Ғылыми жұмыс «Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құндылықтары» Орындаған



жүктеу 56.36 Kb.
бет8/16
Дата07.02.2022
өлшемі56.36 Kb.
#17033
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
ы алтынсарин
Қорытынды

Ыбырай әңгімелерімен таныса отырып, ең басты назар аударатын бір жағдай – кейіпкерлерінің қарапайым халық өкілдерінен болуы. Олар оқырман қауымға түсінікті қарапайым ғана ата, әке, бала, немере түрінде кездесе береді. Жоғарыда мысалға алынған әңгімелердің бірнешеуінен осы кейіпкерлерді көреміз. Ата, әке, ана бейнесі- ақылға шақырушы, көпті көрген өмір тағылымын салмақтап жеткізе білетін кейіпкерлер. Әңгіме кейіпкерлерін бұлай берудің Ыбырай шығармаларындағы қарапайым баяндай отырып, салмақты ой тастауына әсері мол. Ал, қарапайым халық өкілін өз шығармаларының кейіпкері ете отырып, халқымыздың қанына сіңген үлкенді сыйлау, өнеге тұту қасиеттерін дәріптей келе, отбасылық татулық, жарасымдылықты жоғары қойғанын байқауға болады. Қазіргі таңдағы интерет желісінен, теледидар арналарынан көрсетілетін зұлымдық, ата-ана, тіпті кішкентай сәбилерге көрсетіліп жатқан қатыгездікті көргенде, шынымен бізге Ыбырай шығармаларындағы қарапайым ғана тілмен жазылған адамгершілік қасиеттерінің жетпегенін түсінуге болады.

Ыбырай шығармаларының тағы бір ұтымдылығы – оның шағын көлемді туынды түрінде болуы. Тіпті екеуара диалог түрінде берілген шығармалары да бар. Жоғарыда берілген шығармалардың бірнешеуі диалог түрінде берілген. Көп жағдайда шығарма мазмұнындағы әдеби теориялық айшықтауларға көп көңіл бөліп жататынымыз айдан анық. Ал, Ыбырай шығармаларының жазылу тіліне келер болсақ, ауызекі сөйлеу стиліне негізделген. Ешқандай күрделі ойсыз, жай ғана бір сәттік оқиға немесе тілдесуден құралған. Тіпті шығарманың бастапқы бөлігінің өзі нақты 3-4 сөйлеммен ғана баяндау түрінде жазылған. Бұл Ыбырай шығармаларына қандай ұтымдылық берді?


  1. Шағын көлемді шығарма оқырманнан көп уақытты талап етпейді;

  2. Бір ғана сюжетке негізделгендіктен, оқырман оқиғаның соңын білу үшін қызығушылық танытады;

  3. Шығармалар соңы түйінді ойға негізделіп, адамнның жағымды көзқарасын қалыптастыруды көздейді.

Міне, осындай ерекшеліктерін айта келе, Ыбырай әңгімелерінің оқиғалары -қазіргі таңдағы сабақ барысында қолданылып жүрген жағдаятар. Ыбырай шығармаларындағы түйінді ойларын талдау арқылы оқушының өзіндік сыни көзқарасын дамытуға, ой пікірін ашық айтуға, қоғам орта туралы пікірін дәлелдей білуге пайдасы зор деп ойлаймын. Ол оқушыны ойлауға, ойлануға, комуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда таптырмас материал болатыны анық. Мысалы, «Асыл шөп» әңгімесіндегі «Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген», – деп айтылған кейіпкер сөзін талдау барысында оқушы шыдамдылық, төзімділік туралы сөз қорғайтыны даусыз.

Ал, «Әке мен бала» әңгімесі тіптен дайын түрдегі жағдаят десем қателеспеймін. Оқырманға әңгімені аяқтауды ұсыну арқылы, іс әрекетке баға беру, жақсылық пен жамандықты айыру, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралы пікірлерін білуге болар еді.

Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне  қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы болып табылады.

Ойланып қарасам, Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздерінің өмірлік мәні зор екен. Әсіресе, мынадай заманда жастардың тура жолға түсуіне, өмір туралы кеңес алуға да болады. Жалпы Ыбырайдың тек нақыл сөздері ғана емес, оның шығармашылығы да құндылықтарға толы. Шығармашылығының мәні терең. Әңгімелері, өлеңдері, нақыл сөздері арасында маржан тастар жатқандай.



Ұсыныс

Осы ғылыми жұмысты жазу барысында байқағаным, Ыбырайдың айтқан нақыл сөздерінің кейбіреуі халқымыздың мақал-мәтелдерімен де ұқсас тұстары баршылық екен.

Мысалы, оның «еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады» деген нақыл сөзі – «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалмен ұқсас.

«Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде» — «Жылтырлағанның бәрі алтын емес» деген мәтелге сәйкес. Демек, Ы.Алтынсарин шығармаларының түйінді ойларын, нақыл сөз ретінде қолдануды жолға қою керек.

Қазір әлеуметтік желідегі достарымның жеке парақшаларына қарасам, олардың қабырғаларында өзге ұлы данышпандардың айтқан сөздері, ойлары сақталып тұрады. Оның үстіне орысша тілде. Ал оның орнына қабырғаларымызға Ыбырай секілді данышпандарымыздың айтқан нақыл сөздерін немесе кішкентай ғана әңгімелерінде айтылған терең ойларының мазмұнын алып кетсек болар еді. Бір жағынан өзіміздің қазақ тілінде жазылған, екінші жағынан өзіміздің Отандық тұлғамыздың айтқан ойлары. Ал үшіншіден, елі үшін ерең еңбек еткен, келесі ұрпақтың күні қараң болып қалмасын деп, білім көзін ашып берген данышпанымызды ұмытпай, оны кеңінен насихаттау.

Ыбырай қаламынан туындаған шағын әңгімелерді дайын жағдаят есебінде қолдануға болады. Ендеше, неге оларды адам бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамытуды көздейтін өзін –өзі тану пәні сабақтарында қолданбасқа.





жүктеу 56.36 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет