Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет47/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Пахрутдинова Ж.И. 

 

Ұлттық психологияның негізгі мәселелері 

 

 



2 - зат алғашқы , ал сана және психика екінші  болып келеді; 

    

                                                                                                                                           

338 

   


 

 

 



3-  заттың  әртүрлісі    тоқтамсыз  қозғалыста,  дамуда  және 

әрекеттестікте  болады; 

4 -  тоқтамсыз 

қозғалыстар  мен  даму  барлық  қоғамдық- 

психологиялық құбылыстардың сапалы ерекшеліктері қозғалыс және зат 

әрекеттестігін  анықтайды  (соның  ішінде  ұлттық-психологиялық 

феномендер  және адамдардың  ұлттық  белсенділіктері; 

5  -  әрекеттестік  -  бұл  қозғалыс  пен  дамудың,  соның  ішінде 

әлеуметтік (ұлттық) топтардың  объективті, әмбебап түрі;  

Табиғат,  қоғам  және  органикалық  дүниенің  дамуына  ортақ 

заңдылықтар  тән.  Оларды  ескермеу  ой  желісін  шындықтан  қиялға 

бұрып, 


даму 

бағытын 


біржақты 

түсіндіруге 

әкеледі. 

Сол 


заңдылықтардың ішінде дифференциация (даралық) мен интеграцияның 

(ынтымақтастық)  алатын  орны  бөлек.  Биологиялық  түр  ретінде  саналы 

адам  алуан  түрлі  қауымдастықтарға  бөлінеді.  Солардың  ішінде 

ұлттардың алатын орны ерекше. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Андреева Г.М. Социальная психология.-М., 1996, 78-85 б. 

2.

 



Стефаненко Т.Г. Этнопсихология.-М., 1992, 102-108 б. 

3.

 



Гачев. Г.Д. Национальные образы мира.- М., 1988, 112-113 б. 

4.

 



Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы, 1992,59-62 б. 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Ұ.Ж.САУРБАЕВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 

 


    

                                                                                                                                           

339 

   


 

 

 



ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ  

ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

В этой статье говорится о некоторых ценностях этнопсихологии. 



               

             The article represents some values of ethnic Psychology. 

 

 

Ұлттық  психологияның  негізгі  құндылықтары  туралы  көзқарастар 



күрделі әрі маңызды мәселе, себебі түрлі зерттеулерде осы құндылықтардың  

көптүрлілігіне басты назар аударылады. 

 Ұлттық психологиясының құндылықтарына мыналар жатады: 

  

1. Ұлттық намыс. Академик Манаш Қозыбаев былай дейді: 



-

 

Ол – пенденің өзінің ұлт перзентімін деп ұлттық “мен” дегізерлік 



қасиеттерін тануы; 

-

 



Ол – пенденің ұлттық мүддеге табынуы; 

-

 



Ол – пенденің қара басының мақсатын ұлттық мүддеге бағындыруы; 

-

 



Ол  –  пенденің  өз  ұлты  үшін  қабырғасы  қайысып,  қара  нардай 

тартқан жүктен майысып, ағынан жарылуы; 

-

 

Ол  пенденің  өз  ұлтының  шыққан  тауы  биік  болсын  деп,  мәртебесі 



басқа халықтардан озсын деп, жеңіске сүйсініп, сүрінгеніне күйініп, қуануы 

мен қамығуы [1]. 

  

Ұлттық намыс тек Отанын сүйген жанда ғана болады. Отанын сүю  – 



барша  ұлтқа  тән  ортақ  қасиет.  Оны  түсінуге  де  болады.  “Халықтар  тек  өзі 

үшін ғана емес, - деп көрсетеді орыс тарихшысы В.Соловьев, - барша үшін 

өмір  сүреді”.  Айналып  келгенде,  барша  халық  бір  әлемнің  перзенті. 

Орыстар: “атамекеннің түтіні де тәтті және жанға шипа” десе, ағылшындар 

“Шығыс па, Батыс па, өз үйің – жұмақ десе, француздар: “Өз үйіңнің түтіні 

шетелдің  отынан  артық”-  дейді  екен.  Қазақ  атамыз:  “Құлқынның  құлы 

болма,  отанның  ұлы  бол”,  “Ит  –  тойған  жеріне,  ер  –  туған  жеріне”  –  деп 

тегін айтпаған. 



 

2.  Ұлттық  мінез.  Ұлттық  мінез  –  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  қалған 

биологиялық,  психикалық  құбылыс  емес,  географиялық  ортаның  жемісі 

немесе  нәсілдік  белгілермен  байланысты  ұлттық  субстанцияның  қияли 

туындысына  да  жатпайды.  Негізгі  шындықты  ұлт  өмірінің  өзінен,  оны 

қоршаған  табиғи  өзгешеліктен  қарастыру  шарт.  Ұлттық  мінез-құлықты 

халықтардың өзі жасаған тарихтағы материалдық және рухани тіршілігінің 

бейнеленген  көрінісі  деп  түсінеміз. Тарихи  жағдай  мен  географиялық  орта 

мәңгілік  нәрсе  емес,  сондықтан  ұлттық  мінез-құлық  та  белгілі  өзгерістерге 

ұшырап отырады. 

  

Ұлттардың  мінез-құлқы  олардың  тарихи  өмірінің  жемісі.  Ұлттық 



мінез-құлық  қоғамдық  ортада,  белгілі  бір  оқиғаларға,  қоғамдық  өндірістік, 

т.б. объективті  құбылыстарға  сәйкес  қалыптасатын  болған. Қоғам  ұлттық  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Саурбаева Ұ.Ж.  Ұлттық психологияның негізгі құндылықтары...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

340 

   


 

 

 



таптардан құралады, сондықтан да ұлттық мінез-құлықты таптық процестен 

бөлек қарауға болмайды. 

  

Халықтардың  мінез-құлқының  белгілері:  еңбекті  сүю,  еркін  болу, 



ерлік,  отансүйгіштік,  қайырымдылық,  қонақжайлық,  сонымен  қатар, 

селқостық,  қаталдық,  т.б.  қасиеттер  болып  келеді  және  бұлар  барлық 

ұлттарда  кездеседі.  Әрбір  ұлттың  өзіндік  өмір  ерекшелігіне  байланысты 

және  түрлі  формада,  көріністе  анықталып  тұрады.  Осы  жағдайға 

байланысты  кейбір  зерттеушілер  тек  бір  ғана  ұлттың  өкілдерінің  бойына 

белгілі қасиетті үйіп-төгіп қояды да тек сол ұлтқа тән қасиет деп ұғынады. 

Мәселен,  қамқорлық  немесе  жан  ашушылық  мінезді  алып  көргенде,  олар 

қай ұлтта кездеспейді? 

  

Қорыта айтқанда, ұлттық мінез-құлық дегеніміз – халықтың қоғамдық-



өндірістік  тәжірибесі  арқылы  тарихи  тұрғыда  қалыптасқан  машығы  мен 

әдетінің  жиынтығы,  әрі  жалпы,  барлық  халықтарға  тән  жеке  ерекше 

қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз [2]. 

  

3. Ұлттық сезім. Ұлттық сезім халықтардың өмірінде ерекше маңызды 

орын алады. Ұлттық сезім өзінің психологиялық негізі бойынша сезімдердің 

ұғыну,  арман,  кейде  елес  пен  соқыр  сенімдердің,  т.б.  белгілі  жиынтығы 

болып  есептеледі.  Ұлттық  сезімдер  ғасырлар  бойы  ұлттың  тарихында 

қалыптасады.  Күнделікті  өмірде  ұлттық  сезімнің  күрделі  жиынтығында 

ұлттық  мақтаныш,  өз  ұлтына  деген  сүйіспеншілік  сезімдермен  қатар 

ұлтшылдық, шовинизм, ұлттық соқыр сенімдер мен тоғышарлық сезімдерді 

де ажыратып білген жөн. 

  

Ұлттық  сезім  әлеуметтік-психологиялық  күрделі  құрылым  қойыла 



тұра,  ол  негізінен  таптардың  экономикалық  жағдайы  мен  материалдық 

мүдделері арқылы дамыған.   Ұлттық сезім ұлттық психологияның маңызды 

құндылығы  ретінде  дамытуда  елеулі  рөл  атқаратын  әлеуметтік-

психологиялық құбылыстардың бірі. 



  

4.  Ұлттық  талғам.    Жалпы  психологияда  талғам  мәселесі  – 

физиологиялық  негіздеріне  және  пайда  болуының  принциптеріне  көңіл 

аударады.  Бұл  жалпы  психология  пәнінің  тұрғысынан  қарағанда  дұрыс, 

өйткені  тек  талғам  емес,  эмоция  және  сезім,  мұқтаждық,  т.б.  ұлттық 

психологияның  құндылықтары  белгілі  бір  физиологиялық  негізде  пайда 

болды.  Ұлттық  талғам  мәселелерін  жалпы  талғам  ретінде    ерекше  бөліп 

алып 


қарауға 

болмайды. 

Талғам 

адамдардың 



бірінші 

өмірлік 


қажеттіліктеріне тікелей байланысты. Өмір сүру үшін ең алдымен ішіп-жем, 

тұрғын үй, киім-кешек және тағы да басқалар қажет. Адамзат өзін қоршаған 

айналаны  талғам  арқылы  тануы,  түйсінуі,  онтогенетикалық  және 

филогенетикалық  мағынадан  алғанда  үздіксіз  болып  тұратын  процесс.  Бұл 

танымдар оны өзіне қажетті нәрселермен қамтамасыз етумен оның әдістерін 

ғана дамытып қоймай, рухани дамуға да әсерін тигізеді. Талғам адамға тек 

физиологиялық қанағат қана әкеліп қоймай, онсыз адам өмір сүре алмайтын 

көптеген эмоциялық құбылыстарға ұшыратады. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Саурбаева Ұ.Ж. Ұлттық психологияның негізгі құндылықтары...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

341 

   


 

 

 



 

Физиологиялық  немесе  бірінші  өмірлік  қажеттілік  адамдар  үшін 

қоғамның  алғашқы  сатыларында-ақ  тікелей  қоғамның  материалдық 

қажеттілігі  ретінде  көрінеді.  Олар  жеке  адамдардың  физиологиялық 

қажеттілігі  бола  тұра,  әлеуметтік  қажеттілік  ретінде  саналатын  қоғамдық 

қажеттілік  арқылы  қанағаттандырылады.  Әрине,  қоғамдық  өндіріс 

күштерінің дамуы, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы өндіріс 

әдістерінің  пайда  болуы  және  ашылуы  талғамға  әлеуметттік  әрі 

биологиялық  құбылыс  ретінде  елеулі  ықпал  жасайды.  Сонымен  бірге, 

түрліше  табиғи  жағдайлар  адамдардың  өздерінің  ең  бірінші  қажеттілігін 

өтеу үшін түрліше әдістер қолдануға мәжбүр етеді.   

  

Ұлттар  мен  ұлыстардың  қажеттіліктері  олардың  тұрған  жерінің, 

табиғатының  байлығына  тікелей  байланысты.  Әсіресе  түрлі  климаттық 

ендікте тұратын халықтар тамағының әркеттілігі бірден көзге шалынады.  

  

Мысал  ретінде  қатар  жатқан  өзбек,  қазақ,  қырғыз  халықтарын  алсақ, 



өзбектер  жер  шаруашылығымен  ертерек  шұғылданады  да  сол 

шаруашылықтың  жемісін  пайдаланады.  Ал  қазақтар  мен  қырғыздар  болса 

мал  шаруашылығымен  айналасу  себебімен  мал  шаруашылық  өнімдерін 

көбірек  пайдаланады.  Реті  келгенде  айта  кетелік,  қазіргі  тұрмыстық 

өмірімізде ата-аналар ұл-қыздарын аялай ардақтап “құлыным”, “қозым”, “ақ 

ботам”, т.б. теңеулермен айтады.  

  

Ұлттық  талғам  тұрмыстық  тұтыну  жиһаздарын  және  оларды 



пайдалану  мен  әсемдеуден,  өнерден,  киім  киюден  анық  байқалады,  әрі 

өзіндік ерекшелік реңі болады. 

  

Талғамдар  қондырмалық  құбылыс  және  ұлттық  психологияның 



құндылығы  болғандықтан,  халықтың  өмірінің  ерекшелігі  болғандықтан, 

өмірдің өзгеруіне сәйкес талғам да өзгерістерге ұшырайды. 

  

Сөйтіп,  ұлттық  талғам  дегеніміз  –  ұлт  өмірімен  тығыз  байланыста 



болатын, 

адамдардың 

қажеттіліктерінен 

туындайтын, 

ұлттардың 

өзгешеліктерін сипаттайтын психикалық құбылыс [3]. 

4.  Ұлттық  әдет-ғұрыптар,  дәстүрлер.    Ұлттық  психологияның  үлкен  бір 

саласы  —  салт-дәстүрлері  болып  табылады.  Халықтың  игі  әдеттері  дағдылана 

келе  әдет-ғұрыпқа,  әсерлі  әдет-ғұрыптар  салт-дәстүрлерге,  халықтың  өмірінде 

қалыптасқан  салт-дәстүрлер  салт-сана  болып  қалыптасқан.  Халықтың  салт-

дәстүрлері  рәсімдер  мен  жөн-жоралғылар,  рәміздер,  ырымдар  мен  тыйымдар, 

түрлі  сенімдер  арқылы  өмірде  қолданыс  тауып  келеді.  Оның  бәрі  дамып, 

толысып, жаңарып отырады. Ұлттық психолологияның өзгешеліктері мәдениетте, 

тұрмыста,  сондай-ақ  ұлттық  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарда  айқын  көрінеді. 

Әрбір халықтың өздерінің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа 

беріліп отырады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қозыбаев М. Басты тұғыр – тәуелсіздік //Ұлт тағылымы, 1999, №3. 

2.

 



Елікбаев. Н. Ұлттық психология. Алматы, 1992. 

3.

 



Сарсенбаев. Н. Обычаи, традиции и общественная жизнь. Алма-Ата, 1974.  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Ж.Қ.ДҮЙСЕНОВА 

    

                                                                                                                                           

342 

   


 

 

 



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 

 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫ ДАЯРЛАУДА ІЗГІЛІКТІ ІС-

ӘРЕКЕТКЕ БАҒЫТТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР 

 

              В  этой  статье  рассматривается  проблема  подготовки  будущих  педагогов-психологов  к 

гуманным действиям. 

 

 

This article deals with pedagogical demands upon humane activities  in training future teachers –



psychologists. 

 

   

Қоғамдағы  объективті  заңдар  мен  өндірістің  әр  түрлі  саласындағы 

адамдардың  саналы  қызметінің  байланыстылығы  және  өзара  әрекет  етуі 

қажеттілік  тұжырымдамасынан  көрінетіні  белгілі.  Қажеттілік  адамның 

өмірімен  байланысын  көрсетеді.  Ірі  қажеттілік  жеке  тұлғаның 

белсенділігінің әртүрлі формасының көзі болып табылып, талаппен мәндес 

болады.  Педагогикалық әдебиеттерде «талап – педагогикалық ықпал етудің 

негізгі әдістерінің бірі», «талаптар - әрекетті қоздырушы (өтініш, тапсырма, 

бұйрық)  және  әрекет  етуге  тыйым  салушы»  (нұсқау,  сәйкес  бұйрық, 

жазалау) болып бөлінетіндігі көрсетіледі [1]. 

Педагогикалық ықпал етудің әдістерін талдау талаптан басталады, әрі 

бұл білім берудегі, педагог жұмысындағы бастапқы және негізгі әдіс болып 

табылады.  Мұғалімге  және  оның  еңбектік  іс-әрекетіне,  мектепте 

оқытылатын  еңбектің  түрі  мен  мазмұнына  қойылатын  талаптардың  пайда 

болуы  мен  қалыптасуының  өзіндік  тарихы  бар.  Мәселен,  Н.К.Крупская 

мұғалімге  қойылатын  талаптарды  сөз  еткенде  өзінің  пәнін,  оқытатын 

ғылымды,  баланың  жас  ерекшелігіне  байланысты  білімді  қабылдауын, 

ойлауын  және  оларды  дамытудың  шарттарын  білу  қажеттігін  айтады  [2]. 

Сондай-ақ  ол  мұғалімнің  білімін  жеткізуде  техниканың  барлық  құралын 

пайдалану  арқылы  пәндегі  құбылыстың  ең  бастысын,  маңыздысын 

көрсетуді,  құбылыстың  нақты  ролін  түсіну  және  оқушыларға  нақтыдан 

жалпыға  өтуін  түсіндіруді,  материалды  есте  сақтау  мен  меңгерудің 

қажеттілігін  оқушыларға  дәлелдеуді,  алған  білімді  практикада  қолдана 

білуге үйретудің қажеттігін зерттеді.  

Ы.Алтынсарин:  «халық  мектептері  үшін  ең  керектісі  –  оқытушы; 

тамаша  жақсы  педагогика  құралдары  да,  ең  жақсы  үкімет  бұйрықтары  да, 

әбден  мұқият  түрде  жүргізілетін  инспектор  бақылаушы  да  оқытушыға  тең 

келе  алмайды»  -  деп  оқытушының  мектеп  қабырғасындағы  рөлін  анықтап 

берді [3]. 

Кез  келген  еңбек  іс-әрекетіне  дайындық  бақылау,  салыстыра  талдау, 

талдау  мен  жинақтау,  классификациялау  мен  жүйелеу,  зерделенетін  нысан 

мен  құбылыстың  себеп-салдарлық  байланысын  анықтау,  тәжірибені 

салыстыра  талдап  бақылау,  математикалық,  т.б.  жалпы-ғылыми  әдістерді 

пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Талдау  мен  жинақтау,  теория  мен 

практиканы салыстыра талдап бақылаудың тәжірибемен үйлесуі тиімді деп 

есептеледі  [4].   Осыған    сәйкес   педагогтарды     дайындауда      олардың  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дүйсенова Ж.Қ. Болашақ педагог-психологты даярлауда ізгілікті іс-әрекетке бағыттауға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

343 

   


 

 

 



жоғарыда аталған әдістерді жүзеге асыруы талап етіледі. Олар лабораториялық, 

практикалық,  семинар  сабақтарында,  топ  серуен,  т.б.  барысында  жүзеге 

асырылады. 

Қазіргі  кезде  педагогтарға  қойылатын  талаптар  күшейді.  Олардың  оқу 

материалдарынан, әрекет етудің әртүрлі әдістемелік тәсілдері мен ұйымдастыру 

формаларынан  терең  білімі,  эрудициясы,  идеялық  сенімділігі,  балаға  деген 

сүйіспеншілігі  көрініп,  өзінің  көзқарасын  ұдайы  кеңейтуге,  оқушыларда  жеке 

тұлғаның  үйлесімді  дамуына  қажетті  сапаны  тәрбиелеуге  ұмтылысы  сияқты 

негізгі  талаптар  педагог-психологтарға,  сондай-ақ  оқушымен  бірге  жұмыс 

жасайтын мұғалімдерге де қатысты болуы қажет. 

Талап  –  педагогикалық  ықпал  етудің  әдісі  ретінде  педагог-психолог 

мамандарының  бойында  сапалық,  ізгілік  қасиеттерінің  қалыптасуын  жүзеге 

асыруға ықпал етеді. Талаптың негізгі басты ерекшелігі – оның мазмұнында, ол 

сөз  түрінде  қойылуы  мүмкін.  Педагог-психологтарды  дайындаудың  өзіне 

көптеген  талаптар  қойылады  және  дайындықтың  мазмұны  мен  әдістерін 

бағыттаудағы талаптар анықталуы тиіс.     

В.Успенский «Введение в психолого-педагогическую деятельность» атты 

еңбегінде: педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің түрлерін, білімдік үдерісті 

психологиялық қамтамасыз ету, педагог-психолог жұмысының негізгі әдістері, 

т.б. қарастырған [5]. 

Педагог-психолог  қоғамның  әлеуметтік-психологиялық  қажеттілігін 

қанағаттандыру мақсатында туындап отырған мамандық екендігі көрініп отыр. 

Бұл мамандық атауына сәйкес маман әрі психолог, әрі педагог ретінде кәсіби іс-

әрекеттерді жүзеге асыруға бағдарлануы тиіс. Психологтардың диогностика мен 

кеңес  беру  жұмыстары  қиын  және  көпқырлылығымен  байқалған.  Бірнеше 

диогностикалық  әдістер  мен  әдістемелерді  қолдану  үшін  (мысалы,  жобалау) 

жоғары  білім  де  жеткіліксіз.  Мысалы,  АҚШ  пен  Батыс  Европада  белгілі  бір 

тестерді қолдану үшін сәйкес лицензия қажет, ал оны тек арнайы оқулықтарды 

ұзақ  мерзімді  қажет  ететін  диогностикадан    басқа  педагог-психолог  кеңес 

өткізеді.  Ерекше  теориялық  тұжырымға  негізделген  кеңес  беру,  мысалы, 

педагогикалық  психология,  нейролингвистикалық  бағдарламалауды  және  тағы 

басқаларда қосымша оқыту мен сәйкес сертификат алуды талап етеді. Табысты 

кеңес  беру  үшін  жұмыстың  әдістері  мен  тәсілдерінен  басқа  орта  деңгей  мен 

маманның  кәсіби  дамуы  қажет.  Балалармен  ортақ  тіл  табысу,  оларға  қызықты  

тақырыптарды  беру,  балалар  үшін  беделді  болу,  бұл  маманға  жүктелген 

талаптармен  байланысты,  себебі  оның  жұмыс  барысында  жасайтын 

қорытындылары  адам  тұлғасының  маңызды    жақтарына    қатысты  және  оның 

дамуына әсер етеді.  

Педагог-психологтардың  педагогикалық  қызметке  қатысты  іс-әрекеттері 

мектепте жүзеге асырылатыны белгілі. Бәрінен бұрын педагог-психолог – адам, 

жеке тұлға, яғни, танымды тасымалдайтын субъект. Олай болса, олардың жеке 

тұлға ретінде 4 құраушыдан тұратынын К.К. Платонов  анықтаған [6]: 

1. Бағыттылық – бұл құрылым табиғат нышандарды қажет етпейтін идеал 

мен құндылықтан тұрады. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Дүйсенова Ж.Қ. Болашақ педагог-психологты даярлауда ізгілікті іс-әрекетке бағыттауға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

344 

   


 

 

 



2.  Тәжірибелік  -  адамның  білім,  іскерлігі  арқылы  жинақталған  дағдысын 

құрайды. 

3.  Көрініс  табу  формасы  құрылымы  -  психологиялық  үдерістің  жеке 

ерекшелігін қамтиды. Осыған: 

- ақпараттық  (қарым-қатынас); 

- ұйымдастырушылық; 

- шығармашылық; 

-  танымдық,  т.б.  қасиеттердің  барлығы  тұтас  меңгерілгенде  жұмыс  сәтті 

болады. 

4.  Биологиялық  шарттасқан  құрылым  -  тұлғаның  типологиялық  қасиетін 

құрайды,  оның  маңыздылары  -  темперамент,  жыныстық  және  жас 

ерекшеліктері. 

Осылайша тұлға құрылымын мына пирамида арқылы көрсетуге болады: 

- жеке стильді жасаудың негізінде жатқан тұлға құрылымы; 

- бағыттылық, идеал, құндылықтар, қатынас; 

- тәжірибе - білім, іскерлік, әдет жұмыс формасы мен әдістері; 

- көрініс табу формалары - зейін, қабылдау, ес, ойлау, қабілеттері. 

- биологиялық шарттасқан ерекшеліктер - темперамент және мінез-құлық. 

Тәжірибелі  және  кәсіби  сауатты    мұғалімдер  мен  психологтар  өздерінің 

жеке  стильдерінің  ерекшеліктерін  қолданғандықтан,  өз  темпераментінің 

ерекшелігіне тәуелді болмайды. Мысалы,  олар оқиғаның немен бітетіндігін ол  

басталмай  тұрып  талдайды  да,  жағдайдың  даму    бағытын  болжай  алады. 

Нәтижесінде олардың реакциясы спонтанды емес болады. 

 

Өз  ерекшеліктерін  білу  тәжірибелі  педагогтарға  жағымсыз  қасиеттерін 



басқа  ерекшеліктермен  алмастырып  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Табиғи  және 

өмірі  барысында  қалыптасқан  тұлға  қасиеттері  күрделі  динамикалық 

құрылымды құрайды. Осы арқылы адам өз тәртібін бақылай алады және терең 

жеке тұлғалық құрылымға ие болады. 

Педагог-психологтардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  негізгі 

міндеті оқу-тәрбие үдерісінде гуманитарлық білім беруді қамтамасыз ету болып 

табылады.  Оның  негізін  ізгілік  қасиеті  қалыптасқан  жеке  тұлғаның  сапалық  

жағымды  мінез-құлқын  тәрбиелеу  алдымен  педагог-психологтың  өзінің  ізгілік 

қасиеттерге ие болуын талап етеді.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Психолого-педагогический  словарь  для  учителей  и  руководителей  общеобразовательных 

учреждении – Ростов н/Д.: Феникс, 1998. -544с. 

2.

 

Крупская Н.К. В статье: Опыт анализа детского труда //На путях к новой школе. 1926. № 5-6.  



3.

 

Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы  шығармалар.  /Құрастырып, баспаға  дайындаған  Б.С.Сүлейменов. 

Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы. –Алматы: 1955. – 414 б. 

4.

 



Буряк В.К. Самостоятельная работа учащихся: Кн. для учителя. –М.: Просвещение, 1984.  

5.

 



Успенский В. Введение в психолого-педагогическую деятельность. –М.: Просвещение, 1984. -

226 с. 


6.

 

Төлеубекова Р. К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. - Алматы. 1991.  




жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет