Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.

бет26/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Хекимоглу В.С.Ф. Энвер Пашаның Түркістандағы әрекеттері 

 

 



Сол    уақытта  әке  Малраукс,  осындай  бір  қызмет  мақсатымен  Ауғанстанға 

жіберіледі.  Малраукс,  Тұранның  ақиқат  болмысы  мәселесінде  өткенге 

шүбәмен  қарайды.  Тек  қана,  Тұран  пікірі  Энвер  Пашада  тұрақты  бір  пікір 

ретінде  орныққан  соң  оны  тыңдамаған  еді.  1912  ж.  Селаниктен  Стамбулға 

орналасып,  Стамбулдағы  «Жас  түріктер»  ортасымен  тығыз  байланыс 

орнатуға тырысқан Текин Алп, Энвер Пашаның сырттан келген түріктерден 

Исмаил  Гаспыралы,  Фатих  Керими  және  Ариф  Керими  сынды  танымал 

қозғалысшыларымен қарым-қатынас орнатқаны туралы деректер бар. Тіпті, 

І  Дүниежүзілік  соғыстың  басталуынан  бұрын,  барлығы  ерікті  болып 

табылатын  офицерлерден  құралған  тыңшыларымен,  негізінен  Османлы 

шекарасынан  тысқары  түрік  топтары  арасында  пантүрікшілдік  және 

панисламшылдық  насихат  жұмыстарын  жүргізген  «Тешкилат-и  Махсуса» 



(қазақша  ауд.  –  «Ұлттық  Қауіпсіздік  Органы»)  деп  аталатын  құпия  ұйым 

құрады.  Ұйым  І  Дүниежүзілік  соғысының  соңына  дейін  Энвер  Пашаның 

бақылауында болады [1.78]. 

 

Британия  өкілетті  уәкілдері  құпия  тапсырмамен  Бұқара  мен 



Түркістанға  жіберген  Үндістандағы  сенімді  адамдары  майор  Ф.М.Байлей 

естеліктерінде,  1918  ж.  түрік  офицерлерінің  пантүрікшілдік  насихатымен 

қалай  жұмысбасты  болғандықтарын  баяндайды.  Тура  сол  замандарда, 

немістер  де  Әзірбайжан  түріктері  арасынан  жинаған  және  Берлинде 

дайындаған  бірқатар  пантүрікшіл  тыңшыларымен  бірге  осы  белсенділік 

арасында орын алды [1.81]. 

 

1917-1918  жж.  Энвер  Пашаның  өз  қалауымен  Бас  қолбасшылығын 



Сирия  және  Месопотамияға  өте  мұқтаж  болғандықтан,  бірлестіктерді 

Оңтүстік  Ресейден  Бакуге  қарай  әрекет  ету  үшін  тасымалдауы  барынша 

мағыналы  бір  әрекет  еді.  Әскери  жорық  сәтті  өтуде  еді,  тек  қана  Сирияда 

Османлы  әскерлерінің  күйреуін  және  жеңілуін  жылдамдатты.  Бұл  жағдай 

тағы  да  бір  рет  Энвер  Паша  және  жолдастарының  пантүрікшілдікке 

берілгендіктерінің бір мысалы ретінде көрініс табады. 1918 ж. басында тура 

осындай  ұстаныммен  Петербургтағы  Түрік  алқасы  Транскавказияның 

Османлы  империясына  қосылуы  үмітімен  Ресейдегі  түрік  топтарының 

бөлектенушілік  бейімділіктеріне  қолдау  көрсетті.  Сонымен  қатар,  осы 

мәселеге  қосылулары  үшін  түрік  топтары  өз  араларындағы    ұйымдасу 

белсенділіктерін  жалғастыруда  еді.  Түрікшіл  «Мусават»  партиясы 

Әзірбайжанда  пантүрікшілдік  мәселесіне  белсенді  түрде  жәрдем  көрсетіп 

жатқанда,  татарлар  да  Османлы  күштерімен  ынтымақтастық  арқылы  Баку 

мен  Тбилиси  арасындағы  телеграф  желісі  және  теміржол  бойларын 

иемденуге  көмек  көрсетті.  Бұдан  кейін,  Солтүстік  Кавказдағы  түріктер, 

Түркияны  жақтайтын  басшылық  қалыптастырды.  1918  жылдың  қазан 

айында  Энвер  Пашаның  Бакудегі  Османлы  командирі  Нуриге,  түрік 

территориясының 

тұтастығын 

қорғау 


мақсатында 

Әзірбайжанның 

орыстардан  және  армяндардан  тазалануы  тиіс  деген  міндет  жүктеледі. 

Бірнеше  күннен  соң  бейбітшілік  орнаған  жағдайда  кері  қайту   керектігі  



    

                                                                                                                                           

194 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Хекимоглу В.С.Ф. Энвер Пашаның Түркістандағы әрекеттері 

 

 



алдын-ала  есептеліп,  Энвер  Паша,  түрік  офицерлеріне  Әзірбайжан  және 

Солтүстік Кавказ бірлестіктерінің командирліктерінде қалуларын бұйырды. 

Сол  кезде,  Британиялық  бір  дипломаттың  болжағанындай,  «Жас  түріктер» 

жетекшілігі  міндетті  түрде  Стамбулдан  шығыс  және  солтүстік-шығысқа 

қарай созылған балама Түрік империясын құруды ұсынған. Сол замандарда, 

Османлы  империясының  Ауғанстанға  жіберген  өкілі  –  капитан  Мехмет 

Касым,  Орта  Азия  бойынша  Түркістанды  құтқару  және  исламның  қасиетті 

орталықтары мен ескі Османлы территориясын сақтап қалуға жәрдем үшін 

барлық  түрік  және  мұсылман  күштерін  бірігуге  шақыратын  түрік  тілінде 

хабарламалар  таратуда  еді.  Үндістандық  мұсылмандар  да  әрі  өз  іштерінде, 

әрі  шет  елдерде  де  Османлы  империясының  болмысын  сақтап  қалуы  үшін 

барынша 


қолдау 

көрсетуге 

тырысты. 

Пантүрікшілдік, 

Османлы 

империясының жеңілісінен кейін ықпалын біраз жоғалтып алды [1.82]. 

 

І Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және Османлы империясының бұл 



соғыстан  жеңілуі  себебінен  Энвер  Паша,  мемлекеттен  кетуге  шешім 

қабылдайды.  «Иттихат  және  Теракки»  партиясының  үш  маңызды 

жетекшілері  Энвер, Талат  және  Джемаль  Бейлер неміс  су  асты қайығымен 

1919  жылдың  қаңтар  айында  Берлинге  келеді.  Энвер  Паша  бұл  жақта 

Кеңестік  Ресей  қызметкері  Карл  Радек  есімді  бір  коммунистпен  танысып, 

сол  арқылы  Мәскеумен  байланыс  орнатады.  Радек,  Османлының  осы  үш 

жетекшісіне  ағылшындарға  қарсы  бірлесе  күрес  жүргізу  туралы  ұсыныс 

білдіреді. Талат Паша, большевиктердің мұсылмандарға берген уәделерінде 

тұрмағандарын,  Патшалық  биліктің  ескі  саясатты  қолдануға  көшкендерін 

алға тартып, ұсынысты қабылдамай Берлинде қалады. Энвер және Джемаль 

Пашалар  болса,  1920  ж.  басында  Мәскеуге  барады  да  жоғары  дәрежелі 

кеңестік басқарушылар тарапынан қызу қабылданады [3.189-190]. 

 

1920  ж.  жазында  Энвер  Паша  большевиктердің  қолдауымен  «Ислам 



Иттихат-Ихтилал Джемиети» (қазақша ауд. – «Ислам Бірлік және Төңкеріс 

Қоғамы»)  атты  қоғам  құрады.  Қоғамға  қолдау  көрсеткен  большевиктер 

шығыста ағылшындарды жеңіліске ұшырату үшін және Энвер Пашаның да 

кісілігінен  пайдалана  отырып,  мұсылмандар  арасында  коммунизмді  тарату 

үшін  осы  қоғамның  әрекеттерінен  үлкен  пайда  көруге  дәмеленді.  1920  ж. 

тамызында  Мәскеуде  Чичериннің  Бакуде  жиналуы  тиіс  шығыс 

халықтарының  құрылтайына  қатысу  шақыруын  алған  Энвер  Паша, 

солтүстік  Африка  өкілі  ретінде  қонақ  ложасында  орын  алады.  Кейбір 

әзірбайжандық  коммунистер  Пашаның  құрылтайға  қатысуын  сынға  алады. 

Әзірбайжан халық біліміне жауапты комиссар Буниатзаде, Энвер Пашаның 

неміс  үкіметімен  бірлесе  жұмыс  істеп,  неміс  империализміне  жәрдем 

көрсетіп  жүргенін  айтады.  Осыған  байланысты,  Энвер  Паша  баяндама 

дайындап,  сөз  хақын  сұрайды.  Құрылтайдың  басшысы  Зиновьев,  Энвер 

Пашаға  баяндамасын  оқуға  рұқсат  бермейді,  баяндама  оның  орнына  басқа 

кісі  тарапынан  оқылады  [3.191-92].  Паша  баяндамасында,  құрылтайды 

ұйымдастырушыларға  алғысын  білдіргеннен    соң,   «Жолдастар»  деп  сөз  


    

                                                                                                                                           

195 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Хекимоглу В.С.Ф. Энвер Пашаның Түркістандағы әрекеттері 

 

 



бастайды және Османлы мемлекетінің І Дүниежүзілік соғыстағы жағдайын 

баяндаған.  Османлының  капиталист  және  империалист  Патшалық  Ресей 

және  Ұлыбританияға  қарсы  империалист  Алмания  тарабында  орын  алуы 

мәжбүрліктен 

туындағанын, 

Алманияның 

басқаларына 

қарағанда, 

Османлының  тым  құрығанда  өмір  сүру  хақын  мойындағанын  тілге  тиек 

етеді.  Әсіресе,  тағы  да  сол  І  Дүниежүзілік  соғысында,  бұғаздарды  жабу 

арқылы қатыгез Патшалық билігі тақтан түсіріліп, орнына  қаналғандардың 

бағынышты  одағы  Кеңестік  Ресейдің    құрылуында  ықпалды  болғанын 

айтады [4.574-576]. 

 

Энвер  Паша  Бакуден  Мәскеуге  оралады,  ол  жақтан  отбасының 



жанына,  яғни  Берлинге  қайтады.  Энвер  Пашаның  Берлинде  не  жасағаны 

туралы нақты деректер мен дәйектер жоқтың қасы, бірақ,  неміс үкіметімен 

жақсы  байланыста  болғаны  анық.  1921  ж.  басында  Паша  Мәскеуге  кері 

қайтады. Сол жерден Кеңестік Ресейдің көмегімен Түркияға өтуді қалайды. 

Әсіресе,  Ресейдің  Сыртқы  істеріне  жауапты  Халық  комисариаты  Энвер 

Пашаның  Түркияда  әрекет  етуіне  үлкен  маңыз  беретін  еді  [3.192].  Энвер 

Пашаның  большевиктер  тарапынан  Түркияда  империализмге  қарсы  күрес 

жүргізген  Мұстафа  Кемаль  Ататүрікке  қарсы  басымдылық  ретінде 

ұсталғаны  алға  тартылады.  Сол  замандарда,  Мұстафа  Кемальдің  Түркияға 

жеткілікті  мөлшерде  күші  болмағаны  және  Түркияның  Энвер  Пашаны 

күткендігі туралы ойлар бар. Керек десе, Чичерин, мұны Түркия елшісі Али 

Фуат  Пашаға  да  мәлімдеген  [4.585].  Ол  кезеңдерде  Батумда  жүрген  Энвер 

Паша,  Түркияға  өтіп,  тәуелсіздік  күресінің  жетекшісі  болуды  ойлайды. 

Алайда,  немере  ағасы  Халил  Паша  оның  Түркияға  баруына  қарсы  болды. 

Өйткені, ол Түркияға кеткен жағдайда, империализмге қарсы күрес жүргізіп 

жүрген түрік халқы, Мұстафа Кемальдың жақтастары және Энвер Пашаның 

жақтастары  болып  екіге  бөлінеді  де  гректерге  қарсы  соғыста  бұл  жағдай 

кері  әсерлерге  себеп  болуы  мүмкін.  Сондай-ақ,  Мұстафа  Кемаль  да  оның 

Түркияға кіруіне бөгет болды.  

 

Энвер  Паша  1921  ж.  тамызында  Батумнан  Түркияға  өте  алмаған 



жағдайда  қалай  әрекет  ететінін  ойлана  бастайды.  «Ислам  Иттихат  ве 

Ихтилал Джемиети» де анау айтқан табысқа қол жеткізе алмады. Оған қоса, 

Кеңестер  Энвер  Пашаны  шығыс  саясаттарының  маңызды  тұлғасы  ретінде 

танытуды  қалаушы  еді.  Себебі,  Энвер  Паша  ислам  елдерінде  үлкен 

абыройға ие. Пашаның сенімді досы Хаджи Сами, Түркістанға байланысты 

жасаған  еңбектерінде,  ол  жақтағы  қарулы  күрестің  сәтті  болу  мүмкіндігін 

және  осы  себептен  Энвер  Пашаның  ол  жаққа  бару  арқылы  тәуелсіздік 

күресінің басында болуы турасында оны көндіруге тырысып еді. Сондай-ақ, 

Джемаль  Паша  да  Ауғанстанда  қызметте  және  оның  Түркістанға  келуін 

күтуде  еді.  Осы  жағдайлардың  өрбуіне  байланысты  Паша,  1921  жылы 

қыркүйек  айында  Түркістанға  бару  туралы  нақты  шешім  қабылдайды 

[3.195-196]. 



    

                                                                                                                                           

196 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Хекимоглу В.С.Ф. Энвер Пашаның Түркістандағы әрекеттері 

 

 



 

1921  жылы  28  қыркүйекте  Батумнан  кеткен  Энвер  Паша,  қазан 

айының орталарында Бұқараға барады. Энвер Пашаның Бұқарада Түркістан 

тәуелсіздік  әрекеттерінің  жетекшілерімен  кездесуі  нәтижесінде  үш  түрлі 

бөлек  пікір  пайда  болды.  Бұқаралы  Джедидшілердің  бір  бөлігі,  Бұқара 

мемлекетін  қуаттандыру  үшін  Энвер  Пашаның  Кеңес  билігі  мен  Бұқара 

мемлекеті  арасында  бітімгерші  болуын  қалайды.  Бұқара  мемлекетінің 

басшысы  Осман  Қожа  және  Абдульхамит  Арифов  сынды  жетекшілер 

Пашаның  «Басмашыларға»  қосылуын  және  оларды  ұйымдастыра  отырып, 

Түркістанды  орыс  езгісінен  құтқаруын  қалайды.  Зеки  Велидидің 

басшылығындағы  үшінші  топ  болса,  Энвер  Пашаның  тікелей  соғысқа 

қатысуымен  күрестің  пантүрікшіл  ерекшелікке  қол  жеткізетініне  және 

осының  нәтижесінде  Кеңестердің  барлық  күш-жігерін  жинайтынын  айта 

отырып,  Энвер  Пашаның  Ауғанстанға  өтуінің  және  Түркістан  Ұлттық 

күресіне сол жақтан үлес қосуы тиімдірек болады деген пікірді қорғауда еді 

[5.138-139].  Осы тақырып туралы Зеки Велиди өз естеліктерінде де мәлімет 

қалдырған. Энвер Паша Бұқараға келгенінде өзімен кездескен Зеки Велиди, 

Пашаның  Түркістан  Ұлттық  әрекетіне  басшылық  жасауының  Кеңестер 

тарапынан  пантүркист  және  панисламист  әрекеттері  ретінде  танылатыны, 

олай  болса,  ол  әрекеттердің  бұл  жақтарда  танымал  еместігін  айтады. 

Сондай-ақ,  Энвер  Пашаның  І  Дүниежүзілік  соғысында  орыстардың  үлкен 

дұшпаны  ретінде  ұшталғанын,  Пашаның  осы  іске  араласуы  жағдайында, 

Түркістанда ақтар және қызылдар болып орыстардың бірігуіне себеп болуы 

мүмкіндігін,  және  де  Пашаның  Ауғанстанға  өтуі  жағдайында  белорустар 

және  антикеңестік  топтармен  байланыс  орнату  мүмкіндігін  жайттайды. 

Энвер  Пашаның:  «Ислам  халықтары  және  түріктердің  бірлігі  неліктен 

қаланбайды?»  деген  сұрағына  жауапты  Зеки  Велиди:  «Түркістанда  халық 

тек  қана  Османлы  халифатын  біледі.  Ол  да  Түркия  сұлтаны.  Түркияда 

түріктердің  түрікше  сөйлейтіндіктерінен  күдіктенбейді  де.  Басқа  жағынан, 

орыстар  панисламизм  мен  пантүркизмді  жек  көрінішті  етіп  көрсеткені 

соншалық, орыстармен жұмыс істеген адамдар бұл идеалдан өздерін алшақ 

ұстауға мәжбүр» - деген еді [6.331-332]. 

 

Бұқарада орыс елшісі Юриневпен кездескеннен кейін, бұдан былай ол 



жақта  қалу  өзі  үшін  қауіпті  екенін  сезген  Энвер  Паша,  қаланы  тастап 

Шығыс Бұқараға қарай жол алды. Сол кезде Түркістанда қалып, Түркістан 

Ұлттық  күресінің  басшылығына  келуді  ойлайды.  Қарсы  тарапқа  тиесілі 

Джиллиголде  9  қарашада  жанындағы  түрік  офицерлерімен  бірге  халыққа 

үндеу  тастаған  Паша,  өзінің  бұл  жаққа  Түркістан  халқы  тарапынан 

басталған  күреске  қатысуға  келгенін  білдіртіп,  Түркістанның  азат  етілуі 

үшін  халықтың  бір-біріне  өмірлерінің  соңына  дейін  сенімді  болып 

қалатынына ант беруге шақырады. Мұнымен қоса, Паша, Бұқара патшасына 

қарсы  әрекеттер  көрсетті.  Осының  нәтижесі  ретінде  бұйрық  жақтаушысы 

және  20 мың кісілік күшке ие   Ибрахим  Бек  Лакайдың   қастығын  жеңген 

болып саналатын [7.72-73]. 


    

                                                                                                                                           

197 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Хекимоглу В.С.Ф. Энвер Пашаның Түркістандағы әрекеттері 

 

 



Энвер Паша, 30 қараша 1921 жылы Ибрахим Бек Лакай тарапынан тұтқынға 

алынады.  Үш  ай  уақытқа  созылған  тұтқындық  Ауған  патшасы  Амануллах 

Ханның  іскерлігі  арқасында  тоқтатылады  да,  Энвер  Паша  бостандыққа 

шығады  [3.202-203].  Ибрахим  Лакайдың  тұтқынынан  босаған  Паша, 

Душанбеге өтіп, «Басмашы» әрекетінің жетекшісі ретінде орыстармен түрлі 

майданда  соғысқаннан  кейін,  Белживанда  4  тамыз  1922  жылы  құрбан  айт 

меркесінде таңертең орыстар жасаған шабуылда құрбан болады.  

 

Энвер Пашаның 1921 жылы Орта Азияға келуі және Басмашылардың 



капитаны  ретінде  көрінуі  және  оған  «Түркістан  әмірі»  сын  есімінің 

қолданылуы,  осы  жерде  белгілі  бір  қызығушылықтың  пайда  болуы  және 

сондай-ақ,  біршама  элементтердің  қатарға  қосылуы,  көбісінің  пікірінше, 

пантүрікшіл идеалдың өмірге енгізілуі ретінде қабылданды. Бір-екі отандық 

немесе  шетелдік  бақылаушы  пантүрікшілдіккке  жеткілікті  дәрежеде  ден 

қоймаумен  қатар,  Энвер  Пашаның  осы  мәселеге  іштен  бір  пікір  білдіргені 

турасында бірігуде.  Ол, пантүрікшілдіктің түрік тегінен, түрік империясын 

негізге  алып,  түріктердің  бірігуінің  ең  қолайлы  жері  ретінде  –  Бұқара  деп 

санайды  [1.82-83].  Бұл  жағдай  Әзірбайжан  Кеңесінің  төрағасы  Нериманов 

тарапынан  Мәскеу  үкіметіне  ультиматум  ретінде  жіберілді.  Бұл 

ультиматумда,  Энвер  Паша,  Бұқара,  Түркістан  және  Хиуа  хандықтары 

егемен  өмір  сүру  үшін  сарқылмас  қалауға  ие  екендерін  тағы  бір  рет 

мақұлдаған боп саналады және осылайша тәуелсіздік қалауын Мәскеуге де 

жеткізеді. Бұл  мақсатқа жету  үшін  Энвер  Паша, қолайлы жер  мен  уақытта 

большевиктерге қарсы көтерілістен ұйымдастыруға әрекеттенді. Большевик 

идеалымен 

қарсыласқанда, 

Энвер 


Паша 

пантүрікшіл 

және 

панисламшылықтың ортақ туын көтеруші еді. Бұл көтеріліс әрі оның Кеңес 



өкілеттілерімен қарым-қатынасында, әрі өмірінің соңына дейін өзінің басқа 

белсенділіктерде маңызды бір рөл ойнаған.    

Энвер  Пашаның  мазары  орналасқан  төбе    1936-1937  жылдарға  дейін 

үлкен  зиярат  орталығы  болған.  Кеңес  өкіметі  билігі,  Түркістанның  әр 

бұрышынан  мұсылмандардың  сол  бір  кезеңнің  еркіндік  үшін  күресін  еске 

түсіру  үшін  Энвер  Пашаның  мазарын  зиярат  ететіндерін  көрген  соң,  осы 

зиярат  орталығының  психологиялық  қаупін  сезінді.  Осы  себептен, 

араларында  Энвер  Паша  да  бар  болған,  барлық  мазарлардың  көзін  жойды. 

[3.222]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Jacob M. Landau, «Pantürkizm», Sarmal Yayınevi, (Аударған Mesut Akın), İstanbul 1999. 335 б. 

2.

 

Mehmet Binay, «Enver Paşa ve Kültür Mirasımız», http://www.findthelinks.com/Political/00000055.htm. 



3.

 

Baymirza Hayıt. «Basmacılar Türkistan Milli Mücadele Tarihi», Diyanet Yayınları, Ankara 1997. 312 б. 

4.

 

Şevket Süreyya Aydemir, «Makedonyadan Orta Asyaya Enver Paşa», ІІІ том, İstanbul 1972. 697 б. 



5.

 

Ahad Andican, «Cedidizm’den Bağımsızlığa Hariçte Türkistan Mücadelesi», Emre Yayınları, İstanbul, 

2003. 942 б. 

6.

 



Zeki Velidi Togan, «Hatıralar», Türkiye Diyanet Vakfı Yayınları, Ankara 1999. 628.  

7.

 



Abdullah Recep Baysun, «Türkistan İstiklal Hareketi ve Enver Paşa», Doğu Kütüphanesi, İstanbul 

2006. 222 б. 



    

                                                                                                                                           

198 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Ғ.И. КӨШЕНОВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 

 

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ КЕЙБІР МӘЛІМЕТТЕР 



 

В  этой  статье  рассказывается о жизненном  пути  Х.А.  Ясави  на основе  труда  С.А.  Хазини 

«Джавахир ал-абрар». 

 

This article deals with the life of H. A.Yasawi  according to the work of S.A.Hazini «Zhavakhir al-

abrar». 

 

Орталық Азия тарихындағы орта ғасыр кезеңі ұлттық ерекшеліктердің 

қалыптасуы  мен  мемлекеттердің  бой  көтеруі,  түркі  орталығында  жаңа 

діннің  қабылдануы  мен  оның  дамуы  секілді  рухани  құндылығы  өте  күшті 

оқиғаларды қамтыды.  

Ислам дінін қабылдағанға дейін көптеген түркі тайпаларының рухани 

өмірінде  шамандық  (бақсылық)  сенім  маңызды  рөл  атқарған.  Алайда, 

археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижесінде  ХІІІ-ХІVғғ.  Орталық 

Азия  халықтарының  рухани  өмірінде  шамандықпен  қатар  ислам  діні, 

буддизм, христиан діні және оның салаларының да орын алғаны туралы да 

деректер анықталуда.  

Бәрімізге  белгілі  Қожа  Ахмет  Ясауи  ХІ-ХІІ  ғасырларда  өмір  сүрген. 

Ислам  әлеміне  сіңірген  қызметіне  байланысты  Қожа  Ахмет  Ясауиге 

«Түркістан пірі», «түркі халқының пірі» деген ат беріліп, ол «түркі әлеміне 

ортақ  шайх»  деп  танылды.  С.А.Хазинидің  «Джавахир  ал-абрар»  атты 

еңбегінде:  «Түркілердің  пірі,  жаһанның  ұлысы.  Көптеген  патшалар  оның 

есігінің  құлы.  Ясы,  Мауераннахр  мен  Иеменде  әйел-еркек  оған 

мойынсұнады» [1.185]- делінеді.  

Ахмет  Ясауидің  сопылық  ілімі  тек  отырықшы  халықтың  емес,  уақыт 

өте  көшпелі  түркі  халқының  да  сол  уақыттағы  рухани,  әлеуметтік  және 

мәдени  сұранысына  жауап  берді.  Ғұламаның  халық  арасында  үлкен 

абыройға  ие  болуы  және  ол  бастаған  түркілік-ислами  дәстүрдің  түркі 

халықтарының  арасында  сан  ғасырлар  бойы  жалғасуы,  ол  салған  сара 

жолдың  осы  халықтардың  ұлттық  ерекшеліктерімен  толық  үндесуімен 

байланысты дер едік.  

Патшалық  Ресей  заманында  орыс  шығыстанушыларының  бірі 

Н.С.Лыкошин  Ахмет  Ясауи  және  оның  ілімі  мен  еңбегі  туралы  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізіп:    «Сопылықты  насихаттауда  біз  тек  қана  бірте-бірте 

исламдану  процесін  емес,  халықтың  саяси  бірлесуіне  ықпал  етуші  мықты 

қозғаушы  күшті  көруіміз  керек»  [2.156]  -  деп,  аймақтағы  осы  ілімнің 

дамуына керекті шараларды қолдануды ұсынған.  

Қазіргі  таңда  тек  шетелдік  емес,  отандық  ғалымдар  да  Қожа  Ахмет 

Ясауи  және  оның  мұрасы  жайлы  терең  зерттеулер  жүргізуде.  Осы 

ізденістердің арқасында Орталық Азия елдері ғылымында Ясауитану саласы 

дамып келеді. Ғылыми еңбектерден Ахмет Ясауимен, шығармашылығымен, 

оның  тарихымызға  сіңірген   қызметімен  халқымыз   



    

                                                                                                                                           

199 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Көшенова Ғ.И.  Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы кейбір мәліметтер 

 

 



кеңінен    танысып,    ол  туралы  мәлімет  беретін  бірнеше  ортағасырлық 

шығармалардан да хабардар бола бастады.

  

Негізінде  Қожа  Ахмет  Ясауи  жайлы  мәлімет  беретін  дерек  көздері 



негізгі үш топқа бөлінеді: 

1)

 



ясауия тариқаты өкілдерінің жазып қалдырған еңбектері

2)

 



нақшбандия тариқаты өкілдерінің шығармалары; 

3)

 



аталмыш тариқаттарға тәуелсіз дерек көздері;

 

 



Ахмет  Ясауидің  жеке  тұлғасы  туралы  мәлімет  беретін  тарихи 

құжаттар  мен  деректер  өте  кем.  Ахмет  Ясауи  хикметтерінде  өз  өмірін 

баяндайды,  бірақ  онда  ғұламаның  өмірбаяны  аңыздармен  араласып 

кеткендіктен,  оның  негізгі  жеке  тұлғасын,  өмірін  анықтау  өте  қиынға 

соғады.  

Қазіргі  уақытта  ясауитану  саласында  Ахмет  Ясауи  туралы,  оның 

дәстүрі жайлы нақты мәлімет беретін ең көне дерек ретінде Сұлтан Ахмет 

Хазинидің  1593  ж.  жазып  бітірген  «Джавахир  ал-абрар»  [1]  атты 

қолжазбасы

 

ұсынылады. 



С.А.Хазини  аталмыш  еңбегінде  өзі  жайлы  аз  мағлұмат  беріп  өтумен 

шектеледі.  Мұнда  дәруіш  өзінің  туған  жылы  туралы  сөз  қозғамайды. 

Дегенмен,  жасы  алпыстан  асқан  шақта  осы  қолжазбаны  жазып  бітіргенін 

және  алпыс  үш  жасқа  жетуге  үміттенетінін  білдіреді.  Сонымен  қатар  бұл 

шығармада  С.А.Хазини  он  екі  жасында  илахи  құштарлықпен  қабірлерді 

зиярат  еткені,  Мәжнүн  секілді  ракс  пен  самаға  ынтық  болғаны  [1.128] 

баяндалған.  Еңбектен  Хазинидің  илахи  құштарлықпен  Мәжнүн  халіне 

түсуінің  шайх  Мансұр  атамен  жүздескен  кезіне  дейін  жалғасқанын 

аңғарамыз. Хазиниді тәрбиесіне алған Мансұр ата оған жол көрсетеді. Автор 

шайхы Мансұр атаның ишаратымен бәйіттер айтып, жазу білмейтін халінде 

жаза бастағаны туралы мағлұмат береді.  

С.А.Хазини  он  тоғыз  жасында  ясауия  жолында  халифа  дәрежесіне 

лайық  деп  танылған.  Өз  еңбегінде  туындыгер  өзіне  иршадпен  айналысу 

құқығы  берілгені,  тәж,  белдік,  аса  және  софраға  оңашалануға,  қылуетке, 

зікірге және сұхбатқа рұқсат берілгені жайлы айтып өткен.  

Ахмет  Ясауи  туралы  терең  ғылыми  зерттеу  жүргізген  Ф.Көпрүлү 

«Түрк  едебиатында  илк  мутасаввыфлар»  атты  еңбегінде  Қ.А.Ясауидің 

Сайрамда  туылғаны  туралы  мәлімет  тек  Хазинидің  аталмыш  еңбегінде  

кездесетінін,  ал  қалған  деректерде  Қожаның  Ясыда  туылғаны  сөз 

болатынын [3.61] айтады.  

Қожа  Ахмет  Ясыда  туылмаған  болса,  Ясыдан  шыққанын  білдіретін 

лақап ғұламаға не үшін тағылды деген ой туындауы сөзсіз. Ең маңыздысы 

қай  уақыттан  бастап  осы  атпен  атала  бастады?  Әлде,  Бұқараға  білім  алуға 

келгенде  Ясыдан  келгені  үшін  Ахметке  Ясылық,  яғни  Ясауи  деген  лақап 

берілді ме екен...  

 


    

                                                                                                                                           

200 

   


 

 

 




1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал