Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет8/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

    

 

52 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

М.М.ОРМАН  

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы 

 

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ТҰРМЫС-САЛТ 

КӨРІНІСТЕРІНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕ ЖАСАУДАҒЫ РӨЛІ 

 

В этой статье рассматривается роль обрядов в раскрытии характера персонажа казахского 



героического эпоса. 

 

The  role  of  making  image  of  the  ritual  customs  in  the  heroic  Kazakh  epos  is  considered  in  the 

given paper.  

 

«Қазақ  ауыз  әдебиетінің  поэзия  түрінде  адам  образын  жасаудың 



алғашқы  үлгісін  салған  батырлар  жыры  деуге  болады»  [1.16]  деген  белгілі 

фольклортанушы  ғалым  М.Ғабдуллин.    Қаһармандық  бейненің  жырдағы 

жасалуының  толып  жатқан  тәсілдері  бар.  Солардың  ішінде  жырда 

бейнеленген  халық  дүниетанымы,  тұрмыс-салт,  әдет-ғұрып  көріністері  де 

кейіпкерлердің мінезін ашып, ішкі жан-күйлерін көрсетуге ат салысады.  

Жырдың  идеясына  орай  ондағы  басты  кейіпкердің  тұлғасы  барынша 

мадақтала суреттеледі. «Ел қорғау жолында ерлік көрсеткен, аңдыған жауға 

қарсы аттанған батырлардың образын жасау үшін жыршы ақындар бірнеше 

әдістер  қолданады...  Кейде  жыршы  ақындар  батыр  образын,  оның 

(батырдың)  ағайын  туыстарының,  жора-жолдастарының  сөзі  арқылы 

суреттеп  отырады.  Тоқтарбай,  Аналық,  Құртқалардың  жоқтау  сөзімен 

Қобыландының  батырлық  образы  беріледі»  [2.178-179]  Расында  да, 

батырлық жырларда жиі орын алатын батырдың туған-туыс, бауырларымен 

қоштасуы,  олардың  батырды  жоқтауы  немесе  жау  қолынан  қаза  тапқан 

батырдың  өлімін  естірту,  жоқтауда  батырдың  бейнесін  сомдауда 

таптырмайтын мағына бар. Тек батырдың ғана емес, оны айтушылардың да 

образы ашылады.  

«Алпамыс  батыр»  жырының  Байғанин  нұсқасындағы  Алпамыс 

Гүлбаршын  жайын  естігеннен  кейін,  өзінің  сол  қалыңдығының  артынан 

баратынын  айтып,  жолға  шығарда  үй-ішімен  қоштасады.  Анасының  және 

қарындасы  Қалимаштың  қоштасу  сөздері  батырдың  бейнесін  даралап 

көрсету  үшін  таптырмайтын  амал  болғанын  аңғару  қиын  емес.  Әкесінің 

қарсылығына анасының құрсағында жатып қосылған қалыңдығын дұшпанға 

қор  қылмайтындығын  айтып  көнбейді.  Батырдың  үй-іші,  ел-жұртымен 

қоштасуы оның қалыңдығын алып келуге аттанғалы тұрған сәтінде көрінуі 

аздап  қисынға  келмей  тұрғандай  болуы  мүмкін.  Себебі  көбінесе  қоштасу 

салты  тыныш  жатқан  елін  шауып,  малын  айдап  кеткен  жаудан  кек  алу 

мақсатындағы  жорықтың  алдында  болатындығын  білеміз.  Дегенмен  де 

эпикалық  дәстүр  бойынша  батырдың  алғашқы  ерлігі  де  сол  өзге  елдегі 

қалыңдығын  алып  келу  жолындағы  қиындықтармен  күресіп,  оларды 

жеңуімен  байланысты  болатыны  белгілі.  Яғни,  қаһармандық  жырлардың 

көпшілігінде  батырдың  ғажайып  тууынан  кейінгі  ерлігі  оның  өзіне 

қалыңдық  іздеп  шығуынан  басталып,  сол  жолдағы  түрлі  ерлік  істер 

жасауымен  жалғасады.  «Эпостардағы   жар  іздеу   мәселесі   ғашықтықтан  



    

 

53 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



туған  мәселе  емес,  семья  құру  тілегінен  туған,  эпостың  әрегіректе  пайда 

болғандығын аңғартатын элементтің бір екендігін фольклористика ғылымы 

толық  дәлелдеп  отыр...  Жар  іздеу  мотивінің  негізгі  түйіні  үй  болу,  жанұя 

құру болса, ол келешекке өзіндей, не өзінен де асып түсетін ұрпақ қалдыру 

тілегіне келіп тіреледі» [3.17]. Одан қала берсе, жырдың мазмұны бойынша 

Гүлбаршынның  әкесі  қалмақ  ханы  Тайшықтың  қол  астына  барып 

паналағанын,  Гүлбаршынның  Алпамыс  келмесе,  қалмақ  азаматына 

некелесетіні  анық.  Алпамыс  «Байлама,  әке,  бағымды,  Қолдан  бермен 

арымды...  Гүлбаршынның  жолынан,  Еш  тартпаймын  қарымды»  деп  нақты 

кесімді ойын айтады. Бұл да батырдың намысын қолдан бермейтін, сертінде 

тұратын  нағыз  батырға  тән  қасиеттерінің  бірін  танытса  керек.  Ал  анасы 

болса баласының алған бетінен қайтпасын сезіп: 

Сен кеткен соң қолымнан, 

Бұрынғы дәуір заман жоқ... 

Сен кеткен соң қиындық, 

Көз салар бізге дұшпан қас... 

Ата-анаңның көргені 

Қараңғы  түнек  түн  болар...  [3.206].  Анасының  қоштасуынан 

Алпамыстың  білдей  бір  отбасына  пана  боларлық  қадірін  байқаймыз.  Олай 

болса, ол бүкіл ел-жұртының да қорғаны болады дегенді аңғартады. Мұны 

қарындасы Қалимаштың жылап тұрып айтқан қоштасуы да нақтылай түседі: 

 

Қорғап, қоршар адам жоқ, 



Жанашыр кісі маған жоқ. 

Сен кеткесін бауыр деп, 

Жан ашитын жаран жоқ [3. 208].  

Алпамыс та жұбату сөздер айтып қоштасады. Қарсыласқан дұшпанды 

жеңіп,  көп  кешікпей  келетіндігін,  үй-ішін  Ұлтан  мен  Құлтайға  сеніп 

тапсыратынын  айтып,  қимастығын  да  білдіреді.  Бұл  оның  ешбір  күдік 

ойламайтын  сенгіштігінің,  аңғалдығының  көрінісі.  Ол  өзінің  де  жүрегінің 

толықсып, абыржығандығын жасыра алмайды. Қанша берік, қайратты батыр 

болса  да,  адамгершілік,  мейірімділік  қасиеттерден  де  кенде  емес  екендігін 

осы қоштасуында аңғартады.   

Кей жырларда арыздасу, амандасу деген сөздер қолданылады. Жалпы 

қаза  ғұрпы  болып  саналатын  арыздасуды  кең  мағынасында  алсақ,  қоштасу 

ретінде  қарастыруға  болады.  Себебі  ол  дүниеден  өткен    адамның  ғана 

аузымен  айтылатын  ғұрып  емес,  «адамның  туған  жерімен,  елімен,  құрбы-

құрдасымен,  тіпті,  жан  серігі  болған  атымен,  сұңқарымен,  өнерімен 

қоштасатын жыр түрлері өте көп» [4.172]. 

Мысалы,  «Ер  Тарғын»  жырында  Шағанның  суының  бойындағы 

қалмақтарды  ығыстырып,  жерін  тартып  алып  бер  деген  Ханзада  ханның 

тілегін  орындап,  жаудың  ұрыспаққа  қанша  әскері  барын  қарамақ  болып, 

биік  біткен  еменнің  басына  шыққанда  шірік  бұтағы  сынып  кетіп,  Тарғын 

құлағанда  бел  омыртқасы   буынынан    шығып,   мертігіп     қалатындығын  


    

 

54 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



білеміз.  Ханзада  хан  жайлауға  көшкенде  орнынан  қозғала  алмай  жатқан 

Тарғынды бір апталық азық беріп, Ақжүніс пен Тарлан атымен бірге жұртта 

қалдырып,  арттарыңнан  келеміз  деп  кетеді  де,  келмейді.  Сондағы 

Тарғынның  қатты  қамығып  жылап,  Ақжүніспен,  Тарлан  атымен 

арыздасуында  Тарғынның  психологиялық  жан  күйі  барынша  шебер 

беріледі.  Ондағы  психологиялық  параллелизм  адамның  ішкі  дүниесінде 

болатын  толқуды  керемет  сипаттайды.  «Еңіреп  жүрген  ер  едім,  Қаптаған 

қара борандай, Өткені ме дүние боқ!» [5.16-17] деп қанша ер болса да, сол 

шақтағы шарасыздығы, басына күн туғанда тастап кеткен ноғай еліне деген 

қара  қазандай  өкпесі,  наласы  жақсы  бейнеленеді.  Адамның  күйініш-

сүйінішін,  рухани  психологиялық  жайттар  кейде  ерекше  құрылатын 

монологтар  арқылы  суреттеледі.  Ол  монологты  біз  қоштасу  сөзі  ретінде 

қарастырамыз. 

«Көркем  әдебиеттегі  жеке  адамға  тән  мінез:  адамның  мінез-құлқын, 

нанымын,  сенімін,  ой-пікірін,  өмірге  көзқарасын,  психологиясын,  күйініш-

сүйінішін, басқаларға қарым-қатысын, сөздік қорын, тіпті оны қолданудағы 

ерекшеліктеріне  шейін  қамтиды.  Осылардың  бәрін  бір  адамның  бойына 

сиярлық  етіп  шебер  суреттеудің  негізінде  сол  адамның  бейнесі,  образы 

айнаға түскен сәуледей, біздің көз алдымызда тұрады. Осыны образ не адам 

образы деп атаймыз» [6.50].  

Жұртта  ауыр  халде  қалдырып  кеткен  Ханзада  ханның,  оның  ел-

жұртының  аяушылығы  жоқ  қатыгездігі,  опасыздығы  бірге  жортқан 

жолдастарының  қиын  кезде  көмекке  келіп,  қол  ұшын  бермеген  мейірімсіз 

сипаты көрінеді.  

Бойды байқай қарасам, 

Қол-аяғым көсіліп, 

Аузы-мұрным ісініп, 

Алланың хақ бұйрығы 

Маған таянғанға ұқсайды! 

Көкте бұлт сөгілсе, 

Көктеп болмас, не пайда?! 

Көктегі жұлдыз сиресе, 

Септеп болмас, не пайда?! 

Көлденең тұрған тұлпарым, 

Шабысыңнан маған не пайда?! 

Асыл туған Ақжүніс, 

Таңдап алған текті едің, 

Көріп алған көрікті едің

Маған тегіңнен сенің не пайда?! 

Осылайша  Тарғын  бұл  өмірден  өтіп  бара  жатырмын  деп,  Ақжүніс 

сұлумен Тарлан атымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады.   

Күнді бұлт құрсайды, 

Күнді байқай қарасам, 


    

 

55 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



Күн жауарға ұқсайды! 

Айды бұлт құрсайды, 

Айды байқай қарасам, 

Түн жауарға ұқсайды! 

Көгілдірін еріткен  

Көлдегі қулар шулайды. 

Шулағанға қарасам, 

Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды [5.20].  

Бұл  туралы  Қ.Жұмалиев:  «Бұл  Тарғынның  ауру  азабынан,  аштықтан 

әбден  тарылып,  өлуге  таянған  кездегі  жан  күйзелісін,  ішкі  сезім 

дүниесіндегі күйініштік халін суреттеу. Бірақ сол үшін ақын табиғаттағы әр 

түрлі құбылысты, әр түрлі жануарлардың арасындағы жайларды параллель 

етеді.  Қаһарманның  басындағы  ауыр  халін  жырдан  оқушылар  сол 

қатарластыра  суреттеген  табиғат  құбылысы,  жануарлардың  арасындағы 

жайлар арқылы сезінеді» [6.62] деген. Мұны ғалымның ұсынған тәсілдерінің 

ішінде  адамның  басындағы  күйініш-сүйінішті  суреттеу  арқылы  адамның 

образын жасауына жатқызамыз.  

Қазақ  ғұрыптарының  бірі  саналатын  бұл  арыздасуда  өлім  аузында 

жатқан  адамның  жанындағы  жақындары  да  үнсіз  қалмай,  өз  шерлерін 

тарқатып  жылап  алса,  кейде  ауру  жанның  көңілін  аздап  жай  таптыру 

мақсатында жұбату сипатындағы сөздер айтады.                       

Бұдан кейін Ақжүніс те егер қандай да бір жағдай болып, Тарғын өліп 

кетсе,  батырдың  аруағы  риза  болсын  деген  тілекпен  толғауын  айтып 

бақұлдасады. Сондағы ер Тарғынның бейнесі былайша суреттеледі: 

...Арқадан соққан борандай  

Жер түбіне желген ер!  

Бекіре ойнар ақ теңіз

Өңгеге терең болса да, 

Сіз өтейін дегенде, 

Белгілі өткел болған ер! 

Ит мінезің ұстаса, 

Қайсардың қара тасына  

Қарауыл салмай қонған ер!.. 

Тәңірің тілек берген ер! 

Ерлігінде шама жоқ... [5. 24]. 

Тарғынды  «халық  жыры  ел  қорғау  жолында,  жеке  ұрыстарда  жауын 

жеңіп көзге түскен ер деп ардақтайды. Тарғын образы жырда осы тұрғыдан 

бейнеленеді» [2.252].  

«Қарабек»  жырында  да  туған  қарындасы  басын  шапқалы  тұрғандағы 

Қарабектің Аққұла  атымен арыздасуында батырдың атының құлын кезінен 

бастап,  тоғыз  жасқа  келгенге  дейінгі  кезеңі  айтылып,  «тай  құлындай 

тебіскен,  таласып  емшек  еміскен»  бауырының  жауыздығы,  өзін-өзі 

байлатып берген аңғалдығы бейнеленеді.  


    

 

56 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



 

Қаһармандық  эпостардағы  үйлену  салтына  байланысты  түрлі  әдет-

ғұрыптардың  да кейіпкер мінезін ашуда өзіндік қызметі көрінеді.  

 «Алпамыс  батыр»  жыры  туралы  В.М.Жирмунский  былай  деген: 

«Содержание  «Алпамыша»  определяется  героикой  богатырских  подвигов, 

темой  героической  любви  и  дружбы,  любви  к  родине  и  родному  народу. 

Героическое  мужество,  любовь,  красота  побеждают  в  борьбе  с 

враждебными силами, но эта борьба требует героического напряжения всех 

сил  и  способностей  человека,  тем  самым  обнаруживая  и  все  возможности, 

заложенные в его личности» [7.96].  

Жырдың  негізгі  мазмұнына  кіретін  батырдың  үйленіп,  жар  сүюі 

оқиғаларында  оның  жарына  деген  сүйіспеншілігі,  құрметі,  кейде 

түсініспеушілігі,  ал  қалыңдығының  еріне  деген  адалдығы,  сый-құрметі 

көрініп жатады.     

 

Қаһармандық  эпостағы  үйленуден  қалың  мал  түсінігінің  болғанын 



көреміз: 

Назымды малсыз алмаққа 

Шалдар да жаман желіккен [5.44].  

Егер қалыңдық жеңімпазға сый ретінде берілсе, қалың малдың болуы 

қисынға  келмейтін  сияқты.  Себебі  қалың  мал  –  қыздың  туған-туыстарына 

күйеудің беретін дүниесі, яғни, қызға берген төлем. Алайда қалың мал беру 

салтының Ұлы далаға исламмен бірге келгені белгілі. Ал эпос болса, өткен 

түсініктерді сақтай отырып, жаңаларын да ескеріп отырады.  

Қобыланды Құртқаны сайыстың жеңімпазы ретінде алса, кейінірек көп 

жылқының ішінен көріп, ерекше көңілі ауған көкала биені мені берсең де ал 

деген Құртқаны Қобыланды қолпаштап былай дейді: 

«Басымды оққа байлаған, 

  Сені берсем, Қыз Құртқа, 

  Бір елдің малын алармын!» –деп,  

  Езу тартып күледі [8.11].  

Бұл  жерде  Қобыландының  айтып  тұрған  қалың  мал  мөлшері  арқылы 

Құртқаға баға беріліп тұр. Яғни, біріншіден, бір елдің малы деп отырғаны аз 

дүние  емес,  екіншіден,  «басымды  оққа  байлаған»  деп  Құртқаны  оған 

таласушылардан  асып  түсіп,  өзінің  ерлігі,  мергендігінің  арқасында, 

тәуекелге бел буып алғандығын айтады. Олай болса, Құртқа оған лайықты, 

оның көркі мен ақылында ердің өзін құрбан етуге тұрарлық күш бар.        

Осылайша  айтушының  санасында  рулық  құрылымның  феодалдық 

түсініктермен  шиеленісіп  жатқандығын  көреміз.  Мұндай  кереғарлықтар 

айтушыны  қызықтырмайды.  Оның  көксегені  басқа  дүние,  яғни  қалай 

болғанда да ерлікті шыңына жеткізе дәріптеу, оны батырдың көркем бейнесі 

арқылы жеткізу.   

Қазақта  сыралғы  дәстүрі  болғандығы  белгілі.  Ел  арасындағы 

«Батырдан  –  сауға,  аңшыдан  –  сыралғы»  мәтелінің  қалыптасуы  да жайдан-

жай  еместігін   осыдан   аңғаруға   болады.   «Қобыланды    батырдағы»  бір   


    

 

57 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



эпизодты  еске  алсақ,  онда  жау  елінен  мол  олжамен  оралған  Қобыландыға 

Қараманның былай дегеніне куә боламыз: 

«Шешен сөйлер дауға, - деп, -  

Қайрат қылдың жауға, - деп, - 

Олжа салғын, құрдасжан, 

Беріңіз бізге сауға» - деп. Сондағы Қобыландының Көбіктіден айдап 

әкелген  малдан  қанша  алса  да  ерік  бергеніне  қарамай,  Қараман  Көбіктінің 

қызы Қарлығаны қосып беруін сұрайды. Қобыланды Қарлығаның өзінің жау 

құрығынан аман құтылғанына тікелей себепші болғандығын, оның осы аман 

күйде жүргені сол Қарлығаның арқасы, айласы екендігін, оның пайдасының 

ерекше  болғандығын  айтып,  бірақ  өзі  сүйіп,  қаласа  беретінін  айтады. 

Осылайша  Қараманның  өтінішін  жерге  тастай  алмай,  Қараманға  сауға 

ретінде табыстайды. Қобыландының ол әрекетін Қобыландының Қарлығаға 

тек  жорықтың  олжасы  ретінде  ғана  қарайтындығын  оны  Қараманға  сыйға 

бере салғандығымен түсіндіруге болады.  

 «Ер  Қосай»  жырындағы  үйлену  дәстүрінің  көріністері  арқылы 

кейіпкерлердің даралық сипатын беретін жайттарды ұшырастыруға болады. 

«Енді  Кемпір  баласын  ертіп  Ақсарыбайдың  аулына  келе  жатыр»  деген 

жолдардан  дәстүрлі  қыз  айттыру  салтының  көрінісіне  куә  боламыз.  Содан 

төмендегідей жыр жолдарында оның жосын-жоралғылары баяндалады: 

Оңаша үйде жатсын деп 

Үстіне шатыр тігеді. 

Ернекке отау тіктіріп, 

Мал семізін сояды, 

Келген-кеткен кісіге 

Қостан табақ қояды. 

Қазысына құр тайдың 

Көршілері тояды. 

Қосай менен сұлуды 

Бір отауға қояды. 

Қара бөркі қалиып 

Малыңды ал деп далдиып, 

Ақсарыбайдың аулына 

Қодар малмен құлады. 

Айттырған екен үш мыңға 

Соны санап береді [9. 66].  

Қосайға  қыз  айттыруда  кемпір  дүниесін  аямайды,  бар  жоралғысын 

жасайды.  Батырдың  тойының  жұпыны  өтуі  жараспас  еді.  Құда  түсіп  келіп 

отырған  Қодардың  бөркінің  «қалиып»,  «малыңды  ал  деп  далдиып» 

тұруында  өзінен  берген  малының  жетерлігіне  сенімділігінің  ұшқыны 

байқалады. 

 Жаушылардың тұспалдап айтатын тұрақты сөз тіркестерінің үлгілерін 

жырлардан      жиі      ұшырастырамыз.    Бұл      «Ер   Қосай»      жырындағы 


    

 

58 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



Ақсарыбайдың қызы Алаукешті Қосайға айттыруға келген Қодардың:  

Піскен түйнек сенде бар, 

Алтын кездік менде бар

Әуестікке қолға алып, 

Жардырмаққа келгенмін. 

Оң қолыңды алтынға 

Малдырмаққа келгенмін. 

Алаукешті Қосайға 

Алдырмаққа келгенмін [10.135].  

Қыз  айттырғанда  тұспалдап  айтылатын  «Піскен  түйнек  сенде  бар, 

алтын  кездік  менде  бар»  деген  сияқты  тұрақты  сөз  тіркестерінің  басқа  да 

түрлері жырларда кездесіп отырады. Жалпы қыз айттыру салтында бұлайша 

айтылатын сөздердің өзіндік қызметі, көздеген мақсаты бар екендігі белгілі. 

Болашақ күйеудің мақтауын асырып мадақтау қалыптасқан әдет. Бұлардың 

жырларда қолданылуы да жайдан-жай емес. Яғни, оның батырдың даралық 

қасиеттерін толықтыра түсудегі қызметі зор болып келеді.    

Жаушының бұл іспеттес сөздерінің өлең түріндегі тағы да бір жарқын 

үлгісін «Қамбар батыр» жырынан да кездестіреміз: 

Саусағы алтын сұңқарға 

Ілдірейін деп келдім 

Көлдегі үйрек, қазыңды; 

Алтайы қызыл түлкіңе 

Қосайын деп ойлап ем 

Құмай жүйрік тазымды [5.60]. 

Ен далада көшіп-қонып дарқан тұрмыс кешкен қазақ ұлтының өзіндік 

болмысына  сай  түрлі  салт-дәстүрлерді  қалыптастырғандығы  белгілі. 

Олардың ең көне де қасиеттісі қонақжайлылық салты болып табылады.  

«Қамбар батырдан» төмендегідей жыр жолдарын кездестіреміз:  

Қамбар айтты: «Жақсылар, 

Ашылсын жүрген жолыңыз! 

Асығып қайда барасың? 

Ауылға мейман болыңыз. 

Құс етін жеңіз қақтаған, 

Қазымыз жоқ сақтаған. 

Бәріңіз аттан түсіңіз, 

....................................... 

Соятұғын қойым жоқ 

Айыпқа мені бұйырма» [5.72]. 

Көшпелілер  өмір  салтының  нәтижесі  болып  табылатын  бұл  жалпы 

қабылданған  этикалық  норманың  батырлық  жырдың  бас  кейіпкерінің 

батырлық,  ерлік  қасиеттерінен  бөлек,  адал  көңіл,  кең  пейілділік  сияқты 

қасиеттерін де танығандай боламыз.  

Үлкен кеңістікте, бір-бірінен қашықта өмір сүретін адамдар үшін қиын 


    

 

59 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



табиғат  жағдайы  мен  халықтың  аздығынан  аман  қалу  үшін  бір-біріне 

меймандостық  танытуы  керек  болды.  Көшпенді  –  «арымайтын»  жауынгер, 

кең  пейілді,  қонақжай  халық  [11.15].    «Қамбар  батыр»  жырында  көрініс 

берген  қонақжайлылық  Қамбардың  образын  аша  түсуге  өзіндік  үлесін 

қосқандығын  көрдік.  Қамбар  «қас  кедейдің  зорымыз»  деп  жоқшылықтың 

зардабын  тартса  да,  барын  беріп,  қонақ  ететіндігін  айтып,  өзінің  зор 

адамгершілігін  байқатып  отыр.  Одан  қала  берсе  «таспен  ұрғанға»  кек 

сақтамай, ата салтынан аттамай, үйіне түсіп қонақ болуды ұсынады. Жәдігер 

оны ескеріп, салтты ұстаған Қамбарға ризалығын білдіреді: 

«Алатаудай айбатың, 

Ер екенсің айтулы. 

Атаңа ұқсап айнымай 

Қуыпсың  жастан  салтыңды»  [5.72].  Сондай-ақ,  Қамбарға  арнайы  сый 

дайындалып апарылғанын білеміз.  

Алшыораз айтты: «Қамбарға 

Тоғыз бие тарту қып, 

Алдына алып барайық» [5.67] және  

Алпыс үйлі Арғыны 

Ашыққанда жесін деп, 

Қоржынға салып жіберді 

Ат басындай алтын мен 

Қой  басындай  күмісті    [5.71].  Бұл  арадан    бір  жағынан  кісіге 

бұйымтайын айтып, өтінішпен барған адамның құр қол бармай, сыйын ала 

баратындығын  көрсек,  бір  тұрғыдан  эпос  дәстүріне  сай,  батырға  деген 

құрметті аңғарамыз. Қамбардың көңілінен шығу үшін оның өзіне ғана емес, 

жақсы көретін халқына да арнап сыйлық алып шығады.   

Ал  Ер  Сайынның  қонақжайлылығынан,  керісінше  оның  әкесінің  көл-

көсір байлығын, Қобыланды ағасына деген ерекше құрметін көреміз: 

 

Мың кісіні ер Сайын



Ертіп алып келеді. 

Алпыс асау сойдырып, 

Қонақасы береді [5.102].  

Байқап  отырғанымыздай  қонақжайлылықтан  адамға  деген  құрмет 

көрінеді.  Жалпы  үлкенді  сыйлап,  құрмет  көрсету,  кішіпейілділік  таныту 

сияқты  қазақ  ұлтының  ұрпақтан  ұрпаққа  қанмен  ауысып  келе  жатқан 

ерекше  қасиетінің  батырлық  жырда  кейіпкерлердің  мінезін  ашуға 

пайдаланылғандығына куә боламыз.   

Жасы үлкен ағам деп, 

Ақ сақалды бабам деп. 

Тарғындайын бөріңіз, 

Әлігі келген қартыңа. 

    Иіліп  сәлем  береді  [5.9].  «Алыстан  алты  жасар  бала  келсе,  алпыс 

жастағы  шал   келіп   сәлем  беру» жолын ұстанған қазақ халқының сәлемге  



    

 

60 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 Орман М.М.  Қазақтың батырлық жырларындағы тұрмыс-салт көріністерінің көркем бейне… 

 

 



деген ықыласы  айрықша.  Тарғын  артынан  қуып  келген  адамның  өзіне  жау 

екенін білсе де, оның жасының үлкендігін ескеріп, сыйлап сәлем береді. Бұл 

сәлем  беру,  үлкенді  құрметтеу  сияқты  дәстүрлерді  парыз  деп  білген, 

батырдың кішіпейілділігін танытады.  

«Қобыланды  батырда»  Қарлыға  Қобыландының  өзін  Қараманға  сауға 

ретінде  бере  салған  әрекетін  көңіліне  алмайды  да,  ал  айдалаға  өзі  тігіп 

отырған  шатырына  ат  басын  бұрып,  түспей  кетіп  қалған  қылығын  ауыр 

қорлық санап, қатты қапаланады: 

«Апеке, түс» - деп жалынды, 

«Жездеке,  қон»  -  деп  налынды.  [8.124]  Қанша  жылап  жалынса  да, 

тіпті  Құртқаның  «түсейік»  деген  өтінішін  де  елемей,  Қобыланды  қаталдық 

танытып,  қайрылмастан,  Қараманның  тойына  жүріп  кетеді.  Ол  жақта 

бірнеше ай жатып, қайтып келе жатқан сапарында тағы да Қарлыға жатқан 

шатырға кез болады. Ол уақытта да Қарлыға:   

«Құюлы тұрған шай бар-ау, 

Сары аяқта май бар-ау. 

Сізді күтіп алуға 

Қарлығада  жай  бар-ау»  [8.125]  деп  үйіне  қонақ  болуға  шақырады. 

Сонда  да  Қобыланды  бұрылмастан,  Құртқаны  ертіп  еліне  кетеді.  Қарлыға 

қонақжайлылығын  Қобыландының  қабылдамауына  қатты  қорланып,  кегін 

алады. Ол жағдайда жыршы Қарлығаның жағында болғандығын байқаймыз. 

Себебі Қобыланды даланың меймандостық дәстүрін бұзды. 

Бұл жерде, сондай-ақ, Қобыланды қатал, бірбеткей, қайтпас мінезімен 

де көрінеді.   

Адамға  жасына,  қоғамдағы  орнына,  қызметіне  қарай  сый-құрмет 

көрсетіледі.  Қазақ  халқында  адамның  мәртебесіне  қарай  сый  ұсынуға 

қатысты  бұрыннан  келе  жатқан  лауазымдық  саты  қатаң  сақталған.  Ол 

тәртіп, сондай-ақ, табақ тарту мен отыратын орнын анықтауда да сақталған. 

Тамақ  ұсынып  сыйлау  –  үй  иесінің  қонаққа  деген  ниетінің  белгісі.  «С 

древних  пор  наиболее  отличительной  чертой  казахского  народа  было 

гостепримство.  Дорогого  гостя  радушно  встречали,  усаживали  на  самое 

почетное  место,  угощали  лучшими,  что  было  в  доме»  [12.5].  Қадірлі  деп 

есептелетін қонаққа еттің жақсысы берілген. Қонақ оны қабылдай отырып, 

үй иесінің оған деген құрметін білген. 

«Қарасай-Қази»  жырында  ағасы  үшін  бір  атқа  сатылуға  белін  буған 

Қибат  сынды  қыздың  аяп  алмаған  сексендегі  ер  Көкшенің  әрекетіне  риза 

болған Қази оны үйге түсіріп, қонақ асын ұсынады. Осы арада  «Ер қадірін 

ер білер» [13.15] деген мақал Көкшенің атынан айтылады. Яғни, Көкшенің 

Қарасайдан  кем  емес  батыр  екендігін  көрсетіп  отыр.  Қонақасын  ішіп 

сырласқаннан кейін екі ер жақындасып бірге жауға жол шегеді. Яғни, батыр 

жалғыз аттанған жоқ, тындаушының көңілі де тоқ.   

 «Орақ-Мамайда» бала Қарасайды көрген Әділхан:  

-

 

Қарт бурадай қабағы, 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет