Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет30/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66

                   

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жұмабаев М.Ж., Жұмабаев Қ.Ж.

 

Алгоритмдік дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі

 

 


    

                                                                                                                                           

221 

   


 

 

 



 

  i үшін 1 бастап 3 дейін 

                            цб   x = x(i ) 

                                   у = y(i) 

                                   S = S + x(i) 

 y(i) 



                           цс 

                  соңы 

 

      


Скаляр көбейтіндіні есептеудің программасын келтірейік: 

1Ø      REM   

2Ø      DIM X,Y (1:3)

 

 



3Ø      PRINT “Нүктелердің координаталарын енгіз” 

4Ø      INPUT  x(1:3), y(1:3) 

5Ø      S = Ø  

6Ø      FOR   i = 1  DO 3 

7Ø      S = S + x(i) 

 y(i) 



8Ø      NEXT i  

9Ø      PRINT“Скаляр көбейтінді  S =”; S 

10Ø    END 

  Енді есептеуге арналмаған алгоритмдерді қарастырайық. 

       №5    Берілген  екі  бұрыштың  сыбайлас  бұрыштар  болу  немесе 

болмайтындығын анықтаңыздар. 

      Бұл есепті шешу алгоритмін былайша жазуға болады: 

1.

 



Берілген екі бұрыштың ортақ қабырғасының бар болулығын анықта 

2.

 



Егер  екі  бұрышқа  ортақ  қабырға  бар  болса,  онда  келесі  қадымға 

әйпесе 7 қадымға көш 

3.

 

Қалған екі қабырғасының қалай орналасқандығын анықта  



4.

 

Қабырғалар толықтауыш жарты түзулер болса, онда келесіге әйтпесе 



7 қадымға көш 

5.

 



Екі бұрыш - сыбайлас бұрыштар  

6.

 



8 қадымға көш 

7.

 



Бұрыштар сыбайлас бұрыштар емес. 

8.

 



Соңы 

  

Салу есептерінің де алгоритмдерін құруға болады. АВС үшбұрышына 



іштей шеңбер салу алгоритмін келтірейік: 

1.

 



А бұрышының бисектриссасын жүргіз 

2.

 



В бұрышының бисектриссасын жүргіз 

3.

 



Екі бисектриссасының қиылысу нүктесін О деп белгіле  

4.

 



О нүктесінен үшбұрыш қабырғаларының біріне перпендикуляр түсір 

5.

 



Перпендикуляр  ұзындығын  радиус  етіп,  центрі  О  нүктесінде 

болатын шеңбер жүргіз  

6.

 

Салынған шеңбер үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер. 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жұмабаев М.Ж., Жұмабаев Қ.Ж.

 

Алгоритмдік дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі

 

    

                                                                                                                                           

222 

   


 

 

 



 

 

    Салу  есептерін  шешуде  орындалатын  қарапайым  салулар  тізбегі  есепті 



шешудің  алгоритмі  болып  табылады.  Салу  есебіне  анализ  жүргізген  кезде 

осы  әрекеттер  реті  айқындалып,  тұжырымдалады.  Компьютерлік 

технологияның   пәндерді  оқыту  үрдісінде  кеңінен  қолданыла  бастауы, 

оқытудың    алгоритмдік  әдісінің    туындауына    алып  келді  [7].  Бұл    әдіс  

оқыту  үрдісінде  айқын   түрде  айтылмағанменде, кең  қолданылуда. Есеп 

шығару  дағдысын  қалыптастыру  үшін  алгоритмнің  рөлі зор. 

Жаңа  педагогикалық  техналогияларды  оқыту  үрдісінде    пайдалану  

пән  әдістемелерін  түрлендіріп,  жетілуіне  ықпал  етеді.  Сондықтан, 

оқушылардың  ой-өрісін  дамытып,  өзіндік  таным  қызметіне    баулуда,  үлгі 

бойынша  жұмыс  істеуге,  яғни  алгоритм  құрып  пайдалана  білуге, 

бағдарламалау  тілдерінің  бірінде  бағдарламасын  жаза  алуға  үйретудің 

маңызы  зор.  Геометриялық  есептерді  шешуде  алгоритмдік  көзқарасты 

қалыптастыру,  күрделі  есептерді  қарапайым  есептерге  жіктей  алу 

қабілеттерін  дамытып,  тыңғылықты,  сапалы  білім  алуға  ықпал  етеді. 

Есептерді    қарапайым    есептерге    жіктей    білу,  алгоритмдерін    құра    алу, 

құрылған  алгоритмдерді  күрделі  есептерді  шешуге  қолдана  алу, алынған  

білімнің жүйелі  және  сапалы  болуына  себін  тигізеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Новые    педагогические    и    информационные    технологии    в    системе    образования.  –М.,  

АСАДЕМА, 2001, 268 б. 

2.

 

Буланова - Топоркова М.В., Духавнева А.В. Педагогические техналогии. Ростов-на-Дону,  МАРТ , 



2002, 319 б. 

3.

 



Чернилевский  Д.В. Дидактические  технологии в  высшей  школе. – М. ЮНИТИ, 2002, 437 б. 

4.

 



Сарбасова    Т.С.,  Сарбасова    А.К.,  Бейсенбаев    Ж.Т.  Білім  беру    модернизациясының    әлемдік  

тәжірибесі  және  оқытудың  интерактивті  әдістері. -Алматы, «Қазақ  университеті», 2006, 87 б. 

5.

 

Габович  И.Г. Алгоритмический  подход  к решению  геометрических  задач. – М. Просвещение, 



1996, 193 б. 

6.

 



Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. Алматы, “Атамұра”, 2004, 127 б. 

7.

 



Елубаев С. Математиканы оқыту  теориясының  негіздері мен  әдістемесі. –Алматы, 2006, 281 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

К.ЖЕТІБАЕВ 

тарих ғылымдарының кандидаты, 


    

                                                                                                                                           

223 

   


 

 

 



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТӘЛІМДІК ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ  



МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

 

В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  реформации  современной  воспитательной 



системы, ее значение и основные направления. 

 

This  article  deals  with  some  problems  of  the  reformation  of  modern  educatation  system  its 

importance and the basic directions. 

 

 

Қазақстан  Республикасындағы  тәлім  жүйесін  жаңалау  және 



жетілдірудің жолдарын іздестіру әлемдік тәлім жүйесінің бүгінгі қалпы мен 

бағыттарын  жан-жақты  талдауды  қажет  етеді.  Мұндай  ғылыми-

педагогикалық  зерттеуді  берік  әдіснамалық  негізде  ғана  жүргізу  мүмкін, 

нақтырақ айтсақ – тек сол ғана зерттелуші мәселесінің тиімді шешілуіне өз 

жәрдемі тиері сөзсіз. 

 

Бүгінгі жағдайда, тек осы ғана бірден бір дұрыс қадам, себебі көптеген 



әдіснамалық  ұстанымдар  нақтылануды,  реттеуді  талап  етіп,  ескірген 

үйреншікті  ұғымдардан  бас  тартуды  керек  етіп  отыр.  Осыдан  бүгінгі 

кезеңдегі  педагогикалық  зерттеулер  жаңа  педагогикалық  ойластырулар 

негізінде ғана шешімін таппақ. 

 

Бұл  жаңалықты  құбылыс,  әлі  де  болса  аз  зерттелген,  алайда  үлкен 



сенімге  бой  тартып,  оны  барынша  түсінуге  талай,  арнайы  жұмыстар 

орындаларына  кәміл  сенеміз.  Ал,  біздің  зерттеуіміздің  логикасы  қазірдің 

өзінде,  әрине  жалпыланған  күйде,  бұл  құбылыстың  мәндік  сипаттамасын 

ашуды  қажет  етуде.  Біздің  есебімізше,  бұл  шетелдік  тәлім  жүйелеріндегі 

реформалардың  жалпы  сипатын  ашып,  жекеленген  баға  шығарумен 

байланысты  мәселелерді  талдаудың  әдіснамалық  бағыттарының  алғашқы 

қадамдарын анықтауға жәрдемдеседі. 

 

Жаңа педагогикалық ойдың біз айналысқан мәселелерге қатысты мәні, 



біздің  пікірімізше,  тәлімнің  ұлттық  ерекшелікті  жүйелерін  қандай  да 

біртұтас,  бірлікті  жалпы  адамзаттық  ірге  негізіндегі  өзара  байланыстылық 

және  өзара  тәуелділік  деп  қарастыру  мүмкіндігінде  көрінеді.  Бұл  орайда 

ескеретініміз  -  жалпы  адамзаттық  құндылық  жүйелері  теңдей  сәйкестік 

ретінде  қарастырылмай,  оларда  өте  мәнді  алшақтықтардың  болатынын 

жоққа шығармау. 

 

Жаңа педагогикалық ойдың маңызды жүйесін, біздің көзқарасымызша, 



сырт  елдердегі  тәлім  жүйелерінің  теориясы  мен  практикасын  талдауға 

қатысты  аса үлкен  реттеулер  мен  түзетулердің қажеттігін  естен  шығармау. 

Отандық педагогикада әрдайым бұл мәселелерді зерттеуге үлкен мән беріп 

тәлімнің дағдарысты, болымсыз тұстарын ғана сынау басым болып келеді. 

 

Жаңа педагогикалық ой арнасында маңызды басымдылыққа ие бағыт-



болымды   элементтерді    іздестіру,    Отандық   тәлім    қызметіне    оларды  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жетібаев К. Қазіргі заманғы тәлімдік жүйені реформалаудың мәні және негізгі бағыттары 

 

 



    

                                                                                                                                           

224 

   


 

 

 



парасатпен  ендіру  мүмкіндіктерін  қарастыру.  Сонымен  бірге  бұл  шетелдік 

тәлім теориясы мен практикасын сындарлы ой елегінен өткізу міндеттілігін 

жоққа  шығармайды.  Ұнамды  тәжірибені  қабылдау,  біздіңше  сындарлы 

талдау әдісіне тіпті де қайшы келмейді, керісінше оны міндетті түрде қажет 

етеді.  Әрқилы  үдерістің  мұндай  диалектикасын  дұрыс  ұқпау,  не  жөнімен 

бағаламау  ұнамды  тәжірибені  шектен  тыс  әсірелеуге  кезіктіреді.  Осыдан 

қалаған  тәлімдік  жүйедегі  ұнамды  мен  ұнамсызды  шектеу,  шетелдік  тәлім 

қызметінің  көптеген  теориялық  және 

тәжірибелік  мәселелерінің 

қайшылықты  және  біртекті  болмайтындығын  шынайы  зерттеу,  Отандық 

тәлімді реформалауда пайдалы болатындарын ажыратып алу мүмкін болмай 

қалады.  

 

Осылайша,  бұл  мәселелерді  қарастырудың  әдіснамалық  принципін, 



біздіңше  келесідей  өрнектеу  мүмкін:  Шет  елдердегі  тәлім  реформаларын 

шынайы да жан-жақты талдаудан – біздегі тәлімді қайта құру тәжірибесіне 

қадам ету. 

 

Бұл әдіснамалық принциптің тәжірибе жүзінде іске асуы, белгіленген 



проблематиканың  үш  тарапты  талдау  бірігіміне  –шынайылыққа,  ғылыми 

және  мақсатты  бағытқа  негізделуі  мүмкін.  Біздің  түсінігімізде,  тәлімдік 

жүйенің  бүгінгі  таңдағы  батыстық  реформасын  зерттеудің  үш  негізгі  түрі 

бар.  Оларды  ескерту,  біздің  зерттеуіміздің  тиімділігін  көтеруге 

жәрдемдеседі, сонымен бірге нақты әдіснамалық маңызға ие етеді.  

 

Бұл мәселе бойынша біздің түсіндірмеміз: 



 

Бірінші  түрі  -  ресми  педагогика  өкілдері,  әр  деңгейдегі  мемелекеттік 

билік  тарапынан  жасалып  жатқан  өркениетті  елдердегі  тәлім  қалпын  және 

жетілу жолдарын талдау. 

 

Дамудың  белгілі  кезеңдерінде  тәлімнің  уақыт  талаптарынан 



кешеуілдеуі өндіріс талаптарымен қайшылыққа келтіреді. Қоғам жаңа тәлім 

реформасы  арнасына  өтуге  мәжбүр  болады.  Бұл  аналитикалық 

материалдарды  және  тәлім  теориясы  мен  тәжірибесін  жетілдіру  бойынша 

ұсыныстар  дайындаушы,  арнайы  кешендердің  түсінуінен  көрінеді.  Бұл 

кезеңде өндірісі дамыған басқа елдердің реформа тәжірибесін зерттеуге аса 

көп назар аударылды. 

 

Тәлім  мәселесін  талдаудың  мұндай  бағыты  мен  оны  шешу  жолын 



таңдауға  мысал:  өз  уақытында  әйгілі  болған  «Ұлт  қатерде»  атты  Америка 

үкіметінің  баяндамасы  (1983ж).  Ал,  әзірге  айтарымыз,  тәлімнің  даму 

жобасын  дайындауға  ең  таңдаулы  ғалым-педагогтар  тартылады. 

Педагогикада  болған  әлеуметтік  тапсырыспен  өткізілетін  талдауға  сөзсіз 

ықпалын  тигізетін  өндірістің  күнделікті  мүддесін  ескере  отырып,  ғалым-

зерттеушілер  тәлім  жүйесі  қызметінің  тиімділігін  арттыратындай  көптеген 

тәлімдік мәселелердің қалыптан тыс, жаңа шешім жолдарын іздестіреді де, 

табады  да.  Бұл  жұмыс  өте  жоғары  деңгейде  қаржыландырылады, 

нәтижесінде  сапалық  көрсеткіштер  орындалады,  себебі  ол,  бұдан  былайғы 

дайын ұсыныстарға байланысты мол шығынды қажет етеді. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жетібаев К. Қазіргі заманғы тәлімдік жүйені реформалаудың мәні және негізгі бағыттары 

 

 



    

                                                                                                                                           

225 

   


 

 

 



 

Тәлім  жағдайы  жөніндегі  баяндамаларды  ұйымдастыру  тәжірибесі, 

оларды  дайындау,  жариялау  және  одан  әрі  үкіметтік  деңгейде  кең  талқыға 

салудың өзі біздер практиктер үшін де қызықтырарлық мәселе.  

 

Екінші  түрі  -  бұл  тәлім  қалпын  зерттеу,  оның  ғалым-педагогтар 



тарапынан  бағалануы  және  тәлімді  реформалау  бойынша  баламалы 

ұсыныстар беруі. Бұл санадағы көкейтесті мәселелерді шешу бағыты көбіне 

сындарлы 

сипатта 


айқындалып, 

әлеуметтік 

педагогикалық 

бағдарлылығымен ерекшеленеді.  

 

Тәлімнің қандай да бір деңгейі, бағыты және басқа да қырлары нақты 



әлеуметтік-экономикалық  шарттар  мен  қоғам  сұранысына  тәуелді 

белгіленеді. Бұл үдерісті педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тәлімнің 

әлеуметтік  мақсаттарымен  өзара  байланысты  келіп,  белгілі  шамада  тәуелді 

сипатқа  ие  болады.  әрине,  тәлімді  қайта  құру  қоғамның  әлеуметтік 

құрылымын  өздігінен  өзгеріске  келтіре  алмайды,-деп  тұжырымдайды 

ағылшын  педагогы  Р.Шарп.  Сонымен  бірге,  ғалым  пікірінше,  ілгерілі, 

ұғымды  тәлім  үшін  күрестен  артық,  әлеуметтік  жүйеге  шын  ықпал 

жасайтын басқа ешнәрсе болуы мүмкін емес [1.112].  

 

Ескеретін  жәйт,  өтпелі  қоғам  жағдайында  тәлімдегі  нұқсанды 



құбылыстардың 

басты 


себебі, 

оқу-үйретімнің 

әлеуметтік 

және 


педагогикалық  мақсаттары  арасындағы  қарама-қайшылық.  Оларды  ескеру, 

батыстық ғалым-педагогтардың шетелдік тәлім жүйесін реформалау істерін 

сындарлы талдауға арналған зерттеулердің ірге тасы. 

 

Үшінші  түрі  -  тәлім  теориясы  мен  тәжірибесін  зерттеп  жүрген 



ғалымдардың еңбектері. Бұл арада біз отандық педагогтардың да, сонымен 

бірге шет елдік әріптестеріміздің де ізденістеріне аса тән келетін әлеуметтік-

педагогикалық бағытқа қайта бет бұрамыз [2. 16]. 

 

Ұнамды  құбылысты  тек  тұрмыстық  күймен,  сипатты  ізденістер 



шеңберінен  шығатын  белгілі  әлеуметтік-педагогикалық  шарттарды  ескеру, 

шетелдік  тәлім  жүйесі  қызметтерінің  заңдылықтарын  және  оның 

реформалану 

жолдарын 

тануға 

байланысты 



біздің 

әдіснамалық 

көзқарастарымыздың  ажырамас  құрам  бөлігі  есептеледі.  Бұл  мәселенің 

абстракт  күйге  енуі  және  оның  тек,  педагогикалық  тараптарын  зерттеу, 

біздіңше,  талдаудың  шынайылық  және  ғылымилығы  принциптерімен 

қайшылыққа  кезігеді.  «Шынайы  педагогикалық  заңдылықтар,  әдетте,  таза 

күнінде  көрініс  бермейді»  -деп  жазады  белгілі  педагог  Г.Н.Александрова 

[2.18].  Мұнымен келіспеуге болмайды. 

 

Тәлім реформасы, егер оны айқындаушы мәндік сипаттарды ескеретін 



болсақ-педагогикалық  құбылыс.  Сонымен  бірге,  тәлім  дамуының  қоғам 

мүдделерімен  өзара  байланысын  бейнелеуге  мәжбүр  болудан,  реформа 

маңызды әлеуметтік тұстарымен танылады. 

 

Әдіснамалық тұрғыдан, реформаны педагогикалық тараптан зерттеуге 



оның әлеуметтік өзара байланыстарын ескерудің қажеттілігі, не қажетсіздігі 

жөніндегі  мәселе  туындайды.  Біздің   ойымызша,  педагогикалық

   зерттеулер 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жетібаев К. Қазіргі заманғы тәлімдік жүйені реформалаудың мәні және негізгі бағыттары 

 

 



    

                                                                                                                                           

226 

   


 

 

 



шеңберін  кеңейту  қажетті  де,  пайдалы  да,  сонымен  тәлім  реформасының 

белгілі  бағытталуына  дем  беруші  қоғамдық  даму  жағдаяттарының 

әлеуметтік  талдауын  оған  енгізуге  болады.  Реформаның  қоғамдық 

байланыстарын,  әлеуметтік  салдарын  жоққа  шығарып,  оны  тәркіленген 

күйде  қарастыру,  біздің  көзқарасымызда,  әдіснамалық  тұрғыдан  дұрыс 

болмас,  себебі  бұл  тәлім  өзгерістерінің  себеп-салдары  мүмкіндіктерін 

түсінуден айырады. 

 

Шетелдік  тәлім  жүйесіндегі  ауысымдардың  бірқатар  педагогикалық 



мәселелерден  тыс  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  тәуелді 

келетіні  айдан  анық.  Дәл  осы  жағдай  тәлім  жүйесін  кездейсоқтыққа 

соқтырмай,  үдеріс  қайта  құруларын  шынайы  заңдылықтар  негізінде  іске 

асыруға себепші болады.  

 

Жаңа  педагогикалық  ойлау  жағдайларында  тәлім  жүйелерінің  өзара 



байланысты даму принципін ескеру ерекше маңызға ие болуда. Егер бұрын 

біз  тәлімдік  жүйелерді,  педагогикалық  мәселелерді,  негізінен,  ұлттық 

ерекшелік  шеңберінде  қарастырған  болсақ,  бүгінгі  жағдайларда  жалпы 

адамзаттық  өлшемдегі  өзара  байланыстары  кең  өріс  алуда.  Бұл  талдау 

үдерістерін  күрделендіріп,  өмірге  жаңа  әдістемелерді  енгізудің  қажеттігін 

туындатуда.  

 

Шетелдік  тәлім  жүйелері  мен  педагогиканы  зерттеуге  орай 



қолданылып  жүрген  принциптер  арасында  аса  маңыздылық  танытқан 

тарихилық принципін атаған жөн. Зерттеу құбылысын дұрыс түсіну тарихта 

қалай  пайда  болғаны  тұрғысынан  қарап,  оның  өз  даму  барысында,  қандай 

кезеңдерден  өткеніне  көз  жіберіп,  бүгінгі  күнде  ол  қандай  сипатқа  ие 

болғанын таныған жөн.  

 

Тарихилық  принципі  педагогикалық  ойдың  даму  бір  ізділігін,  оның 



әдіснамалық негіздерін ашық та, айқын өрнектеуге болады. Дәл осы тарихи 

даму логикасы, бізді заңдылықты жаңа педагогикалық ойға жеткізу. 

 

Құнды  әдіснамалық  мәнге  ие  және  бір  жағдаят  бұл  тәлім  жүйесіне 



берілетін жалпы баға. Озат ойлы әлем педагогтары бұл мәселені әлеуметтік-

экономикалық  қайшылықтарымен  бірігімді  қарастыра  отырып,  өз 

елдеріндегі тәлім жүйесінің дағдарысты сипатына көз жеткізді.  

 

Біздің түсінігімізде «Шетелдік тәлім дағдарысы» ұғымы бүгінгі күннің 



шындығын  бейнелейді.  Батыстық  педагогика  ұнамсыз  құбылыстарды 

тереңдей, және жан-жақты талдауда және соны педагогикалық тұжырымдар 

негізінде  олардан  құтылудың  болымды  шешімдерін  табуда;  сырт  ел 

тәжірибелерін  қабылдау  мен  орынды  пайдалануда;  құрылымдағы, 

басқарудағы,  оқу-үйретім  мазмұны  мен  әдістерін  жаңалауда  ұнамды 

өзгерістер жасауға өз ептіліктерін көрсете білді. 

 

Осы себепті, бүгінгі батыстық тәлім жүйесінің жағдайын дағдарысты 



деп  тану  орынсыз  секілді.  Біздіңше,  бұл  санадағы  жетістіктермен  қатар 

біршама қарама-қайшылықтар болатынын ғана мойындаған жөн. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жетібаев К. Қазіргі заманғы тәлімдік жүйені реформалаудың мәні және негізгі бағыттары 

 

 



    

                                                                                                                                           

227 

   


 

 

 



 

Осылайша, тәлім реформасының сипаты мен мақсаттарын танып білу 

үшін,  батыстық  тәлімнің  бүгінгі  жағдайын,  ондағы  қайшылықтарды 

парасатты бағалау – бұл біріншіден. Екіншіден, сол тәлім жүйесінің ілгерілі 

ұнамды  өзгерістер  мен  дамуға  деген  құбылысты  зерделі  аша  білу  әбден 

керек.  Осы  қорытуды  соңғы  жылдардағы  реформалардың  жалпы 

педагогикалық сипатын түсіну мен анықтаудың негізіне алған жөн. Мұндай 

сипаттаманың қажеттігі бірнеше себептерден туындап отыр. 

 

Ең  алдымен,  реформалар  ара  қатынасын  айқындау  маңызды  мәселе. 



Нысанның зерттелу ерекшелігін таныған күнде ғана, тәлім реформасындағы 

әрқилы бірліктердің өзара байланысын дұрыс бағалау мүмкін. Асыра айтсақ

тәлімнің  түрлі  бөліктерінің  әрбірінің  жаңалану  бағытын  түсіну.  Оларды 

реформалаудың жалпы педагогикалық мақсаттарымен салыстыруға орайлас 

келеді.  Қорыта  айтқанда,  тек  қана  педагогикалық  сипаттама  әр  елдердегі 

тәлімдік  реформалардың  жалпыланған  негізі  бар  ма,  осының  жалғасы  бұл 

құбылысты  біртұтастық  ретінде  қарастыруға  болады  ма?-деген  сұрақтарға 

жауап алуға мүмкіндік береді. 

 

Осылайша,  ең  алдымен,  тәлімнің  бүгінгі  таңдағы  жаңалану 



ерекшеліктерін  анықтау  мәселесі  туындайды.  Өткен  дәуірлердегі  шетелдік 

тәлім  реформаларын  жүргізуде  дәстүрге  айналған  құбылыс-үстірт 

өзгерістермен  шектелу.  Қазіргі  заман  реформаларының  радикалдығы 

басымдау  және  олардың  әрқайсысы  көптеген,  тек  өзіне  тән  бітімдер  мен 

ерекшеліктерге ие. Осыған орай,  тікелей, біздіңше, қойылған келесі сұраққа 

жауап алып алған жөн: өз мәні бойынша 1999 жылғы «Білім туралы» заңнан 

кейінгі  жүргізіліп  жатқан  реформалар  70-80  жылдардағы  жаңаланудың 

жалғасы ма, не олар жаңа сападағы әлеуметтік-педагогикалық құбылыс па, 

осыдан ол дербес зерттеу нысаны ретінде қарастырылады ма? 

 

Бағдар-бағыттардағы  өзгешеліктер  жалған  проблемалық  емес,  себебі 



олар әдіснамалық маңызға ие және болмыста орын иеленеді. Мұның дәлелі,  

кейбір  педагогтар  бүгінгі  күнде,  өткен  жылдар  реформаларының 

басымдылық ерекшеліктерін елемей, оларды жоққа шығаруға тырысады, әрі 

мұндай баға айналымдағы әдебиеттерде хатталған [3.20]. 

 

Бұл  көзқарастың  өзіндік  негізінің  барын  да  ескерген  жөн,  себебі  60-



жылдардағы бастау алған тәлім дамуында кейбір тұжырымдар 80-жылдарда 

өз  жалғасын  тапты.  Мұның  мысалы,  сол  уақытта  жүргізілген  кейбір 

құрылымдық  қайта  құрулар.  Алайда,  біздің  пікірімізше,  90-жылдардағы 

реформаларды,  оларға  дербес  зерттеу  нысаны  сипатын  беріп,  жаңа 

педагогикалық белдеулер жүйесінде қарастыру қажет.  

 

Осы  түзілісті  қару  ете  отырып,  негізгі  дәлеліміз  –  90-жылдардағы 



тәлім  реформасының  пайда  болуын  туындататын  себептерді  талдауға 

кірісеміз. 

 

90-жылдар  реформасын туындатқан бірінші де негізгі себеп, біздіңше, 



 



жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет