Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.

бет63/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Р.ДАРМЕНОВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 

 


    

                                                                                                                                           

450 

   


 

 

 



САЗГЕР И. НҮСІПБАЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ 

 

В  статье  рассматриваются  эстетическое  воспитание  учащихся  в  творчестве  детского 

композитора Ибрагима Нусипбаева. 

 

The  aesthethic  educaton  based  on  Ibragim  Nusipbaev  works    who  is  well-known  as  children 

composer. 

 

Болашақ  ұрпақтың  білімділігі  мен  оның  рухани  байлығы  –  әлемдік 



өркениетке   жетер   бағыттағы   Қазақстан   Республикасының   гүлденуіне 

кепілдік  берер  бірден-бір  жол.  Нарықтың  қазіргі  жағдайында  мәдениетті, 

білімді,  өзіндік  ұстанымы  мен  көзқарасы  жетілген  адам  тәрбиелеудің 

маңызы зор. 

Бүгінгі оқушы – ертеңгі біздің болашағымыз. Қазақстанның келешегі 

жастардың  еншісінде.  «Елімізді  2030  жылы  барысқа  айналдыратын  күші 

бүгінгі  мектеп  партасында  отырған  бүлдіршіндер  мен  15-20  жас 

аралығындағы  жастар»  -  деп  Елбасымыз  тегіннен-тегін  айтқан  жоқ  [1]. 

Қазіргі  жас  буын  мемлекетіміздің  мығым  тірегі  болса  ғана  шын  мәніндегі 

экономикалық-әлеуметтік  жағдайымыз  өз  дәрежесіне  көтеріліп,  жаңа  дәуір 

салтанат  құрады.  Бұл  –  заманымыздың  талабы.  Сондықтан  бүгінгі  таңда 

әрбір  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  жан-жақты  дамыған,  білімді, 

эстетикалық талғамы  мол азамат етіп тәрбиелеу - біздің парызымыз. 

Жас ұрпақ музыка өнерінің қайнарынан сусындап, рухани нәр алады. 

Әсемдік, әдемілік әлемінің сырын ұғып, эстетикалық тәрбие алады, ғажайып 

сырын ұғады. Туғанда дүние есігін ашқан ана әлдиі, сәби кезінде естіген ән-

күйлер,  мектеп  жасындағы  көрген-білгені,  тыңдағаны  –  балаларға  рухани 

ықпал  ететін  алғашқы  сатылар.  Міне,  осы  кезеңде  көркем  өнердің  басқа 

саласымен қатар музыка өнері де эстетикалық тәрбие бере алады. 

Балаларға  арналған  музыкалық  шығармалар  олардың  өнерге  деген 

ыстық сезімін оятып, балауса көңілінен тұрақты орын алады. Тыңдаушының 

игілігіне айналған мол музыка мұрамыздың бір саласы - балаларға арналған 

әндер. 

Қазақстан  композиторлары  балалар  тақырыбына  өзіндік  үн 



ерекшелігімен  келді.  Мәнді,  мазмұнды  туындыларды  балаларға  тарту  етті. 

Олардың  алдында  ән  жанрының  табиғатын,  балаларға  әсер  етер  көркемдік 

талаптарды игеру міндеті тұрды. 

Балалар  әндерінің  сәтті  шығуы  композитордың  балалар  өмірімен  

тығыз  байланыстылығында.  Балалар  ұғымына  сай  ұнамды  әндер  жазып 

жүрген композитордың бірі - Ибрагим Нүсіпбаев. 

И.Нүсіпбаев  -  негізінен  балалар  композиторы.  Ол  Құрманғазы 

атындағы  Алматы  мемлекеттік  Консерваториясының  хорға  дирижерлік ету 

факультетінде  оқыған.  Оның  балалар  өмірімен  жете  таныстығы,  мектеп 

өнерпаздарымен   тұрақты   жұмыс   істеуі    ән   жазуға   ерте   араластырды.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дәрменова Р.

 

Сазгер И. Нүсіпбаевтің шығармашылығы туралы

 

 

 



    

                                                                                                                                           

451 

   


 

 

 



Композитор  әндері  өзінің  жеңіл  де  ойнақы,  сыршыл  әуенімен  кішкентай 

тыңдаушыларын баурап әкетеді. Қай әні болсын өзіндік әуез сазымен, ашық 

бояуымен,  ойлы  өрнектерімен  есте  қалады.  И.Нүсіпбаев  «Отан»,  «Кең 

дала»,  «Мектеп  полькасы»,  «Менің  өлкем»,  «Жомарт  елім»  сияқты 

тағылымы  мол  әндерінде  барша  композиторларға ортақ  тақырыпты  өзінше 

толғайды.  Әндерінің  көбісі  мектеп  оқушыларына  арналған.  Мектеп  өмірін 

жіті бақылаған ұстаз тақырып табиғатын еркін меңгереді. «Алғашқы вальс», 

«Жол  жыры»  әндері  балалар  өмірінің  жарқын  көріністерін  бейнелейді. 

Оның шығарған әндері қазіргі оқушылардың репертуарларының бір бөлігін 

құрайды. Мектепте ұстаздық ете жүріп, тұңғыш Қазақстанда балалар хоры 

«Балдырған» ансамблін ұйымдастырды. 

Сөйтіп,  1972  жылы  «Балдырған»  балалар  ансамблі  дүниеге  келді. 

Ансамбльдің  белсенді  әншілері  Г.Әбділова,  С.Боранбаева:  «Тыңның  25 

жылдығына  арналған  үлкен  концертке  қатысқанымыз  есімізден  кетпейді. 

Е.Серкебаев,  Б.Төлегенова,  Р.Бағланова  сынды  өнер  жұлдыздарымен  бірге 

біз  де  тың  ардагерлерінің  алдында  ән  шырқау  бақытына  ие  болдық»  -  деп 

еске  алады  [2].  Біртұтас  коллективтің  құрамындағы  300-ден  астам 

әншілердің  хор  ұжымына  дирижерлік  жасап,  репертуарлық  бағдарлама 

құрастырып,  жетекшілік  етуге  қаншама  еңбек  жұмсалды,  қаншама  тер 

төгілді, бірақ ол еңбек тегін кеткен жоқ, аталмыш хор бұл күнде республика 

жұртшылығымен қатар бүкіл елге танылған. Бұл мектептің хор ұжымы оған 

негізделе  отырып,  құрылған  ән  және  би  ансамбльдері  радио  және 

теледидарлар 

арқылы 


беріліп, 

балалардың 

көркемөнерпаздар 

байқауларында  алдыңғы  орындарға  ие  болған.  1972  жылы  И.Нүсіпбаев 

өзінің  ұжымымен  Қара  теңіздің  бойындағы  халықаралық  «Артек» 

пионерлер  лагерінде  өткен  балалар  шығармашылығының  фестиваліне 

қатысты.  1978-жылдың  күзінде  Алматыда  өткен  Дүниежүзілік  денсаулық 

сақтау ұйымының симпозиумына қатысушы мәртебелі қонақтарға Қазақстан 

өнер шеберлерінің қатарында  «Балдырған» ансамблі де өнер көрсетті. Жер 

шарының  әр  тарапынан  келген  меймандар  жас  өрендердің  өнерпаздығын 

зор  бағалады.  Ансамбльді  қазақ  өнерінің  кішкентай  жаршысы  десе 

болғандай. Жаңа әндер талант иесінің сезімінен, ой парасатынан туады, ол – 

оның жан дүниесінің терең тебіренісі. Ал талант - табиғаттың сыйы. Табиғат 

құбылысын,  өмір  өрнегін  сергек  сезініп,  оны  жан-тәнімен  қабылдап, 

толқымаған, толғанбаған адам шын өнер иесі бола алмайды. 

Ұстаз-композитор  әндерінің  шоқтығын  биікке  көтеріп,  алыс 

көкжиектерге  бастайтын шеберлік  төркіні  біреу  ғана.  Ол  – композитордың 

басқалардан  бұрын  бала  үшін  суға  түсіп,  отқа  күйетіндігі.  «Балаларға  ән 

жазу үшін оларды жақсы білуің, жан-тәніңмен сүйе білуің керек», - дейді ол.  

Сүйе білу аз, сәл нәрсеге ренжісе, мөлт-мөлт етіп қалар көз жасы моншақтай  

балалардың   кіршіксіз  жан  дүниесіне  терең  бойламай,  оларға  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дәрменова Р.

 

Сазгер И. Нүсіпбаевтің шығармашылығы туралы

 

 

 



    

                                                                                                                                           

452 

   


 

 

 



арнап  ән  жазу  мүмкін  емес.  Ұстаз  әндерінің  қай-қайсысы  да  балалармен 

қоян-қолтық араласа, біте қайнасып, бірге жүріп жазылды. Әрбір жаңа әніне 

олардың  шат-шадыман  өмірін  өзек  етті.  Сондықтан  да  сонау  жылдары 

жазған  «Ұландар  маршы»,  «Айтыс»,  «Қазақстанның  қырық  жылдығы», 

«Ана  тілі»  т.б.  тәрізді  әндері  әлі  күнге  дейін  балалардың  жүрегінде 

жатталған. 

И.Нүсіпбаев  мектепте  істеп  жүргенде  музыка  сабағына  ерекше  көңіл 

бөлді. Ол музыка сабағы эстетикалық тәрбие берудің маңызды жолдарының 

бірі екенін атап көрсетті. 

И.Нүсіпбаев  музыканы,  өнерді  түсінудің  бірден-бір  жолы  музыканы 

саналы  түрде  түсіну  деп  білді.  Сөйтіп,  оқушыларға  нота  жазбаларын,  нота 

ұзақтықтары, альтерация таңбалары, интервалдар, динамикалық таңбаларды 

кесте  түрінде  шығарды.  Әнді  нотамен  айту,  оқу  –  бүгінгі  өмір  талабы 

екендігін үйретті. 

И.Нүсіпбаев нота жазбалары кестесінен басқа бірінші, үшінші сынып 

үшін ана тілі хрестоматиясын жасап шығарды. Онда 1-3 сыныпқа арналған 

көптеген  әндер,  оқушылардың  орындауында  хорлар,  әдістемелік  көмек, 

әннің  айтылуы,  дирижерлік  қимылдар,  ән  айту  ережелері,  әннің  нюанстар 

мен  дағдылары  жөнінде  үлкен  мағлұмат  берді.  Бұл  балалардың  есту,  есте 

сақтау қабілетін дамытып қана қоймай, оларды шығармашылыққа баулыды, 

музыкалық қоры көбейеді. Музыканы тыңдай, айта білу, түсіне білу қабілеті 

жетіледі. Сабақта тәрбие мен білім беруді музыка аркылы жүзеге асырады. 

Олар:  хормен  ән  салу,  музыка  тыңдау,  оқушыларға  арналған  аспаптарда 

ойнау  болып  табылады.  Музыкалық  аспаптар  оларды  өзінің  сыртқы 

құрылысымен  қызықтырып,  оған  деген  құштарлығын  туғызады.  Бұл 

құштарлық  музыканы  әр  қырынан  әр  түрлі  іс-әрекет  арқылы  тануға 

мүмкіндік  береді.  Сол  арқылы  олар  эстетикалық  ләззат  алады,  әсемдікті 

үйренеді.  Сонымен,  композитордың  шығармашылығының  негізгі  саласы 

балалар  әндері  болып  табылады.  Зерттеушілер  үшін  балалар  музыкасы  – 

тың  тақырып,  бұл  салаға  сыншылар  қауымының  да  жанашыр  пікірі  керек. 

Балалар  музыкасының  өрісін  кеңейтуге  И.Нүсіпбаев  көп  көңіл  бөлді. 

Өйткені  жас  ұрпаққа  жаңа  музыкалық  шығармалар  жазу  оның  абыройлы 

борышының бірі болды. 

  

И.Нүсіпбаев 



ұстаздық 

өмірінде 

шәкірттерінің 

талаптарына 

жанашырлықпен қарады. Таланттыларға үздіксіз тәрбие берді, қамқорлығын 

аямады. Ол белгілі композиторлар Әсет Бейсеуов, Мансұр Сағатов, Нариман 

Қаражігітов,  еңбегі  сіңген  артист  Торғын  Тасыбековалардың    шәкірті  еді. 

Ол – барлық күш-қайратын, талантын бүтіндей балаларға арнаған бірден бір 

композитор.  Әндері  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  лайық,  жаттауға 

жеңіл,  үйренуге  үйлесімді.    Жүздеп    жазған    әндерінің    қай  қайсысы  да 

баланың сезіміне жақын, ойлы, ойнақы, ең  бастысы,  тәрбиелік  мәні  мол  

дүниелер.  Мысалы:  «Достық», «Біздің  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дәрменова Р.

 

Сазгер И. Нүсіпбаевтің шығармашылығы туралы

 

 

 



    

                                                                                                                                           

453 

   


 

 

 



Ғани»,  «Саяхатшылар  жыры»,  «Жас  дәуірдің  түлегіміз»,  «Жарқын  жүзді 

ұстазым»,  тағы  басқа  да  толып  жатқан  әндері  бұл  сөзімізге  дәлел.  Ұстаз 

композитор  И.  Нүсіпбаев  әндерінен  балаларды  жанындай  жақсы  көретін, 

балалар  психологиясын  нақты  білетін  тәжірибелі  педагогтың,  нағыз 

шығармашылық  адамының  жемісті  еңбегін  көруге  болады.  И.Нүсіпбаев  – 

Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері,  «Еңбектегі  ерлігі  үшін», 

«Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  ерлік  еңбегі  үшін»  медальдарының 

иегері. 


Қорытындылай  келе,  болашақ  ұрпақ  қамы  біздің  бәрімізге  бүгінгі 

күннің ауыр жүгін артады. Расында, балалардың бәрі әуелден-ақ әр нәрсеге 

талпынғыш,  әр  нәрсеге  әуесі  келетіні  баршаға  аян.  Композитор  балаларды 

музыкалық  сауаттылыққа  үйрету  барысында  кез  келген  әнді  газеттен, 

журналдан  алып  үйрете  алатындай  дәрежеге  жету  мақсатында  көптеген 

еңбектер  жасады,  ертеңгі  біздің  болашағымыз  –  балаларды  көзі  ашық 

сауатты,  мәдениетті,  тұлға  тәрбиелеу  үшін  атсалысты.  Ол  музыка 

бағдарламасымен  жұмыс  істеп,  окушыларға  халық  музыкасы,  фольклорға 

құрметпен  қарау,  оны  сүйе  білуіне,  ұлттық  салт  дәстүрлерді  қастерлеуге 

бағыт бере білді. Егер ұлттың нәрі бар дүние бала жүрегінен орын алса, оны 

өмірдің  мәні  деп  қабылдап,  онда  ол  өз  халқының  нағыз  адамгершілігі  мол 

мәдениетті  азаматы  болады  деп  сенім  артты.  Ол  өз  өмірін  шәкірттерді 

жастайынан  өнерге,  әдемілікке,  әсемдікке  тәрбиелеуге,  баланың  бойында 

бар жақсы қасиетті дамытуға арнады. Ендеше, бір мектеп, бір ауылдың ғана 

емес,  бүкіл  елдің  сүйіктісіне  айналған  Ибрагим  Нүсіпбаевтың  ұстаздық 

еңбегі  де  –  сан  ұрпақтың  жүрегіне  берік  ұялаған  бір  істің  жемісі.  Жас 

ұландарды мейірім шуағына бөлеген оның өнегелі шапағаты шәкірттерімен 

бірге болашаққа өркен жаюда.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы //Егемен Қазақстан, 2006. 1-наурыз. 

2.

 



Барлыбаев А. Өмірді әнмен өрнектер. Алматы, «Мектеп», 1987. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

ҚҰҚЫҚТАНУ 

 

 



    

                                                                                                                                           

454 

   


 

 

 



 

Б. ОМАР 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 



 

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ  ЖЕРДІ, ЖЕР  ҚОЙНАУЫН  ПАЙДАЛАНУ  МЕН  

ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 

 ОРГАНДАРЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІ 

 

 

В  данной  статье  рассматривается  функция  государственных  органов  управления  в  сфере 

использования и охраны земли, недр в республике. 

 

 

The  author  of  the  article  analyzes  the  function  of  management  of  a  state  body  in  the  sphere  of 

employment and protection of bowels of the earth in Kazakhstan. 

 

      


Бүгінгі  таңда  нарықтық  қатынастардың  дамуы, жерді  пайдаланудың  

артуы,  экологиялық  жағдайдың  шиеленісуі, жерді  пайдалану  мен  қорғау 

саласындағы  әр  түрлі  басқару  органдарының  қызметтерін  реформалауды  

талап    етуде.  Күннен-күнге    жер    дауларының    көптеп    кездесуіне  

байланысты  жоғарыда  аталған  органдардың  құзіреттері  де  арта  түсуде.     

      Президентіміздің    2005    жылғы    халыққа  жолдауында,    біршама  

мәселелер    қаралған    болатын.  Сол    мәселелердің    маңыздыларының    бірі, 

жерді    пайдалану    мен    қорғау  саласындағы    мемлекеттік    басқару  

органдарын  реформалау  болып  табылады. 

      Бұл    саладағы    мемлекеттік    басқару    органдарының    құзіреті,    тәртібі  

мен    жағдайы,    нысандары    мен    тәсілдері    және    жергілікті    жерлердегі  

мемлекеттік  басқару  органдарының  жерді  және  жер  қорын  пайдалану 

мен    қорғау    саласындағы    құзіреті  Қазақстан    Республикасының  

Конституциясымен реттеледі [1. 47-51].   

      Сонымен    қатар,  Қазақстан    Республикасының    «Жер    кодексімен», 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Жер  туралы»  (11.108)  Заң  күші  

бар Жарлығымен реттеліп, жүзеге  асырылады.  

      Жерді    пайдалану  мен    қорғауды    мемлекеттік    басқарудың    негізгі  

міндеттеріне  мыналарды  жатқызамыз: 

-

 



Жер  заңдарының  орындалуы; 

-

 



Қазақстан  Республикасындағы    егін  шаруашылығымен    және  

басқада    қызметпен    айналысатын    заңды  тұлғалар  мен    жеке  

азаматтардың    жерді    талапқа  сай  дұрыс  пайдаланып,    оны  қорғау 

шараларының  толық  орындалуын қадағалау

-

 

Жер қойнауының жай-күйін  қадағалау



-

 

Жер  қойнауын  пайдаланудың    жай-күйін,  оларға    ықпал  ететін  



келеңсіз    факторларды,    сондай-ақ    жер    қойнауының      өзгеруімен  

байланысты  ықпал  ететін  төтенше  жағдайларды  болдырмау; 

-

 

Жер    қойнауына  зиянды    ықпал    етуді    болдырмау,  сондай-ақ    жер  



қойнауын    экологиялық    сауықтыру    және    оларды    ұтымды  пайдалану  

жөніндегі    іс-шаралардың  тиімділігін    бақылау    болып    табылады.  Осы 

жоғарыда   көрсетілген    міндеттерді   жүзеге    асыру    кезінде  мемлекеттік 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омар Б.

 

Республикадағы жерді, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы... 

 

 


    

                                                                                                                                           

455 

   


 

 

 



 

органдардың  қоғамда алатын  орны  ерекше.  

      Жерді    пайдалану    мен    қорғауда    мемлекеттік    басқару  жер  қорын  

мемлекет    тарапынан    басқару    органдарының  әкімшілік    қызметі    болып  

табылады.  

      Жер  қорларын    қорғауды    мемлекеттік    басқару    жалпы    және    арнайы  

құзіреті  бар  мемлекеттік  органдар   жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылады.  

      Жалпы    құзіреті    бар    органдар    қатарына  Үкімет    және      жергілікті  

жерлердегі    өкілді    және    атқарушы    органдарды  жатқызамыз.  Жергілікті  

жерлердегі    өкілді  органдарға    -  мәслихаттар,  ал    атқарушы    органдарға  - 

әкімдіктер  жатады.  

      Бүгінгі    таңда    Қазақстан    Республикасындағы    жерді  басқаруды  және  

қорғауды   мемлекет  тарапынан  басқаратын  арнайы  органдар  қатарына 

Қазақстан    Республикасының  Табиғи    ресурстар    және    қоршаған    ортаны  

қорғау  министрлігінің  Геология және  жер  қойнауын  қорғау  комитетінің  

мемлекеттік  бақылау  органдары  жатады.   

       Жер    және    оның    қойнауын  басқарушы  органдардың    қызметі  –  жер  

заңының    орындалуын    қамтамасыз    ету    болғандықтан,  ол    жер  

қатынастарында  құқықтық  нормалар  мен  заңдардың   орындалуына  кепіл  

бола    алады.  Бұл    органдар    жер    заңдарының    бұзылу    себептері    мен  

салдарын    анықтап,    түзеуге    мүмкіншілік    береді,    және    сонымен    қатар  

қажет  болған  жағдайда  жер  заңдарын  бұзғаны  үшін  жауапқа  да тарта  

алады.  

      Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Жер  туралы»  Заң  күші  бар  

Жарлығының    108-бабының    2-тамағына  сәйкес  «жер    заңдарының  

бұзылмауын    қадағалау,  жерді  пайдалану    мен    қорғауды  –  жергілікті  

атқарушы  органдарға,  жер  және  оның  қорларын  басқаратын,  табиғатты  

қорғайтын    және    т.б.    атқарушы    органдарға    жүктелген»  деп  атап  

көрсетілген [2.10-12]. 

         Бұл    саладағы    жергілікті  атқарушы    органдарының    өкілеттігі 

«Қазақстан    Республикасының    жергілікті    өкілді    және    атқарушы  

органдары    туралы»    Заңының    42,  44    баптарында    қарастырылған.  

Жергілікті    атқарушы    органдар    өз    аймақтарында    жерлердің  

пайдаланылуы    мен  қорғалуында    мемлекеттік    басқаруға    құқылы.  Жер  

заңдары  егер  өрескел  бұзылған  жағдайда  меншік  түріне  қарамастан, заң  

бұзушылардың    шаруашылық    қызметтерін    тоқтатып,    олардың    іс-

әрекеттеріне  лайықты  шаралар  қолдана  алады [3.28-29]. 

        Арнайы  өкілеттігі  бар  мемлекеттік  органдар  жерді  пайдалану  мен  

қорғалуын   мемлекеттік   басқарудың   тәртібі   мен    ережелері    Қазақстан  

Республикасы    Президентінің  «Жер    және    оның    қорларын    пайдалану  

туралы»    Заң    күші    бар    Жарлығымен    1996    жылы    27  қаңтардағы, 

Қазақстан Республикасы  Үкіметі бекіткен «Жерді  пайдалану мен  қорғауда  

мемлекеттік    басқаруды    жүзеге    асырудың    тәртібі    туралы»  Ережеде  

қарастырылған. 



      

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омар Б.

 

Республикадағы жерді, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы... 

 

 


    

                                                                                                                                           

456 

   


 

 

 



 

Арнайы  өкілеттігі    бар    органдар    жерді    пайдалану    мен    қорғауда  

мемлекеттік    басқаруды    өз    құзіреттеріне    қарай    жүзеге  асырады.  Ол  

құзіреттерге  мыналар  жатады: 

-

 

жер  сапасының  өзгеруін  тексеруді  ұйымдастырады; 



-

 

жердің  дұрыс  пайдаланылуын және  жер  заңдарының  бұзылмауын  



қадағалайды; 

-

 



жерді    пайдалануға    және    қорғауға  қатысты    мәселелер    бойынша  

құқықтық  актілер  жасауға  қатысады

-

 

ластанған   және  құнарлығын  жоғалтқан  жерлерді  тыңайту  туралы  



ұсыныстар  жасайды; 

-

 



қала    ғимараттарын    тұрғызу    және    жерді    реттеуге    қатысты  

құжаттарды  реттейді; 

-

 

жердің  сапасын  арттыру  мақсатында  мелиоративтендірілген  және  



рекультивацияланған  жерлерді  және  жерді  қорғау  мақсатында  салынған  

басқа  да  объектілерді  қабылдау  комиссиясының  жұмысына  қатысады [4. 

8-9]ү 

 Сонымен    қатар,  жерді    пайдалану    мен    қорғауды    мемлекет  



тарапынан  бақылауда  айтылған жалпы  қызметтер  мен қоса, жеке  ұйымға  

жүктелген    нақтылы    қызмет    түрлері    де    болады.  Бұл    қызметпен  

айналысатын    органдар    қатарына    мысалы    мыналарды    жатқызуымызға  

болады.      Қазақстан    Республикасы    Ауыл   шаруашылығы   министрлігінің  

Жер    ресурстарын    басқару    жөніндегі    комитетті  мен    оның    жергілікті  

органдары. Осы  органдардың  атқаратын  қызметтеріне  қысқаша  тоқтала  

кететін  болсақ, оларға мыналар  жатады: 

-

 



заңды  түрде  тіркелген  заңды  тұлғалар  мен  жеке  азаматтардың жер  

қатынастарына    мәселелеріне  байланысты    берген    арыздар    мен  

өтініштердің  қаралу  мерзімінің сақталуын  қадағалайды;  

-

 



белгіленген  жергілікті  атқарушы  органдардың  уақытша  пайдалануға  

берілген  жер  учаскелерінің  дер  кезінде  қайтарылуын  қадағалайды; 

-

 

жер  қатынастары  мен  жерді  реттеу  жөніндегі  жер  иелерінің  және  



жерді  пайдаланушылардың  жер  заңдарының  бұзылмауына  қадағалау  

жүргізу  сияқты  қызметтерін  айтуымызға  болады.  

      Қазақстан 

 

Республикасының 



 

Мемлекеттік 

 

санитарлық-



эпидемиялогиялық органдарының   қызметіне [5. 19-21]: 

-

 



жер  учаскелерін  пайдаланушылардың  санитарлық  заңды  бұзбауын;  

-

 



қорғалатын    санитарлық    қорғандық    және    сауықтыру    және  

рекреациялық  зоналарды  белгілеу

-

 

өндірістік    радиактивті    улы    материалдар    мен    қалдықтарды  



пайдаланатын,  қайта    өңдейтін    және    көметін    кәсіпорындар    мен  

объектілерді  жобалау  және  пайдалану; 

-

 

инфекциялық    және    паразитарлық    ауру    қоздырғыштардың  жерді  



ластамауын  қадағалау; 

 



1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал