Ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми кон ференция қазақ тілі мен әдебиетінің, өнері мен



жүктеу 336.19 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі336.19 Kb.
1   2   3   4

Жаңаарқа аудандық соты

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕ!

Целинный  ауылдық  округі  Орынбай  ауылында   2011 жылы  жеке кәсіпкер  Қ.Ахметовтың

демеушілігімен  мешіт  құрылысы  басталып, 2012  жылы құрылысы толық  аяқталып,

пайдалануға  берілді. 2013 жылдың  10  сәуірі  күні  Қазақстан  мұсылмандары  діни

басқармасының  төрағасы,  бас  мүфти  Ержан  қажы  Малғажыұлының №281  бұйрығымен

Орынбай  ауылдық мешітіне  молда  болып  тағайындалдым.  Қызметіме  кіріскен  соң,

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  43  бабына,  «Діни  қызмет  және  діни

бірлестіктер туралы» Заңына  сәйкес, Орынбай  ауылдық мешітін  Қазақстан  мұсылмандары

діни  басқармасы  Республикалық  ислам  діни  бірлестігінің  филиалы   ретінде    Қарағанды

облыстық  Әділет  департаментінен есептік  тіркеуден  өткізіп, Ережесін  бекіттірдім. Қазіргі

уақытта  мешіт  қалыпты  жағдайда  жұмыс  істеп  тұр. Әрбір  жұма  күндері  жұма  намазы

оқылады. Жастардың  мешітке  деген  ықыластары  зор. Ауыл  халқының  ұйғаруымен,

өздері  қаржы  жинап,  2013  жылы  мешіттің  сырты  керамикалық  шарбақпен  қоршалды.

Жылуы,  суы  қалыпты  жағдайда  беріліп  тұрады. Орынбай  ауылдық  мешітінде  ауыл

халқымен,  жастармен  әртүрлі тәрбие  тақырыптарына  байланысты  кездесулер  өткізіліп

тұрады.  

Мысалы  2014  жылдың  маусым  айының  6  күні  «Лаңкестікке  жол  жоқ»  тақырыбына

байланысты    кездесу    өтті.  Ислам    дінінің    негізгі    мақсаты    адамзатты    бүкіл

жамандықтардан    тазартып,    көркем    мінезділікке,    кешірімділікке,    мейірімділікке,

жанашырлық пен  қамқорлыққа  тәрбиелеу  екені  туралы  әңгімелер  айтылды. Ал, 2014

жылдың 23-24  шілде  күндері  Қадір  түнінің  қарсаңында  шаруа  қожалықтарының  бас-

шылары  Қ.Жүнісов, Қ.Ахметов  мырзалар  бір-бір  қой  малдарын,  Аллаһдан  жаңбыр  тілеу

мақсатымен  нәзірқұрбан  шалды. Сол  күні  бесін  намазынан  кейін  мешітте  жамағатпен

«Истисқа» (жаңбыр  тілеу)  намазы  оқылды.  



Х.НАҚЫПОВ, 

Орынбай  ауылдық  мешітінің  молдасы    

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық

ислам діни бірлестігінің филиалы Орынбай ауылдық мешітінде

атқарылып жатқан  іс-шаралар  туралы

Өрт тілсіз жау! Қазіргі таңда, өрттің көптеген шығу жолдары туындауда, атап айтсақ:

-пештердің жөнделмегендігінен болатын өрттер;

-қолдан жасалған электр жылтқыштарды қолдану;

-газ плитасын қолдану кезінде; 

-электр тоғын пайдалануда;

-көлікжайда тұрған автокөліктерде; 

-өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарының бұзылуы;

Өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауға күнде назар аударуға тура келеді. Әрбір түсініп

оқылған ереже, әрбір жеке тұлғаға «жақсылық» әкеледі, яғни сақтықта қорлық жоқ. Негізі-

нен электр тоғынан болатын өрттердің себебі электр жүйесіне нормадан көп жүктеме беру.

Бұл электрөткізгіштердің қызуына, олардың тұйықтау қабатының балқып жануына әкеледі.

Әрбір үйде электр тоғын есептеуші құрал бар, ал онда сақтандырғыш қондырғы немесе ав-

томат орнатылған. Жүктемені нормадан асыра көбейткенде, бұл құралдар өзі сөніп немесе

жанып кетеді. Несін жасырайық, көбіміз жанып кеткен сақтандырғыш құралға қолдан сым

жалғап пайдаланамыз. Бұл жоғарыда айтылғандай электрөткізгіштердің қызып өртенуіне

әкеледі.

2014 жылдың сәуір айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне толықтырулармен

өзгерістер енгізілді.  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексің 312 баптың 1 бөлігіне сәйкес

өрт сөндіру техникасын,  өртке қарсы құрал-сайманды, жабдықтау, өрттi табу мен сөндірудің

автоматты құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау қағидаларын

орындамаған кездерде:

-  жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк

субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –

жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есеп-

тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егерде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір

жыл ішінде қайталап жасалған әрекет болса онда;

-  жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік

субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу,

ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік

көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Өрт сөндіру бөліміне жалған ақпарат

берген үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ұмытпауыңыз қажет. 

Жаңаарқа ауданы төтенше жағдайлар бөлімі 

Заң бар жерде тәртіп бар!

Келісім-шарт бойынша "Батыс" аймақтық әскери басшылығы солдаттар мен сержанттар

құрамдарымен жасақтау үшін келісім-шарт бойынша әскери қызметке мамандық бойынша

Ақтау қаласына 25744 әскери бөліміне қабылдайды:

-механик-жүргізуші МТ ЛБ, механик-жүргізуші Т-72, ВС категориялы жүргізуші, ныса-

нашы-оператор, санитар-нұсқаушы, байланысшы, техник, барлаушы-пулеметші, старшина,

барлаушы-гранатаметчик, барлаушы-снайпер, баулаушы-сапер, сапер.

Үміткерлер 20-25 жас аралығындағы  бойдақ, білімі орта мамандандырылғаннан төмен

емес және Атырау, Ақтау гарнизондарында әскери борышын атқарғандар болуы тиіс. Жы-

лына 40 күн демалыс 1 күнтізбелік айлық қызмет бір жарым ай болып есептеледі. Солдаттар

мен сержанттар құрамын жасақтауға жауаптылар: п/п-к А. Сәкенов, байланыс телефоны-

87025075705, к-н Н. Байкеев, байланыс телефоны-87761201134.

Сұрақтар бойынша Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісім-шарт

бойынша әскери қызмет бөлімшесіне, мына мекен-жайда хабарласуға болады: Транспорт

орамы, №9 үй, хабарласу телефоны:2-71-66.



Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Хабарландыру



20 қыркүйек 2014 жыл

6

Жаңаарқа елінің,  жерінің тарихын жан-жақты зерттеп, елдің



тіршілігіне  байланысты  қол  өнер  істерін,  түрлі  заттарды

жинап сақтау, болашақ ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсету,

ұлы  адамдар  өмірін,  олардың  әдебиет  пен  мәдениетте

қалдырған іздерін, жанқиярлық ерліктерін, бүгінгі күнге жет-

кен рухани мұрасын, жұртқа жария ету үшін Сәкен Сейфул-

лин атындағы  тарихи-өлкетану  мұражайы ел ішіндегі және

сырттан келуші зиялылар  бас қосатын орталыққа  айналды.

Жаңаарқа ауданы тарихынан жәдігерлер 1960 жылдан жинала

бастады.  Алайда  мұражай  1984  жылдан  бастап  ресми

ашылды. Мұнда   М.Қасенова, Б.Көшмағанбетов, Х.Дәрібаев

басшылық етті. 2007 жылдың 17 қаңтарынан бастап мұражай

меңгерушісі    болып,  аудандық  мәслихаттың    депутаты

Зәмзәм  Аманов ауысты.

Мұражайда қор меңгерушісі Гүлғайша  Жангелдина  айтулы

даталарға байланысты баяндамалар, бұрыштар, көрмелер,

әңгіме, кездесулер ұйымдастырып тұрады.

Мұражайға келушілердің дені-ғалымдар, студенттер, оқушы

жастар. Олардың әр нәрсеге зерттей қарауы  қуантады. Мұнда

жұрт үшін қызықты тарихи жәдігерлер, әрқайсысында адам

сыры,  тағдыры  жатыр.  Мұражайдың  кіре  берісінде

Қазақстан  Республикасының    Рәміздері  –еліміздің  Көк

байрағы,  Елтаңбасы,  Әнұраны,  Республика  Президенті

Н.Назарбаевтың  суреті қойылған. Екінші қабатқа көтерілген

бетте С.Сейфуллиннің кілемге тоқылған бейнесі көрінеді.

Мұны 1964 жылы Сәкеннің  туғанына 70 жыл толған мерей-

тойына  Алматы тоқыма  фабрикасы  жасаған.  

Мұражай төрт бөлімнен тұрады.Үстіңгі қабаттағы оң жақ

зал  «Даланың  дара  тұлғалары»  бөлімі,  оған  қарсы

С.Сейфулиннің  өмірі  мен шығармалығына арналған және

«Аудан тарихы». Төменгі қабатта  «Өлкетану» залдары бар.

«Даланың  дара  тұлғалары»  залының  қақ  ортасында

С.Сейфуллиннің  асқақ  бейнесі  тұр.  Оны  мұражайға

облыстық  мәслихаттың  депутаты    Ғазым  Жарылғапов

тапсырған. Жаңаарқа  жерінен  ел бастаған шешендер, қол

бастаған көсемдер, атақты өнер иелері шыққан.  

С.Сейфуллиннен  бергі Ж.Смақов, І.Жарылғапов, Х.Жама-

нов, А. Сейдімбеков, мемлекеттік сыйлықтың иегері А.Смай-

лов, «Алаш» сыйлығының  лауреаты, ақын  Ғ.Жайлыбай,

мемлекеттік  сыйлықтың лауреаттары  Қ.Байбосынов,   Б.Ті-

леуханов,  «Дарын»  сыйлығының    лауреаты    А.Әлтай,

қобызшы С.Үмбетбаев   туралы деректер бар. 

Даңқты  жерлестеріміз    Социалистік    Еңбек    ерлері    О.

Әлібаев,  С.Ысқақов,  Ы.Жұмабеков,  Ш.  Ынтықбаев  ауыл

шаруашылығында елеулі еңбегімен  көрінсе, Ж.Рүстемов пен

Е.Зәпиев Қарағанды шахталарында жер астын ақтарып, көмір

кенін қопарған. 

Мемлекеттік  сыйлықтың    лауреаты    С.Қирабаев,    «Ғасыр

адамы» Т.Көкетаев, ғалымдар Ғ.Құлқыбаев, Ғ.Мұсылманбеков

және  басқалары  туралы  деректер  жинақталған.  Ақын-

жазушылардың,  ғалымдардың,  үш қосарлы   жаймада  шыны

астына  қойылған.  Қол өнер шеберлерінің  бейнелеріне  де

арнайы стенд жасалған.  

Олардың ішінде   суретші  О.  Әбішева,   қолөнер шебері  Ғ.

Оспанов  және  басқа   талант иелерінің  аттары  жазылған.

Бұл    залдағы  елдің  бір  үлкен  бөлім  Жаңаарқа  спортына

арналған. Мұнда республика   спортына    сүбелі үлес қосқан,

жастарды  спортқа  бейімдеуде  ұйымдастырушылық

қабілетімен  жарқырап  көрінген,  бокстан Жаңаарқа   тұңғыш

спорт шебері   Ғ.Жарылғапов,  спорт жұлдыздары ағайындылар

Қанат, Талғат,  Жанат  Байшолақовтар,  Д.Бөкенаев,  Д. Биткөзов,

Р.Қыдырбеков,  М.Ибрагимов   және Қазақстан Республикасы

чемпиондарының,  спорт шеберлерінің    бейнелері,  құжаттары,

кубоктары тұр. Жаңаарқа елін  алпауыт  күштерімен  талай  таң

қалдырған   Мұқаметжан, Исатай, Битабар, Өзаман, Асқар

сияқты  түйе палуандардың   бейнелері де осында.  

«Сәкен Сейфулиннің –өмірі мен шығармашылығы»  залында

«Зұлмат жылдары», «Сәкен- ел есінде»,  «Сәкеннің арғы тегі,

туыстары», «Сәкен және әдебиет», «Сәкен-қоғам қайраткері»

бөлімдері бар. «Зұлмат  жылдары»  бөлімінде   Сәкеннің

түрмедег  ең  соңғы  суреті,    ұрып  соққаннан      кейінгі

қалжыраған бейнесі сақталып  қалған  екен. С.Сейфулиннің

әкесі  Сейфолла  да  қатыгез  саясаттың  құрбаны   болған.

Сейфекең  ұлынан  кейін ұсталған  еді.  Жанайдардың  әкесі

де   хабарсыз  кеткен  еді. Мәліктің  тағдыры да беймәлім.

Сәкеннің  ең  жақын   жолдасы  Әлкей Өтекин  1937  жылы

Балқашта  қызметте  жүргенінде  ең  алғашқылардың  бірі

болып  ұсталған. Жанайдар  Сәдуақасов да оққа  ұшты. Жа-

зушы Сайділда  Талжанов  жиырма бес  жыл  айдауда   болды.

Әрине,  зерттейтін  білетін  жайлар  көп.  Әрбір

айтылғандардың  өз  тағдыры,  тарихы бар. Сәкеннің  досы

Әлкей Өтекиннің,  Жанайдар  Сәдуақасовтың ақынның  әкесі

Сейфолланың      туыстары      Мұқажан      Сарбиевтің,  Иса

Рүстембековтың,  Әлмұса  Бармұхамбетовтың,    Кәрібай

Салықовтың  бейнелері тұр.  Сәкенге  байланысты  хаттама,

тінту, үкім  құжаттары да қойылған. «Сәкеннің арғы тегі туы-

стары»   бөлімінде  Сәкеннің әкесі   Сейфолланың,  апасы

Жамалдың  бейнелері бар. 

Сондай-ақ,  Сәкеннің ру шежіресі жасалған. Гүлбаһрамның

қызы   Лаурамен және  1960  жылы жеке  түскен  суреттері,

Мәжит  Сейфулиннің,  Айнабековтар  отбасының,   Абдолла

Асылбековтың,  Мәжиттің  күйеу баласы Қарпық  Құсайынов

пен Өспенде оқыған  мектеп  үйінің  суреті  сақталған. Омбыда

оқыған  үйі,  ұстазы  Александр Седельников суреттері тұр.

«Төңкеріліс 

жылдары» 

бөлімінде 

Н.Нұрмақовтың,

З.Катченконың  бейнелері бар. Әуелгісі  Сәкенмен Омбыда

бірге оқыса,  кейінгісі  ақын революционердің   Ақмолада  Сов-

деп    құрысқан    жолдасы.  Мұнда  Мұқан  мен    Бәтима

Әйтпеновтардың   Омбыдағы  үйінің  суреттері  ілінген. 1919

жылы  наурыз  айында  Омбы  түрмесінен   қашып шыққанда

Сәкен  осы   үйде жасырынған.  Бұл  залдың   төрінде  Бейім-

бет Майлиннің суреті  тұр. Сәкен  Сейфуллин иығына ілді

деген ала  шәйі  шапаны,  ақынның  өзі  ұстаған қамшысы,

аққұман мен  екі  кесесі  қойылған.  Сәкеннің әр  жылдарда

шыққан  «Тар жол,  тайғақ кешу»  кітабы,  «Айша»   әңгімесі

бойынша жасалған диограммада  кешкілік  Сәкенге  Айша

әңгіме  айтып,  ән салуда.  Жас әйел  қазан көтеріп, ас  дайын-

дауда , киіз үй,  жатқан тазы көрінеді.

«Жаңаарқа тарихы»  залында   Әлкей  Марғұлан  әр  жыл-

дары   зерттеген   Ақтау  өңіріндегі  тас ескерткіштердің

көріністері,  1722  жылғы      жазба,    қашалған  тас,    әулие

жартастағы  тоғызқұмалақ ұялары,  біздің жыл  санауымызға

дейінгі  қорымдар,  Қараағаштан    табылған    құмыра

сынықтары,  тас  дәуіріндегі адамдар  диограмма  арқылы  бе-

рілген. Олардың бәрін  жасаған  Ғазиз  Жұмабеков.

Кезінде  Шоқан  Уәлиханов    жазбасы  бойынша  ІХ-ХІ

ғасырларда   жасалды деп  шамалаған. «Жұбан ана» ескерт-

кіші  өткен  ғасырдың 80  жылдары   қайта  өңделген  бола-

тын. 

Мұражайда  сондай-ақ  белгілі  адамдар  мазарларының



архитектуралық өзгешелігі бар  бейттердің  суреттері бар.

Оның  ішінде атақты Шоң  би, Бәйеш  батыр,  Құтжан  қажы,

Балабақсы  басындағы ескерткіштердің   көріністері беріл-

ген.Ықылас  қобызшыға Түгіскенде қойылған ескерткіштің

суретін де  көруге болады. Жаңаарқа тарихындағы  теміржол

1936 жылы   жайдақ жермен  тартылады.Көтерме  жол  1937

жылы салынған.  Мұндағы  стендіде  1925  жылы  Түркісіб

құрылысына  қатысқан  Ленин   және Қызыл Ту орденді   Әбіл

Байбосынов   және басқа   ардагер  теміржолшылардың  бей-

нелері    бейнеленген  «Теміржол»,  «Тыңды  игеру»

тақырыптарына арналған  диаграммалар  жасалған. Бұл залда

сондай-ақ,  ауданды  басқарған  азаматтардың,  Жаңаарқаның

қазіргі  қалпының  суреттері бар. Біраз  альбомдар  әр сала

еңбектерінің    суреттеріне арналған. 

Ортадағы    үлкен    жаймадағы  Ақтау    бекінісінің

көрінісі.Атасу кентіне күншығысқа  қарай 55  шақырымдай

жерде  1832  жылы   салынған  бекіністің орны,  шашылған

үйіндісі, айнала   қазылған  орлары,  шегенделген  құдығы

негізінде жасалған.   

Бұл    бекіністе  500  ден  қазақ    ұстаған      Ресей    үкіметі

Ұлытаудан  Ақмола, Аягөзге   дейін қазақ   жеріне   өктемдік

жүргізбек  болған. Бұл қорған  ХІХ ғасырдың 70  жылдарына

дейін  тұрған  сияқты.1937-47 жылдары көтеріліс  кезінде

Кенесары  Хан  сарбаздары  бекіністі  екі рет  шапқан. Бекініс

ішіндегі  казармалар ,  офицерлер  үйі, асхана,  атқоралар, біт-

пей қалған  шіркеулер, зеңбіректер , биік қарауыл орындары

суретші  өрнегімен  өрілген.  Ақтау  бекінісіне      қатысты

құжаттар, бекініс  кірпіш шыны астына қойылған.

Дәстүрлі бұйымдар және туған жер табиғаты залында  киіз

үйдің    жартылай  бөлшегі –шаңырақ, уықтар,  керегелер

қойылған. Айнала түскиіздер  ілінген. С.Сейфулиннің 110

жылдық мерейтойына  Ақтоғай  ауданы  сыйға тарту еткен

домбыра, ақ киізден жасалған  қоржын, кесекқап, аяққаптар,

жастықсалғыш, көрпешелер,  әбдіре,  дөңгелек үстел бар.

Жаймаларда қайық табақтар ХІХ ғасырда  Тула зауытынан

шыққан  самаурын  тұр.Ұзын  сөздің  қысқасы,    күміспен

күптелген оттың  ері,  

Бибіша    Халилақызының  1970  жылы  Канада  көрмесінде

болып келген түскиізі, Ақтауда жайылып  жүретін арқардың

мүйізі,  бәрі-бәрі  ауданның   тарихи- өлкетану  мұражайында

кездеседі.

БАҒИЛА  ЫСҚАҚОВА

    МҰРАТЫ КЕМЕЛ МҰРАЖАЙ   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 «Профилактикалық

екпелер жасалатын аурулар тізбесін бекіту, оларды өткізу ережесі және жоспарлы егілуге тиісті

халық тобы туралы»  Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе жасау

күнтізбесін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы

№33 Қаулысымен бекітілген  «Инфекциялық ауруларды алдын алу бойынша  санитариялық-

эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалардың (бұдан әрі - №33 СҚ)

талаптарын орындау мақсатында  2014-2015  оқу жылында 1-сынып оқушыларын  туберкулезге

қарсы ревакцинациялау  кампаниясын өткізу туралы  Қазақстан Республикасы   тұтынушылардың

құқықтарын қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау депар-

таменті, Қарағанды облысы   бойынша денсаулық  сақтау  басқармасы, Қарағанды облысы бо-

йынша білім беру басқармасының   бірлескен  бұйрықтары шықты. 

Осы бұйрыққа сәйкес аудан көлеміндегі барлық мектептердің  2014-2015  оқу жылындағы 1-

сынып оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациялау  кампаниясын өткізу 2014 жылғы

қыркүйектің  8-нен 26-сіне дейін жүргізіледі және 2014 жылғы желтоқсанның 8-нен 26-на дейін

(Манту сынамасының күмәнді  нәтижесімен 1-сынып оқушылары үшін).

Барлық 1-сынып оқушылары  денсаулық паспортымен қамтамасыз етіледі; БЦЖ ревакцинациясы

мен туберкулин диагностикасын  жүргізу жөнінде  1-сынып оқушыларының ата-аналары мен

заңды  өкілдері  міндетті  жазбаша  келісіммен  немесе  (бас  тартумен)  міндетті  түрде

ақпараттандырылады.  №33 СҚ-ның 114 тармағына сәйкес,    екпе жүргізуден  бас тарту денсаулық

паспортына  ана-анасы мен заңды өкілдерінің, сонымен қатар медициналық қызметкердің қол

қойылуымен ресімделеді. 

Туберкулез – жұқпалы дерт, оны емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек. Алғашқы вакцинациялау

сәби туылғаннан кейін 1-4 тәулік аралықтарында перзентхана  жағдайында жүргізіледі.  БЦЖ

егуден кейін пайда болған иммунитет, орта есеппен 5 жыл сақталады.

Сондықтан  қайталап  вакцинациялау  (ревакцинация)  6-7    жаста  ,1-сынып  оқушыларына

жүргізіледі. Бұл жас мөлшерінде балалар туберкулез жұқтыруға осал болады.  Құрметті ата-ана-

лар! Балаларыңыздың туберкулезге қарсы ревакцинациялау кампаниясына 100%  қатысуына ат

салысыңыздар!



Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы  

2014-2015  ОҚУ ЖЫЛЫНДА 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ  РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ

КАМПАНИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ

2014 жылдың 4-9 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты

бойынша Х-шы мерейтойлық әлем чемпионаты өтті. Жарыста әлемнің 20 елінен 600-ге

жуық  спортшылары  қатысып,  бақтарын  сынады.  2013  жылдың  қазан  айында  Чанджу

қаласында өткен Әлем чемпионатын өткізудің эстафетасын 9-шы біріншілікті Қазақстан

алған. Әйелдер құрама командасын қатыстырған елдердің алғашқысы Қазақстан болған.

Алматыға жарысқа 5 елдің әйелдер құрама командасы келді.

9-шы  өрт  сөндіру  –  құтқару  спорты  әлем  чемпионатының  қорытындысы  бойынша

Қазақстан Республикасы жалпы командалық есеп бойынша 5 орынды иеленді.  Жабылу сал-

танаты  рәсімінде  Халықаралық  өрт  сөндіруші  және  құтқарушылар  федерациясының

атқарушы директоры А.Калинин  Халықаралық өрт сөндіруші және құтқарушылар спорт

федерациясының  туын  ҚР  Төтенше  жағдайлар  министрлігінің  вице-министрі

Ж.Смайыловқа табыстады.  Өрт сөндіру-құтқару спортының әлем чемпионаты Қазақстан

Республикасы Алматы қаласында өтетіні шешіліп қойған болатын. 

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өте қызықты және есте қаларлық

халықаралық оқиға болмақ. 

Өрт сөндіру-құтқару спорты құтқарушылардың машықтарын жоғарлатып, араларындағы

мықтыны анықтап қана қоймай, аталмыш жарыстар өрт сөндірушінің ерлігін дәріптеп,

адамдарға өрт сөндірушінің күнделікті құтқару жұмыстарын көрсетіп, өрт кезінде өзін-өзі

дұрыс ұстау фактілері маңызды болып табылады. 

Алматы Орталық стадионында өтіп жатқан өрт сөндіру-құтқару спортына  Ұлттық команда

өздерінің білімі мен дағдыларына ғана сеніп қоймай, қазақстандық жанкүйерлерге сенім-

дерін артып, лайықты өнер көрсетуде.

Әлем чемпионатының дайындық щеңберінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлттық

біріншілік өткізілді, оқушылар арасында жарыстар, журналистердің оқу полигондарына

және өрт сөндіру бөлімдерінде кезекшіліктері ұйымдастырылды. 

Қосымша  мәлімет  бойынша  чемпионаттың  баспасөз  қызметіне  хабарласыңыздар:

http://firesport-almaty2014.com/ https://www.facebook.com/pages/Чемпионат мира по по-

жарно спасательному спорту/1445329029059664?fref=ts

https://vk.com/club73678555

Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ  №50 өрт сөндіру бөлімі 

Қазақстан өрт сөндіру-құтқару спорты 

бойынша Х-шы Әлем чемпионатын өткізуде


20 қыркүйек 2014 жыл

7

Отбасында  адал  жар,  бауырларының  аяулысы,  балаларына  сүйікті  ана,  жора-



жолдастарының арасында беделі биік, абыройы асқақ Күлпаш Уәйісқызы тірі болғанда

қыркүйектің 11-і күні 58-жасқа толып, зейнетке шығып, ұлан-асыр той жасап жатқан болар

едік. Алланың ісіне не шара! Алла оны көруді бізге жазбапты. Сұм

ажал ерте алып кетті, енді қолдан келері дұға бағыштап, жатқан

жері жайлы, топырағы торқа болсын,- деп Алладан тілейміз.

Көңіліңіз көктемдей көркем еді,

Сұм ажал алып кетті ерте сені.

Есімізден кетпейсің мәңгілікке,

Жүрегіміз сағыныштан өртенеді.

Сыйлайтын баршамызды аяулы,

Өзің кеттің, көңіл бүгін қаяулы.

Шүкір айтып отырамыз енді біз,

Ұрпағыңа өмір бер деп баянды.

Еске алушылар: бауырлары- Гүлжаһан – Ақсай, Рахметулла – Бану, Мырзахмет, Па-

йызкен – Сәния, Болат – Гүлнәзия, Ерлан - Гүлғайша

Еске алу


КӨҢІЛ АЙТУ

Аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппараты Жаңаарқа аудандық мәслихат  хатшысы

Марат  Әбдішевке  және  Бауыржан  Әбдішевке

бауыры Мақпал Түйтебайқызының

қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

*******    *******  *******  *******

Аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппараты Ұлытау  ауданының әкімі  Хамит  Нұрланұлы

Омаровқа  

апасы Бәтима Нұрланқызының 

қайтыс болуына байланысты  қайғысына ортақтасып көңіл айтады

*******    *******  *******  *******

Жаңаарқа ауданының ардагерлер ұйымы Ауған соғысының ардагері Тынысбаев Ермекке



ағасы Елубайдың

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

*******       *******   *******    ********

Мақпал Түйтебайқызының сыныптас құрбысы Зиба



Әбдішева Мақпал Түйтебайқызының

кенеттен  қайтыс  болуына  байланысты  анасына,  аға-інілеріне,  сіңілілеріне  қайғыларына

ортақтасып, көңіл айтады.

*******       *******   *******    ********

Жаңаарқа  аудандық  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  басқармасы  және  аудандық

санитарлық–эпидемиологиялық  сараптама  орталығының  филиал  ұжымы  санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Мұқышева Мақпал Онғарбайқызына 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал