Ғылыми жұмыс «Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құндылықтары» Орындаған



жүктеу 56.36 Kb.
бет2/16
Дата07.02.2022
өлшемі56.36 Kb.
#17033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ы алтынсарин
Ғылыми жұмыстың өзектілігі:Ы.Алтынсариннің әдеби шығармаларындағы нақыл сөздерінің өміршең, әрі терең мәнділігі.

Гипотеза:Қазіргі замандағы Ы.Алтынсарин шығармалары идеясының өзектілігін дәлелдеу.

Мақсаты:Ы.Алтынсарин әдеби шығармаларына тілдік, әдеби талдау жасау арқылы өмірлік құндылықтарды дәріптеу.

Міндеттері:

1) Ы.Алтынсариннің нақыл сөздерінің құрылысын анықтау;

2) Оны мазмұнына қарай топтастыру;

5) Әдеби шығармаларының өміршеңдігін дәлелдеу.



Зерттеу нысаны: Ы.Алтынсарин әдеби шығармаларын зерттеу.

Зерттеу әдістері:сипаттау, баяндау, салыстыру, талдау, бақылау жүргізу.

І.Кіріспе

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш-жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгесін-ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Сондықтан да, «Тұңғыш дала қоңырауы атанған» Ы.Алтынсарин шығармалары оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда маңызы зор туынды екені сөзсіз.

Осы тұрғыдан алғанда, мен өз шығармамның тақырыбын «Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құндылықтары» деген тақырыпта алдым. Жазушы шығармаларын оқып, тілдік талдаулар жасай отырып, оның көтерген тақырыптарынның шынайы, өміршеңдігін дәлелдеп, жазушының өзіндік жазу стиліне анықтағым келеді.

Себебі, Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста.
Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәріжартығасырғажуықөміркешкенұстаздыңөнегеліеңбегіжан – жақтызерттеліп, туғанхалқыныңкерегінежарауда.Оның күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің өзі неге тұрады?!Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда.
Өз жұмысым барысында Ы.Алтынсаринның шығармаларының, соның ішінде әңгімелерінің және өлеңдерінде айтылған мәселелердің әлі күнде өзекті екендігін дәлелдегім келеді.


жүктеу 56.36 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет