Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.

бет64/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омар Б.

 

Республикадағы жерді, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы... 

 

 


    

                                                                                                                                           

457 

   


 

 

 



 

-

 



жаңа  немесе  қайта  жөнделетін  ғимараттар  мен  құрылыстардың  

орналасуы  мақсатында  іске  қосылуы  кезінде  жер  жағдайына  кері  әсер  

ететін  техника  мен  технологиялардың  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  

сай  болуын  қадағалау  болып  табылады.  

      Сонымен    қорыта    келгенде,  жоғарыда    аталған    мәселелерді  жетілдіру 

мақсатында  жерді  қорғау мен  басқару жүйесін  құқықтық түрде реттеу мен  

олардың    тиімділігін    арттыруға    бағытталған    аталмыш  органдарды  

реформалауды    одан    әрі    жүргізу    қажет    деп,-ойлаймын.  Дамыған  елдер 

қатарына  ену  үшін  біз  әлі  көп  тер  төгуіміз  қажет. 

     Жерді қорғау  мен  басқаруды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  органдар  

қызметін    жетілдіру    жөніндегі    шаралар    кешенін    іске    асыру    бұл  

органдарды  реформалаудың  бірден-бір  кілті  болар. 

      Бұл  үшін: 

- басқарудың  бюрократтануын  бәсеңдету; 

- мемлекеттік  органдардың  кәсіби  деңгейін  оңтайландыру  қажет. Әрине, 

менің  ұсыныстарым    жеткіліксіз  болар. Ең  бастысы  заңдар қабылданып,  

жарыққа    шығып    жатса,  бұл    істердің    негізі    болар.  Осы    мәселелер  

жөнінде  Үкімет  Парламентке  ұсыныстар  жасаса  дұрыс  болар  еді.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж, 30  тамыз. Астана: «Елорда», 2009. -56 б. 

2.

 



Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Жер  қойнауы  және  жер қойнауын  пайдалану туралы»  

заң  күші  бар  Жарлығы. 1996 ж. 27 қаңтар. Алматы:  «Алматы», 1996. 48б. 

3.

 

Қазақстан  Республикасының  «Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдары  туралы»  Заңы.  



Алматы:  «Юрист», 2002. -24 б. 

4.

 



Қазақстан Республикасы  Үкіметі бекіткен «Жерді  пайдалану мен  қорғауда  мемлекеттік  

басқаруды  жүзеге  асырудың  тәртібі  туралы» Ережеде   

5.

 

Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  кодексі. Егемен Қазақстан. 2007. 9 қаңтар.  



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 

Н.ТЕМИРБАЕВ 



    

                                                                                                                                           

458 

   


 

 

 



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистрі 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

В этой статье рассматриваются особенности судебной системы Республики Казахстан после 



обретения независимости.  

 

This  article  deals  with  peculiarities  of  a  court  system  in  the  Republic  of  Kazakhstan  after 

becoming independent. 

Еліміз  егемендік  алып,  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекетке 

айналды.  Тәуелсіз  мемлекеттің  бүтіндігін  қорғап,  ішкі  және  сыртқы 

саясатының  пәрменділігін  арттыру  үшін  оның  мызғымас  заңы  және  сол 

заңын  қорғайтын  әділ  соты  болуы  басты  шарт.  Ел  жаңарып,  заман  өзгеріп 

жатқан  кезде  бұрынғы  заңдарға  да  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуді 

қажет ететіні айқын. Осы орайдағы алғашқы өзгерістер 1990 жылы басталды 

деуге болады. Өйткені 1990 жылы «Қазақ ССР Сот құрылымы туралы заң» 

қабылданған [1.15]. 

Сол 


себепті  1992  жылы 

«Соттық-құқықтық 

реформаның 

концепциясы»  жасалды.  1990  жылы  Республика  президенті  «Қазақстан 

Республикасында  құқықтық  реформаның  тиімділігін  арттыру  шаралары 

туралы»  Жарлығы  шығып,  құқықтық  реформаның  қажеттілігін  нақтылай 

түсті.  Президент  Жарлығынан  кейін  «Құқықтық  реформаның  мемлекеттік 

бағдарламасы» туды. Бағдарламаның негізгі бөлімі мемлекеттік сот жүйесін 

қайта құру мәселесіне арналған. 

1993  жылғы  28  қаңтардағы  Конституция  өтпелі  кезеңге  тән  Қазақ 

ССР-індегі  мемлекеттік  өкімет  пен  басқарудың  құрылымын  жетілдіру 

барысында  және  одан  бұрынғы  шыққан  конституциялық  заңдар  ережесін 

жинақтай  келе,  жаңа  қоғамға  лайықты  «Қазақстан  Республикасының 

Конституциясын» жариялады.  

 

Жаңа 


Конституциядағы 

16-тарау 

сот 

билігіне 



арналды. 

Конституцияның  95-бабында  Қазақстандағы  сот  билігі  Конституциялық 

Сотқа  және  Жоғарғы  Төрелік  Сотқа,  сондай-ақ  заң  атап  көрсетілді.  Онда: 

«Ешқандай  өзге  органның,  лауазымды  немесе  өзге  адамның  сот  билігі 

міндеттерін өз мойнына алуға хақысы жоқ» делінген. «Конституциялық Сот 

-  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  қорғау  жөніндегі  сот 

билігінің жоғарғы органы деп табылатынын» атап көрсетті [2.132]. 

 

Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасы  1993-1994  жылдары  дүние 



жүзіндегі  өркениетті  елдермен  тең  дәрежеде  ынтымақтаса  отырып, 

халықаралық қарым-қатынасты одан сайын нығайта түсті. Мұның өзі дүние 

жүзіндегі  мемлекеттердің  қауымдастығына  салмақты  саясат  пен  әлемдік 

талап-тілекке  сәйкес  келетін  халықаралық  құқықтық  нормалардың 

қажеттілігі  және  республиканың  ішкі  саяси  құрылымындағы  әлеуметтік-

экономикалық  дамудың  жаңаша  сипатына  лайықты  құқықтық  реформа 

жүргізуді қолға алудың маңызды мәселе екенін көрсетті. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Темірбаев Н.

 

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ерекшеліктері 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

459 

   


 

 

 



 

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың мемлекеттік 

бағдарламасы  бойынша  қаулы  қарастырылды.  Қаулыда  сот  әділдігін 

өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, оларды ұйымдық жағынан 

нығайту,  іс  қарауда  соттардың  кәсіби  деңгейін  көтеру,  оларды  ұйымдық 

жағынан  нығайту,  іс  қарауда  соттардың  ешкімге  тәуелді  болмауын 

тиімділікпен  арттырудың  жаңа  жобасын  жасады.  Сондай-ақ,  жалпы  соттар 

мен  төрелік  соттарға  жіктелудің  де  қажет  емес  екенін  анықтап  берді. 

Республика  Президенті  Жоғарғы  Сот  Кеңесінің  және  Квалификациялық 

алқаның ұсынуымен судьялық қызметтің міндетін түпкілікті бекітуді талап 

етті.  Соттардың  қызметін  жан-жақты  қамтамасыз  етудегі  кадр,  ішкі 

шаруашылық  істермен  бөліп,  аппарат  басшылығына  жүктеу  көзделді. 

Сондай-ақ,  сот  әділдігін  жүзеге  асыруда  және  сот  қаулыларын  орындауда 

аппарат ішкі ұйымдастыру жұмыстарына жәрдем беру керектігі күшейтілсін 

делінген [3.17]. 

 

Аталған  қаулыда  судьялардың  әлеуметтік  әл-ауқатын  арттыру  да 



маңызды  мәселе  ретінде  қаралды.  Мұның  өзі  судьяларды  құрметтеудің 

мемлекеттік  дәрежедегі  озық  үлгісі  екенін  танытты.  Олардың  құқықтарын 

мемлекеттік  тұрғыдан  қорғау,  қолдаудың  принципті  үлгілерін  нақты 

көрсетіп берді. Осы аталған Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мына 

негізде құрылуына бағыт-бағдар жасалды. 

Жоғарғы  Сот  Республикадағы  жалпы  соттардың  ең  жоғарғы  ұйымы 

болып  табылатыны  атап  көрсетілді.  Оның  құзыретіне  ең  жоғарғы 

лауазымды  тұлғалардың  қылмыстық  істері  жөніндегі  сот  істерін  қарау, 

сондай-ақ,  кассациялық,  қадағалау  инстанцияларының  міндеттері  және 

заңдарды қолдану жөніндегі мәселелерге түсінік беруді жүзеге асыру кірді. 

Бұл  қаулыда  Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  арнайы  сот 

алқаларына  бөлініп  құрылатыны,  судьялар  құрамы  да  соған  қарай 

іріктелетіні  көрсетілді.  Сондай-ақ,  облыстық  соттың  сот  құрылымы,  оның 

төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым 

жүйесі  осы  негізде  болды.  Ал  Қазақстан  аумағындағы  әскери  сот  дәреже 

міндетіне қарай Республика Жоғарғы Соты Пленумының құрамына кіретіні 

айтылды.  Осы  уақытқа  дейін  барлық  сот  инстанцияларында  сот  ісіне 

қатысып  келген  халық  заседательдерінің  институтын  жою  керектігі 

көрсетілді [3.18]. 

1994  жылғы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  осы  қаулысы 

негізінде еліміздегі құқық қорғау органдары мен заң шығару орындарында 

және  сот  құрылымындағы  құқықтық  реформалар  негізінде  1995  жылы  20 

желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 

«Қазақстан  Республикасындағы  соттар  және  судьялардың  мәртебесі 

туралы» Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық республикадағы 

тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі 

құқықтық  нормаларға  сай  келетін  жаңаша  заңдар  ережесін  жасап,  бекітіп 

берді. 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Темірбаев Н.

 

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ерекшеліктері 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

460 

   


 

 

 



Енді  «Қазақстан  Республикасындағы  соттар  және  судьялардың 

мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық 

Заң күші бар Жарлығының сот билігінің тәуелсіздігі және судьялардың сот 

ісін қараудағы мәртебесі туралы кейбір баптарына тоқталып өтсек. 

Аталған 

Жарлықтың 

бөліміндегі 



1-баптағы: 

«Қазақстан 

Республикасында  сот  төрелігін  тек  қана  сот  жүзеге  асырады.  Сот  билігі 

азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін, 

мемлекеттік  органдардың,  ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 

қорғауды  жүзеге  асыруды,  Конституцияның,  заңдардың,  өзге  де 

нормативтік-құқықтық 

актілердің, 

Республиканың 

халықаралық 

шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. 

2.  Соттар  өздеріне  тиесілі  билікті  ешкімнің  еркіне  қарамастан 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  заңдарына  сәйкес  жүзеге 

асырады. 

3.  Республикадағы  сот  билігі  Республика  Конституциясының 

заңдарының,  өзге  де  нормативтік-құқықтық  актілерінің,  Республиканың 

халықаралық  шарттарының  негізінде  туындайтын  барлық  істер  мен 

дауларға қолданылады. 

4.  Сот  билігі  сот  ісін  жүргізудің  азаматтық,  қылмыстық  және  заңмен 

белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. 

5.  Соттардың  шешімдері,  үкімдері,  өзге  қаулылары,  сондай-ақ, 

олардың  заңды  өкімдері,  талаптары,  тапсырмалары  мен  басқа  өтініштері 

Республиканың  бүкіл  аумағында  барлық  мемлекеттік  органдардың, 

ұйымдардың,  лауазымды  адамдар  мен  азаматтардың  орындауы  үшін 

міндетті  болып  табылады.  Оларды  орындамау,  сол  сияқты  сотты 

құрметтемеу  заң  бойынша  жауаптылыққа  әкеліп  соғады»,  -  деген 

тұжырымдар  егемен  Қазақстандағы  тәуелсіз  сот  билігінің  бағыт-бағдарын 

айқындап берді [4.24]. 

Жариялық пен еркіндіктің тізгінін тең ұстаған бүгінде зайырлы қоғам 

орнатуда  демократиялық  дамудың  даңғыл жолына  түскен  мемлекетіміздегі 

сот қызметінің негізгі принциптерін де бөле-жара айтқан орынды дер едім. 

Жоғарыдағы  конституциялық  Заң  күші  бар  Президент  Жарлығының  4-

баптағы  Қазақстан  Республикасындағы  соттар  қызметінің  негізгі 

принциптері  -  «Республикадағы  соттар  қызметі  заңдылық,  судьялардың 

тәуелсіздігі,  баршаның  заң  және  сот  алдындағы  теңдігі,  тараптардың 

жарыспалығы  мен  тең  құқылығы,  істерді  қараудың  жариялылығы 

принциптерінің  негізінде  құрылады».  Ал  Жарлықтың  келесі  5-бабындағы 

сот арқылы қорғалу құқығының принциптері былайша жіктеліп көрсетілген: 

1.  Әркімге  мемлекеттік  органдардың,  ұйымдардың,  лауазымды  және 

өзге  тұлғалардың  Республика  Конституциясы  мен  заңдарында  көзделген 

құқықтарына,  бостандықтарына  және  заңды  мүдделеріне  нұқсан  келтіретін 

немесе  оларды  шектейтін  кез  келген  жолсыз  шешімдері  мен  іс-

әрекеттерінен сот арқылы қорғалуына кепілдік беріледі. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Темірбаев Н.

 

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ерекшеліктері 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

461 

   


 

 

 



2. Ешкімді заңның барлық талаптары мен әділеттілік сақтала отырып, 

құзыретті,  тәуелсіз  және  әділ  сотта  ісінің  қаралуы  құқығынан  айыруға 

болмайды. 

3.  Барлық  соттарда  және  сот  ісін  жүргізудің  кез  келген  деңгейінде 

бірінші заң көмегімен қорғауға кепілдік беріледі. 

4. Сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен 

шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай 

алмайды  немесе  бақылауға  ала  алмайды»,  -деп  өте  әділ  нақты  көрсетіліп 

берілген. 

Қазақстан  Республикасындағы  жаңадан  құрылған  сот  жүйесінің 

құрылымы,  олар  атқаратын  сот  қызметінің  бағыт-бағдарына  енген 

ерекшеліктер  де  Президент  Жарлығында  өз  ретімен,  тиісті  баптармен 

аталып  көрсетілген.  Бұл  ретте  Қазақстан  Республикасының  егемендік 

алуына  орай  жаңа  институттар  мен  атрибуттар  құрылды,  соның  ішінде 

Жоғарғы  Сот  құрамында  әскери  сот  істері  жөніндегі  алқа  мен  республика 

аймақтарында  әскери  соттар  өз  істерін  бастады.  Сондықтан,  «Қазақстан 

Республикасындағы  соттар  және  судьялардың  мәртебесі  туралы» 

конституциялық  Заң  күші  бар  Президент  Жарлығының  III  тарауындағы 

әскери  соттарға  қатысты  24-баптағы  «әскери  соттарды  Әділет  министрінің 

ұсынуы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президенті  құрады  және 

таратады.  Республика  аумағындағы  Қазақстан  Республикасының  әскери 

соты,  бірлестіктердің  (армиялардың,  құрамалардың,  гарнизондардың) 

әскери  соттары  болатынын,  әскери  соттардың  жалпы  санын  Әділет 

министрінің  ұсынуымен  Республика  Президенті  белгілейтіні,  әрбір  әскери 

сот үшін судьялар санын Әділет министрі анықтап беретіні» айтылған.  

Жарлықтың  30-бабында  «Жоғарғы  Соттың  Пленумы  Төрағаның,  сот 

алқалары  Төрағаларының,  Жоғарғы  Сот  судьялары  құрамында  жұмыс 

істейді» делінген. 

Ал  Жоғарғы  Сот  пленумының  өкілеттіліктеріне  тоқталатын  болсақ, 

Президент  Жарлығындағы  31-бапта  мынандай  маңызды  мәселелер 

айқындалып берілген. 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бірден бір органы болып 

табылатын, мемлекетіміздегі сот әділдігінің ең соңғы төрелігін айтып, қаулы 

қабылдайтын Жоғарғы Соттың Төралқасы туралы Жарлықтың 33-бабында: 

«1.  Жоғарғы  Соттың  Төралқасы  Жоғарғы  Соттың  Төрағасынан,  жыл 

сайын  пленумда  пленум  мүшелерінің  жалпы  санын  жасырын  дауыс  беру 

арқылы көпшілік дауыспен сайланатын сегіз тұрақты судьядан тұрады. 

2. Төралқаның отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі. 

3. Төралқаның отырыстары оның құрамының жартысынан астамы бар 

болса,  құқылы  болып  саналады.  Төралқаның  қаулысы  ашық  дауыс  беру 

арқылы дауыс беруге қатысқан Төралқа мүшелері дауысының көпшілігімен 

қабылданады және төрағалық етушінің қолы қойылады. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Темірбаев Н.

 

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ерекшеліктері 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

462 

   


 

 

 



4.  Төралқаның  жұмыс  тәртібі  оның  өзі  қабылдаған  регламентпен 

белгіленеді,  -  деп  көрсетіп,  осы  жарлықтың  34-бабындағы  Жоғарғы  Сот 

Төралқасының өкілеттіктері туралы былай деп айтылған: 

1.  Жоғарғы  Соттың  Төралқасы  істерді  қадағалау  тәртібімен  және  іс 

жүргізу  заңдарында  белгіленген  тәртіппен  жаңадан  ашылған  мән-жайлар 

бойынша қарайды; 

2.  Сот  практикасын  зерделеу  мен  қорыту  және  сот  статистикасын 

талдау  материалдарын,  төменгі  соттар  мен  Жоғарғы  Сот  алқалары  сот 

төрелігін жүзеге асырған кезде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды

3.  Сот  алқалары  төрағаларының  хабарламалар  мен  есептерін 

тындайды. Жоғарғы Сот алқалары мен аппаратын ұйымдастыру мәселелерін 

қарайды; 

4. Төралқа жұмысының регламентін қабылдайды

5. Жоғарғы Сот аппараты жұмысының регламентін бекітеді

6. Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады», - делінген. 

Сот  әділдігін жүзеге  асыруда  әртүрлі сатыдағы  соттардың  атқарар  қызметі 

ерекше.  Аудандық,  қалалық,  облыстық  соттардың  өз  деңгейінде  шығарған 

шешімдері  мен  үкімдеріне,  ұйғаруларына  және  сот  қаулыларын 

кассациялық шағым бойынша қадағалап қарауда Жоғарғы Сот алқаларының 

атқарар  жұмысы  өте  зор.  Бұл  жөніндегі  Жарлықтың  35-бабы  мына  негізде 

құрылған: 

1.  Жоғарғы  Соттың  алқалары  бастапқы  саты  бойынша  шағым 

(кассация),  сондай-ақ  қадағалау  ретімен  және  жаңадан  анықталған 

жағдаяттар бойынша сот істерін қарайды. 

2.  Алқалар  сот  практикасының  мәселелері  бойынша  Жоғарғы  Сот 

Пленумының түсініктер беруі үшін Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныстар 

мен материалдар енгізеді; 

3.  Азаматтық,  шаруашылық  және  қылмыстық  істер  жөніндегі  сот 

алқаларының  құрамдарын  Жоғарғы  Сот  судьяларының  арасынан  Жоғарғы 

Соттың Төрағасы бекітеді... 

 

«Қазақстан  Республикасындағы  соттар  және  судьялар  мәртебесі 



туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  конституциялық  Заң  күші 

бар  Жарлығында  тәуелсіз  мемлекетіміздегі  сот  билігін  жүзеге  асырып 

жатқан  судьялардың  мәртебесі  туралы  да  кең  көлемді,  терең  мағыналы 

тұжырымдар  айтылған.  Жарлықтың  III  бөліміндегі  кейбір  баптарды 

толығымен келтіре кетсек. Мұндағы 38-бапта: 

«1.  Судья  Республикадағы  сот  билігін  атқарушы  болып  табылады. 

Оған  конституциялық  тәртіппен  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  және  өзінің 

міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген. 

2.  Судьялардың  өз  өкілеттіктерін  жүзеге  асыруы  кезіндегі  талаптары 

мен  өкілдері  барлық  мемлекеттік  органдар,  ұйымдар,  лауазымды  адамдар 

мен азаматтар үшін міндетті. 

3.

 



Судьялардың   талаптары     мен      өкімдерін    орындамау,   оларды 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Темірбаев Н.

 

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ерекшеліктері 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

463 

   


 

 

 



құрметтемеу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады», - делінген. 

 

Бұл  Жарлықта  егемен  Қазақстан  Республикасындағы  сот  билігін 



Конституциядағы  заң  талаптарына  сай  орындауда  судьялардың  тәуелсіздігі 

және олардың ауыстырылмайтындығы кеңестік дәуірдегі сот талабына мүлдем 

ұқсамайтын  ерекшелік  екенін  барлық  халыққа  айқындап  берді.  Сондықтан  да 

Президент Жарлығындағы 39-баптың мәтінін толық келтіре кеткен жөн. 

1.  Сот  төрелігін  жүзеге  асырған  кезде  судья  тәуелсіз  және  тек 

Конституция мен заңға бағынады. 

2.  Ешкімнің  сот  төрелігін  жүзеге  асыруға  және  судьяға  қандай  болсын 

ықпал етуге хақысы жоқ. Мұндай әрекеттер заң арқылы қудаланады. 

3.  Судья  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылған  жағдайлардан  өзге, 

қаралған  немесе  өндірістегі  істердің  мән-жайы  жөнінде  қандай  да  бір 

түсініктемелер беруге міндетті емес. 

4.  Судьяға  заңда  көзделмеген  соттан  тыс  функциялар  мен  міндеттер 

жүктелуге  тиіс  емес.  Ол  заңдылық  пен  құқық  тәртібін  сақтау  мәселелері 

жөніндегі  мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылымдардың  құрамына  енгізілуге 

тиіс емес. 

5.  Соттар  тұрақты  судьялардан  тұрады.  Судьялардың  өкілеттіктері  тек 

қана  заңда  белгіленген  негіздер  бойынша  доғарылуы  немесе  тоқтатыла  тұруы 

мүмкін. 


6.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өз  хабарларында  шешімдер  немесе 

үкімдер  заңды  күшіне  енгенге  дейін  сотта  іс  қараудың  нәтижесін  күнілгері 

ұйғаруға немесе өзге жолмен сотқа ықпал етуге хақы жоқ. 

Жарлықтың  бұдан  кейінгі  40-бабы  Қазақстан  Республикасындағы 

судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігі туралы түзілген. Ондағы: 

1. Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңдармен қорғалады, әрі: 

1) заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен; 2) сот төрелігін жүзеге 

асыру  жөніндегі  қызметке  қандай  да  болмасын  араласуға  жауапкершілікке 

тартылу  қаупін  ескерте  отырып  тыйым  салу  арқылы;  3)  сотты 

құрметтемегендігі  үшін  жауапкершілікпен;  4)  судьяны  тағайындаудың, 

өкілеттігін  доғару  мен  тоқтата  тұрудың  белгіленген  сайлау  тәртібімен, 

судьяның  орнынан  түсу  құқығымен;  5)  судьяларға мемлекет  есебінен  олардың 

мәртебесіне  сәйкес  келетін  материалдық  жәрдем  көрсету  және  оларды 

әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қамтамасыз етіледі. 

2.  Судьялар,  олардың  отбасыларының  мүшелері  мен  мүлкі  мемлекеттің 

ерекше қорғауында болады». 

Жарлықтың  келесі  41,  42-баптары  судьяларға  ешкімнің  тиіспеу  құқығы 

мен  судьяға  қойылатын  талаптарға  арналған.  Мұнда  да  егемен  еліміздегі 

судьялардың мәртебесі қаншалықты биік екені анық көрініп тұр. Нақты мысал 

үшін жарлықтың осы баптарындағы мәтінді тұтастай алайық: 

 

«1.  Судьяға  ешкімнің  тиісуіне  жол  берілмейді.  Судьяны  қылмыс  үстінде 



немесе  ауыр  қылмыс  жасағаны  үшін  ұстаған  жағдайларды  қоспағанда, 

Республика  Жоғарғы  Сот  Кеңесінің  қорытындысына  негізделген  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  келісімінсіз  не  Конституцияның  55-бабының  3-

тармақшасында  




1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал