Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет53/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66

 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

А.Ж. ТОЙЛБАЕВА  

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы 



 

    

                                                                                                                                           

379 

   


 

 

 



ВОКАЛ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

 



В  этой  статье  раскрывается  роль  кружка  вокала  факультета  общественных  профессий  в 

формировании творческих способностей студентов.  

 

 

This  article reveals  the role of a  vocal  circle  of  the faculty of  social professions in  the  formation of 

creative abilities of students. 

 

 

Бүгінгі  заман  шығармашыл  жастарға  мұқтаж.  Қай  істі  болмасын 



тыңғылықты, 

жедел 


әрі 

ұқыпты, 


жоғары 

деңгейде 

орындайтын 

шығармашылыққа  бейім  адамдар  тобы  қай  салада  болмасын  қажет-ақ. 

Жастарды шығармашылыққа тәрбиелеу мәселесі біраздан бері зерттеліп келе 

жатқан  мәселе.  Жалпы  шығармашылық  ұғымы  үш  тұрғыда  қарастырылады: 

философиялық, 

психологиялық, 

педагогикалық. 

Философияда 

шығармашылықтың  адамзаттық  мәдениеттегі  орны  мен  оның  даму  тарихын 

сипаттайды.  Шығармашылық  мәселесіне  назар  аудару  Платоннан  бастау 

алады.  Философтар  Августин.,  И.  Кант,  Ф.В.  Шеллинг,  А.Бергсон,  Л.Клагес, 

В.Дильтей, 

Г.Зиммель, 

Х.Ортега-и-Гасет, 

XX 

ғасырда 


А.Бердяев, 

С.Александер,  А.Уайтхед,  Э.Гуссерль,  Н.Гартман,  К.Маркс,  Ф.Энгельстер 

болды.   

А.Адлер,  З.Фред,  Р.Ассаджоли,  Г.Олпорт,  А.Маслоу  Психологиялық 

тұрғыдан  шығармашылықты  тұлғаның  субъективті  әрекеті  түрінде 

түсіндіреді. 

Ал 

Ресей 


ғылымында 

В.М.Бехтерев, 

Л.С.Выготский, 

В.П.Зинченко,  Е.И.Игнатьев,  В.И.Кириенко,  И.А.Каплунович,  В.С.Кузин, 

Б.Ф.Ломов,  Я.А.Пономарев,  Б.М.Теплов,  П.М.Якобсон,  т.б.    ғалымдар 

шығармашылықты психологиялық тұрғыдан зерттеді. [1.331.] 

Соңғы  жылдары  педагогикада  оқу  мен  шығармашылықты  байланыстыра 

қарау  қолдау  тауып  жүр.  Әсіресе    адамның  бойындағы  шығармашылық 

қабілетті 

дамытудың 

әдіс-тәсілдері 

қарастырылды. 

А.Д.Алехина, 

С.Е.Игнатьева,  В.С.Кузина,  В.В.Корешкова,  В.К.Лебедько,  Э.Ф.Кузнецова, 

Н.Н.Ростовцева,  Е.В.Шорохова,  Т.Я  Шпикалова,  т.б.    шығармашылық 

мәселесін педагогикалық тұрғыдан қарастыруға тырысты.  

Адам іс-әрекетіне қарай шығармашылық бірнеше түрге жіктеледі. Олар: 

ғылыми 


шығармашылық, 

көркем 


шығармашылық, 

педагогикалық 

шығармашылық,  техникалық  шығармашылық,  т.б.  Біздің  нысанға  алып 

отырған  мәселеміз    көркем  шығармашылық  түрі  болмақ.  Көркем 

шығармашылық  өз  ішінде  көркемөнердің  әртүрлі  саласы  бойынша  түрлерге 

(ән, би, көркемсурет, аспапта орындау, т.б.) бөлінеді.  

Қоғамдық  кәсіптер  факультеті  бүгінгі  таңда  жастарға  қосымша 

мамандық  беруде  көп  қызмет  атқарып  келеді.  Елбасымыздың  соңғы  2009 

жылдағы    халыққа  Жолдауында  жастарға  білім  беру,  соның  ішіде  қосымша 

білім беру мен кадрларды қайта даярлау мәселесіне көбірек мән берілген. Осы  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тойлбаева А.Ж. Вокал үйірмесіне қатысушы студенттердің шығармашылық қабілетін... 

 

 



    

                                                                                                                                           

380 

   


 

 

 



саясатты  іке  асыруда  қоғамдық  кәсіптер  факультеттері  көп  қызмет  атқарып 

келеді. Біз зерттеуімізде  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік 

Университетіндегі қоғамдық кәсіптер факультетінің жұмысын негізге аламыз. 

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілетін 

дамыту,  олардың  қоғам  өміріне  кеңінен  араласып,  болашақта  жоғары  білікті 

маман  болып  шығуына  ықпал  ету  –  факультеттің  басты  міндеттерінің  бірі. 

Мұнда  негізінен  бірнеше  көркемөнер  бағыттары  бойынша  (вокал,  би,  терме, 

жыр, айтыс, көркемсөз, дефиле, студенттік театр, вокалды аспаптар ансамблі, 

КВН)  үйірмелер  жұмыс  істейді.  Соның  ішінде  біз  вокал  үйірмесінің 

жастардың  шығармашылық  қабілетін  дамытудағы  рөлі  мәселесіне 

тоқталамыз.  Осы  үйірмені  бітіріп  шыққан  студентке  «көркемөнерпаз  ән 

үйірмесінің ұйымдастырушысы» деген мамандық беріледі. Сонда жоғары оқу 

орнын  бітірген  жас  маман  тек  өз  саласы  бойынша  ғана  емес  өзінің 

шығармашылық  қабілетін  де  жетілдіріп,  қосымша  мамандық  иесі  атанып 

шығады.  Бойында  өнерге  деген  қабілеті  бар,  көркемөнерге  деген  құмарлығы 

бар  студент  басқа  мамандықта  оқи  жүріп,  осы  қабілетін  біртіндеп  жоғалта 

береді.  Табиғаттан  берілген  қабілет  оны  оқуда,  тәжірибеде  жетілдіріп 

отырмаса,  ол  уақыт  өте  келе  ұмытылады.  Үйірмеге  қатысушы  студент  осы 

қабілеттерін ұдайы жетілдіріп, болашақта өз қажетіне асыруы да мүмкін.  

 

Студентті  үйірмеге  қабылдап,  онымен  шығармашылық  жұмыс 



жүргізуден  бұрын,  атқарылатын  жұмыс  –  оның  қабілет-қарымын  зерделеу. 

Кей  баланың  қабілеті  жоғары  болғанымен  оның  жалқаулығы  басым  болады, 

ал  бірінің  қабілеті  төмендеу  болғанымен  өнерге  деген  құштарлығы  мен 

талпынысы  жоғары  болады.  Вокал  үйірмесіне  қатысушы  студентке 

қойылатын ең басты талап – есту қабілеті мен ырғақты сезу қабілеті. Олардың 

есту қабілетін анықтау үшін төмендегі тапсырмалар ұсынылады. а) дыбыстың 

бағытын  (жоғары,  төмен)  анықтау;  ә)  екі  дыбысты  биіктігі  бойынша 

салыстыру;  б)  Фортепианода  ойналған  дыбысты  қайталау;  в)  гаммада  қате 

берілген дыбысты анықтау;  г) өзіне таныс бір әнді  орындау.  

Дыбыс ырғағына сезімталдықты анықтау үшін: а) педагогтың көрсеткен 

дыбыс ырғағын қайталау; ә) тыңдаған шығарманың ырғағын анықтау; б) қате 

берілген  әуен  ырғағын  ажырату;  в)  бірнеше  рет  орындалған  гамманың  қате 

орындалған  ырғағын  ажырату.  Осы  тапсырмалар  арқылы  студенттің 

музыкалық қабілетін анықтауға болады.  

  

Негізгі  сабаққа  кіріспес  бұрын  студенттің  қызығушылығын  арттыру 



үшін  оны  іс-шараларды  ұйымдастыру  барысындағы  жұмыстарға  (сценарий 

жасау,  костюмдер  таңдау,  репертуар  таңдау,  ұйымдастыру,  т.б.)  қатыстыру 

қажет. Дайындық барысындағы қарбаластармен, іс-шараның біткеннен соңғы 

қорытындысын  көре  отырып,  студенттің  бойында  жауапкершілік  сезімі 

оянып, шығармашылық ортаны сезіне бастайды.  

 

Студенттің  шығармашылық  ойлау  қабілетінің  дамуы  студентті  оқыту 



бағдарламасының   ең  басты мәселесі. Сол  себепті  баланың  шығармашылық  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тойлбаева А.Ж. Вокал үйірмесіне қатысушы студенттердің шығармашылық қабілетін... 

 

 



    

                                                                                                                                           

381 

   


 

 

 



мүмкіндіктерін дамыту мәселесін барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп 

қоюы  керек  деп  есептейміз.  Оқыту  мақсатына  сәйкес  бағдарламаларды, 

дайындықтарды  екі бағытта қарастыруға болады.    

1.

 



Кәсіби  дайындық  –  шығармашылық  ойлау,  музыкалық  есту  қабілетін 

дамыту,  дауыспен  жұмыс  (распевка)  жасау,  мәселені  шеше  білу  қабілетін 

дамытуға бағытталған түрлі дайындықтар мен кештер, жарыстар, т.б.  жатады.    

2.

 



Психологиялық  дайындық  –  жеке  эмоционалды  даму  саласын 

қарастыратын  бағдарламаларды  жатқызуға  болады.  Жеке  эмоционалды  даму 

жоспарының  қиындықтары  өзін-өзі  төмен  бағалау,  ұялу,  сескену,  өз-өзіне 

деген  сенімсіздік  білдіру  болып  табылады.  Осы  қасиеттер  баланың 

шығармашылық  қабілетінің  дамуына  кері  әсерін  тигізеді.  Сондықтан  да 

жетекші  балаға білім  бергенде,  осы  психо-эмоционалдық  мәселелерді  есепке 

алғаны жөн.  

 

Студенттің  шығармашылық  қабілетін  дамыту  жұмысының  нәтижелі 



болуы  үшін  мына  қасиеттерді  қалыптастыруға  мән  беру  қажет:  музыка  тілін 

қабылдау  қасиеті;  сезімдік-эмоциялық  қабылдауы,  музыкалық  есту  қабілетін 

дамыту;  басқа да эстетикалық қабілеттерін дамыту.   

 

Алғаш  аудиториядағы  сабақтарда  педагог  негізінен  олармен  ән  айтуға 



қажетті  шеберліктер,  әншінің  гигиенасы,  дауыс  резонанстары,  тыныс  алу 

жолдары,  дыбыстық  байланыстар  бойынша  әңгіме  жүргізіп,  дайындықтар 

жасайды.  

 

Үйірмеге  мүмкіндігінше  талап  білдірген  барлық  студенттерді 



қатыстырып,  олардың  қабілетін  жетілдіруге  күш  салу  қажет.  Сол  үшін  де 

оларды  алғаш  қабілеттеріне  қарай  топтарға  бөліп  және  де  жеке  сабақтар 

өткізген абзал. Есту қабілеті бар, бірақ ән айта алмайтын студенттің ырғақтық, 

әуендік  сезімдерін  қалыптастыру  үшін  төмендегіше  түрлі  тәсілдерді 

ұсынамыз.  Ол  үшін  ең  алдымен  қатысушының  өзі  айта  алатын  дыбысты 

анықтап,  сол  дыбыстағы,  сол  диапазондағы  1-2  дыбыстан  құралған, 

әуендермен жұмыс жасалады. Осы дыбыстарды меңгерген соң бұл ноталарға 

жақын,  көрші  дыбыстарды  біріктіріп  әуендер  орындалады.  Студент  4-5 

дыбысты еркін меңгерген кезде ол әндер орындай бастайды. Осыдан соң бұл 

студентті келесі сатыдағы топқа қосуға болады. Осы жетістіктерге жеткеннен 

соң сабақты топпен жүргізу керек.  

 

Аудиториялық  сабақтар  топпен  және  де  жеке  жүргізіледі.  Топпен 



жүргізілген  сабақтарда  түрлі  жарыстар  мен  ойындар  өткізе  отырып  сабақты 

нәтижелі өткізуге болады.  

Мысалы,  сабақты  «баспасөз-конференциясы» 

түрінде  өткізіп  көрейік.  Бір  студент  өзін  атақты,  халыққа  танымал  әнші 

ретінде елестетеді. Халық алдына шығып өз ілтипатын білдіреді.    Оған мұнда 

БАҚ  өкілдері  тарапынан  сұрақтар  беріледі.  Студент    берілген  сұрақтарға 

нақты да шынайы жауап беруге тиіс (Студент жауап барысында өзінің алдағы 

армандарына  лайықты,  өзінің  мүмкіндіктеріне  қарайды).  Осы  арқылы 

студенттің  өнерге  деген  талпынысы  артып,  сұхбат  беруге,  көпшілік  алдына 

шығып сөйлеуге, көпшілік алдында өзін ұстауға қалыптасады.   



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тойлбаева А.Ж. Вокал үйірмесіне қатысушы студенттердің шығармашылық қабілетін... 

 

 



    

                                                                                                                                           

382 

   


 

 

 



Мысалы,  Ақансерінің  «Балқадиша»  әнін  топтың  барлық  мүшесіне 

үйрету  қажет.  Әннің  тарихы,  Ақансерінің  шығармашылық  өмір  жолы 

туралы  қысқаша  мәліметтер  берілуге  тиіс.  Осы  мәліметтер  және  ән  мәтіні 

бойынша  қысқаша  сюжет  жасауға  болады.  Осы  сюжет  бойынша  әркімге 

түрлі  рөлдер  бөліп,  қысқа  ғана  эпизод  ұйымдастыруға  болады.  Бұл 

студенттің  шығармашылық  қиялының  дамуына  және  де  әннің  мазмұнын 

терең  түсінуіне  мүмкіндік  береді.    Үйге  тапсырма  ретінде  әр  студент  осы 

әнді  өз  мүмкіндігіне қарай  нақышына келтіре орындауға  дайындалуы  тиіс 

(эстрада  сүйемелдеуімен,  белгілі  бір  аспапта  сүйемелдеумен).  Ал  келесі 

сабақта  әр  студенттің  дауыс  ерекшеліктеріне,  сезім  ерекшеліктеріне  қарай 

сабақты  жеке  немесе  кіші  топтармен  (2-3  студент)  жүргізу  қажет.    Осы 

жағдайда  жетекші  мән  беретін  мәселе  ол  –  студентті  қайталау  мен 

жаттаудан,  көшірме  жасаудан  арылту  болып  табылады.  Студент  естіген 

әнін өзі алғаш естіген, өзі ұнатқан әншісіне еліктеп орындауға құмар келеді. 

Озық тәжірибеден үлгі алып, оған еліктеу, әрине, дұрыс. Бірақ осы арқылы 

өзінің жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін ұмытып кетіп, көшірме жасаудан 

аулақ  болғаны  жөн.  Міне  осы  кезде  жетекші  көмекке  келіп,  оның 

кемшіліктерін түсіндіріп, оған бағыт беруге тиіс.  

Үйірмеге 

қатысушылар 

негізінен 

басқа 


мамандық 

иелері 


болғандықтан олармен теориялық сабақтар көп жүргізілмейді. Сабақтардың 

көпшілігі  тәжірибелік  сипатта  болады.  Алайда  сабақ  барысында  музыка 

тарихына шолу жасаудың мәні зор. Белгілі бір әнді үйрену барысында оның 

шығу  тарихын,  оны  шығарған  автордың  шығармашылық  жолы  туралы 

мәліметтер  берудің  маңызы  зор.  Осы  арқылы  студенттер  шығарманың 

мәнін 


түсініп, 

оны 


жүрекпен 

орындауға 

мүмкіндік 

алады. 


 

Шығармашылықтың  басты  белгілерінің  бірі  –  оның  жаңалығында, 

қайталанбастығында болса, зерттеуші М.С. Бургин жаңалықты төрт сатыға 

бөледі:  

1.

 

Жоғары  саты  –  мұнда  туынды  бұрын  еш  жерде  жасалмаған, 



болмаған.  

2.

 



Локальді-абсолютті  жаңалығы  –  қарастырылып  отырған  кейбір 

салаларда көрініс береді.  

3.

 

Шартты  түрдегі  жаңалық  сатысы  –  мұнда  объект  бұрын 



қолданылған, бірақ біршама уақыт ұмытылып, қарастырылмай, осы 

мәселенің қайта жаңғыруы.  

4.

 

Нормативті  жаңалық  –  жалпы  қоғамдық  қалыптасқан  пікірден 



өзгешелігінде [2.65-68]. 

Үйірмеде студенттің ескі әндерді жаңғыртып орындауы, осы жолдағы 

ізденісі,  өз  жеке  ерекшеліктерін  қалыптастыруы  осының  барлығы 

студенттің жаңалығы, шығармашылығы болып табылады.  

Шығармашылықты дамытудың басты жолы – шығармашылық ізденіс. 

Студент  шығармашылық  ізденіс  жолында  бірнеше  кезеңдерден  өтеді.  Ал 

педагог  студенттің  шығармашылық  ізденіс  жолындағы   жетекшісі болып  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тойлбаева А.Ж. Вокал үйірмесіне қатысушы студенттердің шығармашылық қабілетін... 

 


    

                                                                                                                                           

383 

   


 

 

 



 

табылады.  Студент  шығармашылығының  нәтижелі  болуының  бірнеше 

шарттары  бар.  Олар:  шығармашылықты  дамытуға  мүмкіндік  жасау, 

шығармашылық 

орта 

қалыптастыру, 



шығармашылық 

ізденіс, 

шығармашылық еркіндік.  

Шығармашылық  орта  сабақтан  бастап  түрлі  іс-шаралар,  байқаулар, 

фестивальдер, 

топ 


болып 

кештер, 


шығармашылық 

кездесулер  

ұйымдастырудан басталады.  

Шығармашылық  еркіндік  –  студенттің  өз  шығармашылық  қиялына 

еркіндік беру. Еркіндік орната отырып, оны сырттай бақылап отыру.  

Шығармашылық ізденіс – жетекшімен біріге отырып түрлі ізденістер 

жасау.  Мысалы  бір  әнді  өз  дәрежесінде,  жоғары  деңгейде  орындау  үшін 

бірнеше  шығармашылық  кезеңнен  өтеді.  Ең  алғашқы  кезең  репертуар 

таңдаудан  басталады.  Әр  студенттің  өз  дауыс  ерекшеліктеріне,  мінез 

ерекшеліктеріне  байланысты  лайықты  шығарма  табу,  оңай  жұмыс  емес. 

Осы  таңдалған  әнге  лайықты  қимыл-қозғалысты  қалыптастыру  үшін  би 

мамандарымен жұмыс жасау қажет.  Сахналық киім үлгісінің де әнші үшін 

маңызы  зор.  Ол  үшін  студент  жетекшімен  біріге  отырып  түрлі  БАҚ, 

интернет  материалдарын,  бейнетаспалар,  көрмелерді  аралауына  тура 

келеді. Осы ізденіс нәтижесінде  өзіне лайықты киім үлгісін табады.  Түрлі 

сән  әлемінің  мамандарының  кеңесін  алып,  шаштараз  жұмыстарымен 

танысады.  Осы  атқарылған  іс-әрекеттердің  барлығы  да  шығармашылық 

жолындағы ізденістер болып табылады. Мұнда студент өз қиялына да ерік 

беруі  керек.  Бірақ  осының  барлығы  жетекшінің  бағыттауымен, 

бақылауымен, қадағалауымен іске асуға тиіс. 

Ән өнерін шартты түрде  халықтық әндер және эстрадалық әндер деп 

бөліп  жүрміз.  Халықтық  жанрдағы  әндерді  студент  түрлі  аспаптың 

сүйемелдеуімен (домбыра, баян, аккордеон) орындауы мүмкін. Бұл әндерді 

орындау  үшін  педагогтың  міндеттерінің  бірі  оған  осы  аспаптарды  игеріп, 

оған қосыла ән айтуға баулу болып табылады.  

Шығармашылық  әрекеттің  нәтижелі  болуы  үшін  студентке  қажетті 

бағыт бағдар формалары: 

1)құмарлық; 2) ниет; 3)қызығу; 4)көзқарас; 5) наным. 

Осы  қасиеттердің  барлығын  қалыптастыру  –  жетекшінің  басты 

мақсаты.  Сондықтан  да  студенттің  шығармашылық  қабілетін  танып,  оны 

дамыту  үшін  оларға  тәрбие  беретін  педагогтың  бойынан  төмендегідей 

қасиеттер табылуға тиіс.  

3.

 

Мейірімділік, сезімталдық. 



4.

 

Студенттің  психологиялық  ерекшеліктерін  байқау,  қызығушылығы 



мен қажеттілігін сезіну. 

5.

 



Шығармашылық деңгейінің жоғары болуы, мінездің белсенділігі. 

6.

 



Ұдайы ізденісте болу. 

7.

 



Әзіл-қалжыңға бейімділігі. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Тойлбаева А.Ж. Вокал үйірмесіне қатысушы студенттердің шығармашылық қабілетін... 

 

 



    

                                                                                                                                           

384 

   


 

 

 



8.

 

Қоғам  өміріндегі  жаңалықтар  мен  өзгерістерден,  өнер  әлеміндегі 



жаңалықтардан хабардар болу [3.57.] 

 

Перцен  атындағы  Санкт-Петербург  Мемлекеттік  Институтының 



ғалымдары  Т.Е.  Конникова  мен  Г.И.  Щукина  тәрбие  әдістерін  төмендегіше 

жіктейді.  

1.

 

Талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация. 



2.

 

Жеке адамның санасын қалыптастыратын әдіс – саяси-этикалық әңгіме, 



әңгімелесу, пікірталас, өнеге, т.б.  

3.

 



Мадақтау және жазалау әдістері [4.120.] 

 

Талап  қоя  отырып,  үйрету,  жаттықтыру,  түрлі  экскурсиялар  жасау, 



интернет пен бейнетаспа материалдарын пайдалану, олармен еркін тақырыпта 

өнер  әлемі  туралы  қызғылықты  әңгімелер  өткізу  осының  барлығы  студентке 

шығармашылық тәрбие берудің жолдары болып табылады.  Студенттің өзіне 

деген  сенімділігін  арттыру  үшін  оны  ұдайы  мадақтап  отырудың  да  маңызы 

зор.  

 

Осы жоғарыда аталғандармен қоса студент шығармашылығын арттыру 



үшін  шығармашылық  кештер,  түрлі  жарыстар,  фестивальдер  мен  байқаулар, 

оларды  ұйымдастыру  мен  оған  қатысу,  шығармашылық  тұлғалармен 

кездесулер 

ұйымдастыру, 

олардың 

шығармашылық 

жолындағы 

тәжірибелерінен  мәлімет  алу  осының  барлығы  студенттің  шығармашылық 

белсенділігін арттырары сөзсіз.  

 

Жалпы  алғанда  студенттердің  шығармашылық  қабілетін  дамытуда 



бүгінгі таңда қоғамдық кәсіптер факультеті көп еңбек сіңіріп келеді. Және де 

осы үйірмелерге қатысушы студенттер саны да күн санап өсіп келе жатыр.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Большая советская энциклопедия, М., Издательство «Советская энциклопедия», 1976., том 25. 

2.

 



Сейтешев  А.П.  Студенчество  как  особоя  общественная  группа  и  формирование  ее  личностно-

прфессионального развития. А., Триумф «Т»..2007.  

3.

 

Учебно-воспитательный  процесс  в  коллективах  художественной  самодеятельности.  Сборник 



научных  трудов.  Москва  1983.  //Естемесова  С.С.,  Музыкально-творческое  развитие  участников 

детской хоровой самодеятельности. 

4.

 

  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы: 2000.  



 

 

 



 

 

 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Б.ОМАРОВ  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 


    

                                                                                                                                           

385 

   


 

 

 



 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН  

ЖЕТІЛДІРУ АМАЛДАРЫ 

 

В  этой статье  рассматриваются способы  совершенствования методов борьбы у молодежи, 

занимающихся казахской борьбой. 

 

The author of the article presents some ways of improvement of wrestling methods of youth, going 

in for Kazakh wrestling. 

 

Кез  келген  спортшы  белгілі  бір  күштің  де  иесі  екені  белгілі.  Ол 

өзінің  күш-қайратын,  ерік-жігерін  дұрыс  жұмсағанда  ғана  жақсы 

спортшы атана алады. Міне сондықтан да ол айналысатын спорт түрінің 

әртүрлі амалдарын, тәсілдерін жетік меңгеру қажет.  

Палуан  бірінші  кезекте  әдіс-тәсілдерді  жетілдіру  үшін  жұмыс 

жасауы керек, қазақ күресіндегі әдіс-тәсілдерді жетілдіру үшін, алдымен 

қозғалыстың үйлесімді әрекеттерін үйретіп, оны одан әрі ұлғайту қажет. 

Қозғалыс  ептілігін  қалыптастыру  және  оны  дағдыға  айналғанша 

жетілдіруді  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Мұның  негізінде  жекелеген 

қозғалысты және қозғалыс әрекеттерін бүтіндей көп рет қайталау кезеңі 

жатыр.  Әрбір  қайталау  сыртқы  орындалу  түрімен  өтілген  алдыңғыға 

ұқсас болғанымен, барлық уақытта өзінде жаңа үйренген, жаңа бөліктің 

мазмұнын  береді.  Атап  айтқанда,  мұнда  жаңа  қозғалыс  әрекетінің 

біртіндеп қалыптасуының кепілі, кілті жатыр. Тұтасып қайталау кезеңін 

мақсатқа сәйкес шартты түрде екіге бөлеміз: 

1) Қозғалыс (икемділігін) біліктілігін қамтамасыз ету. 

2) Қозғалыс (икемділігін) біліктілігін жетілдіру. 

Қозғалыс  біліктілігінің  пайда  болу  сатысы  қозғалыс  икемділігінің 

негізгі  түрінің  бірінші  бастапқы  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді,  ал 

әрекетті  орындау  қозғалыс  икемділігінің  қалыптасуының  өзіне  тән 

белгісі.  Жоғары  сатыдағы  қозғалыс  біліктілігіне  кезегімен  өтетін 

қозғалыс  дағдысын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету  жатады.  Міндетке 

сәйкес педагогикалық жүйенің бұл кезеңі келесі екі сатыға бөлінеді: 

1) қозғалыс дағдысының пайда болуы; 

2) қозғалыс біліктілігінің жоғары тәртібінің пайда болуы. 

Жетілдіру  кезеңінде  барлық  әдістер  кешені  қолданылады,  алайда 

бүтіндей  үйрету,  жарыстық  және  ойындық  әдістері  әр  түрлі  үйлестікте 

және түрлері басты орын алады. Бір уақытта көру және есту бағдарларын 

пайдалану  көлемі  тарылады,  бірақ  қозғалысты  сезіну  рөлі  артады.  

Палуандардың  күресу  тәсілдерін  жетілдіруде  оқытып  үйретудің    екінші 

және  үшінші  кезеңінің  негізінде  қозғалыс  әрекетін  көп  рет  қайталау 

жүйесі жатыр. Соңғы кезең үшін қайталау мәселесінің ерекше  



жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет