Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет34/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Керімов Л., Паштанов С.

 

Мектепте және отбасында жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау

 

 

 



жасөспірімдердің  жас  ерекшеліктеріне  және  қызығушылықтары  мен 

бейіміне,  қабілеттеріне,  іс-әрекеттеріне,   түрткілеріне,  т.б. психологиялық  

терминдердің  кәсіби  бағдарлаудағы  мән-мағанасына  үңілуіміз  керек. 


    

                                                                                                                                           

249 

   


 

 

 



Сонымен  қатар  өмірлік  жоспар,  өмірлік  ұстаным,  мақсат  терминдерінің  де 

маңызы зор.  

Жасөспірімдік  шақ  –  адамның  сана-сезімінің  қалыптасып,  өмірлік 

ұстанымдары  мен  жоспарларының  айқындалатын,  өз  бейімділіктері  мен 

қабілеттерін  айыра  алатын  жас  кезеңі.  Бұл  мәселе  жөнінде  И.С.Конның 

арнай еңбектері бар.  

Кәсіп  таңдау  оқушылардың  өмірлік  жоспарына  және  өмірлік 

ұстанымдарына  байланысты.  Бұл  жөнінде  зерттеген  Ж.Бейсенова:  «Кәсіби 

бағдар  берудегі    ең  негізгі  және  едәуір  күрделі  міндет  оқушылардың 

қажеттіліктерін,  қызығушылықтарын,  өз  беттілікке  қабілеттіліктерін,  

мамандықты саналы  таңдауын  және  оны  өз  бетінше  ары қарай жетілдіруін 

қалыптастыру.  Мұндай  міндеттерді  шешу  көбінесе  оқушылардың  өзіндік 

ұстанымдарына,  өмірлік  жоспарларына  байланысты.  Бұндай  жағдайда 

олардың бейімділіктері тұрақты болып келеді»,- дейді [1.23-25].  

Мамандық  таңдау  оқушылардың  өмірлік  жоспарына,  өмірлік 

ұстанымдарына  байланысты  және  осының  негізінде  олардың  кәсіби 

бейімделуі айқындалады.  

Қызығушылық белгілі бір құбылыстарды тануға ұмтылуынан көрінеді. 

Қызығушылықтардың  түрлері  көп.  Оның  ішінде  бізге  қажеттісі  кәсіби 

қызығушылық. 

Жасөспірімдердің 

белгілі 


бір 

мамандыққа 

қызығушылықтарын  анықтау  қиын  емес.  Мысалы,  өсімдіктерге  қызығу,     

автомобильдерге,  өнердің  бір  түріне,  т.б.  қызығуды  осы  мәселелер 

төңірегінде  әңгімелеп, тұрақты зейін қоюынан білуге болады.  

Алайда,  кәсіби  қызығушылықтардың    ауқымы  кең,  әртүрлі  болып 

келеді.  Қызығушылық  кездейсоқ  емес,  тұрақты  болып  келсе,  мамандық 

таңдау  нәтижелі  болады.  Қызығушылықтардың  жаңадан  пайда  болып, 

тұрақтауы  да  мүмкін.  Оқушылардың  қызығушылықтарына  әртүрлі 

факторлар,  атап  айтқанда,  теледидар,  көркем  әдебиет  шығармалары,  өнер 

туындылары, кәсіп иелерінің үлгі-өнегесі т.б. ықпал етеді.   

Сыныпта  және  отбасында  жасөспірімдермен  әңгімелесу  барысында   

олардың қандай мамандыққа қызығатынын анықтауға болады. Себебі, олар 

өздерін  толғандыратын,  қызықтыратын  құбылыстар  төңірегінде  жиі  әңгіме 

қозғап, өздерін толғандыратын мәселелерді көтере біледі.   

Қызығушылықтардың  барлығы  бірдей  мамандық  таңдауға  ықпал  ете 

бермейді.  Ол  үшін  оқушының  кәсіптің  бір  түріне  бейімі  болуы  керек. 

Қ.Жарықбаев:  «Қызығу  көбінде  баланың  бір  нәрсеге  бейіміне  қарай 

көрінеді»,-  дейді  [2.50].  Ал,  А.Орлов:  «Адамның  кәсіптің  бір  түріне 

бейімділігі  оның  ол  нәрсеге  ұмтылуынан,  қызығушылықтың  тереңдеуінен 

байқалады»-  дейді  [3].  Яғни,  кәсіби  қызығушылық  кәсіби  бейімделуге 

байланысты.  Оқушының     мамандыққа     бейімі     белгілі   бір іс-әрекетке  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Керімов Л., Паштанов С.

 

Мектепте және отбасында жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау

 

 

 



ұмтылуынан  көрінеді.  Қ.Жарықбаевтың  пікірінше,  бейімділік  адамның 

белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға бет бұруы, оған көңіл аууы оянып келе 

жатқан қабілеттің алғашқы белгісі [2.262]. Сондықтан, мына мәселеге назар 


    

                                                                                                                                           

250 

   


 

 

 



аудару  керек.  Қызығушылықтың  тұрақты  болуы  бейімділікке  байланысты. 

Ф.Н.Гоноболин:  «Іс-әрекет  процесінде  қызығулар  бейімділікке  ұласады»,- 

дейді  [4].  Демек,  жасөспірімдер  дұрыс  мамандық  таңдау  үшін 

қызығушылықпен  бірге  кәсіптің  түріне  бейімділігі  болуы  керек.  Мысалы, 

актерлік  өнерге  барлық  оқушының  қызығушылығы  болуы  мүмкін,  бірақ 

олардың  барлығы  театр  көркемөнерпаздары  үйірмелеріне,  сахналық 

қойылымдарға  қатысуға ынта-ықылас таныта бермеуі мүмкін.  

Кәсіптің  бір  түріне  қызығушылық  бейімділікке  сәйкес  келуі  үшін 

оқушылардың  кәсіби  өзін-өзі  анықтау  жағдайына  сүйенеміз.  Біз  бұл 

мәселеге қатысты арнайы мақала жариялағанбыз [5.16-20]. Жасөспірімдерді 

кәсіби  бағдарлаудың  бір  ерекшелігі  қызығушылық  кәсіби  өзін-өзі  анықтау 

негізінде  көрінеді.  Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  адамның  өз  мүмкіндіктерін  іс-

әрекет  барысында    тепе-тең  бағалай  білуімен  түсіндіріледі.  Сонда  ғана 

жасөспірімдер  өз  қажеттіліктерін  толық  сезіне  алады.  Сондықтан  өзін-өзі 

анықтау  іс-әрекетпен,  ондағы  қызығушылықпен,  бейім  және  қабілетпен 

байланысты.   

Оқушылардың  қызығушылықтары,  бейімділіктері  негізінде  қабілеттері 

қалыптасады.  Қабілет  дегеніміз  белгілі  бір  іс-әрекетті  нәтижелі  орындаудағы 

жеке психикалық ерекшелік. Қабілеттер генетика арқылы атадан балаға беріліп 

отырады.    Бұны  ғылым  салалары  жоққа  шығармайды.  Мысалы,  белгілі 

математик А.Жұмабілдаевтің математикаға қабілеттілігі әкесінен дарыған деген 

мәлімет  бар.  Бұл  мәселелер  төңірегінде  көптеп  мысалдар  келтіруге  болады.  

Бұндай құбылыстарды бала бойында байқау қиын емес. Әрбір оқушының жеке 

дара  ерекшеліктеріне  сай  қабілеттері  әртүрлі  болады.  Жасөспірімдердің  бірі 

сөзге, енді бірі техникаға т.б. қабілетті болып келеді. Бүгінгі таңда асабалықты 

кәсіп  еткеннің  барлығы  да  сөйлеуге,  жұртшылықты  өздеріне  қаратып 

иландыруға қабілеттілігі негізінде той-жиындарды қызықтырып ұйымдастыруға 

қабілетті.  Алайда  адамының  қабілеті  өздігінен  қалыптаспайды.  Қабілет 

әлеуметтік  ортаның,  тәрбиенің  ықпалымен  қалыптасады.  Оны  іс-әрекетпен 

байланысты  түсіндірген  жөн.  Қабілетті  қалыптастыру  үшін  іс-әрекетке  деген 

оқушылардың  ынта-ықыласын,  себептерін  анықтауға  тиіспіз.  Адамның  іс-

әрекеті әлеуметтік ортаға негізделетіні белгілі. Мысалы, дәрігерлік мамандықты 

таңдаған  жасөспірімдердің  көпшілігі  бұл  мамандықты  таңдау  себептерін 

әртүрлі  ауруларды  емдеу,  дәрі-дәрмектердің  жаңа  түрін  іздестіріп  табуға 

қызығушылықтарының туындағанымен түсіндірсе,  бұл ондағы әлеуметтік мәні 

бар  іс-әрекетінің,  іс-әрекетке  қажеттіліктерінің  көрінісі.  Бұл  өз  кезегінде 

оқушылардың  дәрігерлік мамандыққа бейімділігін де көрсетеді.  

Іс-әрекет  дегеніміз  –  адамның  түрлі  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға 

бағытталған  белсенділігі  ретінде  түсіндіріледі.  Оқушылардың  іс-әрекет  

барысындағы  белсенділігі  өз  қажеттілігін  сезінуден  көрінеді. Ал, қажеттілік  



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Керімов Л., Паштанов С.

 

Мектепте және отбасында жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау

 

 

 



іс-әрекет    барысында    көрінгенмен,    ол     қызығушылықпен,   бейімділікпен     

байланысты.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  қоғамда  әділеттілікті  орнату  үшін 

заңгерлік  мамандықты  таңдау,  емделуі  күрделі  ауруларды  емдеу  үшін  дәрілік

 


    

                                                                                                                                           

251 

   


 

 

 



өсімдіктер табу т.б. кәсіби қызығушылықтары оқушылардың өз қажеттіліктерін 

саналы сезінуінен тұратын кәсіби іс-әрекеті болып табылады.  

Жасөспірімдерді  көп  қызықтыратын  дәрігерлік  мамандық.  Бұл 

мамандықты  таңдау  себептері  (түрткілер)  оқушылардың  осы  салада  ғылыми 

зерттеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты. Себебі, зерттеу барысында белгілі 

болғанындай, дәрігерлік мамандықты оқушылар аурулардың, дәрі-дәрмектердің 

жаңа  түрлерін  анықтап,  ауруларды  емдеу  мақсатында  таңдаған.  Осының 

негізінде  бірнеше  мектептерде  тәрбие  жұмыстар  ұйымдастырылды.  Мысалы, 

«Оңтүстік  Қазақстанның 

дәрілік  өсімдіктері»  тақырыбында  өткізілген 

оқушылар  конференциясында  әртүрлі  тақырыпта  оқушылар  баяндама  жасап, 

денсаулыққа  ықпал  етуші  факторларды  талдады.  Ал  заңгерлік  мамандықты 

таңдаған оқушылар «Азамат» пікір-сайыс клубының мүшелері болып табылады. 

Бұл  клуб  мүшелері  қоғам,  заң,  жемқорлық,  қылмыс т.б.  мәселелер  төңірегінде 

ұйымдастырылған  тәрбие  жұмыстарына  белсенді  қатысты.  Дизайнерлік 

мамандыққа  қабілетті  оқушыларға  бағыттап  «Қалай  киінуге  болады?»  деген 

тақырыпта  кездесу  ұйымдастырдық.  Кездесу  барысында  осы  мамандықты 

таңдаған қыздар жыл мезгілдеріне,   жынысына, жасына қарай киіну мәдениетін 

түсіндірді  және  өздерінің  киім  үлгілерінің  сызбаларымен  таныстырды.  Міне, 

бұндай  мектептен  тыс  жұмыстар  жасөспірімдердің  кәсіби  бейімделуіне 

бағытталып ұйымдастырылуда.  

Мектеп және мектептен тыс мекемелерде оқушылардың кәсіп таңдаудағы 

қызығушылықтарын 

ескермей 

жұмыс 

формаларын 



таңдау 

олардың 


белсенділіктерін  әлсіретеді.  Себебі,  мектептен  тыс  жұмыстардың  көпшілігі 

аудиториядағы  оқу-жаттығу  жұмыстарын  қайталау  барысында  жүргізіледі  де, 

оқушылардың жұмыс таңдаудағы қызығушылықтарын басшылыққа алмайды.  

Қорыта  айтқанда,  отбасында  және  мектепте  сынып  жетекшілері  мына 

мәселені  ескерулері  тиіс.  Кәсіби  бағыт-бағдар  беруде  жасөспірімдердің  іс-

әрекетке  қажеттіліктерін  ескере    отырып,  оны  дұрыс  тани  білу,  олардың 

қызығушылықтары мен бейім, қабілетіне сай мамандық таңдауды дұрыс жолға 

қою  болып  табылады.  Бұл  мәселелерді  дұрыс  жолға  қойған  жағдайда 

оқушылардың  қосымша  тұлғалық  сапалар,  яғни,  дербестік,  еңбексүйгіштік, 

ұқыптылық,  белсенділік  т.б.  қалыптасып,  ел  экономикасын  қалыптастыруға 

үлес қосушы тұлға ретінде қалыптасады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Бейсенова  Ж.  Жоғары  сынып  оқушыларының  кәсіби  өзіндік  ауынқтауындағы  мамандық 

таңдауы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу. Психол.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу 

үшін дайындаған диссертация, Алматы, 2004. 

2.

 



Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, «Білім», 1993. 

3.

 



Орлов А. Профессия и склонность. Мос., 1983.  

4.

 



Гоноболин Ф.Н. Психология. Алматы, «Мектеп», 1976. 

5.

 



Паштанов  С.  Оқушылардың  кәсіби  тұрғыдан  өзін-өзі  анықтауы  және  кәсіби  бағдарлары. 

//Бастауыш мектеп, №2, 2009. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Р.І.ҚАДІРБАЕВА  

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

Х.А.ЖАНТЕЛІ  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 

 


    

                                                                                                                                           

252 

   


 

 

 



БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІН КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДА 

ЖАЛПЫЛАУ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕУ САБАҚТАРЫН  

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ  

 

В  статье  рассматриваются  вопросы  о  необходимости  умения  составлять  обобщенные  и 



систематизированные уроки при профессиональной подготовке будущих учителей информатики. 

Расскрывается содержание обобщенного урока по теме технологии программирования. 

 

This  article  deals  with  the  questions  on  necessity  of  ability  to  make  the  generalised  and 

systematised  lessons  during  vocational  training  of  the  future  teachers  of  computer  science.  The 

maintenance  of  the  generalised  lesson  on  an  example  of  a  theme  of  programming  technology  is  widely 

considered. 

 

Бүгінгі  таңда,  оқыту  үдерісі  деңгейін  арттыру  арқылы,  ақыл-ойы 

жетілген, жан-жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек етуге қабілетті, өз 

бетінше  білімін  толықтыру  және  өздігінен  кәсіби  шеберлігін  арттыру 

мүмкіндігі бар азаматтар даярлау - білім саласындағы басты мақсат.  

Информатиканы  оқытудың  жалпы  мақсаттары  информатиканың 

ғылымдар  жүйесіндегі,  қазіргі  қоғамдағы  орнын,  ерекшеліктерін  ескере 

отырып  анықталады.    Мектепке  тән  негізгі  мақсаттар:  информатиканы 

оқытудың  білім  беру  және  дамыту  мақсаты;  жалпы  орта  білім  беретін  оқу 

орындарындағы  информатика  курсының  практикалық  мақсаты;  мектептегі 

информатика  курсының  тәрбиелік  мақсаты.  Бұл  мақсаттар  жеке  түрде 

орындалмайды, олар бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады [1]. 

Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  информатика  мұғалімін  кәсіби 

дайындау  барысында  “информатиканы  оқыту  әдістемесі”  пәнінің 

мазмұнында жоғарыда аталған мектепке тән мақсаттар негізге алынады.  

Болашақ  мұғалім  өз  кәсібінде  оқушыға  оқу  материалының  жадта 

сақталуына  қажет болатын әдіс-тәсілдерді үйретумен қатар, оқып-үйренген 

теориялық  курстың  мазмұнын    жүйелей  отырып,  жалпылау  сабақтарын 

ұйымдастыра  білуі  қажет.  Оқушыларды  практикалық  тұрғыда  орындауға 

тура  келетін  көптеген  іс-әрекеттердің  негізгі  принципін  түсінуге  және 

ұғымдардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  ажырата    отырып,  оларды 

топтастыра  білуге  үйрету  -  болашақ  маманның  кәсіби  дайындығының  бір 

белгісі. Ұғымдар, ұйғарымдар және ойқорытулар арасындағы ұқсастық пен 

айырмашылықты жүйелеу арқылы анық көруге мүмкіндік бар. Жүйелеудің 

барлық  уақытта  жалпылаудың  алдында  болуы  шарт  емес.  Жалпылау  және 

жүйелеу  –  екеуін  қатар  қолданғанда  білімді  меңгеруді  жетілдіруге  қол 

жеткізетін  таным  үдерісінің  екі  жағы.  Таным  үдерісінде  сұрыптаудың  да 

қандай да бір рөлі бар. Ол меңгерілген оқу материалын жүйелеуге мүмкіндік 

береді  және  керісінше,  жалпыланған,  жүйеленген  білім  оны  сұрыптауға 

мүмкіндік береді.  

 Кез келген теорияның негізгі ұғымдары бар,  оларды  жалпылау кезінде 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



келесі іс-әрекеттерді негізге алу қажет. 

-

 



зерттеліп  отырған  жүйенің  дербес  ұғымдарының  барлық  топтарын 

қарастыру; 



    

                                                                                                                                           

253 

   


 

 

 



-

 

берілген жүйенің базалық ұғымдарын ажырату



-

 

қарастырып отырған жүйе ұғымдарының арасында байланыс орнату; 



-

 

берілген жүйенің сол курстағы рөлі мен орнын анықтау; 



-

 

жүйе ұғымдарының қолданбалы функцияларын ашу [2]. 



Жалпылау  негізінде  пайда  болған  жаңа  ойлау  қызметінің  нәтижелері 

жадта сақталған ақпаратты қайта қарауға, оларды сақтауға ыңғайлы блоктар 

түрінде  қайта  кодтауға,  яғни  ойлау  операциясын  жетілдіруге  мүмкіндік 

береді.  Жалпыланған  сабақтарда  оқытылған  теориялық  материалдың  өзара 

байланыстарын  көрнекі  түрде  бейнелейтін  тірек  конспектілерін,  блок-

схемаларын,  салыстырмалы  және  сұрыптамалы  кестелерді,  құрылымды-

логикалық  схемаларды  және  т.с.с.  кеңінен  қолдану  қажет.  Олар  көлемі 

үлкен  оқу  материалдарын  жүйелеуді  және  жалпылауды  жеңілдетеді. 

Мұғалімнің жалпылау және жүйелеу сабақтарын ұйымдастыра білгені, оның 

кәсіби  дайындығын  көрсетеді.  Себебі,  ондай  сабақтардың  барысында 

оқушылар біліміндегі жіберілген олқылықтарды анықтау, оларды жою және 

өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен білігін жетілдіру мүмкіндіктеріне қол 

жеткізеді.  

Мақалада  болашақ  информатика  мұғалімдерін  кәсіби  дайындау 

барысында  олардың  бағдарламалау  теориясы  бойынша  жалпылау 

сабақтарын  өткізуде  негізгі  тоқталатын  мәселелерді  айқындау  мақсатында 

бағдарламалау  технологиясы  жайлы  жалпылау  сабағының  мазмұны 

қарастырылады.  

Қазіргі таңда қоғамдағы ауқымды процестер толық дерлік компьютер 

көмегімен  автоматтандырылып,  күнделікті  өмірде  қолданысқа  енгізіліп 

отырғандығы  белгілі.  Бұл  процестің  уақыт  өткен  сайын  үлкен  маңызға  ие 

болып  отырғандығы  еліміздегі  банк  секторының  автоматтандырылуы, 

мемлекеттік  электронды  құжат  айналымының  енгізілуі,  экономикадағы 

Интернет  желісінің  маңыздылығы,  сол  сияқты  басқа  да  атқарылып  жатқан 

іс-шаралардан  айқын  көрініп  тұр.  Осыған  байланысты,  жүйелерді 

автоматтандыруды  нәтижелі  жүзеге  асыруда  заманауи  технологияларды 

меңгерген  мамандарды  көптеп,  әрі  сапалы  дайындау  мәселесі  туындайды. 

Ал,  процестерді  автоматтандыру  компьютерлік    бағдарламалаусыз 

шешілмейтіндігі белгілі.  

Болашақ  информатик  мамандарды  кәсіби  дайындау  үдерісінде  оқып 

үйренетін 

компьютерлік 

бағдарламалар 

мынадай 


бағдарламалау 

технологияларының көмегімен жасалады:  

 

құрылымдылық технология; 



 

модульдік технология; 



 

объектілі-бағдарлы технология; 



 

сase-технология. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Қадірбаева Р.І., Жантелі Х.А.

 

Болашақ информатика мұғалімін кәсіби дайындауда жалпылау…

 

 

 



    

                                                                                                                                           

254 

   


 

 

 



Аталған  технологиялар  жайлы  жалпылау  және  жүйелеу  сабағын 

ұйымдастыру  үшін  мынадай  салыстырмалы  1-кестені  пайдалануды 

ұсынамыз. 

1-кесте 


Бағдарламалау 

технологиялары 

Мақсаты 

Пайда болу себептері 

Негізгі ұғымдары  Пайдаланаты

н 

бағдарламалау 

тілдері 

Құрылымдық 

бағдарламалау 

Бағдарламалау 

тәртібімен  қамтамасыз 

ету 


Бағдарламаның 

оқылуын 


жеңілдету, 

сенімділігін арттыру 

оператор, 

идентификатор, 

процедура, 

функция 


Pascal, C  

Модульдік 

бағдарламалау 

Бағдарламаны 

бөлшектеп басқару 

Бағдарламалық 

жабдықтарды бөліктей 

отырып, ұжым болып 

жасау 

процедура, функция, 



модуль  

Pascal, C++,  

Lisp, FP, 

APL, Nial, 

Krc 

Объектілі-бағдарлы 



бағдарламалау – 

ОББ 


Үлкен бағдарламалық 

комплекстерді жасау 

процесін тәртіптеу 

және олардың құны 

мен күрделілігін 

төмендету 

Еңбек өнімділігін 

арттыру және 

бағдарламалық 

жабдықтарды жасау 

мерзімін қысқарту 

объект,  мұрагерлеу, 

инкапсуляция, 

полиморфизм, 

конструктор, 

деструктор, виртуал 

Object Pascal, 

С++, Java, 

Objective 

Caml (Delphi, 

C Builder, 

Caml 


орталары) 

Case-технология  

Программистер 

мен 


қолданушылар  арасын 

жақындату 

Қолданушы мен 

программистер 

арасындағы 

түсінбеушілікті жою 

және бағдарламалау 

тілдері мен табиғи 

тілдерді жақындату 

модель, нотация, 

объект, оқиға 

декомпозиция, 

диаграмма, 

генерациялау 

UML тілдері:  

Rational Rose, 

ERWIN, 

BPWIN,  


Microsoft 

Visual Studio  

 

Бұл 


кестеден 

бағдарламалау 

технологияларының 

бір-бірімен 

салыстырғанда  байқалатын  негізгі  ерекшеліктері,  сондай-ақ  бағдарламалау 

тілдері  даму  тарихының  негізін  құрайтын  технологиялардың  да  даму 

жолдары    көрінеді.  Кестені  көрнекі  құрал  ретінде  пайдалана  отырып, 

жалпылау  және  жүйелеу  сабағын  өткізуде  қарастырылатын    материалдың 

мазмұнына тоқталайық. 

Бағдарламалау  дегеніміз  белгілі  бір  технологиямен  қандайда  бір 

бағдарламалау  жүйесінде  компьютерге  арналған  өнімді  жасау  процесі. 



Бағдарламалаудың  мақсаты  –  қойылған  мәселені  компьютерде  шешуге 

арналған  сенімді,  сапалы  және  сыртқы  әлеммен  ақпарат  алмасуды  жүзеге 

асыратын  бағдарлама  құру.  Осы  мақсатқа  сәйкес  бағдарламалаудың  екі 

бағытын  анықтауға  болады:  қолданбалы  бағдарламалау  және  жүйелік 

бағдарламалау.  Қолданбалы  бағдарламалаудың  негізгі  міндеті  –  түрлі 

салалардағы  мәселелерді  компьютерде  орындалатын  бағдарлама  көмегімен 

шешу  болса,  жүйелік  бағдарламалаудың  міндеттері  –  бағдарламалау 

тілдерін,  сондай-ақ  оларды  машиналық  тілге  аударатын  трансляторларды 

жасау және жетілдіру, компьютердің жаңа типтеріне операциялық жүйелер 

құру, сервистік бағдарламалар жасау болып табылады.  

Бағдарлама  жазылу  тұрғысына  қарай  екіге  бөлінеді:  автономды  – 

жеке программист жазған

  және  басқа бағдарламаларға тәуелсіз орындалатын

 

өнім;  бағдарламалық   жабдықтар - өзара  байланыста   болатын бірқатар  




жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет