Филологическая серия



жүктеу 22.17 Kb.

бет22/30
Дата09.01.2017
өлшемі22.17 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

210
211
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
2 Советский энциклопедический словарь. – М., 1988.
Гуревич, В. В., Дозорец, Ж. А. Краткий русско-английский и англо-
русский фразеологический словарь. – М., 1988.
Hornly, A. S. Oxford Students Dictionary of Current English. – Oxford, 1984.
5  Попова,  З.  Д.,  Стернин,  И.  П.  Некоторые  проблемы  выявления 
национальной  специфики  языка  //  Язык  и  национальное  языкознание.  
– Воронеж, 2002.
6  Степанов,  Ю.  С.  Константы:  Словарь  русской  культуры.  –  М.  : 
Академический проект, 2001.
Пименова, М. В. Ментальность: лингвистический аспект: Учебное 
пособие. – Кемерово, 1996.
Пименова, М. В. Концепты внутреннего мира (русско–английские 
соответствия): Дис…докт. филол. наук. – СПб., 2001.
9  Стернин,  И.  А.  Методика  исследования  структуры  концепта  // 
Методологические проблемы современной лингвистики. – Воронеж, 2001.
10  Пименова,  М.  В.  Душа  и  дух:  особенности  концептуализации.  
– Кемерово, 2004.
Карагандинский государственный 
медицинский университет, г. Караганда.
Материал поступил в редакцию 23.07.14.
Д. В. Сизов, Ш. С. Жакупова, В. А. Бурмистрова 
Ағылшын  тіліндегі  әлем  көрінісінде  «жан»  концептісінің 
құрылымын зерттеу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды қ.
Материал 23.07.14 редакцияға түсті.
D. V. Sizov, Sh. S. Zhakupova, V. A. Burmistrova
The study of concept «soul» structure in the English language picture 
of the world
Karaganda State Medical University, Karaganda.
Material received on 23.07.14.
Мақалада  адамзат  әлемінің  психикалық,  ментальдық, 
эмоционалдық үлгілерінің жиынтығының күрделі жүйесін көрсететін 
және  ұлттық  менталитетте  бекіген  және  сақталған  маңызды 
базалық  элемент  болып  табылатын  «жан»  концептісінің 
лингвомәдени көзқараста қарастырған.
In the article the author considers the concept «soul» from linguo-
culturological standpoint, reflecting the complicated system of combined 
models of mental and emotional man’s world, representing one of important 
basic elements, which are fastened, kept in national mentality. 
ӘОЖ 800:631:943.42:82
Г. Т. Тлеубердина, Г. Т. Батыргалиева
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТАҒАМ АТАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК 
СИПАТЫ
Бұл мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі аспаздық жүйені 
және  «Тамақ»  концептуалды  саласы  бойынша  метафориканы 
танытатын лексика-фразеологиялық алаңдағы уәждемелі-бейнелі 
парадигмалар  қарастырылады.  Тілдің  біртұтас  бейнесі  ретінде 
сипатталатын уәждемелі-бейнелі парадигмалардың құрылымды-
семантикалық және когнитивтік өлшемдері көрсетіледі.
Соңғы  кездері  ұлттық  құндылақтарды  зерттеу,  оларды  басқа  ұлт 
өкілдеріне насихаттау,сипаттау, салыстыру мәселелеріне тіл білімінде де 
аса көңіл бөлінуде. Соның бірі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрілігі №212 келісімшарты бойынша қаржыландырып отырған ғылыми 
жоба аясында (жоба жетекшісі Жақыпова А. Д.) жоғарыда айтылған мәселе 
қарастырылуда. Жоба аясында орыс және қазақ тілдерінің тағам атаулары 
салыстырылып,  лингвомәдени  сөздікті  баспадан  шығару  жоспарланып 
отыр. Лингвомәдени сөздікке қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінен іріктеліп 
алынған ас атаулары тақырыптар бойынша топтастырып, лексикографиялық 
талдау жасалынады.
Лингвоелтанымдық сөздік үшін іріктелетін, ұлт өміріндегі маңызды 
орынға ие мәдени феномендердің бір тобы ас атауларымен байланысты. 
Ас – адам баласының қоректік заты, тағамы; ішіп-жеп, тамақ [1, 693 б.]. 
«Ас – адамның арқауы» санаған қазақ халқы «дәмдісін, сыбағасын» келген 
қонағына  тарту  еткен  қонақжай  ұлт.  Қазақтың  ұлттық  тағамдарының 
бүгінгі ұрпаққа тек аты ғана емес, заты да жетіп отыр. Ұлттық санадағы 
мәдени  феномен  ретінде  танылатын  тағамдар  әр  халықтың  тұрмыстық 
ерекшелігі  мен  тағам  мәдениетін  танытары  анық.  Әр  ұлттың  өз  тағам 
түрлері, дайындау әдістеріндегі ерекшеліктер сияқты тұстары қазақтарға 
тән.  Қазақтың  ұлттық  тағамдары  туралы  О.  Жиреншин  мен  Ж.  Мусин 
былай деп жазады: «Сонау ерте заманда қазақ халқы ас-тамақ дайындауда 

212
213
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
өзінің сыннан өткен «қарапайым технологиясына» сүйеніп, қымыз ашытқан, 
қазы,  шұжық  аударып,  сүр  ет  дайындаған,  айран  ашытып,  іркіт  пісіп, 
құрт, ірімшік қайнатқан, сүзбе сүзіп, шұбат ашытқан, ал ұннан неше түрлі 
шелпек, бауырсақ пісірген, қаймақ қалқып, сары май алған. Қазақ халқы 
өзінің  ұлттық  тағамдарын  сақтау,  дайындауда  ешқандай  жаңа  техника, 
технология  пайдаланбаған.  Алайда  халқымыздың  қасиетті  дәстүрлік-
шеберлік технологиясы – тағамның дәм-татуын, қасиетін жоғалтпай, оларды 
ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік берген [2, 3 б.]. 
Сөздікке  аспаздықтың  тілдік  емес  шындығын  метафорикалық 
бейнелерін танытатын қазақ және орыс тілдеріндегі бейнелі сөздер енеді. 
Семантикасында  гастрономиялық  саланың  түрлі  белгілерін  білдіретін 
қазақ және орыс тілдерінде сөйлеушілердің метафорикасы енген бейнелі 
сөздер (метафоралар) мен сөз тіркестері (идиомалар, бейнелі салыстырулар, 
мақалдар, мәтелдер) лексикографиялық формада сипатталады.
Мысалы,  орыс  тіліндегі:  варёный  ‘былжыраған  (адам  туралы)’, 
пресытиться  ‘белгілі  бір  қажеттікті  шамадан  тыс  қандыру’), дармоед 
‘жалқау, басқа біреудің есебінен өмір сүретін адам’. Қазақ тілінде: пісу – тура 
мағынасында ‘дайын болғанша пісу’, метафорикалық мағынасы ‘қиындыққа 
үйрену,  шыдау’;  пісіру  –тура  мағынасында  ‘варить’,  метафорикалық 
‘доводить дело до конца’; буына пісу – тура мағынасында ‘вариться на 
пару’, метафорикалық мағынасы ‘становиться заносчивым, высокомерным’; 
кеудесіне нан піскен –тура мағынасында ‘на груди хлеб выпечен (у кого-л.)’, 
метафорикалық мағынасы ‘гордец, заносчивый человек’[3, c. 46]. 
Сөздікті  құрастырушылардың  алдында  қазақ  және  орыс  тілде 
сөйлеушілердің метафорикалық әлем бейнесінің бөлігі ретінде аспаздық 
бейнелік  жүйені  экспликациялау  міндеті  кіреді.  Осындай  мақсатпен 
материал тақырыптық айдарларда, «Ас» деп аталатын концептуалды облыста 
орнықтырылады.  «Ас»:1.Азық-түлік  және  аспаздық  тамақтар:  А.  Жарма 
тағамдар,  Б.  Ұннан  жасалатын  тағамдар,  В.  Еттен  жасалатын  тағамдар,  
Г. Сүт тағамдары... N. Тағамның сипаты мен сапасы. 2. Дайындалған тағамдар: 
А. Стряпать, Б. Варить, В. Жарить, Г. Печь, Д. Дайындау субъектісі, Е. Субъект 
сипаты. 3. Тағам қабылдау: А. Есть, Б. Пить, В. Кормить, Г. Қабылдау субъектісі, 
Д. Субъект сипаты. 4. Кухня: А. Локус, Б. Ыдыс-аяқ пен құралдар [4, c. 76].
Тақырыптық айдарларда лексика-фразеологиялық материал ұяшықтарға 
топтастырылады, онда ең жоғарғысы лексемалар, бастапқы мағынада аспаздық 
саладағы идиома және паремия құрылымына кіретін бейнелік өндірістік 
атауларды білдіретні құбылыстарды атайды. Мысалы, орыс тілінде МАСЛО 
 – қазақша МАЙ. Үй жануарының сүтінен,өсімдіктерден алынатын майлы өнім.
орыс. ПОДМАСЛИТЬ сов. / ПОДМАСЛИВАТЬ несов. Біреуді өзінің 
жағына қарай сыйлықтармен, жылы сөзбен көндіру. – Две книжечки, правда, 
вышли, сдана третья, но ведь и в издательстве тоже надо подмаслить: 
рецензентам дать, редактору дать, директора свозить на дачу, поугощать, 
да  еще  править,  редактировать  рукопись,  без  этого  у  них  уж  никак!  
(В. Астафьев. Веселый солдат).
қаз. АУЗЫН МАЙЛАУ. Тура мағынасы.: НАМАЗЫВАТЬ МАСЛОМ 
РОТ. Айламен, өзінің жағына қызықтыру, өзінің мүддесіне қарай тарту.. – 
Абайдан бұрын өзге ел жуандарының аңысын аңғарып аузын ала бермек 
(М. Ә. Абай жолы). Они хотели опередить Абая и перетянуть его на свою 
сторону (М.Ә. Абай жолы). 
Орыс. КАК СЫР В МАСЛЕ КАТАТЬСЯ. Өз ләзатымен, берекелі, 
ауқатты өмір сүру. – Ваша Рива всю жизнь будет жить в хоромах, ходить в 
шелках, ездить в каретах и как сыр в масле кататься. (В. Войнович. Замысел)
қаз. АҚ МАЙ АУЗЫНАН АҒУ. Тура.: МАСЛО ВЫТЕКАЕТ ИЗО РТА. 
Жить в достатке, изобилии, иметь богатство. – Кешегі ақ майды аяғымен 
тепкен ел енді құлазыған қу даладан жаужұмыр, қозықұйрық секілді нәрі 
бар шөптермен қоректенді. (І. Е. Жанталас). Лишь вчера этот народ жил 
в довольстве и полном достатке, словно сыр в масле катался, а теперь 
разбрелся по необъятной степи, питаясь съедобными травами и кореньями 
(И. Е. Жанталас). 
Л е к с и к о г р а ф и я л ы қ   у ә ж д е м е л і – б е й н е л і   п а р а д и г м а л а р 
презентацияларының құрылымына келесі бөліктер кіреді: 1) парадигманың 
бастапқы сөзі – лексема, ұяшықтың ең жоғарғысы; 2) оның грамматикалық 
сипаты;  3)  бастапқы  негізгі  мағынасын  түсіндіру  және  оның  бейнелік 
потенциалының  лингвистикалық  интерпретациясы  (I.);  4)  бастапқы 
негізгі мағынасының сурет –сипаты: тұрақты сөз тіркесі және контекст;  
5) Парадигма құрамындағы тілдің бейнелік құралдары– лексикографиялық 
бейнелік бірліктердің сөздік мақалалары (II.); 6) лингвокогнитивті түсінік 
беру–  метафорикалық  модельдерді  көрсету  және  парадигма  бірлігінің 
бейнелік мағынасына ауысқан типтік бейнелік танымындарды түсіндіру 
(III.); 7) лингвомәдени түсінік беру (IV).
Қазақ  тіліндегі  лингвомәдени  сөздікке  енген  тағам  атауларының 
уәждемелі–бейнелі парадигмаларын заттық, сындық және іс-әрекеттік деп 
бөлуге болады:
а) іс - әрекеттік парадигмалар: аузын майлау (намазать рот маслом, 
т.е. подмазать); көз майын тауысу (тратить глазной жир, т.е. без отдыха 
заниматься наукой, творческой работой); көзі ішіп-жеп барады (поедать, 
пожирать глазами, т.е. неотрывно, пристально смотреть); буына пісу, 
семіру  (на  пару  свариться,  разбухнуть,  разжиреть,  т.е.  возгордиться, 
становиться заносчивым, высокомерным), кеудесіне нан піскен (на груди 
хлеб выпечен, т.е. гордец, смотрящий сверху вниз) т.б.
б)  заттық  парадигмалар:  қаймағы  бұзылмаған  (нетронутые  сливки, 
т.е. дружные, монолитные); ақ май аузынан ағу (жир вытекает изо рта, 

214
215
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
т.е. изобилие); бір ұрты май, бір ұрты қан (на одной щеке жир, на другой 
кровь, т.е. человек, в котором уживаются противоположные качества); 
аузына су жұқпау (вода не пристает ко рту, т.е. говорить без умолку), 
көңіл су сепкендей басылу (настроению упасть как будто окатили водой, 
т.е. сникнуть); етінен ет кескендей болу (будто отрезать кусок от своего 
тела, т.е. отрывать от себя); етінен ет кесіп беретін кісі (готовый кусок 
мяса от своего тела кому-либо, т.е. готовый оказать помощь любому) т.б.
в) сындық парадигмалар: айрандай ұйып отырған (дружные, единые); 
сүттей жарық (светла, как молоко); абыройы айрандай төгілу (терять 
достоинство,  как  пролитый  айран,  т.е.  опозориться,  осрамиться); 
айрандай аптап (окутать, как айран, т.е. подчинить себе, прибрать к 
рукам;) бидайықтай қуыру (зажать, как кречет в когтях, т.е. дать нагоняй, 
продирать с песком, пробирать) т.б.
Қазақ тіліндегі іс-әрекетті сипаттайтын уәждемелі-бейнелі «пісу-пісіру» 
парадигмалардың бірін мысал ретінде сөздіктен фрагмент көрсетер болсақ, 
«Тағам дайындау» тақырыбына жатады.
ПІСУ (ВАРИТЬСЯ, СОЗРЕТЬ)  
І. Бастапқы мағынасы.
Вариться/свариться  1.  Сырой  продукт  в  процессе  варки  доходит  до 
состояния готовой пищи. Используется по отношению к блюдам из мяса, 
теста, круп, требующим формирования отдельных изделий из приготовленной 
массы: ет, күріш, палау, манты, бауырсақ, шелпек пісті (мясо, рис, плов, 
манты сварились; баурсаки, лепешки пожарились).  Не употребляется по 
отношению к приготовлению чая, бульона) [4, c. 67]. 
2.  Плоды  огорода,  сада,  урожай  пшеницы  созревают,  готовы  к 
употреблению. 
3. В процессе приготовления кумыса взбалтывание кобыльего молока 
в специальной емкости (куби).
4. В процессе приготовления сливочного масла взбалтывание коровьего 
молока.
5. Вонзить во что-то острие чего-то.
6. Піспек – предмет, используемый для взбалтывания кумыса или масла.
7. Пісте (бот.) - фисташка
ІІ. Бейнелік мағыналары
1. Ауыспалы. Животные набирают жир, готовы к употреблению. 
2. Ауыспалы.. Человек привыкает к трудностям, закаляется (пісу). 
3.  КЕУДЕСІНЕ  НАН  ПІСКЕН.  Неодобрит.тура.:  на  груди  хлеб 
выпечен. Гордец, важный человек. СМОТРЕТЬ (ГЛЯДЕТЬ) СВЕРХУ ВНИЗ.
4. БУЫНА ПІСУ (СЕМІРУ; ІСІНУ, ШАЛҚАҚТАУ).Тура.: на пару 
свариться (разжиреть, разбухнуть, вознестись). Становиться заносчивым, 
высокомерным; возгордиться. 
ПІСІРУ (ВАРИТЬ)
І. Бастапқы негізгі мағынасы.
1. Варить из сырого продукта пищу. 
2. Варить металл. 
ІІ. Бейнелік мағынасы
1. Переносн. Довести дело до конца. 
2. Переносн. Свари и съешь (Пісіріп же). 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. Т1., Алматы, 2011. – 495 б.
Жиреншин, О., Мусин, Ж. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы : 
Республикалық баспа кабинеті, 1994. – 84 б.
Блинова, О. И., Юрина, Е. А. Словарь образных слов русского языка. 
– Томск, 2007. – 364 с. 
Юрина, Е. А. Образный строй языка. – Томск, Изд-во Том. Ун-та, 
2005. – 155 с.
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы 
Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ.
Материал 30.07.14 редакцияға түсті.
Г. Т. Тлеубердина, Г. Т. Батыргалиева
Языковое описание казахских и русских наименований блюд
Кокшетауский государственный университет 
имени Ш. Уалиханова, г. Кокшетау.
Материал поступил в редакцию 30.07.14.
G. T. Tlеubеrdinа, G. T. Batirgalieva
Language description of the Kazakh and Russian names of dishes
Sh. Ualikhanov Kokshetau State University, Kokshetau.
Material received on 30.07.14.
В статье рассматриваются мотивационно-образные парадигмы 
в составе образного лексико-фразеологического поля, отражающего 
метафоризацию концептуальной области «Еда» и эксплицирующего 
систему  кулинарных  образов  в  казахском  и  русском  языках. 
Освещаются структурно-семантические и когнитивные параметры 
мотивационно-образной  парадигмы  как  комплексной  единицы 
образного строя языка.

216
217
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
In this article the motivational and figurative paradigms within the 
figurative lexico - phraseological field reflecting metaforization concerning 
to the concept area «Food» and express system of culinary images in the 
Russian and Kazakh languages are examined. Structural-semantic and 
cognitive characteristics of the motivational and figurative paradigm are 
considered as a complex unit of figurative language system.
ӘОЖ 801.811.512.122
А. О. Тоқсамбаева
ТҮРКІ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП
Бұл мақалада М. Көпейұлының ауыз әдебиеті үлгілері (айтыс, 
мақал-мәтел)  және  Орта  ғасырылық  Жүсіп  Баласұғын,  Махмұт 
Қашқари және Ахмет Яссауи сияқты түркі ойшыларымен рухани 
байланысы сөз етіледі.
Айтыс - қазіргі әдебиеттанудағы драма жанрына бір табан жақын келетін 
ауыз әдебиетінің үлгісі. Оның осы табиғатын әдебиет зерттеушілері орынды 
ауызға алып жүр. Тым әріге барсақ, екеуара айтыс М. Қашқаридың «Түркі 
сөздігінде» «Жаз бен қыстың айтысы» түрінде көрініс тапқандығы көне қазақ 
әдебиетінен белгілі. Енді осы үрдіс жаңа қырынан жазба әдебиетінің, оның 
ішінде ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы әдебиетімізде ақындарымыз сүйіп 
қолданған оқиғалы өлеңнің өзіндік бір формасы болды. Бұл арада ақындар 
фольклордан үйреніп қана қойған жоқ, сонымен бірге өзге әлем әдебиетінде 
жоқ поэманың жаңа түрін өмірге әкелді. 
Біз  алғашқылардың  бірі  болып,  Мәшһүрдің  ұлттық  фольклордағы 
айтыс өнеріне қатысы туралы кеңірек сөз қозғап, оның айтыс өнеріндегі 
жетістіктерін тілге тиек ететін болсақ, онда сол дәуірдегі ақынмен тұстас 
Абайдың  ақын  шәкірттерінің  де  осы  саладағы  көркем  туындылары 
болғандығы ойға оралады. Атап айтар болсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының 
«Жайлаубайдың  баласымен  айтысы»,  сондай-ақ  Тұрағұл  Абайұлының 
«Тұрағұлдың Матай елінің қызымен жауаптасуы», «Әлмағамбет пен қыздың 
айтысқаны», Әубәкірдің «Қайырбек пен келіннің айтысы», «Қыз бен өзі», 
«Бүркітімен  айтысы»  сияқты  айтыстық  мысал  өлеңдермен  бірге,  Әріп 
Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке 
мен  Жікібай»  сияқты  қыз  бен  жігіт  айтысы  негізінде  жазылған  көлемді 
поэмалары  арасындағы  қазақ  ескілігімен  жарасымды  әдеби  үндестікті 
атап  өтуге  болады.  Осы  мәселені  басқа  қырынан  алғаш  көтерушілердің 
бірі  А.  Ақтанова  өзінің  “Мәшһүр-Жүсіп  өлеңдеріндегі  драма  мәселесі” 
атты мақаласында: “Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өлеңдерінің негізгі бағыты дни 
философиялық тұрғыда келетіні белгілі. Әсіресе, оқиғалы өлеңдері мен айтыс 
өлеңдерінде осы бағыт-бағдар айқын байқалады. Оның “Мәшһүр-Жүсіптің 
тырнағымен айтысы”, «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы», «Жарты 
нан хикаясы», «Шайтанның саудасы» өлеңдері шағын драмалық тартысқа 
құралған өлеңдеріндегі драмалық тартыс пьесадағыдай болмайды. Драмалық 
тартыс өлеңдегі айтыс элементтерімен байланысты” [1,30 б] деген тұщымды 
пікір айтады. 
Сөйтіп, қазақ жазба әдебиетіндегі фольклорлық айтыс мүмкіндіктерін 
әр  кез  арттыруға  үлес  қосып  келген  бұрынғы  мысал  үлгілері  кейінірек 
қазақтың  айтыс  түріндегі  төл  мысалдарының  туып  қалыптасуына  жол 
салған тәрізді («Ат пен иесі», «Көкқұтан мен шымшық», «Қарашекпен мен 
қасқыр», «Жұманазар мен домбыра», «Тоқты мен қасқыр», «Темірбай жырау 
мен сиыр», «Бабақбай мен қасқыр», «Ыдырыс пен тайлақ» т.б.). Бұлардың 
шығарушысы  белгісіз  болғанымен,  кейінгі  әдеби  айтыстарда  белгілі 
ақынның, яғни шығарушысының атымен аталуының өзі оның ендігі жерде 
фольклорлық емес, әдеби туындыға айналғандығының толық куәсі болады. 
Өзіне  дейінгі  жазба  әдебиетіндегі  айтыстардан  өзгеше  мазмұнға 
құрылған М. Көпейұлының бір айтысы «Күйеу Мағзұм мен аруақтар» деп 
аталады. Бұл айтыс Мәшһүрдің қаламынан шыққан барша жазба айтыстары 
ішіндегі ең тылсымды, ең бір романтикалық мистикаға оранып, бұған дейін 
нақты өмірілік оқиғаның негізінде туындаған “Мешіт зары” өлеңінің өңделген 
нұсқасы немесе оның ең алғаш шығармашылықпен поэтикалық барлануы 
деудің біріне кейін әдебиет тарихын зерттеушілердің тоқтам жасайтын кезі 
келер. Бұл арада біз тек осы екеуінің түп негізі бір екендігін ғана көрсетіп 
отырмыз. Осы арқылы ақын ислам дінінің кейбір жетесіз жандар тарапынан 
өз өңірінде қорлануын сездіріп, нақты адамдардың аттарын ауызға алады. 
Баянауылдағы мешітті жөндеуге деген ақша желініп қойып, осы іске 
бастамашы болғандар кейін шын дерегін тексерген кезде бір-біріне сілтеп, 
шын кінәлі жан табылмайды. Осыған ыза болған Мәшһүр осы тақырыпқа 
екі рет айналып соққан сияқты. 
Бабаларымыз айтыспен бірге небір тарихи жырларды да көнеден бізге 
жеткізді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  «Оғызнаме»  аңыз-жыры  түркі-моңғол 
халықтары эпикалық аңыздауларының көне үлгісі тәрізді. Көне сарындар 
қазақ  жазба  ақындарының  шығармашылығында  қайтадан  бой  көтеріп, 
әдеби үдерісіміздегі өнімді бір салаға айналды. Олардың тарихи тақырыпқа 
жазылған туындыларындағы ертеден келе жатқан сарындар ХІХ-ХХ ғғ. діни-
ағартушылық ағым өкілдерінің ислам әдебиетінің дәстүрлі канонданған тарихи 
қаһармандарымен үндесіп, тіпті қазақ әдебиетінің бұрынан келе жатқан төл 
туындысындай жымдасып кеткендігін олардың шығармашылығы бойынан 

218
219
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
айқын аңғара аламыз. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, онда діни шежірелік 
тарамдау Мәшһүрде біршама көмескі, Шәдіде айқын танылып отырады. 
Біз ауызға алған кезеңдегі ақындар туындыларындағы Пайбамбарымызды 
ұлықтауда  академик  Р.  Бердібайдың  айтуы  бойынша:  1)  «киелі  ақша 
бұлт», 2) «жауырындағы мөр», 3) «отқа салса күймейді», 4) «Түс көру»,  
5) «Қаһарманның киелі (магиялық) әрекеті», 6) «Жеті қат көк», 7) Пырақ 
сияқты жеті сарны бар [2,30 б] екендігіне көз жеткіземіз. Осындай ислам 
әлеміне тән сарындар М. Көпейұлында діни дастандарында да бой көрсетеді. 
Үшінші бір айта кетер мәселе Жүсіп Баласағұнның «Құтадғы білігі» 
мен Махмұт Қашқаридің «Диуан ат түркінде», Ахмет Яссауидің «Даналық 
диуанында» түркінің ежелден тамыр тартқан ауыз әдебиеті дәстүрінің де, 
бізге белгілі және белгісіз халық шығармаларының үлгілері де молынан 
кездеседі. Осы жарасымды үндесік араға ғасырлар салып, ХІХ-ХХ ғғ. діни-
ағартушылық ағым өкілдерінің шығармашылығында бой көрсете бастады. 
«Құтадғы  білікте»  белгілі  бір  өмір  құбылыстары  түрліше  дәстүрленген 
халықтық ұғым, наным-сенімдер тұрғысынан бағаланып отырады, қазіргі 
ұлттық  даналықтармызбен  үндесетін  мақал-мәтелдер,  нақыл,  қанатты 
сөздер де жиі қолданылады. Бұлар ондағы өлең қатарларын айрықша ажарға 
бөлейді. Осыны сезгендіктен жыраулар мен ақындар ХХ ғ. басына дейін осы 
дәстүрлі өлеңдік үлгіні не бір тармақтық-мәтел түріндегі, не екі тармақтық-
мақал түрінде не болмаса, төрт тармақты – билер тақпағы түрінде кеңінен 
қолданып келді. Бұл әр ақын ұлт әдебиетінде бұлжытпай сақтайтын әдеби 
заңдылыққа айналды. Біздің әдебиетіміз Жүсіп Баласағұнның шешендік ой 
толғауын өзіне серік ете білді. Әлі де серік етіп келеді.
Енді Мәшһүр өлеңдерінде кездесетін осындай тармақтық, қос жолдық 
үлгінің, билер тақпақтауының кездесуін молынан байқаймыз. Сөзіміз дәлелді 
болуы үшін осылардан бірді-екілі мысал келтіре кетелік. 
• Құдайдың жақсылығы басыңда тұр.
• Жақсы-жаз,жаман адам-зымыстан қыс. 
• Оңдырмас мынау қойшы бізді бағып,
• Сіңбей тұр ішкен тамақ бойға жағып.
Немесе 
• Өз жұртын оңған барма жатқа сатқан,
Ерді елдің пайдасы үшін хақ жаратқан.
Ойлайтын елдің қамы ерді жібер,
Жерінен суырып алып көрде жатқан.
Біз  келтірген  өлең  орамдарынан  ертедегі  өткен  Жүсіп  Баласағұн, 
Махмұт Қашқари және Ахмет Яссауилердің қанатты сөздерді өз дәуірінде 
қалай мол пайдаланса, олардың заңды мұрагерлері ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. 
басындағы қазақ ақындары да сонша молынан пайдаланғандығын сол дәуір 
әдебиетіндегі шығармалардан көптеп кездестіреміз. 
Дүние жүзіндегі халықтардың дәстүр, салт-сана, тіл жақындығынан 
туатын ауыс-түйістер фольклорлық мұраның тағы да бір ауқымды саласы 
болып табылады. Мұны ғылыми терминмен “тарихи-мәдени типология” 
деп  атауға  болады.  Көршілес  шығыс  елдерінен  ауысқан  шығармаларды 
осы топта алып қарау керек. Арғы түбі араб, парсы, үнді елдерінен тараған 
көптеген сюжеттік-фабулалардың қазақ арасына танымал болуының мәні 
осында. «Сейфүлмәлік», «Жүсіп–Зылиқа», «Таһир–Зухра»,«Ләйлі–Мәжүн», 
«Баһрам»,  «Төрт  дәруіш»,  «Тотынаме»,  «Хамуснаме»,  «Рүстем-дастан», 
«Ескендір Зұлқарнайын» секілді жыр аңыздар, Орта Азия, Орта Шығыс 
елдерімен рухани, мәдени байланыстың күшеюі әлемінің ғажайып ертегілері 
«Мың бір түннің» тікелей әсерімен ауызша да, жазбаша да кеңінен мәлім 
болған туындылар - өз алдына бір бөлек болса, қазақ жеріне ислам дінінің 
таралуы арқылы шығыс халықтары шығарған көркем әдеби жәдігерлердің 
көптеп  тамыр  артуына  септескен.  Ислам  дүниесінің  қасиетті  кітабы 
“Құранның”  ішіндегі  аңыздар  мен  тәмсілдер,  мысалдар  мен  ғибраттар, 
даналық, имандылық сөздері түркі жұртының тағылым алатын, рухани жан 
дүниесін тазартатын, адамшылық тәлім-тәрбие алатын дәріс-сабақтарына 
айналды.  Бұл  қатарда  ХІХ  ғ.  мен  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  әдебиетіндегі 
діни-ағартушылық  ағым  ақындарының  шығыс  кітаптарынан  ауысып 
келген қаншама сюжеттік негіздерді қазақ табиғатына жақыдатып, жаңаша 
құлпыртып  сөйлегенін  де  айтуымыз  керек.  Қазақ  даласына  ертек,  аңыз 
болып тараған хисса-хикаялардың барша түп төркіні шығыстық екенін айна-
қатесіз дәлелдейтін әдеби мысалдар өте мол. Қазақтың белгілі шайырлары 
Шәді, Жүсіпбек, Ақылбек, Ақыт, Ораз молда, Майлы, Мұсабек, Нұралы, 
Тұрмағамбет  және  М.  Көпейұлы  қисса,  дастандарының  сарыны  шығыс 
халықтары  арқылы  келгені  дәлелдеуді  керек  етпейді.  Бұл  біз  келтірген 
мысалдар  қазақ  фольклоры  мен  жазба  әдебиетінде  тегі  мен  түбірі  бір 
шығыстан  өрбіген  көркемдік  қазынаның  аса  қомақты  екенін  көрсетеді. 
Сондықтан бұларды жекелеп те, тақырыптық, оқиғалық жүйемен топтап та 
шолып, тексеріп шығу елдік мәдениетіміздің терең қабаттарын танып білу 
үшін аса қажет дүние. Діни тақырыпқа жазылған қиссалардың бұрын қазақ 
арасында зор даңққа ие болғанын да ұмытуға болмайды. Олардың мәтіндері 
бүгінгі  талғампаз  оқушы  қауымның  рухани-мәдени  игілігіне  айналуы 
тиіс. Барлық рухани мұраны игергенде ғана дамыған елу елдің қатарына 
қосыламыз деп отырған ұлтымыздың адамзат өркениеті жолындағы орны 
мен мәнін санаға сіңіріп, табиғи дамудың болашағына соқпақ салуға болады.
Түрік  халықтарының  фольклорлық  мұрасындағы  үндестіктер, 
сарындастықтар, түбірлестіктер біз атап көрсеткеннен анағұрлым көп екендігі 
белгілі жайт. Түркі халықтарының ауыз әдебиетіндегі адамзаттық ортақ сипат 
алатын тарихи-типологиялық ұқсастықтарды сөз етпегеннің өзінде соншалық 
мол ескерткіштің ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы Орта Азия әдебиетінде бір 


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал