Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.

бет23/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Динашева Л.С.

 

Патшалық Ресей үкіметінің Оңтүстік Қазақстанда жүргізген жерге... 

 

 



қызметкерлерінің жауапсыз тірлігінен жерсіз қаңғырып қалды [3.2049-іс,10-

п.].  Мұндай  жағдайлар  біз  зерттеп  отырған  Оңтүстік  Қазақстан 

территориясындағы 2 облыста да орын алды.       

Отаршыл  үкімет  жерінен  айрылған  қазақтардың  тағдырын  ойлап 

бастарын  ауыртқысы  келмеді.  “Әртүрлі  себептермен  ертеден  егіншілікпен 

айналысқан  және  де  ұшы-қиыры  жоқ  даланың  алғашқы  пионері  болған 

қазақтар,  жерін  алып  қойған  жағдайда  ешқандай  қиындықсыз-ақ    құнарлы 

жер тауып, онда көп қаржы жұмсамай, суландыру жүйелерін жүргізе алады” 

[6.1-т.,22-іс, 7-п.] - деп сенімді түрде баяндады Сырдария облысының қоныс 

аудару мекемесінің бастығы.  

Түркістан  өлкесін  орыс  шаруаларының  қоныс  аудару  басталған  1860 

жылдан  1917  жыл  аралығында  Сырдария  облысының  1816  мың  га,  Жетісу 

облысынан 3793,4 мың га жер “отарлау қорына” тартып алынды. Әрине бұл 

жағдай қазақтардың отырықшы тұрмысқа өтуін тежеді [7]. 

 

Уездер 


Әкімшіліктің 

қазақтардан 

тартып 

алған 


жерлерінің 

жалпы  жер  көлеміне 

%-қ қатынасы 

Ауылдардағы 

көшпенді шаруашы-

лықтар (%) 

Ауылдардағы 

отырықшы 

шаруашы- 

лықтар (%) 

Зерттелген 

жылдары 


Пішпек 

Верный 


Прежи-

вальск 


Лепсі  

Қапал 


11,0 

6,7 


 

6,5 


5,5 

2,9 


84,9 

84,7 


 

80,6 


72,0 

71,8 


15,1 

15,3 


 

19,4 


28,0 

28,2 


1912-1913 

1911 


 

1913 


1909 

1910 


   

Бұл  кестеден  тартып  алынған  жер  көлемі  қанша  көп  болса  ондағы 

отырықшы шаруашылықтардың соншалықты аз екендігін байқау қиын емес. 

Патша шенеуніктерінің пайымдаулары бойынша көшпенділерден жер қанша 

көп  тартып  алынса,  сонша  көп  көлемде  олар  отырықшы  тұрмысқа  өтулері 

тиіс  болатын.  Ал  сол  кезде  қалыптасқан  жағдай  отаршылдардың  бұл 

ойының дұрыс емес екендігін дәлелдеді.  

Қазақтардың  жерге  орналасуына  кедергі  болған  жағдайлардың  бірі  - 

отырықшы тұрмысқа өткен қазақтар иелігіне тиген жерінің көлеміне қарай 

емес,  әрбір  түтін  басына  міндетті  түрде  салық  төлеулеріне  байланысты 

болды.  Бұл  жағдай,  әрине,  бұрын  ұлан-байтақ  жерде  мал  бағып,  еркін 

жүрген  қазақтарға,  енді  аз  ғана  жер  алып,  өзіне  қыры  мен  сыры  белгісіз 

кәсіппен айналысып, бұрынғыдай мөлшерде салық төлеу өте ауыр тиді. 

Осылайша,  патша  үкіметі  бір  жағынан,  қазақтарға  жер  бөліп  беріп 

жарылқаймыз,  егіншілікпен  айналысуға  жағдай  жасаймыз  деп  жар  салса, 

екінші  жағынан,  осы  сияқты  іс  жүзіне  асыруды  орыс  поселкелері  үшін  ең 

құнарлы  жерлерді,  дайын  су  жүйелерін  тартып  алып,  салық  мөлшерін 

көбейтіп,  ең  соңында  қазақтардың  жер  бөліп  берулерін  өтініп  жазған 

хаттарын   жауапсыз     қалдырып    отырды.   Нәтижесінде  патшалық  Ресей  


    

 

173 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Динашева Л.С.

 

Патшалық Ресей үкіметінің  Оңтүстік Қазақстанда жүргізген жерге... 

 

 



әкімшілігі  қазақтарды шөл  далаға,  тау-тасты,  сортаң  жерлерге  ығыстырып, 

сол  жерлерде  оларға  “қазақ  отырықшылығының  шегін”  тұрғызды  және  де 

көшпенділердің  кедейленуі  арқылы  орыс  шаруалары  мен  казактарының 

табысты тұрмысы үшін олжалы сала жасап берді. 

Бұл  айтқандардан  патша  үкіметінің  қазақтарды  жерге  орналастыру 

саясаты мақсат емес, жерлерін көбірек алу жолындағы әдіс, тәсіл еркіндігіне 

көз жеткізуге болады.   

Қорыта    айтатын  болсақ,  Қоныстандыру  мекемелері  құрылған  бетте 

өздерінің  түпкі  мақсаты  -  қазақтар  иелігінен  мүмкіндігінше  көбірек  жер 

алуын, онда ішкі Ресейден келген шаруаларды орналастырып, солар арқылы 

империяның  мықты  тірегін  жасауға  кірісті.  Бұл  жолда  олар  ештеңеден 

тайынбады.  Қоныс  аудару  саясаты  ешқандай  жүйесіз,  жоспарсыз,  халықты 

алдап-арбауға 

негізделіп, 

жапансыздықпен 

жүргізілді. 

Жергілікті 

тұрғындардың мүддесімен санаспай , әртүрлі айла, шарғылар ойлап тауып іс 

жүзіне  асырумен  болды.  Жерінен  айырылған  қазақтар  тағдыры  келешекте 

не боларына олар бас қатырмады. Орыс поселкелері Мырзағазы Есбол ұлы 

ағамыз айтқандай “жер астына жік, екі құлағы тік” деген сияқты переселен 

поселкелері  бірінен  соң  бірі  пайда  бола  берді.  Нәтижесінде,  1920  жылғы 

санақ бойынша Түркістан өлкесінде 437 мың қоныс аударушылар өмір сүрді 

Переселендердің  басым  көпшілігі  (116400  адам)  Жетісу  облысында 

қоныстанды.  Переселендердің  саны  жағынан  екінші  орында  Сырдария 

облысы тұрды. Мұнда, 96754 адам 263 поселкеде орналасты [15] . 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



ҚР ОММ., 19-қор, 1-тізбе,67-іс, 88-89-п. 

2.

 



Вопросы конолизации, 1913. №13,с.13. 

3.

 



ҚР ОММ. 19-қор,1-тізбе, 38-іс, 1-п. 

4.

 



//Вопросы конолизации, 1912. №11.-С. 22. 

5.

 



//Қазақ. 1913. № 1 

6.

 



ӨР ОММ.,16-қор, 1-тізбе, 267-іс, 122-п. 

7.

 



Галузо П .Аграрное отношение на юге Казахстана в 1868-1914гг. -Алма-Ата, 1965.-С.219. 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



    

 

174 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Қ.Қ.БАЗАРБАЕВ    

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  магистр – оқытушысы 

 

1917  ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ 



 ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ 

 

 



 

 

  В  статье  рассматриваются  проблемы  процесса  социальной  дифференциации  в  аграрно-

колониальной Сырдарьинской области. 

  

 

This article deals with some problems of the process of social differentiation in agrarian colonial 

region of Syrdarya. 

 

XIX  ғасырдың  ортасына  қарай  патшалық  Ресей  Орта  Азияны  түгелге 

дерлік өзінің отарына айналдыру ісін аяқтады. Патша әскерлерінің Әулиеата 

мен Шымкентті алуы және генерал Черняев әскерлерінің осы өңірдің басты 

қаласы  Ташкентке  баса  көктеп  кіруі  осыған  дейін  Қоқан  хандығының 

құрамында  болып  келген  ұланғайыр  территорияны  Ресей  империясының 

отарына, ал оны мекендеген халықтарды оның бодандарына айналдырды. 

Патша үкіметі Қазақстан мен Орта Азияны тікелей өз қарамағындағы 

аграрлық  шикізат  көзі  мен  өз  тауарларын  өткізетін  нарыққа  жедел 

қарқынмен айналдыра бастады. 

Осы  зымиян  саясатқа  қарамастан,  Ресейге  шығыстағы  ұлт 

аймақтарының  қосылуы  олардың  экономикалық  және  мәдени  дамуын 

жылдамдатты, олардың капиталистік қатынастардың иіріміне түсуіне ықпал 

жасады.  Бұл  өңірлердің  халықтарының,  оның  ішінде  Сырдария  облысы 

тұрғындарының  өмірінде,  олардың  Ресейге  қосылу  процесі  аяқталуынан 

кейін  айтарлықтай  өзгерістер  орын  ала  бастады.  Бұл  өзгерістер,  атап 

айтқанда,  бұл  өңірге  Орталық  Ресейге  қоныс  аударушылардың  лек-легімен 

келе  бастауынан,  егіншілік  пен  сауданың  дамуынан,  өнеркәсіп  орындары 

мен  теміржол  құрылысының  пайда  болуынан,  көшпелі  шаруалардың 

отырықшылыққа  көшу  нышандарынан,  қазақтар  мен  басқа  да  тұрғылықты 

халықтардың  дәстүрлі  шаруашылықтары  мен  әдет-ғұрыптарына  жекелеген 

жаңалықтардың енуінен анық көрінді.  

Ресейге  экономикасының  ықпалымен  халық  шаруашылығының 

жекелеген  салаларында  капиталистік  қатынастар  пайда  бола  бастады. 

Осындай  өзгерістер  нәтижесінде  қазақ  ауылы  мен  өзбек  қыстақтарында, 

қоныс  аударушы  орыс-украин  селолары  мен  қазақ-орыс  станицаларында 

әлеуметтік  жіктелу  үрдісі  орын  алып,  ұлттық  жұмысшы  табының  алғашқы 

топтары пайда бола бастады. Айтылған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер 

Орта  Азиямен,  Қазақстанмен  салыстырғанда  едәуір  дамыған  Ресей 

экономикасының  объективті  ықпалының  нәтижесі  еді.  Олар  жаңадан 

отарланған  өңірлердегі  халықтарды  аяусыз  қанап,  ондағы  өндірістік 

қатынастарды сақтауға тырысқан патша үкіметінің еркінен тыс орын алды. 

Сондықтан  да  1917  жылдың  қарсаңындағы  Сырдария  облысы,  жалпы 

алғандағы  Қазақстан  мен  Орта  Азия  сияқты,  Ресей  империясының 

капитализмге   дейінгі  өндірістік  қатынастар  (феодалдық- патриархалдық) 

үстем   болған    аграрлы-отарлы     өлкесі     болды.    Түркістан     Генерал- 



    

 

175 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Базарбаев Қ.Қ. 1917  жыл қарсаңындағы Сырдария облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 

 

 



губернаторлығының

  құрамындағы  Сырдария  облысы  патша  үкіметінің 

шешімімен  1887  жылдың  1-і  қаңтарында  құрылды.  Сырдария  облысы 

әкімшілік-территориялық  тұрғыдан  Ташкент,  Черняев  (Шымкент), 

Әулиеата,  Перовск  (Ақмешіт)  және  Қазалы  уездеріне  бөлінді.  Сырдария 

облысы  шығысында  Шу  өзенінің  батысында  Арал  теңізіне  дейінгі, 

солтүстігінде  Балқаш  көлі  мен  Бетпақдаланы,  оңтүстігінде  Әмудария  мен 

Каспий теңізінің жағалауларына дейінгі көлемі 459 мың шаршы км (верст) 

ұланғайыр  территорияны  алып  жатты  [1].  Бұл  жер  Бұхар  мен  Хиуа 

хандығын санамағанда Түркістан өлкесі территориясының үштен бірі еді. 

Түркістан  өлкесін,  оның  ішінде  Сырдария  облысын  әкімшілік-

территориялық  жағынан  бөлшектеу  тәртібі  отарлаушы  жүйенің  мақсат-

мүдделеріне бағындырылды. Патша үкіметі тағайындаған чиновниктер уезд 

бастықтарына дейін метрополияның мүдделерін қорғау мен өздерінің жеке 

бастарының  мақсаттарын  орындау  үшін  шексіз  құқықтарға  ие  болып, 

ешкімнен  қаймықпай,  ойларына  келгендерін  істеді.  Олар  өздерінің  тікелей 

бастықтарынан  басқа  ешкімнің  алдында  жауап  бермеді.  Бұл  жөнінде 

Міржақып  Дулатов  «Қазағым  менің,  елім  менің»  атты  мақаласында  былай 

деп  ашына  баяндаған  еді.  «Ең  алдымен  қазақ  халқы  -  Ресейге  тәуелді... 

оның, ешқандай құқығының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Өздеріңіз көз 

жазбай байқап отырғаныңыздай чиновниктер, урядниктер қазақтарды ұрып-

соғып, малдарын тартып алып, ойына не келсе соны істеді. 

Енді  чиновниктер  біздің  дінімізге,  атадан  мұра  болып  келе  жатқан 

әдеп-ғұрыптарымызға араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды. Енді 

бұл  чиновниктер  қазақ  даласына  мыңдаған  мұжықтарды  жер  аударып, 

қазақтардың  суы  мен  шұрайлы  жерлерін  тартып  әперуде...  «  [2.221]. 

Жергілікті  билеу  мен  басқару  жүйесінде  «бұратаналық  әкімшілік» 

(«Туземная администрация») дейтінге қосымша ғана рөл берілді.  

Қазақ  ауылын  басқаратын  әкімшілік  жүйе  -  болыс  басшылары  мен 

ауыл  старшындары  —  көп  жағдайда  патша  үкіметінің  отарлау-әкімшілік 

аппаратымен біте қайнасып кеткен бай-шонжарлар өкілдерінің қолдарында 

болды. 


Сырдария  облысы  тұрғындары  шаруашылық  жағдайы  бойынша 

көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын отырықшы 

диханшылардан  (егіншілерден)  тұрды.  1917  жылға  дейінгі  мерзімде  патша 

үкіметі  әртүрлі  мақсаттарға,  ең  алдымен  империяның  орталық 

аудандарынан  көшіп  келушілерді  орналастыруға,  темір  жолдар  салу 

мұқтаждарына,  т.с.с.  Сырдария  облысы  тұрғындарынан,  ең  алдымен 

қазақтардан  3.204.696  десятина  құнарлы  жерлерді  тартып  алып,  байырғы 

тұрғындарды шөл және шөлейт аймақтар мен таулы өңірлерге  ығыстырды 

[3. 519]. 

Сырдария  облысы  ең  алдымен  метрополия  үшін  шикізат  көзі, 

екіншіден  оның  өндіріс өнімдерін  өткізетін  нарық рөлін  атқарды.  Өлкеде  

пайда  болған  кәсіпорындар негізінен ауылшаруашылық  өнімдерінен басқа 



    

 

176 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Базарбаев Қ.Қ. 1917  жыл қарсаңындағы Сырдария облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 

 

 



шикізаттарды алғашқы өңдеу ісімен айналысты. 

1913  жылдың  соңына  қарай  Сырдария  облысында  осындай 

кәсіпорындардың  саны  183-ке  жетті,  1914  жылы  тағы  да  19  зауыт  іске 

қосылды [19. 22; 20.70]. Бұл зауыттардың көпшілігі Ташкент-Орынбор темір 

жолы ашылған 1906 жылға дейін салынған еді. 183 зауыттың 127-сі Ташкент 

уезінде,  олардың  111-і  Ташкенттің  өзінде,  қалғандары  Шымкент  уезінде  - 

18,  Әулиеата  уезінде  —  25,  Перовск  уезінде  -  9,  Қазалы  уезінде  -  4  зауыт 

болды. Олардың жылдық тауар айналымы 15.165.420. сомға тең болды. Бұл 

ақша айналымының 90%-ы Ташкент уезі мен қаласындағы кәсіпорындардың 

үлесіне  тиді.  Олардың  ішіндегі  ең  ірілері  қатарына  макарон  фабрикасы, 

төсек  жасау  шеберханасы,  керамика  шығаратын  кәсіпорындар,  мақта 

тазалау зауыттары (16 зауыт), баспаханалар (11), шарап пен май шығаратын 

зауыттар,  т.б.  жатты.  Түркістан  өлкесіндегі  кәсіпорындағы  жұмыс 

таңсәрідегі  5-7  сағаттан  басталып,  көптеген  сағаттарға  созылды. 

Кәсіпорындардың 12,7-інде ғана жұмыс күні 8 сағатқа дейін болса, көптеген 

кәсіпшіліктерде ол 17-18 сағатқа созылды [4.36]. 

Осыншама  еңбегі  үшін  өлместің  күнін  көруге  жетер-жетпес  жалақы 

алатын  еді.  Сырдария  облысы  бойынша  бір  жұмысшыға  тиесілі  жылдық 

жалақы  180  сом  37  тиынға  тең  болды.  Сол кезде бір  отбасының  өмір сүру 

минимумы  300  сомнан  кем  болмауын  ескерсек,  жұмысшылардың 

материалдық әл-ауқатының  қаншалықты  ауыр  болғандығына  көз жеткізуге 

болады.  Жұмысшылардың  67%-ның  ғана  жеке  баспанасы  болды,  ал 

қалғандары  зауыттардың  ауласындағы  барактар  мен  жертөлелерде,  заттан 

босаған  қамба  мен  қоймаларда  тұрды.  Соңғыларының  басым  көпшілігі 

жергілікті ұлттардың өкілдері еді. 

Оларға  дәрігерлік  көмек  мүлдем  көрсетілмейтін.  Сырдария 

облысының әрбір 15.952 тұрғынына бір дәрігерден келетін [5.7]. 

«Туркестанский  куръер»  газетінің  1909  жылғы  12-і  желтоқсандағы 

санында  мамандығы  жоқ,  жергілікті  халықтар  өкілдері  болған 

жұмысшылардың  жағдайы  жөнінде  төмендегі  жәйттер  жазылды. 

«Жұмысшылардың  көпшілігіне  баспана  ретінде  зауыттағы  қойманың  бірі 

бөлінген,  оның  жарығы  жоқ  шаң-тозаңнан  көз  ашу  мүмкін  емес  барлық 

жерде  тәулігіне  12  сағаттан  жұмыс  істеледі,  зауыттардағы  ауыр  жүмыстар 

қол күшімен орындалады осындай жағдайда күн сайын дерлік жұмысшылар 

жараланатын  бақытсыз  жағдайға  ұшырап  отырады,  оның  кейбірі  өліммен 

аяқталады.  Патша  өкіметінің  жер  мәселесіндегі  отарлау  саясатының 

салдарлары  Сырдария  облысы  үшін  әсіресе  қасіретті  болды,  өйткені 

егіншілік  кәсібі  үшін  жарамды  жердің  көлемі  мұнда  шектеулі  еді.  Облыс 

территориясының  басым  бөлігін  таулар  мен  қыраттар,  Бетпақ  дала, 

Мойынқұм  мен  Қарақұм  шөлдері  мен  шөлейт  аймақтар  алып  жатты.  Ата 

қонысынан  қуылған  жергілікті  халық  осындай  тіршілікке  қолайсыз 

жерлерге  көшірілді. Олардың  басым   көпшілігі,   егіншілікті   айтпағанның  



    

 

177 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Базарбаев Қ.Қ. 1917  жыл қарсаңындағы Сырдария облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 

 

 



өзінде,  жыл  он  екі  ай  мал  шаруашылығына  да  қолайсыз  еді.  Мәселен, 

Әулиеата уезіне жататын биік таулы  өңірдегі Сусамыр жазығында егін егу 

мен  шабындыққа  жарайтын  бір  гектар  да  жер  болған  жоқ.  Сусамыр 

жазығында жазда бірнеше ай ғана мал жаюға болатын еді, ол жерде қысқа 

қалу  адам  мен  малдың  тіршілігіне  қауіпті  еді.  Осыған  қарамастан  қоныс 

аудару  басқармасы  байырғы  ата-қонысынан  күштеп  қуылған  14  болыстың 

тұрғындарына  (негізінен  қырғыз  халқының  өкілдеріне)  айырылған  жерінің 

төлеуі  (компенсация)  ретінде  Сусамыр  жазығына  қоныстануды  ұсынады. 

Сондықтан  да  халық  арасында  «Сусамырдан  жер  төлемін  алу  жаханнамға 

мәңгілікке  аттанумен  бірдей»  деген  сөз  тарады  [6.41].  1912  жылғы 

Сырдария  облысынын  шолу  кітабында  («Обзор  Сырдарьинской  области») 

жарияланған  мәліметтер  бойынша  қоныс  аудару  басқармасы  сол  жылы 

Шымкент және Әулиеата уездерінің есебінен тағы да 71.509 десятина жерді, 

ал Ташкент  уезі  есебінен  қосымша  73.674 десятина  басы  «артық»  құнарлы 

жерді жергілікті халықтан тартып алуды жоспарлаған [7]. 

Қазақ  жерін  тартып  алу  халықтың  барлық  әлеуметтік  топтары  үшін 

қиыншылықтар  әкелгенімен,  ауыртпалықтың  негізін  еңбекші  шаруалар 

көтерді. 

Ресейлік  капиталдың  отарлы  аймақтарға  кеңінен  ене  бастауы  қазақ 

ауылы  біртіндеп  товарлы  ақшалы  қатынастарға  жырылды.  Осының 

нәтижесінде патриархалдық шаруашылықтың  ыдырау процесі жылдамдап, 

жер  мен  мал  басының  бай-феодалдардың  қолдарына  шоғырлануы  мен 

әлеуметтік  жіктелу  үрдісі  кең  етек  жайды.  Мұны  1906-1913  жылдарда 

Шымкент,  Әулиеата,  Қазалы,  Перовск  уездерінде  жүргізілген  санақтың 

нәтижелері  растайды.  Санақта  131.666  отбасы  зерттелген.  Санақ  бойынша 

айтылмыш  отбасыларының  81.173-інде  немесе  санақ  жүргізілген 

отбастарының  61,7%  -ында  мал  болмаған  немесе  жалқыға  шаққанда  бір 

бастан ғана мал болған, 2-ден 8-ге дейін жылқысы бар отбасылардың саны 

37.439-ға  тең  немесе  барлық  санақ  жүргізілгендердің  28,4%-на  тең  болған, 

ал  22  бас  жылқысы  бар  отбасылар  саны  3756  ғана  немесе  санақ 

жүргізілгендердің 2,8%-ын құраған [7.156]. 

Басқа  бір  мәлімет  бойынша  50  жылқыдан  астам  малы  бар 

шаруашылықтар  Әулиеата  уезінде  барлық  қожалықтардың  1,2%-на  тең 

болды;  131  басқа  дейін  жылқысы  бар  қожалықтар  Шымкент  уезіндегі 

шаруашылықтардың  0,2%-іне  тең  болды.  Жылқысы  жоқ  шаруалардың 

айтқарлықтай бөлігі қосымша табыс көздерін іздеп басқа жақтарға (қалалар 

мен теміржол бойларына, т.б. жерлерге) белгілі мерзімдерге кетуге мәжбүр 

болды.  Мұндайлардың  үлес  салмағы  Әулиеата  уезінде  35,4%-ке,  Шымкент 

уезінде - 44,5%-ке, ал Қазалы уезінде — 56,6%-қа жетті. 

1917  жыл  қарсаңындағы  Сырдария  облысы  ауылдарындағы  таптық 

жіктелуді  Әулиеата  уезінің  мысалынан  анық  көруге  болады.  Уездегі  қазақ 

тұрғындарының  төрттен  үші  бай  мен  манаптарға  тәуелді  кедейлер  болды. 

Мәселен, уездің   Меркі   бөліміне  қарасты  Нарьяшин  болысының  үшінші  


    

 

178 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Базарбаев Қ.Қ. 1917  жыл қарсаңындағы Сырдария облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 

 

 



ауылындағы  тұрғындардың  91  отбасы  батырақтардан,  42-сі  кедейлерден 

тұрды, тек қана 8 қожалықта (барлығын қосқанда) 300 десятина егіндік жер, 

шалғынды жайылымдар мен жақсы өмір сүруге жарайтын мал басы болды . 

Батырақтар  мен  кедейлер  аштықтан  өліп  қалмау  үшін  күллі  отбасы     

мүшелерімен  бай  манаптарға  жалданып,  олардың  шаруашылықтарындағы 

ең  ауыр  жұмыстарды  атқаруға  мәжбүр  болды.  Әдетте  қыс  айларында 

істелетін осы еңбегі үшін олар 5 сомнан 10 сомға дейін ақы алатын еді. Ал 

осы қайыршылық табысынан олар 2 сом мөлшерінде поселкелік қауымның 

белгілеген салығын төлейтін еді. 

Ал  базармен  тығыз  байланыс  орнатып,  сауда-саттық  ісін  жаңа  табыс 

көзіне  айналдырған  ірі  мал  иелері  кедейленген  руластарын  езіп-жаншып, 

аяусыз  қанайтын.  Бұл  жолда  олар  патриархалдық-рулық  заманнан  бері 

жалғасып келе жатқан қанаудың жасырын түрлері ретінде санауға болатын 

«ат  майын  беру»,  «сауын  мал  беру»,  «күш  қосу»  деген  сияқты  ескі 

дәстүрлердің  қалдықтарын  шебер  пайдаланатын  [8.93-94].  Осының  бәрі 

қанаушылар  тарапынан  қандастарға  «рулық  көмек»  көрсету  деп 

түсіндірілетін. 

Ал  іс  жүзінде  бұл  еңбекпен  өтеу  рентасының  (отработочная  рента) 

түрі  болатын.  Қазіргі  кезде  кейбір  «теоретиктер»  1917  жылға  дейінгі 

ауылдағы  әлеуметтік-экономикалық  қарым-қатынастардың  мәнін  жете 

білмегендіктен,  бай-манаптардың  кедейленген  ауылдастарына  «ат  майын», 

«сауын»  берулерін  олардың  бүкіл  рудың  «риясыз  жарылқаушысы» 

болғандығының  дәлелі  деп  түсіндіргісі  келеді.  Бұл  ретте  аталмыш 

«теоретиктер»  «сауын»  немесе  «ат  майын»  алған  кедей-кепшіктердің  бай 

үйінің  отымен  кіріп,  күлімен  шыққандықтарын,  байлардың  дәулетін  асыру 

үшін  «сауын»  мен  «мініс»  малының  құнынан  әлдеқайда  көп  еңбек 

еткендіктерін еске алғысы келмейді. 

Қазақ  ауылымен  салыстырғанда  көшіп  келушілерден  тұратын  орыс 

және украин селоларында әлеуметтік, таптық жіктелудің деңгейі жоғарырақ 

болды  және  ол  анық  көрінді.  Мәселен,  Сырдария  облысының  Бетпақ  дала 

және  Ташкент  уездерінен  басқа  үш  уезінде  (Әулиеата,  Шымкент  және 

Перовск)  мыңнан  астам  орыс  және  украин  қожалықтары  жалдамалы 

батырақтардың  еңбектерін  пайдаланды,  олардың  ішінде  124  отбасы 

батырақтарды тұрақты түрде жыл бойы ұстады. 

Аталмыш қожалықтардың басқалардан ерекшелігі- олардың егіншілік 

пен  мал  өнімдерін  базарға  шығаруға  маманданғандығында  еді.  Шымкент 

уезінде әрбір дәулетті қожалық орта есеппен жылына 645 пұт астық сататын 

еді,  ал  жекелеген  шаруашылықтардың  базарға  шығаратын  астық  көлемі 

бұдан да асып түсетін [9.90-91]. 

Көшіп  келушілердің  ішінде,  әсіресе  жаңа  өлкеде  жерге  орналаса 

алмағандардың жағдайы аса ауыр болды. 1913 жылғы мәліметтер бойынша 

олардың  Сырдария  облысындағы  саны  4955  адам  болды.  Ресми  құжатта 

айтылғанындай,  олар  жаңа  жерлерге  орналасқанға дейін «қала мен ауыл- 


    

 

179 




1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал