Ғылыми кітапхана



жүктеу 220.69 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі220.69 Kb.

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

ҒЫЛЫМИ  КІТАПХАНА 

Ақпараттық-библиография бөлімі 

 

 

 



Алаш рухын асқақтатқан батыр 

 

 

 

Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, 

даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы 

Бауыржан Момышұлы 

 

 

 

 

Астана - 2012 



  

 

 

 

 

ОҚЫРМАНДАРҒА! 

 

Ұсынылып отырған көрсеткіш Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті 

жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған. 

Көрсеткішке,  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  Б.Момышұлының  өмірі 

мен 

шығармашылығы 

туралы, 

университет 

ғылыми 

кітапхана 

қорындағы  кітаптар  мен  баспасөз  беттерінде  жарияланған  мақалалар 

тізімі енгізілген. 

Көмекші  құрал  ұстаздарға,  студенттерге  және  барлық  оқырмандарға 

арналған.   

 

 



 

 


Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм 

 – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның  

асыл  белгісі  мен қасиеті. 

 

Бауыржан   Момышұлы 

(Өмірбаяны) 

Бауыржан  Момышұлы  –  Кеңес  Одағының  батыры,  халық  қаһарманы, 

әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы . 

Бауыржан  Момышұлы  1910  жылы  24-желтоқсан  күні  Жамбыл  облысы, 

Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында 

дүниеге  келді.  Балалық  шағының  он  үш  жылын  өзінің  кіндік  қаны  тамған 

ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуірдегі интернатта тәрбие алады. 1929 

жылы  «Әулие  Ата»  тоғыз  жылдық  мектебін  бітіреді.  Мектепті  тәмамдағаннан 

соң  шалғай аудандардың  біріндегі  ауылға  (Бетпақдала)  мұғалім  болып  барады. 

Коллективтендіру  кезеңінде  кеңестік  мекемелерде  қызмет  етеді.  1932  жылдың 

қаңтары  мен  қарашасы  аралығында  мансапты  қызмет  атқарады.  Кейін  әскерге 

шақырту алады. 



Әскери өмір мен соғыс жылдары 

1932  жылы  әскерге  шақырылғаннан  кейін  Отан  алдындағы  борышын 

өтейді. Әскери машықтану кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 

1933  жылы  полктық  мектепті  бітіреді.1934  жылы  әскерден  келгенде  запастағы 

командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтық 

қаржы  академиясында  қысқа  мерзімдік  курстан  өтеді),  банк  саласында  қызмет 

етеді. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып, 

әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар 

полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше 


Қызылтулы  Қиыр  Шығыс  Армиясының  бөліміне  қосылады.  Ал  Бауыржан 

жарты ротаның командирі болады.

 

Ұлы  Отан  Соғысының  басталмай  тұрған  кезінде  Бауыржан  Момышұлы 



105-ші  атқыштар  дивизиясының  қарамағындағы  артиллериялық  атқыштар 

бөлімшесінің командирі қызметінде болады. 1940 жылы Украинаның Житомир 

қаласындағы  202-ші  арнаулы  танкке  қарсы  шабулдайтын  дивизионның 

командирі болып тағайындалады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі 

сардар  Алматыға  қайтарылады.  Сол  жылдың  жаз  айларынан  бастап  жаңадан 

құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан 

елінен сарбаздарды жинай бастайды. Бауыржан  қайта жасақталған  дивизияның 

1073-ші  атқыштар  полкының  атқыштар  батальонына  командир  болып 

тағайындалды.  Ары  қарай  қайнаған  соғыс  майданы  басталып  кетеді.  Ержүрек 

сардардың  батырлығын  танытқан  майдандар  аз  емес.  Солардың  ең  ерекшесі 

1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 

19-шы  гвардиялық  атқыштар  полкына  командир  болады.  Оның  полкы 

жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі 

мен  батырлығы  үшін,  өзіне  жүктелген  міндеттерді  абыроймен  атқарғаны  үшін, 

шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин 

Орденімен  марапатталады.  1942  жылдың  тамызынан  бастап  Панфиловшылар 

дивизиясында  командир  болады.  Мәскеуді  қорғау  майданының  Клюкова 

шайқастарында 

жарақат 

алып, 


біраз 

уақыт 


госпитальда 

жатады. 


1945  жылдың  ақпаны  мен  наурызында  Латвия  жеріндегі  Приекуле  станциясы 

маңында 


болған 

шайқаста 

ол 

басқарған 



дивизияның 

солдаттары 

қарсыластарының  қорғаныс  шебін  тасталқан  етеді.  Сондай-ақ,  ұрыстың 

нәтижесінде  15  елді-мекен  жаудан  азат  етіліп,  жаудың  әскеріне  солдаттар 

жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді. 

 


Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары. 

1942  жылдың  қазанында  Бауыржан  подполковник  шенін  алады.  Ал  сегіз 

айдан соң полковник шеніне көтеріледі. 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан 

Момышұлы  Бірінші  Балтық  жағалауы  фронтының  6-шы  гвардиялық  әскерінің 

9-шы  гвардиялық  атқыштар  дивизиясының  командирі  болып  тағайындалады. 

1946  жылы  К.Е.Ворошилов  атындағы  әскери  академиясының  бірінші  дәрежелі 

Суворов  Жоғарғы  Орденімен  марапатталды.  Бірінші  дәрежелі  «Қызыл  Ту 

Ордені  (2  рет)»,  «Ленин  Ордені»  мен  «Отан  Соғысының  Ордені»,  «Әскери 

шайқастағы  еңбегі  үшін»,  «Мәскеуді  қорғағаны  үшін»,  «Қызыл  жұлдыз», 

«Еңбек  Қызыл  Туы»,  «Халықтар  достығы»  және  «Германияны  жеңгені  үшін» 

медальдарымен  марапатталған.  1990  жылы  11-желтоқсанда  Кеңес  Одағы 

құламай  тұрып  ел  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  ұсынысымен 

”Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін 

«Кеңес  Одағының  Батыры»  атағын  тағайындау  туралы  жарлық  шықты. 

Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу 

түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол 

кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан 

Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  жарлығымен  оған 

«Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 

Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы 

Ұлы  Отан  Соғысы  аяқталып,  Кеңес  үкіметі  жеңіске  жетіп,  фашистік 

Германия  тізе  бүкеннен  соң  Б.Момышұлы  Қазақ  КСР-нің  Қарулы  Күштерінде 

әскери  қызметтерді  атқарады.  1948  жылы  Генералдық  штабтың  әскери 

академиясын  аяқтады.  1950  жылдан  бастап  «Тыл  және  Кеңес  Армиясын 

қамтамасыз  ету»  әскери  академиясында  аға  оқытушы  болып  қызмет  етті.  1955 

жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ КСР 


Жазушылар одағының мүшесі болды. 1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр 

Бауыржан дүниеден өтті. 



Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы 

Ол  қазақ  және  орыс  тілдерінде  бірдей  жазып,  өз  өмірінде  көрген 

білгендерін  арқау  етеді.  Оның  қаламынан  туған,  өмір  шындығын  арқау  еткен 

тамаша  романы  мен  әңгіме,  повестері  қалың  оқушының  іздеп  оқитын 

шығармаларына  айналады.  Бауыржан  Момышұлы  әдебиетке  ерекшелікпен 

келген  екен.  Оқырман  қауым  батырды  алдымен  шығармалардың  автор  ретінде 

емес,  шығармадағы  ержүрек  кейіпкер  ретінде  таныды.  Дәлірек  айтар  болсақ, 

Александр  Бектың  «Волоколамск  тас  жолы»  («Волоколамское  шоссе»)  повесті 

арқылы  танылған  болатын.  Повестің  басты  кейіпкері  панфиловшы  офицер, 

Мәскеуді  қорғауға  қатысқан  батыр  –  Бауыржан  Момышұлы  –  болатын.  А.Бек 

бұл  еңбегін  батырдың  әңгімелері  мен  еске  түсірулерінің  желісімен  жазған 

болатын. 

Бауыржан  Момышұлы  –  «Офицердің  күнделігі»,  «Бір  түннің  тарихы», 

«Артымызда  Мәскеу»  әңгімелерінің,  генерал  И.В.Панфилов  туралы  «Біздің 

генерал» өмірбаяндық повестінің, «Біздің отбасы» атты повестер мен әңгімелер 

жинағы  кітабының  авторы.  «Біздің  отбасы»  туындысы  үшін  1976  жылы  Қазақ 

КСР-нің  Мемлекеттік  Сыйақысына  ие  болады.  1965  жылы  «Кубалық 

кездесулер»  атты  очерктік  шығармасын  жазды.  «Артымызда  Мәскеу» 

шығармасы  А.Бектің «Волоколамск  тас жолы» шығармасының жалғасы  болып 

табылады. 

 

Батыр Бауыржанның қайсар мінезі мен шындықты сүйгіштігі, т.б. 

 

Ел  аузындағы  әңгімелер  Б.Момышұлының  мінезінің  тік  болғандығын  айтады. 



Ол  кісі  өте  қайсар  болған.  Шындықты  жаны  сүйетін,  өтірікшілер  мен 

қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойында қазақы қасиеттер 

молынан  болды.  «Момышұлы»  деген  тегінің  өзі  үлкен  бір  қайсарлықтың 

арқасында  солай  аталды.  Кеңес  заманында  қазақтың  тегіне  шектеу  қойып,  -ев 

немесе  -ева  деген  жалғауларды  жалғатып  қойған  шақта  Бауыржан 

Момышұлының  қайсарлығы  ғана  өзінің  қалаған  тегін  алып  жүруге  мүмкіндік 

берді. 


Бірде  әскери  қызметтермен  жүріп,  үлкен  лауазымды  адамдардың  алдында 

мәлімдеме  жасайды  екен.  Сол  кезде  Кеңес  Одағының  талай  мансапты 

қызметтерін  атқарған  Анастас  Микоянның:  «Неге  тегіңіз  Момышев  емес 

Момышұлы?» деген сұрағына «Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?» - деп, 

қарсы  сұрақ  қою  арқылы  жауап  қайырады.  Бұл  дегеніміз  нағыз  өжеттік, 

қайсарлық.  «Бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  деген  халық  нақылына 

келтірілген өмірдің мысалы. 

Бауыржан  батыр  шындықты  жақсы  көретін  адам  болған.  Онымен  бірге 

болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады. 

Б.Момышұлы  А.Бектің  «Волоколамск  тас  жолы»  повесті  жазылған  кезде 

басты кейіпкер  болады. Оның әңгімелері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға 

түсірген  Бек  болған  шайқастар  мен  оқиғаларды  қатты  әсерлеп,  тіпті,  Кеңес 

Әскерінің  жеңіліске  ұшыраған  кездерін  жазбай  қойса  керек.  Сөйтіп 

қолжазбасын Б.Момышұлына оқытады. Оқып болғаннан А.Бекпен болған келесі 

бір  әңгімесінде  оның  жазғандарының  кей  жері  шындыққа  жанаспайтындығын 

және 


шындықты 

шындық 


етіп 

жазу 


керек 

екендігін 

айтады. 

Отан  соғысының  ардагері  Алексей  Абрамов  Момышұлы  жайлы  былай  дейді: 

«Тарихқа  Клочковтың  «Ресей  ұлан-ғайыр,  артымызда  Мәскеу,  шегінерге  жер 

жоқ»  деген  сөзі  кірген.  Осындай  ұлы  сөзді  Бауыржан  Момышұлы  айтқан.  Ол, 

алдында  жатқан  картаны  өртеп  жіберіп,  «Бізге  карта  керек  емес,  не  жаудың 

бетін  қайтарамыз, не осы жерде өлеміз»  деген. Бұл,  Ұлы жауынгердің қасиетті 

сөзі. 


Қорытынды 

Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ 

халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери 

адам  ретінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  жазушы  ретінде  де  танылды.  Оның 

еңбектерін  оқыған  жас  буын  өкілдері  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  бойларына 

сіңіріп  өсті.  Өскелең  ұрпақ  алдында  өзінің  ерлігі  мен  тікмінез  қайсарлығын 

көрсете  білді.  Тіпті,  оның  тегінің  өзі  Момышев  емес  МОМЫШҰЛЫ  болатын. 

Қазірге  кезде  батыр  ұлының  құрметіне  еліміздің  үлкенді-кішілі  әскери  және 

құқық  қорғау органдарының  оқу  орындары, ауылдары  мен  көшелері  батырдың 

атымен  аталады.  Тек  Қазақстанда  ғана  емес  Ресейде  де  батырдың  есімімен 

аталатын  мектеп  пен  көше  бар.  Ел  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстан 

Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  жарлығымен  оған 

«Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 

2010  жылдың  ақпан айында  Мәскеу қаласында  Бауыржан  Момышұлының 

100  жылдығына  арналған  «Аңызға  айналған  батыр»  кітабының  тұсаукесері 

өткізілді.  Кітапта  Бауыржан  батырдың  Мәскеу  мұрағаттарында  сақталған, 

бұрындары  жарияланбаған  жазбалары  және  жауынгер  әріптестері  Мәлік 

Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған. 

Б. Момышұлының өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» 

(1976)  роман-диалогиясы  жарық  көрді,  «Қазақфильм»  киностудиясы,  «Ел 

басына  күн  туса»  (1967)  көркемфильмін  түсірді.  Москва  акад.  драма  театры 

Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды. 

 

 

 



 

 


Батырдың нақыл сөздері

 

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. 

 

Таяқтан тайсалмасаң, 



        Семсерден сескенбесең, 

        Жеңдім дей бер… 

 

Қарабет болып қашқанша, 



        Қайрат көрсетіп өлген артық. 

 

Ептілік те – ерлік. 



Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді. 

Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық. 

 

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, 



Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. 

 

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет. 



Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет. 

 

Тізе бүгіп тірі жүргеннен, 



Тіке тұрып өлген артық. 

 

Ана үшін аянба – ант ұрады, 



Бала үшін аянба – бетің күйеді, 

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, 

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. 

 

Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек. 



 

Тәртіпке бас иген – құл болмайды, 

Тәртіпсіз – ер болмайды. 

 

Елсіз ер бола ма? 



Жұртсыз жігіт бола ма? 

 

Ерлік – елдің қасиеті, 



Жүректілік – жігіттің қасиеті. 

 

Қазақстан және ұлы Отан соғысы 

Тарихи деректер 

  

   Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер 



дивизиясы,  7  атқыштар  бригадасы  мен  50-ге  жуық  әртүрлі  полктер,  батальондар 

құрылып, майданға аттанады. 

 

   Жауынгерлері  жаумен  жан  аямай  шайқасқан  қазақстандық  бес  әскери  құрамға 



«гвардиялық»  деген  құрметті  атақ  беріліп,  олардың  туларына  бірнеше  ордендер 

қадалды.  Олардың  қатарында  жауынгерлерінің  ерлігі  аңызға  айналған  атақты  8-

гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар. 

 

  Соғыс  кезінде  3,5  мыңдай  қазақстандықтар  партизан  отрядтарының  құрамында 



болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. 

 

  Жанқиярлық  ерлігі  мен  батырлығы  үшін  96638  қазақстандық  жауынгер  бірнеше 



дүркіннен  орден  және  медальдармен  наградталды.  497  жерлесіміз  Кеңес 

Одағының  Батыры  атанды.  Олардың  97-сі  қазақ  болатын.  142  жауынгер  «Даңқ» 

орденінің толық иегері болды. 

 

  Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың 



тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 

мың тонна мақта тапсырды. 

 

  Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 



4 миллиард сомнан астам қаражат берді. 

 

  Ұлы  Отан  соғысына  барлығы  35  миллион  адам  қатынасты,  Орта  Азия 



республикаларынан  соғысқа   3  миллионға  жуық  адам  қатысса,  соның  1  миллион 

366 мыңы қазақстандықтар екен. 

 

  Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық және 



флоттық, 103 армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл 

ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық 

көрген.  Олар:  «Қызыл  әскер  ақиқаты»,  «Қызыл  Армия»,  «Жауға  қарсы  аттан», 

«Отан үшін алға», «Дабыл» және т.б. 



Бауыржан Момышулы  

(24.12.1910 – 10.06.1982)  

 

Бауыржан  Момышулы  –  Герой  Советского  Союза,  писатель,  военный. 



Бауыржан  Момышулы  родился  24  декабря  1910  года  в  ауле  Кольбастау 

Жуалинского 

района 

Жамбылской 



области 

в 

семье 



скотовода.  

        В  1929  году  окончил  Аулие-Атинскую  школу  –  9-летку.  До  1934  года 

работал  на  разных  должностях:  ответственным  секретарем  райисполкома, 

заместителем председателя районного исполнительного комитета, помощником, 

а 

затем 


ирайонным 

прокурором, 

управляющим 

райкоопхлебживмолполеводства.  С  января  по  ноябрь  1932  года  был 

начальником сектора Госплана СНК Казахской ССР. Так развивалась довоенная 

гражданская  карьера  Бауыржана  Момышулы.  В  1934-1936  годах  он  -  старший 

консультант  Казахской  республиканской  конторы  Промбанка  СССР.  В  это  же 

время  закончил  краткосрочные  курсы  при  Ленинградской  финансовой 

академии. В жизнь страны одно за другим начали врываться серьезные военные 

события. Солдатскую гимнастерку Бауыржан примерил еще в 1932 году, когда 

был  призван  на  действительную  срочную  военную  службу  и  зачислен 

курсантом  в  14-й  горно-стрелковый  полк.  В  1933  году  –  он  стал  командиром 

взвода  в  этой  же  части.  Отслужив  положенный  срок,  был  уволен,  а  25  марта 

1936  года  призван  снова  и  назначен  командиром  взвода  в  315-й  стрелковый 

полк  Среднеазиатского  военного  округа.  Через  год  его  полк  влился  в 

подразделение  Отдельной  Краснознаменной  Дальневосточной  армии,  а 

Бауыржан  стал  командиром  полуроты.  Перед  самым  началом  войны, 

Б.Момышулы  командовал  артиллерийскими  подразделениями  в  105-й 

стрелковой дивизии. В феврале 1940 года он получил назначение в Житомир на 

должность командира 202-го отдельного противотанкового дивизиона. В январе 

1941  года  опытный  командир-артиллерист  был  направлен  в  глубь  страны,  в 

Алматы.  Здесь  в  июле  1941  года  только  что  образованный  штаб  новой  316-й 

стрелковой  дивизии  начал  сбор  запасников  из  Казахстана  и  Киргизии. 

Бауыржан  Момышулы  был  назначен командиром стрелкового  батальона 1073-

го  стрелкового  полка  вновь  формируемой  дивизии.  Дальше  –  фронт. 

Ожесточенные  бои  при  обороне  Москвы  осенью  1941  года.  В  очень 

критический  для  панфиловцев  момент,  в  ноябре  1941  года  –  Бауыржан 

Момышулы  получает  под  свое  начало  опаленный  боями  19  гвардейский 

стрелковый  полк.  Вместе  с  другими  частями  полк  не  пропускает  немцев  в 

столицу.  19  декабря  1941  года  Момышулы  был  уже  капитаном.  Вот  строки  из 

аттестационного  листа,  заполненного  10  апреля  1942  года:  «Капитан 

Момышулы Бауыржан – способный, волевой и решительный, требовательный к 

себе  и  подчиненным  командир.  В  боях  с  немецко-фашистскими  захватчиками 

проявил  личную  отвагу  и  беззаветное  мужество.  За  боевые  заслуги 

командованием  дивизии  товарищ  Момышулы  представлен  к  высшей 


правительственной награде – ордену Ленина… (Он не получит эту награду. По 

приказу командующего Калининским фронтом № 0196 от 6 июня 1942 года его 

первой  боевой наградой  станет  орден  Красного  Знамени).  Обладает  хорошими 

организаторскими  способностями  и  может  умело  руководить  боевыми 

действиями  подразделений  полка.  Должности  заместителя  командира  полка 

соответствует  и  вполне  достоин  присвоения  очереднего  воинского  звания 

«майор».  С августа 1942 года  Момышулы  -  командир в  родной  Панфиловской 

дивизии.  Вот  что  вспоминает  сам  Бауыржан  об  одном  из  эпизодов  фронтовой 

биографии:  «Поступило  боевое  распоряжение,  приказ  из  штаба  дивизии… 

занять  оборону  по  западной  окраине  деревни,  а  на  самом  деле  –  станцию… 

Крюково. Цель была одна – не допустить врага к Москве… Циркулем измерил 

расстояние,  мы  находились  в  30  километрах  от  Москвы…  Сам  собой 

напрашивался вопрос: удержимся ли мы в Крюково?.. Если не удержимся…, то 

остановка  должна  быть  только  в  Москве.  В  этот  момент  Москва  была  под 

бомбежкой. … Нам удается остановить немцев в первый день. На второй день в 

Крюково  идет  шестичасовой  уличный  бой,  на  третий  день  –  12-часовой 

уличный бой уже в центре. Через день на восточной окраине ведутся жестокие 

уличные бои в течение 18 часов. … Мы станцию не сдали. 8 декабря 1941 года 

во взаимодействии с другими частями, которые действовали на правом и левом 

флангах  8-й  гвардейской дивизии,  имея 1073-полк  в  центре…  мы переходим  в 

контрнаступление и после сильной четырехчасовой артиллерийской подготовки 

выбиваем  немцев  со  станции  и  из  деревни  Крюково,  захватываем  много 

трофеев.  Только  на  участке  1073-го  полка  было  захвачено  18  танков…  Мы 

подошли  к  Истре.  Другие  части…  стали  преследовать  противника  до 

Волоколамска».  В  октябре  1942  года  Б.Момышулы  было  присвоено  звание 

подполковника,  а  восемь  месяцев спустя –  полковника. Ранение,  полученное  в 

боях за Крюково, давало о себе знать. Какое-то время он пробыл в госпитале. 21 

января  1945  года  Б.Момышулы  назначили  заместителем  командира  9-й 

гвардейской  стрелковой  дивизии  6-й  гвардейской  армии  1-го  Прибалтийского 

фронта  с  исполнением  должности  командира  дивизии.  В  1946  году  Бауыржан 

Момышулы  стал  слушателем  Высшей  ордена  Суворова  І  стапени  Военной 

академии  им.  К.Е.Ворошилова.  16  июня  1948  года  Б.Момышулы  был 

откомандирован  в  распоряжение  Совета  Министров  Казахской  ССР  в  связи  с 

назначением  Председателем  Центрального  Комитета  Добровольного  общества 

содействия  армии  «ДОСАРМ»  Казахской  ССР  с  оставлением  в  кадрах 

Вооруженных  Сил.  В  конце  1948  года  полковник  Момышулы  зачислен  в 

распоряжение  Главкома  сухопутных  войск  и  являлся  заместителем  командира 

49-й отдельной  стрелковой  бригады  в  Восточно-Сибирском военном округе.  В 

1950  году  был  старшим  преподователем  кафедры  общей  тактики  и 

оперативного  искусства  Военной  академии  тыла  и  снабжения  имени 

В.М.Молотова.в Калинине. Уволился из рядов Советской Армии в 1955 году по 

болезни. 



       Его  боевые  награды:  Ордена  Красного  Знамени  и  Отечественной  войны  І 

степени,  медали  «За  боевые  заслуги»,  «За  оборону  Москвы»,  «За  победу  над 

Германией». Благодаря настойчивости Президента Н.А.Назарбаева, в 1990 году, 

перед  самым  последним  днем  существования  Союза,  был  подписан  указ  о 

присвоении Бауыржану Момышулы звания Героя Советского Союза посмертно.  

Бауыржан  Момышулы  вошел  в  литературу  необычно.  Впервые  читатели 

познакомились  с  ним  не  как  с  создателем,  а  как  с  героем  художественного 

произведения.  Это  была  повесть  Александра  Бека  «Волоколамское  шоссе». 

Главным  действующим  лицом  этой  повести  был  офицер-панфиловец,  герой 

обороны Москвы Бауыржан Момышулы. Александр Бек создал эту книгу по его 

рассказам и воспоминаниям. 

        Б.Момышулы  автор  сборников  рассказов  «Дневник  офицера»,  «История 

одной  ночи»,  «За  нами  Москва»,  биографической  повести  о  генерале 

И.В.Панфилове  «Наш  генерал»,  книга  повестей  и  рассказов  «Наша  семья»,  за 

которую Б.Момышулы был удостоен Государственной премии Казахской ССР в 

1976 году. Им написаны путевые очерки «Кубинские встречи» (1965) и другие. 

Скончался 10 июня 1982 года. 

 

 В Казахстане имя Героя носят улицы в городах Алма-Ата, Тараз, Астана, 



Гурьев (ныне - Атырау), Семее (ранее - Семипалатинск, бывшая улица 

Горького), в посёлке Асса Джамбульской области; спорткомплекс в районном 

центре Бурное Джамбульской области; средние школы в городах Алматы (№ 

131), Тараз (№ 45), Шымкент (№ 42); Военная школа-интернат в городе 

Алматы; совхоз в Джувалинском (Жуалынском) районе. 

 

Памятник Бауыржану Момыш-улы установлен перед зданием школы 



Министерства Внутренних Дел Республики Казахстан (город Шымкент), а 

также в столице Республики Казахстан г. Астана. 

 

В честь Бауыржана Момышулы был назван районный центр Жамбылской 



области - село Бауыржан-Момышулы (бывшее село Бурное). 

 

В райцентре Жуалинского района открыт музей Бауыржана Момышулы 



где хранятся некоторые его личные вещи. 

 

В 2010 году, в честь столетия со дня рождения Момышулы (24 декабря), 



в г. Алматы на входе в парк им. 28-ми гвардейцев-панфиловцев ему воздвигнут 

памятник в полный рост. 

 

19 марта 2010 года, при содействии Посольства Казахстана в Москве, 



средней общеобразовательной школе №229 в г. Зеленограде присвоено имя 

Бауыржана Момышулы. Этот выбор обусловлен тем, что школа находится у 

станции Крюково, где воевал и получил ранение Б. Момышулы. На территории 

школы 1 сентября 2010 года был торжественно открыт памятник-бюст Герою 

Советского Союза. 

 

Бронзовый бюст на Октябрьской площади г. Волоколамск, Московская 



область. 

 

Пилон Бауыржан Момышулы, расположенный в городе Приозёрске, 

Казахстан. 

Фильмы 


1.  2010 - Документальный фильм «Қазақтың Бауыржаны» Легендарный 

Бауыржан, «Казахфильм», режиссер Калила Умаров. 

2.  1984 - «Волоколамское шоссе» Фильм-спектакль МХАТа имени Горького 

по мотивам повести А. Бека "Волоколамское шоссе". Режиссёр Всеволод 

Шиловский. В роли старшего лейтенанта Момышулы — Борис Щербаков. 

3.  1967 - «За нами Москва» Героическая киноповесть по мотивам книг и 

материалов Бауыржана Момышулы, «Казахфильм», режиссер Мажит Бегалин. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының шығармалары  

 

 

1.  Момышұлы Б.  

 Адам қайраты. Әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1981.- 205 б. 

  

 



2.  Момышұлы Б.  

 Айтылмаған ақиқат. Т.10. (2-ші кітап): (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы:   

Өнер, 2009.- 264 б.- (Үркер). ISBN 978-601-209-083-3 

 

 

 



3.  Момышұлы Б.  

 Айтылмаған ақиқат. Т.9. (1-кітап): (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер,  

2009.- 288 б.- (Үркер). 

ISBN 978-601-209-082-6. 

  

 



4.  Момышұлы Б.  

 Алыстан сәлем жолдаймын. Т.20. (1-кітап): көптомдық шығармалар жинағы.-  

Алматы: Өнер, 2010.- 200 б.- (Үркер). 

ISBN 978-601-209-108-3 

  

 



5.  Момышұлы Б.  

 Алыстан сәлем жолдаймын. Т.21. (2-кітап): көптомдық шығармалар жинағы.-  

Алматы: Өнер, 2010.- 208 б.- (Үркер). ISBN 978-601-209-109-0   

 

 

6.  Момышұлы Б.  



 Алыстан сәлем жолдаймын. Т.22. (3-кітап): көптомдық шығармалар жинағы.-  

Алматы: Өнер, 2010.- 200 б.- (Үркер). қазақ, орыс тілінде.  

ISBN 978-601-209-110-6 

  

 



7.  Момышұлы Б.  

 Алыстан сәлем жолдаймын. Т.23. (4-кітап): көптомдық шығармалар жинағы.-  

Алматы: Өнер, 2010.- 160 б.- (Үркер). 

ISBN 978-601-209-111-3 

  

 



8.  Момышұлы Б.  

 Алыстан сәлем жолдаймын. Т.24. (5-кітап): көптомдық шығармалар жинағы.-  

Алматы: Өнер, 2010.- 208 б.- (Үркер). 

ISBN 978-601-209-112-0 

  

 



9.  Момышұлы Б.  

 Біздің генерал. - Алматы: Жазушы, 1966.- 180 с. 

  

 



10. Момышұлы Б.  

 Генерал Панфилов. Т.12: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.- Алматы:  

Өнер, 2009.- 288 б.- (Үркер). ISBN 978-601-209-085-7 

  

 

11. Момышұлы Б.  



 Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Қанмен жазылған кітап; Ұшқан ұя.- Алматы:  

Жазушы, 2001.- 480 б.- (Мектеп кітапханасы). 

ISBN 5605017942 

  

 



12. Момышұлы Б.  

 Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Қанмен жазылған кітап; Ұшқан ұя.- Алматы:  

Жазушы, 2004.- 480 б. 

ISBN 9965666296: 250т. 00т. 

  

 



13. Момышұлы Б.  

 Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Қанмен жазылған кітап; Ұшқан ұя.- Алматы:  

Жазушы, 2000.- 480 б. ISBN 5605016326: 325т. 00т. 

  

 

14. Момышұлы Б.  



 Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2: роман, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2000.-  

383 б.  ISBN 5605016342 

  

 

15. Момышұлы Б.  



 Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2: роман, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2001.-  

384 б.- (Мектеп кітапханасы).  

ISBN 5605017950 

  

 



16. Момышұлы Б.  

 Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2: роман, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2004.-  

384 б. ISBN 9965666288 

 

 

 



17. Момышұлы Б.  

 Ел басына күн туса.- Алматы: Қазақстан, 1970.- 320 б. 

  

 



18. Момышұлы Б.  

 Жанымның жарық жұлдызы: роман.- Алматы: Жазушы, 1985.- 378 б. 

  

 



19. Момышұлы Б.  

 Жүрекпен жырлап толғаймын. (Өлеңдер, терме-толғаулар, мақал-мәтелдер). Т.30:  

көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2010.- 248б.- (Үркер).  

ISBN 978-601- 209-118-2 

  

 



20. Момышұлы Б.  

 Куба эсерлері. Т.8: (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер, 2009.- 272б.-  

(Үркер).  

ISBN 978-601-209-090-1 

 

 



 

21. Момышұлы Б.  

 Курляндия майданы. Т.5: (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер, 2009.-  

248б.- (Үркер). қазақ, орыс тілінде. ISBN 978-601-209-081-9 

  

 

22. Момышұлы Б.  



 Қанмен жазылған кітап/ ауд. М.Қазбеков.- Алматы: Қазақстан, 1991.- 400 б. 

  

 



23. Момышұлы Б.  

 Қанмен жазылған кітап. Т.16: көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2010.-  

272б.- (Үркер). ISBN 978-601-209-104-5 

 

24. Момышұлы Б.  

 Москва үшін шайқас: роман.- Алматы: Жазушы, 2009.- 328б.- (Қазақтың 100 романы). 

 ISBN 978-601-200-208-9. 

  

 

25. Момышұлы Б.  



 Москва үшін шайқас. Т.3: көптомдық таңдамалы шығармалар жинағы.- Алматы:  

Өнер, 2008.- 368б.- (Үркер).  ISBN 978-601-209-041-3 



 

26. Момышұлы Б.  

 Музей апа. Т.6: (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер, 2009.- 248б.-  

(Үркер). ISBN 978-601-209-089-5 

 

27. Момышұлы Б.  

 Соғыс қателікті кешірмейді. Т.14: (көптомдық шығармалар жинағы).- Алматы: Өнер,  

2009.- 304б.- (Үркер). қазақ, орыс тілінде.  ISBN 978-601-209-091-8 

 

28. Момышұлы Б.  

 Ұшқан ұя: повесть, әңгіме, нақылдар/ құраст. Н.Ақбай.- Алматы: Атамұра, 2003.- 240  

б.- (Атамұра кітапханасы).   ISBN 9965-05-816-4 

  

 

29. Момышұлы Б.  



 Ұшқан ұя: шығармалар.- Алматы: Санат, 2005.- 224 б. 

 ISBN 996566420X 

  

30. Момышұлы Б.  

 Ұшқан ұя. Курляндия майданы: романдар.- Алматы: Ан Арыс, 2010.- 320б.- (Алтын  

Қалам). ISBN 978-601-7130-82-4 

  

 

31. Момышұлы Б.  



 Ұшқан ұя. Т.1: көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2008.- 248б.- (Үркер). 

 ISBN 978-601-209-039-0 

 

32. Момышұлы, Б.  

 Шежіре. Т.26: көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер, 2010.- 200б.- (Үркер). 

 ISBN 978-601-209-114-4 

 

33. Момышұлы Б.  

 Шығармалар. Екі томдық. Т.1.- Алматы: Жазушы, 1968.-322с. 

  

 



34. Момышұлы Б.  

 Шығармалар. Екі томдық. Т.2.- Алматы: Жазушы, 1968.- 265 б. 

  

 



35. Момышұлы Б.  

 Шындығын айтқанда. Т.15: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.-  

Алматы: Өнер, 2009.- 340б.- (Үркер). 

қазақ, орыс тіліндерінде.   

ISBN 978-601-209-092-5 



 

 

Бауыржан Момышұлы туралы басылымдар 

 

 

36.  Айналған аты аңызға Момышұлы/құраст. М.Мырзахметов.- Тараз, 2000.- 239 б. 

  

 

37. 



 Ана  тілдің  айбыны  -  Қаһарман  Бауыржан  Момышұлының  100  жылдық 

мерейтойына арналған: «Бауыржан Момышұлы тұлғасы: елдік пен ерлік құндылығы» 

атты  ғыл.-практикалық  конф.  /  құраст.  Т.Нұрмұратұлы.-  Астана:  Зерде,  2010.-  88  б.

 ISBN 978-601-7147-40-2 

  

 

38. Ахметова З.  



 Шуақты күндер: Б.Момышұлы туралы естелік.- Алматы: Жалын, 1987.- 264 б. 

  

 



39. Байжан-Ата С.  

 Өткеннен - мұрағат, өркенге - ұлағат: Зерттеулер, толғаулар, эсселер.- Алматы:  

Қазақстан, 1998.- 480 б. 

ISBN 5766-756-79-8 

  

 



40. 

Бауыржан  батыр:  Совет  Одағының  Батыры  Бауыржан  Момышұлының  80 

жылдық мерекесіне арналады / Құраст.М.Мырзахметов.- Алматы: Жалын, 1991.- 352 б. 

  

41. Бауыржан  Момышұлы  -  соғыс  батыры,  отанның  патриоты/  құраст. 

Ж.Сейітқажы.- Астана, 2010.- 83 б. 

На каз. и рус.яз. 

ISBN 9965-09-352-0 

 

 

 



42. Бауыржан  Момышұлы  туралы  естеліктер/  құраст.  М.Мырзахметұлы,  Р.Сатаев.- 

Алматы: Білім баспасы, 2005.- 208 б.: сур.- (Әдеби мемуарлар). 

 

ISBN 9965-09-352-0 



  

 

43. «Бауыржан  Момышұлының  өмірі  мен  өнегесі»  атты  Халықаралық  ғылыми-



тәжірибелік  конференциясының  материалдар  жинағы.  Тараз,  24  қыркүйек 

2010ж.  [Текст]  =  Сборник  материалов  Международной  научно-практической 

конференции  «Жизнь  и  наследие  Бауыржана  Момышулы».  Посвященный  100-ю 

Героя Советского Союза.- Тараз: Таразский государственный пед. ин-т, 2010.- 194 б. 

На каз. и рус.яз. ISBN 9965-780-95-1 

 

44. 

Еримбетова Г.Х.  

 

Бауыржан Момышұлының шығармалары негізінде жоғары сынып  

    оқушыларына патриоттық тәрбие беру: пед. ғ. к... дис. авторефераты: 13.00.01.-  

   Алматы, 2010.- 24 б. 

 

 

 



45. Иманалиев  Ж.О.  

 

Бауыржан Момышұлының шығармашылығы мен әдеби - көркем бейнесі:  

Филол. ғылымд.  канд... дис. авторефераты: 10.01.02.- Алматы, 2006.- 25 б. 

 

 

 



46. Кәтімхан М.  

 

«Арпалыс» романының авторы кім?.- Астана: Педагогика пресс, 2010.- 128 б. 

 

ISBN 978-601-209-065-9 



 

 

 



47. Қаһарман Бауыржан Момышұлы. 1910-1982: фотоальбом.- Алматы: Өнер, 2008.- 

192б.,  сур.- (Халық перзенті).  ISBN 978-601-209-036-9 

 

48. Смағұл Б.  

 

Қаһарман. Патриоттік: деректі эссе.- Алматы, 2010.- 152 б.: сур. 

 

ISBN 978-601-06-0615-9 



 

49. Тұрысбек Р.С.  

 

Ақиқат айнасы: мақалалар мен зерттеулер .- Алматы: Таймас, 2008.- 224 б.  

ISBN 9965-806-80-2 

 

Орыс тіліндегі кітаптар 

 

50. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Жизнь и 

наследие Бауыржана Момышулы». Посвященный 100-ю Героя Советского Союза  = 



«Бауыржан  Момышұлының  өмірі  мен  өнегесі»  атты  Халықаралық  ғылыми-

тәжірибелік  конференциясының  материалдар  жинағы.  Тараз,  24  қыркүйек 

2010ж..- Тараз: Таразский государственный пед. ин-т, 2010.- 194 б. 

 

 



 

51. Бауыржан  Момышулы-герой  войны  и  патриот  страны  /  ред.  З.Е.Кабульдинов, 

К.И.Искакова, С.А.Макен.- Астана: Ақарман-медиа, 2010.- 240 с.   

 

 

52. Бокеев О.  



Ардак: рассказы кеев; пер.А. Кима, Ю. Домбровского, Б. Момышулы.- Астана:  

Аударма, 2003.- 72 с.- (Библиотека казахской прозы). 

 

 

 



53. Момышулы Б.  

Сердце волка: роман-эссе.- Астана: Ер-Дәулет, 2007.- 400с.- (Литература народов  

Казахстана). 

 

 

 



54. Снегин Д.  

Открытый всем = Арысым еді-ау Бауыржан.- Алматы: ЖШС «Қазақстан», 2002.- 224с.

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Мерзімді басылым беттерінде жарық көрген Б.Момышұлы туралы мақалалар 

ТІЗІМІ 

 

1.  Адырбекұлы К.  

 «Қазақтың Бауыржаны»: Б.Момышұлы // Түркістан.- 2010.- №37, 16 қыркүйек.- 12 б. 

  

 



 2.  Ахметова З.  

 Әрбір адам ұлттық құндылықты атамдай қастарлеп, ұлттық намысты атамдай ту  

етсе...: Б.Момышұлы туралы  // Түркістан.- 2006.- 16 ақпан.- 7 б. 

  

 



3.  Әбзелбекова М.  

 Б.Момышұлы мұраларының патриоттық тәрбиеге ықпалы // Білім.- 2008.- №6.-  

53-54 б. 

  

 

 4. Әлім Қ.  



 Сейітбектің сергектігі // Егемен Қазақстан.- 2010.- 26 мамыр.- 16 б. 

  

 



5. Әлімжанов Е.  

 Бауыржанның пырағы: Әңгіме. Б.Момышұлы // Түркістан.- 2010.- №36, 9 қыркүйек.-  

11 б. 


  

 

6.  Әріпұлы Д.  



 Баукең мен Хиуаз // Егемен Қазақстан.- 2006.- 13 қаңтар.- 6 б. 

  

 



 7. Әріпов Д. 

 Баукең мен Хиуазапа айтқан әңгіме ешқашан да ұмытылмайды// Ана тілі.- 2010.-  

29 сәуір -5 мамыр.- 6-7 б. 

 

8Байменше С.  

Момышұлы және Мәскеу//Егемен Қазақстан.-2011.-25 ақпан.-6 б. 

  

 



 9. Бәкір Ә.  

 «Мемлекеттік тіл» туралы заң болмай, қазақ тілінің мәселесі толық шешілмейді:  

(Бауыржан Момышұлының қазақ тілі туралы ойлары хақында // Ана тілі: Ұлт газеті.-  

2010.- №49, 9-15 желтоқсан.- 4 б. 

  

 



10. Бектасова Г.  

 Бауыржан - қазақтың рухы // Түркістан.- 2010.- 5 тамыз (№31) - 1, 3 б. 

  

 



 11. Бектасова Г.  

 Ұлтын сүйген ұлы адам: Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған ғылыми  

конференция // Түркістан.- 2010.- 4 қараша.- Б.11. 

  

 

 12. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының хаты. Қазақ тілі туралы пікір:  



Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Абдыхалықов жолдасқа //  

Саясат.- 2005.- №9.- 5-7 б. 

  

 

 13. Ғаббасова С.Х.  



 Бауыржан Момышұлы: ана тілі және ұлттық тәрбие // Психология в школе.- 2007.-  

№1.- 13-18бет. 

  

 



 14. Дөңқабақ О.  

 Халқының Батыр перзенті: Бауыржан Момышұлы туралы //Дала мен қала.- 2006.-  

№5, 10 ақпан.- 5 б. 

  

 15. Егеубаев А.  

 Бауыржан мен Ержан: Б.Момышұлы немересі Ержанмен...  // Қазақ әдебиеті.- 2005.-  

18 ақпан.- 10 б. 

  

 

16. Жамалбекқызы К.  



 Бауыржан Момышұлының тәлімгерлік тағылымы: Өнеге сағаты // Қазақ тілі мен  

әдебиеті.- 2010.- № 5.- 122-124 б. 

  

 

 17. Жәнібеков Р.  



 Батыр атамыз Бауыржанмен кездесулерім // Ақиқат.- 2010.- № 9.- 30-35 б. 

  

 



18.  Жұмабек С.  

 Ақиқат шындықты талап етеді: Б.Момышұлы туралы  // Ақиқат.- 2006.- №5.- 37-40 б. 

  

 



19. Жұмағұл  С.  

 Өшпес ерлік, өр тұлға: Б.Момышұлы мен Е.Ысмайылов хаттарынан туған ойлар //  

Ақиқат.- 2006.- №7.- 21- 26 б. 

  

 

 20. Жұртбай Т.  



 Тентек мейірім: Б.Момышұлы // Түркістан.- 2010.- №39, 30 қыркүйек.- 9 б. 

  

 



21. Кәтімхан М.  

 Арпалыстың авторы кім? // Жұлдыз.- Алматы, 2010.- №10.- Б.179-183. 

  

 



 22. Кәтімхан М.  

 Б.Момышұлы мен А.Бектің шығармашылық байланысы // Ақиқат.- 2010.- № 8.-  

54-57 б. 

  

 

23. Көлбаев Т. (тарих ғ. докторы, профессор, ҚР ГҒА академигі) 



 Бауыржан батырдың көрегендігі туралы: Әзілхан Нұршайықовтың артына  

қалдырған мұрасы // Алаш айнасы.- 2012.- 14 ақпан.- 5 б. 

 

 

 



24. Қабылбек Н.  

 Алаш рухын асқақтатқан батыр: Бауыржан Момышұлы жайлы ақиқат // Қазақстан  

заман.- 2012.- 3 мамыр.- 1, 7 б. 

  

 

25. Қазыбек М.  



 Батырдың жан дүниесі: Б.Момышұлы туралы  // Парасат.- 2008.- №6.- 8-10 бет. 

 

26. Қалдыбай М. 

 Ақ перзенттері: Халық қаһарманы Б.Момышұлы туралы//Жас алаш.-2011.-17 ақпан    

(№13).-4 б.  

  

 


27. Қалбыбай М.  

 Ақиқаты қайсы, аңызы қайсы? // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 20-26 тамыз ( №32). - 6 б. 

  

 



28. Қалдыбай М. Жалғыздық: Б.Момышұлы // Түркістан: Халықаралық саяси  

апталық.- 2011.- №7, 17 ақпан.- 5, 7 б. 

  

 

29. Қалдыбай, М.  



 Күтпеген кездесу: Б.Момышұлы  // Дала мен қала.- 2011.-,21 ақпан (№ 7).- 10 б. 

  

 



30. Қалдыбай М.  

 Сырласу бір ғанибет: Бауыржан Момышұлы-100// Қазақ әдебиеті: Қазақстан  

Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті.- 2011.- № 7, 18-24 ақпан.- 13 б. 

  

 

31. Қалдыбай М.  



 Төрт кеңес: Б.Момышұлы// Түркістан.- 2010.- №38, 23 қыркүйек.- 9 б. 

  

 



 32. Қуантайұлы Н.  

 Елін сүйген Ер Баукең: Б.Момышұлы 90 жас // Ақ жол Қазақстан.- 2004.- 24  

желтоқсан.- 10 б. 

  

 

 33. Мәмбетов Қ.  



 Баукеңнің ақындығы // Ақ желкен.- 2010.- №9.- 55-57 б. 

  

 



 34. Мәмбетов Қ.  

 Шындық үшін шайқастық: Б.Момышұлы // Ұлағат.- 2007.- №6.- 82-86 б. 

  

 



35. Мәтібаев Ы.  

 Қазақ тілінің қайғысын Бауыржандай айтқан жан аз // Заң.- 2012.- №4.- 10-17 б. 

  

 



 

36. Молдабаев Д.  

 Баллада о солдате // Казахстанская правда.- Астана, 2010.- 11декабря.- с.9. 

  

 



37. Молдабеков Ж.  

 Шындықты айту - парыз, айтпасаң - қарыз: Б.Момышұлының өсиетнамасы //  

Дарабоз.- 2011, қараша.- №9.- 58-61 б. 

  

 

38. Момышева А.  

 Батыр ортақ халыққа // Парасат.- 2010.- №12.- Б.2-5. 

  

 



39. Момышұлы Б.  

 Атақты болғанның азабы көп/ сұхбаттасқан Ұ. Айтөлен  // Айқын.- 2011, 6 қазан.-  

№185.- 8 б. 

  

 

 40. Момышұлы Б.  



 Ерлік дегеніміз не?.. // Түркістан.- 2010.- 7 қазан.- 9 б. 

 

 41. Момышұлы Б.  



 Қазақтың ұлттығын сақтауы – ұлылығы/ әнгімелескен М. Хусаинова // Жас Алаш.-  

2011, 29 қыркүйек.- 3 б. 



  

 

42. Момышұлы Б.  



 Ол екеуі // Жұлдыз.- 2010.- №6.- Б.3-22. 

  

 



43. Момышұлы Б.  

 Патриотизм туралы // Ақиқат.- 2010.- № 8.- 3 б. 

  

 



44. Мусаева Н., Бейсенбаев М.  

 Ұлағаты мол тағдыр: Б.Момышұлы / Бейсенбаев М., Мусаева Н. // Ақиқат.- 2005.-  

№6.- 11-15 бет. 

  

 

 45. Мұқашева А.  



 Александр Бек және Бауыржан Момышұлы // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- № 6.-  

103-108 б. 

  

 

46. Мырза-Ғали  Г.  



 Б.Момышұлының әскери қолбасшыларға жазған хаттары // Хабаршы Л.Н.  

Гумилев атындағы ЕҰУ.- Астана, 2009.- №5.- 341-344 б. 

  

 

47. Мырза-Ғали  Г.  



 Бауыржан Момышұлы шығармашылығындағы қайталанбас ерекшелік // Қазақ  

тілі мен әдебиеті.- 2010.- №3.- Б.75-84. 

  

 

48. Мырза-Ғали Г.  



 Бір өлең ашқан ақиқат // Ақиқат.- 2010.- №1.- 94-96 б. 

  

 



49. Негимов С.  

 Бауыржан Момышұлы - намысты ұлт ұраны // Ана тілдің айбыны Қаһарман  

Бауыржын Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған.- 2010.- 41-46 б. 

  

50. Нұрпейісов Н.  

 Б.Момышұлы және қазақ тілі// Тіл және Қоғам.- 2010.- №4(24).- Б.91-96. 

  

 



51. Нысанбаев Ә. (ҚР ҰҒА академигі), Сатершинов Б. (ф.ғ.д.) 

 Қанмен жазылған кітап: Бауыржан Момышұлының соғыс психологиясы мен соғыс  

философиясы туралы ойларынан туған пайымдаулар  // Егемен Қазақстан:  

Жалпыұлттық республикалық газет.- 2011.- №523-536, 10 желтоқсан.- 7 б. 

  

 



52. Омаров Қ.  

 Қысастықты кешіре білген кемеңгер. Батыр Бауыржан жайлы тың деректер //  

Айқын.- 2010.- 13 мамыр.- Б.5. 

  

 

53. Оразалин Н.  



 Ерлік - ерге сын, елге бақ // Қазақ әдебиеті.- 2010.- №50-51.- Б.6. 

 

54. Ордабеков С. Адамның бір міні – мінезсіздік: майдангер-жазушы Б.момышұлы  

туралы//Егемен Қазақстан.-2011.- 2 ақпан.-2 б. 

  

 



 55Рәш М.  

 Батырмен ұмытылмас жүздесулер: Қазақтың қас батыры Бауыржан Момышұлы  

хақында эссе // Қазақ.- 2012.- 15 маусым.- 6, 7 б. 

  

 

56. Рәш М.  



 Қазақтың хас батыры: (Б.Момышұлы хақында эссе) // Ана тілі.- 2010.- 5-18 тамыз.-  

10-11б. 


  

 

57. Рысбекова А.Т.  



 Бауыржан Момышұлы әңгімелерінде кейіпкерлер психологиясының берілу  

жолдары // Хабаршы. Әл-Фараби атынд. ҚҰУ. Филология сериясы.- Алматы, 2009.-  

№3.- Б.46-49. 

  

 

 58. Сәттібайұлы К.  



 Ер Баукеңнің қызы Елена. Ата жұртқа бір келсем деп армандайды:  

Б.Момышұлының Мәскеудегі қызы Еленамен сұхбат // Егемен Қазақстан.- 2005.- 29  

қаңтар.- 4 б. 

  

 



59. Серікбаев К.  

 Біздің Бәуке: Б.Момышұлы туралы // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 8-14 сәуір.- 13 б. 

  

 



60. Смағұл Б.  

«Баукең жұлдызды болған күн - халықтың жұлдызы жанған күн»// Алтын орда.-  

2010.- 4-10 қараша.- 10-11 б. Сұхбаттасқан М.Райымбекұлы. 

  

 

61. Сманқызы Р.  



 Баукең тілдің де жанашыры еді // ана тілі.- 2010.- 22-28 сәуір.- 4 б. 

  

 



62. Турабаев М.  

 Әйгілі даңқың асқақтап // Ана тілі.- 2010.- №18.-6-12 мамыр.- 5 бет. 

  

 



63. Тұрысбек Р. (фил.ғ.д, профессор) 

 Бекзат болмыс, батырлық мұрат// Мәдени мұра.- 2010.- №3.- 19-29 б. 

 

64. Тұрысов Е.  



 Таңғы елес: Бауыржан аға және оның жел қанатты тұлпары жайлы әңгіме // Ана тілі:  

Ұлт газеті.- 2010.- №51, 23-28 желтоқсан.- 6-7 б. 

  

 

65. Түймебаев Ж.  



 Тау тұлғалы батыр Баукең // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 7-13 мамыр.- 4 б. 

  

 



66. Усманбаева А.  

 Ұлы жеңіс - өшпес өнеге // Ана тілі.- 2010.- 5-18 тамыз.- 11 б. 

  

 



67. Шағатай Ж.  

 Бауыржан - қазақтың ар-намысы: Жамбыл жерінде Кеңес Одағының Батыры  

Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті // Түркістан.- 2010.-  

№39, 30 қыркүйек.- 1, 9 б. 

  

 



68. Шолах Қ.  

 Батыр туған өлкеде... Найзағайы намыстың... Өлең: Бауыржан Момышұлы-100 //  

Қазақ әдебиеті.- 2010.- №37, 24-30 қыркүйек.- 1 б. 

 

Орыс тіліндегі мақалалар 

69. Дорогой народа шел славный герой// Республика KZ.- 2009.- 7мая.- С.3. 

  

 



70. Достанбаев Т.  

 Феномен казахского народа: К 100-летию со дня рождения Б.Момышулы // Мысль.-  

2010.- №10.- С.10-12.  

  

71. Кабульдинов З.Е.  

 Воспитание патриотизма на конкретных примерах выдающихся личностей //  

Современное состояние и перспективы развития системы подготовки кадров на  

военных кафедрах ВУЗов: Сб. матер. Респ. научно-практ. конференции (г. Астана, ЕНУ  

им. Л.Н.Гумилева, 2012 г., 17 февраля).- Астана, 2012.- С.101-105. 

 

 

 



72. Мырзахметов М., Масатбаев О.  

 Бауыржан Момышулы - символ правды и справедливости // Столичное  

современное образование.- 2009.- №2.- С.86-89.   

 

 

73. Серикбаев К.  

 Батыр Бауыржан Момышулы и современность // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби.  

Сер. историческая.- 2010.- 3(58).- С.3-7 .   

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыр Бауыржан  

Сөзі  – А. Байғожаевтікі  

Әні  – Ә. Бейсеуовтікі  

 

 



Ақ боранда азынаған, қақаған, 

Жаудың қолы Москваға тақаған. 

Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ, 

Мирас еткен батырлықты атадан. 

 

Қайырмасы: 

 

Әрқашан аты ауызда, 



Ықпаған батыр дауылдан. 

Айналған аты аңызға, 

Момыштың ұлы Бауыржан! 

 

Жаудың оғын қағып құрыш бойымен, 



Туған елі шыққан емес есінен. 

Қашты жаулар Москваның түбінен, 

Қашты жаулар Бауыржандар сесінен. 

 

Ерек сүйген өзі туған Отанын, 



Халық берген оған батыр атағын, 

Ауыр жылдың арқалаған азабын, 

Ерлігіңді әнмен жалаулатамын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ардақты аға 

Сөзі  – Қ. Мырзалиевтікі 

Әні  – Б. Жұманиязовтікі 

 

 



Белгілі есімің, 

Бауырмал ағасың. 

Көңілдің есігін 

Күй болып қағасың. 

 

Қашанда жақсыға 



Құшағың жаясың. 

Аязда – ақ шуақ, 

Аптапта – саясың. 

 

Тулайды жүрегің, 



Тасытып қаныңды. 

Жұрт үшін жүресің, 

Қинап-ақ жаныңды. 

 

Біреудің қайғысын, 



Қайғыңдай көресің. 

Халықтың алғысын, 

Гүліндей тересің. 

 

Кең көңіл даладай, 



Бересің қол ұшын. 

Бір туған ағадай, 

Сыйлаймыз сол үшін! 

 

Жақсылық кезінде, 



Жырға да сымбат қой. 

Бұл өмір өзіңдей, 



Жандармен қымбат қой. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал