Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

6.2 ШЕТЕЛДІК ҒЫЛЫМИ 
ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 
Шетелдік ғалымдар қатысқан ғылыми-
техникалық бағдарламалар 
Ф.0642 Түркінің тарихи-мәдени құндылықтарын 
қазіргі қоғамда тұрақты дамудың ресурсы 
ретінде пайдалану және Ф.0643 Түркі әлемі 
ғаламдасу кезеңінде: саяси-экономикалық және 
әлеуметтік-мәдени үрдістер (бас ұйым: «Түркі 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
65
академиясы» коммерциялық емес акционерлік 
қоғамы) атты гуманитарлық бейіндегі іргелі 
зерттеу бағдарламалары аясында жекелеген 
тапсырмаларды орындауға АҚШ, Германия, 
Голландия, Франция, Венгрия, Польша, Түркия, 
Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан 
және Өзбекстан сынды алыс және жақын 
шетелдегі түркология орталықтарының 
қызметкерлері тартылды.
- Биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша 
О.0566 «Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау саласына туберкулезге қарсы вакцина 
дайындау» (2011-2014 жж.);
-О.0600 «Ірі қараларда кездесетін бруцеллезді: 
эпизоотологиялық жағдайына мониторинг 
жасау, ауруды диагностикасы мен 
профилактиксы бойынша зерттемелер әзірлеу» 
(2012-2014 жж.) атты ғылыми-техникалық 
бағдарламаны жүзеге асыру барысында (Бас 
ұйым: «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері 
ғылыми-зерттеу институты» РМК) Ресей 
Федерациясының федералды-мемлекеттік 
бюджетіне қарасты «Тұмауды ғылыми-
зерттеу институтымен» бірлескен жұмыстар 
орындалды  (Санкт-Петербург қаласы).
Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар 
аясында Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, 
Новосібір, Қорған және өзге қиырда 
орнааласқан ғылыми-зерттеу институттарымен 
ынтымақтастық орнатылған.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық 
медицина университеті (О.0556 Қазақстандағы 
жасы келген адамдардың өмірін ұзартып, 
олардың қартаюға қарсы тұратын модельін 
(бағдарлама) әзірлеу») Buckinstitute (АҚШ) 
ұйымымен бірлесіп эпигенетика, тірек 
жасушаларды саралау және жасушалардың 
жасару үрдісі бойынша зерттеу жұмыстар 
жүргізуде. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық 
хирургия орталығы (О.0596 Әлеуеметтік мәні 
зор аурулардың деңгейін төмендету, жарақат 
және оның залалын төмендету және адам 
органдарын сақтауды жетілдіру және хирургия 
саласында адам органдарын ауыстырудың 
емдік-диагностикалық технологиясын 
қалыптастыру бойынша)  Нагасаки 
Ұлттық  медицина орталығымен (Жапония) 
ынтымақтастық аясын кеңейтіп, жедел 
тиреодология және науқасты хирургиялық 
емдеу, қалқанша без ауруымен күресіп келеді.
Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының 
ғылыми кадрларын біліктілігін көтеру 
мақсатында О.0599 Туберкулез ауруына сапалы 
диагноз қоюдың әзірлемесін дайындау және 
туберкулездің резистендік түрлерін емдеу 
бағдарламасы бойынша Гарвард медицина 
мектебі, Нидерландияның  KNCV Tuber-
culosis Foundation корольдік туберкулезге 
қарсы күрес қауымдастығының және Руш-
Гердес С. (Германия) зертханасының білікті 
профессорларын тартып, біліктіліктерін 
көтергенін атап айтуға болады. 
О.0567 «Университеттік ғылымды мақсатты 
дамыту оны инновациялық нәтижелерге 
бағыттау атты зерттеу  бағдарламасын 
орындауға еліміздің 6 жоғары оқу орны 
қатысты.  Бұл ЖОО-лардың алыс-жақын 
шетелдегі ғылыми-зерттеу институттарымен 
(АҚШ, Германия, Израиль, Ресей, Беларусь 
Республикасы) байланысы жолға қойылған, 
солардың арасында өндірістік бағыттағы  
Гомель қаласындағы (Беларусь) астық жинау 
және мал азығын дайындау техникасы 
кәсіпорны мен Ростовтағы Дон мемлекеттік 
техникалық университетімен тығыз әріптестік 
қарым-қатынасын атап айтуға болады.
О.0652 «Қазақстан Республикасы 
«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында экологиялық 
таза қуат көзін өндіру» ғылыми-техникалық 
бағдарламасы аясында (Бас ұйым: «Парасат» 
Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ)  
АҚШ-тың Хьюстон Университеті жанындағы 
Келешектің материалдарын дайындау 
орталығымен бірлесіп, төменгі температураға 
төзімді нано-өлшемді қаттыоксидті отын 
түрлерін жоғары тығыздықтағы қуат көзін алу 
жұмыстары жүзеге асырылды. 
О.0568 «Ұзақ жасаудың ғылыми негізі 
және инновациялық геронтоинжиниринг 
технологияларын әзірлеу» ҒТБ аясында 
зерттеу жұмыстарын орындауға (Бас ұйым: 
«Өмір туралы ғылым орталығы» жеке меншік 
ұйымы, «Назарбаев Университеті») әлемнің 
маңдайалды Columbia University, New York, 
USA; National Institute of Aging, Baltimore, USA; 
National Cancer Center, Tokyo, Japan ғылыми 
орталықтарының ғалымдары тартылды. 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРІККЕН ҒЫЛЫМИ 
ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың 
тізе қосып, ғылыми мақала жазып, оның 
маңызды ғылыми журналға жариялау ісі 
Қазақстан ғалымдарының халықаралық 
ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы басты 
жұмыстарының бірі болып саналады.
Қазіргі таңда Қазақстан ғалымдары маңызды 
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, 
әлемдік ғылыми қоғамдастықтың назарын 
өзіне аударып отыр. Бұған 2005-2014 жылдары 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
66
қазақстандық 12 жарияланымның 1% өте 
жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болғаны 
айқын дәлел бола алады. Thomson Reuters 
компаниясының Essential Science Indicators 
сараптама құралы бойынша жоғары сілтемелі 
деп әлемде сол жылы, сол салада 1% жоғары 
көрсеткішке ие болған жарияланымдарға 
енетін мақалалар есептелінеді. Жоғары 
сілтемелік көрсеткішке (highly cited papers) 
ие болған жарияланымдар бірнеше елдердің 
ғалымдарының бірлесіп ғылыми мақала 
жазуынан кейін туындап жатады. Осы бір 
жайттан жыл өткен сайын дүниежүзіндегі 
ғылыми ынтымақтастықтың аясы кеңейіп, жаңа 
жүйе қалыптасып келе жатқанын аңғаруға 
болады.
Соңғы 10 жылда қазақстандық ғалымдардың 
шетелдік әріптестерімен бірлесіп дайындаған 
мақаланың 1%-дық жоғары сілтемеге ие 
болғаны Қазақстан ғылымының заман 
талабына сай дамып келе жатқандығын 
айқындайды. 
Еліміздегі ғылыми мекемелердің қабырғасында 
жазылған ғылыми мақалалардың көпшілігі 
физика, химия, медицина, аграрлық ғылым 
және жануартану салаларын қамтыған.
ФИЗИКА.
 Дүниежүзінің жетекші ғылыми 
журналдарына жарияланған жоғары сілтемеге 
ие болған қазақстандық мақалалардың тең 
жартысы физика және астрономия мен 
астрофизика саласына келеді. Соның ішінде 
физика бойынша дайындалған жеті ғылыми 
мақаланың төртеуін Л. Гумилев атындағы 
Еуразия Ұлттық университетінің профессоры 
Р. Мырзақұлов отандық және шетелдік 
әріптестерімен дайындаған. 2005-2014 
жылдары Thomson Reuters ғылыми ақпараттық 
ресурсында ғылыми мақала жариялауда Рәтбай 
Мырзақұлов көш бастап келеді. Осы кезең 
аралығында жарияланған 109 мақаласының 95-
сіне өзге ғалымдар ғылыми еңбектерін жазуда 
сілтеме жасап отырған. Ал «Accelerating uni-
verse from F(T) gravity», «Nearly Starobinsky infla-
tion from modified gravity», «Attractor solutions 
in f(T) cosmology» және «Reconstruction of f (T) 
gravity: Rip cosmology, finite-time future singu-
larities, and thermodynamics» сынды еңбектері 
әлем бойынша жоғары сілтемелік көрсеткішке 
ие болып, «ғылымның інжу-маржаны» саналды. 
Оның жұмысында зерттеу қорытындысының 
құрылымы және Бүкіләлемдік гравитациялық 
жүйенің қозғалысының үдеу динамикасы, 
сондай-ақ, космологиялық қара энергияның 
түрленуі мен гравитацияның скалярлық және 
фермиондық кеңістіктегі жинақталу теориясы 
жайында жан-жақты жазылған. Бүкіләлемдік 
кеңістіктің қозғалысының үдеуін f(T) гравитация 
моделі арқылы қарастыруға болады деп 
көрсетілген. Осы ретте майталман ғалымның 
мақалалары жоғары рейтингтік көрсеткішке 
ие «European Physical Journal C» және «Phys-
ical Review D» ғылыми журналдарында 
жарияланғанын айта кетуіміз керек. Бұл 
басылымдары физика саласында Q1 квартилдік 
көрсеткішке ие журналдары болып саналады. 
Квартиль басылымның импакт-факторлық 
көрсеткішін айқындап, ғылыми ортадағы 
салмағын арттыра түсетін көрсеткіш. Саралау 
барысында әрбір ғылыми журнал бір мен 
төрттік шкала бойынша өз бағасына ие болады: 
Q1 ең жоғарғы шек болса, Q4 ең төменгі шек 
болып белгіленген.
 «Accelerating universe from F(T) gravity» 
мақаласында Ғаламның жеделдеуін f(T) 
гравитация моделдерін зерделеу негізінде 
сипаттауға болатындығы көрсетілген. f(T) 
гравитация моделдері үшін жеделдену үстіндегі 
Ғалам ғарышнамасын рекострукциялау әдістері 
дайындалған. Кейбір f(T) айқын мысалдары ФРУ 
негізінде реконструкцияланған. 
«NearlyStarobinskyinflationfrommodified-
gravity» атты мақалада жалпы қатыстылық 
теориясындағы қабысу тұстары скалярын 
(төмен энергиялы) түзетуден болған инфляция 
қарастырылады. Эйнштейн теориясы аясында 
инфляцияның скалярлы әлеуетінің классы  
зерттеледі. Мұндағы  - жалпы параметрді 
білдіреді. Сондай-ақ Йордан шарттарымен 
шектес тиісті әрекеттер анықталады. 
Соңғы ғарышнамалық мәліметерге сәйкес 
инфляцияны қайта туындадатын және 
скалярлы қабысуды едәуір түзететін (олар 
Планк салмағынан айтарлықтай ауыр 
масштабтағы масса жағдайында ғана 
туындайды) потенциалдарға қажет жағдайлар 
айқындалды. Йорданның шектес жағдайында 
ғарышнамалық тұрақтылық инфляция 
кезінде модельдік өзгеріссіз қалыпта болуы 
немесе нолге тең келуі мүмкін. Сонымен 
бірге жалпы қатыстылық теориясына 
қатысты полиномиалды түзетулер жан-жақты 
сараланған. Осы модельдер дәл шешім тапқан 
жағдайда туындайтын де-Ситтер мекеншағы 
(кеңістік-уақыт) үшін Йордан шектес жағдайы 
аясындағы толқулар теңдігін пайданану қажет. 
Осы орайда Риччи скаляры инфляциялық 
түзету барысында азаяды да, осының негізінде 
модель бақыланатын Жаһанға сәйкестенеді. 
Мақала Physical Review D (ИФ - 4.864) 
журналында 2014 жылы ұсынылып, оған 13 рет 
сілтеме жасалды.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
67
«Attractor solutions in f(T) cosmology» 
мақаласында күңгірт f(T) атаулы энергия 
моделінің гравитация негізіндегі бұралумен 
өзара әрекеттестігінің ғарышнамалық 
салдары қарастырылады. Күңгірт энергияның 
күңгірт материямен және сәулелену 
компоненттерімен өзара әрекеттесесуін 
болжау арқылы мүшелердің түрлі формадағы 
өзара әрекеттестігі кезіндегі осы модельдің 
тұрақтылығы зерделенеді. Күңгірт энергияның 
үш түрі сараланған: тұрақты ғарышнамалық, 
квинтэссенция және фантомдық энергия. Осы 
ретте өзге компоненттермен әрекеттесетін 
күңгірт энергияның әр моделі үшін бірқатар 
аттракторлық шешімдер жасалды. Бұл модель 
сәйкестік мәселесін өзара әрекеттестікке түсетін 
күңгірт энергияның сценарийі арқылы сәтті 
түсіндіреді.
«Reconstructionoff(T) gravity: Ripcosmology, 
finite-timefuturesingularities, andthermodynam-
ics» атты мақалада f(T) гравитацияда уақыт 
жағынан шектеулі келешек сингулярлығы 
пайда болатындығы айқындалады. Мұндағы Т 
бұралу скаляры болса, уақыт жағынан шектеулі 
келешек сингулярлығын жүзеге асырумен f(T) 
гравитация моделі қайта түзіледі. Сонымен 
бірге,  сынды дәрежелік типтегі түзету мүшесі   
( ) f(T) гравитацияда уақыт жағынан шектеулі 
келешек сингулярлығын болдырмауы мүмкін 
екендігі анық көрсетіледі. Алғашқы Жаһандағы 
инфляцияны жүзеге асырумен  f(T) моделі 
сараланған: ΛCDM модель, LittleRip ғарышнама 
және Pseudo-Rip ғарышнама. LittleRip және 
Pseudo-Rip ғарышнамалар үшін сабақтас 
құрылымдардың ыдырауы сұйықтық тәрізді 
күңгірт энергиялы гравитациядағыдай жүзеге 
асатыны көрсетілген. f(T) гравитацияда орын 
алуы ықтимал жұлдыздардың жаппай күйреуі 
(коллапс) кезіндегі материяның уақытына 
тәуелді тұрақсыздық талқыланған. Сонымен 
қоса, f(T) гравитацияның термодинамикасы 
зерттелген. Термодинамиканың екінші заңы 
көкжиек ішіндегі температурасы көрінетін 
көкжиектегі температураға сәйкес келетін 
Жаһан үшін уақыт жағынан шектеулі келешек 
сингулярлықтарын қанағаттандыра алатыны 
айқындалған. 
1% жоғары сілтемеге ие болған мақалалардың 
арасында «Dark energy cosmology: the equiva-
lent description via different theoretical models 
and cosmography tests» еңбек астрономия және 
астрофизика бағыты бойынша Q2 квартильге 
жататын «Astrophysics and Space Science» 
журналында жарияланған. Мақалада әлемнің 
кеңею тарихын сипаттау үшін қажет шынайы 
модел ретіндегі түрленген гравитацияны 
зерттеуге арналған. Бұл мақала Жапония, 
Италия, Испания және Ресей ғалымдарының 
қатысуымен дайындалған. Қазақстан тарапынан 
аталған мақаланы дайындауға Л. Гумилев 
атындағы Еуразия ұлттық университетіне 
шақырылған, елімізден шыққан профессор, 
физик-теоретик Сергей Одинцов қатысқанын 
айта кетуіміз керек.
Қазақстанда жер жағдайында заттың бөлшегін 
үдету мәселесі жан-жақты зерттелуде. Бұл 
жұмыстармен Физика-техника институтының 
ғалымдары айналысады. Аталған мекемеде 
қазіргі таңда 300 миллионға жуық өзара 
әрекеттестік қордаланған. DESY неміс ғылыми 
орталығындағы HERA электрон-протонды 
коллайдерді жабдықтау мен пайдалануға 
миллиондаған доллар жұмсалғанын айта 
кету керек. Ғылыми-зерттеу жұмысында қол 
жеткізген нәтижелеріне қатысты әлемнің 
ғалымдары өздерінің байламдарын беделді 
ғылыми журналдарда жариялауда. Бұл 
мәселеге қатысты қазақстандық ғалымдар да 
өз байламдарын жасаған болатын. Э. Боос, Б. 
Жәутіков, Н. Покровский, Ә. Барақбаев сынды 
ғалымдарымыз «Journal of High Energy Physics» 
ғылыми журналында «Combined measurement 
and QCD analysis of the inclusive e(+/-)p scat-
tering cross sections at HERA» деп аталатын 
мақаласын жариялады. Бұл мақаланың 
жазылуына әлемнің 20 еліндегі 111 ғылыми 
мекемеде жұмыс істейтін ғалымдар қатысқанын 
айта кетуіміз керек. Осындай маңызды ғылыми 
жұмыстарға отандық ғалымдардың да үлес 
қосуы еліміздің абыройын асқақтатады.
Бұдан басқа, әлемнің 34 елінің ғалымдары 
жазған ғылыми мақаланы дайындауға 
Қазақстан тарапынан Б. Шектібаев, Ә. 
Садуақасова және Ә. Садықов белсене 
қатысқанын айта кетуіміз керек. Атын атаған 
ғалымдарымыз қазір ҚР Ұлттық ядролық 
орталыққа (Курчатов) қарасты Атом энергиясы 
институтында бериллидің сәулененуі 
мәселесін терең зерттеу үстінде. Олардың бұл 
тақырыптаға «Overview of the JET results with 
the ITER-like wall» деп аталатын мақаласында 
жаңа конструкциялық материалдың термиялық, 
нейтрондық әрекетке және термоядролық 
синтез кезінде плазмалық жарылыстарға 
төзетінін талдап жазған мақаласы әлемдік 
ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын 
туғызған. Бұл мақала «Nuclear Fusion» (квартилі 
ядролық физика санаты бойынша Q1 тең) 
ғылыми журналында жарық көрді. 
ХИМИЯ. 
Қазіргі кезеңде химия саласында 
ірі стационарлар мен осыған ұқсас 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
68
ірі техникаларға дәстүрлі емес қуат 
көздері арқылы үзіліссіз қуат беретін 
энергоаккумуляторды ойлап табу күн 
тәртібінде тұр. Жолаушылар тасымалдау 
саласына арналған экологиялық таза 
көлік түріне (электрлі және гибридті 
электрлі автомобильдер) қажетті қуат көзін 
берудің маңызы зор. Бұл ретте Назарбаев 
Университеттің ғалымдары Ж. Бакенов пен Ә. 
Ермұхамбетованың канадалық ғалымдармен 
бірлесіп, катодтың жаңа композиттік түрін 
ойлап табуы көпшіліктің назарын аударған. 
Олар ғызыми-зерттеу жұмыстарына 
байланысты дайындағы «Ternary sulfur/ polyac-
rylonitrile/ Mg0.6Ni0.4O composite cathodes for 
high performance lithium/sulfur batteries» деп 
аталатын мақаласы «Journal of Materials Chem-
istry A» (Q4) ғылыми журналында жарық көріп, 
ғалымдық ғылыми кеңістікте жоғары сілтемеге 
ие болған. 
Химия саласы бойынша дүниежүзі 
ғалымдарының қызығушылығын оятқан тағы 
бір мақала «Fluorescent Chemosensor for De-
tection and Quantitation of Carbon Dioxide Gas» 
деп аталады. Бұл ғылыми еңбектің Л. Гумилев 
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 
ғалымдары И. Иргибаева мен Д. Биримжанова 
Қытай мен АҚШ-тың ізденушілерімен тізе 
қосып дайындағанын айта кетуіміз керек. 
Мақала авторлары зондтық үрдіс барысында 
көмір қышқыл газын (CO2) алып, оны газға 
араластыратын қосынды флуоресцентті 
хемосенсормен әрекеттестіріп, климатқа 
тигізетін әсерін байқаған. Бұл мақала «Journal 
of the American Chemical Society» журналына 
жарияланған (химия бойынша квартилі Q1).
МЕДИЦИНА. 
Онкологиялық аурулар – 
дүниежүзінде адам өлімін арттыратын негізгі 
себептердің бірі. Қытай, Үндістан және 
Ресейдегі онкологиялық аурулармен күрес 
туралы «Challengesto effective cancer con-
trolin China, India, and Russia»  деп аталатын 
мақала «Lancet Oncology» ғылыми журналына 
(онкология категориясында  квартилі Q1) 
жарияланған. Осы маңызды ғылыми еңбекті 
дайындаған – Астана мен Алматы қаласындағы 
онкологиялық орталықтардың ғалымдары 
Д. Әділбай мен Д. Қайдарова. Сондай-
ақ, мақаланың дүниежүзіндегі 51 ғылыми 
мекемемен ынтымақтастықта дайындалғанын 
айта кеткен жөн.
АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР.
 Жаһандық мәндегі 
мәселелерді шешу үшін ең озық топ-
технологиялар қолданылатыны мәлім. 
Солардың бірі – жоғары сапалы бидай түрін 
дайындау. Осы бағытта жарық көрген «A 
high-density genetic map of hexaploid wheat 
(Triticum aestivum L.) from the cross Chinese 
Spring X SQ1 and its use to compare QTLs for 
grain yield across a range of environments» деп 
аталатын ғылыми мақалада әлем ғалымдары 
бидайдың генетикалық қырын, морфологиялық 
және биохимиялық өнімділігін жан-жақты 
зерттеген. 
Жануартану. Қазіргі дамыған ғылымда синтез 
бен ғылыми тәртіптің қатар жүруі маңызды. 
Бұл жағдай ғалымдардың жұмыс істеуін 
жеңілдетіп, белгілі бір деңгейде жетістікке 
жетуіне себепкер болмақ. Сол себепті, қазіргі 
таңда еліміздегі зертханаларда дамыған 
елдердің ғалымдарының жұмыс істеп жатқанын 
байқауға болады. 
Назарбаев Университеттің шақыруымен Charles 
P. Gilman есімді ғалымның ғылыми-зерттеу 
жұмысымен айналысып жатқанына біраз 
уақыт болды. Ол ғылыми ортада аса танымал 
бола бастаған трансляциялық неврология мен 
әрекетті зерделеудегі Daniorerio модельдік 
организмін зерттеумен айналысады. Ғылыми 
еңбектің қорытындысы бойынша «Zebrafish» 
(Жануартану саласындағы категория квартилі 
Q1) журналына «Towards a Comprehensive Cat-
alog of Zebrafish Behavior 1.0 and Beyond» деген 
мақала жарық көрді. Мақалада жүйке жүйесі 
бойынша маңызды ақпараттар алынып, жүйке 
жүйесінің физиологиялық биомаркері мен 
мидың патологиялық қызметі терең зерттелген. 
Осылайша жоғары сілтемеге ие болған 
ғылыми мақалаларды саралау арқылы ұлттық 
ғылымның әлемдік ғылыми білім аясында 
тиімді бағытта дамып келе жатқандығы 
туралы объективтік көрсеткіштер анықталды. 
Қазіргі таңда мемлекет ғалымдардың 
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты 
айналысуына, халықаралық ынтымақтастықты 
нығайтуға барынша қолдау көрсетуде. Осыған 
орай, отандық ғылымнан әлемдік ғылыми 
қауымдастықта жоғары бағаланаатын жаңа 
жетістіктерді күтуге болады деп есептейміз.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
69
7. ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ  
(технологияларды коммерциялау тетіктері және ғылыми және(немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері, ғылымның, 
өнеркәсіптің  және  бизнес-қауымдастықтың  ықпалдасуы  арқылы,  ел  экономикасын  дамытуына  ғылым  үлесін  бағалау  және 
жалпы ішкі өнім өсуіне ғылыми және(немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері әсер ету арқылы) 
Ұлттық инновациялық жүйенің дамуын талдау үшін, бірінші кезекте, ғылыми қызмет нәтижелілігінің бар 
көрсеткіштерін талдау қажет. 
Зияткерлік жекеменшіктің бүкіләлемдік ұйымының  патенттік белсендігі бойынша елдердің рейтингіне 
сәйкес  Қазақстан  105  ел  арасында  1  732  патентімен  44-нші  орында  орналасқан  (7.1-сурет),  бұл 
Қазақстанның ғылыми әулеті идеяларды тудырудан оның практикалық іске асыруына дейін үдерістің әлсіз 
буындарынан және бизнеспен қатынас жоқтығынан зерттеулер нәтижелеріне сұранысты қамтамасыз ете 
алмайтынын көрсетеді. 
Global  Competitiveness  report  2014-2015    есебі  бойынша,  Қазақстан  ғылыми-зерттеу  белсенділігінің 
деңгейі бойынша нөлдік емес импакт-факторымен журналдардағы мақалаларының 87,4 көрсеткішімен 
91 орнында орналысады. ҒЗТКЖ-ға шығындар көрсеткіштері бойынша Қазақстан ІЖӨ-нен 0,23% 
ҒЗТКЖ-ға шығындар үлесімен 69 орынға ие. 
 
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша (2010-2014 жылдарға) зияткерлік меншікті пайдалануға 
құқықтарды сатудан Қазақстанның кірістері өте төмен болып табылады және $266 600 құрайды (1-кесте), 
бұл  төмен  ғылыми-зерттеу  белсенділігіне  және  өткізілетін  зерттеулердің  төмен  сапасына  көрсетеді. 
Мысалы Сингапур сияқты елдің зияткерлік меншікті пайдалануға құқықтарды сатудан алатын қаражат 
сомасы бірнеше мың есе рет Қазақстан кірістерінен асып түседі.
Сурет 7.1- Әр түрлі елдердегі ҒЗТКЖ нәтижелілігінің көрсеткіштері 
Кесте 7.1 - Әр түрлі елдерде зияткерлік меншік құқықтарын сату 
 WIPOhttp://www.wipo.int/portal/en/index.html
 World economic forum http://www.weforum.org/reports/global-competitiveness-report-2014-2015
$3 150 783 316
Сингапур
$665 790 000
Зияткерлік меншік құқықтарын 
пайдаланғаны үшін түсімдерден елдің 
кірістері
Зияткерлік меншік құқықтарын 
пайдаланғаны үшін шығындар 
$ 22 230 219 802
$8 021 370 000
Қазақстан
$266 600
$147 894 954
Ресей 
Федерациясы

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
70
Қазақстанның  стратегиялық  серіктестерін  –  Ресей  Федерациясын  және  Қытайды  технологиялық 
дайындық  деңгейі  бойынша  салыстырғанда,  РФ  да,  Қытай  да  4.2  рейтингімен  144  ел  ішінде  61-нші 
орындағы Қазақстанды едәуір озып кеткенін атап өту қажет, яғни, экономика жұмыс тиімділігін және 
тиісінше  Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігін  көтеру  үшін  күн  сайынғы  қызметте  және  өндірістік 
үдерістегі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бар технологияларға 
бейімделетін жылдамдығы тиісінші 59 және 5 орындарында орналасқан стратегиялық серіктестіктерінен 
артында қалды (7.2-сурет).
 
Бұдан  басқа,  елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  маңызды  көрсеткіші  инновациялық  белсенділіктің 
индексі болып табылады, оған сәйкес Қазақстан 3.1. рейтингімен 85 орында орналасады (7.3-кесте). 
Сурет 7.2 - Инновацияға технологиялық дайындық деңгейі бойынша елдерді талдау 
Кесте 7.2 - Әртүрлі елдердің инновациялық белсенділігін талдау

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
71
 
Дүниежүзілік банк, KnowledgeAssessmentMethod  (білімдерді бағалау әдісін) пайдалана отырып, 
ғылымды  көп  қажетсінетін  экономиканы  құру  бойынша  елдердің  рейтингінде  5.04  көрсеткішімен 
Қазақстанды 146 елдің арасында 73-нші орынға қойды. 
 
Ғылымды  көп  қажетсінетін  экономиканы  құру  негізінде  12  тірек  жатыр,  олардың  біреулері 
технологиялық дайындық пен инновациялық белсенділік болып табылады. 
WorldEconomicforum шығаратын GlobalCompetitivenessreport (GCR) есебінің ресми деректері бойынша, 
Қазақстан  бәсекеге  қабілеттіліктің  халықаралық  индексі    (GCI)  бойынша  2014-2015  жылдары  4.4 
рейтингімен 144 елден 50-нші орында. 
7.3-суретте ғылымды көп қажетсінетін экономиканы дамытуға себепші болатын негізгі кезеңдер анық 
көрсетілген,  мұнда  бағытталған  және  тәртіп  аралық  іргелі  зерттеулер  қолданбалы  зерттеулерді  және 
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін база болып қызмет жасауға тиіс, олар, өз кезегінде, 
Қазақстанның инновациялық белсенділігін және технологиялық дайындығын көтеру үшін негіз береді.
Top-down  және  Bottom-up  әдістемелері  ғылымды  көп  қажетсінетін  экономиканы  дамытуға  келешегі 
бар зерттеулер бағыттарын анықтауға және елді дамыту үшін “hot points” өзекті бағыттарын анықтауға 
көмектеседі. 
 
Ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құру үдерісінің әлем тәжірибесі 
 
Ғылымды көп қажетсінетін экономиканы құрудың айқын мысал ретінде ғылымды көп қажетсінетін 
экономиканы құру индексі (КАМ) бойынша қазір 2-нші орынға ие Финляндияны қарастыруға болады. 
Осындай экономиканы құруға бағытты ел 70-нші жылдардың аяғында алды, сонда ол экономикалық 
дағдарысқа қарамастан, ғылыми-зерттеу саласына ІЖӨ 1,5% сала беруді жалғастырды. 
 
Финляндия  мен  Кеңес  Одағының  дезинтеграциясы  нәтижесінде,  оған  Финляндия  30%  ағаш 
өңдейтін өнімді экспорттаған, ел құлдырап жатқан, жұмыссыздық деңгейі 15 % өсті. Ауыр экономикалық 
жағдайға қарамастан, Финляндия Үкіметі ҒЗТКЖ қолдауды жалғастырды, ұзақ мерзімді келешекте осы 
стратегия өз тиімділігін дәлелдеді. Үкімет ұлттық инновациялық жүйенің менеджментіне жүйелі әдістемені 
ұйымдастырды, сондай-ақ адам капиталының дамуына белсенді қаражат салып отырды (біліктілікті көтеру 
және білім беру). Бүгінгі күнге Финляндия Экономикалық Жәрдемдесу мен Даму Ұйымының бағалауынша 
ең жақсы білім ұсынады (7.4-сурет).
 http://wwwr.worldbank.org/kam
 Cоставляющие элементы GCI1. институциональная среда, 2. инфраструктура, 3.Макроэкономическая среда, 4.здоровье и начальное 
образование, 5. высшее и профессиональное образование, 6. эффективность и гибкость товарных рынков, 7. эффективность рынка труда, 8. 
развитие финансового рынка, 9. технологическая готовность, 10. размер рынка, 11. развитость бизнеса, 12. инновации.
Сурет 7.3 - Инновацияға бағытталған ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдері

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
72
Финляндия  не  істеді?  Шынында,  өнеркәсіптік  ақша  бөлудің  макроэкономикалық  әдістемесінен 
экономикалық өсуге негіз құру үшін қажетті жағдайларды жасай отырып, шағын экономикалық әдістемеге 
қайта  бағытталуымен  жаңа  индустриалдық  саясатты  құрды.  Белсенді  инновациялық  саясат  қосымша 
шаралар қатарын қолдануға әкеп соқтырды, оның ішінде технологиялар бойынша жоғары тиімді агенттік 
құруға. 
Соңғы  онжылдықтың  басында  дағдарыстық  жағдайдағы  компаниялар  қайта  ұйымдастырылды  және 
қайта құрылды. Қайта құрылымданған компаниялардың біреуі ел ортасында Нокиа өзенінде орналасқан 
болатын.  Компания  кәбілдік  өнім,  теледидарлар  шығарумен  және  қағаз  бұйымдарын  өңдірумен 
айналысатын. Осы компанияның қызметі телефон өнімін, атап айтқанда дамыған радио технологиялардың 
артықшылықтарын  пайдалана  отырып,  ұтқыр  телефондар  өндіруінде  негізделетіні  шешілген  болатын. 
ҒЗТКЖ дамыған жүйесі университеттер, қоғамдық зертханалар мен кірме құзыреттер өсуін қамтамасыз 
етті.  Үдеріс  тұрақты  халықаралық  маркетингтік  компания  мен  ұйым  өзінің  өсуімен  сүйемелденген. 
Бірнеше жылдан кейін Нокиа ұялы телефондар өндірісінде әлем үздігі болып шықты және 2003 жылы 
Нокиа компанияның өнім экспортының көлемі елдің ЖІӨ 3,7% құрап, Финляндияның экспортталатын 
тауарларының жалпы көлемінен 20% құрады. 
 
Әр түрлі мемлекеттік органдар – олардың арасында Ғылымдар мен технологиялар бойынша кеңес, 
Стратегиялық дамыту бойынша комитет (Committee for the Future – келешекке әсер ететін факторларды 
талдайды, әлеуетті зерттеулерді және техникалық дамытудың ықтимал нәтижелерін қарастырады. Комитет 
өз  бетімен  өз  жұмысын  және  әдістерін  ұйымдастырады,  толығымен  сыртқы  ықпал  етуден  тәуелсіз) 
және Зерттеулердің және дамытудың Фин ұлттық қоры (SITRA) – департаменттер бойынша көлденең 
де,  Үкіметтен  бастап  жергілікті  атқарушыларға  дейін  тігінен  де,  бизнес  пен  сауда  өкілдерін  тартумен 
индустриалдық саясатты үйлестірді. Осы агенттіктер стратегия дамуын және саясат бағалауын шетелдік 
сарапшылар көмегімен үйлестірді. 
Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет