

енді бірде «Қалқаға үш қайтара айттым сәлем, Ит-құстан бара қалса есен-

аман» деп сөз орамдарын ауыстыра шырқайды. Абайша айтсақ, «ер данасы 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

25

қиыннан қиыстырған» ән шумақтарының әрі бұдан бетер көркейе түспесе, 

кемімесі анық.

Біржан сал әндері негізінен белгілі себептерге, тіпті дүйім жұртты 

дүрліктірген оқиғаларға сабақтас туып отырған. 

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.

Байлыққа, мансапқа да құмар емен,

Өзім сал, өзім сылқым, неге зармын [2] - деп жырлаған ақын жүрегі 

тыңдаушысына айқара ашылып, сыр шерткендей әсер қалдырады. Біржан сал 

«Адамға зияным жоқ жүрген жанмын» дей отыра соқтықпағанға соғыспайтын 

момындығын сездірсе, «Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе, «Сен түгіл басқаға 

да бас ұрмаймын» деп керіскенге берісіп қалмайтын өжеттігін аңғартады. 

Қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске 

көтере алған әйгілі композитор Біржан сал бәрінен бұрын қалың қазағы 

үшін– күміс көмей әнші, ақындығы мен серілігі жарасқан тұлға. Әрбір үлкен 

дарын иесі сияқты, ол қазақтың ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік 

дара ән мектебін орнықтырып кетті. Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-

әлеуметтік ахуалы, салт-дәстүрі, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, әсіресе, 

адам сезімінің алуан толқыныстары оның әндері арқылы сұлу сөзбен, асқақ 

рухпен бедерленіп отырады. 

Бірде ол:

Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,

Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,

Жиылысы жандаралдың болады деп,

Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай [2] - деп өз жүрегін 

кернеген күшті дауысын сампылдаған «қоңыр қаздың дауысымен» астастыра 

отырып, өз абырой-атағы үшін Біржанды бауырына тартып, жеке үй тігіп 

беріп, басқалардан қызғыштай қорғап, жиынға өзімен бірге алып келіп, 

қызғанып жүретін Жанбота болысты сөз еткендігін аңғартса.

Бірде: заманның зауалы мен тағдырдың тәлкегіне ыза болып,

Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,

Қолымнан домбырамды алды тартып [2] - деп бар қасиетінен 

айрылғандай күй кешеді. Домбырасыз қалған өзін адасқан қойдың кебіне 

кіргендей сезінеді. Оның орындауындағы шалқыған аққу әнінің сегіз 

болыстың бір дүмдісі – қалың Қарауылдың мықты бір атасы – қара ормандай 

Қарашаны өргізіп – жусатқан аты шулы Азнабай Жантай баласының 

саудасына кедергі келтіргендігін байқатады.  

«1865 жылдың жазы. Қазақ даласының «құдайы», омбы генерал-

губернаторы Көкшетау дуанына келмек. Соған қызыл танау дайындық. Ала-

шапқын әбігершілік... Ақжал айдыны көз көрімге шалқыған қопа көлінің 

теріскей шығысы. Кәусар сулы, бал құрақты, Шағалалы өзені көлді ту сыртынан 



Вестник ПГУ №2, 2011

26 

ойқастай орып, ойысып кеп-кеп, кенет Азат тауына қарай шалқая тартатын 

әдемі иіні. Азнабайдың әкесі Жантайда сіңірі шыққан көк қыран кедейлер еді. 

Сол тұрмыс тауқыметі қаршадай Жанботаны бір бай патша көпеске бақыршы 

бала боп жүруге мәжбүр еткен. Еті тірі, ептейлі бала қожасына еңбегімен 

жағады. Түтінге қақалып қызылкөз болып жүрген ақысына тиесілі тиын-тебенін 

тырнақтап та жинайды, сәті түсіп қалғанда бес тиындап, он тиындап «нәсіп те» 

тауып, үзікке ұшық жалғайды; орысша алым берім тіл де «сындырады», соның 

арқасында ғайыптан басына «бақыт құсы» айналды – қазаққа шалымды ұлыққа 

жағымды болады, шен-шекпенге қолы жетеді. 

Ал енді өзі басы «жылтыр», бір көзі шодырайғандау, кескінсіздігі демесе, 

шаруаға алғырлық жағынан Азнабайда біреумен таласарлық еді. Ол кәсіпті 

талшіліктен сыпырғыш байлап, оларын жаяулап жалпылдап дуанға жеткізіп 

пұл етуден бастаған. Сөйтіп жүріп саудагер көпестерден таныс біліс тауып, 

олардың жегінге жарамай қалған арық-тұрық жылқыларын су тегінге сатып 

алып, «қыдыр дарып» соншалықты тез көтеріліпті. [6]. 

Біржан дегенде Азнабайдың ішінде көзі ашық жылан жатқаны қашан. 

Екеуінің арасында шақпақ ағаш Балқожаға байланысты шағылған болатын. 

Ана бір жылы ояздан орысша оқуға бала сұратқан пәрмен түссін. Содан, 

Азнабай өз ағайындасы, шоқпыт оранған, Құдайберген кедейдің жаман 

таз баласын бақыртып берсін де жіберсін. Ол оқып, елге төре болып келді 

де, Азнабай өзіне тілмаш әрі хатшы ғып ұстады. Сол-ақ екен Балғожаның 

желкесіне жал бітті, көзіне шел бітті. Біржанның от сөзіне кім тоқтау, 

бірде өлеңмен Балғожаны сілейтті де салды. Атасының аштан өлгенінде, 

Азнабайдың ұлыққа қолынан ұстап беріп жібергенін де, арғы-бергісін түгел 

қопармай ма кеп...» [6]. Одан соң Біржан әкесінің оң жағында отырған Айжан 

атты сұлу қызға арнап: 

Қызы екен Айжан сұлу Ақжол байдың,

Құрметін көріп едім талайлардың.

Бұралған тал шыбықтай нәзік белі

Оралған жағасында терең сайдың [2] - деп «Айжан қызға» әнін 

шырқайды. Айжан қыз Қылды қарауылының байы Махамбет Оразалы 

баласының айттырып қойған қалыңдығы. Махамбет Азнабайға талас, 

құдандалас... Саудасы қаңтарылғаннан бұрын, ақынның Айжан қыздың 

қыпша белін «терең сайдың жағасында оралған нәп-нәзік тал шыбыққа» 

теңеуі, ертіп әкелген елі түгел сыпырылып Біржанның аққу әнін тыңдауға 

кетіп, өзі жалғыз қалуға айналғаны – ақ Азнабайға қатты қорлық болып тиіп, 

қорлық - намыс қысып, ашу-ызасы келген Азнабайдың айт десе қарамай 

барып алатын есерсоқ поштабайы Сайлыбайды тоқтату үшін жібергендігінен 

хабарлар етеді. 

Көптеген әндерінің арқауы болған ару қыздардың асқан сұлулығын 

табиғат-ананың әдемі өрнектерімен керемет ұштастыра білген шеберлігін 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

27

аңғартады. Әсемдікке, әдемілікке лайық бейнелі сөз, балама, сурет теңеулер, 

эпитет, метафора қолдану арқылы тыңдармандары мен оқырмандарының 

сезімін қозғайды. Шығарма келбеті-образды сөз, құнды, құнарлы тіл 

дегендей, Біржан салдың өзіндік көркемдік ерекшелігін, әдіс-тәсілдерін, 

оны қолданудағы шеберлігін, тіпті сөйлем құрауының ерекше екендігін 

көрсетеді. 

Өнер жолын медреседен бастаған Біржанға ұстаздары Имағамбет 

Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлымен қоса Көшебелі көп Керейге 

аттары мәлім ақын, өнерпаздар діни ғибратшылыққа қоса, ән-күй 

өнерін, ақындық-жыршылықты, қол өнерінің алуан түрлерін, атбегілікті, 

аңшылық-саятшылықты үйретіп, болашақ сал-сері атағына лайық болып, 

өнердің үлкен жолына түсуіне бірден-бір негіз болса, өз кезегіндегі 

Біржан салдың биік өнері Жаяу Мұса, Басығараның Қанапиясы, Құлтума, 

Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты әнші-композиторларға 

тікелей ықпал етіп, тағылым болып, «бұрынғы-соңғы қазақтың сал, сері 

ақындарының ағасы, ұстазы, жаңашыл өнерпазы» [7] ретінде ән өнерінің 

одан әрі өріс ұзартуына шапағатын тигізді.   

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мүсірепов Ғ. Кездеспей кеткен бір бейне. - Алматы: Өнер, 1982. 

2. Қазақ әндері. ІІ том. - Алматы: Жазушы, 1968.

3. Жұбанов А. Заман бұлбұлдары: Өңд.толық. 2-бас. – Алматы: Дайк-

Пресс, 2001. - 440 бет.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/Жалпы ред.басқ. Т. Жанұзақов 

– Алматы: Дайк-Пресс, 2008 - 968 б. 

5. Қабдолов. Сөз өнері. - Алматы, 1976.

6. Көкшетау правдасы газеті. 22.10.88. 

7. Оқжетпес газеті, маусым, 1994. 



Резюме

В статье исследуется поэтическое мастерство Быржана 

сала – поэта, певца, композитора, исполнителя и импровизатора. 

При проведении исследования использованы работы А. Кунанбаева, 

С. Муканова, А. Жубанова. 

Resume

In the article the creativity of Byrzhan sal – the poet, the singer, 

the composer, the executor and the improvisator is investigated. At 

carrying out of the research A. Kunanbayev, S. Mukanov, A. Zhubanov 

works are used.

Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Литература абишева К. М. Основы теории и практики перевода. Астана, 2008
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая 9 Əож 827. 512. 122 Қазақ лирикалық прозасының Қалыптасу
zhurnal st -> Гуманитарная 47 Əож 297: 1 М. Ж. КӨпейұлының діни
zhurnal st -> Вестник пгу №2, 2011 64 Əож 882. 151. 212. 2-14 Қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы
zhurnal st -> Вестник пгу №1, 2010 126 Resume
zhurnal st -> Қазақстан мен ұлыбритания қарым-қатынасын тұРАҚты дамытудағы елбасының Қызметі р. Р. Оспанова

жүктеу 55.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет