Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



жүктеу 15.37 Kb.
Pdf просмотр
бет2/16
Дата25.04.2017
өлшемі15.37 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.2 ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-
ТЕХНИКАЛЫҚ САЛАЛАРДАҒЫ 
МАҢЫЗДЫ НӘТИЖЕЛЕР МЕН 
ЕНГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕМЕЛЕР
«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен 
мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 
жылғы 19 шілдесіндегі №830 қаулысына 
және Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 
қарашасындағы №473 бұйрығына сәйкес, 
ғылым саласында 2014 жылғы сыйлықтар 
тағайындалды:
1) Жаратылыстану ғылымдары 
саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі 
үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық: 
«Қ.И. Сәтбаев атындағы геология 
ғылымдары институтының» 75 жылдығына 
орайластырылған Институт ғалымдарының 
Қазақстанның жер қойнауын зерттеудегі 
үлесі мен жетістіктері» тақырыбына 
арналған ғылыми жұмыстардың циклы үшін 
АҚ «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық 
холдингі» ЖШС Қ.И. Сәтбаев атындағы 
геология ғылымдары институтының келесі 
қызметкерлер құрамындағы авторлар 
ұжымына: Ғ. Қ. Ерғалиевқа, С.М. Оздоевқа, 
Э.Ж. Сейітмұратоваға;
2) Гуманитарлық ғылымдар саласындағы 
үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов 
атындағы сыйлық «Ұлттық әдебиет 
және дәстүрлі ментальдік» жұмысы үшін 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің авторлар тобына: Д.Қ., Б.Ж. 
Омаровқа, Ж. Шәріпке;
3) Педагогика саласындағы үздiк 
ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн 
Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық «Шетел 
тілі мұғалімдерінің басқа тілдік кәсіби 
құзыретін қалыптастыру» тақырыбындағы 
академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 
мемлекеттік университетінің ағылшын 
тілі және лингводидактика кафедрасының 
доценті Ү.И. Көпжасароваға.
4) Түркология саласындағы аса зор 
жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық 
«Мұстафа» (кітап) жұмысы үшін Түркі 
академиясының президенті Д. Қ. Қыдырәліге;
5) Жаратылыстану ғылымдары 
саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас 
ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы 
сыйлық «Марганец және темір марганецті 
кенін кешенді және тұрақты марганец 
ферроқоспалардың үлгісін алу арқылы 
тиімді өңдеу әдістерін әзірлеу» жұмысы 
үшін Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
17
институты зертханасының меңгерушісі Ә.С. 
Байсановқа;
6) гуманитарлық ғылымдар саласындағы 
үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған 
М.О.Әуезов атындағы сыйлық «Санжар 
Асфендияров: өмірі мен қызметі (1889-1938 
жж.)» жұмысы үшін Ш.Уалиханов атындағы 
тарих және этнология институтының ғылыми 
қызметкері А.Ә. Жүнісбаевқа берілді.
2014 жылы жүзеге асырылған ғылыми-
техникалық бағдарламалар мен жобалар 
шеңберінде маңызды жаңа ғылыми 
нәтижелер алынды.
Қазақстандағы сирек металл саласын 
дамытуды ғылыми-технологиялық 
негіздеу бойынша зерттеулер нәтижесінде 
өндіріске енгізуде үлкен әлеуеті бар келесі 
технологиялар жасалды:
- Қоңырат, Шор, Шатыркөл, Ақтоғай 
кен орындарын концентрат сапасын 
жоғалтпастан және реагент шығындарын 
10%-ға кемітетін түрлендірілген 
модификацияланбаған реагент пен 
турбофлотациялық құрылғыны қолдану 
арқылы мыс-молибден (3-5%-ға) кендерімен 
байыту технологиясы;
- глинозем өндірісіндегі айналмалы 
сода, темірлі құм және қызыл шламның 
бірлескен концентратынан галий мен 
ванадий алу және одан іріктемелі ванадий 
концентраты мен галлаттық ерітіндіні бөлу 
арқылы өңдеудің технологиялық сызбасы. 
Жетілдірілген жаңа электрохимиялық әдісті 
қолдану арқылы галлаттық ерітіндіден галли 
металы алынды. 
- БМЗ металлургиялық газдарын шаюдан 
ағатын судан ренийді алу арқылы аммоний 
перенатын алу технологиясы;
Никель мен лантан алюминаты 
түптөсемінен импульсті лазерлік тұндыру 
әдісімен электролитті YSZ пленкалар 
дайындалды, қатты оксидті отын элементтері 
батареяларын дайындауда тәжірибелік 
маңызы зор.
Өскемен титан-магний  комбинатының 
аралық өнімдерінен ванадийді ажыратудың 
жартылай өндірістік сынақ технологиясы 
жасалып, өндіріске енгізілуге ұсынылды.  
АЛТЫН ӨНДІРІСІН КҮШЕЙТУ САЛАСЫНДА 
ЖАСАЛДЫ:
- спирт өндірісі қалдықтарынан (сивуха 
майларынан) экологиялық қауіпсіз 
көпірткіштерді алу технологиясы. Жаңа 
реагенттер Т-90 өндірісінде қолданып 
жатқандармен салыстырғанда жақсы 
көпіргіш қасиеттерімен, улағыштығының 
болмауымен, арзандығымен және 
іріктемелігімен ерекшеленеді. Жаңа 
көпірткішті қолдану барысында 
флотоконцентратта алтынды алу 3-4%-
ға жоғарылайды, сонымен бірге реагент 
шығыны 20%-ға азаяды;
- жұқа дисперсиялық алтынды алуды, 
сонымен қатар кендегі балшықты 
компоненттерді жоюға арналған 
ультрадыбысты аэрогидродешламаторды 
күшейтуге мүмкіндік жасайтын, 
отандық жаңа гидроконцентраторын 
гравитациялық байыту үдерісінде қолдану 
арқылы біріктірілген байыту, гидро және 
пирометаллургиялық технология негізінде 
өңдеу әдісі;
- кенді ұсақтау, гравитациялау және 
флотациялауды болғызбайтын, тиісінше 
алтынды жоғалтып алу қаупін 20-25%-ға 
төмендететін қиын байытылатын кендерді 
өңдеу барысында алтын мен басқа да түсті 
металдарды алудың тиімділігі жоғары пиро 
және гидрометаллургиялық технологиясы. 
Үшкомпонетті шихтаны тікелей балқытудың 
тәжірибелік-зауыттық сынағы жүргізілді, 
алтынды штейнде 89-98%-ға дейін алу 
мүмкіндігі көрсетілді;
- уландырғышы төмен сульфидтік қалыпта 
күшәланы жоюдың вакуумдық технологиясы. 
Технология экологиялық қауіпсіз болып 
табылады және оны Саяқ-4 кен орнында 
аз күшәланы тұқылдарды алу арқылы 
(құрамындағы мышьяк 0,3 пайыздан 0,9%-
ға дейін) флотоконцентраттарды өңдеу үшін 
тиімді қолданысқа енгізуге келеді;
- сульфидті және тотыққан алтынды 
концентраттарды, сонымен бірге техногенді 
шикізаттан алынғандарды кешенді өңдеудің 
технологиялық сызбасы. Сынақ нәтижесі 
бойынша жылына 50000 тонна концентрат 
өңдеуге арналған технологиялық регламент 
жасалды;
- қорғасын балқытпасында шпейзадан 
түсті және асыл металлдарды жоғары 
температурада экстракциялау әдісі.
Электр секторы саласын дамытуда 
жасалғандар:

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
18
- тамақ көздері өндірісінің технологиясы 
және олардың тағайындалған белгеленген 
шығыс параметрлерімен тәжірибелік 
сериясы жасалды;
- энергияны үнемдейтін жарық көздерін 
вакуумтермикалық қолдану үдерісінің 
технологиялық картасы, құрылғының 
паспорты және виброваккумдық 
қондырғыны ұйымдастыру стандарты;
- CVD, MOCVD және PLD әдісімен 
темір төсенішті өтпе қабатын алу үшін 
эксперименттік сызық жасалды. Хьюстон 
Университетімен бірлесе отырып графен 
қабаттарын төсеніштен бөлудің қауіпсіз әдісі 
жасалды;
- әртүрлі жаңғыртылатын энергия 
көздеріне, сонымен қатар коммерциялық 
энергия көздеріне қолдануға негізделген 
біріктірілген энергиямен жабдықтау 
технологиясы; әртүрлі энергия көздерін 
бірлесе қолдану қағидаты негізіндегі 
энергетикалық құрылғылардың бірнеше 
нұсқалары жасалды; 
- геотермальді суды каскадты қолданудағы 
энергетикалық потенциалының түбегейлі 
технологиялық сызбасы және техника-
экономикалық негіздемесі.
Тәжірибелі өндіріс құрылды және 
Қазақстанның, сонымен қатар Жоңғар 
қақпасының қатаң континентальды климаты 
жағдайында сенімді әрі тиімді жұмыс 
істейтін, айналмалы жел қозғалтқышы 
аумағы автоматты түрде өзгеріп тұратын 30 
кВт қуаты бар жел электр стансасы жасалды.
Технологиялар мен нақты 
жылутехникалық және оның сенімді жұмыс 
істеуін қамтамасыз ететін жылу қорларын 
нормадан тыс жоғалтудың алдын алатын 
энергия сыйымды нысандарын пайдалану 
сипатын сенімді бағалауға арналған 
аспаптар жасалды; жаңғыртылатын 
энергия көздері (ЖЭК) негізіндегі 
гибридті энергетикалық жүйе, гибридті 
жаңғыртылатын энергия көздерін басқару 
жүйесінің сызбасы мен моделі.
Ғарыш қызметі саласы бойынша 
жасалғандар:
- ғарыштан түсірілген суреттерді, 
рельефтің сандық үлгісін, 
гидрометеорологиялық ақпараттарды 
пайдалану арқылы сел қаупі, су тасқыны 
және өрттің болу ықтималдығын бағалаудың 
ГАЖ технологиясы. ТЖ ғарыштық 
мониторингіне төтенше жағдайлар бойынша 
16 Ситуациялық орталығын жергілікті 
басқару жасалды және енгізілді.
 
- 10 спутник астындағы тестік полигон 
негізінде зерттелген және сипатталған 
ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің 
ғарыштық және жердегі мониторингінің 
технологиясы: 3 дәнді-дақыл полигоны 
(Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай 
облыстары), 6 жайылымдық полигон 
(Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік 
Қазақстан және Қызылорда облыстары), 
бір калибрлі полигон – Қазақстан 
Республикасы дистанциялық зондпен 
тексеру ғарыштық жүйесінің бортты 
аппаратурасын калибрлеуге арналған 
(Жамбыл облысындағы Ащыкөл өзені). 
Әзірленген технология дәнді-дақыл 
өнімдеріне мониторинг жасау үшін спутник 
асты жерлерін таңдауға «UKAZ Group» ЖШС-
ға енгізілді; 
- мезосфера параметрлерін серіктік 
өлшеу деректерін автоматты түрде 
жүктеудің жылдам қызмет жасайтын жүйесі 
(барикалық биіктік, температруа), сондай-
ақ мезосферадағы толқындық қозғалыстар 
құрылымын анықтауға арналған олардың 
статистикалық өңдеу әдістемесі. Электрлік 
өріс пен сейсмикалық құбылысқа қатысты 
атмосфералық қысым микровариациясы 
жазбаларындағы нормадан ауытқыған 
бөліктерді автоматты түрде анықтау 
әдістемесі жасалды. Әдістеме сейсмикалық 
құбылыс барысында атмосферадағы толық 
динамикалық көріністі алуға мүмкіндік 
жасайды, сапасы анықталады және 
техногендік жарылыстарды тексеру үшін 
қолданылады. 
- ЗБҚ базасындағы МСҮ-де ғарыштық 
қоқыстар бойынша координаттық 
және координаттық емес ақпараттарды 
өңдеу және тіркеу үшін бағдарламалар 
кешені. Ғимарат жүйесінің өте күшті 
деформацияланған жағдайының 
параметрлеріне есептер жүргізіліп, 
жобаланған және бұрыннан бар құрылыс 
пен ғимараттар жерінің геомеханикалық 
үлгісі жасалған. Заманауи ГАЖ 
технологиясын қолдану арқылы Алматы 
және Астананың жер үсті қабатының 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
19
қозғалуының картасы жасалды. Алматы 
және Астана қалалары территориясындағы 
әртүрлі геодинамикалық мәселелерді шешу 
үшін Жердің үстіңгі қабатындағы қозғалысты 
бақылау арқылы талдау, сараптау және 
картаға түсіру жұмыстары ұсынылды.  
- РСА жүйелері параметрлері 
арақатынасының үйлесімі болжалған және 
Каспий маңы аймағындағы көмірсутектер 
кен орны аумағына қатысты жер бетінің 
түрлі типтеріне арналған вертикальды 
жылжудың нақты бағасын алу үшін радар 
мәліметтерін өңдеу әдістерінің методикалық 
ұсыныстары.
- бақылау және мониторинг орталығын 
бағдарламамен қамтамасыз ету және Iridium 
мобильді космостық байланыс базасындағы 
деректерді берудің сәйкестендірілген жүйесі 
және терминалға қосылатын, сонымен 
қатар мобильді нысандардың тұрған жерін 
бақылау үшін ұқсас және сандық құрылғы 
деректерін жинауға, беруге арналған 
серіктестік навигация терминалының 
тәжірибелі үлгісі; НТКА арнаулы борттық 
жабдығының эксперименттік үлгісінің 
және жинау жүйесімен борттық есептеу 
кешені мен мақсатты ақпарат жинағының 
техникалық жобасы; ірі көлемдегі жер 
беті нысандарының 3D модельдерін 
жасаудың бағдарламалық-техникалық 
кешеніне конструкторлық, эксплуатациялық, 
бағдарламалық және жөндеу жұмыстарын 
құжаттау; бағдарламалық-техникалық 
кешеннің техникалық қамтамасыз етуі 
арқылы алынған деректер бойынша 3D 
модельдерін жасауды бағдарламалық 
қамтамасыз ету, кешеннің тәжірибелі үлгісі 
және оны пайдалану жүргізілді.
- құрылғымен байланысты координат 
жүйесіндегі Күннің бұрыш орнын 
анықтауға көмектесетін микроспутниктің 
күн құрылғысының эксперименттік үлгісі; 
бағдарламалық-математикалық қамтамасыз 
ету, имитациялық үлгі және қозғалысты 
басқару жүйесінің эксперименттік үлгісімен 
орындаушы орган-сермерлер базасындағы 
микроспутник навигациялары; МЛ5 құю 
қорытпалары мен МА5 деформацияланған 
қорытпалар өндірісіне технологиялық 
нұсқаулар.
РОБОТОТЕХНИКА САЛАСЫНДА
- жерден басқару жүйесі, корпустық 
құрылымдар, борттық басқару жүйесі, 
жерден басқару жүйесі – ұшқышсыз 
ұшу аппараттары байланысының жүйесі 
әзірленіп жасалды. Әртүрлі құрылымдағы 
ұшқышсыз ұшу аппараттарының үш 
түптұлғасы басқарылатын және автономды 
режімдегі алдын ала сынағынан өтті. 
Болашағы зор шешімдермен тағы ұшқышсыз 
ұшу аппараттарының үш түптұлғасы 
дайындық үстінде.
- габариті аз көрсеткіштерімен, 
орнатылған қуатымен, корпустық 
бөлшектерді жобалау және дайындау 
технологиясымен ерекшеленетін бір 
бұрандалы сызба квадрокоптерлерінің 
үш варианты жасалып, дайындалды. Ұшу, 
конструкциялық және жүктемелік сынақтар 
жасалды, сыналатын және көрсетілім 
сынақтары жүргізілді.
CUDA ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 
ИМИТАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕУДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 
ЖОҒАРЫ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
 саласында: кеңістіктік 
жүйе мен механизмдерді динамикалық 
3D жобалаудың әдістемелері мен жүйесі; 
алгоритм және CUDA технологиясын 
пайдалану арқылы минералды жерасты 
сілтісіздендіру әдісімен алу барысындағы 
құю және шаймалау ұңғымалары жүйесінің 
көмегімен іріктеу ағынын есептеу және 
басқаруға арналған бағдарламалық код; 
CUDA параллельді есептеу технологиясы 
негізіндегі қатты пайдалы қазбалардың 
кен орындарын полигоналды әдіспен 
имитациялық үлгілеуді бағдарламалық 
қамтамасыз етудің тәжірибелі үлгісі; 
синтездеу, кинематика және жазық 
механизмдер динамикасы мен CUDA-С 
және OpenACC стандартын қолдану арқылы 
роботтар мәселелерін шешуге арналған 
бағдарламалар пакеті; CUDA параллельді 
есептеу технологиясы негізіндеIDW әдісімен 
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын 
имитациялық үлгілеуді бағдарламалық 
қамтамасыз етудің тәжірибелі үлгісі.
ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА
 ҚР 
бірінші рет жеңіл көмірсутектер мен ауыр 
мұнай қалдықтарын каталитикалық өңдеу 
үдерісі негізінде жасалғандар:
- сапасы жоғары жол битумын, сондай-ақ 
түрлендірілген ұстастырғыш материалдар 
құрамын және автомобиль жолдарын 
жабу үшін қолданылатын өз шикізатынан 
асфальттық бетон қоспаларын алу;

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
20
- сұранысқа ие тауар болып табылатын 
және құрылыста, әсіресе биік, әлеуметтік 
маңызы бар ғимараттарда кеңінен 
қолданылатын кабельді өнімге арналған 
отқа төзімді полимерлік электрден 
оқшаулайтын жабындыларды алудың 
отандық технологиясы. Өндірістік және 
азаматтық құрылыста қолдануда өрттен 
болатын залалды қысқартуға және 
импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік 
беретін металл мен ағаш құрылымдарын 
өрттен қорғау жабындыларының өндірісі 
ұйымдастырылды. Бұл өнім эксплуатациялық 
сипатымен де, бағасымен де шетелдік 
өніммен еркін бәсекеге түсе алады.
БИОТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА
 тиімділігі 
зертханалық және тәжірибелік-өндірістік 
сынақтарда белгіленген дәрі-дәрмектер, 
диагностикалық тест-жүйелердің әдістері 
жасалды. Зерттеулердің нәтижелері 
Қазақстанның ауыл шаруашылығы 
саласындағы отандық биотехнологиялық 
өнімді, биологиялық және экологиялық 
қауіпсіздік мәселелерін шешуде, 
республикамыздағы санитарлық-гигиенаны 
жақсартуды қамтамасыз ету үшін қолданыла 
алады.
Мұнай өнімдерімен ластанған жер 
қыртысы мен суды тазалау бойынша 
жасалған «Лэбойл» мен «Экоклин.kz» 
биопрепараттарының технологиясы 
өндірістік сынақтан өткізілді, тәжірибелік-
өндірістік регламенттер және нормативті-
техникалық құжаттамалар дайындалды.
Кен орындарынан алтынды бактериялық-
химиялық шаймалау технологиясы жасалды. 
Бестөбе және Орлов кен орындарында 
тәжірибелік-өндірістік сынақ жүргізілді, 
тәжірибелік-өндірістік регламент 
дайындалды. 
Ауыл шаруашылығы үшін технологиялар 
жасалып, сынақтан өткізілді, мыналар 
бойынша нормативті-техникалық 
құжаттамалар пакеті дайындалды: 
құрамында каротин ашытқысы бар «Биокар» 
азықтық препаратын өндірудің, лизин 
амин қышқылы, треонин және метионинді 
қолдану негізіндегі «Aminor-St» мал азығы 
қоспасының, мал шаруашылығына арналған 
пробиотикалық әсері бар «ПробиоСпорин» 
емдеу-сақтандыру препаратының; 
фунгицидтік, фосфатты мобилизациялайтын 
және азотты белгілейтін микроорганизмдер 
негізіндегі кешенді «КомБио» минералды-
органикалық биотыңайтқыштарын алу 
бойынша; гидролаздың рекомбинанттық 
ферменттік препаратына; зиянкес шегіртке 
тұқымдастардың көзін жоюға арналған 
«Биобавин, мәдениетті сұйықтық» 
биологиялық препаратына; жеміс, көкөніс 
шаруашылығын қорғауға арналған «Биолим, 
паста» биоинсектициді.
Мал тұқымын асылдандыру деңгейіне 
және өнімділігіне баға беруге арналған 
генетикалық тестер, бруцеллды 
сәйкестендіру және анықтауға арналған ПЦР 
әдісі негізіндегі тест-жүйе, GP 51 антиген 
негізіндегі ірі қара малдың лейкозын 
анықтауға арналған тест-жүйені өндіру 
технологиясы.
Бидайдың келешегі зор формаларын 
және жаңа жоғары өнімді түрлерін 
жасауға арналған маркерлік селекция 
технологиясы, картоп вирустарына жылдам 
әсер ететін, сарғаюға тұрақтылығы зор
иммунохроматографиялық тест-жүйе 
жасалды.
Емдеу-профилактикалық азыққа қолдану 
үшін капсулалық емдеу-профилактикалық 
«Бифидумбактерин» препараты, қымыз 
алуға арналған ашытқы өндірісі, 
ұзақ уақыт сақталатын сүтқышқылды 
микроорганизмдер негізіндегі байытылған 
кешенді «Биолакт» атқарымдық тағам өнімін 
алу технологиялары жасалды,тәжірибелік-
өндірістік регламент дайындалды, тіркелу 
куәліктері алынды.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫ БОЙЫНША
 
ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының 
115 түрі мен гибридтері жасалып, 
мемлекеттік сортты сынауға жіберілді. 
Үш жылдық сынау нәтижесінде 
Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік 
тізіліміне, Қазақстан Республикасында 
пайдалануға жіберілген, қазақстандық ауыл 
шаруашылық мәдени дақылдарының жаңа 
50 түрі енгізілді.
Ауыл шаруашылық мәдени дақылдарын 
жасау бойынша барлығы 147 ғылыми 
ұсыныстар, әдістемелер, оқу құралдары, 
ауыл шаруашылығы саласына арналған 
машиналар мен жабдықтардың жаңа үлгісіне 
14 техникалық құжаттар, оның ішінде: 
арам шөптерге қарсы құралдың тәжірибелі 
үлгісіне, егіс кешендерінің тиеушісіне, 
пышақты тырманың эксперименттік 
үлгісіне, жерді өңдеуге арналған фрезерлік 
құралға, дән үйіндісін алдын ала тазалауға 
арналған машинаға, көпжылдық шөптер 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
21
қабатын өңдеуге арналған біріктірілген 
құралға және тағы басқаларына жасалды. 
Конструкциясында қолданған техникалық 
шешімдер өнертабысқа ҚР 27 патентімен 
қорғалды.
Ауыл және орман шаруашылығының 
басты зиянкестеріне қарсы жергілікті 
саңырауқұлақ штаммы мен бактерия 
штаммы негізіндегі биопрепараттардың 2 
түрі жасалды.
Мал шаруашылығы саласы бойынша 
5 селекциялық жетістік жасалды, 39 
инновациялық патенттер, өнертабысқа 
5 патент алынды; ветеринария саласы 
бойынша 7 диагностикумдар, 7 вакцина, 4 
емдеу және 2 дезинфекциялау препараттары 
жасалды, ҚР 2 патенті алынды.
Өңдеу саласы бойынша үлгі сызбасы 
және жиыннан кейінгі астықты өңдеу 
технологиялық жолын автоматтандыру 
бойынша бағдарламалық өнім жасалды. 
Енгізілгендерден алынғын жылдық 
экономикалық пайда 3 632 773 теңгені 
құрады, шығынның өтелу уақыты – 4 жыл.
«Сагинкумаров М.» ЖК ет өндіру 
мекемесінде жылқы етінен ұлттық ет 
өнімдерін өндіру технологиясы жасалып, 
енгізілді. Жартылай қатты жаңа  әрі сапалы 
сыр түрлерінің технологиясы «КХ Е. 
Зайтенов» ЖШС енгізілді (Шығыс-Қазақстан 
облысы).
Наубайханалар мен сүт өнеркәсібіне 
арналған сүтқышқылды бактериялар 
мен ашытқыларды пайдалану 
бойынша «Агроөнеркәсіп кешені үшін 
микроорганизмдер топтамасы» ұсыныстар 
жинағы шығарылды.
Су шаруашылығы саласы бойынша 
жерасты, тамшылату және ұсақ дисперстік 
суғарудың жаңа техникалық құралдары 
жасалып, эксперименттік зерттеулер 
жүргізілді. Пияз, сәбіз, асхана қызылшасын 
өсіруде, жеміс тәлімбағы мен жемшөптік 
дақылдарды тамшылатып, жерасты суғару 
барысындағы су үнемдеу технологиялары 
жасалып, енгізілді. 
ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША
 
отандық бірегей препарат болып табылатын 
ПА, ИМ, ИФ және ФС-1 вирусқа және 
бактерияларға қарсы инновациялық дәрілер 
жасалды. Сынау барысында туберкулездің 
созылмалы мультирезистендік нысанына 
қатысты жоғары тиімділікті көрсеткен 
ФС-1 туберкулезге қарсы дәрісі ҚР 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
министрліктеріне тіркеуге берілді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері экономика 
саласына сәйкес және тиімділігі жоғары 
техника мен технология әзірлемесін 
жасауда барысында ғылыми-тәжірибелік 
мәселелерді шешуге бағытталады. Оларды 
өндіріске енгізу мемлекеттік индустриалды-
инновациялық даму бағдарламасын 
жүзеге асыруда бірнеше тәжірибелік 
тапсырмаларды оңтайлы шешуге мүмкіндік 
берді. 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
22
Зерттелген кезеңдегі қазақстандық жарияланымдардың ішінде өмір туралы ғылымдар мен биомедицина 
салаларындағы, сонымен қатар техника және қолданбалы ғылым саласындағы отандық ғалымдардың 
еңбектері көптеп кездеседі. Аталған салалардағы орташа сілтеме саны сәйкесінше 1,20 мен 1,11 құрайды.
Әлеуметтік ғылым саласы, өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша жарияланымдар төмен 
көрсеткіш көрсетіп отыр.
2011-2014 жылдар аралағында ұлттық лицензия өз күшіне енген кезінде кезеңде қазақстанның ғылыми 
жұмыстарының сілтемесінің көрсеткіші Web of Science мақұлдаған классификация бойынша 5 ғылым 
саласына бөлінеді.
ФИЗИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 
Аталған  саладағы  Қазақстандық  жарияланымдар  (1281  бірлік)  2011-2014  жылдар  аралығында  16 
ғылыми бағыт бойынша бөлінеді, бұл барлық сілтеменің жартысынан астамын (67,6%) құрайды. Физика 
ғылымдары саласындағы жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші - 2,61.
Әлемдік  ғылыми  қауымдастық  тарапынан  біздің  астрофизик-ғалымдардың  гравитация  теориясы, 
математикалық физика және ғарыш саласындағы зерттеулері қызығушылық тудырған. 
Сонымен қатар, физика, геология, геохимия және геофизика салалары бойынша жұмыстар талап етілген. 
Пайдалы  қазбаларды  байыту  және  қайта  өңдеу,  математика,  термодинамика,  минерология  салалары 
мардымсыз сілтемелік деңгей көрсетеді (2.6-кесте). 
Астрономия  және  астрофизика  салаларындағы  отандық  авторлардың  ғылыми  жұмыстары  әлемдік 
ғылыми  қауымдастық  тарапынан  айтарлықтай  қызығушылық  тудырған.  Бұл  туралы  физика  ғылымы 
ішіндегі сәйкес көрсеткішті 3,4 есе, ал барлық ауқымдағы отандық жарияланымдарды 6 есе арттыратын 
орташа  сілтемелік  көрсеткіш  дәлелдеп  отыр.  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің 
«Dark energy cosmology: the equivalent description via different theoretical models and cosmography tests» 
деп  аталатын  қара  энергия  және  гравитацияның  альтернативті  үлгісін  тестілеу  мәселесіне  арналған 
жарияланым осы категориядағы ең үлкен қызығушылық тудырған жарияланымдардың бірі. Зерттелген 
кезеңде аталмыш жарияланымға 280 рет сілтеме жасалған.
Кесте 2.6 – 2011-2014 жылдардағы Қазақстан білім саласындағы орташа сілтемелік көрсеткішінің айқындамасы, Web of Science 
Core Collection
Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 15.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет