Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет54/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Б. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру амалдары 

 

 



    

                                                                                                                                           

386 

   


 

 

 



маңызы  бар:  көп  рет  қайталаған,  бірақ  көп  қайталау  шексіз  емес,  ол 

ақылға сиятындай дәрежеде шектелуі тиіс [1]. 

Қазақ  күресі  тәсілдерінің  жалпы  негізі  палуанның  әдіс-тәсілдік, 

жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. 

Мұның  

өзінде  жарыстардағы  нақты  жағдайларда  қарсыласының  ерекшеліктері 



де  есепке  алынады.  Күрес  тәсілі  әдіспен  қоса  алғанда  палуанның 

спорттық  шеберлігінің  негізі  болып  табылады.  Спортшылар  мен 

жаттықтырушылардың  шығармашылығы  арқасында  күрес  тәсілдері 

ұдайы жетіліп, арта түседі. Әдіс-тәсілерді ұдайы жетілдіріп, байыта түсу 

әдіс-тәсілдік  шеберлікті  арттырудың  міндетті  шарты.  Егер  палуан 

күрескен  жағдайда  ең  болмағанда  бір  жаңа  әдіс  қолдана  алатын  болса, 

онда  соған  сай  оның  әдіс-тәсілдік  әрекетінің  шеңбері  де  кеңи  түседі. 

Палуандардың  әдіс-тәсілдік  дайындығының  жан-жақты  болу  керектігі 

жөнінде  айтқанда,  біз  олардың  әр  түрлі  топтағы  амалдарды  мінсіз 

орындай  алулары,  шабуылға  шыққанда  жиі  қолданылатын  амалдарға 

қарсы  амал  қолданулары,  сондай-ақ    барлық  амалдардан  қорғана 

алулары қажеттігін есте ұстаймыз. 

Егер  спортшы  қандай  болмасын  бір  амалдан  қорғана  алмайтын 

болса,  оның  әлсіз  жерін  біліп  қалған  қарсыласынан  сөзсіз  жеңіліп 

қалатындығын күні бұрын-ақ айтуға болады. Жоғарыда айтып кеткендей 

палуанның  әдіс-тәсілдік  мүмкіндіктері  көбінесе  оның  дене  қабілетіне 

байланысты [2].  

Жаттығу  кезінде  палуандардың  ет  қызметін  бақылауға  алып  қана 

қоймай, олардың қан айналым және қан жүйесіне де мән берген дұрыс. 

Тыныштық  күйде  жүрек  соғу  жиілігі  палуандарда  минутына  60-65  рет. 

Жүрек  көлемі  жоғары  дәрежелі  палуандарда  Ю.А.Борисова  және 

Г.С.Туманян  зерттеулерінің  нәтижелері  бойынша  орта  есеппен  953  см

3

-

ты  құрайды.  В.Л.Карпманның  мәліметтері  бойынша  палуандарда  бұл 



көрсеткіш  953см

3

-қа  тең  (жеке  спортшыларда  719-1248  см



3

)  [3]. 


Палуандарда  жүрек  көлемі  дене  салмағына  және  бой  ұзындығына  

байланысты. Жүрек соғу жиілігі палуандарда белдесу кезінде жұмыстың 

қуатына  байланысты  минутына  170-200  ретке  жетеді.  Палуандарда 

жаттығу  сабақтарында  жүрек  соғу  жиілігін  телеметриялық  тіркеу 

қарсыласын  лақтыру  кезінде  жүрек  ырғағы  минутына  180-190  ретке 

дейін өсетінін көрсетеді. 

Палуанның  тәсілдік  жағынан  даярлануы  әдістік  әрекеттерді, 

айқастарды  жүргізудегі,  сондай-ақ  жарыстарға    қатысқандағы 

білімдарлығына,  шеберлігіне  және  дағды  алуына  саяды.  Спортшы 

күресудің  әдіс-тәсілдерін  спорттық  жаттығу  ұстанымына    сай   ұдайы  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Б. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру амалдары 

 

 



    

                                                                                                                                           

387 

   


 

 

 



зерттеп,  жүйелі  және  дәйекті  түрде  жетілдіріп  отыруы  тиіс.  Әдіс-

тәсілдерді 

игеріп, 

жетілдіру 

жолында 

жұмыс 


істегенде 

жаттығушылардың  сол  материалдық  мәніне  қаншалықты  терең 

бойлағандығының маңызы үлкен. Сондықтан-да әдіс-тәсілге үйреткенде 

жаттығушылардың  шығармашылық  белсенділігі  мен  инициативасын 

ұдайы  арттыру,  өзінің  әрекеттерін  сын  көзбен  және

  бүге-шігесіне  дейін 

талдау, әдіс-тәсілдік тәжірибесін тұжырымдау қабілетін дамыту қажет. 

Егер 


палуан тапсырманы ойланбай орындай салатын болса, белсенділік және 

инициатива  көрсетпесе,  бұрын  жинақтаған  тәжірибесін  пайдаланбаса, 

ондай спортшыдан ештеңе шықпайтындығында сөз жоқ. Мұндай палуан 

тапқырлық  көрсете  алмайды,  күрделі  әдіс-тәсілдік  міндеттерді  өз 

бетінше шешуге оның қабілеті жетпейді.  

Өзі  жоспарлаған  әрекеттерінен  қандай  болса  да  ауытқыса  (ал 

мұның  өзі  жарыста  жиі  болады),    спортшы    саса    бастайды,    қиын  

жағдайдан    амал    тауып  шыға  алмайды,  сөйтіп  жеңіліп  қалу  қаупіне 

ұшырайды. 

Инициативасы  мол,  шығармашылық  оймен  қимылдайтын  палуан 

тез арада әдіс-тәсілдік тәжірибе жинақтап, оны ұдайы байыта береді. 

Егер  жаттықтырушы  палуанды  оның  өресі  жетеді  деген  барлық 

жағдайда  да  өз  бетінше  шешім  қабылдай  алатындай  етіп  үйретсе,  егер 

оны айқаста және жарыстарда кездесетін қиын жағдайлардан өз бетінше 

жол  тауып  шығуға  баулыса,  ондай  спортшының  шығармашылық 

белсенділігі  артып,  шеберлігі  шыңдала  түседі.  Осы  мақсатпен 

спортшының өз бетінше жұмыс істеу формасын (әдебиеттерді оқу, үйде 

әртүрлі тапсырмаларды орындау) кеңінен қолданған жөн. 

Сонымен  қатар  жаттығушы,  жарыстарға  қатысқандығы  жайлы 

күнделігіне жазып жүруге үйретіп, дағдыландыру керек.  

Егер  сабақ  кезінде  оқулық,  қойылымдар  (фильмдер),  сондай-ақ 

жеке  жарыстар  хроникасы,  кинограмма,  т.с.с.  пайдаланылатын  болса, 

әдіс-тәсілдерді игеру және жетілдіре түсу едәуір оңай болады. Сондай-ақ 

жарыстарға көрермен ретінде қатысу, аса күшті шеберлердің жаттығуын 

көру  де  едәуір  пайда  береді.  Осының  барлығы  палуанға  әртүрлі  әдістік 

және  тәсілдік  әрекеттерді  тереңірек  талдауға,  сөйтіп  оны  бүге-шігесіне 

дейін  білуге,  ол  жөніндегі  өзінің  түсінігін  кеңейте  түсуге  мүмкіндік 

береді.  

Тактикалық  даярлықтың  әртүрлі  әдістері  мен  құралдарын 

жаттығып  жүргендердің  жеке  басының  ерекшеліктерін  ескере  отырып 

пайдаланғанда  ғана  палуандардың  қажетті  қабілеттерін  дамытуда 

жеңістікке жетуге болады [2]. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Б. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру амалдары 

 

 



    

                                                                                                                                           

388 

   


 

 

 



Қорыта  айтқанда,  жаттықтырушының  палуанға  қоятын  талабы 

оның  мүмкіндіктерімен  ұштастырылуы  тиіс.  Бірдей  тапсырманы  бір 

спортшының  орындауға  күші  жетуі,  ал  екінші  спортшы  оны  орындай 

алмауы  мүмкін.  Қандай  тапсырма  болса  да  жеткілікті  дәрежеде  қиын 

болуы керек, бірақ оны спортшы орындай алатындай болуы тиіс. 

Сондай-ақ  әрекеттерді  жеңіл  жағдайда  орындап  жүріп,  асығыстық 

жасап, бірден ауыр жағдайға көшіп кетсе (әсіресе, палуан әлі жеткілікті 

үйренбеген  болса,  әрі  жарысқа  түсіп  дағдыланбаса),  спортшының 

материалды  игеруіне  елеулі  нұқсан  келеді.  Сондықтан  сабақтарда  әдіс-

тәсілдік  міндеттердің  оңайынан  бастап  бірте-бірте  қиындата  беру 

ережесін  сақтауға  және  әр  палуанның  жеке  басының  ерекшеліктерін 

ескеруге  көңіл  бөлу  қажет  және  жаттығушы  жарыстарға  қатысқандығы 

жайлы күнделігіне жазып жүруге үйретіп, дағдыландыру керек.  

Күресудің 

әдіс-тәсілдерін 

игеріп 


және 

жетілдіру 

үшін 

қолданылатын  жаттығуларды  өткізу  үшін  жаттығушы  қарсыласты 



мұқият таңдап алу керек. Оның тәсілдік жан-жақты дайындықтың және 

әдістік мүмкіндіктері палуан алдына қойылған тапсырмаларының жақсы 

орындалуына  ықпалын  тигізетіндей  болуын  қадағалау  қажет.  Бұл 

шарттарды, әсіресе, жарысқа дайындалған кезде сақтаудың маңызы зор.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан. 2006. 

2.

 

Болғанбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Алматы. 1985. 



3.

 

Ильясова Г. Спорт түрлерінің физиологиясы (оқу құралы) Түркістан. «Тұран» 2004. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Г.ДҮЙСЕНБАЕВА  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 


    

                                                                                                                                           

389 

   


 

 

 



 

С.ҚОЖАНОВ – АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ 

 

В  статье  рассматривается  вклад  С.Кожанова  в  воспитании  казахского  народа  в 

национальном духе. 

 

The  article  is  about  S.Kozhanov’s  contribution  to  education  of  Kazakh  people  in  the 

national spirit. 

 

Тәуелсіз  елімізде  оқушы-жастарды  бүгінгі  күн  талабына  сай  ұлттық 



тәлім-тәрбие  беруде  халқымыздың  бай  мәдени  мұраларын,  педагогикалық 

ой-пікірлерін,  жинақталған  ұлттық  құндылықтарды  зерттеп,  жүйелеп,  оқу 

орындарының  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдаланудың  маңызы  зор.  Осы 

бағытта  жасөспірімдерді  тәрбиелеу,  ұлт  тұрмыс-тіршілігін  өркендетуші 

сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру 

– қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы 

зиялы  қайраткерлердің  педагогикалық  ақыл-ойын,  тәрбиелік  тәжірибесін 

зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. 

Жалпы  жан-жақты  дамыған  жеке  адамды  қалыптастыру  әрқашанда 

болашақ  қоғам  құрылысының  аса  маңызды  буыны  ретінде  қарастырылып 

келді. Адамзат дамуының санғасырлық тарихында адам баласы жинақтаған 

бүкіл тәжірибе тәрбие үрдісінің мазмұнына еніп отырады.  

Өткеннің  тәжірибесін  бойға  дарыту,  озық  өнегелі  рухани  мұраны 

жалғастыру  арқылы  ұрпақтар  сабақтастығының  тарихи  үдерісі  жүріп 

отырады.  Мұндай  үдеріссіз  қоғамның  өркениетті  елдер  деңгейіне  жетуі 

мүмкін емес.  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ұлттық  кеңестің  мәжілісінде  жасаған 

баяндамасында  (2003  ж.)  «Мәдени  мұраларымызды  жүйелеп,  оларды 

қалпына  келтіру,  сақтау,  одан  әрі  дамыту  ісіне  кең  көлемде  білек  түре 

кірісетін  кез  келді.  Ұлттық  мәдениетімізді  ұлықтап,  бар  мен  жоғымызды 

түгендеп,  жүйелеп,  келер  ұрпаққа  аманат  ету  –  «Мәдени  мұра» 

бағдарламасының  басты  мақсаты  болуға  тиіс»  [1.1],-  деп,  болашақ  жас 

ұрпақты  тәрбиелеуде  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  жинақталған  аса  бай 

мәдени мұрасы мүмкіндігінің жоғары екендігіне айрықша назар аударған.  

ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты 

өркениеттің  өріне  сүйреген  көсемдердің  көзге  шалынар  басты  қасиеті  - 

ұлттық тәрбие берудің қажеттілігін дәлелдеуге талпынған. Саяси күрескер, 

жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының 

білгірі  болуы  -  халқымыздың  маңдайына  біткен  осы  үркердей  шоқ 

жұлдыздардың несібесі. 

Өз  ұлтының  теңдігі,  тәуелсіздігі  мен  болашағы  үшін  күрескен 

зиялыларымыздың көрнекті өкілі, қазақ халқының ортасынан шыққан аса ірі 

қоғам  және  саяси  қайраткерлердің  бірі  және  бірегейі  Сұлтанбек  Қожанов 

еді. 


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дүйсенбаева Г. С.Қожанов – ағарту саласының майталманы

 

 

 



    

                                                                                                                                           

390 

   


 

 

 



С.Қожанов қазақ халқының мақтаныш етуіне лайық, өзінің бүкіл өмірі 

мен  шығармашылық  дарынын  туған  еліне  арнаған  ХХ  ғасырдың  алғашқы 

жартысындағы биік тұлғалардың  бірі болғанын айта отырып, халқымыздың 

тарихын білгісі келетін ұрпаққа оны кеңінен таныстырудың қажеттігін баса 

көрсеткіміз келеді. 

С.Қожановтың ерекше күш жұмсаған және үлкен үлес қосқан арнасы - 

ағартушылық  саласы.  Ферғанада  біраз  жұмыс  істеп,  өз  ауылына,  туған 

жеріне  қайтып  оралады  да  ауыл  мектебінде  сабақ  беріп  жүреді.  Негізгі 

мамандығы  мұғалім  болған  саяси  қайраткер  өзінің  алғашқы  қызметін, 

осылайша,  ауыл  мұғалімі  қызметінен  бастап,  Ташкенттегі  педагогикалық 

курстарда сабақ береді, осында қазақ оқу-ағарту ісінің негізін қаласады. 

«1919  жылдың  30  мамырында  болып  өткен  Өлкелік  Қырғыз 

Педагогикалық  курстарының  Педагогикалық  коллегиясының  мүшелерінің 

мәжілісінде  «Өлкелік  Қырғыз  Педагогикалық  курстарында  сабақтың  әрі 

қарай  жүргізілуі  туралы  мәселені  қарап,  онда  көпшілік  дауыспен  курсты 

жаптырмай, сабақ жүргізе беруді шешімге алады» [2.3]. 

С.Қожановтың алғаш саяси қызметтің ағартушылық саласында үлкен 

үлес қосуына себепкер болған жағдай - оның осы Педагогикалық курстарда 

сабақ беруі.  

Жоғарыда айтқанымыздай, С.Қожанов Ағарту Комиссары болып 1922 

жылдың  6  желтоқсанында  ТУРЦИК-тің  І  Пленумының  XI  Сессиясында 

сайланды [3.1]. Ал оның көмекшісі болып, кейіннен Киров атындағы Қазақ 

мемлекеттік университетінің ректоры болған кісі Ф.Оликов сайланды. 

Ағарту  Халық  Комиссариатында  қызметте  жүргенде  С.Қожановқа 

берілген  мінездеме: 

«

Қожанов  жолдас  аталған  қызметте  1921  жылдың 



қазанынан  бері  қарай  атқарып  келе  жатыр.  Жұмыс  барысында  өзін  нағыз 

басшы ретінде көрсете білді. Өте қайратгы және бастамашыл, өзіне керекті 

саладағы  жұмысты  мемлекеттік  міндеттермен  ұштастырып  отырып, 

қызметкерлер мен жетекшілерді танып-таңдауда ерекше қабілетке ие, алға 

қойған  мақсатын  жүзеге  асыра  алды.  Оқу-ағарту  халкомы  ретінде 

Түркістандағы жағдайға байланысты оны алмастыра алатын адам жоқ»- деп 

жазылған [4.2].  

С.Қожанов қызметке кіріскен уақыттан-ақ Ағарту Комиссары ретінде 

өзінің  алдына  ең  алдымен  Ағарту  Халық  Комиссариатының  жұмыс 

жобасын дайындап алған. Онда: «Республикадағы Халық Ағарту ісін толық 

жетілдіру  үшін  Облыстық  Халық  Ағарту  инструкторларының  істерін 

қадағалау  қажет.  Халық  Ағарту  Комиссариатының  міндеттері:  мектеп, 

мектепке  дейінгі  және  мектептен  тыс  білім  беру  мен  тәрбиені  қадағалау; 

ғылыми білім беру және ағартушы мекемелерді ұйымдастыру; Мемлекеттік 

ғылыми баспа қызметін ұйымдастырып,  қолға алу; Жоғары білім беру ісін 

қолға  алып,  ұйымдастыру;  қоғамдық  ғылыми  жұмыс  орындарын 

ұйымдастырып,  басқару.  Халық  Ағарту  Комиссариатының  жұмысын 

Конституция   бойынша   Ағарту   Халық   Комиссары     жүргізеді;    Халық  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дүйсенбаева Г. С.Қожанов – ағарту саласының майталманы

 

 

 



    

                                                                                                                                           

391 

   


 

 

 



Комиссариатының  жанында  Конституцияның  жалпы  негіздеріне 

сүйенетін  Коллегия  жұмыс  істейді;  Халық  Ағарту  Комиссариатының 

Орталық  жүйесі  Мемлекеттік  Ғылым  Кеңесі  және  оның  төрт  бөлігі:  1)  15 

жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік тәрбие беру мен политехникалық білім 

беру бөлімі; 2) 15 жастан бастап кәсіптік-техникалық білім беру мектептері 

мен  жоғары  оқу  орында  білім  беру  бөлімі;  3)  Жергілікті  халықтың 

ересектер  арасындағы  мектептен  тыс  барлық  білім  берудегі  саяси-

ағартушылық  бөлімі  (Туркполитпросвет);  4)  Мемлекеттік  баспа;  Орталық 

Ұйым  әкімшілік  жабдықтау  мен  қаражат  мәселесін  Қаражаттау  бөлімімен 

бөлісіп  жұмыс  істейді;  Мемлекеттік  Ғылыми  Кеңес  Халық  Ағарту 

Комиссариатының 

күнделікті 

қызметін 

басқа 


мекемелермен 

(Ескерткіштерді 

қорғау 

комиссиясы, 



Мемлекеттік 

кітапхана, 

Метереологиялық  Институт  пен  Астрономиялық  Обсерватория)  бөлісіп 

отырады;  Мемлекеттік  Ғылыми  Кеңестің  құрамында  кіші  ұлттарға  білім 

беру Кеңесі болады [5.2]. Міне осындай міндеттерді алдына қойған Ағарту 

Комиссары  Орталықтан  Мәскеуден  анықтайтын  мәселелердің  де  тізімін 

дайындапты.  Бұл  тізім  бойынша  С.Қожанов  елуге  жуық  мәселені 

даярлапты,  ең  шешуі  қажеттірек  мәселелерді  бөлектеп  көрсеткен,  онда: 

жетім  балалар  интернаттарын  жабдықтау  және  олардың  оқулық 

қаражаттарын  жетілдіру  мәселесі;  соқыр-мылқау  балаларды  оқытатын 

мектебінде  білім  беретін  маман  сұрастыру;  Орталықтан  шығатын  жаңа 

оқулықтарды  сұрау;  Түркістандағы  жоғары  оқу  орындарының  мәселесін 

қарастыру;  студенттер  стипендиясын  сұрастыру;  тағы  басқа  қаражат 

мәселелерін қарастыру [6.1]. 

С.Қожанов  болашаққа  үлкен  сеніммен  қарады.  Жас  ұрпаққа  тәлім-

тәрбие  беруді,  замана  көшінен  қалмауды  түсіндіруді  өзінің  азаматтық 

борышы  деп  санады.  Сондықтан  болар,  мектептердің  жауапкершілігінің 

артқанын,  яғни  оқушылардың  санының  өсуіне  байланысты,  әр  білім  беру 

орталығының  өзінің  қажеттілігін  орындауындағы  жауапкершілігін 

білдіретін  белгіні,  яғни  әр  мектептің  белгісін  білдіретін  штамппен  барлық 

территориялық  белгіні  сақтап,  мемлекеттік  гербінің  суреті  бар  мөр 

шығарып,  мектептерге  жеке  түрде  тарату  туралы  шешім  қабылдаған.  Ал, 

бұрынғы  мектептердің  атауларын  өзгертіп,  белгілі  тәртіппен  нөмірлеу 

қажеттілігі  мектеп  штампілерінің  жұмысын  жеңілдететінін  атап  өткен. 

Осылайша,  С.Қожанов  штамп  пен  гербтің  нұсқасын  өз  қолымен  сызып, 

оның  шығаруына  кететін  ақыны  жергілікті  әкімшілік  есебінен  алынсын 

деген хатқа қол қойыпты [7.3]. 

Түркістан  Кеңестерінің  IX  съезінде  сөйлеген  сөзінде  С.Қожанов 

облыстарда  барлық  сатыдағы  мектептер  жөне  кәсіптік-техникалых  оқу 

орындары  жүйесін  жасау,  халық  ағарту  ісіне  Түркістан  бюджетінен 

бөлінетін  қаржының   мөлшерін   14 пайыздан   20 пайызға   дейін      көтеру 

қажеттігін тұжырымдап берді [8.1]. Түркістан халқына жаны ашыған азамат  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дүйсенбаева Г. С.Қожанов – ағарту саласының майталманы

 

 

 



    

                                                                                                                                           

392 

   


 

 

 



С.Қожанов  қысқа  мерзім  ішінде  өз  елінің ұл-қыздары  сауат    ашып,     білім   

алғанын      арман      етті.      «Оқушыларды      еске      алу  керек»  [9.2]  деген 

мақаласында осы мәселеге айрықша көңіл бөлген. 

Еліміздің  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  алғаш  мәселелердің  бірі 

халқымыздың  ана  тілін  көтеру,  яғни  мемлекеттік  тіл  болып  келген  орыс 

тілін  ысырып,  қазақ  тілі  мәселесін  көтеру  болса,  зиялы  қайраткерлеріміз 

Кеңес өкіметі орнаған тұста өз ана тілімізді жоғалтпаудың әрекетін жасаған.  

Орта Азия халықтарына оқу-білім таратудың табиғи жолы ана тілінде 

оқытатын  мектептерді  көбейту,  барлық  пәндерден  мұғалімдер  даярлау, 

оқулықтар  шығару  екенін  Қожанов  кең  көсіліп,  кемел  толғайды,  кеңес 

үкіметінің  бұл  тарапта  жүзеге  асырған  игі  істерін  құжаттарға  сүйене 

отырып 


баяндайды. 

Кеңестік 

билік 

орнағанға 



дейін 

шығыс 


республикалардағы  халықтың  10  пайызы  ғана  сауатты  болғанын  айтып, 

мектептерді  нағыз  білім  ошағына  айналдыру,  бұл  іске  ұдайы  қамқорлық 

көрсету ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталды. 

1923  жылдың  қаңтар  айында  Түркістан  Коммунистік  партиясының 

Орталық  Комитеті  атқару  бюросының  мәжілісінде  С.Қожанов  баяндама 

жасап,  осы  мәжілісте  мынадай  қаулы  қабылдаған  екен:  «Орыс  тілі  оқыту 

тілі  ретінде  орта  және  жоғары  оқу  орындарында  әрі  ана  тілінде  оқьпуға 

мүмкіндігі  жоқ  болған  жағдайда  ғана  қолданылсын»,  «алғашқы  үш  жылда 

оқыту  тек  қана  ана  тілінде  жүргізілсін»  «Шолпан»  журналының  1923 

жылғы нөмірі 4-5 сандарында жарияланған «Қырғыз-қазақ арасында халық 

ағарту жұмысы» атты мақаласында жоғарыда айтылған баяндама жайлы өз 

ойын жазады. Осының бәрі ағарту саласында, ең алдымен, қазақ бастауыш 

ұлт  мектебін  жасау  керектігін,  мәдениеттің  түп  қазығы,  жұртшылықтың 

тірегі, бостандықтың шын құралы білім мектебі екенін көрсетеді [10.5].         

С.Қожановтың  әріден  ойлап,  болашақты  болжап,  келешекті  көре 

алатын  қайраткер  екенін осыдан білуге болады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Назарбаев Н.Ә. Ұлттық кеңестің мәжілісіндегі баяндамасы //Егемен Қазақстан. – 2003. – 

4 ақпан.  

2.

 

ӨРОМА, Р-34 қ., 1-т., 97-іс, 205-п. 



3.

 

ӨРОМА, 86-қ.Д-т.,1525-іс,1-п. 



4.

 

ӨРОМА, Р-17-қ., 1-т., 406-іс, 10-11-пп. 



5.

 

ӨРОМА, 34-қ., 1-т., 1608-іс, 107 п. 



6.

 

ӨРОМА, 34-қ., 1-т., 1608-іс, 219 п. 



7.

 

ӨРОМА, 34-қ., 1-т., 1600-іс, 61-п. 



8.

 

ОРОМА, 34-қ., 1-т., 1608-іс, 10-п. 



9.

 

Қожанов С.  Оқушыларды   еске   алу керек // Ақ жол,

 1924 жыл, 21 шілде. 



10.

 

Қожанов С. Қырғыз-қазақ арасында халық ағарту жұмысы //«Шолпан» журналы, 1923, 

№4-5. 5 б. 

 

 



 



жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет