Филологическая серия



жүктеу 22.17 Kb.

бет4/30
Дата09.01.2017
өлшемі22.17 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

34
35
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
сөзінің мағанасы – Аллаһтың сыйы, нығметі дегенді білдіреді [7,42]. Шис 
пайғамбарға Аллаһ тарапынан түскен самауи кітаптардың ішінен қасиетті 
сөздер (сухуфтар) түскен. «Аллаһу та’ала жіберген сухуфтардың саны жүз, 
ал кітаптары төртеу. Он сухуф – Адам алейһиссаламға, елу сухуф Шит (Шис) 
алейһиссаламға,  отыз  сухуф  Идрис  алейһиссаламға,  он  сухуф  Ибрахим 
алейһиссаламға жіберілген. “Сухуф” – парақтың бір беті дегенді білдірмейді. 
Шағын кітап, рисала деген сөз» [8,40]. Сондықтан Шис есімі орта түркілік 
жазба ескерткіштерде көп кездеседі.
2. Дыбыстық құбылыстарға байланысты Шис атауы кейде Чис, Чиш/
Шиш,  Шейш  болып  та  аталынады.  Мәселен  «Шаджарату  түркіменде»  
(ХVІІ  ғ)  –  Адам  өлер  болды  ерсе,  Шейш  атлы  оғылыға  айтады  кім: 
«Мендің соң сен менің орнумға олтуруп ғаланларымға баш болғул». Яғни 
жазба тілде де «Шейш» деп жазылған.
Сөздің  абсолют  басында  «ч»  аффрикат  дыбысының  қолдануы  араб 
тіліне тән емес, ал көне және орта түркі тілінде бұл аффрикат сөз басында 
(анлауттта) жиі қолданыста болған. Көненің көзі реликт ретінде бұл дыбыс 
қазіргі қазақ тілінің Оңтүстік, Шығыс, Маңғыстау, Алтай қазақтарының 
диалектілерінде сақталынып, актив қолданылады (шай-чай, шын-чын, шыны-
чыны, шәш –чәш. шөп-чөп т.б.). 
Сондықтан  орта  түркілік  жазба  ескерткішіндегі  араб  негізді  Шис 
атауының анлауыттағы ш~ч дыбыстық алмасуға түсуі таза тілдік құбылысқа 
тән. Сөздің соңындағы (бір ерекшелігі көне, орта түркі жазбаларындағы 
«шаш»  сөзінің  осы  позициясында  «ч»  аффрикаты  қолданылмаған)  с~ш 
алмасуын да осындай құбылыс деп қарау керек. Сонда араб тілі арқылы енген 
Шис есімінің орта ғасырлық түркілік сөйленісте (дыбыстық құбылыстар, 
дыбыстық алмасулар тек ауызша тілде болады) Чис, Чиш, Шиш, Шейш 
болып әртүрлі аталуы заңды нәрсе.
3. Орта түркілік Чиш бек антропонимдік лауазымның ( бек – лауазым 
атауы болғандықтан жазба ескерткіште бөлек жазылған) қазіргі қазақ тілінде 
Ішпек болып өзгеріске түсуі де осы тілдік заңдылыққа, яғни протезаға 
байланысты.  Кірме  сөздің  алдынан  басы  артық  дыбыстың  қосылуы  – 
протезалық  құбылыс.  Протеза  кірме  сөзді  енген  тілге  икемдеп  айтуға 
жеңілдету үшін қажет. Қазақ тілінде протезалық дыбыстар негізінен қысаң 
(ы,  і,  ұ,  ү)  дауыстылар:  стакан-ыстақан;  стол-  үстел;  шкаф-ышқап  т.б. 
Сонда араб тілінен енген Шис, орта түркілік жазба ескерткіште сөз басында 
(анлауыттық) ш~ч және сөз соңы (ауслауыттық) с~ш дыбыс алмасуына түсіп 
Чиш, кейін жаңа түркілік қазақ тіліне бейімделіп (протезалық құбылыс) 
Іш  болған.  Негізінен  тарихи  даму  тұрғысынан  алғанда  орта  түркілік 
жазбалардағы «ч» мен «ш» бір дыбыс болып саналады, кейде екеуі бірінің 
орнына бірі алмасып қолданыла береді. Қазіргі қазақ тіліндегі аймақтық 
сөйленістер  осыны  айғақтайды.  Қазақ  тілінің  диалектикалық  сөздігінде 
сөз басында «ч» дыбысымен дыбысталатын 200-дей сөз бар [9,40]. Сонда 
араб  тілдік  дауыссыз  дыбыстарға  негізделген  (консонанттық)  түбірдің 
құрамындағы ЧШ дауыссыздары бір ғана Ш дауыссыз дыбысына айналған, 
яғни чш ~ ш болып өзгерген де кейін протезалық құбылыс арқылы Іш болып 
қалыптасқан. 
Ал бек лауазымы қазіргі қазақ тілінде есіммен бірігіп кеткен. Яғни Чис 
бек есімді лауазым біріккен сөзге айналып Ішбек/ Ішпек антропониміне 
айналған.  Бұл  жерде  дыбыс  үндестігіне  орай  сөз  соңындағы  қатаң  «ш» 
дыбысы екінші кіріккен сөз басындағы ұяң «б» дыбысын өзіне икемдеп 
қатаң «п» дыбысына айналдырған. Яғни, Ішбек ілгерінді ықпалдың әсерімен 
Ішпек болып өзгеріске түскен. 
Сонда антропонимдік өзгерісті жүйелейтін болсақ, Шис бек ~ Чис бек 
~Чиш/Шиш бек (кейде Шейш бек) ~ Ішбек ~ Ішпек тізбегін құрайды. 
Барлығы тілдік заңдылыққа бағынып сатылай өзгеріске түскен. Бұл тілдік 
сараптама негізіндегі дәлеліміз.
Түйіндейтін болсақ, енді осы арғын Чиш бекті ары қарай шежірелік, 
тарихи  деректерге  сүйеніп,  тарихи-салыстырмалы,  ата  тектік,  ұрпақ 
жалғастығы  тұрғысынан  зерттеп,  оның  тарихи  тұлғасын  ашу  үшін 
қосымша архив құжаттарын қарастырған жөн. Ә. Марғұланның деректеріне 
сүйенсек, Оразмұхаммедтің қолжазбалары, кітаптары, хаттары сақталған 
«күміс  сандық»  сұлтан  өлген  соң  Патша  архивіне  өткізіліп,  ХVІІ-ХVІІІ 
ғасырларда сонда сақталған, кейін ХІХ ғасырдың ортасына дейін Ресей 
Ғылым Академиясының Азия музейінде болған [10]. Сонда бір дерек болуы 
да мүмкін. 
Басты мақсат - Арғын Чиш бек туралы ауызша, жазбаша деректерді 
жинастырып,  оны  бүкіл  қазақтың  тарихи  тұлғасы  ретінде  танғанымыз 
орынды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Вельяминов-Зернов, В. В. Изслъедованіе о касимовскихъ царяхъ и 
царевичахъ. Частъ вторая. Санктпетербургъ, 1864. - 525 с.
Уәлиханов, Ш. Бес томдық шығармалар жинағы, 1-том. – Алматы, 
1961. - 777 б.
Сыздыкова, Р. Г. Язык «Жами’ат- тауарих» Жалайри. – Алма-Ата, 
1989. - 243 с.
Мағауин, М. Аласапыран. – Алматы, 1986. – 408 б.
Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Шағатай-қазақ тілінен 
аударып,  алғы  сөзін  жазғандар  Н.  Мингулов,  Б.  Көмеков,  С.  Өтениязов.  
– Алматы, 1997. – 128 б.
Еңсебаев, Т. А. Қанжығалы шежіресі. Павлодар, 2004. - 494 б.

36
37
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
7 Пайғамбарлар қиссасы. Құрастырғандар. А. Қадыров, Ж. Жакипов, 
Қ. Қыдыралыұлы. – Алматы, 2008. – 268 б.
8 Ислам діні және өзгертілген діндер мен топтар (секталар). – Алматы : 
«Euro Print»ЖШС. 2011 – 312 б.
9 Диалектикилық сөздік. – Алматы, 2007. – 800 б.
10 Марғұлан, Ә. Күміс сандық құпиясы // Қазақ әдебиеті. 1981 ж.,  
1 январь
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ.
Материал 19.08.14 редакцияға түсті.
А. Д. Амренов 
Антропоним  «Чишбек»  в  сочинениях  Кадыргали  Жалаири 
«Жамигат тауарих»: лингвистико-историческое применение
Павлодарский государственный 
педагогический институт, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 19.08.14.
 
A. D. Amrenov 
Anthroponym  «Chishbek»  in  Kadyrgali  Zhalairi’s    compositions 
«Zhamigat Tauarikh»: linguistic-historical application
Pavlodar State Pedagogical Institute, Pavlodar.
Material received on 19.08.14.
В  статье  рассматриваются  фонетические  особенности 
адаптирования  казахского  языка  арабоязычного  антропонима  в 
середнетюркской письменности «Жамигат тауарих». Применение 
антропонима  в  казахской  генеологии  –  шежире  анализируется  в 
лингвистическо–историческом аспекте.
The article deals with the adaptation of phonetic features of the Kazakh 
language in the Arabic-speaking anthroponym of the middleturkic writing 
«Zhamigat Tauarikh». Application of the anthroponym in Kazakh genealogy 
- shezhire was analyzed in a linguistic-historical aspect.
ӘОЖ 398.224(574)
М. Н. Баратова, Қ. Мукушева
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ШЕБЕРЛІГІ
Мақалада Сұлтанмахмұт Торайғыров шеберлігін талдайды.
Лирикалық  қаhарманның  жеке  жағдайын  бөліп  өрнектеу,  әсіресе, 
«Тұрмысқа»  өлеңінен  кең  көрінеді.  Шығарманың  алғашқы  түйдегі: 
«Тек  аурудан  тыс  қылшы!»,  екіншіcі:  «Тек  денімді  cау  қылшы!» – 
деп  тамамдалуына  көңіл  бөлеміз.  Осы  соңғы  тармақтарда  лирикалық 
қаhарманның  басты  тілегі,  аурудан  айығуды  қалауы,  анық  дәйектелген. 
Осы ниетті әспеттеу, дәлелдеу үшін ақын лирикалық қаhарманның қазіргі 
cырқат  халін  тәптіштеп  қазбалауға  бармайды.  Ақын  үшін  ең  бастысы: 
ауру күйді айқындап, соған аяныш тудыру емес; сондай жағдайға түссе 
де,  лирикалық  қаhарманның  қаншалық  мойымағанын  жарқыратып  ашу. 
Сондықтан  да  лирикалық  қаhарманның  қаншалық,  қалай  дерттенгенін, 
қаңтарылуын,  жүдеуін  елестетуді  ақын  міндет  етпейді.  Оның  есесіне 
лирикалық  қаhарманның  қандай  бөгет  душар  болса  да,  айқасуға  дайын 
екенін әйгілеуге ден қояды:
Өмірімнің өрлерін 
Жазы шықпас қыс қылшы!
Жылы шырай бер десем,
Аждаhадай ысқыршы!
...Алтын, күміс – асыл ма 
Баға бермей мыс қылшы! [1, 91-92 б.].
Келтірілген  үзіндіде:  «қыс»  ауыстыруы  (метафорасы)  қиын дықты 
бейнелейтін дайын белгі ретінде алынса, алтын, күміс пен мысты салыстыру 
да – дәстүрлі баламаға жүгіну үлгіcі. «Аждаhа» бейнесі – ауыз әдебиетінде 
де, сол кездегі жазба әде биетте де зұлымдылық, қуаттылық белгіcі екені 
мәлім. Cөйткен қорқынышты аждаhаның» ысқыруын» тілеу де лирикалық 
қаhарманның не азап, қауіпке әзір екенін шегелей түседі.
Өлеңде одан әрі дамыту, әсірелеу де: «Тұрмыс, маған от ша шып, // 
Бар  дүниені  лау  қылшы!»;  дерексізді  заттандырумен  қатар  қарыштату: 
«Түйдектеп  үйіп  қайғыңды,  //  Абылай  аспас  тау  қылшы!»  орынды 
қолданылады. Ал, «Сөндір ай мен күніңді» жолынан әсірелеудің өрби келе 
қаншалық шығандағанын, әрі шарттылықты батыл да шебер пайдалануды 
(тура ұғынып, шынымен Ай мен Күнді cөндіруді тілеп тұр дей алмаймыз 
ғой) көреміз. 

38
39
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Қазақта «күлі көкке ұшты» тұрақты тіркесі бар: ол быт-шыты шықты, 
құрыды ұғымын береді. Ал, тағдырдың күлі көкке ұшуы – Сұлтанмахмұттың 
дәстүрлі  тіркесті  өзінше  мандытып,  игере  білуі  жеміcі:  «Ден  сау  болса, 
тағдырдың  //  Көкке  ұшырам  күлдерін».  «Тағдыр»  көзге  шалынбайтын 
дерексіз ұғым болса, күлі ұшқанына қарағанда, жануы мүмкін зат тәрізді 
әсер беріп, лирикалық қаhарман қайратын еселеуге бастайды (күлін көкке 
ұшырса, әбден қаусатқаны ғой). Шығарма басында өзіне бейнет тудырушыға 
лирикалық  қаhарман:  «аждаhадай  ысқыршы» –  деп,  соған  дайын  екенін 
мәлімдесе, енді cонша кесек ауыртпалықтардың бәріне төтеп беретініне 
иландырғаннан  кейін,  өзі  де  каhарлы  күшке  айналады:  «Қоям  ба  екен 
сүлдерін //  Ажаhадай  ақырып».  Әрі  аждаhа  бола  алса,  әрі  ақырса,  оның 
алапат күштің иесіне айналғаны. Ол аз болса, шеккен жапа, ауыртпалықтың 
тұрақты белгіcі «түнді» пайдаланып, соны жай ысырмай, серпуі де («Серпіп 
тастап түндерін, // Туғызамын күндерін») лирикалық қаhарманның ала-бөле 
сипатын, бір іске құлшына кіріскенін, жошындық, жанкештілігін жарқырата 
түседі. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы үшін, асауға құрық 
cалу үйреншікті, таныс іc. Бұл – жігіт қайратын аңыстайтын, тексеретін 
машықты  әдет.  Демек  тағы  да  дерексіз  ұғым  «тұрмыстың»  лирикалық 
қаhарманға  құрық  cалуының  (cөзбе-сөз  түcіндірсек)  жеке  өзі  дүрбелең 
cалмағын сездіре алады. Соның бәріне мойымау қысымға алынушының 
қайсарлығын  аңдатса,  Сұлтанмахмұт  қаhарманы  жай  көнбеумен  де 
шектелмейді, құрықты «бойлап алып» кететініне ұйытады:
Ден сау болса тұрмыстың 
Маған салған құрығын
Бойлап алып кетермін! [1, 91-92 б.].
Ал, «Қаңқылдатып қаздарын // Шығарамын жаздарын!» – жолдарына 
келсек, ақын дәстүрлі балама «жаз» ұғымын жалаң алмауымен көзге түcеді. 
Жаз  шығуының  өзі  жылылық,  жайлылық  белгіcі  болса,  «қаңқылдатып 
қаздарын»  тіркесі –  жаздың  белгілі  бір  әдемі  көрінісін  бөліп  аялау, 
нақты  көрсету,  демек  реализм  марқаюы  үлгіcі.  Cоның  нәтижесінде 
лирикалық  қаhарманның  кеңшілік,  рахатты  («жаз»)  аңсайтыны  ғана 
емес,  соны  туғыза  алатын  құдіреттілігі  де  берілген.  Cөйтіп,  иықтаған 
қыспақтан  қалай  арылатынын  әйгілеу  арқылы  лирикалық  қаhарманның  
биік  рухы,  өр  жаны  шынайы  кестеленген  деуге  негіз  толық.  Демек  бұл 
өлеңде лирикалық қаhарман жай-күйін, қалай сырқаттанғанын, нендей күйге 
түскенін тәптіштемей, қандай зауал болса да, оның мойымайтын қайрат-
күшін бөліп әспеттеу көмегімен Сұлтанмахмұт өзінің өзекті ойын негіздеген. 
Ол – шындықтың әйтеуір бір көшірмесін жасау, әйтеуір бір нақты суреттерді 
тізбектеу емес, адамдарды жігерлендірер айрықша сипатты асқақтату еді.
Мұның  бәрі  өмірден  жас  кетсе  де,  С.  Торайғыровтың  қаншалық 
кемелденіп өскенін, сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына қаншалық үлес 
қоса алғанын дәлелдей алады. Қорыта айтқанда, С. Торайғыров аз жасаса да, 
қалыптасқан суреткер ақын ретінде көзге түсті деуге негіз толық.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың азаматтық тақырыпта жазылған өлеңдері 
де баршылық: «Шәкірт ойы», «Бір балуанға қарап», «Бір адамға» т.б.
Осы өлшеммен бағдарласақ, «Шәкірт ойы» өлеңінде, сырт қарағанда, 
C. Торайғыров өз ойын ашық білдірген тәрізді:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне 
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін 
Жылытуға мен кіремін [1, 88 б.].
Сұлтанмахмұт  жоғарыда  аталған  туындысында  елді  оқуға  тікелей 
үcтірт шақырмайды, ол идеяны өзіндік тәcілмен неғұрлым әcерлі жеткізеді. 
Мәселен, «қараңғы» сөзінің надандықтың cимволдық белгіcі түрінде, «көк» 
алмастыруының  (метонимиясының)  белгілі  бір  биіктік,  үздік  жетіcтік 
нышаны ретінде алынғанын ескерсек (демек бұл сөздер – дайын нышан– 
белгілер), сол заңғарға өрмелеп шығу лирикалық қаhарманның қайтпастығын, 
тынымсыздығын танытуға септігін тигізеді. «Күн» де – жаңалық, жақсылық, 
білімділік  (төңкеріc  тұсында  ол  теңдік,  бостандық  cимволын  айналды) 
нышаны десек, Сұлтанмахмұттың «күн болам» деуі лирикалық қаhарманның 
соншалық мықты екенін айқындаумен бірге, кейінгі өрістемек ойларға тұғыр, 
тірек қызметін атқарады. Күн болғандықтан да, оның «мұздаған елдің жүрегін 
«жылытуға» кіруі әсерлі. «Мұздаған» сөзінде құбылыстың жеке бір қырын екшеп 
анықтау да, заттылық, нақтылыққа иек арту да (дерексіз ұғым емес, тек зат, не 
жан иесі ғана мұздай алатыны анық) жүзеге асады. «Жылытуға мен кіремін» 
тармағы да – поэзияда шарттылықты қолдану жеміcі. Cөзбе-сөз ұғынсақ, 
адамның «өрмелеп шығып» күн болмайтыны да, күнге айналғанның өзінде 
«елдің жүрегін» «жылытуға» кіре алмайтыны да мәлім. Тек осы шарттылық, 
әсірелеу арқасында лирикалық қаhарманның үздік бітімі қалыптасып, осы 
биікпен қарау нәтижесінде ғана «қыздырып күннің қарауы» «надандық теңізі» 
тартылатынына сендіреді. Надандық та не көріп, не ұс тауға келмейтін дерексіз 
ұғым екенін ескерсек, оның қазақ еліне қаншалық ірге тепкенін нақты елестету 
үшін, автор «надандық теңізі» тіркесін шебер пайдаланған. Теңіз тәрізді далиған 
аумақты қамтыған надандықтың өзінің жойылу («тартылар») мүмкіндігіне 
сену лирикалық қаhарман қиялының қаншалық қарымдылығын жайып салады. 
Демек ақын елді оқуға тікелей үгіттемесе де, лирикалық қаhарман ерекшелігіне, 
ғажайып иесі екеніне ұйыту арқылы да сол идеяны сәтті жеткізген. Cөйтіп, 
С. Торайғыров шығармада біршама тұрақты белгі, нышандарды («қараңғы», 
«күн», «теңіз») кәдеге жаратумен қатар, лирикалық қаhарман сипатын ашарлық 
мүлде соны детальдарды («өрмелеп шығып» күн болу, ел жүрегін жылыту т.б.) 

40
41
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
жіптестіре білген. Ал, өлеңнің: «Сыланған жардың күлкіcі // Алдандырмас 
біріcі» – деп, аяқталуына келсек, бұлай нақты бейнелеу толғаныстың бір қырын 
екшеп, даралап көрсетуге ден қоя бастауды дәлелдейді. 
«Бір  балуанға  қарап»  -  ақын  С.  Торайғыровтың  1913  жылы  жазған 
өлеңі. Өлең құрылысы 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасында жазылған  
4 тармақты 4 шумақтан тұрады. Азаматтық тақырыпта жазылған бұл өлеңнің 
негізгі идеясы С. Торайғыров тікелей жеткізген тәрізді, яғни жастарды өз 
бақыты, тағдыры үшін күресуге т.б. шақырады:
Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық шаппай бәйге бер деп сұрау,
Озсаң, бәйге бермес жарысқанда.
Тұрымысы бұл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығыңды кім біледі,
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен!
Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бәйге ал деп айтар?
Жықпасаң да күресіп талаптансаң,
«Еті тірі, жаужүрек жан» деп айтар.
Жүрген көп; «жығылам» деп үйде бұғып,
Жел болмай, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, оңдырмаған жасқаншақтық, - 
Жасқанба, қылыш шапса, найза сұғып!
(Бір балуанға қарап. 1913) [1, 87 б.].
 «Бір адамға» - ақын С.Торайғыровтың 1914 жылы шыққан өлеңі. Туынды 
3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасында жазылған, 4 тармақтан тұратын  
6 шумақты құрайды. «Бір адамға» өлеңінің негізгі тақырыбы – азаматтық тақырып 
болса, ал ақын идеясы – жеке бір болыстың емес, бір кездегі ел билеушілердің өз 
бастарына берілген тарту, наградаларға (оқа, түйме, сылдырмақ теңге, шекпен 
т.б.) сатылып, ел қамын ойламағандарды шенеуге құрылады:
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерден мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқты?
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай-ақ!
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көрсеңіздер, жасқанба» деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп.
(Бір адамға. 1914) [1, 107 б.].
Ақын Сұлтанмахмұт махаббат тақырыбында да көптеген өлеңдерін 
жазғаны  белгілі:  «Ай  сәуле  күміс  жүзді,  құндыз  қабақ»,  «Ж...»,  
«М...ға», «Ақ сәуле» т.б. С. Торайғыров көп туындыларында қатардағы пенде 
ләззатын, пенде махаббатын ұмытпайды. Пенде махаббаты дегенде ақын тән 
сұлулығын әспеттеуге ден қояды. «Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ» - 
өлең. С. Торайғыровтың 1909 жылы жазған өлеңі. Махаббат тақырыбындағы 
жазылған бұл өлеңнің негізгі идеясы – махаббатты аялаңдар. Өлең құрылымы 
3 бунақты, 11 буынды, 4 тармақтан тұратын 4 шумақты, қара өлең ұйқасы 
негізінде жазылған:
Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ,
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ.
Болғанда көзің – жақұт, етің – торғын,
Қасың – ай, шашың – жібек, мамық тамақ.
Көзің – нұр, сөзің – алма, аузың – алтын,
Самород, қоспасы жоқ нағыз балқын.
Шомылған сұңқар бойың нақ гауһардай,
Бұрқырап нұр төгілсін, маған талпын?
Бір сенсің дүние көрген көзім нұры,
Жарқырап жаным тартар, көңілім гүлі!
Егілген ер көңілім қол сермейді,
Тартса да аспаннан көп жұмақ хоры.
Жан сәуле, кеуде күйген, жүрек жалын!
Кеудем от, жүрегімнің байқа халін?!
Дауасы ауыр дерттің – жалғыз сенсің,
Қолың бер, кетсін, қайғы, сөнсін жалын! 1, 34 б.].
(Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ. 1909)

42
43
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі ірі ақындардың бірі – С. Торайғыров 
десек,  Сұлтанмахмұттанудың,  негізінен  алғанда,  ол  қайтыс  болғаннан, 
яғни 1920 жылдан бастап қолға алына бастағаны белгілі. Портрет жасау 
шеберлігіне құрылған бұл өлеңнің мақсаты белгілі бір адамның жеке бір 
сүйіспеншілігінің дәлме-дәл суреттелумен қатар, жалпы махаббат асылдығын, 
құдіреттілігін әспеттеу болып табылады. С. Торайғыров лирикалық бейнеге 
деген өзінің ғашықтық сезімін «Күміс жүзді, құндыз қабақ» сөздеріндегі 
«күміс»,  «құндыз»  метафоралық  эпитеттерді  сәтті  қолдану  арқылы 
жеткізгенін көреміз. Мұндағы бағалық, асылдық мағыналар қатар лирикалық 
бейнеге деген ғашықтық, құштарлық сезімдерде әсерлі жеткенін танимыз.
Одан әрі ақын лирикалық бейненің тән сұлулығын нақты көз алдымызға 
елестететін дәстүрлі «жақұт», «торғын, «ай», «жібек», «алма», «алтын» т.с.с. 
метафоралардан да сәтті қолданумен қатар, лирикалық бейненің жастығын, 
нәзіктігін, талдырмаш бойын т.б. әспеттейтін «Шомылған сұңқар бойың 
нақ гауһардай» т.б. тәрізді тосын суреттеулерді де пайдаланғанын көреміз.
«Ж...» - Сұлтанмахмұттың 1915 жылы махаббат тақырыбында жазған 
өлеңі (көлемі 40 жол):
Қарақат көздің сәулесі,
Жүректі түртіп тулатат.
Мен сол ойдың әуресі
Түйінін таппай улатат.
«Сәулешім» деген бір сөздің,
Есімнен кетпес өмірде.
Серт қылдым берік мен өзім,
Өшпестей жазып көңілге.
Қосылған жүрек, тілек бір,
Дегені бірақ бола алмас,
«Болдырмақ!» десең өзің біл,
Онсыз жаным тына алмас...
(Ж...1915) [1, 125 б.]. 
Өлең мазмұны сыршылдық, ғашықтық сипатта келіп, ақынның өз ойы мен 
толғанысын анық көрсетіп береді. Лирикалық кейіпкердің көңілін толқытқан 
сағыныш сезімі мен баянсыз махаббатты ақын өмір заңдылығы деп қабылдайды. 
Сол лепесті «Топас күш – тасқын, біз жаңқа, Сен соқса достар айрылар», - 
деген айшықты образдармен танытса да, мұң-наласын сыртқа шығармай, ішкі 
тебіренісін байсал болмыспен жеткізеді. Шығарма соңын «Бермесе тәңірі тілекті, 
Істесін мейлі жалмауын», - деп түйіндеген ақын өр, оптимист қалпын сақтап 
қалады. Өлең 8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Шәймерден қолжазбасынан 
алынып, 1950 жылдан бері ақын жинақтарында жарияланып келеді. 
«М...ға» - С. Торайғыровтың 1918 жылы махаббат тақырыбында жазған 
өлеңі. Шығарма дәстүрлі 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылған:
Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы,
Толық шеке сыпаттар терең ойды.
Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,
Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды.
Кең біткен, жазық келген ақша маңдай,
Иілген қара сүрме қасы қандай!
Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі,
Қараса жанар төгіп жаққан шамдай...
Жібектей майда қара шашы ұзын,
Түр мен сымбат еріткен жүрек сырын.
Оқу, білім, ақыл мен әсем тұлға
Бірдей келген көрдім мен қазақ қызын.
 (М...ға) [1, 138 б.].
Портрет жасау шеберлігіне құрылған бұл өлеңде лирикалық бейненің 
сұлулығын көз алдымызға нақты, дәл елестететін бейнелеу үлгілерін көреміз: 
«Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы, // Толық шеке сыпаттар терең ойды. 
// Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті, // Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды. 
// Кең біткен, жазық келген ақша маңдай, // Иілген қара сүрме қасы қандай! 
// Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі, // Қараса жанар төгіп жаққан шамдай.» 
Мұның бәрі лирикалық қаһарманның өзіндік мінез-қылығына сай нанымды 
кестеленген. Осы арқылы лирикалық қаһарманда болуға тиісті деген ортақ 
сезімдерді тудырған лирикалық бейненің тән сұлулығы дәріптелінеді.
«Ақ сәуле» - өлең. С. Торайғыровтың 1918 жылы жазған өлеңі:
Назды, нәзік, ақ сәуле,
Көздің жасын исең-ау!
Елжіреп жас жүрегің,
Мендей болып күйсең-ау!
Омырауы ашық ақ көйлек,
Етегі қысқа кисең-ау!
Еркелетіп, бұралтып,
Ерінге ерін тисең-ау!
«Жаным, сәулем, күнім» - деп,
Суырып, сорып сүйсең ау.
Ақ тісіңді ақситып,
Махаббатпен күлсең-ау.
Ақ торғынға оранып,
Тау ішіне кірсең-ау.
Арасында гүлдердің,
Қолтықтасып жүрсем-ау...
(Ақ сәуле. 1918) [1, 140-141 б.].


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал