Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№


 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӘЛЕМДІК  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӘЛЕМДІК  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАМУ ДЫҢ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕРІ: 
• түгелдей өткізгіш жаһандық 
инфокоммуникациялық желілерді 
қалыптастыру; 
• алдын ала белгіленген қасиеттері бар 
материалдарды кеңінен енгізу, өз кезегінде 
композициялық; 
• нанотехнология нарығы қалыптастырудың 
бастамасы, микроэлектроникадан ақпараттық 
технологиялардың жаңа «ядросы» нано- және 
оптоэлектроникаға өту; 
• дәстүрлі аграрлық секторды ғана 
өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар 
биоинформатиканың  және аурулардың алдын 
алудың, диагностиканың, емдеудің жоғары 
технологиялық әдістерінің дамуының негізі 
болатын, биотехнологияны кеңінен қолданудың 
бастамасы; 
• технологиялармен баламалы энергетикаға 
(сутек энергетикасы, жел, күн, судың 
жоғарылауы және басқа қалпына келетін 
көздерді қолдану) экономикалық тиімді 
параметрлерге қол жеткізу; 
• жылу энергетикасының, бірінші кезекте 
көмірдің экологиялық параметрлерін жақсарту; 
• табиғатты қорғау қызметіндегі әдіс, 
құралдарын түбегейлі өзгерту, ол Жерге 
техногендік әсерді азайтады. 
Жақын арадағы 15  жылда технологиялық 
дамудың ерекшелігі технологиялық 
жаңалықпен қамтамасыз ететін технологияның 
дамуы немесе осығанға дейін қол 
жеткізілмеген мүмкіндіктерге ие, ғылыми-
техникалық жаңалықтарды озатын, негізгі 
түрде жаңа материал, өнім шығару, сонымен 
қатар әр түрлі пәндердің ұштасуынан 
қалыптасқан технологиялар жасау. Мұнда 
бұл технологияларды әр түрлі салаларда 
қолданғанда, сапалы жаңа нәтижелердің 
пайда болуы  болжалады, оған қоса оларды 
қолданудың дәстүрлі салалары (өндіріс, көлік, 
қорғаныс және қауіпсіздік), сонымен қатар 
жаңа – денсаулық сақтау мен білім, мемлекеттік 
басқару мен үй шаруашылығы. 
НЕГІЗГІ КОНВЕРГЕНТТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР:
 
• нанобиотехнология – наноматериал 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
60
өндірісінің түйісінде, келешекте наноқұралдар 
мен биологиялық объектілердегі 
технологиялар. Бұл базада денсаулық 
сақтау саласы аясында қағидатты жаңа 
технологияларды құру перспективада тұр 
(«нүктелік» диагностика және зақымдалған 
мүшелерге дәрілерді жеткізу); 
• биоинформатика – биологиялық объектілерде 
бар қағидаттар негізінде компьютерлер мен 
ақпаратты өңдеу желілерін жасау. 
Ақпараттық технологиялар перспективада 
индустрия дамуындағы локомотив 
болып қалады. Коммуникацияның жаңа 
технологияларын құруда үлкен жетістіктер 
күтілуде. Дыбыс және бейне таратудың цифрлік 
технологияларына иіс, сезім және мүмкін 
адамның эмоциолналдық жағдайын беру де 
қосылады. Интернет технологиялар сапасы 
жағына қарағанда, саны жағынан көбейеді; 
жеке компьютерлер, ұялы телефондар, дыбыс 
пен бейнелерді  қосу құралдары, сонымен 
қатар кеңістікте тұспалдауға арналған құралдар 
қолдануға өте ыңғайлы және әлемнің кез 
келген нүктесінде қолданылатын бірыңғай 
жүйеде іске асырылады. Ақпаратты тарату және 
сақтау ХХ ғасырдың аяғындағыдай жылдам түсе 
бастайды.
IDC аналитикалық компаниясының болжамы 
бойынша технологиялық платформаның 
өзгеруі 2020 жылға зор көлемге жетеді. 
АКТ дамуы «бұлттық», ұялы және 
әлеуметтік технологиялармен, сонымен 
қатар, үлкен көлемде мәліметтерді өңдеу 
технологияларымен шартталады, барлық 
қосымшалар дерлік «бұлтта» жасалып, сонда 
жұмыс істейді. 
Көптеген салалық дата-центрлерді 
орталықтандыра, серверлер мен жұмыс 
станцияларын виртуалдандыру және ИТ-
аутсорсингт мүмкіндіктерін қолдана отырып,  
көптеген елдердің үкіметі өздерінің мемлекеттік 
ақпараттық жүйелерін  «бұлтқа» миграциялау 
бойынша стратегиялық бағдарламаларын 
жасай бастады. Осының барлығы «электрондық 
үкімет» жобасын дамытуға және оны қолдануға 
кететін ағымдағы бюджеттік шығындарды, 
көптеген мемлекеттік және салалық 
ақпараттық жүйелерді қаржыландыруға кететін 
шығындарды күрт түсіруге мүмкіндік береді. 
Еуропалық комиссия өзінің жаңа бұлттық 
есептеулер қолдану стратегиясын басып 
шығарды, ол Еуропа экономикасына жыл 
сайын шамамен 160миллиард еуро нәтиже 
беруге және жаңа екі миллионнан астам жұмыс 
орындарын құруға қабілетті  делінеді. 
Қытайды жақын арада «цифрлік» инновация 
және ұялы технологиялар саласында үлкен 
жаңалық күтіп тұр, ел «бұлтты» есептеулер 
бойынша төңкеріс жасауға дайын, яғни АҚШ-
пен қоса индустрияның көшбасшысының бірі 
болуға дайын.
Бұлттық есептеулер саласында мемлекеттік 
бастамалар арасында АҚШ үкіметінің 
стратегиясы – айтарлықтай көлемді және 
кеудемсоқ. Бұлттық есептеулер бойынша 
айтарлықтай қарқынды әрекеттер Обама 
әкімшілігімен 2010 жылдың аяғында, 2011 
жылдың басында қолға алына бастады. Бұл 
бастамалар мен әрекеттердің мақсаты – 
мемлекеттік ИТ-шығындардың тиімділігі мен 
ашықтығын көтеру. 
2020 жылға ИКТ саласы қаржыландыру $5 
триллионнан асады, ол — бүгінге қарағанда 
$1.7 триллионға көп. Өсудің 70% Үшінші 
платформа деп аталатын технологиялармен 
қамтамасыз етіледі. 
«Үшінші платформа» терминімен, IDC 
саланы айтарлықтай өзгертетін трендтер мен 
технологиялардың келесі  түрлерін атайды: 
• бұлттық сервистер, 
• мобильділік, 
• әлеуметтік желілер
• көп ақпараттар/аналитика
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЛЕШЕКТЕ ДАМУЫНЫҢ 
БАҒЫТТАРЫ:
− Ұялы технологиялар
− Инфрақұрылымдық технологиялар
− Әлеуметтік желілер
− «Ақылды» орта мен экономикаға 
бағыттарлған технологиялар
− АКТ – ғы Smart R&D  
− АКТ басқа салалармен жуықтасуы
Осылайша, өзектілігі жалпы әлемдік күшті 
қолдану үрдіссымен және әр түрлі секторларда 
бұлтты және ұялы технологиялардың дамуымен 
анықталады: мемлекеттік, квази-емлекеттік, 
бизнесте.
Сонымен қатар, энергияны үнемдеу 
технологиясы айтарлықтай дамиды. 
Батыс тұрғындарының, біріншіден 
американдықтардың қалыптасқан өмір 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
61
салты ауқымды энергия шығынынан бас 
тартуға мүмкіндік бермейді, ал экономикалық 
саясаттың қағидалары дамушы елдерде  
өндірілетін биожанармайды кеңінен қолдануға 
кедергі келтіреді. Осы шектеулермен 
байланған постиндустриалдық мемлекеттер 
энерго- және экономиканың материалдық 
сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік 
беретін технологияларды шығаруға барынша 
күш салады. Бұл бағытта айтарлықтай 
жетістіктерді күтуге болады; 2020 жылға 
қарай Еуропа елдерінде, Солтүстік Америкада 
және Жапонияда ІЖӨ орташа материал 
сыйымдылығы 2000 жылға қарағанда  екі және 
одан да көп  есеге төмендейді. Қайта қалпына 
келтірілетін көздерден энергия өндірісі бұл 
аймақтарда 3 және одан да көп есе өседі. 
Екінші жағынан жоғарыда көрсетілгендей 
энергияның бақа баламалы көздері жақын 
жылдар аралығында коммерциялық таралуға 
жетпейді. 
Маңыздырақ пайдалы қазбалар басқа 
нәрсемен ауыстырылмайды. Және осығанға 
дейін ойлағандай дамыған елдердің 
экономикасы үшін өнімге деген бағаның 
өсуі қауіп тудырмайды. 1973-1975 жылдары 
америкалық экономикада қолданылған  
энергиялық қорлардың соммалық құны ІЖӨ 
16% құрады, бүгін ол 8-8,5% аспайды. 
Еуропалық елдерде бұл көрсеткіш  шамамен 
екі есе төмен. Сондықтан дамыған елдер  
шикізат құнының өсуіне дайын, олардың 
экономикасы үшін қауіпсіз, сонымен қатар, 
жаңа технологиялық шешімдерді іздеуге 
ынталандырады және жаңа технологияларға 
салым жасауды пайдалы етеді. 
Еуропа немесе АҚШ тәрізді экологиялық 
стандарттар қатаң емес перифериялық  
елдерде көмір негізіндегі сұйық жанармай 
кеңінен қолданыста, ол бүгінгі күні өндірістің 
соңғы сатысында тұр. «Энергияны тұтынудың» 
дәстүрлі себетінде табиғи газдың үлесі өсе 
түседі, мүмкін сланцтік газ және сланцтік мұнай, 
ол сұйық мотор жанармайы ретінде  мұнай мен 
мұнай өнімдерін ығыстырады. 
Жалпы алғанда, мұнай мен газдың 
энергетикалық байланыстағы үйлесімділігі 
шамалы ғана түседі: 7-10 пайыздық тармаққа 
–  яғни, алдыңғы екі онжылдықтағы соммаға 
шамалас болады. Мұнай мен газдың зерттелген 
қоры 2020 жылға бүгінгі күнге шамала ғана 
жетпейтін деңгейге жетеді (10-15%). Бүгін 
шикізат бағаларының 15 жылдан кейінгі бағасы 
туралы  айту мүмкін емес, алайда мамандар 
еуропалық мемлекеттер мен АҚШ 6-8%, ал 
индустриалдық шикізат 3-6%. Экономика 
қарқынын ескере отырып, 2020 жылға 
шикізаттың бағасы бүгінге қарағанда 2,5-3 есе 
болады (бұл оларды өсу үстіндегі инфляциясыз 
есептегенде).
Технологиялық трендтердің сараптамасы 
көрсеткендей әлемдік энергетика өзгерістерге 
ұшырауы  мүмкін, энергетикалық нарықтардың 
шегі көрініс алуда және энергетикалық 
нарықтар шегіне жетеді, онда индустриалдық 
энергетика постиндустриалдыққа өтеді. 
Индустриалдық энергетика алыс жолдарға 
тасымалданатын қазбалы жанармайларды 
жағуға және энергетикалық ағындармен әлсіз 
басқарғанда энергияның үлкен көлемдерін 
пайдалануға негізделген («күштік энергетика»). 
Постиндустриалдық энергетика энергияның 
қалпына келтірілетін көздеріне, энергияны 
орталықтандыруға, энергияның салыстырмалы 
түрде көп емес ағындарын тиімді қолдануға 
(ақылды энергетика) негізделген (сонымен 
қатар, атомдық энергетикаға да негізделуі 
мүмкін). Энергетикалық дағдарыстың 
басты бағыттары  - энергияны үнемдеу 
технологиясын жаппай тарату, энергетиканы 
техносфераға интеграциялау, ВИЭ тарату, 
«ақылды желілерді» және «энерготиімді үй» 
мен «энерготиімді қала» құру.
Салааралық өзараәрекет пен біріктірілген 
білімдердің кешені энергетиканың қоршаған 
ортамен тікелей байланысы ретінде 
негізгі тренді, энергетикалық нарықтың 
ішкі элементтерін білуге, экономикалық 
секторлардың тікелей әсері, соның ішінде 
автоматтандыру мен энергетикаға АКТ 
анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, 
электрмобильдер мен e-mobility  тұжырымын 
енгізумен шартталған, энергетикалық және 
автокөліктік нарықтарды тығыз интеграциялау 
екінші тренд болып табылады, бұл тұжырым 
қуат көздерін, сақтау жүйелерін, энергияны 
тарату және бөлу, зараядтау құралдарын 
жасауға ықпал етті, сонымен қатар, «ақылды 
үй» тұжырымына «мобильділік» технологиясын 
интеграциялау жолдары.  Жаңа энергетикалық 
технологиялар сумен қамту жүйесінде пайда 
болды. Олар суды тазалаумен, технологиялық 
үдерістерді басқарумен, автоматтандырумен 
және жаңа қадағалау-өлшеу техникасын 
құрумен байланысты.
Әртүрлі салаларда өзара байланысты 
технологиялардың тізбегіне жүздеген 
құрамдастар кіреді, олар қайта жаңартылатын 
энергия көзінің нарығы үшін жаңа 
мүмкіндіктерді ашады. Әлі де еуропалық 
компанияларға тартымдырақ сегмент - - 
ол жел энергетикасы. Күн энергетикасы 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
62
әлі де перспективалы, бірақ Қытай бұл 
нарықтан жаймен еуропалық ойыншыларды 
шеттетуде. Бағаның құрылуы мен энергетика 
нарығындағы перспективалы өсіп жатқан 
бағалардың тізбегіне химиялық және шикізат 
өндірісінің компаниялары жаңа технологиялық 
шешімдерді енгізіп, толық қадағалауды 
қолдарына алған.
Интеллектуалдық технологиялар болашақта 
энергетика мен қоршаған ортаның 
секторының дамуында негізгі рөл атқарады, 
болашақта оның тиімділігінің өсуіне ықпал 
етеді. Интеллектуалдық желілер, ғимараттар, 
үйлер, қалалар ме сумен қамту жүйелері осы 
нарықтың ұзақ мерзімді дамуына қосымша 
стимул болады.
Кіші энергетика, қайта қалпына келтірілетін 
көздерден энергетиканың өндірісі оны 
тұтынудың тікелей жанындағы жерлер  қазір 
және болашақта негізгі трендтердің бірі 
болады. Бұл кіші электрстанциялардың 
технологияларды жеткізушілеріне жаңа 
мүмкіндіктерді ашады, ал энергетикалық 
компаниялар мен коммуналдық қызметтерден 
жаңа стратегиялар мен бизнес модельдерді 
қажет етеді. Бұл нарықта негізгі үрдістер 
– әсіресе дамушы елдерде – бұл таралған 
электрэнергиясының  өндірісінің өсуі, 
қалыптасып жатқан сегметке жаңа заңнама 
құру, сонымен қатар, таратылған  электр 
энергия өндірісін бар энергиямен қамту 
жүйесіне интеграциялау.
ӘЛЕМДЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ 
СТРАТЕГИЯСЫ КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРДЫ АНЫҚТАУҒА 
МҮМКІНДІК БЕРДІ:
Алу бөлігінде энергетика секторында даму 
стратегиясы (генерация) келесіге бағытталған: 
а) ВИЭ есебінен энергияны артығымен алу; 
б) Жоғары тиімді  smart-генерациялайтын 
объектілер; 
в) Тиімділігі жоғары және локальды smart-
генерациялайтын  объектілер.
Тарату бөлігінде энергетика секторының даму 
стратегиясы келесіге бағытталған: 
а) Тиімділігі жоғары (энерго- және қор 
жинақтаушы) энергияны  тарату және беруге 
негізделген технологиялар мен жабдықтар; 
б) Тиімділігі жоғары smart-таратушы (таратқыш) 
энергетикалық объектілер – таратушы 
(магистральды) электр тарату желілерінен 1 
немесе 2 сымды жүйелі қайта қалпына келетін 
жүйелермен бірге  тұрақты тоққа ауысуы 
в) тиімділігі жоғары,  smart-өткізгіш, кәбілдік 
және өткізбейтін электрлік техника мен 
технологиялар.
Энергияны қайта құру бөлігінде энергетика 
секторын дамыту стратегиясы  (бір түрден 
екінші түрге) бағытталған: а) тиімділігі жоғары 
және сенімділігі жоғары электр энергиясын 
күштік жартылай өткізгіш электроника мен 
интеллектуалдық басқару құралдары негізінде 
(электр энергиясының басқарылатын қайта 
құрғыштары: ауыспалы тоқты тұрақты тоққа; 
ауыспалы тоқты ауыспалыға; тұрақты тоқты 
тұрақтыға; басқалары).
Энергияны сақтау бөлігінде энергетика 
секторын дамыту стратегиясы бағытталған: 
а) тиімділігі жоғары және сенімділігі жоғары 
smart-жүйелерін жоғары электр (және 
энергияның басқа түрлері) энергиясын ұзақ 
сақтауға бағытталған.
Қолдану бөлігінде энергетика секторын дамыту 
стратегиясы  бағытталған: а) smart-жүйелер 
мен электр (және энергияның басқа түрлері) 
энергиясын жоғары тиімді және жоғары 
сенімді қолдану.
Әлемнің көптеген елдері қазбалы энергияны 
пайдалануды абсолютті түрде қысқартуды 
мақсат етеді, ол негізінен қазбалы 
көміртек жанармай негізінде алынады. Бұл 
энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен 
байланысты (көмірсутек шикізатының арзан 
қорларының таусылуы және бұл қорларды бір 
қалыпты емес тарату), сонымен қатар, климатқа 
көміртек жанармайын жағу салдарымен 
байланысты.  
MCKINSEY GLOBAL INSTITUTE ANALYSIS 
ЖҮРГІЗІЛГЕН ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІНЕ СӘЙКЕС, 
КЕЛЕСІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН 
КЕЗЕҢДЕ ОЗЫҚ БОЛАДЫ:
1) Ұялы ғаламтор
Ұялы байланыс пен ғаламтор коммуникациясы 
құралдарының қолжетімділігін арттыру және 
айтарлықтай оның құнының төмендеуі.
2) Білімге негізделген қызмет көрсету 
салаларын автоматтандыру
Құрастырылмаған командалар және 
пікірлермен қоса интеллектуалдық 
жұмыстарды бағдарламаларға орындауға 
мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз 
ету.
3) Заттар ғаламторы

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
63
Арзан тетіктер мен мәліметтерді жинау 
құралдарының желісі, мониторинг жүргізу, 
шешім қабылдау, және шешімдерді 
оңтайландыру.
4) Бұлттық технологиялар
Желі немесе ғаламтор бойынша қызмет ретінде 
көрсетілетін бағдарламалық қамтамасыз ету 
қорлары мен компьютерлік техниканы қолдану.
5) Роботтехникасының басым технологиялары
Тапсырмаларды орындау және адамдарды 
алмастыруды толық автоматтандыру 
мақсатында робототехниканың  
интеллектуалдық және сезімталдылық 
құрылымын көтеру
6) Өзі басқарылатын немесе жартылай өзі 
басқарылатын машиналар
Өздігінен немесе адамның аз ғана араласуымен 
жұмыс істейтін машиналар.
7)  Геномиканың жаңа буыны
Гендерді тез, әрі арзан секвенерлеу 
технологиясы, үлкен мәліметсіз алдыңғы 
аналитика технологиялары мен ДНҚ 
синтетикалық биология.
8) Энергияны сақтау технологиясы
Қайта қолдану үшін батарея технологиясын 
қоса, энергияны сақтау құралдары мен 
жүйелері.
9) 3D баспа
Цифрлік модельдер негізінде баспаның  
қабаттық әдісі арқылы өнімді алудың аддитивті 
өндірістік технологиясы.
10) Жаңа материалдар
Сипаттамасы (мысалы, күш, салмақ, өткізгіштік 
сияқты) немесе қызметі жағынан асатын 
материалдар.
11) Мұнай және газды алудың немесе өңдеудің 
алдыңғы технологиялары.
Мұнай мен газдың әрең жететін өндірістерінің  
тиімділігін арттыратын барлау және қайта құру 
технологиялары.
12) Қайта құрылатын энергия
Қайта құрылатын энергиядан , экологияға кері 
әсерді азайтатын  энергияны алу. 
*Көзі:McKinseyGlobalInstituteanalysis
ҚАУІПТІ ТАБИҒИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ АЯСЫНДА
  
әлемдегі ғылыми зерттеулер, қадағалаудың 
нақтылығы жоғары әдістерді,  Жерді 
қашықтықтан зондтаудың автоматты өлшеу 
құралдарын қолдана отырып қауіпті табиғи 
құбылыстардың қалыптасу механизімдерін 
терең тексеру арқылы дамиды. Халықаралық 
арнайы ғылыми орталықтар құрылады, 
онда мамандар, жабдықтар мен құралдар 
шоғырланады. Швейцария мен Давоста 
көшкінде зерттеу бойынша Федералды 
институт қызмет етеді. Бұл жерде табиғи 
жағдайда көшкіндердің қарқынды 
параметрлерін құру бойынша халықаралық 
жоба орындалған. NXD2000 көшкіндерінің 
қозғалысын болжамдау, су тасқыны мен 
RAMMS  көшкіндерін есептеулер бойынша 
компьютерлік бағдарламалар жасалған. 
Австрия және Инсбуркта су тасқындарын 
зерттеу бойынша институт жұмыс істейді. 
Франциядағы Греноблде су тасқыны, көшкіндер 
мен жар көшкіндерін зерттейтін CEMAGREF 
институты құрылды. 1967 жылы Австрияда 
Клагенфурт қаласында дүлей апаттардың 
(су тасқыны, жар көшкіні, төбе опырылымы, 
көшкіндерді) және INTERPRAEVENT табиғи-
техногендік зілзаланың зардабының алдын алу 
бойынша халықаралық қауымдастық құрылды. 
Қауымдастықтың мақсаты -  табиғи зілзалалар  
туралы мәлімет жинау және оны талдау, 
қорғау шараларын ұйымдастыру, конференция 
ұйымдастыру, ғылыми нәтижелерді баспаға 
шығару, ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізу. 
1976 жылдан бастап АҚШ геофизикалық 
мәліметтердің Ұлттық орталығы жұмыс істейді, 
ол табиғи қауіптер жайлы мәліметтерді (The 
National Geophysical Data Center) ғылыми 
және тәжірибелік мақсатта қолдану үшін 
жинайды. Ол Natural Hazards Review журналын 
шығарады. Боулдер қаласында Колорадо 
университетінде табиғи қауіптерді зерттеу 
бойынша Орталық (Natural Hazards Center) 
бар, оның мақсаты қоғамды табиғи қауіптерге 
бейімдеу.
 1980 жылы  Брюсселде апаттарды зерттеу 
Орталығы құрылды (Center for Research on 
the Epidemiology of Disasters – CRED), оның 
мақсаты табиғи қауіптерді адами қоғамға 
әсер етуі аясында  мәліметтер мен тәжірибені 
біріктіріп, жалпыландырып, осындай 
әрекеттердің зардаптарын жеңілдету. Қызметтің 
бағыттарының бірі табиғи апаттар бойынша 
барлығына қолжетімді мәліметтер базасын 
құру. Брюсселде «Natural Hazards and Earth 
System Sciences» Жер туралы ғылымның 
Еуропалық одағы атты (European Geosciences 
Union) журналы шығады.
Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдеріндегі 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
64
дәстүрлі түрде катализ  бойынша қазіргі 
лабораториялармен жоғары деңгейде 
қамтылған тек университеттер ғана емес,  
Mobil, Haldor Topse, Total, BASF және басқа ірі 
компанияларды да қамтып отыр.  Негізінен 
әлемде катализдің шамалы бөлінуі байқалады. 
Мысалы, фотокатализ бойынша зерттеулер 
Жапония мен Оңтүстік Кореяда мықты, 
биомассаны биожанармайға катализдік өңдей 
бойынша – бразилияның жетістіктері зор.
 (EFCAT) Еуропалық қауымдастыққа біріктірілген 
катализ бойынша қауымдастық, Солтүстік  
Американың (North American Catalysis Society) 
және  Азиалық-Тынық мұқиты (АРСАТ). 4 жыл 
сайын катализ бойынша бүкіл әлемдік конгресс 
өтеді (барлығы 15 International Congress on 
Catalysis), 2 жыл сайын – Катализ бойынша 
Еуропалық конгресс ( барлығы 10 Europacat), 
3 жыл сайын APCAT (барлығы 5), 3 жыл 
сайын NACS (всего 22).  Бұдан басқа  цеолит 
бойынша, жіңішке органикалық химияда 
катализ бойынша, нанокатализатор бойынша, 
реакторлар және басқалары бойынша арнайы 
конференциялар өтеді. Бұл шаралар катализ 
саласында халықаралық серіктестік, тәжірибе 
алмасу, белгілі бағыттар бойынша халықаралық 
зерттеу  топтарын құруға себін тигізеді.
ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРІ 
ЕСЕПТЕУ МАТЕМАТИКАСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
ҮЛГІЛЕУДІҢ КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАДЫ:
• табиғи құбылыстарды математикалық 
үлгілеу (атмосферадағы қоспалардың ауысуын  
математикалық үлгілеу, торнадоны үлгілеу, 
экологиялық үдерістер мен басқаларын 
математикалық үлгілеу);
• есептік гидродинамика, аэродинамикалық 
үдерістерді үлгілеу (гидродинамикалық 
үдерістерді үлгілеу, қанның адам ағзасындағы 
қозғалысы, физикалық объектілердің 
айналып ағуы бойынша мәселелер, әртүрлі 
техникалық және табиғи объектілерде жылу 
массаларын тасымалдауды үлгілеу мәселелері, 
аэрокосмостық өндірістің мақсаттарын 
орындау);
• химиялық және биологиялық үдерістерді 
математикалық үлгілеу;
• экономикалық үдерістерді үлгілеу;
•  фрактальды үдерістерді математикалық 
үлгілеу (қарапйым шектемелі теңеу және 
жеке туындылардағы, локальды, локальды 
емес шеткі тапсырмалардағы теңеулер, 
бөлшек есептеулер, фрактал теориялары, 
жады құралдарымен локальды емес  үлгілеу, 
оңтайландырылған басқару, интеллектуалды 
жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелері).
АҚШ математиқалық үлгілеу бойынша 
мамандары негізінен әлеуметтік үдерістерді, 
мұнай мен газды тасымалдау үдерістерін 
математикалық үлгілеумен, жану теориясы мен 
есептеу әдістерімен экологиялық жүйелерді 
бағалаумен айналысады. 
Жапония мен Қытай көбінесе 
нанотехнологияның, жоғары өнімді жүйелердің 
дамуына, аппараттық-құрылымдық үлгілеу, 
ұқсата үлгілеуге басты назар аударады, ол 
көрсетілген мемлекеттердің экономикалық 
бағыты мен өндірісінің ерекшелігімен 
анықталған.
Табиғи құбылыстарды математикалық үлгілеу 
бағыты бойынша негізгі нәтижелер келесі 
шетелдік ғылыми мектептермен ұсынылған: 
• ПринстонУниверситеті (Princeton University, 
Department of Civil & Environmental Engineer-
ing), профессор Scherer G. W. басшылығымен 
• University of Warwick (School of Engineering,-
Cov
entry, United Kingdom) Wang Jihong, Luo 
X.a, Yang, L.b, Shpanin, L.M. тәрізді және т.б. 
ғалымдардың қатысуымен.
• Каталония Университеті (Department of Electri-
cal Engineering, Technical University of Catalonia 
(UPC), Испания;
• Рио-де-ЖанейроУниверситеті (University of 
Rio de Janeiro, Бразилия);
• Новосібір мемлекеттік университеті, онда 
математикалық үлгілеу әдісімен профессор 
Ковен В.М. қатысуымен табиғи үдерістердің 
математикалық үлгілеуі зерттеледі.
• М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік 
университеті, онда экологиялық, механикалық 
үдерістерді үлгілеудегі  бірқатар  зерттеу 
жұмыстары жүргізіледі.
Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет