Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет25/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ағайдарова А. Патшалық Ресейдің қазақ жеріне орыс шаруаларын орналастыру саясаты 

 

 



Дзюбинский:  «Тым  болмаса  қазақтың  қазған  арығы,  салулы 

жоңышқасы,  алма-мейіз  салған  бақшасы  бұл  заң  бойынша  қазына 

пайдасына алынбасын»- деді. 

1911  жылы    7  желтоқсанда  дума  әлгі  заңды  екінші  рет  қарастырды. 

Кадет партиясының көсемі Минюков  «Түркістаннан жер алам деген дұрыс 

емес»  деп  тағы  сайрады.  Астрахан  депутаты  Виноградов  «қазақ  жыртқан 

жер өзінде қалсын» деп, заңды Дзюбинский түзетпекші болды. 

Ресей  империясының  «бұратана»  халықтарды  орыстандырудағы  ең 

сенімді  тәсілі-орыстарды  сол  халықтармен  араластыра  қоныстандыру 

болатын. Жергілікті әкімшілдік өкілдері ол жөніндегі отаршыл пиғылдарын 

жасырған  жоқ.  Мысалы:  Маклинский  «Саяси  жағынан  алғанда,  орыстар 

қырғыздардан  нәсілдік  және  мәдени  тұрғыда    үстем  болғандықтан,  өлкеге 

орыстарды  қоныстандыру  ісі  бұл  бұратана  элементті  орыстандыруға  алып 

келуі тиіс» [2.7]. 

Генерал Казнаков «...қырғыз халқын бірте-бірте орыстандыру мәселесі 

жергілікті  әкімшіліктің  басты  міндеті.  Оған  жетудің  ең  тиімді  және  дұрыс 

жолы  қырғыз  даласының  негізгі  жерлерін  отырықшы  орыстармен  аса 

сақтықпен  отарлау  арқылы  қырғыз  халқын  орыстармен  араластыра 

қоныстандыру» [2.10] деп ашық айтты. 

Осылайша отаршыл өкімет қазақтың жерін тартып алып, тонағанымен 

қоймай,  қазақтарды  ұлттық  рухынан,  ғасырлар  бойғы  дәстүрлі  өмір 

салтынан  айырып,  қазақ  халқын  орыстандыру  мақсатын  ұстанды. 

Сондықтан  да  патша  үкіметі  орыс  шаруасымен  бірге  қазақ  даласына 

«жасампаздық  пен  игілік»,  «азаматтық  пен  мәдениет»  емес,  қазақ  жерін 

талап, тілі мен дінін жоятын отарлық езгі әкелді.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР  



 

1.

 



Демко. Д. Орыстардың қазақтарды отарлауы 1896-1916, Алматы 1997. 230 б. 

2.

 



ҚР Орталық Мемлекеттік Мұрағаты 489 қ, 1-тізбе, іс-11. 

3.

 



Гейнс А. Киргизское очерки. Военный сборник. 1866. №8. 

4.      Азиатская Россия. Т.1. С.491-492. 

5.

 

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. 3 том, 2002 ж 764 б. 



6.

 

Переселение и землеустройство в Азиатской Россий. 



7.

 

Байболсынова Ә. Түпкі мақсаты орыстандыру. //Қазақ тарихы. 2001 ж №2. 

8.

 

Қожақов Ө. Орыстандыру қалай жүрді? //Ақиқат. 1993, №6. 



9.

 

Тереков А. Қоныстандыру және орыстандыру //Қазақ тарихы. 2001 ж №6. 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 


    

                                                                                                                                           

187 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

М.М.БАХТЫБАЕВ  

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

Археология ғылыми-зерттеу орталығы 

 

В.А.КАЛЛАУР  ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ  ПЕРОВСК УЕЗІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ 

ЕСКЕРТКІШТЕРІН БАЛАМАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

В  статье  рассматриваются  вопросы  отожествления  памятников  Перовского  уезда  со 

средневековыми городами, описанных в письменных источниках. 

  

 

This paper deals with the matters of identifying monuments of Perovsk uyezd with midaged towns 

described in written sources. 

 

Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің белсенді мүшелерінің 

бірі  В.А.Каллаур  болды.  Ол  өз  қызметін  1876  жылы  Әулиеата  уезінде 

бастап,  1880-1898  жылдар  аралығында  Әулиеата,  1898-1901  жылдар 

аралығында Перовск уездерінің басшысы қызметін атқарған.  

В.А.Каллаур  1898  жылы  Перовск  уезіне  қызметін  ауыстырып 

келгеннен  бастап  осы  өңірде  орналасқан  тарихи  ескерткіштерді  зерттеуге 

белсене кірісіп, ХІХ ғ. соңына дейінгі Сырдария бойында орналасқан көне 

қалашықтар  туралы,  басылымдарда  жарық  көрген  деректерді  жинақтап, 

оларды  саралай  отырып  ортағасырлық  жазба  деректерінде  кездесетін 

қалалармен баламалау мәселесіне үлкен назар аударды.  

1899  жылдың  12  маусымында  В.А.Каллаур  Скобелево  селосынан  18 

верст  шығыста,  Сунақата  керуен  жолының  бойында  орналасқан  Сунақата 

қалашығында  болып,  оны  сипаттамасын  беріп  жобасын  түсірді. 

В.А.Каллаур  цитадель  мен  бекініс  ішіндегі  құрылыстардыњ  жєне  көше 

іздерініњ  анық  байқалатындығын,  ал  оның  сыртында  пахсадан  салынған 

құрылыстар  мен  керуен  сарай  және  т.б.  қалдықтары  барын  атап  көрсетеді. 

Сонымен  қатар,  В.А.Каллаур  Сунақатаның  айналасында  көптеген  арықтар 

барын  атап,  ілгеріде  бұл  жерде  егіншіліктің  дамығанын  алға  тартып, 

Сунақата  қалашығы  ілгеріде  Төменарық  арқылы  суландырылғанын  атап 

өтті. Бірақ В.А.Каллаур бұл арық Арыс өзенінен бастау алған деген жаңсақ 

пікір айтты [1, с.9-11]. 

В.А.Каллаур  өлкетанушылар  Н.Лыкошин  мен  Е.Т.Смирновтың 

пікірлерін қоштап, Сунақата қалашығын ортағасырлық Сығанақ қаласымен 

баламалады [1, с.11]. 

1899  жылдың  12  тамызында  В.А.Каллаур  Сырдарияның  сол 

жағасындағы Ақарықтың төменгі жағында, Бірқазан станциясынан 25 верст 

жерде,  Асанасөзектің  бойында  орналасқан  Асанас  қалашығында  болып 

оның сипаттамасын берді. 

Асанас  құландылары  ішінде  ерекше  орын  алатыны  бекініс  болып 

табылады.  Қамал  биіктігі  20  қадам,  ал  үстінгі  ені  15  қадамға  жуық, 

айналдыра аумағы 2 верст. Қамалға кіретін бес қақпа болған – оңтүстігінде 

екі, шығыс, батыс, солтүстігінде бір-бір қақпадан. Қамалдың оңтүстік-батыс 

бұрышында күйдірілген кесектен салынған құрылыс орналасқан, қамалдың  



    

                                                                                                                                           

188 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Бахтыбаев М.М. В.А.Каллаур еңбектеріндегі Перовск уезінің археологиялық ескерткіштерін... 

 

 



ішкі аумағында көптеген құрылыс қалдықтары сақталған [1, с.15]. Сонымен 

қатар, В.А.Каллаур Асанас қалашығынан 1 верст батыста бір бекініс, онан  2 

верст батыста Ақтөбе бекінісі және  Асанас қалашығынан 2 верст шығыста 

тағы  бір  бекініс  орналасқанын  атап,  Асанас  пен  бекіністер  арасында 

көптеген  құрылыс,  арық  іздері  байқалатындығын  жазады.  В.А.Каллаур 

Асанас  қалашығының  топографиясын  зерттей  отырып,  оны  ортағасырлық 

Ашнас қаласымен баламалады [1, с.14-15]. 

В.А.Каллаур  Сырдарияның  сол  жағында,  Перовск  қаласынан  25-30 

верст  қашықтықта,  Тұмарөткел  деп  аталатын  жерде  орналасқан  Қышқала 

қалашығында  болып,  оны  сипаттап  жазып,  жобасын  түсірді.  В.А.  Каллаур 

ќалашықтыњ  аумағы  -  3х2,5  верст  екенін,  онда  күйдірілген  қыштан 

салынған  құрылыс  құландылары  барына  тоќталып,  төбе  үстінен  жинап 

алынған  ыдыс  сынықтарын  мен  теңгелерді  Ташкент  қаласына  жібереді  [2, 

с.85-86].  В.А.Каллаур  Қышқаланың  орналасу  жеріне  қарай  ортағасырлық 

Жент қаласымен қателесіп баламалады [1, с.16].  

1946  жылы  С.П.Толстов  басқарған  ХАЭЭ-сы  Қызылорда  қаласынан 

115  км  жерде,  Жаңадария  өзенінің  оң  жағасында  орналасқан  Жанқала 

қалашығын зерттеп, оның жазба деректерде кездесетін ортағасырлық Жент 

қаласы екенін анықтады [3, с.225, №3309; 4, с.60-61].  

1903  жылдың  17  желтоқсанында  өткен  үйірме  отырысында 

В.А.Каллаурдың «Древние города и селения (развалины) в Перовском уезде 

в  долине  р.р.  Сыр-Дарьи  и  Яны-дарьи»  атты  баяндамасы  тыңдалып,  онда 

Сырдарияның  төменгі  ағысы  бойында  орналасқан  Сығанақ,  Ашнас,  Жент, 

Өзгент,  Бархалыгент  және  Жанкент  қалашықтары  туралы  баяндама 

жасағанын  атап,  сонымен  қатар  аталған  қалалардан  басқа  В.В.Бартольдтің 

«Туркестан в эпоху монгольского нашествия» атты еңбегінде Сырдарияның 

төменгі  ағысы  бойында  моңғол  шапқыншылығына  дейін  басқа  да  қалалар 

болғандығын  айтады.  Олардың  қатарында,  Сауранның  арғы  жағында:  1) 

Тұрар  қаласы,  оның  аймағында  Зерах  елді  мекені  бар,  бір  аймақта 

орналасқандықтан бұл қала Тұрар-Зерах деп аталған; 2) бекінісі мықты әрі 

бай Шагильджан қаласы; 3) шағын Баладж қаласы; 4) ірі Берукет қаласы; 5) 

Яныкент пен Жент жанында – Хувара қаласы; 6) Жент қаласынан 20 фарсах 

жерде, Сырдарияның бойында орналасқан Сагдере; 7) Жентке жақын жерде 

орналасқан  Хайрабад  қаласы;  8)  Барчынлыгкент  аймағындағы  ірі  елді 

мекендердің бірі – Рабат-туганин. В.А.Каллаур  Рабат-туганин елді мекенді 

Рабатат елді мекені болуы мүмкін деген пікір айты [5, c.59]. 

В.А.Каллаур  Перовск  уезінде  орналасқан,  қазіргі  атауымен  белгілі 

қалашықтарды  -  жоғарыда  аталған  қалалармен  байланысы  бар  жоғын 

анықтау  мақсатында  іздестіруді  жұмыстарын  жүргізді.  В.А.Каллаур  ењ 

алдымен өзі зерттеген, көріп шыққан қалаларының тізімін келтіреді: 

-  Сырдарияның  сол  жағында:  Қаратөбе,  Раздыата,  Құмиян,  Мейрам, 

Аққорған, 

Абызтөбе 

(Құтлыкент), 

Балапантөбе, 

Алғыр-салғыр, 

Молдақорған; 


    

                                                                                                                                           

189 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Бахтыбаев М.М. В.А.Каллаур еңбектеріндегі Перовск уезінің археологиялық ескерткіштерін... 

 

 



-  Сырдарияның  оң  жағында:  Ордакент,  Ақтөбе,  Қызылқала,  Бестам, 

Көпрабат; 

-  Қызылқұмда: Сырлы там; 

-  Жаңадарияда:  Жанқала,  Құмқала,  Чавек-қала,  Шірік-қала,  олардың 

ішінде Жанқала мен Құмқала Романовский мен Мушкетовтың геологиялық 

картасында көрсетілген, сонымен бірге бұл картада Жаңадария бойында бір-

бірінен  жақын  арақашықтықта  орналасқан  Бұзық-қала  мен  Шіркрабат, 

олардан  төмен  Қарақалпақ  бекінісі  және  Сырдарияның  сол  жағында, 

Сарышығанақ  станциясынан  30  верст  қашықтықта  орналасқан  Шахрабад 

көрсетілген. 

В.А.Каллаур 

Чавек-қаланы 

Бұзық-қаламен 

немесе 


Шіркрабатпен,  ал  Шірік-қаланы  Қарақалпақ  бекінісімен  баламалауға 

болады деген пікір айтты [5, с.60]. 

В.А.Каллаур  жергілікті  тұрғындардан  жиып  алынған  мәліметтерге 

сүйене  отырып,  келесі  қалашықтардыњ  қай  жерде  орналасқанын,  олардың 

қысқаша сипаттамасын берді: 

-  Шиелі  арықтың  ескі  арнасы  бойында:  1)  Қызылқала  -  жергілікті 

тұрғын  А.Ниязовтың  айтуынша  бұл  төбенің  тағы  бір  аты  бар  –  Шегедек 

қорған;  2)  Қараұйық  Ақтөбесі  –  ескі  бекініс,  Жүлектен  10  верст  жерде, 

Жүлек-Скобелево  жолынан  3  верст  жерде  орналасқан;  3)  Окше  ата  (Оқшы 

ата)  қалашығы  –  Жүлектен  7  верст  жерде  орналасқан,  онда  Оқшы  ата 

мазары бар; 

-  Сырдарияның  сол  жағында:  Келінтөбе  –  Келінтөбе  арығы  бойында 

орналасқан; 

-  Сырдарияның  он  жағында:  1)  Шорнақ  –  Саураннан  13  верст, 

Сырдарияға  қарай  барар  жолдан  2  верст  жерде  орналасқан;  2)  Сидақата  – 

Қосмезгіл  ауылынан  қарама-қарсы  жерде,  Сырдарияға  барар  жолдан  1,5 

верст  жерде  орналасқан;  3)  Көп-рабат  –  Жүлек  ауылынан  40  верст 

солтүстікте орналасқан. 

В.А.Каллаурдың  тапсырмасымен  Көп-рабадты  жергілікті  қызметкер 

Губанов  көріп  шығып,  оның  жобасын  түсірді.  Губановтың  айтуынша  Көп-

рабад Сарышығанақ станциясынан 40 верст солтүстікте, Құмкөл көлінен 80 

верст жерде орналасқан. Бұкіл рабаттар бұзылып, тек құландылары қалған, 

оның  шығысындағы  рабад  Мұртық-рабад  деп  аталады,  онан  1,5  верст 

батыста  орналасқан  рабад  –  Көсрабад,  онан  1  верст  батыста  мұнара 

құландысы, онан 1 верст батыста тағы бір рабад құландысы орналасқан деп 

жазды  [2,  c.62].  Сонымен  қатар,  В.А.Каллаур  Кувандарияның  бастауы 

болған Шіркейлі өзенінің сол жағасында Қосасар құландылары барын атап, 

ол  Перовск  қаласынан  35  верст  жерде,  Далакөлдің  шығысында 

орналасқанын  жазып,  оның  сипаттамасын  берді.  Қосасар  -  екі  төбе  бір-

бірінен  200  сажень  ара  қашықтықта  орналасқан,  жобасында  төртбұрышты 

болып келген, әр қайсысының айналдыра ұзындығы 1000 қадамға жуық [5, 

с.63]. 


 

    

                                                                                                                                           

190 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Бахтыбаев М.М. В.А.Каллаур еңбектеріндегі перовск уезінің археологиялық ескерткіштерін... 

 

 



В.А.Каллаур  жоғарыда  аталған  қалашықтар  мен  елді  мекендер  жайлы 

деректерді  сараптай  отырып,  олардың  кейбірін  В.В.Бартольдтың  еңбегінде 

аталған ортағасырлық қалалармен баламалады. 

В.А.Каллаур    Көпрабат  пен  Рабататтың  орналасуы  мен  олардың 

сипаттамасына  сүйене  отрып  бір-бірімен  баламалайды  [5,  с.63].  Осы  пікірін 

дәйектеу  үшін  ол  Рабататты  Барчынлыгкент  аймағындағы  Рабат-туганинмен 

баламалау  кумянді,  себебі, егер менің Барчынлыгкентті  (Бархалыгкент)  Төбесі 

ойықпен  баламалауым  дұрыс  деп  санасақ,  мен  Сырдарияның  он  жағындағы, 

Жүлектен  40  верст  солтүстікте  орналасқан  Көпрабатты  Рабататпен 

баламалағанымды  ескерсек,  Рабатат  Барчынлыгкент  аймағында  орналасуы 

мүмкін  емес,  себебі  Төбесі  ойық  Сырдарияның  сол  жағында  орналасқан  деп 

пайымдайды.  Сонымен  қатар,  В.А.Каллаур    Рабат-туганин  -  картада  Төбесі 

ойық  (Барчынлыгкент)  пен  Ашнас  (Асанас)  ортасында  көрсетілген  Шахрабат 

болуы мүмкін деп жазады [5, с.64]. 

В.А.Каллаур    В.В.Бартольдте  Тұрар-Зерах  туралы  тек  Сауранның  арғы 

жағында  орналасқанын,  Саураннан  оңтүстікте  ме,  батысында  ма  ол  туралы 

мәлімет  жоқ  екенін  ескере,  ол  Тұрар-Зерахты  Сырдарияның  оң  жағында 

орналасқан  болса  Шорнақ  пен  Сидак  төбелерімен,  ал  Сырдарияның  сол 

жағында  болса  Аққорған  мен  Келітөбе  болуы  мүмкін  деп  жорамалдайды  [5, 

с.64].  В.А.Каллаур  ортағасырлық  деректерде  келтірілген  мәліметтерге  сүйене 

отырып  Шагильджан,  Баладж  және  Берукет  қалалары  суландыру  жүйесі 

дамыған  көне  мәдениет  құландыларының  ортасында  орналасқанын  және 

олардың  Сауранның  арғы  жағында  орналасқанын  ескере  отырып  оларды 

Мейрамтөбе, Құмиян, Алғыр-салғыр немесе Молдатөбе болуы мүмкін деген [5, 

с.64] жаңсақ пікір айтты. 

Кейінгі  зерттеушілер  ортағасырлық  Шагильджан  қаласын  Шаға  І 

қалашығымен,  Баладж  қаласын  Бабаата  қалашығымен  баламалайды  [6, 

с.312,234].   

В.А.Каллаур  жазба  деректерде  ортағасырлық  Хувара  қаласы  Яныкентке 

жақын  жерде,  ал  Хайрабад  қаласы  Жент  аймағында  орналасқанынын  атап, 

бұлардың  нақты  орналасқан  жерін  анықтау  үшін,  біріншіден  -  Яныкент  пен 

Женттің  орналасқан  жерін  анықтау  керек  деп  пайымдайды.  В.А.Каллаур, 

бұрынырақ  Жент  қаласын  -  Қышқаламен  баламалаған  болатын,  ал  Яныкент  - 

Жент қаласына жақын жерде орналасуы мүмкін деп жазады. 

В.А.Каллаур  В.В.Бартольд  пен  П.И.Лерхтің  келтірген  жазба  деректерін 

салыстыра  отырып,  ол  Яныкент  атауымен  белгілі  екі  қала  болған  деген 

тұжырымға  келеді  [5,  с.64-66].  Оның  бірі  П.И.Лерх  жазған  -  Сырдарияның 

төменгі  ағысындағы,  ал  екіншісі  -  Сырдарияның  оңтүстігінде  Жаңадария 

бойындағы.  В.А.Каллаур  Жаңадария  бойында  орналасқан  Жанқаланы 

Яныкентпен  баламалап,  Женттен  ең  жақын  төбелер  Сырлытам  45  верстте, 

Құмқала – 70 верстте, ал Жанқаладан – Сырлытам 30 версте, Құмқала 25 верст 

жерде  орналасқанын  алға  тартып,  Құмқала  мен  Сырлытам  ортағасырлық 

Хувара мен Хайрабадпен баламалауға болады деп пайымдайды [5, с.68]. 

В.А.Каллаурдың  Жентті  Қышқаламен  және  Жанқаланы  Яныкентпен 

баламалауы қате екенін ескерсек  жоғарыда  аталған  пікірлер жаңсақ болып

  


    

                                                                                                                                           

191 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Бахтыбаев М.М. В.А.Каллаур еңбектеріндегі Перовск уезінің археологиялық ескерткіштерін... 

 

 



табылады.  Сонымен  қатар,  В.А.Каллаур      жазба  деректеріндегі  Сырдарияның 

бойында, Женттен 20 верст жерде орналасқан Сагдере - Қармақшы бекінісінен 

25  верст  жерде,  Сырдарияның  сол  жағасында  орналасқан  Төрткүл  болуы 

мүмкін деп жазады [5.68]. 

1904 жылдың 12 қарашасында өткен үйірме отырысында В.А.Каллаурдың 

«Развалины  древних  крепостей  по  р.  Яны-Дарье»  атты  баяндамасы  тыңдалып, 

онда  В.А.Каллаур  И.Беляевтің  «Поперек  Кызыл-Кумской  пустыни»  атты 

мақаласында  Оренбай  мен  Шерік-рабат  бекіністері  туралы  жазылған 

мәліметтерді  алға  тартып,  үйірме  мүшелеріне  осы  мақаладан  үзінді  келтірді 

[7.56-57].  

И.Беляев  Шерік-рабат  жайлы  былай  жазады:  «У  колодца  Шерик-рабат 

существует  драгоценный  археологический  памятник,  большая  крепость»  [7, 

с.58].  Жобасында  Шерік-рабат  төртбұрышты,  қабырғаларының  биіктігі  2 

саженге  жуық,  ені  1  сажень,  олар  айналдыра  10-12  десятин  келетін  жерді 

қоршап тұр. Қамал қабырғаларының көп жері жақсы сақталған, тек мұнаралары 

бұзылып,  ең  ірі  мұнаралары  оңтүстік  жағында  орналасып,  бекініске  кіретін 

жалғыз  қақпаны  қорғап  тұрған.  Оның  ішкі  жағының  орталық  бөлігінде 

қамалмен қоршалған цитаделі орналасқан.    

В.А.Каллаур  И.Беляевтің  келтірген  деректеріне  сүйене  отырып,  Орынбай 

төбені  -  Қарақалпақпен,  ал  Шерікрабатты  -  Шіркрабат  пен  Шірік  қаламен 

баламалады [7, с.59]. Бұл жерде бір айта кететін мәселе, В.А.Каллаур алдыңғы 

мақалаcында  Чавек-қаланы  -Бұзық-қаламен  немесе  Шірікрабатпен,  ал  Шірік-

қаланы—Қарақалпақ бекінісімен баламалауға болады, деген пікір айты [5.60].  

Қорыта  келгенде,  В.А.Каллаур  Перовск  уезінде  атқарған  ізденіс 

жұмыстары  нәтижесінде  осы  өңірде  орналасқан  археологиялық  ескерткіштер 

жайлы  құңды  деректер  жинақтап,  Сырдарияның  орта  және  төменгі  ағысында 

орналасқан  ескерткіштерді  ғылыми  айналымға  енгізіп,  оларды  ортағасырлық 

жазба  деректерінде  кездесетін  ортағасырлық  қалалармен  баламалау  мәселесін 

де  көтере  білді.  В.А.Каллаур  Перовск  уезінің  ескерткіштерінің  зерттелуіне 

сүбелі үлес қосқан әуесқой зерттеушілердің бірі болып табылады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Каллаур В.А. Древние города Саганакъ (Сунакъ), Ашнасъ или Эшнасъ (Асанасъ) и другие вь 

Перовскомъ уезде, разрушенные Чингисъ-ханомъ въ 1219 году // ПТКЛА, V. -Ташкент, 1900. –

Ташкент: типо-литография тогового дома Ф. и Г. Бр. Каменские, 1900. -204 c.  

2.

 



Каллаур В.А. О следах древняго города «Джентъ» в низовиях реки Сыр-Дарьи // ПТКЛА, V. –

Ташкент: типо-литография торгового дома Ф. и Г. Бр. Каменские, 1900. -204 c.  

3.

 

Археологическая карта Казахстана. Реестр. –Алма-Ата: Изд.Академии наук Казахской ССР, 



1960. 

4.

 



Толстов С.П. По следам древнехорезмийской цивилизации. М.-Л., 1948. 

5.

 



Каллаур В.А. Древние города и селения (развалины) в Перовском уезде в долине р.р. Сыр-

Дарьи и Яны-дарьи // ПТКЛА, VІІІ. –Ташкент: типо-литография торгового дома Ф. и Г. Бр. 

Каменских, 1903. -105 c. 

6.

 



Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. Том 1. -

Алма-Ата: Гл.ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. –368 c. 

7.

 

Каллаур В.А. Развалины древних крепостей по р. Яны-Дарье // ПТКЛА, ІХ. –Ташкент: типо-



литография торгового дома Ф. и Г. Бр. Каменских, 1904. -67 c. 

 

    

                                                                                                                                           

192 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

В.С.Ф. ХЕКИМОГЛУ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 

 

ЭНВЕР ПАШАНЫҢ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІ 

                      

В  этой  статье  рассматривается  борьба  генерала  Энвер  Паша  совместно  с  басмачами  за 

независимость и единство Туркестана. 

 

 

This article researches Enver Pasha’s sruggle for  Turkestan’s independence  and unity associated 

with  Basmaches. 

 

 

1881  ж.  Стамбулда  дүниеге  келген  Энвер  Паша  –  Османлы 



Империясының соңғы кезеңдерінде артынан терең із қалдырған әскер және 

мемлекет  қайраткері.  Османлы  империясының  соңғы  кезеңдерінде  өзінің 

басшылығындағы  «Иттихат  және  Теракки»  партиясы  аясында  шапшаң 

абыройы  артқан  Энвер  Паша,  32  жасында  Османлы  әскерінің  «Паша» 

(генерал)  атағын  иемденеді  [1.77].  Энвер  Паша  «Әскери  Мектепті» 

тәмамдаған  соң  қысқа  уақыт  ішінде  майор  дәрежесіне  дейін  көтеріледі, 

«Иттихат  және  Теракки»  әлеуметтік  тобына  қосылады,  тоталитар  ІІ 

Абдульхамит  режимінің  аяқталуы  мен  Конституцияның  жаңадан 

жариялануы  үшін  маңызды  рөлдерді  өз  жауапкершілігіне  алады.  Сол  бір, 

600  жылдық  тарихы  бар  империя  өмірінің  құлдырау  кезіне  тура  келген 

Османлы 

империясы 

мемлекетінің 

аяққа 


тұруына 

және 


алған 

ауртпалықтарын  дұрыс  жолға  қою  үшін  бар  күшімен  күрес  жүргізеді  [2]. 

«Иттихат  және  Теракки»  жетекшілерінің  арасынан  Энвер,  Талат  және 

Джемаль  Бейлер,  Османлы  империясының  сол  кезеңдегі  шарттарында 

«Пантүрікшілдіктің»  пайдасын  сезіне  білді.  Осы  тұлғалардың  арасынан 

«Пантүрікшілдік»  турасындағы  пікірлерін  ашық  жеткізе  білген  Энвер  еді. 

Пантүрікшілдіктің  –  мемлекет  саясаты  ретінде  мойындалуы  үшін  де  зор 

дәрежеде  ықпалды  болған.  Энвердің  саяси  және  әскери  идеал  ретінде 

пантүрікшілдікке  деген  ынтызарлығы  тәуелсіз  дерек  көзі  ретінде  танылған 

француз жазушысы Андре Малраукс тарапынан да дәлелденеді. 1948 жылы 

жарыққа шыққан «Les Noyers de L`Altenburg» атты кітабының басым бөлігін 

Малраукс, әкесінің Стамбулдағы Алмания елшілігінде 6 жылдық жұмысына 

және  оның  Энвердің  ең  жақын  досы  әрі  сенімді  кеңесшісі  болғанына 

арнаған. Малраукс кітапта баяндағанындай, әкесі Тұран пікіріне ден қойып, 

осы тақырыпта Энвер Пашамен тығыз қарым-қатынаста болады. 1911-1912 

жж.  түрік-итальян  соғысынан  (Траблусгарп  соғысы)  бұрын-ақ,  Энвер, 

Патшалық  Ресейдегі  түрік  топтары  арасындағы  мұсылман  әрекетшілерін 

«Жас түріктер» ортасына қосады. Тіпті, сол кезеңдерде Энвер, Жібек Жолы 

бойымен Эдирнеден Қытай көгалдарына дейінгі барлық түріктердің бірлігін 

қиялдайтын еді. Астанасы Самарқан ретінде, ескі империяның орнына басқа 

бір империя құру мүмкіндігі тұрғанда Энвер, Грекия мен Сербияның бөлек 

шығып,  тәуелсіз  мемлекет  құруын  қисынсыз  деп  санайтын.  Балқанда 

бейбітшілік 

орнар-орнамас 

Энвердің 

қызметкерлері 

орыс 

басқыншылығындағы  Түркістан  хандықтарымен  қатар,  Ауғанстан  және 



Бұқара  патшаларымен де  қарым-қатынас  орната бастады.  

    

                                                                                                                                           

193 

   


 

 

 




жүктеу 6.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет