Филологическая серия



жүктеу 22.17 Kb.

бет3/30
Дата09.01.2017
өлшемі22.17 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

24
25
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Г. Т. Абикенова
Фоносемантические факторы художественного образующего текста
Казахский гуманитарно-юридический 
инновационный университет, г. Семипалатинск.
Материал поступил в редакцию 13.08.14.
G. T. Abikenova 
Phonosemantic factors of the art forming text
Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey.
Material received on 13.08.14.
В  статье  определяются  фоносемантические  факторы 
художественного образующего текста. Автор статьи рассматривает 
функциональные виды фоносемантических факторов, определяет 
звуковые символические слова образующего текста. 
In the article there were determined phonosemantic factors of artistic 
formative text. The author of the article considers the functional types 
of the phonosemantic factors, determines the sound symbolic words of 
formative text.
ӘОЖ 372.416.2:310.3[807]
К. М. Әбішева, К. Князова
АДАМНЫҢ ЖАС МӨЛШЕРІН СИПАТТАУДАҒЫ 
СОМАТИКАЛЫҚ КОДТЫҚ РӨЛІ
Мақалада мәдениеттің соматикалық коды «Адамның жасы» 
ұғымын білдірудің тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. 
Соматикалық код – мәдениеттің негізгі кодтарының бірі. А. И. Кравченко 
«мәдениеттің кодын тілдік белгілердің (символикалық) жиынтығы және 
белгілі ережелердің жиынтығы» - деп қарастырады. Ғалымның пікірінше, 
осындай символдар арқылы бір нәрсені сипаттап, бейнелі түрде көрсетуге, 
мінездеуге болады [1,24].
О.  И.  Быкова  мәдениеттің  он  алты  кодына  қысқа  сипаттама  беріп, 
негізгілерін  көрсетеді:  мифонимдер,  прагматонимдер.  Солардың  ішінде 
мәдениеттің  базалық  кодына  заттық,  семантикалық,  зооморфтық, 
антропоморфтық, одорогиялық, хроматикалық, сандық кодтарды жатқызады. 
Соматикалық код бірсыпыра тілдерде әмбебаптық код ретінде қолданылады, 
себебі  адам  үшін  оның  денесі  өмір  сүргенінің  бірінші  күнінен  бастап 
бақылаудың нысаны болып табылады, адам қоршаған ортаның заттарын 
өзінің  денесінің  мүшелерімен  салыстыру  арқылы  танып,  сол  заттар 
туралы  ұғымдарды  құрастырады,  сондай-ақ  дененің  мүшелері  адамның 
қоршаған ортадағы бағдарын да белгілеуге себін тигізеді [2]. Сондықтан да 
соматизмдердің адам семантикалық микрокеңістікке қатысы бар, өйткені 
олар адамның ойлау қабілетін , эмоцияларын, психикалық және физикалық 
хал-ахуалын, мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттайды.
Соматикалық код арқылы адамның жас мөлшері туралы түсінікті беруге 
болады. «Адамның жас мөлшері» қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық 
тұғырда жан-жақты зерттелінген. Қ. Ә. Жақатаевтың еңбегінде адамның 
жас ерекшелігіне, жынысына байланысты атаулар мен тұрақты тіркестердің 
этнолингвистикалық мән-мағыналары толық айқындалды. 
Адамның «жас мөлшеріне» сай бөлінген фразеологизмдер жұмыста 
үлкен төрт топқа жіктелінді: 1) жас адамдар (15-25); 2) орта жастағы адамдар 
(25-40); 3) егде жастағы адамдар (40-55); 4) «қарт» адамдар (56-70); 5) «қария» 
(70-90).  Жас  адамдар  тобы  келесі  фразеологиялық  соматизмдер  арқылы 
белгіленеді: ернінде сүт те кепкен жоқ; сарыауыз балапан; шикі өкпе, шөп 
желке, шүйке бас, қараңыз, олардың көркем әдебиеттегі қолданысын: «Ал, 
енді әлгі баласының бір күні ігірі де жоқ, мігірі де жоқ, білегінен жетектеп 
әкеп кіргізетін шүйке басы қайда?» (Ә. Кекілбаев. Құсқанаты, 83 б.); «Әке 
шешесі қартайып барады. Шай-суларын дайындайтын бір шүйке бас алып 
бермей ме?» (І. Есенберлин. Маңғыстау майданы, 110 б.); «Қарасур сұсты 
Ақпе-аңға ұстамдылық жетпей:-Әй, давай, қозғал. Сенімен тәжікелесуге 
уақыт аз маған, абзалы, ылғи ескерту жасауыңды қой, - деді. Ондай шикі 
өкпелерді тәртіпке шақыруға менің әлі де құзырылығым мол» (М. Сундетов. 
Бітуажа, 231 б.). «Жас адам» ұғымы құрамында соматикалық компоненттері 
бар теңеулер арқылы да көрініс береді, қараңыз: алғын тәй-тәй басып жүк 
жағалаған баладай; баладай ернін малшақтату; баланың басындай; баланың 
көзіндей; жас баланың білегіндей; бас баланың жүрегіндей;
Үлкендікті білдіретін ұғымдарға «үлкен», «шал», «кемпір» «қартаң» 
сөздерді  жатқызуға  болады.  «Үлкен»  деген  фразеологиялық  концептіде 
«үлкендік» ұғымы соматикалық код арқылы да беріледі, қараңыз, «кәрі құлақ». 
«Кәрі буын». «Кәрілік» ұғымы зоононимдік, фитонимдік, гастрономиялық 
кодтар  арқылы  да  бейнелейді,  қараңыз:  кәрі  қойдың  жасындай  жасы 
қалды, кәрі түлкі, т.б. білдіретін фразеологизм мен мақал-мәтелдерді талдау 
нәтижесінде,  осы  ұғымды  білдіретін  төрт  топты  атауға  болады:  бірінші 
топқа  белгілі  тәжірибеге  ие  адамдарды  жатқызуға  болады.  «Тәжірибе» 
ұғымын тұлғаның өзі бойына сіңіріп, тоқыған білімдердің жиынтығы деп 
қарастыруға болады. Осындай тәжірибенің анықтамасын Н. Абрамовтың 

26
27
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
сөздігіне  кездестіреміз,  қараңыз:  «тәжірибелік»,  яғни,  дағдыларды  білу, 
ептігін  көрсету,  бір  нәрсе  туралы  білімді  болу  [3].  Тәжірибелі  адамның 
бейнесі келесі фразеологизмдерде, мақал-мәтелдерде көрініс береді: старый 
воробей, pears of wisdom кәрі тарлан, old bird, стремляный воробей, тертый 
калач, искушенный человек, например, “Alter Fuchs Kommt nicht zweimal 
ius Garn”. Приобретение некоторого опыта требует времени, наживается 
годами “Erfarnurng ist, lin langer weg, fur den Alten fritzen, ein alter, Hase, der 
alte Herr, ein alter Knabe”, ср. в контексте: «Баяғы етжеңді қыз сарықарын 
бәйбіше болды» (К. Найманбаев. От пен ойын, 284б.); «Жас болсаң бір 
сәрі. Отыздың ортасынан астың. Қырыққа келген сарқарын әйел болдың»  
(М. Қосшығұлов. Бұғалылық, 190б.); «Шәкір шал Әділгереймен туыс болып 
келді: Несібелі ескі көз, кәрі жеңгелерінің бірі» (К. Жұмадилов, Сәйгүліктер, 
131б.); «Бізде кейін кезде жастар жағы молайып, тәжірибелі тіс қаққан 
жігіттер сиреп кетіп еді» (К. Жұмадилов, Сәйгүліктер, 311б.). Old friends 
and old wine are best (старые друзья старое вино - наилучшие), old birds are 
not to be caught with chaff (старого воробья на мякине не проведешь), кәрі 
торғай топанға алданбас, кәрі қақпас қақпанға түспес, Тіс қаққан сабазды 
сырғыта алмассың, жырынды болған қуды алдай алмассың, Alte Krähen sind 
schwer zu Fangen, alter Fuchs geht nicht zweimal ins Carn и др.
Тәжірибені жинау үшін ұзақ уақыт, мерзім керек. Кәрі адамның кейбіреуі 
қателеседі, қараңыз: Alt genug und doch night klug, “A good” marksman my miss 
(конь о четырех ногах и то спотыкается), Адам қатесіз болмас, көл бақасыз 
болмас, ср. также: «Алыпқашты өсек-өтірікші деген осындайдан шығады-
ау. Бала емес, сақалды бастарымен, сонша үрікпесе несі кетеді екен?» [4]; 
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық (Абай).
Екінші,  «кәрілік»  ұғымын  білдіретін  тпқа  адамның  физикалық  хал-
ахуалын білдіретін фразеологизмдер жатады: Физическое состояние возраста: 
Das alter ist ein schweres last, be over the hill (быть уже старым для какой-то 
работы), have seen better days (быть старым и в плохом состоянии), old bird, 
an odd fish, a queer bird (человек со странностями), old quard (старая гвардия).
Үшінші топқа, кәрі адамның жасын, мінез-сипатын білдіретін сөздерді 
жатқызуға болады. Кәрі адамның қалыптасқан қылықтарынс да атау қажет: 
den Baum muβ man biegen, weil er noch jang ist, old habits die hard (старые 
привычки держатся долго), live and learn (век живи, век учись), old habits die 
hard (привычка – вторая натура), Ауру қалса да, әдет қалмайды, Der mensch 
ist ein Gewohnheit stier, Gewonheit ist die andere Natur. Төртінші топтың 
сөздеріне кәрі адамдардың кәрілік кезіндегі мінез-сипатын көрсетеді, қараңыз: 
жасында тырысқан – қартайғанда қуанады (М. Қашқари); Сараң – дүниенің 
малын жиса да тоймайды (А. Йүгінеки); Берместің қолы бермеске берік 
келер (А. Йүгінеки); Сен дүние – малға сұқтанасың, Өлім саған сұқтанады  
(Ю. Баласағұни); Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер; curiosty killed and 
cat (любопытство до добра не доведет); every man has a fool in his sleeve (конь 
на четырех ногах споткнется); everything is good in its season (всякому овощу 
свое время); experience keeps a dear school but fools learn in no other (опыт 
достается дорогой ценой, но дураков ничто не научит); fussy as a hen with 
on chick (крайне суетливый); Get the cat out of the bag to (разболтать, выдать 
секрет, проговориться); My silly head will never save my jingers (задурный 
головой и ногам непокой); Can call again yesterday (не ищи вчерашний день); 
No man is so old, but things he may yet live another year (как бы ни был стар 
человек, ему все же не хочется умирать); No wisdomlike silence (молчание 
-  золото)  Old  dog  cannot  alter  his  way  of  barking  an  (в  старости  поздно 
переучиваться); old ox will find a shelter for himself an (старый человек в совете 
не нуждается); pretty bis makes an ugly sow a (и из хорошенького поросенка 
выходит плохая свинья); proof of the padding is in the eating the (качество 
пудинга определяется тем, что его съедают); wary as cat (очень осторожный).
«Жас» концептін концептуальдық анализ негізінде талдап көрсек, біз 
оның бас компонентін сипаттай аламыз: ұғымның компонент. Ол «жастық» 
мағынасын синонимдік (жас, тәжірибесіз, сарыауыз балапан, жасы кәмелетке 
жетпеген), антонимдік қатардарда (кәрі тіс қаққан, кәрі шөңке – жас, сары 
тіс – уыздай жас) көрсетеді.
Үшінші компонент – бейнелі қабат. Осы қабатта «жас адам» ұғымы 
метафоралық,  метонимиялық  қолданыстар  арқылы  бейнелі,  ауыспалы 
мағынада қолданады, қараңыз: зеленый, сары ауыз балапан, ат құлағында 
ойнау (ловкий), быть золотым ребенком, очень послушным (be as good as 
gold), беззаботный (be free as the) быть свободным как птица (be free as the air), 
быть свежим, полным сил, как огурчик (be fresh as a dais, to be fresh as paint), 
мечтатель, фантазер (be out to lunch), be up in the clouds (витать в облаках), 
мягкотелый, bock (be wax in smb’s hands) быть воском в чьих-то руках), 
беззаботный, ведущий легкую счастливую жизнь (bed of roses), развлечения, 
оплошное удовольствие находить в развлечениях (beer and skittes), дерзкий 
(bite smb’s head off), хулиган, паршивая овца (black sheep), хвастун (blow one’s 
own trumpet) и др. «Жас» компонентінің мәдени-менталдық компонентінде 
«жас» ұғымы халықтың көзқарасын білдіретін, оны дүниетанымын көрсететін 
бейнелі мағыналар жүзеге асырылады. Солардың ішінде келесі мағыналар іске 
асады: 1) киелі, халықтың менталитетімен байланысты: атқа мінер (рудың 
басшысы болатын адам), еркек кіндікті (мужчина), бел бала (өзінің әкесінің 
ұлы, азамат, ол халықтың қамын ойлайды), ат байлар – эвфемизм. Ол «ер 
адам» деген ұғымды тұспалдап айтуға мүмкіншілік береді. «сары жілік», сары 
тіс бұлар да эвфемизмдер. Олар ер адамға көз тимеу үшін оны басқаша атайды; 
  2)  «Өте  жас,  буыны  қатпаған»  деген  мағынаны  іске  асырады:  көк 
өрім, көген көз (балалық шағы, буыны қатпаған), боз бала (юноша, который 
увлекается охотой), habe in arms (өте жас, аузындағы сүті әлі кетпеген), be wet 

28
29
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
behing as vater in one’s choes (быть молодым и неопытным), смотреть на мир 
через розовые очки, macke a mental note of smth (мотать себе на ус, учаться), 
slings and arrows of life (удары судьбы), small fry (мелюзга), spend money like 
fater (транжирить, сорить деньгами), strain at the leash (рваться к выполнению 
к какой-либо деятельности, не имея навыков), succeed in doing smth. By a 
whisker (едва не потерпеть неудачу), swallow hock, line and sinker (поверить 
какой то лжи); 3) тәжірибесі жоқ: жұдырықтай бала, жас өспірім. A horse 
that has four legs stumbles (конь о четырех ногах, да спотыкается), екі аяқты 
түгіл, төрт аяқты тұлпар да сүрінеді, шүйке, бас, желторотый птенец, one’s 
salag days (юные годы когда человек еще неопытен); put one’s faith in smb 
(доверять, верить кому-то), one’s neck on the line (рисковать репутацией или 
деньгами), put the cart before the horse (делать что в неправильном порядке), 
reinvent the wheel (изобретать велосипед), reclive seef in the foot (рубить 
под собой сук) и др.. shoot one; 4) Жас адамның түр-түсін сипаттайтын 
фразеологизмдер. Олар жас адамның бет-әлпетін, пішінін сипаттайды: ақ 
жарқын, бидай жүзді, кровь с молоком, аршын төс, бет ажары айдай, жас 
жауқазын сарымсақтай. A good fase is a letter of recommendation (хорошее 
лицо, все равно что рекомендательное письмо), das Gesicld, lught nicht, A 
fair fase may. Hide a foul heart (за красивой внешностью - низкая душа), 
жүзіктің көзінен өткендей, Der vater ist Reichtum das Bruder ist Trost und 
der Freund ist die beide – Raichtumund Trost. Зерен жүзді, be ugly as sin (быть 
некрасивым, как смертный грех), алма мойын, be white as snow (кожа была 
белой, как снег); Beauty is only skin deep (красота лишь внешне приятна); 
5) Жас адамның физикалық хал-ахуалын көрсету, дене бітімін, тұлғасын 
суреттейді: бес биенің сабасындай (богатырское сложение), белі нәзік, талып 
тұр (хрупкая, нежная) алты батпан (богатырь), алпамсадай азамат (жігіт), 
балтыры бесіктей, атжеңді адам, nothing but skin and bones (кожа до кости), 
skin and bones (кожа до кости), басы қазандай, жауырыны қақпақтай;
6)  Келесі  мағына  халықтың  санасында  қалыптасқан  құндылықты, 
бағдарларды  білдірумен  байланысты:  артық  ауыз  бала  (жұмсайтын, 
қолдаяққа жарайтын бала), балиғаға толды (достиг зрелости), бас болу (в 
передних рядах), бауырын жарып шыққан (о детях, которые родятся в семье 
единственными),  білегін  сыбанды  (приняться  за  работу  энергично),  егіз 
қозыдай (неразлучные друзья), ел ауызындағы жігіт (на устах народа), жан 
себіл (выдержанный парень), be up to the mark (быть хорошего качества), be 
good enough for smb / smth (быть хорошим), carve a nichte for oneself (найти 
свою нишу на рынке), clear head (светлая голова), come in hundy (оказаться 
полезным), come into one’s own (занять подобающе место), lizz, height one’s 
corner (твердо отстаивать свое мнение); жылы жүрек и др. 
Сөйтіп,  мәдениеттің  соматикалық  коды  «Адамның  жасы»  ұғымын 
білдірудің тиімді тәсілі болып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кравченко, А. И. Культурология. Словарь. – М. : Академический 
проект, 2001. 
Кравченко, А. В. Язык и восприятие. Когнитивные аспекты языковой 
категоризации. – Иркутск, 1996.
3  Абрамов,  Н.  Словарь  русских  синонимов  и  сходных  по  смыслу 
выражений. – М. : Русские словари, 1994. 
4  Кенесбаев,  С.  Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.  –  Алматы  : 
Ғылым, 1977.
«Тұран-Астана» университеті, Астана қ.
Материал 03.09.14 редакцияға түсті.
К. М. Абишева, К. Князова
Роль  соматического  кода  в  представлении  понятия  «возраст 
человека»
Университет «Туран-Астана», г. Астана.
Материал поступил в редакцию 03.09.14.
K. M. Abishevа, K. Knyazоva
Role of a somatic code in representation of the concept «age of the person»
«Turan-Astana» University, Astana. 
Material received on 03.09.14.
В статье соматический код культуры рассматривается как 
один из эффективных способов образного представления понятия 
«возраст человека».
In the article the somatic code of culture is considered as one of 
effective  ways  of  figurative  representation  of  the  concept  «age  of  the 
person».

30
31
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 809,434.2
Ә. Д. Әміренов 
ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫРДЫҢ «ЖӘМИҒАТ 
ТАУАРИХЫНДАҒЫ» «ЧИШБЕК» АНТРОПОНИМІ: 
ТІЛДІК-ТАРИХИ ҚОЛДАНЫС
Мақалада  ортағасырдағы  жалпытүркілік  жазба  ескерткіш 
«Жәмиғат тауарихтағы» араб тілді антропонимнің қазақ тіліне 
бейімделуінің  фонетикалық  ерекшеліктері  қарастырылады. 
Анропонимнің  қазақ  ата  тек-шежірелеріндегі  қолданысы  тілдік- 
тарихи тұрғыдан сарапталады. 
Кейінгі  жылдары  өткен  тарихымызды  қайта  қарап,  ақтаңдақтарын 
саралап,  тәуелсіз  санада  жаңаша  пайымдап  таразылауға  кірістік.  Осы 
тұрғыдан келгенде ұмыт бола бастаған ауызша тарих - ата-тек мәселесіне, 
жалпы қазақ шежіресіне назар аударыла бастады. Қазақтың үш жүзіне тиесілі 
ру-тайпалардың шежіресі жазылып, ғылыми айналысқа түсті. Тарихымыздың 
олқылықтарын осы шежірелер толықтырды. 
Ата-тек  шежірелер  негізінен  халық  арасында  ауызша  да,  жазбаша 
да таралды. Ауызша таралған шежірелерді айтпағанның өзінде, жазбаша 
сақталғандары да біршама. Олар: Әбілғазының «Түрік шежіресі», Хайдар 
Дулатидің «Тарихи рашиди», Қадырғали Жалайырдың «Жәмиғат тауарихы», 
Захириддин  Бабырдың  «Бабырнама»,  Шоқан  Уәлихановтың  «Ұлы  жүз 
шежіресі», Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы», 
Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі», Мәшһүр Жүсіптің 
«Қазақ  түбі»,  «Қазақ  шежіресі»,  М.Тынышбаевтың  «Қазақ  халқының 
тарихына қатысты материалдар» сияқты басқа шежірелер қазақ хандығы 
құрылғаннан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі кеңістікті қамтиды. 
Осылардың  ішінде  қазақ  тарихында  өзіндік  орны  бар,  баға  жетпес 
құнды қазынаның бірі – Жалайыр Қадырғалидің «Жәмиғат тауарих» атты 
қолжазба шежіресі, 1602 жылы Ресейде сол кездегі орта түркілік араб қадим 
жазуымен жазылған. Тарихи еңбектің композициялық құрылымын былай 
бөлуге болады:
1. Ресей патшасы Борис Федорович Годуновқа марапат.
2. Рашид-ад-диннің парсы тілінде жазылған «Жәмиғат тауарих» еңбегі 
негізінде жазылған тарихи мағлұматтар.
3. Ұрыс ханнан Ораз-Мұхаммед сұлтанға дейінгі Шыңғыс әулетінің 
шежіресі.
Қадырғали  Жалайырдың  шежірені  жазудағы  басты  мақсаты  Ондан 
сұлтан  ұлы  Ораз-Мұхаммедтің  ата-тегін  түгендеп,  тарихи  негізде  жазу. 
Жәдігерліктің мазмұнынында Шыңғыс хан әулетінің шежіресі, тарихтың әр 
кезінде билік ұстаған хандардың генеалогиясы, елдің ішкі, сыртқы жағдайы, 
саяси-әлеуметтік оқиғалар айтылады.
Қолжазбаны  алғаш  жариялап,  зерттеген  орыс  шығыстанушысы  
И. Н. Березин болды. Ол 1851 жылы «Московитянин» журналының № 24 
санында «Татарский летописец, современник Бориса Федровича Годунова» 
атты  мақаласында,  жәдігерліктің  құндылығына  тоқталып,  ғылыми 
тұрғыдан зерттеу керектігін айтады. Екінші қолға алған ореанталист ғалым  
В. В. Вельяминов-Зернов «Исследование о касимовских царях и царевичах» 
еңбегінде  «Жәмиғат  тауарихты»  тарихи  тұрғыдан  саралайды,  құнды 
тұжырымдар жасайды. Жәдігерлікпен И. Н. Березин арқылы Ш. Уәлиханов 
та  танысады,  «Извлечения  «Жамиат  тауарих»»  атты  шағын  зерттеуінде 
шежіренің тілі, стилі, орфографиясына қатысты сөз қозғайды. Шоқаннан 
кейін қазақтардан бұған Ә. Марғұлан, Р. Сыздықова және т.б. ғалымдар 
назар  аударды.  «Жәмиғат  тауарихты»  зерттеген  басқа  да  түркітанушы 
ғалымдар баршылық. Олардың бәрін тізіп шығу мақсат емес. Біздің нысан 
етіп отырғанымыз осы «Жәмиғат тауарихтағы» қазақтың ата-тек, шежірелік 
тарихына қатысы бар антропоним төңірегінде болмақ. 
Қадырғали Жалайырдың «Жалпы тарихында» (араб тіліндегі «Жәмиғат 
тауарихты» осылай қазақшалауға болады. - Ә. Ә.) «Дастан Оразмұхаммед 
хан  бин  Ондан  сұлтан»  (қазіргі  қазақшасы:  Ондан  сұлтанның  баласы 
Оразмұхаммед  хан  туралы  дастан)  тарауындағы  хан  тағының  суретінде 
тақтың сол жағында (майсара (араб) – сол жақ, немесе дәст чәб (парсы) – 
сол қол. Ә. Ә.) отырған бектің (би, уәзір Ә. Ә.) бірі – Оразмұхаммед ханның 
төрт бегінің бірі болған Арғын Чиш бектің есімі жазылған.
Жазба  жәдігерліктегі  осы  есім  түркітанушылар  тарпынан  әр  түрлі 
аталып жүр. В .В. Вельяминов-Зернов зерттеуінде Оразмұхаммедтің сол қол 
уәзірі Аргынъ Чешь- бикъ [1,403], Шоқан Уәлиханов зерттеуінде аргынец 
Чиш-бек [2,158], Рәбиға Сыздықова зерттеуінде Шаш бек [3,239], Мұхтар 
Мағауиннің «Аласапыран» романында Шәш бек [4,108] және Н. Мингулов, 
Б. Көмеков, С. Өтениязовтардың аудармаларында Арғын Чаш бек [5,124] деп 
әртүрлі дыбыстық өзгерістермен (Чешь, Чиш, Шаш, Шәш, Чаш) аталады. 
Енді осының анық-қанығын тілдік (лингвистикалық) сараптамалар арқылы 
дәлелдеп көрейік.
Зерттеулердегі антропонимнің Чаш нұсқасына келсек (қазіргі қазақ 
тілінде  «шаш»)  көне  түркілік  қолданыста  «саш»,  «сач»  болып  әр  түрлі 
жазылған. Мәселен: Енесей құлыптасында (ҮІІІ ғ) – Қара сач (кіс есімі), 
«Диуани  луғатта...»  (ХІ  ғ)  –  ер  сачланды,  «Оғыз  қағанда  (ҮІІІ-ІХ  ғ)  – 
Сачлары,  қашлары  қара  ерділер,  «Ат-тухафа  әз-зәкияда...»  (ХҮІІІ  ғ)  – 

32
33
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
саш, орта түркілік (Х-ХҮ ғғ.) және жаңа түркілік (ХҮ-ХХ ғасыр аралығы) 
жазбаларда, «Ахуал Чингиз хан уа Ақсақ Темурде» (ХҮІ-ХҮІІ ғ) – «шач» 
ﺸﺎﭺ немесе «сач» - ﺳﺎﭺ – Шачын тараса інжу төкүлүп. 
В. В. Вельяминов-Зерновтың жоғарыдағы еңбегінде Қасым хандығының 
орталығы болған Кермен қаласындағы қорымдар басындағы жазбаларды 
зертегенде, солардың бірінде Сайын Болат ханның өз анасы Алтыншашқа 
орнатқан ескерткішіндегі антропонимді ﺳﺎﭺ ﺍﻠﺘﻮﻦ - Алтунсач деп оқиды [1,11]. 
Яғни араб таңбалы қадим жазуындағы түркілік төл сөздің дауыссыз, 
дауысты  дыбыстарының  барлығы  жазылғанын  көреміз.  Сонымен  қатар 
мысалдардан байқап отырғанымыздай қазіргі қазақ тіліндегі «шаш» сөзі 
көне және орта түркҺі жазба ескерткіштерінде сөз басында (анлаутта) «ч» 
дыбысынан басталмайды. Ал Жалайыр Қадырғали шежіресіндегі сөз «ч» 
әрпімен басталып тек дауыссыз дыбыстармен ﭴﺶ - ЧШ таңбаланған, яғни 
дауысты дыбыстар жазылмаған. 
Оның  өзіндік  себебі  бар.  Алдымен  жәдігер  Орта  түркілік  жазба 
ескерткішке жатады. Орта түркілік араб қадим жазулы ескерткіштерде жазу 
тәртібі болған (орфографиялық заңдылық деуге келмейді). Атап айтқанда 
жалғалмалы  (аглютинативті)  тіл  болғандықтан  түркілік  төл  сөздердің 
дауысты, дауыссыз дыбыстары толығымен таңбалануға түссе, қопармалы 
(флективті) тілдік заңдылыққа бағынатын араб-парсылық кірме сөздердің 
дауыссыз дыбыстан тұратын түбір қаңқасы ғана жазылып, қысқа дауысты 
дыбыстар  харакаттар  арқылы  белгіленген.  Харакаттар  (қысқа  дауысты 
дыбыстар)  тек  қасиетті  жазбаларды  қатесіз  дұрыс  оқу  үшін  дауыссыз 
дыбысты  таңбалайтын  әріптің  асты,  үстіне  қысқа  дауысты  дыбыстарды 
белгілейтін  диакретикалық  белгілер  қойылады,  яғни  Құран  және  Хадис 
сөздерінде ғана жазылған, ал басқа жазбаларда харакат қойылмайды. Орта 
түркілік жазбалардағы араб-парсылық кірме сөздердің де харакаттары жоқ. 
Сондықтан  Қадырғали  Жалайыр  жазбасындағы  антропоним  харакатсыз 
жазылған таза арабтық есім болғандықтан оны «чаш», «чиш», «чеш», чіш», 
«чыш», «чуш», «чүш», «чөш», «чош» деп қысқа дауыстыларды қойып әртүрлі 
сөзформада  оқуға  болады.  Зерттеушілердің  жәдігерліктегі  есімнің  бірде 
«Чаш» енді бірде «Чеш» деп оқуының мәнісі де осында. 
Ал енді тілші ғалым Р. Сыздықова, тарихшылар Н. Мингулов, Б. Көмеков, 
С. Өтениязов, жазушы М. Мағауиндердің жазып жүргеніндей қазіргі қазақ 
тіліндегі «шаш», «шәш» немесе соның сол кездегі орта түркілік варианты 
«чаш»  болса  онда  жоғарыда  В.  В.  Вельяминов-Зерновтың  қорымдағы 
жазуларды оқығандай ﭴﺎﺶ - «чаш» болып барлық дыбыстар, соның ішінде 
даусты а дыбысы да таңбаланып, оқылуы керек еді. Алайда жоғарыда айтып 
өткеніміздей  «Жәмиғат  тауарихтағы»  антропонимнің  жазылуы  тек  екі 
дауыссыз дыбыс ﭴﺶ -ЧШ пен ғана таңбаланған. Яғни «чаш» болып оқылуға 
ешқандай негіз жоқ. Сондықтан Шоқан Уәлихановтың оқуындағы Чиш бек 
атауы дұрыс деп қабылдаған жөн. Өйткені мәтіндегі араб тілінен енген кірме 
сөз - антропоним сол тұстағы орта түркілік қадим жазу заңдылығын сақтап 
таңбаланған. Ал В. В. Веляминов-Зерновтың Чеш (басқалардай Чаш емес) 
деп оқуында да Шоқан нұсқасындағы Чишке жақын дыбысталады. Себебі 
бұл есім сөйлеу нұсқасында Чис (арабтық) немесе Чес (орта түркілік, қазіргі 
анадолы түріктерінің тіліне де тән) болып әр түрлі айтыла береді. 
Қадырғали Жалайырдың еңбегіндегі сөз болып отырған осы антропоним 
қазақтың тарихи-рулық шежіресінде де кездеседі. Атап айтқанда Арғын 
тайпасының  ішіндегі  қазіргі  Қанжығалы  руының  арғы  аталары  Шиш 
бек  есімімен  аталады.  Бұған  байланысты  Қанжығалы  Саққұлақ  бидің 
«Шежіре тарихында» мынандай дерек бар: «Арғын бабамыздың немерелері 
Толыбай  жиырмаға,  Маябоз  он  сегізге  келген  тұсында,  Ақсопы  екі 
баласын түркімендерге, оның ханы Көроғлы ханға қызмет етуге жібереді. 
Хан Толыбайды өзіне атбегі етіп қабылдайды да, Маябозды теке-жәуміт 
(ахалтеке) жылқысын бағуға жібереді.
Толыбай түркімен қызына үйленеді. Оның жүкті кезінде Көроғлы хан 
Хорасанға  жорық  жасап,  Хорасанның  орталығы  Раушан  қаласын  өзіне 
қаратады.  Еліне  қайтып  келе  жатқан  жолда,  көңілінің  тасығандығынан 
болар, хан басындағы жығасын Толыбайға кигізеді. Елге оралғанда жұрт: 
Хан Толыбайға жығасын сыйлапты, «ханның жығасын» киген Толыбай, деп 
шуласады. Ақыры «хан жығасы» Толыбайдың екінші лақап есіміне айналып 
«Ханжығалы» (айтылым бойынша Қанжығалы) атанып кетіпті.
Қанжығалы Хорасан жорығынан оралғанда әйелі ұл табады. Көроғлы 
хан жеңіп алған Раушан шаһары құрметіне Қанжығалы баласына Раушан 
бек деп ат қояды. Одан кейін туған ұлына Шиш пайғамбардың есімін беріп 
Шиш бек деп атаған. Қанжығалылар мұны қысқаша Ішпек деп атайды» [6,53]. 
Шежіре ауызша тарих, ішінде аңыз араласып келсе де, түбінде ақиқат бар. 
Сондықтан Қадырғали Жалайырдың «Жәмиғат тауарихындағы» Арғын Чиш 
бекті шежірешілер өздерінің аталарына жатқызып жүргені де негізсіз емес. 
Ең  алдымен,  Түркі  жұртының  Орта  ғасырларда  Ислам  дініне 
кіріп  мұсылмандана  бастауына  байланысты  көптеген  түркілік 
антропонимдер де мұсылмандық атауға бейімделді. Әсіресе Ислам дінімен 
байланысты пайғамбарлардың, әулиелердің, сахабалардың есімдері түркі 
антропонимдерінде  кеңінен  қолданысқа  түсті.  Соның  бірі  Шис  (ауызекі 
тілде  кейде  Чит  деп  те  атайды)  пайғамбардың  есімі.  Шис  Адам  атаның 
Әбілдің өлімінен кейін көрген үшінші ұлы. Әбіл өлгенде Адам ата қатты 
қайғырған болатын, сол себепті Аллаһ тағала өзінің сүйікті құлы Адамға 
Шисті берді. «Шис Адам атадан білім алып көп нәрсе үйренген ғұлама еді. 
Ол адамдарға өнеркәсіпті, күн мен түнді өлшеуді үйретті және ол уақыттарда 
қалай ғибадат жасауды көрсетті», - дейді ислам ғұламасы Ибн Исхақ. Бұл 
мұсылман түркілерінің арасында кең тараған діни аңыз болатын. «Шис» 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал