Ғылымға арналған «Дөңгелек үстел»



жүктеу 14.87 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.03.2017
өлшемі14.87 Kb.

                    Ғылымға арналған  «Дөңгелек үстел» 

       Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ басшылығы мен Ө.Байқоңыров атындағы 

Тау-кен 

металлургия 

институтының 

ұйымдастыруымен 

Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  үстіміздегі  жылдың  17  қаңтарындағы  «Қазақстан  жолы 



2050:  Бір  мақсат,  бір  көзқарас,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауын  жүзеге  асыру  аясында  «Қазақстанның  сирек  жер  металдары  – 

ғылыми  сыйымды  салалардың  әлеуеті»  атты  «дөңгелек  үстел»  болып  өтті. 

Онда  Қазақстанның  тау-кен-металлургия  кешенінің  мәселелері  мен  даму 

болашағы,  Қазақстанның  сирек  жер  металдары:  шикізат  көздері,  өндірісі 

және  қолданылуы  жайлы  мәселелер  талқыланды.    Сонымен  қатар,  жиында 

Қазақстанның  тау-кен  металлургия  кешеніндегі  ғылымды  қажет  ететін 

салалардың басты мәселелері, даму болашағы мен маңыздылығы,  еліміздегі 

қара  және  түсті,  әсіресе,  сирек  және  сирек  жер  металдарының  қазіргі  жайы 

және  минералдық-шикізаттың  қорлану    болашағы,  ғылыми-инновациялық 

тұжырымдамадағы  тау-кен  металлургия  кешені  қор  тұжырымдамасының 

даму  трансформациясының  көкейкесті  мәселелері,    шикізатты,  қорды  және 

қуатты  үнемдеуді  кешенді  түрде  қолдану,  қайта  өңдеу  жолымен,  сондай-ақ 

шетелдік  және  отандық  инновациялық  технологияларды  енгізу  мен  сирек 

жер  металдарын    өндіру  бойынша  мемлекеттік  бағдарламаларды  дамытуға 

қатысты әңгіме өрбіді.  

       ҚР  жоғары  оқу  орындарының  және  тау-кен  металлургия  кешені 

кәсіпорындарының  өкілдері  қатысқан  жиынды  университетіміздің  ғылыми 

және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев құттықтау 

сөзімен ашып, алдағы атқарылатын істерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ержан 

Итеменұлы  ҚР  Ұлттық  инженерлік  академиясының  корреспондент-мүшесі, 

доцент  Клара  Қуанышеваны    80-жылдық  мерейтойымен  университет 

басшылығы  атынан  құттықтап,  иығына  камзол  жапты.  Одан  кейін  сөз  алған 

ҚР  Ұлттық  инженерлік  академиясының  вице-президенті  Нәдір  Нәдіров  те 

мерейтой  иесін  құттықтады  жне  Бақытжан  Жұмағұловтың  ыстық  сәлемін 

жеткізді. Шара барысында ҚР ҰИА тау-кен металлургия бөлімінің төрағасы, 

«DATA Invest» ЖШС басқармасының мүшесі Марат Бітімбаев, Қазақ-Британ 

техникалық  университетінің  ғылыми  ісі  жөніндегі  проректоры  Бақдәулет 

Кенжалиев,  «Жер,  металлургия  және  байыту»  АҚ  ғылыми  орталығының 

Титан  және  сирек  әрі  қиын  балқитын  металдар  зертханасының  меңгерушісі 

Мадали  Найманбаев,  Минералды  шикізаттарды  кешенді  өндіретін  Ұлттық 

орталықтың  жетекші  ғылыми  қызметкері  Сәуле  Нұржановалар  баяндама 

жасап,  тақырыпқа  қатысты  өз  ойларын  ортаға  салды.  Жиынға  қатысқан  әл-

Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  Физикалық-химиялық  тәсілдермен  зерттеу 

және  талдау  орталығы  директорының  орынбасары  Құсман  Досымов  пен 

Клара Қуанышева өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғады.        

       Жиын  соңында  ортақ  ұсыныстар  қабылданды.  Қай  салада  болсын,  биік 

белестерді бағындыру үшін білікті мамандар қажет екені белгілі. Сондықтан 

өнеркәсіптік  кәсіпорындармен  бірлесе  отырып,  инновациялық  жобаларды, 

бағдарламаларды  жетілдіру,    университетте  тау-кен  металлургия  саласына 



заманауи әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген, теория мен практиканы ұштастыра 

білетін,  терең  білімді  бойына  сіңірген  мамандар  даярлау  мәселесі  басты 

назарда болмақ.  

 

ААО 



 

 

 



 

 


жүктеу 14.87 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет