Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.

бет36/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балаларды жас ерекшелігіне қарай халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу

 

 


    

                                                                                                                                           

262 

   


 

 

 



 

бұл факторларды есінен шығарып алмауы тиіс. 

Еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформа  жас  ұрпақтың 

әрқайсысының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуында  маңызды  мәселелерді 

шешудің  түрлі  жолдарын  қарастыруды  көздейді.  Бұл  бетбұрыс  әлемдік 

жаһандану  заманына  алғашқы  қадам  болып  табылады.  Әр  жас  өркеннің 

азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де жауапты 

сала, ол - білім беру жүйесі. 

Елдің  елдігін  сақтап,  көркейтетін,  басқа  елмен  терезесін  тең  етіп 

өркендететін, сондай-ақ болашағын айқындап та беретін осы білім беру ісі. 

Жас  ұрпаққа  білім  беру  мәселесі  отбасынан  бастап,  еліміздің  қоғамдық 

жүйесін  толық  қамтиды,  сондай-ақ,  оның  әрбір  мүшесін  бей-жай 

қалдырмайды. Мұнда мектепке дейінгі тәрбиенің рөлі ерекше орын алады. 

Балабақшадағы  оқыту  процесі  баланың  оқуға,  жазуға  дайындық 

әрекеттерін  қалыптастыруды  көздейді.  Ол  өзіміз  білетін:  саусақ  еттерін 

шынықтыратын түрлі сызықтар, фигуралар сызуға; тілін сындыратын түрлі 

жаңылтпаш, 

өлең-тақпақтар 

жаттатуға; 

ойын 


жүйелі 

жеткізуге 

дағдыландыратын  түрлі  тақырыптағы  ертегілер  мен  әңгімелер  тыңдату, 

айтып  беруге,  қиялын  дамытып,  ойындағысын  қағаз  бетінде  сипаттауға, 

сурет салуға, т.б. баулу. 

Эксперимент  жағдайында  баланың  ортасына  бейімделуі  мен 

айналасындағыны  қабылдауына  жүргізілген  мониторинг  мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  мектептегі  оқыту  арасындағы  бірізділіктің,  сабақтастықтың 

ғылыми-теориялық  негіздерін  ескеруге,  сөйтіп  тәжірибедегі  олқылықтың 

орнын толтырудың нақты жолдарын қарастыруға бағыт берді [2]. 

Балалардың  мектепке  даярлығының  маңызды  көрсеткіші  -  олардың 

физиологиялық дамуы мен жалпы денсаулық жағдайы. 

Халықтық  тәрбие  бүгінгі  таңда  өзінің  өміршеңдігін  дәлелдеді. 

Халықтық  тәрбиенің  қазынасында  сақталған  мол  мұра  теорияға  да, 

практикаға  да,  ғылымға  да,  білімге  де  қызмет  жасай  бастады.  Қазіргі 

заманғы  педагогика  жоқ  кезде  де  ата-бабаларымыз  ұрпақ  тәрбиесімен 

барынша  ыждағаттылықпен,  аса  үлкен  мән  бере  отырып  шұғылданған, 

қазақи  тәрбиенің  жүйесін  қалыптастырған.  Мектеп  жасына  жеткен 

балаларды  жалпыға  бірдей  міндетті  оқумен  қамту  жоқ  кезде  де  білім  беру 

мен  тәрбиелеу  процестері  жүрмей  қалған  жоқ.  Онымен  біздің аталарымыз, 

әке-шешелеріміз,  аға-апаларымыз,  ақындар  мен  батырларымыз,  билеріміз 

бен  шешендеріміз  айналысқан.  Олар сол  заманның  қолында  дипломы  жоқ, 

ешқандай арнаулы оқу орнын бітірмеген педагог-ұстаздары болған. 

Қазақ  баласы  батырларға  қарап  садақ  тартудың,  палуандарға  қарап 

күресудің  әдіс-айласын  үйренсе,  әншілерге  қарап  дауыс  қоюды  және  ән 

айтуды  меңгерді,  ақындарға  қарап  айтыс  өнеріне  машықтанды,  шешендер 

мен  билерге  қарап  шаршы  топта  сөз  бен  билік  айтуға  дағдыланды. 

Аталарымыз  оларға  ауа-райының  құбылуын  болжауды,  жұлдыздар  жолын 

бақылауды  үйретіп,    астрономиялық    білім    берді.   Мал   баққан    қазақ  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балаларды жас ерекшелігіне қарай халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу

 

 


    

                                                                                                                                           

263 

   


 

 

 



 

баласына  біртіндеп,  топтап  санауды  үйретіп,  математикаға  баулыса, 

сынықшылар  шыққан  қолды,  сынған  сүйекті  қаз-қалпына  келтіріп,  оларға 

медициналық білім берді. 

Әкеге  қарап  ұл  бала  сыртқы  шаруаның  жайын  ойластыруға,  елі  мен 

жерін сүюге және қорғауға тәрбиеленсе, шешеге қарап қыз бала ас әзірлеу 

мен  киім  тігу,  қонақ  күту  мен  жайғаудың  қыр-сырына  қанығып, 

инабаттылыққа тәрбиеленді. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» 

деген сөз осыдан қалған. 

Қайныларына  «Ақтөрем»,  «Мырза  бала»,  «Сотқар»  деп  ат  қойып,  ал 

қайынсіңлілерін  «Айнамкөз»,  «Бөпежан»,  «Шырайлым»  деп  еркелеткен 

жеңге  тәрбиесі  өзінше  бір  бөлек  дүние  [3].  Бас  қосқан  жері  -  мектептің, 

жасы  үлкені  мен  тәжірибесі  бары  –  ұстаздың  балалары  -  оқушының, 

қоршаған  табиғаты  -  көрнекіліктің  рөлін  атқарған  халықтық  білім  беру 

жүйесінің артықшылықтары да жоқ емес.   Оны   одан   әрі   зерттеу,   құнды   

жақтарын   кәдеге   жаратудың жолдарын көрсету ғалымдардың үлесінде. 

Қазақстан  Республикасы  егемен  ел  болғаннан  бері  ұлттық  тәлімнің 

қайнар  көзі  -  халық  педагогикасының  теориялық  та,  тәжірибелік  те 

істерімен  жан-жақты  үздіксіз  айналысып,  қазақ  этнопедагогикасының 

қарыштап  дамуына  үлес  қосып  келе  жатқан  ғалымдарымыздың  ішіндегі 

көрнектісі  де,  бірегейі  де  профессор  Серғазы  Қалиұлы.  Ол  халықтық 

педагогиканың тәрбие қағидаларын бүгінгі заманның оқу үрдісіне енгізудің 

әдіс-тәсілдерін  ұсынып,  мектеп  мұғалімдері  мен  студенттерге  арнап 

халықтық  педагогика  және  этнопедагогикалық  білім  беру  бойынша 

маңызды еңбектер жазған, еңбекқор ғалым. 

Серғазы  Қалиұлының  еңбектері  жаңа  заманға  сай  болашақ  ұрпақтың 

мәдени  және  рухани-интеллектуалдық  болмысын  қалыптастыруда, 

Қазақстан  мектептеріндегі  тәрбие  үдерісін  ұлттық  деңгейде  дамытуда 

идеологиялық басымдық қызмет атқарады [4]. 

Жастайынан  өз  ұлтының  тәлім-тәрбиесінен  тағылым  алып  өскен 

ғалым-ұстаз өз елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ырымын, жол-жораларын 

терең  біледі.  Сондықтан  болар,  халықтық  педагогиканы  қалың  көпшілікке 

жеткізуді насихаттауға барынша үлес қосып келеді. 

Атап  айтсақ,  Қарағанды  қаласының  Балалар  мен  жеткіншектер 

сарайының  қосымша  білім  беруші  ұстазы  Б.Бекжігіттің  домбыра  үйірмесі 

және ұлт аспаптар оркестріне арнайы жазылған «Перне сазы» атты 3 жылға 

жоспарланған косымша білім беру бағдарламасы күй аталары Құрманғазы, 

Дәулеткерей,  Тәттімбет  шығармаларын  балаға  жеткізе  отырып,  тәрбие 

сабағы  барысында «Бесікке бөлеу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», т.б. 

сол сияқты көптеген ұлттық салт-дәстүр, рәсімдерді ән мен сюжетті рөлдік 

ойын арқылы дәріптейді [5]. 

Серғазы 


Қалиұлы 

анықтап  берген 

халық 

педагогикасында 



насихатталатын тәрбиенің басты 8 ұстанымы мыналар: 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балаларды жас ерекшелігіне қарай халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу

 

 

 



    

                                                                                                                                           

264 

   


 

 

 



1) Халықтық тәрбие  бастауы - әдептілік. Баланы әдептілікке үйрету  

негізгі міндет болуы тиіс. 

2) Қайырымдылық - ауру, сырқау, кем-кетік адамдарға қол ұшын беру, 

қайырымдылық жасау - гуманизмнің басты шарты. 

3)  Баланы тіл алғыш, елгезек, еңбек сүйгіш болуға үйрету. 

4)  Адалдық пен шындыққа баулу. 

5)  Баланың  көпшіл  болуы.  Ұстаз  бен  көпті  көрген  қарияның  сөзін 

өнеге ету. 

6) Үлкенді, ата-ананы сыйлау. 

7)  Кісі  айыбын  бетіне  баспау,  кемтар  адамға  күлмеу,  инабатты, 

сыпайы болу. 

8) 


Ел қорғаны болу, халыққа адал қызмет ету [6]. 

Ғалым  өз  еңбектерінде  осы  идеялар  мақал-мәтелдер  мен  өлең- 

жырларда,  терме-тақпақтар  мен  өнегелі  өсиет  сөздерден  өзекті  орын 

алатындығын көрсете білді. Ал тәрбиенің бұл принциптерінің бәрі - ғылыми 

педагогиканың  да  басты  қағидасы  екендігін  атап  айтады.  Олай  болса, 

ғылыми  педагогика  мен халықтық  педагогика  идеялық жағынан жалғасып, 

үндесіп, сабақтасып жатқандығы аян. 

Ерте  жастан  басталатын  тәрбие  халық  педагогикасында  салт-

дәстүрлер  арқылы  сіңіру  әдісімен  көрініс  табады.  Олардың  қатарына  әйел 

адамдардың перзентін жарық дүниеге келтірер алдындағы алуан әзірліктері 

дүниеге  перзент  келтіретін  шақтағы  сан  мазмұнды  беретін  іс-әрекеттер 

жиынтығы,  баланы  сыртқы  күйлік  сылап-сипау  тәрбиесі  кезеңі,  бесікке 

салуға  әзірлік,  бесікке  салу  және  бесікті  тәрбиелеудің  тәрбиелік  мәні 

алғашқы қадамға даярлық, тұсау кесу және туған күннен бастап рет-ретімен 

айтып отыратын бесік жырлары,  тұсау кесу жырлары, ойын-сауық өлеңдері

санамақтар,  «Қазақ  поэмалары»,  өтірік  өлеңдер,  һәм  және  жан-жануарлар 

туралы, төрт түлік жөніндегі жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақалдар 

мен мәтелдер жатады. 

Ұрпаққа  оны  сіңірудің  тәсілі  ретінде  «атаға  қарап  ұл  өсетін,  анаға 

қарап қыз өсетінін ұл» мен қыз санасына ерте жастан сіңірген. 

Сөйтіп әке балаға түзді, шеше қызға үйді үйреткен. Осы кезден бастап  

әке-шеше  өз  ұрпағына  «Жеті  жұртты  білген ер, жеті жұрттың  қамын жер»  

дегендей дұрыс тәрбие беріп, ұл-қызын өз ошағының, бүкіл өз елінің, тіпті 

жеті жұрттың қамын жейтін, қарақан басынан аса алмайтын «Қарынбай» ие 

болмаса,  қаныпезер  қанішер  болмай  өсетін  ұрпақ  етіп  қалыптастыруды 

армандап, бар ғұмырын сарп еткен. 

Келесі  тәсіл:  табиғат  құбылыстары,  жыл  мезгілдері,  жан-

жануарлардың  төрт  түлікті  таныту  арқылы  тәрбиелеу.  Бүкіл  дүниеге  жан 

бітірген көктемнің   келуі, жарқырап жаздың шығуын, сұрғылттанып күздің 

келуін,  қатал  қыстың  қаһарға  мінуін,  күннің  күркіреп,  найзағайдың 

жарқылдауы, күн мен айдың туылуы, күннің қызарып батып, шығуы міне – 

осылардың  бәрін  бабаларымыз  тәрбие   мен   білім   берудің ұлт тағылымы   



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балаларды жас ерекшелігіне қарай халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу

 

 


    

                                                                                                                                           

265 

   


 

 

 



 

мен   халық  педагогикасындағы   ұлы  желісі  ретінде   шебер   пайдалануға 

өздерінің әсерлеп айтатын әңгімесі, ұзақты    таңға жырлайтын дастандары, 

қайым айтыстары мен өлеңдері арқылы ұрпақ санасына дәл және дер кезінде 

сіңдіріп отырған. 

Ата-бабаларымыз баршаға өмірді әр қырынан қарап үйренуді де ерте 

бастан  сіңіре  білген,  балаға  өмірді  әр  қырынан  -  өтірік  өлеңдер,  

жаңылтпаштар  мен  жұмбақтар,  мақалдар  мен  мәтелдер  айта  отырып, 

өмірдің мағынасын ашып көрсеткен. Мәселен, жаңылтпаштар баланың тілін 

ұштай   түсіп, еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуін, ал өтірік өлеңдер 

қиыннан  қиыстырмаған  тапқырлықты,  үлкен  ой-қиялды  қалыптастырады. 

Оларда көбінесе өмірде болатын нәрселер, құбылыстар керісінше айтылады. 

Жұмбақтардың  бала  ойын  дамытып,  ширатуда  үлкен  орны  бар  [7].  Онда 

өмірде кездесетін заттар мен кәсіп-тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат 

құбылыстары,  аспан  денелері,  жер  көлемін  өздеріне  тән  белгілері  арқылы  

бейнеленеді,  бірақ  олардың  аттары  аталмайды.  Сол  сипат,  сол  белгілеріне 

қарап  отырып, балалар олардың шешімдерін табуға тиіс.  

Жұмбақ,  негізінде,  баланың  ақыл-ойын  дамыту,  ой-өрісін  кеңейту 

үшін әдейі ойлап табылған педагогикалық-психологиялық әдіс. Жұмбақтың 

сыры баланы әрқашан асықтырып, ілгері жетелейді. Соның негізінде өзі де 

көрген-білгенін жұмбақтап, тұспалдап  айтуға үйренеді. Мақал-мәтелдер  -  

халықтың  ғасырлар  бойғы  ой-пікірінің  жиынтығы,  тоқсан  ауыз  сөздің 

тобықтай түйіні. Кейде бір мақалдың тууын, мазмұнын түсіндіру үшін тұтас 

бір  әңгіме,  аңыз  айтылады.  Содан  туатын  үлгілі  сөз,  аталық  ақыл  ұрпақ 

құлағына ену арқылы  ұлттық ойлау деген сана қалыптастырылып, ата-баба 

салған  осы  желі  арқылы  бізге  жетеді,  біз  сол  желінің  ұшын  ертерек  өз 

баламыз  бен  немеремізге  ұстаудың  дәстүрін,  педагогикалық  жүйесін 

қалыптастыруымыз керек. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Ұзақбаева С.А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. Пед. ғыл. док. диссер. - 

Алматы, 1993. - 420 б. 

2.

 



Төлеубекова  Р.К.  Жоғары  сынып  оқушыларын  жаңа  әлеуметтік  мәдени  жағдайда  адамгершілікке 

тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері: пед. ғыл. док. диссер. / Ғылыми кеңесші Бейсенбаева 

А.А.  - Алматы, 2001. - 311 б. 

3.

 



Алеуов  У.,  Жумабеков  А.К.  Общественно-педагогическая  мысль  древних  тюрков.  -  Казань:  ФАН, 

2007. - 40 с. 

4.

 

Дергунова  Е.Е.  Перспективы  развития  этнопедагогики  в  Казахстане во  второй половине  ХХ  века // 



Келешек  -  2006:  Студенттер  және  жас  ғалымдардың  республикалық  ғылыми  тәжірибелік 

конференция еңбектерінің жинағы. - Жезқазған: АО ЖезУ, 2006. - Кітап 1. - С.102-106. 

5.

 

Есенжолова  С.Д.  Роль  этнопедагогического  образования  в  формировании  специалиста  ХХI  века 



Качество  образования  –  фактор  цивилизации  ХХI  века:  Материалы  ХХХIV  научно-методической  

конференции  профессорско-преподавательский состав  КазНУ имени  аль-Фараби  /  -  Алматы:  Қазақ 

университеті, 2004. - Кн. 2. - С.169-171. 

6.

 



Анартаева Г.У. Педагогические основы формирования гуманизма у подростков в процессе учебно-

воспитательной  работы:  диссертация  кандидата  педагогических  наук  /  Ташкентский 

государственный технический университет имени Абу Райхана Беруни; - Ташкент, 2004. - 162 с. 

7.

 



Сырымов  І.З.  Мектептің  тәрбие  үрдісіндегі  ынтымақтастық  педагогикасы  және  жеке  тұлғаға 

бағытталған тәсіл. - Тараз: Сенім, 2003. - 87 бет. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Б.Т.ОРТАЕВ  

    

                                                                                                                                           

266 

   


 

 

 



 

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

С.Ш.ӘЛІМБЕКОВА  

 

педагогика ғылымдарының кандидаты



  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 



 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДАҒЫ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ РӨЛІ 

 

 В  этой  статье  разносторонне  рассматривается  роль  педагогических  заданий  в  подготовке 

будущих учителей к формированию технологической культуры учащихся. 

 

 

  The author of the article researches the role of pedagogical tasks in training of future teachers for 

formation of technological culture of pupils. 

 

Білім  беру  жүйесінің  кез  келген  құрылымындағы  педагогикалық 

процестің нәтижелі болуы оны құраушы элементтердің толық мәнді жүзеге 

асырылуына  байланысты.  Білім  берудегі  басшылыққа  алынатын 

нормативтік  құжаттарда,  оның  ішінде  білім  стандарттарында,  оқу  пәні 

бойынша  типтік  бағдарламаларда  білімгердің  білімі  мен  іскерліктері 

белгіленгенімен,  осы  межелі  талаптарға  сәйкес  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін 

оқу процесі ұйымдастырылатыны айқын. 

Оқыту  процесін  құраушы  компоненттерді  бір-бірінен  бөліп 

қарастыруға болмайды. Оның ішінде оқытуды ұйымдастыру формалары мен 

әдістері  -  оқу  процесінің  негізгі  элементтері  екендігін  көруге  болады.  Ал 

оқытудың мақсаты мен нәтижесінің сәйкес болуы педагогикалық процестің 

негізгі шартының бірі. Әрі бұл шарттың орындалуы үшін оқыту процесінде 

дидактикалық 

қағидалар 

басшылыққа 

алынады, 

технология 

пән 

сабақтарында оқытудың өндірістік жүйелері таңдалады және педагогикалық 



құралдар  жүйесі  оқыту  процесінің  толық  мәнді  жүзеге  асырылуын 

қамтамасыз етуге бағытталады. 

Оқыту  процесінің  нәтижелі  болуы  білімгердің  ынта-ықыласына, 

педагогикалық 

тапсырмаларға 

байланыстылығын 

ұмыт 

қалдыруға 



болмайды.  Педагогикалық  тапсырмалар  –  оқу-тәрбие  процесінде 

педагогикалық  құралдар  жүйесі  құрамында  қарастырылып  та  жатады және 

кейбір жағдайларда оның жеке құраушы элементі ретінде де анықталады. 

Сонымен,  «педагогикалық  тапсырмалар  не  үшін  керек»  деген  сұрақ 

туындайды.  Көп  жағдайда  педагогикалық  тапсырмалар  және  олардың 

түрлерін оқыту процесінде қолдану теориялық білімді практикада қолдану, 

тексеру және білім, іскерлік нәтижелерін бағалау құралы, өлшемі ретінде де 

қарастырылатыны  айтылады,  әрі  ол  жоққа  шығарылмайды.  Сондай-ақ, 

педагогикалық тапсырмалар білімгердің болашақ кәсіби іс-әрекетіне қажетті  

сапалық  қасиеттерді  қалыптастыру   құралы  да  болып табылады. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

267 

   


 

 

 



Педагогикалық  тапсырма  –  оқу  процесінің  тиімділігін  және  сапасын 

арттыруға,  оқытуды  белсенділендіруге  қабілетті  ететін,  дайындықтың 

деңгейін бақылау және оқыту құралы. Белсенділендіру дегеніміз мұғалімнің 

оқыту және оқушының оқу іс-әрекетін күшейтуді, жетілдіруді қарастырады. 

Сондай-ақ,  педагогикалық  тапсырмаларға  есептер,  жаттығулар, 

сұрақтар,  тестік  және  тестік  емес  формадағы  тапсырмалар  жиынтығы 

жатады.  Олар  оқу  процесінде  өзіндік  жұмысты  және  педагогикалық 

бақылауды ұйымдастыруда пайдаланылады. 

Барлық  тапсырмаларды  екі  шартты  топқа:  оқыту  (немесе  оқу)  және 

бақылау  үшін  тапсырмалар  деп  бөлуге  де  болады.  Басым  көпшілік 

тапсырмаларды оқушыларды оқыту үшін және олардың білімдерін бақылау 

үшін  қолданылады.  Объективті  бақылау  үшін  бәрінен  бұрын  тестік 

тапсырмалар  ыңғайлы  келеді,  оларды  пайдалану  мұғалімнің  көмегінсіз  де 

баға қоюға мүмкіндік береді. 

Оқыту  процесінде  педагогтің  әртүрлі  тапсырмаларды  пайдалануы, 

педагогтің  және  білімгердің  (студенттің,  оқушының)  өз  бетінше  оқуының 

психологиялық  және  педагогикалық  мақсатынан,  білімді  бекітуден 

туындайтыны даусыз. 

Педагогикалық тапсырма оқу процесінде студентті, оқушыны дамыту 

және  олардың  өзінің  оқу  іс-әрекетін  (оқу)  белсендіру  үшін  пайдаланатын, 

сұрақ, есептер және басқа да құралдар сияқты ұғымдар жіктемесін қамтиды. 

Жоғары оқу орындарында студенттерді белсенді етудің және бір факторы – 

студенттердің  өзіндік  жұмыстары  және  оқытушының  басшылығымен 

орындайтын өзіндік жұмысы. Өзіндік жұмыста басшылыққа алу үшін (оның 

ішінде саралау мақсатында) тапсырмалар жүйесі құрылады. 

Тапсырма  –  бұл  танымдық  технологиялық  есептерді  жүзеге  асыру 

формасы, сондай-ақ ұғымдар жүйесін қалыптастыру кезіндегі оқытушы мен 

студенттің  іс-әрекетіндегі  байланыстырушы  буын.  Жоғарыда  айтып 

өткендей,  сұрақтар  мен  жаттығулар  тапсырмалардың,  оның  ішінде 

педагогикалық тапсырманың бір түрі. 

Сұрақ  –  ол  білмеуден  білуге  өтуді  қоздыратын  тапсырма  түрі;  ол 

туындаған,  аяқталмаған  білім  формасы;  ол  берілген  сұрақты  шешудегі 

бастапқы  әрекет.  Педагогтың  (оқытушының,  мұғалімнің)  сұрақтары  –  ол 

студенттердің,  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  белсенді  ету 

құралы.  Студенттердің,  оқушылардың  сұрақтары  –  олардың  ойлауының 

және  сөйлеу  мәдениетінің  даму  құралы.  Олар  студенттің,  оқушының 

ойының  қалыптасуын  көрсетеді,  олардың  білімдегі  қажеттілігін,  оқуға 

қатынасын  білдіреді.  Сұрақтар  ақыл-ой  дамуының  көрсеткіші  және 

студенттің оқу іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады. 

Мектептегі «Технология» оқу пәнінің мазмұны мен мақсатына сәйкес, 

оқушылардың  технологиялық  дайындығын  қалыптастыру  мәселесі  жоғары 

оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау мазмұны мен процесінде 

жүзеге   асырылу  қолға  алынуда. Ол  үшін    дайындық    құраушыларының  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

268 

   


 

 

 



негізгі  төмендегідей  түрлері  ішкі  жүйені  түзіп,  аталған  дайындықты, 

мәдениетті жүзеге асырудың негізін қалайды: 

-  болашақ  мұғалімдердің  еңбекке  дайындық  бағытына  сәйкес 

технологиялық  мәдениеті  (бұл  дайындық,  мәдениет  түрі  мұғалімнің  еңбек 

түріне,  мазмұнына,  сипатына  сәйкес  техника-технологиялық  түрлендіруші 

іс-әрекетімен айқындалады және жүзеге асады); 

-  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетіне  тән 

технологиялық мәдениеті (бұл дайындық, мәдениет түрі мұғалімнің жалпы 

педагогикалық іскерліктерін және әдістемелік дайындығымен айқындалады 

және жүзеге асады); 

-  оқушылардың  технологиялық  мәдениетін  қалыптастыруға  болашақ 

мұғалімдердің  нақты  әдістемелік  дайындығы  (аталған  мәселені  шешуге 

қатысты мұғалімнің білімі, іскерлігі мен сапалық қасиетінен жинақталады). 

Аталған  дайындық  түрлері  жоғары  оқу  орындарында  сәйкес  пәндерді 

зерделеумен  және  практикалық,  өзіндік  іс-әрекеттерді  орындаумен 

байланысты  жүзеге  асады  [1].  Аталған  дайындық  бағыты  бойынша  оқу 

жұмыстары  барысында  педагогикалық  тапсырмалардың  өзіндік  орны  бары 

анықталды және біздер тараптан дайындалып оқыту барысында қолданылды 

[2]. 

Болашақ  мұғалімдердің  еңбекке  дайындық  бағыты  бойынша 



педагогикалық  тапсырмаларды  таптастыру  мен  олардың  мазмұнын 

әзірлеуде  көптеген  педагог-ғалымдардың  еңбектері  басшылыққа  алынды 

(Д.А.Тхоржевский,  С.И.Поликанин,  т.б.).  Танымдық  технологиялық 

тапсырмаларды төмендегідей тектерге (типтерге) бөлу дұрыс деп білеміз: 

І тек. Объектіні, құбылыстарды (технологиялық процестерді) сипаттау 

(таптастыру). 

ІІ  тек.  Технологиялық  процестерді  орындаудағы  себеп-салдарлық 

байланыстарды анықтау, құбылыстың себебін түсіндіру. 

ІІІ  тек.  Негізгі  ұғымдардың  мәнді  белгілерін,  байланыстарын  және 

қатынастарын белгілеу (табу), олардың құрылымын модельдеу. 

ІV тек. Кешенді және оның ішінде пәнаралық есептерді шешу. 

V  тек.  Технологиялық  процестерді  орындауда  тапсырмалардың 

алгоритмін өз бетінше құру. 

Келесі  кезекте  әрбір  тектік  тапсырмаларды  орындаудың  алгоритмі 

белгіленіп оны төмендегідей үлгіде ұсындық.  

І текті тапсырмалар алгоритмі (объектіні, құбылысты сипаттау): 

1.

 

Байқау, эксперимент және талдап, объекті жөніндегі эмпирикалық 



мәліметтерді қорыту. 

2.

 



Объектінің  жалпы  белгілерін  бөліп  алу,  оның  жіктемесін 

(классификациясын) анықтау. 

3.

 

Объектіні сипаттаудың жоспарын құрастыру. 



4.

 

Объектінің талдап қорытындыланған сипаттамасы. 



 



1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал