Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.53 Mb.
Pdf просмотр
бет12/66
Дата09.01.2017
өлшемі6.53 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66

 

 

А.К.СӘДІБЕКОВ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 

 

ФОТОАППАРАТТЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ 

 

В  статье  расматриваются  истоки  возникновение  фотоаппарата  с  привлечением  научных 

фактов. 

 

This article deals with the origin of camera with the provision of scientific facts.  

 

Фото – (грек) жарық, графо – сызу, жазу  деген мағынаны береді. Ерте 

заманда адамдар күн сәулесiнiң қараңғы бөлмеге әлдебiр дененiң көлеңкесiн 

қаз-қалпында  түсiретiнiн  байқаған.  Бұл  жаңалықты  ең  алғаш  рет  аңғарған 

бiздiң  дәуiрiмiзге  дейiнгi  IV  ғасырда  өмiр  сүрген  ұлы  ойшыл  Аристотель 

[1.5]. 


Әлемдегi  фотография  саласының  алғашқы  жұрнағын  обскура-

камерасымен  байланыстырамыз.  Обскур-камерасының  кескiн-келбетiн  ұлы 

қылқалам шеберi Леонардо да Винчи сызып жазған болатын. 

Тарихтан бәрiмiзге мәлiм, көзiлдiрiк ХIII ғасырда пайда болған. Уақыт 

өте  келе  Галилео  Галилей  көзiлдiрiк  шынылары  қойылған  құбырды,  яғни 

дүрбiнi ойлап тапты. Бұл әрине фотоаппараттың объективіне қажетті құрал 

еді.  

Уақыт  ағымына  қарай  обскура-камерасы  жәшiк  пiшiнге  келтiрiлiп. 



Камера объективінің айна арқылы қағазға шағылған дене көлеңкесiн қалам 

арқылы  қағазға  түсiрiп,  сурет  салу  әдiсi  фотография  саласының  алғашқы 

туындысы болатын. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 ХVIII  ғасырдың  орта  шенiнде  аталмыш  құрылғымен  Петербург, 



Петергоф,  Кронштадт  қалалары  бейнелендi.  Бұл  тәсiл  суретшiнiң  көп 

еңбегiмен  уақытын  қажет  ететiн.  Ал,  суретке  түсуші  адамның  орасан 

шыдамдылығы қажет болды.  

Фотографияны  дамыту  жолында,  яғни  химиялық  әдiстiң  жаңалық 

болып енуi бағытында әлем зерттеушiлерi көп күш жұмсады. Нәтижесiнде, 

ХІХ  ғасырда   ғалымдар  үлкен   жетiстiкке  қол  жеткiздi. Орыс дипломаты,  



    

 

83 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сәдібеков А.К. Фотоаппараттың дүниеге келуі 

 

 



әуесқой  химик,  жас  ғалым  А.П.Бестужев  (1693-1766  ж.ж.)  химиялық 

тәсiлмен  сәуле  сезгiш  қабатты  тапты  [1.8].  Немiс  хирургi,  анатомы 

И.Г.Шульце (1687-1744 ж.ж.) де осы тәсiлге ден қойды. 

Барлық  ғұмырын  жарық  сезгiш  құралдар  мен  обскур-камерасын 

дамытуға  арнаған  әлемдегi  бiрқатар  ғалымдар  мыналар  едi:  француз 

ғалымдары  Жозеф  Нисефор  Ньепс  (1765-1833  ж.ж.)  пен  Луи  Жак  Монде 

Дагер (1787-1851ж.ж.); ағылшын ғалымы Вилям Фокс Генр Тальбот (1800-

1877ж. ж.).  

Әлемдегi    ең  алғашқы “күн  сәулелi  суреттi”  Ньепс  түсiрген  болатын. 

1826 жылы Ньепс обскур-камерасымен темір пластинкаға өз шеберханасын 

түсiрген. Мұны ол “гелиография” деп атады [1.8].  

Бұл  тәжiрибенi  iске  асыру  үшiн  сегiз  сағат  жұмсалған.  Суреттiң 

сапасы  өте  төмен  болып  шыққан.  Алайда  дәл  осы  сурет  фоторгафияның 

бастауы  болды.  Мұнан  соң  1835  жылы  Тальбот  сурет  түсiрдi.  Өз 

тәжiрибесiнiң жетiстiгiн “калотипия” яғни, “сұлулық таңбасы” деп атады. 

Фотографияда  өзiндiк  із  қалдырған  ғалым  Дагер  де  бұл  салада  көп 

еңбек  еткен  болатын.  Ол  тұңғыш  химиялық  әдіспен  фотосурет  түсiрген 

Ньепспен  бiрлесiп  жұмыс  жасауға  келiсім  алды.  Алайда,  көп  ұзамай  1833 

жылы  Ньепс  қайтыс  болады.  Дагер  ұстазымен  бірге  бастаған  ғылыми-

тәжірибелік  істі  соңына  жеткізуге  бар  күш  жігерін  жұмсады.  Нәтижесiнде, 

ғалым 1837 жылы күмiс пластинкаға бейне қабылдайтын химиялық қабатты 

ойлап  тапты.  Бұл  жаңалық  әлемдi  дүр  сiлкiндiрдi.  Өйткенi,  бұл  көздеген 

бейненi  анық  та  айқын  түсiрген  сапалы  фотосурет  едi.  Дагер  бұл  табысын  

өз атымен байланыстырып “Дагеротипия” деп атады. 

Бүгiнгi  таңдағы  фотографиялық  жетiстiктерге  жету  жолында  әлемнiң 

қаншама  ғалымдары  еңбек  еттi.  Алайда,  олардың  есiмi  тарих  беттерiнен 

орын алғанымен, Ньепс, Дагер, Тальбот сияқты әйгiлi бола алмады.   

Ал,  Кеңестік  фотоөндірістің  пайда  болуы  мен  дамуына  ықпал  еткен 

басты фактор ретінде коммунистік өмір мен тәрбиені насихаттау болды дей 

аламыз.  

Ресейде  фотоөндірістің  құрылуының  қиын  болғанына  қарамастан, 

кейбір  фотографиялық  ізденістер  өз  уақытынан  қалмай  батыс  елдерінің 

алдын  орады.  Өкінішке  орай,  көптеген  жетік  конструкторлық  ойлар  өзінің 

орнын таппады, мысалы, 1936 жылы шыққан 35 мм, айналы бір объективті 

отандық  «Спорт»  фотоаппараты  әлемде  бірінші  болған,  бірақ  1936  жылы 

шыққан германдық «Kine-Exakta» фотоаппараты бірінші орынға таласты [2]. 

1919 жылы 27 тамызда В.И.Ленин фото және киноөндірісін өркендету 

туралы  декретке  қол  қойды,  осының  өзі  фото-кинотехника  тарихында 

Кеңестік  кезеңнің  басталғанын  көрсетеді  [3].  Фотоматериал  қорлары 

азаюына байланысты шетелдік ұйымдардың қоймалары мен фотопластинка 

фабрикаларын жақындастыру, сондай-ақ фотоматериалдың есеппен ұқыпты 

жаңартылуын ВФКО-мен қатар Орталық баспа жүргізді. 

1919-1921  жылдары  бірінші  Кеңестік  фотожурналдар  шықты,  1921 

жылдың қараша айында «Фотография қоғамы» құрылды. 



    

 

84 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сәдібеков А.К. Фотоаппараттың дүниеге келуі 

 

 



1919 

жылы  25  ақпан  айында  «Известия  ВЦИК»  басылымы 

Наркомпростың  кәсіби  фотографтарға  көрсетілетін  жеңілдіктері  туралы 

өкімін  басып  шығарды.  Олардың  түсірілім  павильондары  мен 

лабораториялары,  суретшілердің  студияларымен  тең  болды.  Фотостудия 

иелері  сол  кездегі  міндетті  салықтан  босатылды.  1919  жылы 

Мәскеуде  жеке  және  қоғамдық  тапсырыстарды  қабылдайтын  ВЦИК 

фотографиясы  ашылды.  Оны  алдында  М.С.Наппельбаум,  одан  кейін 

П.А.Оцуп басқарды. 

1920  жылы 

Әскери 

Кеңестің 



саяси 

басқармасындағы 

шығармашылық  бөлімі  қызыл  әскерлерге  фотографиялық  білімді 

насихаттайтын 

көрмелер 

ұйымдастырды. 

Саяси 

басқарма 



мен 

«Политработник»  журналы  қызыл  әскерлерді  фотографияға  үйрету 

мәселесіне көңіл бөлу туралы мақаласын жарыққа шығарды. 

«РСФСР-дің 

ішкі 

өмір 


мәселелеріне 

түсірілетін 

фотокино 

түсірілімдерінің тәртібі» туралы бірінші регламент 1922 жылы бекітілді. ХХ 

ғасырдың  жиырмасыншы  жылдары  фотоәуесқойлар  бірлестіктері  құрыла 

бастады.  Бірлестіктің  құрылу  себебінің  бірі  үйірме  мүшелері  болған 

фотоәуесқойларға фотоаппарат пен фотоматериалдардың жетіспеуі болған. 

1924  жылдың  ақпан  айында  оптика-механикалық  өндіріс  орны 

ашылды,  кейінірек  мемлекеттік  оптикалық  зауыт,  «Метприбор»  зауыт, 

«Русская Урания» шеберханасы өндіріс құрамына кірді [4]. 

1924  жылдың  қыркүйек  айында  Ленинградтың  фотография  қоғамы 

ұйымдастырған 

бірінші 

фотокөрме 

ашылды. 

20-шы 


жылдардың 

ортасында 

М.С.Наппельбаум 

дәріс 


беретін 

фотоүйірмелердің 

басқарушыларына  арналған  курстар  ұйымдастырылды.  Осыдан  бастап 

фотоүйірмелер,  кәсіби  фотограф  бірлестіктері  көптеп  құрыла  бастады. 

Мысалы  «мәскеулік  фоторепортерлар»  бірлестігі.  Фотопластинка  және 

фотоқағаз фабрикасы іске қосылды, ал 1930-31 жылдары бірінші Кеңестік 

кинопленка өндірілді.  

1926  жылы  ленинградтық ғалымдар Д.С.Рождественский,  В.А.Фока, 

В.Е.Тищенко,  И.К.Качалова,  Н.В.Гребещикова  мен  Мәскеу  оптикалық 

ғылыми-зерттеу  институты    ғалымдары  бірлесе  отырып,  оптикалық  шыны 

қайнату  технологиясын  тапты,  осының  арқасында  1927  жылы  сыртқы 

тауарларды сатып алудан бас тартуға мүмкіншілік берді [5]. 

 

1927  жылы  бірнеше  дәуір  жаңалықтары  болды.  Біріншіден  ВСНХ 



РСФСР   бұйрығымен      «оптика–механикалық   трест»   өндірісі    Кеңестік 

фотоаппаратты  шығаруға  дайындалды.  Екіншіден,  маусым  айында  Карпов 

атындағы 

Физика-химиялық 

институтта 

фотохимиялық 

және 

фотографиялық лаборатория ұйымдастырылды.  



1929  жылдың  29  желтоқсан  айында  оптикалық  шыны  шығаратын 

Изюмск,  Ленинград  зауыттары,  Павшинский  механика  зауыты  іске 

қосылды.  

 


    

 

85 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Сәдібеков А.К. Фотоаппараттың дүниеге келуі 

 

 



Осы  жылы  ғылыми-зерттеу  кино-фотоинститут  ашылды,  негізгі  міндеті 

өндіріске  кино  және  фотографияға  арналған  жаңартылған  пленкаларды 

шығару болды [5]. 

Қазiргi 


таңдағы 

фотоаппараттар 

жылдам 

даму 


үстiнде.  

Фотоаппараттардың техникалық мүмкiндiгi әбден жетiлген.  

ХХI  ғасыр  компьютер  ғасыры  екенi  баршаға  аян.  Соңғы  жылдары 

қоғамымызда  цифрлы  фотокамералар  мен  цифрлы  бейнекамералар  көптеп 

кездеседi.  Бұл  жаңа  аппараттар  журналистикада  үлкен  беделге  ие,  олай 

дейтiн  себебiмiз  аталмыш  құрылғы  БАҚ  жұмыстары  үшiн  өте  қолайлы  әрi 

жеңiл. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Панфилов Н.Д., Фомина А.А. Краткий справочник фотолюбителя. Алма-ата. 1988. – 368 ст. 

2.

 



Бояров П. Новые черты современной фотоаппаратуры. // Советское фото. N 4. апрель. 1984. 

3.

 



Фомин А. В снимках – наша история. // Советское фото. N 4, апрель,1984.  

4.

 



Измайлов Б. Летопицес сцены// Советское фото. N 4, апрель, 1984. 

5.

 



Ергаева Г. Теория и практика советской фотожурналистики //Советское фото. N 7, июнь, 1984. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

    

 

86 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Г.ӘБІЛ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты 

 

«АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОДЕФОРМАЦИЯ  

КӨРІНІСТЕРІ 

 

 

В  статье  рассматриваются  явления  этнодеформации  в  романе-эпопее  М.Ауезова  «Путь 

Абая». 

 

The article deals with the phenomenon of ethnodeformation in the novel ‘Abay’s Way’. 

 

М.Әуезовтің 

«Абай 

жолы» 


эпопеясындағы 

этнодеформация 

көріністерін    бейнелеу  ұлт  өмірінің  ішкі  қайшылықтарына  құрылған.  Ішкі 

қайшылық  дегенде  басты  орынға  жазушы  ру  аралық  тартыстарды  қойған. 

Эпопеядағы  қандай  да  бір  тартыс  желісін  алсақ  та  рулық  қатынастар 

қайшылықтарынан  туындайтын  этнодеформацияның  үздіксіз  асқынып  

отырғанын көреміз [1.153]. 

М.Әуезовтің  эпопеясында  этнодеформацияның  барлық  түрлері 

қамтылған  деуге  болады.  Әсіресе  туыстық  этнодеформацияға    қатысты 

қаншама оқиғаларды, ондағы қаншама кейіпкерлер өзінің басынан кешіреді. 

Басқасын  былай қойғанда, Құнанбай мен Бөжей арасындағы тартыстардан 

да  туыстық    этнодеформацияның    тамаша  мысалдарына  тап  боламыз. 

Туыстық  этнодеформацияның  өршуіне  романдағы  жер  дауы  мәселелері 

мұрындық болып отырады. Этнодеформацияның  соншама асқынуы, әрине, 

Қодар  мен  Қамқа  өліміне  байланысты.  Мұнда  сондай-ақ  отбасылық 

этнодеформацияға да көп орын берілген. 

«Абай  жолы»  эпопеясының  бірінші  кітабында  туыстық,  ру  аралық, 

жан  түршіктіретін  жаза  Қамқа  мен  Қодар  оқиғасынан  өрбіп,  жер  дауы 

оқиғалары  тұсында  этнодеформациялық  коллизиялардың  неше  алуан 

формаларының тууымен ұласып отырады. Қодар мен Қамқа өлімі туыстық, 

рулық  этнодеформациялық  жарықшақтарды  орнықтырып,  эпопеядағы  жер 

дауы,  айналасындағы  тартыстар  күшейген  сайын  сол  жарықшақтардың 

ауқымы барынша ұлғая түседі. Оның ұлғайғаны сонша этнодеформацияның 

өздігінен  қозғалысын  туғызады.  Шындығында  да  оқиғаның  шиеленісуі, 

шарықтауы,  кейіпкерлер  іс-әрекетіндегі  ру  аралық  этнодеформациялық 

бәсекелестікпен  байланысты  болып  отырады.  Романдағы  Қодар  мен 

Қамқаның жазықсыз жазалануын суреттеу арқылы М.Әуезов Құнанбай және 

Абай,  Құнанбай  және  Бөжей  арасындағы  туыстық  қарым-қатынастың 

іргесінің сөгілгеніне оқырман көзін жеткізеді [2.98]. Осы аталмыш оқиғадан 

кейін Бөжеймен рулас адамдар үшін этнодеформациялық сәт пайда болды. 

Бөжейдің  өзі  де,  оның  жақтастары  мен  туыстары  да  этнодеформациялық 

сәтті  Құнанбаймен  арадағы  жер  дауын  шешіп  алуға  тиімді  пайдалануға 

тырысады. Аталмыш дау осы бір рудан тарайтын екі атаның ұрпақтарының 

санасындағы этнодеформациялық жарықшақты үнемі асқындырып отырған. 

Құнанбай  мен  Бөжей  арасындағы  қақтығыстың  ең  басты  себептері  де  осы 

этнодеформациялық жарықшақ.  

Тіпті  Құнанбайдың   Қодар  мен  Қамқаны  төсекте жақындасты деген 


    

 

87 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әбіл Г. «Абай жолы» эпопеясындағы этнодеформация көріністері

 

 

 



сылтаумен  қатыгездікпен  жазалауы  да,  жер  дауына  байланысты  туындаған 

этнодеформациялық  жарықшақтың  әсері.  Бұндай  жарықшақтың  Құнанбай 

санасында  көп  уақыт  бұрын  орныққанын  жазалау  оқиғасы  қарсаңындағы 

Қодар мен Қамқаның құлазыған жайлаудағы өмірін суреттейтін тұста Қамқа 

жайындағы  ел  аузында  тараған  қаңқу  сөздерді  этнодеформациялық  талдау 

әдісімен  жеткізеді.  Осы  тұста  М.Әуезов  этнодеформациялық  талдауды 

этнодеформациялық  жарықшақты  айқындап  көрсетуге  шеберлікпен 

қолданады.  

Эпопеяның 

бірінші 


кітабында 

Құнанбай 

авторитарлық 

этнодеформацияның  ірі  өкілі  ретінде  суреттеледі  [3.73].  Қодар  мен 

Қамқаның өлімінен кейінгі Абайдың Құнанбайға қарсылығының басталуы- 

авторитарлық  этнодеформацияны    құлатуға  бағытталған  алғашқы  адым. 

Бұдан  кейін  бірте-бірте  күшейе  түсетін  әке  мен  бала  арасындағы  тартыс 

авторитарлық этнодеформацияның зардаптарын ашуға арналады. 

 

Романдағы  этнодеформациялық  сызат  кейіпкерлердің  қарым-



қатынасының  сууының  нақты  заңдылықтарына  қарай  әр  түрлі    мазмұнда 

бейнеленеді.    Мәселен,  Абайдың  санасына  орныққан  этнодеформациялық 

сызаттың  мазмұны  мүлде  басқа.  Абай  санасындағы  этнодеформациялық 

жарықшақтың  Қодар  мен  Қамқаға  жасаған  қиянатына  келіспеушіліктен 

туған.  Құнанбай  санасындағы  этнодеформациялық  жарықшақтың  басты 

себептері  –  Абайдың  Құнанбайға  қарсы    топтың  жоғын  жоқтап,  күйін 

күйттеп кететіндігі. Демек, этнодеформациялық сызаттың екі жақты сипаты 

бар.  Ол  біріне-бірі  қарама-қарсы  екі  күштің  арасына  бітіспес,  ымырласпас 

күрес  орнықтырады.  Құнанбай  мен  Абай  арасындағы  этнодеформацияық 

сызат суыған екі көңілдің тайталасы –  жай тайталас емес, мақсатты түрдегі 

тайталас.  Эпопеядағы  оқиғалардың  үнемі  ширығып,  тартыстан  тартысқа 

ұласып 


кетуі 

– 

тікелей 



Құнанбай 

мен 


Абай 

санасындағы 

этнодеформациялық сызаттың әсері. 

 

Халқымызда  «көңілдің  қалуы»,  «көңілдің  сууы»  делінетін  сөз 



тіркестері  ағайынды  адамдардың  немесе  құрбы-құрдастардың,  болмаса 

ертеден  сыйласып  келе  жатқан  көңілі  жақын  адамдардың  арасына  жік 

түскен  кезде  қолданылатындығын  жоғарыда  айтып  өттік.  Әке  мен  бала 

немесе  Құнанбай  мен  Абайдың  арасына  жік  түсуі  эпопеядағы  тартыс 

желісін барынша  шиеленістіріп, неше алуан характер қақтығысының терең 

ашылуына негіз болған. 

 

Эпопеяда рулық намыс, сол ру басшылары мен оның атқамінерлерінің 



тарапынан  үнемі  қорғалып  отырады.  Мұның  өзі  кейіпкерлер  санасындағы 

этнодеформациялық мобилизацияны туындатады. 

 

ЄДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Әуезов М. Абай жолы. –Алматы: Жазушы, 1992. 

2.

 



Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 2003. 

3.

 



Әбілов Ж. Этнодеформация  (Ұлттық сана мәселелері) . Қызылорда: Тұмар. 2007 

    

 

88 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Г.Р.СӘУЛЕМБЕК 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аспиранты 

 

ТҮСТЕРДІҢ КЕЙІПКЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫН  



АШУДА ҚОЛДАНЫЛУЫ 

 

В этой статье рассматривается художественное использование цветов как символа, а так же его 

роль в расскрытии тайн человеческой души. 

 

This article deals with the  use of colours as symbols and its influence on psychological condition of man’s 

soul.  

 

Белгілі  бір  құбылыстар  халықтың  нанымына  сай  символдық,  ерекше 

белгілік  түсініктерге  саяды.  Халық  өмір  сүрген  ортасы,  білімі,  дүниені 

тануы  мен  наным  сенімдеріне  қарай  әр  құбылысты  өзінше  түсінеді  және 

түсіндіреді.  

Жалпы  халықтың  байқағыштық  өмірлік  тәжірибелерін  түйіндей  келе 

байқағанымыз  –  ешнәрсе,  тіпті  бір  де  бір  артық  қимыл,  сыртқы 

психологиялық  деталь,  штрих,  себеп-салдарсыз,  мән-мағынасыз  болмайды 

екен. 

Мысалы, жазушы пейзаж көріністерін белгілі бір түстермен бейнелеу  



арқылы  психологиялық  параллелизм  жасаудың  тамаша  үлгісін  көрсетеді. 

Оның шығармаларының «Қара жаңбыр», «Ақ жауын» аталуының өзінде бір 

ерекшелік бар.   «Қара жаңбыр» әңгімесіндегі пейзаждық көріністер желдің 

сұрғылт желге, жаңбырдың қара жаңбырға айналуы Ақлағыл кемпірдің қара 

жамылуы алдындағы көрініс. «...Мынау келе жатқан сұрғылт жел, бұдан еш 

жақсылық  күтпей-ақ  қой.  Жаңбыр  жауса,  әуелі  қаракөктеніп,  артынан 

қарайып  кетуі  де  мүмкін.  Ол  жаңбырдың  түріне  де  байланысты...»  [1.153] 

деген  кемпірдің  ішкі  монологы  арқылы  жел  мен  жаңбырға  сипаттама 

беріледі.  Олардың  түр-түрін  атай  отырып,  желдің  жаманы  –  сұрғылт  жел, 

жаңбырдың  жаманы  –  қара  жаңбыр  деп  түйеді.  Ал  келе  жатқан  жел  – 

сұрғылт  жел.  Бұл  −  тұспал.  Әңгіменің  басында  кемпірдің  шапқан 

итсигегінің  дауыл  аударып  кеткен  киіз  үйдей  төңкерілуі,  сұрғылт  жел 

кемпір  ойлағаннан  әлдеқайда  тез  жетіп,  бұзаулық  сабын  дайындағалы 

өртеген  итсигектің  отын  сөндіруі  де  тұспалдық  мағынаға  ие.  Қара,  сұр 

түстер  халық  түсінігінде  белгілі  дәрежеде  жақсы  мағынаға  ие  емес,  оған 

дәлел  «қара  жамылу»,  «қара  қағаз»,  т.б.  сияқты  сөз  тіркестерінің 

қалыптасуы болса керек.  

Сонымен  қатар,  осы  әңгімедегі  қаралы  күйге  оқырманын  түрлі 

тұспалдар арқылы дайындап келе жатқан жазушының Мырзаштың хабарын 

күте сарылған жұбайы Нәзираның бір жағы жақсылық күтіп, баласы Ниязға 

пісіріп берген собалақ нанының ағынан жарылмай қара жерінен жарылуы – 

соңғы қорытынды ишарасы. 

«Отамалы»  әңгімесіндегі  пейзаждық  элемент,  «күннің  шапыраштана 

қып-қызыл боп батуы» – есте қалатын көрініс. 

Таңның  атуы  мен  күннің  батуы  –  табиғаттағы    диалектикалық 

заңдылық. Қазақ  әдебиетінде  батқан  күн  мен  адамның  өлшеулі  өмірінің  



    

 

89 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сәулембек Г.Р. Түстердің кейіпкердің психологиясын ашуда қолданылуы

 

 

 



базары  тарқауымен  қатар  алынып  психологиялық  параллелизм  түзетін, 

философиялық    астарлы  тұспалдар  да    ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  бастау 

алған. Мысалы:   

Батқан күнмен қарайып, 

«О, дариға, құдай» - деп, 

«Лә-илләһа ил-алла» - деп, 

Жұлдыз шыға Төлеген 

Ақырет сапар жөнеді  [2.83]. 

Бұл тұспалдың  жазушы шығармасынан жаңғыра, жаңара орын алуы –  

оның ізденісі мен әдебиеттегі дәстүр жалғастығының белгісі. 

Әңгімедегі «Күн шапыраштанып, қып-қызыл болып батып бара жатыр 

екен»  [1.19]  деген  көрініс  Отамалының  күдікті  көңіл-күйін  берумен  қатар, 

алдағы  бүкіл  отар  мен  Отамалының  дүлей  табиғаттың  құрбаны  болу 

оқиғасын  алдын-ала  білдірудің,  психологиялық  атмосфераны  одан  әрі 

күшейтудің  тәсілі  болып  есептеледі.  Екінші  жағынан,  халықтың 

қалыптасқан  нанымында  аспан  денелерінің  қанды  түске  боялуы,  күннің 

тұтылуы  секілді  құбылыстар  халыққа  қайырсыз  оқиғалардың  хабаршысы 

ретінде қабылданған

Ал  жазушы  түстердің  пейзаж  көрінісімен  астаса  отырып, 



психологиялық  ахуалға  үстеме  қуат  беру  тәсілін жиі  пайдаланғанын,  оның 

жалпы  шығармаларын  зерделей  отырып  көз  жеткізуге  болады.      Мысалы: 

Күндер  мен  түндер  барған  сайын  азапты  болып,  барған  сайын 

сұрғылттанып, барған сайын жан төзбестей ұзарып бара жатқан сияқты еді 

[3.180] .  

Кешегі ғана жарқын жүзді, қою шашты Ахмет, кешегі ғана  өзімен бір 

жүрген,  машина  үстінде  қол  бұлғап  бара  жатқан  Ахмет  өлді,  бұл  дүниеде 

жоқ, мәңгілік зынданға түскен, оның бас сүйегін топырақ жалап жатыр, ол 

бастың  ішінде  «Қатира,  Күләш»  деген  есімдер  жоқ,  ол  сұрғылт,  дымқыл 

топыраққа  толы  деген  ой  келгенде  жүрегі  дірілдеп,  тұла  бойы  қалтырап 

кететін [3.184].  

Адамда  кейде  бір  ауыр,  сұрғылт  күндер  болады  ғой,  Қатира  басына 

келген бүгінгі күнде сондай сұрғылт күндердің бірі еді [3.187].  

Өлімнен  де  ауыр  осы  мылқау  тыныштық  жаман  екен.  Сол  екен  адам 

жүрегін қара тастай езіп тұншықтыратын [3.183].  

Шығармалардағы  «Қара  жаңбыр»  повесіндегі  қара,  сұр,  сұрғылт 

түстер  жоғарыда  келтіріп  өткеніміздей  адамның  жан  дүниесіндегі  қаралы 

сәтке  дайындықты  білдірсе,  «Үшеу»  әңгімесіндегі    сұрғылт,  қара  түстер 

Қатираның  сары  тап  сағыныш-мұңымен,  жан  төзбес  азабымен  астарлас 

алынған.  Жыл  өткен  сайын  жүзі  де  күз  түсіп,  семіп  сарғайып  бара  жатқан 

жапырақтай солып, ескіріп солып, ескіріп  бара жатыр еді... [3.186].  

 

Баяғы жастық өмір, бақыт, рахат күндері көз алдында тағы бір толқып, 



мына айдың жарығындай көгілдір елес беріп өтті [3.191].  

 

Ай  баяғы  көгілдір де  діріл,  құпия да керемет сәулесін аяусыз құяды. 


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет