Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет42/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Оразбекұлы Қ. Мектеп оқушыларын бүгінгі ерлік негізде қаһармандыққа тәрбиелеу

 

 

 



қызметіне  қатысты  арнайы  тақта  барын  жазыпты.  Сол  тақтада  мемлекет 

қайраткері  Тұрар  Рысқұловты  тұтқындаған  кезде  толтырылған  анкетаның, 



    

                                                                                                                                           

303 

   


 

 

 



жазушы  Сәкен  Сейфуллиннің,  Ақмола  қаласының  тұрғыны,  “Ка-

захстройпункт”  саяси  бөлімінің  нұсқаушысы  Қапан  Мұхаметжановтың, 

чекист  Серікқали  Жақыповтың  тергеу  істерінің  хаттамалары,  сондай-ақ 

оларға жаза белгілеу туралы құжаттар бар екенін жазыпты.                                                                                                                                                     

Жастарға  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  мен  оның  қызметкерлерінің 

ерлік  істері  туралы  айтқан  кезде  осы  мемлекеттік  органның  тарихына    да 

қысқаша тоқтала кеткен артықтық етпейді.                                                                                                                                                     

ҰҚК-і Қазақстан тәуелсіздік алған соң соның ізін ала 1992 жылдың 13 

шілдесінде    Елбасының  Жарлығымен  құрылды.  Осы  оқиғаға  орай  ұжымға  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан    Әбішұлы  Назарбаев 

келді.  Елбасына    бір  кездері  Қытай  Халық  Республикасының  Төрағасы 

Цзянь  Цзэминь  нефрит  киелі  тасынан  жасалған  семсер  сыйлаған  екен. 

Президент  осы  сыйлықты  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетіне  тарту  етті.  Оған 

қоса  “Алтын адам” мүсінінің кішірейтілген нұсқасын сыйлады. Сол Елбасы 

сыйлаған  семсер де чекистердің мұражайында ең көрнекті жерде тұр, деп 

жазады газет журналистері.                                                                                                                                         

Біз  қазіргі  жастарымызды  қаһармандыққа  чекистердің  үлгісімен 

тәрбиелесек  –  ұтарымыз  мол.  Еліміздегі  мемлекеттік  қауіпсіздік  органына 

деген  құрмет  пен  сенім  нығаяды.  Жастардың  бойында  отанды  қорғауға, 

оның  қауіпсіздігін  көздің  қарашығындай  сақтауға  деген    ұмтылыс  пайда 

болады, жастарымыз саяси тұрғыдан алғанда мығым болып жетіледі.                                                                                                                                                  

Әрине, жастарға патриоттық тәрбие беру бір күннің, тіпті бір жылдың 

шаруасы  емес.  Бұл  ұзақ  жылдарға  арналған  тәрбиелік  шаралар  кешенінен 

тұруға тиісті [2]. Бүгін сөз етіп отырғанымызды сол ұзақ үдеріс барысында 

пайдаланылуға  тиісті  тәрбиелік  шаралардың  бір  тарауы  деп  түсінген 

орынды.  Бұл  бір  жағынан  жастарды  мемлекетіміздің  қауіпсіздігі  үшін 

қызмет етуге даярлау бағытындағы  қадамдардың бірі болатындығы сөзсіз.                           

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 

және әл-ауқатының артуы: Президент Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997 

2.

 

Назарбаев  Н.Ә.  Жаңа  ғасырға  Қазақстанды  Сіздер  бастап  барасыздар./Әл  -Фараби 



атындағы  Қаз  МҰУ  профессорларымен,  оқытушыларымен,  студенттерімен  кездесуде 

сөйлеген сөзі/. Алматы:  1998.                                                                                                   



 

 

 

 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Ш.Т.ШЕКЕРБЕКОВА 

 педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 


    

                                                                                                                                           

304 

   


 

 

 



 

«МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» ПӘНІН 

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖАЙЛЫ 

 

В  статье  рассматриваются  процесс  подготовки  студентов  в  области  информатики, 

совершенствование  методической  системы  обучения  курса  «Базы  данных  и  информационные 

системы» и основные принципы отбора содержания данного курса в педагогическом вузе. 

 

This article describes the process of training students in computer science, the improvement of 

methodical system of a training course on "Databases and Information Systems" and the basic principles 

for selecting the content of the course in the pedagogical college

 

Қазіргі  заманғы  ақпараттық  қоғамда  әр  алуан  саладағы  адамның 

қызметі  ақпарат  пен  ақпараттық  өзара  әрекеттестікті  алу,  түрлендіру, 

жеткізіп  беру,  сақтау,  пайдалану,  қолданбалы  сипаттағы  қазіргі  заманғы 

ақпараттық  жүйелерді  жасау  мен  пайдалану  үдерістерімен  тығыз 

байланысты.  Қоғамның  алдындағы  білім  беруге  байланысты  міндеттерді 

шешу,  жоғары  деңгейдегі  мамандандырылған  мамандардың  болуымен 

сипатталады,  өйткені  оқытудың  кәсіби  дайындығынан  барлық  оқу 

үдерісінің тиімділігі тәуелді болады, сондықтан жоғары педагогикалық оқу 

орындарындағы дайындықты әрдайым жетілдіріп отыру қажет.  

Сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін 

информатика аясында дайындау үдерісінде кейбір мәселелер туындайды. 

Біріншіден,  мектепте  информатика  курсының  мазмұны  оның  басты 

«ақпарат»  категориясының  шеңберінде  формализациялау  және  ақпараттық 

модельдеу негізінде топтастырылған іргелі ғылымды ерекшелеу бағытымен 

дамуда,  ал  бірқатар  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерді 

информатикаға 

оқыту 


үдерісінде 

бұрынғыдай 

алгоритмдік 

тілді 


практикалық  меңгертуге,  алгоритмдеу  дағдысын,  алгоритмдік  ойлауды 

дамытуға  (информатиканы  оқытудағы  алгоритмдеу  негіздері),  сонымен 

қатар  дайын  бағдарламалық  құралдармен  (ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар)  нақты  практикалық  тапсырмаларды  шешуде  білік  пен 

дағдыны  қалыптастыруға  көп  көңіл  бөледі.  Жоғары  оқу  орны,  студентті 

бірыңғай 

ақпараттық 

тұрғыдан 

қоршаған 

ортаны 


қабылдауға 

дайындамайды. 

Екіншіден,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттері 

қазіргі  ғылыми  дүниетанымы  қалыптаспайынша,  қоршаған  нақтылыққа 

бірыңғай  ақпараттық  көзқарас  тұрғысынан  әдіснамалық  талдау  жасай 

алмайынша,  алған  білімдерін  өз  бетімен  шығармашылық  түрде  қолдана 

алмайтындай  деңгейге  жетіп,  ақпараттық  технология  тұрғысынантар 

бағытта дайындалған болып табылады.   

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Шекербекова Ш.Т. «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» пәнін оқытудың әдістемелік... 

 

 

 



Үшіншіден,  жоғары  оқу орны  информатикасының  мазмұны бойынша 

шығармашылық  ойлауды  дамытуды  толықтай  жүзеге  асыру мүмкін емес,  



    

                                                                                                                                           

305 

   


 

 

 



бұл  мазмұн  оқытудың  репродуктивтік  әдістеріне  негізделетіндіктен,  бұдан 

тұлғаның шығармашылық дамуына деген алғышарттар қамтылмайды. 

Психологтардың  зерттеуі  бойынша,  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны  (АКТ)  тиімді  қолдану  артуда,  егер  оқушының  информатика 

саласы  бойынша  білімі  мен  білігі  қазіргі  дүниетанымға  сүйенетін  болса, 

іргелілік және жүйелілік қасиеттеріне ие болады, ал АКТ қолдану шешілетін 

мәселені осы дүниетаным негізінде саналы түсінумен байланысты болады.  

Педагогикалық  жоғары  оқу  орнындағы  оқу  үдерісін  талдау 

информатиканы  оқудың  нәтижесінде  студенттер  мектеп  курсының 

мазмұнын меңгереді, информатика кабинетінің жабдықтары туралы түсінігі 

қалыптасады, 

программалау, 

программалық 

құралдарды 

қолдану, 

әдістемелік дайындығы туралы білімі, білігі және дағдысы дамиды. Бірақ та 

қазіргі  уақытта  көптеген  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында 

информатика  курсы  әлі  технологиялық  және  қолданбалы  бағытта  болып 

отыр. Бұл жағдайды болдырмау үшін, біздің пікірімізше, алдыңғы қатарлы 

іргелі  дайындықты  дамыту  үшін,  қазіргі  білім  берудің  негізгі  міндеттерін 

шешуге  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 

студенттерінің әдістемелік жүйесін жетілдіру қажет: 

•қоршаған  нақтылықтың  әртүрлі  саласын  меңгеруге  бірыңғай 

ақпараттық тұрғыдан негізделген ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; 

• ойлауды дамыту; 

• оқушыларды кәсіби іс-әрекетке және үздіксіз білім беруге дайындау. 

Мұндай дайындық тұлғаның ақпараттық қоғамдағы өмірлік іс-әрекеті 

үшін қажет болады. 

Педагогикалық жоғары  оқу  орындарының  студенттерін дайындаудың 

әдістемелік  жүйесі  қоршаған  әлемді  бірыңғай  ақпараттық  көзқарас 

тұрғысынан  талдауға  негізделген  қазіргі  ғылыми  дүниетанымды 

қалыптастыруға  бағытталған  болуы  тиіс,  біз  бұл  жүйені  кибернетикалық 

негіз тұрғысынан жетілдіруді ұсынамыз. 

Кибернетика  қоршаған  нақтылықтың  әртүрлі  саласына  байланысты 

басқару  және  байланыстар  үдерісін  жүйелік  ғылыми  зерттеуді  ұсынады. 

Қоршаған  әлемді  талдауда  бірыңғай  ақпараттық  көзқарасты  қолданумен 

байланысты сұрақтарды меңгеруде, ақпараттық үдерістерді, ақпаратты алу, 

тасымалдау,  сақтау,  түрлендіру  және  қолдану  әдістері  мен  құралдарын 

қарастыруда информатика және кибернетика пәндерін меңгерту мәселелері 

жиі  ұштасып  жатады.    Осы  тұжырымның  негізінде  қоршаған  әлемді 

талдауға байланысты кибернетикалық көзқарасты иформатиканы оқытудағы 

оқыту үдерісінде қолданылуы мүмкін. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Шекербекова Ш.Т. «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» пәнін оқытудың әдістемелік... 

 

 

 



Курстың  мазмұнында  барлық  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 

студенттеріне  информатиканы  екі  көзқарас  тұрғысынан  оқытуды 

ұсынылады: 


    

                                                                                                                                           

306 

   


 

 

 



1.  Әлемнің  жүйелік-ақпараттық  бейнесі,  басқару  органдарының 

мақсатқа  бағытталған  ақпаратты  алу,  түрлендіру  негізінде  басқару 

жүйесінің қызметі мен құрылымының жалпы ақпараттық заңдылықтары. 

2.    Ақпаратты  алу,  түрлендіру,  тасымалдау,  сақтау  құралдары  мен 

әдістері.  

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  көмегімен  кейбір 

есептер жиынтығын шешуде ақпаратты қолдану. 

Информатика  курсында    оқушыларды  мәліметтер  қорлары  мен 

мәліметтер  қорларын  басқару  жүйесі    (МҚБЖ)    негіздерін  оқытумен 

байланысты тақырыптар басты орындардың бірін алады. Бұл тақырыптарды 

үйрену  барысында  оқушылардың  бойында  информатиканың  негізгі 

ұғымдарын,  ақпараттық  жүйелердің  қызмет  етуінің  негізгі  ұстанымдарын, 

құрылымдалған  сұраныстар  тілін  пайдаланып,  ақпаратты  өңдеуді,  мектеп 

информатика  курсының  әр  алуан  тақырыптарының  өзара  байланысын  

тұтастай көре білу қабілеті қалыптасады.  

Педагогикалық  жоғары  оқу  орнында  мәліметтер  қорын  оқытудың 

әдістемелік  жүйесінің  негізі  Абай  атындағы  Ұлттық  педагогикалық 

университеттің физика-математика факультетінде жүзеге асырылуда.   

Оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  компоненттерін жетілдірудің  негізгі 

факторлары, А.М.Пышкалоның пікірімен келісе отырып, оқыту мақсатынан, 

мазмұнынан,  әдісінен,  формасынан  және  құралдарынан  тұрады  [1].  Осы 

талаптарға  байланысты  мамандарды  қазіргі  заманғы  дайындау  қоғамды, 

білім  беруді  ақпараттандыру  болып  табылады  Осыған  орай,  болашақ 

информатика  мұғалімдеріне  мәліметтер  қорын  оқытудың  әдістемелік 

жүйесін дайындауда келесідей элементтер ерекшеленді: 1. Мақсаттар: оқыту 

үдерісіндегі  мәліметтер  қоры  туралы  білімі,  білігі  мен  дағдысын 

қалыптастыру; оқу-танымдық үдерісіндегі мәліметтер қорымен жұмыс істеу 

тәсілін  қалыптастыру;  2.  Мазмұны:  мәліметтер  қоры  және  ақпараттық 

жүйелер  пәнін  оқытудың  мазмұны;  мәліметтер  қорымен  жұмыс  істеу 

дағдысын  қалыптастыру  бойынша  оқытудың  мазмұны  (оқыту  үдерісінде, 

оқу-танымдық  үдерісте,  таным  үдерісінде).  3.  Әдістер:  таным  әдістері; 

оқыту  әдістері:  белсенді  оқыту  әдістері;  сөздік,  көрнекілік,  практикалық, 

проблемалық,  репродуктивтік,  зерттеушілік,  өзіндік  жұмыс.  4.  Формалары: 

дәрістер,  семинарлар,  лабораториялық  жұмыстар,  арнайы  практикумдар, 

қосымшалар, 

курстық 


жобаларды 

қорғау, 


ғылыми 

семинарлар, 

конференциялар  және  т.б.  5.  Құралдары:  дидактикалық:  мәліметтер  қорын 

жобалау тапсырмалары; курстық жобалар және ақпараттық-іздеу жүйелері; 

техникалық; ақпараттық;  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

Шекербекова Ш.Т. «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» пәнін оқытудың әдістемелік... 

 

 

 



Әдістемелік  жүйені  құрудың  негізіне  педагогикалық  жоғары  оқу 

орындары  студенттерін  оқытудың  базалық  информатика  курсына 

ақпаратпен, 

ақпараттық 

модельдеумен, 

ақпарттық 

технологиямен 


    

                                                                                                                                           

307 

   


 

 

 



байланысты  курстың  мазмұнын  ашатын  тақырыптар,  негізгі  ұғымдардың 

тізімі енгізілуі тиіс.  

Оқу  курсының  негізгі  талаптарының  іргелілігі  қоғамның  ақпараттық 

мәдениетінің  құраушысы  болып  табылатын  әлемнің  қазіргі  ғылыми 

бейнесін  қалыптастырудың  ақпараттық-кибернетикалық  негіздерімен 

қамтамасыз етіледі. 

«Мәліметтер  қоры  және  ақпараттық  жүйелер»  курсының  мазмұнын 

іріктеуді  келесі  принциптерді  есепке  ала  отырып  жүзеге  асыру  қажет  деп 

есептейміз: 

Ғылымилығы  және  практикалығы.  Оқу  курсының  мазмұны  қазіргі 

ғылыми  жетістіктерге  және  оқу  материалының  негізін  және  жүйесін 

құраушы  компоненттерін  қанағаттандыратын  факторларға  қарама-қайшы 

болмауы  тиіс.  Бұл  қағида  бойынша  аталған  пәннің  іргелі  ғылымдармен 

байланысының  терминологиясы  қалыптаса  қоймаған  қолданбалы  пәндерге 

басты  назар  аударылады.  Мәселен,  «Мәліметтердің  реляциялық  моделі» 

тақырыбын  оқытуда  жиындар  теориясына,  қарым-қатынас  және 

предикаттар  логикасы  теориясына  негізделетін  реляциялық  алгебра  және 

реляциялық    есептеу  тәрізді  математикалық  мәселелерді  қарастыру  қажет. 

Бұл  мәселелерді  студенттер  жаратылыстану  ғылымындағы  «Дискреттік 

математика»  пәні  аясында  меңгереді,  сондықтан  студенттердің  білімін 

белсендіруге  қосымша  уақыт  бөлу  қажет.  Курс  материалын  меңгеру 

қарастырылып  отырған  сала  бойынша  іргелі  дайындық  деңгейі 

педагогикалық оқу орындары студенттерінің кәсіби іс-әрекетке дайындығын 

қамтамасыз  ететіндей  үздіксіз  білім  беру,  сонымен  қатар  оқу-тәрбие 

үдерісінде  студенттердің  шығармашылық  ойлауын  қалыптастыратындай 

болуы тиіс. 

Пәндер  арасындағы  пәнаралық  байланысты  ескеру  қағидасы.  Егер 

«Дискретті  математика»  курсын  оқытуда  теориялық  материал  студентке 

түсініксіз болғандықтан, студент алынған математикалық мәлімет практика 

жүзінде қолданылатындығына көзі жетеді. Мысалы, ақпараттық жүйелердің 

даму  кезеңдері  туралы  мәлімет  беріледі,  бұл  тақырып  студенттердің 

информатика  курсынан  алған  білімдерін:  ақпараттық  жүйелер  ұғымы, 

мәліметтер  ұғымы,  мәліметтерді  тасымалдаушы  және  т.б.    белсендіруге 

арналады. 



Жүйелілік  қағидасы.  Оқу  материалы  тақырыпқа  бөлінген,  бірнеше 

тақырып  бір  тарауға  жинақталады,  тақырыптар  арасындағы  байланыс 

жүзеге асырылады, аталған пәннің басқа пәндермен байланысына көп көңіл 

бөлінеді.  Аталған  пәннің  басқа  пәндермен  өзара  байланысын  көрсетудің 

мақсаты - пәнді  меңгеру  болашақ  кәсіби  іс-әрекетіне маңыздылығын ашу,  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Шекербекова Ш.Т. «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» пәнін оқытудың әдістемелік... 

 

 

 



сонымен  қатар  студенттің  болашақ  кәсіби  іс-әрекетіне  қызығушылығын 

арттыру. 



    

                                                                                                                                           

308 

   


 

 

 



Жеткіліктілігі  мен  жалпы  білім  беру.  Оқу  курсының  мазмұны 

студенттер құрамының ақыл-ойын дамытудың негізгі деңгейіне, оларда бар 

білім,    білік    және    дағдысы    деңгейіне   жауап беруі  тиіс. Курстың  оқу 

материалы  кибернетиканың  негізгі  тараулары  бойынша  барлық  жалпы 

маңызды, жалпы мәдени, жалпы білім беретін мәліметтерді қамтуы тиіс.  

Сонымен, студент әлемнің ақпараттық маңыздылығын, сонымен қатар 

ақпаратты  сақтауға  және  тасымалдауға  мүмкіндік  беретін  ақпараттық 

үдерістерді талдай білсе, олардың дүниетанымын кибернетикалық көзқарас 

тұрғысынан қалыптастыру жүзеге асырылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Пышкало А.М. Методические система обучения геометрии в начальной школе. Авт.доклад по 

монографии «Методика обучения геометрии в начальных классах» пред. ... докт. пед. наук. –

М.-1975.-с.7. 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Е.МАМЫРОВ   

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 

 

О.Қ.ДҮЙСЕНОВ 

педагогика ғылымдарының кандидаты 



    

                                                                                                                                           

309 

   


 

 

 



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 

 

ЖАСӨСПІРІМ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ ІС-ӘРЕКЕТІН 



ДАМЫТУДЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

 

 



В  статье  рассматриваются  педагогическая  структура  физической  подготовленности  и 

развитие двигательных способностей у юных волейболистов для достижения высоких результатов 

в спорте.  

 

The article is about the pedagogical structure of physical training and development of movement 

abilities of young volleyball-players for achievement of high results in sport. 

 

Спорттық  жаттықтыру  дайындықтың  негізгі  бөлімдерін  немесе 

салыстырмалы дербес: әдістік, дене дайындық, тактикалық, психологиялық, 

теориялық және интегралды  түрлерін қамтиды.  

 

Осындай  құрылым  спорттық  шеберлікті  құраушылар  жөніндегі 



бейнені  сипаттайды,  оларды  жетілдіру  тәсілдері  мен  құралдарын,  бақылау 

жүйесін және спорттық жетілдіру процесін  басқаруды жүйелеуге мүмкіндік 

береді. 

 

 Дайындықтың 



құраушысы  оның  басқа  бөліктерін  жетілдіру 

дәрежесіне  тәуелді  екенін,  онымен  анықталатынын  ескерген  жөн  және  өз 

кезегінде олардың деңгейін анықтайды [1]. 

 

Волейболда  жекелеген  қозғалыс  іс-әрекеттер  түрлері  сан  алуан 



болады,  сондықтан  олардың  әрқайсысының  дамуы  мен  тиімді  жетілдірілуі 

тиісті  ғылыми  негіздеуді  талап  етеді.    Басқа  да  спорттық  ойындар  сияқты 

волейбол  ойыны  процесінде  қарсыластың  күтпеген  әрекеттеріне  жылдам 

бейімделу,  ойынның  жекелеген  техникалық  әдістерін  орындауда  

жылдамдығы жоғары бейненің көрінуі, бағдарлану шапшаңдығы, уақыттың 

қатаң  тапшылығы  мен  командадағы    серіктестермен  өзара  әрекеттің 

күрделілігі  жағдайында  ауысу,  шабуылдау  және  қорғану    әрекеттерінің 

қажеттілігі мәселесі  туындайды.  Волейболдағы  жарыс ережелерінің соңғы 

өзгерістері  ойынның  едәуір    қарқынды  болуына  бағытталады  [2]. 

Нәтижесінде  бұл  арнайы  дене  дайындық  процесін  күрделендіреді  және 

спортшының  кәсіби  дене  қасиеттерінің  дамуын  жеткілікті  жоғарғы 

көрсеткіштерге  ие  болуын  талап  етеді.  Оларды  жүзеге  асыруда  дайындық 

тәсілін жасау қажеттілігі ойын әдісімен өзара байланысты болады.  

 

Волейболшылардың  арнайы  дене    дайындық  түрлерін  зерттеуге 



бағытталған жұмыстар жеткілікті. Алайда бұл саладағы ғылыми зерттеулер 

негізінен волейболда спорттық жетістіктерге әртүрлі деңгейде ықпал етуші 

қозғалыс  қабілеттіліктері  немесе  дайындықтың  жекелеген  түрлерін 

зерттеуге бағытталған. Бірқатар авторлар, Л.В.Волков, Е.В.Фомин өздерінің 

ғылыми-зерттеу   еңбектерінде     шапшаңдық      көрсеткіштерін       зерттеп

волейболшылардың күш қабілеттіліктері жөнінде мәліметтер келтірген.  




жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет